«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының


 Академиялық демалыс берілген оқушылардың



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата28.04.2023
өлшемі307,28 Kb.
#88077
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Критериалды багалау ережеси НЗМ

9. Академиялық демалыс берілген оқушылардың
оқу жетістіктерін бағалау тәртібі 
61. Академиялық демалыста болған және Зияткерлік мектепке оқу жылы 
аяқталғанға дейін қайтып келген оқушылар келесі тәртіптерге сәйкес 
бағаланады: 
- тоқсандық баға бөлім/ортақ тақырыптар және тоқсандық жиынтық 
бағалау нәтижелерінің 50%-де 50% пайыздық арақатынасы негізінде қойылады
- жылдық баға Зияткерлік мектепте оқыған кезеңіндегі тоқсандық бағалар 
қосындысының арифметикалық орташа мәні ретінде анықталады, бүтін сандарға 
дейін дөңгелектеледі.
62. Академиялық демалыста болған және Зияткерлік мектепке оқу жылы 
аяқталғаннан кейін қайтып келген оқушыларға, академиялық демалысқа шыққан 
сыныбында оқуын жалғастыратын оқушылардан басқаларына, ағымдағы 
жылдың 25 тамызына дейін пәндер бойынша жылдық ішкі жиынтық бағалауы
өткізіледі.
Жылдық жиынтық жұмыс Зияткерлік мектеппен дайындалады және 
өткізіледі. Жиынтық жұмыстың нәтижелері жылдық бағаны қоюға негіз болып 
табылады.
62-1. Академиялық демалыс кезінде медициналық ұйымдарда оқыған 
оқушылардың нәтижелері оқу жетістіктерін растайтын құжаты (үлгерім табелі) 
және оқыған пәндерінің оқу бағдарламалары Зияткерлік мектептің Білім беру 
бағдарламасы мазмұнына сәйкес болған жағдайларында ғана қабылданады. 
Жылдық баға тоқсандық бағалардың орта арифметикалық мәнін шығару арқылы 
есептеледі (5 балдық бағалау жүйесімен). Даулы жағдайда баға өсу жағына 
айналдырылады. 
10. Ерекше қажеттілігі бар оқушыларға ерекше жағдайды 
қамтамасыз ету тәртібі 
63. Ерекше қажеттілігі бар екенін растайтын құжаттары толық (дәрігерлік 
кеңес беру қорытындысы (одан әрі – ДКК), мекенжайы бойынша дәрігерлік-
әлеуметтік сараптама қорытындысы (одан әрі – ДӘС) немесе мамандандырылған 
медициналық мекемеден алынған анықтамасы) оқушыларға жиынтық бағалау 
кезінде осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес ерекше жағдай ұйымдастырылады. 
64. Ерекше қажеттілігі бар оқушы үшін белгіленетін ерекше жағдай 
Зияткерлік мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.


11 
65. Ерекше қажеттілігі бар оқушыларға жиынтық бағалаудың балы мен
бағасы осы Ережеде бекітілген тәртіптерге сәйкес қойылады. 
66. Ерекше жағдайларды қамтамасыз етуде оның басқа оқушылардан 
әділетсіз басымдық болмауын қадағалау керек. 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім
беру ұйымының оқушыларының оқу жетістіктерін
критериалды бағалау ережесіне
1-қосымша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет