Негізгі әдебиеттер


Жаһанданудың саяси мағынасы



бет16/21
Дата14.09.2023
өлшемі0,73 Mb.
#107919
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Жахандану УМК

Жаһанданудың саяси мағынасы. Қазіргі уақытта қазіргі Әлемде саяси жаһанданудың негізігі белгілері демократия идеясының кең таралуы және ХХІ ғасырдың идеологиялық бағыттардың әмбебапты жүйесі ретінде адам баласының құқығын бекітілуі болып табылады. Жалпы қабылдаған «ойын ережелерініңң болуы; әлемдік жаңа тәртіптердің және барлығына міндетті болатын саяси шешімдерді қабылдайтын негізгі орталықтардың қалыптасуы;
халықаралық қауіпсіздіктің жаңа концепцияларының дамуы, қорғау саясатының дамуы және олардың критерийлерін анықтау; саясаттың экономикаландырылуы; ішкі және сыртқы саясат арасында белгілі бір шекараның болмауы, бірақ кейде біріншісі екіншісіне бағынышты болады; саяси реализмнің категориялары ретіндегі ұлттық және мемлекеттік егемендік, ұлттық мүдде ұғымдарының жаңа мазмұнын нақтылау және қалыптастыру осылар маңызды.
Сонымен бірге әлем мен халықаралық процестердің басқарылуы туралы мәселелер мәнділігінің өсуі; саясатқа бұқараның қатысуы және халықтың тікелей басқаруы; мемлекетке деген прагматистік (рационалды) қарым-қатынас;
мемлекеттік егемендіктің – халықаралық-құқықтық жүйе негіздерінің табиғатының өзгеруі де еске аларлық.
Жаһандану процесі мен идеялары адамзатқа жаңалық емес. Антика полистерінің, тіпті, Ұлы Географиялық Ашылыстар нәтижесіндегі отарлау процестердің өзі локалды жаһандану процесі болып табылады.
Әр түрлі мәдениеттердің бір-бірімен қарама-қарсы келмей, керісінше, бір-біріне жақындасу түсуі – Әлемдік үйлесімділік күйінің тұрақтылануына зор ықпал етеді. Әлемдегі әр түрлі әмбебапты және қайталанбас мәнге ие мәдениеттердің болуы, бір-бірімен араласуы – осылардың бәрі тектен тек дүние емес. Белгілі бір халық немесе ұлт мәдениетін микроәлем-адам баласы ретінде алып қарасақ, адамдар бір-бірімен араласа отырып жетіле түседі, руханилық және материалдық байлыққа ие болады (бұл әрине адамның жеке өзіне, оның сана-сезіміне байланысты). Жаһандану заманында әрбір жеке этностың мәдени өзіндік болмысын сақтап қалу, оны одан әрі даму өзекті мәселе боып табылады.
Идентификация (лат. Іdentіfіcare теңдестіру немесе сәйкестендіру) ұқсастық белгілеріне сүйене отырып, әр түрлі нысандарды сәйкестендіруді анықтайды. Жаһандану процесінің кең ауқымды кеңістікті алудың негізгі 5 типтері бар:
– Көшпелі халықтардың (арийлер, арабтар, моңғолдар, германдықтар және түрік тайпалары) әрекетімен байлынысты.
– Аграрлық империяларға (мысырлықтар, үндістер, қытайлықтар, парсылар, гректер, римдіктер) байланысты.
– Сауда-саттылық керуен жолдарына байланысты (Ұлы Жібек жолы).
– Индустриялық империяларға байланысты (Ресей елі, Жапон елі, Еуропа елдері және Америка елдері).
Қазақ мәдениеті, Еуропа мен Азияның арасында орналасқан, Еуразияда қалыптасқан, мистикалық дүние мен шынайы дүниені шебер тоғыстырған құрылымы дәйекті жүйе болып табылады.
Адамзаттық алғашқы миграциялық процестің басталу кезеңі осыдан 160 мың жылдай бұрын басталған еді. Оксфорд университетінің профессоры, антрополог Стефен Оппенхаймер археологиялық-антропологиялық экспедиция нәтижесінде табылған адам баласының сүйектеріндегі ДНК және хромосомада сақталынған ақпараттарды зерттей отырып, осындай тұжырымға келген болатын. Homo Sapіens-тың алғашқы мекендеген территориясы – бұл Шығыс Африка жері, ал адамның қазіргі қазақ жеріне көшіп-қоныстаған уақыты шамамен 40000-45000 жыл бұрын.
Жаһандану процесі әртүрлі аспектілер мен салаларды қамтиды, бұл экономиканың жаһандануы (Батыс мемлекеттерінде қалыптасқан экономикалық модельдердің әлемнің басқа кең етек алуда), саяси жаһандану (қоғамға және мемлекетке қарағанда жеке тұлғаның еріктілігін, таңдау құқығын және с.с. жоғары қоятын батыстық типтегі демократия принциптерінің басым болуы), сонымен қатар, мәдени жаһандануды қамтиды. Мәдени жаһандану – барлық Әлем мәдениеттеріне тән, жеке тұлғалар арасындағы, топтар арасындағы және индивид пен топтар арасындағы сұхбатты (коммуникация) қамтамасыз ететін қалыптар мен жүйелердің қалыптасуы. Соңғы аспект – мәдениет жаһандануы қалған басқа аспектілердің негізі болып табылады, өйткені осы аспектіге байланысты экономика саласындағы нарықтық механизмдердің қалыптасуы және заңдарға негізделетін саяси режимдердің пайда болуы мүмкін болып отыр.
Дәстүр – бұл ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын және ұзақ уақыт мерзімде белгілі бір қоғамдарда және әлеуметтік топтарда сақталынатын әлеуметтік және мәдени мұраның элементтері. «Tradіtіon» сөзін ағылшын аударғанда бірнеше мағыналарды береді – дәстүр, ескі салт; аңыз-әңгіме; ауызша ақпарат немесе мәлімет тарату. Аңыз-әңгімелер – практикалық имитация арқылы немесе фольклор арқылы беріледі. Тасымалдау адекваттылығына бірнеше қайталану арқылы, таңбалық текстер (мифология, аңыз) және әрекеттер (ритуал) жүйелері арқылы қол жеткізуге болады. Қоғам институттары күрделенуі нәтижесінде дәстүрдің ролі мен маңызы да арта түсті. Қазіргі уақытта дәстүр әлеуметтік институттар мен нормаларды қайта жаңғырту механизмі ретінде ұғынылады. Дәстүр бірнеше функцияларды атқарады: мәдениет жалғастығын қамтамасыз етеді; мәліметтер мен құндылықтарды сақтау және оларды ұрпақтан ұрпаққа беретін көпір ролін атқарады; әлеуметтендіру және адамдарды инкультурациялау механизмінің қызметін атқарады; сәйкес келетін мінез-құлық пен құндылықтарды таңдап алатын функцияны атқарады.
Мәдениеттер мен өркениеттердің өзара араласуы және өзара қарым-қатынасы әр уақытта болған жағдай, осының бәрі соңғы кезде оларды сұхбатқа шақыру қажеттілігі туралы мәселе туды. Сұхбат – бұл екі жақты және тең дәрежелі, тең құқылы процесс. Жаһандық рөлге ие болуға қол жеткізе алатын халықаралық тілдер болып тек еуропалық тілдер мүмкіндік алды және алуда, ал соңғы уақыттарда бұл үрдіс ағылшын тіліне тиесілі.
Жаһандану кеңістігіне тән жағдайлар ─ мәдениеттер қақтығысы, ақпараттық қоғам дамуы, саясат, экономиканың күшеюі, т.б. ─ осылардың бәрі қазақ мәдениетіне қалай әсер етеді?
Жаһандану теориясы және тарихы тек мәдениет саласында ғана емес, сонымен қатар саясат, экономика және қоғам өмірінде де орын алады. Жаһандану бүгінгі таңда ең көп тараған әрі жиі қолданылатын ұғымға айналды. БҰҰ Бас Ассамблеясының сессияларында, "Үлкен сегіздік" елдері мен Еуроодақтың саммиттерінде, ғылыми конференцияларда, БАҚ-тарда (бұқаралық ақпарат құралдарында) ол жиі айтыла бастады. Бұл сөз біреулерде сүйініш пен таңданыс тудырса, басқаларда ашу тудыратын болды.
Дегенмен, жаһандану қазіргі таңда тоқтатуға келмейтін уақыт талабына айналды. Ол дүниежүзілік экономиканың дамуына, жетілген компьютерлік технологияға, біріккен ақпараттық кеңістік құруға негізделген. Сондықтан бұл жерде бөлектеніп қалудың мағынасы жоқ. Жаһандану үрдісі адам өмірінің барлық саласына: экономика, саясат, мәдениет, тіл, білім, рухани-адамгершілік даму, халықаралық қатынастарға әсерін тигізіп отыр. Бұл салалардың барлығы ақпаратты игеру мен ауыстырудың жылдам қарқынына тартыла отырып, жаңа сапалық қасиетке ие болды. Бұдан біз жаһанданудың күрделі, көпдеңгейлі, қарама-қарсылықты үрдіс екенін көреміз.
Осы жерде жаһанданудың объективті үрдісінен шет қалмай, өз мемлекетіміздің тәуелсіздігін, ұлттық "Мен"-ін, Қазақстан халықтарының төлтума, бірегей мәдениетін, халық даналығының көпғасырлық тәжірибесі жинақталған дәстүрлі мәдениеттің баға жетпес байлығын қалайша сақтап қаламыз деген өткір мәселе қойылады.
Қазіргі батыстық үлгідегі жаһандану тек материалдық құндылықтарға ие болуды көздеген, рухани-адамгершілік бағыттан айрылған "мәдениеттің" бекуіне әкеледі. Мұндай жалған, бүркеме мәдениет қоғамға күшке табыну, қатыгездік, өзге адам құқығын аяққа басу, қандай жолмен болсын басымдыққа ұмтылу сияқты келеңсіз заңдылықтарға жол береді.
Бұл ұрпақ тәрбиесін жаңаша жүргізу мен ізгілендіру мәселесін күн талабына қойып отыр. Тек адамгершілігі жоғары, рухани жаңарған тұлға ғана жаһанданудың жағымсыз жақтарына қарсы тұра алады.
Ә. Нысанбаевтың ойынша, XX ғасырдың 90-шы жылдары әлемдік жаһандану процесінің шарықтаған заманы, яғни барлық мемлекеттер арасындағы өзара тәуелсіздік, бір-бірімен өзара немесе тікелей аралық әсерлестік пен өзара ықпалдастық күшейген дәуір.
Вестернизация дегеніміз тек бір жалғыз дәстүрлі емес мәдениеттің (батыс мәдениеті) барлық басқа дәстүрлі мәдениеттерге үстемдік етуі. Жаһандану процесін әлемде болып жатқан интеграциялық процестерді пайдалана отырып вестернизация процесіне айналдыруда мақсатты күштерді көруге болады. Кейбір батыс зерттеушілері мен саясаткерлері «жаһандану» терминін либералды демократия және ашық нарықтың синонимі ретінде пайдаланады. Өзіндік қазіргі замандық экономикалық және саяси потенциалы бойынша батыс өркениеті үстемдік етуші позициясын алып отыр. Батыс әлеміне еш қатысы жоқ көптеген елдерге таңдау жасау керек: ештеңені де өзгертпеу; вестернизация жолын таңдау, яғни батыс мәдениетіне ассимиляцияну және әруақытта аутсайдер ролін ойнауға келісім беру; өзінің мәдени ұқсастық шегінен шықпайтын қалып пен механизмдерде модернизацияны бейімдеу және, сонымен қатар, ұлттық ерекшеліктерді дұрыс та тиімді пайдалану.
Қазір жаһандану дәуірі басталды және онда қай ұлттың рухани мәдениеті күшті болса, сол ұлт өмір сүруге бейім болады да, рухани мәдениеті әлсіз елдер ассимиляцияға ұшырап, өз-өзінен жойылып отырады. Бұл адамзат қоғамының дамуындағы заңды құбылыс. Сондықтанда оған ешкім қарсы тұра алмайды. Қазіргі кезеңде дүние жүзінде «Мәдениеттер майданы» жүріп жатыр деуіміздің себебі сол. Олай болса қазір күн тәртібінде, болашақта қазақ халқының ұлт болып қалу-қалмау мәселесі, яғни ұлтымыздың тағдыры қойылып отыр. Жаһандану кеңістігіндегі қазақ мәдениеттінің инновациялық үрдістері – қазіргі уақыт талаптарына барлық салаларда өз ерекшелігін жоғалтпай жауап бере білу.
Әр ұлттың тілі мен дінінен басқа өзіне тән этностық ішкі құрылымы түріндегі иммунитеті болады, бұл құрылым мемлекеттік әкімшілік – аумақтық бөліністің ең төменгі сатысын қалыптастырады. Аталмыш бөлініс негізінен отырықшыл сипатты халықтарда кеңістік-материалдық ресурс бойынша, ал көшпелі қоғамда адам ресурсы бойынша жүзеге асады. Көшпелі қазақ (қазіргі қазақ үшін ауыл болғанымен) үшін өзінің жеті аталы руы мемлекеттік құрылымның негізгі мәйегі еді. Тіпті, қазақ руына қосылмайтын қожалық және төлеңгіттік институттардың өзі де белгілі бір дәрежедегі сословиелік мемлекеттік құрылымның рулық көрінісі болатын. Қазақ құрылымының бұл төменгі деңгейінің беріктігі сонда, қазақ уды да, суды да руымен ішетін. Бұл құрылымның бір өзі көшпелі ортада қазіргі жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін өзі басқару (дұрысы - меңгеру) аталатын институттарды айырбастап келген. Кез келген қазақтың қазақтығы оның белгілі бір рулық етенелікке тиістілігімен өлшенетін. Тіпті, қазаққа кірген басқа кірме жұрттардың өзі де өзіне сай «аспан алып», руын жасақтайтын. Алайда, қазақтың рухани иммунитетін жоюға бағытталған кеңестік идеологияның қазақтың сүйегінен өткені сондай, қазір бұл турасындағы әңгіме ұлттық антитақырып деңгейіне жетті, яғни қозғауға болмайтындай цензура қалыптасқан. Ал, біз тарихтың мұрағатына айналған рулық бөліністі аңсамасақ та, қайта қалпына келтірмесек те, қазақ үшін жаһандану алапатына этностық деңгейде қарсы тұрарлық қауқарды қанша жасырсақ та, жеті аталық туыстық қарым-қатынастан ұлттық иммунитеттің ұшығын көреміз. Бұл туыстық шетелге шашыраған қазақтардың өмірі арқылы сынақтан өткен бүгінгі ең тиімді этностық құрылым болып отыр.
Мәдениет – бұл жүйе, оның құрамындағы элементтер – бұл бірнеше ғасырлар бойы сол территорияда мекендеген халықтардың өмір сүру әдет-ғұрыптары мен салттары және дәстүрлері. Ал бұл элементтердің кейбіреулері уақыт заман талаптарының сұранысына сай болмай ұмытылып немесе негізін сақтай отырып, қайта жаңғырады. Сондықтанда әрбір ұлт мәдениеттері өзгеріске ұшырап отырады деп айтылуы заңды құбылыс.
Мәдениет – бұл иерархиялық құрылым, бұл иерархиялық құрылым да заман талаптарына сай өзгереді.
Инновация дегеніміз жоқтан жаңаның пайда болуы емес, инновация – бұл ескінің өз негізін сақтай отырып сұранысқа жауап түрінде қайта жаңғыруы. Мәдениет адамзат әрекетінің нәтижесі болып табылғандықтан, адамдар жиынтығысыз тіршілік ете алмайды. Бұл жиынтық, тұтастық мәдениет субъектісі және оның жаратушысы, сонымен қатар мәдениет тасымалдаушысы болып табылады .
Әрбір ұлт өз мәдениетін қалыптастырып, оны сақтауының басты мақсаты – халықаралық аренада өз құқығын жүзеге асыру. Ұлт мәдени шынайлық ретінде өзін әртүрлі салаларда – дәстүр, ерік-жігерінің бағыттылығы, құндылық бағыттылығы, тіл, жазба үлгілері, поэзия, дін және т.б. көрсетеді. Бұл әр ұлттың ең басты міндеті және сол үшін қызмет етуі қажет, яғни, өзін ерте заманнан атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра, мирас болып келе жатқан сүйеккке сіңген ұлттылықты жоғалтып алмау және қадірін аяқ астына тастамау. Сонымен қатар, ұлт өз өмір сүру ареалында мемлекетті құрып, оның егемендігін сақтауы қажет.
Өзіндік ерекшелікті сақтаужәне оны нық етіп бекіту ұлттың ішкі күштерінің белсенділігіне және ұлттық ішкі энергияларды сыртқа шығаруға да байланысты. Тұтастықтың, жиынтықтың мәдениеті жеке тұлғалар мәдениетінен құралған нәтиже болып табылмайды және ол жеке тұлғалық қасиеттен жоғары; ол адамдар тұтастығының құндылықтар жиынтығы, шығармашылық нәтижелер және мінез-құлық стандарты болып табылады. Мәдениет – бір адам баласын адамдар тұтастығының бір мүшесі ретінде қалыптастыратын жалғыз күш.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет