Фигураның ауданы және оның қасиеттері
|
8.1.3.9
көпбұрыш ауданының анықтамасы мен қасиеттерін білу;
|
Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Әрбір топқа аудан туралы ақпараттарды өздері жазатын (салатын) постерде көрсетуін ұсыныңыз.
Оқушылармен бірге өздерінің плакаттарын көрсетіп болғаннан соң ақпараттарды жалпылап, оларды көмекші болатын біріңғай мәнмәтінге біріктіріңіз. Аудандардың қасиеттеріне назар аударыңыз.
Тең фигуралардың аудандары тең болады
Егер фигура қарапайым фигураларға бөлінетін болса, онда осы фигураның ауданы бөліктердің аудандарының қосындысына тең.
Қабырғалары бірлік өлшемдерге тең квадраттың ауданы бірге тең. Ауданның қасиеттеріне сүйене отырып берілген фигуралардың аудандарын табуды ұсыныңыз.
|
|