Не журналистика кафедрасы



бет32/51
Дата02.11.2022
өлшемі462,36 Kb.
#46937
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Бақылау сұрақтары:

  • «Әдебиет танытқыш» еңбегінің әдебиет тарихындағы орнын анықта.

  • «Әдебиет теориясы», «Сөз өнері» кітаптарына сипаттама жаса.

  • Өлең құрылысы мен өлең сөздің теориясын қалыптастырған

ғалымдарыдың еңбектеріне талдау жаса.
Пайдалынылатын әдебиеттер:

  1. Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

  2. Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

  3. Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

  4. Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

  5. М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

14 –лекция: Оқулық жасау және әдебиет тарихын дәуірлеу мәселелесі. . Қазіргі қазақ прозасының көркемдік даму тенденциялары. /С.Елубайдың «Ақ боз үй» роман-трилогиясындағы психологиялық ерекшеліктер. С.Жұбатырұлы шығармаларының көркемдік ізденістер. Б.Тілегенов, М.Шаханов, Т.Ахметжан шығармаларындағы эпикалық баяндау мен авторлық толғаныстар. Қазіргі сыншы – ғалымдар /.
Қамтылатын мәселелер:
- Оқулық жасау және әдебиет тарихын дәуірлеудің өзекті мәселелері.
- Әдебиет тарихын дәуірлеу ғылымының бүгінгі таңдағы зерттелу жай-күйі.
- Әдебиет тарихын дәуірлеу ғылымына байланысты ғылыми еңбектер, монографиялар.
Дәстүр мен жаңашылдық. Түр мен жанр ізденістер арқылы даму сипатына ие болды. Халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы ерлігін көркемдік тұрғыдан зерттеп, қаһармандық жасау психологиясын, философиясын ашуға ұмтылыс жасалды. Ұлы Отан соғысы тақырыбы соғысты басынан кешкен М.Ғабдуллиннің "Менің майдандас достарым" /1947/, Б.Момышұлының "Төлеген Тоқтаров", "Біздің генерал" /1963/, Ә.Шәріповтің "Ормандағы от" Қ.Қайсеновтың "Жау тылында" /1967/, партизан ақын Ж.Саинның "Жорық жолдары" /1970/, Т.Ахтановтың "Шырағын сөнбесін" /1973/, Ә.Нұршайыковтың "Махаббат қызык мол жылдар" /1970/, "Ақиқат пен аңыз" /1976/, С. Мәуленовтьщ "Жеңіс жүрек" /1985/, Т. Бердияровтың "Оқ пен гүл" /1967/ сынды туындылары публицистикалық толғау, роман, повесть, әңгіме, т.б. алуан жанрда жарық керді. Ұлы Отан соғысы жастық шағы сол кезеңге сәйкес келгек ұрпақ өкілдері Б.Соқпақбаевтың "Өлгендер қайтып келмейді" /1967/, Н.Ғабдуллиннің "Жігер" /1983/, М.Мағауиннің "Бір атаның балалары", Д.Исабековтын "Біз соғысты көргеміз жок", СМұратбековтын 'Жабайы алма" повесть-романдарында, Е.Ибрахимнің "Өмір өлмейді" /1963/, Ө.Нүрғалисевтің "Соғыстың соңғы жазы"/1978-1984/ т.б. поэмалар мен өлең кітаптарында көрініс тапты.
Бұл жылдарда жарияланған экология мәселелерінін жалпы адамзаттық мәніне көңіл аударыла бастады. Экологиялық күйзеліске ұщыраған ауылдың экономикалық, әлеуметтік, философиялық тұжырымы Т.Ахтановтың "Дала сыры" /1968/, "Боран"/1968/, Қ.Жұмаділовтың "Саржайлау" /1978/, "Сәйгүліктер" /1984/, С.Жүнісовтің "Жапандағы жалғыз үй", Д.Исабековтың "Гаухартас", С.Шайімерденовтын, "Селдің екпіні" /1977/, З.Шашкиннің "Сенім", І.Есенберлиннің "Көлеңкеңмен қорғай жүр", т.б. шығармаларда көрініс тапты. 1960-90 жылдары жарық көрген Т.Әлімкұловтың "Ақбозат" /1962/, "Кертолғау" /1973/, "Тұлпарлар тағдыры"/1975/ жинактарына өнер адамдары мен тарландар тағдыры арқау етілді. Прозада лирика мен эпика, реалистік, романтикалық әдістер үйлесіп, дерек пен ойдан шығару түйіндесін жатты. Ә. Әлімжановтың "Отырардан . келген сыйлық /1964/, "Махамбеттің жебесі'71960/, О.Бөкеевтің "Қамшыгер /1970/, "Ән салады шағылдар /1978/, Т.Әбдіковтың "Ақикат /1978/, С.Елубаевтың "Ойсылқара /1972/, Т.Жармағанбетовтың "Соңғьт хат /1974/ Д.Исабековтың "Қарғын /1980/, "Тіршілік /1975/, Ә.Кекшбаевтың "Дала балладалары /І967/, "Шыңырау' /1982/, М.Мағауиннің "Көкмұнар' /1972/ жинақтарында жанрлық, стильдік соны ізденістер байқалды.
Жазушы Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» роман-трилогиясының
үшіншісі «Жалған дүние» деп аталады. Романның такырыбы – XX ғасырдағы
Кеңес заманының зардаптары, шындығы (ашаршылық, сталиндік қуғын-
сүргін, т.б.), идеясы – жаратылыс қозғалысындағы өмір мен өлім жалғастығының мәңгілігі. Романның мазмұны (тақырып пен идея) мен пішіні (сюжет пен композиция) жүйесінде – XX ғасырдың 60–80-жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық құрылыс кезеңі қамтылған. Кейіпкерлердің өткен өмір белестерін еске алуы, толғаныстары арқылы XX ғасырдың 30–50-жылдардағы оқиғалары да эпикалық баяндау кеңістігінде танылады.
Романның тақырыптық нысанына алынған кеңестік кезең келбетінің әлеуметтік ақиқаты идеялық-композициялық желіде қамтылады. Нақтылап айтқанда, кейіпкерлердің психологиялық толғаныстары арқылы 20-жылдардағы қазақ шаруалары мал-мүліктерінің тәркіленуінің, жер аударылуының, 30-жылдардағы ашаршылықтың, жаппай қуғын-сүргіннің қазақтың халықтық-ұлттық даму бағдарын бұзған апатты қасіретін кейіпкердің ішкі жан дүниесіндегі еске алу толғаныстарымен бейнелеген.
Романдағы халық тағдырының, жеке адамдардың психологиялық тұрғыда сипатталуы осылайша кейіпкерлердің ойлануымен өткен мен бүгінді, болашақты сабақтастыра толғанған сәттері арқылы беріледі. Роман-трилогияның алғашқы кітаптарындағы окиғалар желісінде де романтикалық-реалистік көркемдік әдістермен сомдалған Хансұлу бейнесі бұл романда ауырып жатқан кезіндегі оқиғалар барысында мінезделген. Ауырып жатқан кезінде де Хансұлу өзінің жақсы не жек көргенін бетке айтатын шындықпен шыңдалған табиғи мінез-құлық қасиеттерінен айнымайды.
Бақылау сұрақтары:
-Бүгінде әдебиет тарихын дәуірлеу ғылымына байланысты қандай өзекті мәселелері айқындалған?
- Елімізде оқулық жасау тарихы қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет