Не журналистика кафедрасы



бет23/51
Дата02.11.2022
өлшемі462,36 Kb.
#46937
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
Бақылау сұрақтары:

  • Сынның жанрлық формалары қандай?

  • Алғашқы азатшыл әдебиет дегенді қалай түсінесің?

  • ХХ ғасыр бас кезінде өмір сүрген ақын-жазушылардың қазақ әдебиеті мен сынының дамуына тигізген әсері қандай болды? Не себепті алғаш туындаған шығармаларға сын көп болды?

Пайдалынылатын әдебиеттер:

  1. 1 Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001

  2. Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

  3. Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

  4. Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

  5. Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

  6. М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

7-лекция: 30-шы жылдардағы көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру шаралары. Жазушылар одағының құрылуы.
Қамтылатын мәселелер:
- 30-шы жылдардағы көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру шаралары.
-Жазушылар одағының құрылуы.
- 30-шы жылдарда жарыққа шыққан көркем әдеби шығармалар.
Жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы әдеби сын.
Сын жанрының қалыптаса бастағандығы,елеулі табысқа жетуі,көркем әдебиеттің бар жанрда ілгерілеуі сын жанрының дамуына әсер етуі.Сын тақырыбының ауқымы кеңіп,талдау тереңдігінің артуы, кәсіби сыншылардың көбеюі.Сынның жеке ақын,жазушылар шығармашылығына байланысты дамуы.«Ескішілдер сын жөнінде жат принципті ұстады.Шығарманың қасиеті өмірден аулақ, қияли арманды аңыздай жырлаумен бағалануға тиіс деді. Еңбекші тап жазушылары көбінесе үгіт сөз, үгіт өлең жазуды дұрыс көріп жүр.Бұл өнер емес, қара сөз. Екеуі де советтік сөзді жақтырмайды», «Әдеби , идеологиялық мәселелерде байшылдар мен олардың ықпалындағылар С.Сейфуллин мен С.Мұқановты ол кезде» (Т.Н.1960, 44-б.) Сәкеннің «Қызыл ат», Ғабиттің «Шұғыласына»қатысты сындар мазмұны.
1937- жылдағы әдеби сынның келбеті
1937 жыл ойраны. Жеке басқа табынушылықтың күшеюі. Қазақ әдебиетшілерінің қуғындалуы. Сынның саяси сойыл құралына айналғандығы. «Әшкерелегіш» мақалалар: Т.Жүргенов «Мәдениет майданын талқандалған ұлтшылдықтың қалдықтары мен сарқыншақтарынан тазартайық» КП,11.1.1937, Р.Жаманқұловтың «Қырағылықты күшейтейік», ҚӘ,18.1.1937, І.Қабыоловтың «Қазақ большевиктерінің міндеті-қазақ ұлтшылдарына қарсы күресу», Сқ,12.1.1937.Көркемдік мәселелердің тысқары қалғандығы. Саяси мақсаттағы сынның өрістегендігі. Қазақ әдебиетінің құлдырау кезеңін бастан кешуі. «Ғасырдың 37-жылдарындағы қазақ әдебиеті жеке басқа табынушылық ,әділет
заңдылықтарын өрескел бұзудың әсері заман кесапатына , зор қателікке, репрессияға апарды, қоғамға зор нұсқан келді, көптеген ақын,жазушыларға жала жабылып , мерт болған ұлттың рухани көші азайған кезі болды»М.Базарбаев. «Көркем әдебиеттегі ұлтшыл фашистердің зиянкестігін түп-тамырымен құрту керек» , «Әдебиет майданы», 1937.
№3.«Әдебиеттегі троцкист—бухариншіл ұлтшыл фашист зиянкестерін көріне жете құрту керек», «Қазақ әдебиеті», 1937, 13 тамыз.«Жазушылар ұйымындағы буржуазиялық ұлтшылдардың сыбайластары туралы», «Лениншіл жас», 1937, 21 қазан,мақалаларына шолу.С.Мұқанов ҚЖОдағының төрағалығынан, Бейімбет «ҚӘ»-ның редакторлығынан
кетті.Қаламгерлер жаппай ұсталып жатты.Халық жауы деген жалған жаламен ұсталған ақын-жазушылар айдалып, атылды. Ақын Ә.Тәжібаев та отыз жетінің ойранында «халық жауларымен байланысы бар, саяси бағыты дұрыс емес,бүгінгі күн тақырыбына мән бермей, таза лирикамен айналысты» деген айыппен қуғындалды. Әдеби сынның негізгі
тақырыбы «ұлтшылдық»талқандалған соң , «социализмнің кейбір мәселелері»болыд.Негізгі кадрдан айырылған қазақ әдеби сыны тоқырауға ұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет