Үндеу хат дегеніміз не?


Шығармашылық жазба жұмысы және белгілі бір аудиторияға бағытталған жазба



бет3/5
Дата29.03.2022
өлшемі162,6 Kb.
#29108
1   2   3   4   5
Байланысты:
Үндеу хат жазу жолдары және оның үлгілері

Шығармашылық жазба жұмысы және белгілі бір аудиторияға бағытталған жазба

Тапсырма:

Ертең мектебіңізде «Жастар соғыссыз болашақ үшін!» тақырыбында жастар форумы өтеді. Сіз сол форумның қорытындысында көшбасшы ретінде сөз сөйлеп, қатысушылар атынан үндеу хат мәтінін жариялауыңыз керек. Тақырыбы: «Жастар лаңкестіккке жол бермейді!» Олай болса іске кірісіңіз! (200-250 сөз көлемінде)


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҮЛГІ ЖҰМЫСТАРЫ

Қазақстан Республикасы – көптеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан бейбіт мемлекет.

Біз, Қазақстан жастары, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған, соғыссыз, мамыражай елде өмір сүргіміз келеді.

Елбасымыздың бейбітшілікті қолдау және ядролық қарулардан бас тарту бастамасын қолдай отырып, Қазақстан жастарына үндеу жариялаймыз!

Бүгінгі форумда көтерілген мәселелерге селқос қарай алмайтынымызды таныта отырып, БІЗ:


Біз, қазақстандықтар, елдің экономикасы мен ішкі жағдайы толығымен біздерге, жастарға байланысты екенін қатар-құрбыларымызға түсіндіруіміз керек.

Біз халқымызға «Жиһад» сөзінің «соғыс» деген мағынаны емес, «өз-өзіңді түзету» деген мағынаны білдіретінін түсіндіріп, діни секталардан аулақ болуды, ғаламтор желісіндегі лаңкестердің адам тарту жоспарына қарсы үгіт-насихатты қарқынды жүргізуге тиіспіз. Бүгінгі күнге дейін көптеген қазақ азаматтары өз отбасыларымен «жиһад» соғысына қатысу мақсатымен Сирия мемлекетіне аттанып кетті. 2013 жылдың көрсеткіші бойынша олардың саны 150-ге жуық болып отыр. Еліміздің заңдарына сәйкес жолдан адасқандарды мұнда қатаң жаза күтіп тұр. Сондықтан, осындай әрекеттерге қарсы байсалдылық таныта отырып, ел арасында тәрбие шараларын мықтап қолға алу керек!

Біз Қазақстан халқын:


  • «жиһад» сөзінің мағынасын дұрыс түсініп, ел арасындағы қаскөйлердің іріткі салуына жол бермеуге;

  • Қазақстандағы қазіргі таңдағы орныққан бейбіт тіршілікті мәңгі сақтауға;

  • Лаңкестікке қарсы ымырасыз күреске ШАҚЫРАМЫЗ!

Біздің айтарымыз - «Лаңкестікке жол жоқ!»

(216 сөз)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет