128
АШМ ғылыми-техникалық кеңесiнiң шешiмiмен
практикаға енгiзiлдi
(17.06.1997 ж, хаттама №1). Территориясы кең ауқымды бруцеллезден сау
емес шаруашылықтарда індет ошағының ядросы ретінде – ауру қоздыру-
шысы ең көп шоғырланған телім, әдетте, бруцеллез мал тұратын оқшаухана,
бруцеллез себебінен мал іш
тастаған қора-жайдағы телім, төлдету қора, ал
жеке секторларда ауру мал анықталған қорайжай – «iндет ошағының ядросы»
деп белгiленiп (21-сурет), бұл объектiлерде дезинфекция және басқа да
ветеринариялық-санитариялық шаралар қатаң орындалады. Мал iш тастаған
немесе төлдеген телiм әркез
жергiлiктi дезинфекцияланып, шу, қағанақ су
жиналып, зарарсыздандырылады. Бруцеллезде індет ошағының ядросын,
яғни ауру қоздырушысы ең көп шоғырланған
шағын телімді тиімді
дезинфекциялау арқылы індет процесінің негізгі буындарының бұғауын туыт
қорада тиімді үзіп, нәтижесінде сыртқы ортада бруцеллалардың таралуын
тежеуге болады.
Бруцеллезден сау емес пункт
Қатер төнген аймақ
Бруцеллездің індет ошағы
Я-1 – оқшаухана; Я-2 –
төлдету қорасы; Я-3 – бруцеллездің себебінен
мал іш тастаған телім.
21-сурет. бруцеллезден сау емес пункттің құрамы.
Бруцеллезден сау емес пункт құрамының індет ошағы ядросымен
толықтырылуы індет
ошағы ауқымының тарылуына, шоғырлануына, ауру
қоздырушысының індет ошағы ішінде айналымының шектелуіне ықпалын
тигізеді
және зардапты микробтың малға, күтуші адамға жұғу қаупін
төмендетеді. Індет ошағының ядросын жоюға қаражат аз жұмсалады және
індет ошағының ядросын (ауру қоздырушысы
ең көп шоғырланған объек-
тілерді) тиімді дезинфекциялау арқылы бруцеллалардың сыртқы ортада
таралуын тежеуге болады.
Мал бруцеллезiмен күресу, жүргiзiлген iндеттанулық талдау нәтижелерi
бойынша бруцеллезден таза немесе таза емес (сау емес, ада емес) пункттерге
Я-1
Я-2
Я-3
129
жатқызылған жануарлар табынының (отарының) белгiленген аумағында
жүргiзiледi. Соңғысының құрамына iндет ошағы
және қатер төнген аймақ
кiредi. Бруцеллезден сау емес пункттiң жетiлдiрiлген толық құрамы 21-
суретте көрсетiлген.
Індеттанулық категория ретінде –
«бруцеллездің індет ошағы» деге-
німіз – малдың ауруға шалдығу мүмкіндігі сақталған инфекция қоздыру-
шысының бастауы мен оның берілу тетіктері бар территория. Індет ошағына
инфекция қоздырушысының бастауы (ауырған және микроб алып жүретін),
тасымалдаушылар (кемірушілер, ит, мысық, т.б.) және берілу факторлары
(тастанды төл, қағанақ су, шу, т.б.) арқылы зарарланған территория жатады.
Індет ошағының шекарасы ауру қоздырушысының
бастауы мен берілу
механизмінің орналасуына байланысты анықталуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: