«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының


 Тоқсандық және жылдық бағалардың қойылу тәртібі



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата28.04.2023
өлшемі307,28 Kb.
#88077
1   2   3   4   5   6   7   8
5. Тоқсандық және жылдық бағалардың қойылу тәртібі 
 
39. Сынып журналында оқушылардың тоқсан барысындағы сабаққа 
қатысуы белгіленеді, оқу бағдарламасындағы бөлімшелердің тақырыптары 
жазылып, осы ереженің 3-қосымшасына сәйкес оқушылардың тоқсандық, 
жылдық қорытынды бағалары бағаны балға ауыстыру шәкіліне сәйкес 
қойылады.
Электронды журналда оқушылардың сабаққа қатысуын есепке алынады, 
оқу бағдарламасының бөлімдері толтырылады. Бөлімдер/ ортақ тақырыптар мен 
тоқсандар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері балл түрінде беріледі, олар 
автоматты түрде осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес бағаларға ауыстыру 
шкаласы бойынша тоқсандық бағаға ауыстырылады. 
40. Оқушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық 
жиынтық бағалаудың балл түріндегі нәтижелері электрондық бағалау 
нәтижелерін тіркеу журналына (бұдан әрі – электрондық журнал) қойылады, 
олар тоқсандық, жылдық баға қою кезінде ескеріледі.
41. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері туралы 
ақпарат оқушылардың оқу жетістігі деңгейі сипатталып, рубрика ретінде 
оқушыларға, олардың ата-аналарына немесе басқа да заңды өкілдеріне 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Бірыңғай 
ақпараттық және білім беру ортасы» ақпараттық жүйедегі критериалды бағалау 
күнделігінде электронды түрде ұсынылады.



42. Тоқсандық, жылдық бағалар қойылған оқушылардың үлгерім табелі ата-
аналарға немесе басқа заңды тұлғаларға оқу жылы және әр тоқсан аяқталған 
күннен кейін бір апта ішінде танысу үшін беріледі.
43. Алынып тасталды. 
44. Сыртқы жиынтық бағалау жүргізілмейтін пәндер бойынша тоқсандық 
және жылдық бағалардың қойылу тәртібі:
- тоқсандық баға бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық 
жиынтық бағалау нәтижелерінің 50%-де 50% пайыздық арақатынасы негізінде 
қойылады;
- «Дене тәрбиесі» пәнінен тоқсандық баға бөлім/ортақ тақырыптар 
бойынша жиынтық бағалау нәтижелері негізінде қойылады; 
- жылдық баға тоқсандық бағалардың арифметикалық мәнін шығару 
арқылы есептеледі. Қорытынды нәтиже бүтін санға дейін дөңгеленеді.
44-1. Зияткерлік мектептке қабылданған оқушыларға оқу пәндері бойынша 
тоқсандық және жылдық бағалардың қойылуы:
- тоқсандық баға Зияткерлік мектепте оқыған кезеңінде меңгерген 
тақырыптарға құрастырылған жиынтық жұмысының нәтижесі негізінде 5 
балдық бағалау жүйесі бойынша қойылады; 
- тоқсандық баға білім беру бағдарламалараларын меңгергенін растайтын 
құжаттарды ұсынған жағдайда, орта білім беру ұйымында қойылған тоқсандық 
бағаның негізінде қойылады; 
- «Математика» пәні бойынша тоқсандық баға білім беру бағдарламаларын 
меңгергенін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, орта білім беру 
ұйымында «Алгебра» пәнінен қойылған тоқсандық баға негізінде қойылады; 
- жылдық баға тоқсандық/семестр бағаларының арифметикалық орташа 
мәнін шығару бойынша есептеледі (5 балдық жүйеге сәйкес), тек 45-тармақтың 
үшінші абзацта көрсетілген жағдайдан басқасы
- «Өнер» пәнінен жылдық баға Зияткерлік мектепте оқу кезеңіндегі 
тоқсандық бағалар қосындысының орташа арифметикалық мәні ретінде 
есептеледі. 
44-2. Білім беру бағдарламасымен оқитын оқушылар Назарбаев Зияткерлік 
мектептері желісі бойынша оқытуға ауыстырылған жағдайда, оқу нәтижелерін 
электронды журналда көрсетуді жалғастырады. 
45. Төртінші тоқсанның соңында, сонымен қатар оқушылардың оқымаған 
пәндері бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілу кезінде қабылданған 
оқушыларға тоқсандық және жылдық бағаладың қойылу тәртібі: 
- тоқсандық баға жиынтық бағалау нәтижесі негізінде қойылады. 
Зияткерлік мектеп жазғы демалыс кезінде оқушыға қосымша сабақтар, өздігінен 
пәнді меңгеру бағдарламасын құрастыру, мұғалімнің онлайн қолдауын 
ұйымдастырады. Пәндер бойынша жиынтық бағалау Зияткерлік мектеппен 
дайындалады және 25 тамыздан кешіктірілмей өткізіледі;

жылдық баға 4-тоқсанның жиынтық бағалауының нәтижесі негізінде 
қойылады. 
46. Алынып тасталды. 
47. Алынып тасталды. 



47-1. Алынып тасталды. 
47-2. Назарбаев Зияткерлік мектептері желісі бойынша ауысқан оқушылар 
оқымаған оқу пәндері бойынша тоқсандық және жылдық бағалардың қойылу 
тәртібі: 
- тоқсандық және жылдық баға осы Ережелердің 44-тармағында көрсетілген 
тәртіппен беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет