Не журналистика кафедрасы



бет15/51
Дата02.11.2022
өлшемі462,36 Kb.
#46937
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51
«Дала уалаятының газеті» басқа жергілікті газеттерге қарағанда, қазақ бұқарасының тұрмысын, оның шаруашылық жағдайларын, мәдени тіршілігін толығырақ көрсетіп отырған газет болды. Бұрынғы Сібір әкімшілігіне қараған Семей, Ақмола, Тобыл, Жетісу қазақтары өнер – білім жаңалықтарын алғаш рет осы газеттен оқу мүмкіндігіне ие болды. Газет қазақ жұртшылығын орыс халқының әдебиетімен таныстырды. Сондай – ақ газетте қазақ елінің тұрмысын, әдебиетін, мәдениетін зерттеуші орыс ғалымдары өздерінің мақала хабарларын жиі бастырды. Газет негізінде жергілікті отаршылдық - әкімшілдік орындардың ресми ұйымы болғанымен, халықты отаршылдыққа, мәдениетке шақырып тәрбиелеуде едәуір роль атқарды, қазақтың жазба әдеби тілінің дамуына зор ықпал жасады. Оның бетінде қазақ тілінде бұрын болғанмен қоғамдық – публицистикалық, ресми іс – қағаздарын жүргізу жөніндегі мақалалар жарияланды, ғылыми стильдің негізі қаланды, аударма тәжірибесінің алғашқы қадамы жасалынды, араб графикасына негізделінген қазақ жазбасында тұңғыш рет тыныс белгілері қолданылды.

  • Ұлттық баспасөздің қарлығаштарының бірі – «Дала уалаяты» газетінің дүниеге келуі қазақ халқының өткен ғасырдағы мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. «Дала уалаяты» газетінде басылған шығармаларда қазақ халқының әр кезеңіндегі өмірі, тұрмыс – тіршілігі, күрделі жағдайлар мен оқиғалар толық, тұтас қамтылғанымен, тарихымызда болған ұлы өзгерістер, халық өмірінің жеке- жеке суретері алғаш осы баспасөз бетінде жарияланып, ұлттық әдебиеті мен мәдениетінің негізін қалауға көмектесті. «Дала уалаяты газетінде» басылған көркем шығармалардың бір тобы қазақтың өз туындысы болса, енді бір тобы орыс тілінен аударылған немесе шығыс әдебиетінен ауысқан үлгілер еді. Бұлардың бәрі мазмұн, көркемдік жағынан бір – біріне ұқсамағанымен, жалпы қазақтың жазба әдебиетінің дамуына ықпал етті. Газет қазақ халқының қоғамдық - әлеуметтік ой – пікірін оятуға, мәдени - әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге едәуір әсер етті. Саяси – экономикалық мәселелермен қатар оқу – ағарту ісінің жай – күйі, өнер – білімнің пайдасы, орыс мәдениетінің жетістіктері, қазақ әдебиетінің хал – қадірі, қазақ зиялылары мен ғалымдарының өмірі жайында бірқыдыру тарихи мақалалар, хабарлар жарияланды. Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың, классик ақыны Абай Құнанбаевтың, ағартушы әрі жазушы Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық – саяси көзқарастарының қалыптасуына XIX ғасырдың екінші жартысындағы Еуропа әдебиеті мен мәдениеті ықпал етті. Газетте Ш.Уәлихановтың 60 жыл толуына арналып мақалалар берілді. Халық игілігі үшін аянбай еңбек еткен дарындардың бірі – қазақ халқының тұңғыш ағартушысы, жазушысы, жаңашыл Ыбырай Алтынсарин туралы да газет бетінде мақала – хабарлар жарияланып, оның өзі жазған өлеңдері де басылып тұрды. Бір жарым ғасырдан астам тарихы бар қазақтың мерзімді басылымдарының алғашқы қарлығаштары туралы С.Исаев былай дейді: «…Әуелгі кезде (революциядан бұрын) мерзімді баспасөз тілі жазба әдеби тілдің өзіндік ерекшеліктері орныққан нормалары бар жүйелі тілдік өрнектерімен публицистикалық мазмұны сай сөз тігісімен сипатталатын тұрақты көрініс ретінде бірден қалыптасып кете алмады. Біздің байқауымызша, оның басты себебі, революциядан бұрынғы газет – журнал шығару ісінің тарихы онша терең, мерзімі ұзақ болмауында ғана емес, сонымен бірге сол мәселені, жалпы баспа ісінің қазақ қауымы үшін жаңалық болуымен, баспа ісінің көршілес татар, башқұрт, өзбек халықтары өкілдерімен тығыз қарым – қатынаста болуымен және маман да сауатты журналистердің жетіспеуімен тікелей байланысты».

Ғалым – зерттеуші Б. Әбілқасымов алғашқы қазақ газеттерінің программасы жөнінде әңгіме қозғай келіп: «Ол программа бойынша газет жоғары ұлықтардың қазақ даласына қатысты бұйрық – жарлықтарымен қазақтарды таныстырып тұруға, сондай – ақ олардың арасына елдің табиғаты, тұрмысы, шаруашылық жайы туралы хабарларды таратуға тиісті болғанын тілге тиек етеді. Патша үкіметі сөз жүзінде осылай дей тұрса да, іс жүзінде қазақ халқын ағартуды тіпті де көксеген жоқ. Шын мәнінде оның көздегені – үкімет жарлықтарын ана тілінде тарату арқылы оны сөзсіз орындатуды қамтамасыз ету, жергілікті халықтарды басқаруды жеңілдету, қазақтың артта қалған патриархалды шаруашылығын біраз ілгері көтеріп, оны патша үкіметінің шикізат жөніндегі қажетін өтейтін дәрежеге жеткізу, сондай – ақ қазақтың өз тілін дамытып отырып, сол кездің өзінде «патша үкіметінің орыстандыру саясатына зиянын тигізе бастаған шағатай, түрік, татар тілдерінің ықпалына қарсы күресу болды. Сөйтіп, өзінің отаршылық саясатын одан әрі күшейте беру мақсатын ұстады» – дейді.Жалпы қазақ газеттерінде жарияланған материалдардың маңызы мен мәнін ескеріп, халық санасын ояту үшін атқарған ағартушылық қызметін алуға болады.
Газет материалдарын іріктеп топтап, құрастырып, осы күнгі әліпбиге түсіріп, жарыққа шығарған зерттеуші Ү.Сұбханбердина 1905-1907 жылдары Ресейде болған революция дүмпуі нәтижесінде қазақ газеттерінің екінші бір үлкен шоғыры дүниеге келгендігін айтады. Олар: «Серке» – 1907 жыл, «Қазақ газеті» –1907 жыл, «Дала» «Қазақстан» –1911-1913 жылдар, «Ешім даласы» – 1913 жыл. Осы аталғандардың қатарына Ә.Бөкейханов сынды қайраткер азамат әр жылдары шығарып тұрған “Голос степи», «Омич» газеттерін де қосу керек екендігін айтады.
Қазақ тіліндегі алғашқы газеттерінің бірі – «Қазақстан». Газеттің бұлай аталуының өзінен жаңа заман лебі сезілгендей. Алғаш Орда қаласында, одан араға алты ай салып, Орал қаласында қайтадан бірінші саннан бастап шығуы бұл газеттің көп қиындыққа душар болғанын көрсетеді. Оны шығаруда Ғ.Қарашев, Е.Бұйрин, Б.Қартаев, Ш.Бөкеев сынды қазақтың абзал азаматтары аянбай еңбек етті. «Қазақстанның» бірінші саны 1911 жылы наурыздың 16 - да Ғ.Қарашевтің «Газет деген не зат ?» атты мақаласымен ашылады. Оқу – ағарту, мектеп ашу, қазақ тіліндегі баспасөзді дамыту мәселелері газеттің әрбір санында әр түрлі қырынан қаралады. «Бакудегі қыздардың медрессесі», «Бұ қай заман?», «Жаңа өрнек», «Әдебиет таңы» тағы басқа мақалалар осыған куә.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет