Аффикстік морфемалар және олардың түрлері .
Өз алдына дербестігі жоқ, тек сө құрамында түбір морфемаға жалғанып қолданылғанда ғана белгілі бір мағынаға ие болатын көмекші морфемалар аффикстік морфемалар деп аталады.Аффикс косылу процесі (аффиксация) көптеген тілдердін морфологиясы мен сөзжасамында маңызды орын алады. Осыған байланысты тілдердің типологиясы жасалады.
Деривациялық-реляциялық аффикс – морфологияда деривациялықпен(лексикалық, сөзжасамдық және реляциялықпен (грамматикалық, сөз өзгеруші) қатар бөлінетін аффикстер класы, көмекші морфема, түбірге қарсы қойылатын және грамматикалық пен сөзжасамдық мәнді үйлестіретін сөз бөлігі. Мысалы: неб-ес-асөзінде негіз жасаушы аффикс.
Деривациялық аффикс - морфологияда деривациялық-реляциялық және реляциялықтармен (грамматикалық, сөз өзгертуші) қатар бөлінетін лексикалық,сөзжасамдық аффикстер класы, көмекші морфема, түбірге қарсы қойлатын және сөзжасамдық мәнді білдіретін сөз бөлігі, оның жалғануы жаңа мәнді лексеманыңжасалуына, негіздің жаңа класқа көшуіне соктырады. Мысалы: профессор —> профессура; профессор -> профессорствовать
Достарыңызбен бөлісу: |