Не журналистика кафедрасы



бет24/51
Дата02.11.2022
өлшемі462,36 Kb.
#46937
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51
Бақылау сұрақтары:
1. 30-шы жылдары ақын-жазушылардың әдеби шығармашылық көзқарас танымының қалыптасуына Абай өлеңдерінің әсері қандай блды?
- Осы жылдары Абай шығармаларын жинап, сараптап, жариялау жұмыстары қалай жүрді?
- 1937 жылы Қазақстан жазушыларының кезекті өткен бірінші пленумында С. Мұқановтың «Қазақ совет әдебиетінің хал-жайы және міндеттері», М. Қартаевтың «Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері», М. Әуезовтің «Қазақ фольклоры туралы» баяндамаларының әдебиет пен сын өнерінің дамуына тигізген әсерін бағдарлау.
Пайдалынылатын әдебиеттер:

  1. Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001

  2. Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

  3. Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

  4. Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

  5. Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

  6. М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

8-лекция:
Соғыстан кейінгі дәуірде қазақ әдебиеті сынының дамуы, өркендеуі. Партияның көркем әдебиет пен өнер жайлы қаулылары. 1946-1948 жж 40-50 жылдардағы қазақ әдебиетінің табыстары
Партияның ХХ съезі. Әдебиеттегі «Жылымық» оның әдеби қозғалыс пен әсері. С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтің ақталуы. Олардың еңбектерін жариялау, зерттеу саласындағы жұмыстар
Қамтылатын мәселелер:
- Соғыстан кейінгі дәуірде қазақ әдебиеті сынының дамуы, өркендеуі.
-Партияның көркем әдебиет пен өнер жайлы қаулылары. 1946-1948 жж 40-50 жылдардағы қазақ әдебиетінің табыстары
- Партияның ХХ съезі. Әдебиеттегі «Жылымық» оның әдеби қозғалыс пен әсері.
- С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтің ақталуы. Олардың еңбектерін жариялау, зерттеу саласындағы жұмыстар
Қырқыншы жылдардағы қазақ әдеби сынын іштей соғыс жылдарындағы және соғыстан соңғы кезеңдерге бөліп қарастырған жөн. Өйткені сол кездердегі саяси-әлеуметтік жағдайлардың түрліше болуы әдеби өмірге де айтарлықтай әсер еткендігі анық байқалады.
Жеке адамға табынушылық салдарынан отызыншы жылдардың соңына қарай ойсырап қалған қазақ әдебиеті есін жиып, өз міндетін атқаруға кірісудің орнына соғыс кезіндегі саяси ахуалдың салдарынан еңсесін көтере алмай жатты. Осы дәуірдегі сынның өз дәрежесінде көріне алмағандығына бір жағынан, сол дәуірдің идеологиялық қыспағы, екінші жағынан, соғыс кезіндегі көркем әдебиетіміздің саябырсып қалғандығы да айтарлықтай әсер етті. Әдеби сынның сол кездегі идеологиялық-саяси жағдайға тікелей байланыстылығы мен сыншылдық пікірдің дамуына тікелей әсер ететін оның негізгі зерттеу нысаны саналатын көркем әдебиеттің дамуында айтарлықтай құбылыстардың болмауы әдеби сынның өрістей алмауына тікелей қатысты объективитік, субъективтік себептер болды.
Соғыс жылдарында көркем әдебиет аз шығып, әдеби басылымдар жабылып қалғанына байланысты қазақ әдебиеті өзінің қарқынды дамуын бәсеңдетті десек те, әдеби өмірдің ағысы тоқтаған жоқ. Әдеби процесс отызыншы жылдардағыдай бұрқ-сарқ қайнап жатпаса да, әдеби сын көркемдік даму ұсынып отырған мәселелерді уақтылы шешуге араласып отырды. Қазақ әдебиетінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Ормановтар өнімді еңбек етсе, майданда Ә.Сәрсенбаев, Қ.Аманжолов, Т.Жароков, Ж.Саин, Д.Әбілев, А.Жұмағалиев, Б.Бұлқышев, Б.Момышұлы, С.Сейітов, Ж.Молдағалиев, Х.Ерғалиев, С.Мәуленов сияқты ақындар қару жастана жүріп қаламды қолдарынан тастамады. Жамбыл бастаған халық ақындарының даңқы жайылып, олардың отаншылдық рухтағы өлең-жырлары кеңінен тарап жатты. Аз болса да шығып жатқан көркем шығармаларға, баспасөз бетінде жарияланып жатқан жаңа туындыларға пікір білдірген сын мақалалары сирек те болса жарияланып тұрды. Осы кездегі сында Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин, С.Төлешев, Б.Шалабаев, А.Лекеров, М.Бөжеев, Қ.Жармағамбетовтар, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаев сияқты белгілі ақын-жазушылар да сынға ара-кідік араласып қойып отырды. Күндіз-түні майдан жаққа көз тігіп отырған халық майдангер ақын-жазушылардың баспасөз беттерінде жарияланып тұрған өлең-жырларын қызыға оқып жатты.
Соғыс жылдарында жазылған Ә.Тәжібаевтың «Қазақ әдебиетінің бүгінгі міндеттері» («Әдебиет майданы», 1941, №4), М.Әуезовтің «Ерлік-елдің сыны» («Социалистік Қазақстан», 1941, 30-шілде), Қ.Бекхожиннің «Ерлікті жырлайық» («Лениншіл жас», 1941, 10шілде), Б.Кенжебаевтың «Қаһарлы сөз қамал бұзады» («Социалистік Қазақстан», 1941, 4-қыркүйек), Қ.Жармағамбетовтың «Жауға өшпенділікті кернете түседі» («Социалистік Қазақстан», 1942, 29-қараша), М.Әбдіхалықовтың «Қазақ әдебиетін өркендетудегі міндеттеріміз» («Социалистік Қазақстан», 1943, 4-сәуір), Ғ.Мүсіреповтің «Майданнан соққан жылы леп» («Социалистік Қазақстан», 1944, 6-маусым), Е.Ысмайыловтың «Соғыс кезіндегі қазақ поэзиясының жайы мен міндеті туралы» (ССРО Ғылым акадесиясының қазақ филологиясының хабарлары. Тіл мен әдебиет сериясы. 1944, №1), т.б. мақалаларында сол кездегі әдебиеттің жай-күйі көркемдік тұрғыдан гөрі идеялық жағынан көбірек әңгімеленді. Осы кезде жарқ етіп көрінген Баубек Бұлқышев (Ғ.Әбішев. Жауынгер журналист // «Социалистік Қазақстан», 1943, 5-мамыр), Абдолла Жұмағалиев (В.Григорьев. Герой ақын // «Социалистік Қазақстан», 1943, 13 қаңтар), Қ.Аманжолов мен Ә.Сәрсенбаев (Ғ.Мүсірепов. Майданнан соққан жаңа леп // «Социалистік Қазақстан», 1944, 6-маусым) туралы мақалалар жазылып, бүкіл елге таралды. Ғ.Мүсіреповтің мақаласында Қ.Аманжоловтың «Абдолла» поэмасы соғыс кезіндегі қазақ поэзиясының аса ірі табысы ретінде бағаланды. Ә.Сәрсенбаевтың «Социалистік Қазақстан» газетінде басылған «Ақша бұлт» атты бір өлеңін оқи отырып, жас жауынгердің ақындық болашағына үлкен үміт артты. Майдангер қос ақынның бұл шығармаларын «Майданнан соққан жаңа лепке» санады. Ғ.Мүсірепов «Абдолла» туралы: «Поэма майданда ерлік көрсетіп, елі үшін қаза тапқан ақын жайында, ақын Қасым жанының бар толғануын, кек үшін, сезім тереңдігін бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сөзімен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін өртеп, жүрегін тербеп шыққан» (Ғ.Мүсірепов. Суреткер парызы. Алматы. 1970, 330-б.).-деп, Қаысм Аманжоловтың ақындық қуатын жоғары бағалады, оның ақын жайлы жазған поэмасының көркемдік құдіретіне назар аударды. Ә.Сәрсенбаевтың бір өлеңін талдау арқылы жас ақынның болмысын ашып берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет