Негізгі әдебиеттер



бет15/21
Дата14.09.2023
өлшемі0,73 Mb.
#107919
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Жахандану УМК

Бақылау сұрақтары
1. Мәдениет дағдарыстары болмай қоймайтын нәрсе не?
2. Мәдени өзгерістердің қандай тұрлерін білесіздер?
3. Мәдениет динамикасының эволюциялық концепциясының мәні неде?
4. «Ғаламдық эволюционизм» өркениет болашағы жайында.
5. Генетикалық және мәдени информация: шешілмеген сұрақтар.
6.Мәдени-әлеуметтік динамиканың толқындық жєне кезеңділік модельдері.


Ұсынылған әдебиет
Негізгі әдебиет:
1. Уткин А.И. Мировой порядок XXI века. – М., 2002. – 283 с.
2. Панарин А.С. Искушение глобализмом. – М., 2000. 216 с.
3. Ионин Л.Г. Консервативная геополитика и прогрессивная глобалистика // СОЦИС. - 1998. - №10. – С. 38-47
4. Миронов С. М. Принципы глабализма // Полис. - 2003. - №1. – С. 170-179
5. Хантингтон С. Столкновение цивилизаций. – М., 2003. – 437 с.
6. Межуев В.М. Ценности современности в контексте модернизации и глобализации // Материалы постоянно действующего междисциплинарного семинара клуба ученых «Глобальный мир». -Вып. 10. – М., 2001. – С. 14-22
Қосымша әдебиет:
1.Шиков Ю.В. Глобализация экономики – продукт индустриализации и информатизации социума // ОНИС. – 2002. №2. - С. 147-152.
2.Бело У. Вазможности и переделы глобализации // Диллемы глобализации. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. - М.: Вариант, 2002.- 488 с.
3. Стиглиц Джозеф. Ревущие девяностые. Семена Развала. – М.: Современное экономика и право, 2005. - 280 с.

  1. Кастельс М. Глобальный капитализм и навая экономика: значение для России // Постиндустриальный мир и Россия. - М., 2001.- С. 74-82.



2. Тарау. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСІНІҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН ФОРМАЛАРЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ


2.1. Қазіргі қазақ мәдениетіндегі жаһандану үрдістерінің кейбір бағыттары
Қазіргі уақыт кезеңін жаһандану кезеңі деп атайды. Жаһандану процесі туралы бірқатар бір-біріне қарама-қайшы келетін ой-пікірлер бар. Мысалы, жаһандану процесі батыстық немесе американдық сипатқа ие ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдары басталған процесс деп бірқатар американдық, еуропалық, ресейлік және қазақстандық ғалымдар ой-пікірлер айтады. Яғни олардың түсіндіруінше, жаһандану процесін тудырған саяси, экономикалық және мәдени күш – бұл Америка Құрама Штаттары және Батыс Еуропа. АҚШ және Батыс Еуропа саясаты бойынша бүкіл Әлемге өз билігін жүргізу үшін өз елдерінің саяси институт жүйелерінінің жетістіктерін, экономикалық-әлеуметтік тұрақтылығын және мәдениет салаларының (ән-би, кино туындылары, т.б.) ерекшеліктерін дүние жүзіне тарата бастады және дәріптеді. Кино туындылары, деректі фильмдер, тамаша ән-би туындылары, яғни бұқаралық мәдениет туындылары арқылы Екі Дүниежүзілік соғысты бастарынан кешірген немесе сезінген халықтар, мемлекеттер, топтар, қоғам және қарапайым адам баласы сол жеңіл де көңілді, мәнді де сәнді өмір сүру әдет-ғұрпын бойына, ойына сіңіріп, сол бағыт бойынша өмір сүре бастауға талпынды. Нәтижесінде, мәдени, саяси, экономикалық-әлеуметтік маргинал болып шықты деуге болады. Яғни, «не анда жоқ, не мұнда жоқң, сөйтіп өмірдің тығырығына келді немесе келеді. Бұның өзі мемлекет, ұлт, этнос, қоғам және адам баласының қайталанбас және өзгелерге ұқсамайтын ерекшеліктерді жоғалтуға апаратыны сөзсіз. Бірдей болу немесе қайталанушылық рухани және материалды дамудың негізі бола алмайды және бұл өмірдің қатаң да әділетті сұрыптау процесі – диалектикалық заңға қарама-қарсы процесс.
Буддизмнің негізін салушы Сидхартта Гаутама негізгі қағидасы бойынша – өмір дегеніміз қайғы-қасірет, оның себептері және одан құтылу жолдары мен мүмкіндіктері бар. Сонда бұл тығырыққа келудің өзіндік бір себептері және одан шығу жолдар болғаны ма? Даналар мынадай өмірлік мән-маңызға ие ой айтады: «Өмір адам баласын белгілі бір қиыншылықтарға кезіктіріп, сынайды». Сонымен, тығырық өмір сынағы болып шықты.
Неліктен шығыстық, тіпті африкандық адамзат батыстық нышанды мәдениетке шөл болды, оны сусындады және нәтижесінде өзгеріске ұшырап отыр? Қандай қасиетімен батыстық өркениет өзгелерді қызықтырды? Бұл көптеген ғалымдардың және қоғам қайраткерлерін толғандырған мәселе болып табылады. Батыстық менталитетке, психологияға сай қасиет - өмірде тек жақсылыққа ие болуың керек, яғни адам баласы өзіне өмірдің бар қызығын көрсетуі керек және өзін өзгелерден бұрын бірінші орынға қоюы керек деген принциптің басымдылығы. «Карма», «сансара», «сяо» (осыған ұқсас принциптер бойынша шығыс және африкандық халықтар өмір сүрді және өмір сүріп келеді) принциптерімен өмір сүріп отырған батыстық емес мемлекеттер, халық, ұлт, этнос ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан «өмірлік маңызды» қағидалар олардың жеке «Менінің» мүдделері ескермегенін және олардың рухани да материалды қажеттіліктерін қанағаттандырмағанын көрсетті деп айтуға болады. Нәтижесінде өзінің «туған» мәдениеті бермеген не көрсетпеген жақсыны «өзгең мәдениет көрсетті және бағыттап отыр. Бұл жерде эгоистік сезім үстемдік ете бастайды. Адам баласы өзінің өмірден еш жақсылықты көрмегенін, сезбегенін түсінеді. (Шын мәнсінде, мұндай жағдай – қалыпты жағдай). Өз мәдениетінен бас тартып өзге мәдениет салты, саяси жүйесі және экономика құрылымы бойынша өмір сүре бастайды. Сөйтіп маргинал болып шығады. Ал маргинлдылықтың берер позитивтілігі бар ма? Маргиналдылық (ағыл. margіnal – шеткі, аралықтағы категориялар аралығында орналасқан) бұл – уақыт талабы және заңдылығы. Жаһандану – бұл Әлемдік деңгейдегі «ашық қоғамң, яғни әр мемлекет, ұлт, этнос, қоғам бір-бірімен еш кедергісіз ашық кеңістікте экономика, саясат, әлеуметтік және мәдениет салалары тұрғысында сұхбаттасады және бір-біріне әсер етеді. Әр нәрсенің жақсы және жаман жақтары болады демекші, бұл ашық қоғамның өзіндік жағымды-позитивті және жағымсыз-негативті жақтары бар.
Сыртқы бейне алдамшы демекші ... Әскери қарулы күштің Әлемдік деңгейде үстем өмір сүру еркіндігі бар; бірақ, бақытқа қарай мұндай жағдай көп уақытқа созылмайды, «ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар» демекші, әр ұлт, этнос азаматы өз мәдениетінің түп тамырына қайта келеді.
С. Хантингтон өзінің аты шулы «Өркениеттер қақтығысың (2003) деген еңбегінде мынадай ой-пікір айтқандай болатын, яғни, «жалпы, ұлт болған жерде ұлттық идея болады». Менің өзімнің пікірімше (бұл кітаптың да мазмұнында бар), ұлт болу үшін үш үлкен ұлттың тірегі бар. Бірінші – ұлттың жері, екінші – ұлттың тілі, үшінші – ұлттың мәдениеті. Бұл мәдениетке мен дінді де қосамын. Дін сенім емес, дін – мәдениет. Сондықтан осы үш тірек мықты болса, ұлт жұтылып кетпейді. Ұлттық идеяны осы үш маңызды қырынан қарап, осы мәдени, рухани жағынан ұлтқа күш беретін факторлар осылар.
«Еуразия» бұл – ХХІ ғасырдың идеясы. Ал, жаһандану заманында еуразиялық ықпалдасудың болашағы зор. Бұл идеяны сынаушылар да барлығын еске салған Елбасы, үш нәрсе – еуразиялық экономикалық қоғамдастық, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Еуразия болашағын қамтамасыз ететін құрамдас ұйымдар екенін айтты. Болашақта осы ұйымдар бірлесіп, үлкен еуразиялық идея мен еуразиялық құрлықтың тұтастығы жеңіп шығады. Бұл идеяға рухани және ғылыми база қажет. Бұл ғылыми негіз – Еуразия ұлттық университеті болуы керек. Ал, елордамыз Астана – Еуразияның жүрегі бола алады, деді Елбасы. Елбасының пікірінше, жаһандану ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне аса жоғары талаптар қойып отыр. Сондықтан бүгінде еліміздің бәсекеге қабілеттілігі ғаламдық экономика мен саясаттағы ықпалды тұжырымдардың бірі болып саналады. Ал, жаһандану заманында бәсекеге қабілетті болу үшін ғылым мен білімді, жаңа технологияларды дамыту қажет. Соған орай, алдағы 10 жылда мемлекетімізді бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосу үшін біз ғылым мен білімнің, технологияның ғаламдық дамуын мүлт жібермей қадағалап отыруымыз керек.
Кез келген ұлттың тек мәдениеттің арқасында ғана ұлт болып қала алатыны баршаға белгілі. Әсіресе, жаһандану дәуірінде.
Экономика саласындағы жаһандану – бұл халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың жаңа түрі. Экономикалық жаһандану процесі тауар, капитал, коммерциялық қызметтердің және сонымен қатар, өндіріс процестерінің тұтас жаһанды нарықтың қалыптасуымен және өз еліндегі мен Әлемнің түкпір-түкпіріндегі өндірістерді басқаратын трансұлтты корпорациялардың пайда болуымен байланысты.
Халықаралық саяси-экономияның өкілдері жаһанды нарық экономика дамуының механизмдері мен салдарына, экономикалық және саяси өзгерістердің өзара тәуелділік мәселелеріне және жаһандану процесіне мемлекеттердің саяси жолмен жүруіне көңіл бөлген болатын. Олардың пікірі бойынша, жаһандану процесінде ішкі және сыртқы шекараларға бөлудің еш мәні жоқ [28, 19 б.]. Мемлекет құрамына кіретін барлық саяси күштер халықаралық дәрежедегі акторлар бола алады. Сонымен қатар, жаһандану экономика саласында мынадай жағдайларда көрінеді:
Шаруашылық өмірдің, шаруашылықпен айналасатын субъектілердің әрекеттерін трансұлттандыру.
Экономикасы жақсы дамыған мемлекеттер мен дамушы мемлекеттер арасындағы өте үлкен алшақтықтың болуы.
Өндіріс пен тұтынушылықты стандарттау.
Еркін нарық қызметтіне негізделген қоғамның экономика ұйымдарында үстемдік етуі.
Постиндустриалды сипаттағы қоғамның даму деңгейін көрсететін ақпарат дәуірінің болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет