ЖАСТАР ЛАҢКЕСТІКККЕ ЖОЛ БЕРМЕЙДІ!
Біз бүгінде бейбітшілік пен татулық орнаған елде өмір сүрудеміз. Алдағы уақытта еліміз дамыған 30 елдің қатарына қосылғалы отыр.
Біз, Қазақстан жастары, әрқашан ынтымағы жарасқан, бейбітшілік сүйгіш елде өмір сүргіміз келеді. Осындай күнге ертетектегі қайсар ағаларымыз бен апаларымыздың батылдығы мен табандылығының арқасында қол жеткізіп отырмыз.
Елбасымыз әлем жұртшылығы алдында ядролық қарудан бас тартып, лаңкестікпен аяусыз күресу бастамасын ұсынды, осы бастаманы қолдай отырып, Қазақстан азаматтарына үндеу жариялаймыз!
Біз:
Елдің қауіпсіздігін алғашқы орынға қоюды;
Халық арасындағы бейбітшілік пен татулықты;
Жастардың түрлі теріс пиғылдағы діни насихаттардан аулақ болуын ҚОЛДАЙМЫЗ.
Елдің дамуы, тыныштығы және сыртқы қауіпсіздігі жас қазақстандықтар мен барша халықтың белсенді қолдауына байланысты екенін нақты түсінуіміз керек. Еліміздің көпшілік жастары түрлі діни насихаттарға еріп, өз Отанын, отбасын, туған-туыстарын тастап, шетел асып, қолына қару алып соғысу үстінде. Бұл жайлардың барлығы біздерді бей-жай қалдыра алмайды.
Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста орын алып жатқан үлкен саяси процестердің, яғни мамандар тарапынан «араб көктемі» деп аталып кеткен оқиғалардың сол елдердің халқына қаншама қасірет әкеп жатқаны баршамызға аян. Демек, біз ондай «көктемдерден» және «қызылды-жасылды төңкерістерден» іргемізді аулақ салғанымыз жөн деп есептейміз.
Осы орайда біз Қазақстан жастарын:
Лаңкестікке қарсы халықаралық қозғалысты қолдауға;
Өзге діннің жетегінде кетпеуге;
Қазақстанның бейбітшілігін нығайтуға бар күш-жігерін салуға ШАҚЫРАМЫЗ!
Біз, Қазақстан жастары, айтарымыз – «ЛАҢКЕСТІККЕ ЖОЛ БЕРМЕЙМІЗ!»
(205 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |