Негізгі әдебиет:
1. Нысанбаев А. Казахстан в условиях глобализации. – Алматы, 2006. – 214 с.
2. Кессиди Ф.Х. Глобализация и культурная идентичность // Вопросы философии. - 2003. - № 1. - С. 76-79.
3. Кодар А. Концепция развития культуры Республики Казахстан (проект) // Рух-Мирас (Казахстанский культурологический альманах). - № 2 (2). – 2004. – С. 4-11
4. Наурзбаева З. Стратегические приоритеты культурного развития Республики Казахстан (проект) // Рух-Мирас (Казахстанский культурологический альманах). - № 2 (2). - 2004. – С. 45-62
5. Чумаков А.Н. Глобализация. Контуры целостного мира. - М.: Проспект, 2005. - 213 с.
Қосымша әдебиет:
1. Амирова А.А.. Этнический аспект маргинализации // Этнические проблемы соц-политического развития РК. Материалы международ. научно-прак. конф.- Алматы, 2002. – С. 128-132
2. Туронок. С.Г. Информационно-коммуникативная революция и новый спектр военно-политических конфликтов // Полис. - 2003. - № 16. - С. 24-36.
3. Мырзалы Серик. Модернизация общества: взаимосвязь политики и морали. – Костанай: КГУ, 1998. - 268 с.
4. Қазақстанның мәдени мұрасы. - Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2005. – 964 б.
5. Жандәулетов Т. Қазақ ұлттық идеологиясы мәселелері. - Алматы: ХКАА,
2004. – 164 б.
6. Ғабитов Т. Х. Қазақ мәдениетінің типологиясы. – Алматы, 1998. – 202 б.
7. Хамидов А.А.. Шығыс пен Батыс... – Шаһар. - №1. – 1993. – 10-18 бб.
2.2. Жаһандану және мәдени бірегейлену мәселелері
Қазіргі әлем өз дамуының жаңа кезеңіне енді. Осындай тұжырымның негіздері көз алдымызда: біз әлемдік қауымдастықтың геосаяси құрылымдарындағы терең өзгерістердің куәгері болып отырмыз. Экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени жүйелердің ақпараттық-коммуникациялық революциялардың ықпалы мен трансформациялануы барған сайын үдеп барады. Халықаралық байланыстар мен қатынастардың кеңеюі және тереңдеуі, жер шарының нақтылы бір нүктесінде немесе бір аймағында болып жатқан оқиғалардың, барлық басқа халықтар мен елдердің тіршілігіне әсер ететіндігіне әкеледі, яғни бұл оқиғалар жалпы әлемдік, жаһандық сипатқа ие бола алады. Бүкіл адамзаттың ортақ мәселелері бола бастап, қоғамның мәселелері жеке мемелекет шектерінен шығады. Ақпараттық қоғамды құру, жаһанданудың әсерлерін басқару мәселелері оларды сезіну, түсіндіру және тиімді түрде шешу мүмкіндіктері үшін дәстүрлі емес ұстындарды белсенді іздеуді талап етеді. Басты мәселелердің қатарында мойындалғандары: Жердегі ауа-райының өзгеруі, дәстүрлі этикалық бастаулардың жоғалуы, халықаралық жүйенің тиімсіздігі. Жаһанданудың теріс жақтарына қоғамның ашықтығы мен коммуникацияларын озық технологиялары Жер шарының тұрғындарын терроризм, нашақорлық, қылмыс, індеттер, этникалық және нәсілшілдік жанжалдардың таралуы алдында қорғаусыз қалдыруы да жатады.
Өзінің материалдық қорларын барынша пайдалу жолына түскен, өркениеттің дамуымен байланысты мәселеге – дағдарыстар мәселесі жатады:
- тұлға мен қоғамның табиғаттан жаттануы, онымен барған сайын сирек қатынаста болуы;
- экологиялық дағдарыстар: өндіріс қалдықтарымен ластану, пайдалы қазбалардың таусылуы, тұщы су қорларының азаюы, атмосфераның ластануы, топырақ эрозиясы. Экологиялық дағдарыс өркениет өмірінің түпнегізді қайнарларына қиратушы әсерін тигізеді. Шым-шытырақ жағдай қалыптасып келеді;
- тіршілікті қамтамасыз ету мәдениеті тіршілік қорларын жегідей жейді;
- ақпараттың шамадан тыс өндірілуі. Ақпараттық өріс әсіреленген және жиі ретте рационалды түрде қолданыла алмайды;
- қирату құралы – әскери потенциалдың шамадан тыс артуы және жетілуі.
Жаһанданудың басқа қыры – ол алып келетін жағымды құндылықтар. Бұлар:
- қоғамның ашықтығы тіршілік қалыптарының жоғарылуына, экологиялық бүлдірулердің баяулауына, жалпы гүлденуге себепші бола алады;
- ашық нарық жаңа жұмыс орындарын ашады, табысты молайтады, жаңа технологияларды таратады;
- әлемдік экономикамен бірігу өзімен бірге жаңа технологиялар мен идеяларды ала жүреді, халықаралық сауданы дамытады, инфляцияны жұмсартады, инновацияларды жеделдетеді;
- ашықтық адамдық факторға инвестицияларды ұйғарады: білім беруге, денсаулықты сақтауға, инфрақұрылымға;
- өзгерістер билікті саяси және экономикалық реформаларды жүргізуге мәжбүрлейді;
- электрондық сауда, ақпаратқа сүйенетін «жаңа экономика» адамдардың басты қор бола бастайтынын көрсетеді. Теңдік идеясы әрбір адамның өзіндік құндылығымен ауыстырылды, әрбір адамның мүмкіндігін дамыту міндеті қойылды;
-сепаратизм мен діни экстремизмге қарсы әрекеттену мүмкіндігі.
Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастыққа енгенін көрсететін айшықты мысалға біздің еліміздің 1993 жылдан бастап Дүниежүзілік экономикалық форумның әр жыл сайын өтетін бас қосуларының тұрақты мүшесі болып табылатындығы жатады. 2000 жылдың сәуірінде Орталық Азияда Алматы қаласында Еуразиялық саммит өткізілді.
Еуразиялық саммиттті өткізу идеясы, дүниежүзілік экономикаға олардың жылдам интеграциялануын және аймақтың дамуы үшін шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған, Орталық Азия мен Кавказ елдері үшін ортақ ұстындарды жасап шығару мұқтаждығын түсінуден шықты. Орталық Азия мен Кавказдың рөлінің арта түсуі, оның ХХІ ғасырдағы даму нобайларын анықтау мен өзара пайдалы сауда-қаржылық және инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа формаларын іздеу қажеттілігі, олармен бүгін Орталық Азия мен Кавказ елдері нарықтық экономика мен азаматтық қоғамды қалыптастыру жолында кездесетін мәселелерге сай, оның басты тақырыбы «Жаңа мыңжылдықтағы аймақтың орны мен рөлі» болып табылатын, осындай саммитке ерекше маңыздылық береді.
Алматыда 2002 жылы, онда Орталық Азия мен басқа елдердің мемлекет және үкімет басшылары, ал сонымен бірге халықаралық ұжымдардың, дүниежүзілік ірі компаниялар мен банкілердің жетекшілері қатысқан, екінші Еуразиялық саммит өтті. Оның ресми аталуы – «Тұрақсыз уақыттағы орнықты өсуді қамтамасыз ету».
Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форуммен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді және Еуразиялық саммитті Давос клубының дәстүрлері мен талаптарына сай жүргізуге күш салады.
Қазақстан Давос клубының мүшелерімен аймақтық форумдарды өткізуге кездейсоқ таңдалып алынған жоқ, өйткені ол оңтайлы геосаяси жайға ие. Қазақстан – Еуразияның күре тамыры; оның үстіне, дүниежүзілік қауымдастықтың назарын елде көмір сутегі шикі заттарының орасан зор қорының барлығы, трансқұрылықтық көлік қатынасын дамыту мүмкіндіктері, Батыс пен Шығыстың арасындағы сауда-экономикалық, коммуникациялық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстар мүмкіндіктері аударады.
Қазіргі әлемде әрбір елдегі ішкі процестер мен дүниежүзілік сахнадағы жаңа құбылыстардың өзара әсері барған сайын күшейіп келеді. Соңғы уақытта жалпықамтушы жаһандану ішкі және сыртқа саясаттың арасындағы қырды өшіріп келеді, бұл ең алдымен дүниежүзілік жаһандық ағымдармен және процестермен қаржылық, әлеуметтік, экономикалық және басқа да салаларда анықталады. Бұл шұғыл және кенеттен келген қаржы дағдарыстарының әлемнің тұтас аймақтарында жақсы тұрмыс халы мен тіпті әлеуметтік және саяси тұрақтылықтың тамырына балта шаба алатынын білдіреді. Осындай жағдайларда мемлекет әлсірей бастайды, билік пен үкіметтік емес ұйымдардың қызу араласуы іске асады. Бір мезгілде қоғамдық пікірдің рөлі артады. Осының нәтижесінде әлеуметтік-саяси процестер барған сайын қоғамдық қысымға ұшырайды.
Мүмкін, міне сондықтан Қазақстанның қоғамдастығы, онда әлемнің 63 елі қатысқан, 2002 жылдың 25-27 сәуірінде Алматы қаласында өткен, Еуразиялық медиафорумға үлкен мән берді.
Қазіргі әлемде жиһандану бүкіл дүниежүзілік дамудың басым бағдарына айналып отыр. Сонымен бірге, өздерінің әлеуметтік-экономикалық және технологиялық дамудағы артта қалуын шешуге ұмтылатын елдердегі, модернизациялау процесі де жалғасып жатыр. Алайда бүгінгі шындық бұл екі процестің тығыз байланысқанын және өзара тәуелділігін көрсетеді. Бір жағынан, модернизацияның сипаты мен нәтижелері жаһанданған әлемнің бағыты мен қалыптасуын анықтайды, басқасынан – жаһандану модернизациялау процестеріне мәнді түзетулер енгізеді.
Модернизация деп индустриялық және әлеуметтік өрістегі артта қалуды жеңіп шығуға деген талпыныста көрініс табатын қоғамдағы жаңғырту процесі түсініледі. Модернизацияға деген қажеттілікке тек дамушы елдер ғана емес, сонымен бірге дамудың жетілген деңгейінен шыға отырып, өзінің мақсатты мен міндеттеріне сай, батыс елдері де тап болады. Модернизацияның классикалық үлгісі әлеуметтік батыстық өркениеттің бейнесі және баламасы түрінде, бірбағытты даму ретінде ұғынылып келді. Бүгін бұл түсінік өзгерді және модернизация тек дайын үлгілерді қарапайым қабылдауға келіп тірелмейтін, ал дәстүр мен қазіргінің элементтерін синтездеуді іздестіретін, күрделі және көпқырлы процесс ретінде түсініледі. Халықтың дәстүрлері мен салттарын елемеу мәдени-әлеуметтік дағдарысты туындатады.
Жаһандану деп әлемнің өзара тәуелділігі мен тұтастығының сапалы жаңа деңгейі түсініледі. Жаһандық экономикалық байланыстардың қалыптасуы, олардың интенсификациясы, жалпыәлемдік мәселелердің пайда болуы әлемнің объективті бірлігіне; ақпараттық-тахнологиялық байланыстардың, әлеуметтік процестердің бірлігіне жеткізеді. Кейбір зерттеушілер жаһандану – бұл жалпыәлемдік дамудың басым бағдары және факторы, әлемнің өркениеттік құрастырылуының парадигмасы тап осындай деп есептейді.
Жаһандану модернизацияның сипатын өзгертеді: жаңа талаптар қойылады, артта қалуды жеңіп шығуға талпыну жеткіліксіз болып қалады. Бұрын «еуропаландырумен» теңестірілетін, модернизацияның классикалық типі басты мақсатқа жетуді – «қалыптасқан және тиімді экономикасы, тұтынудағы сұраныс пен ұсыныстың жоғары деңгейі, саяси тұрақтылығы бар және өзінің ұлттық тәуелсіздігі мен орнықтылығын сақтайтын дамыған елдер қатарына енуді» қамтамасыз ете бермейді. Яғни, бүгін модернизация біршама терең және жан-жақты ұғынылуғы тиіс. Бүгінгі модернизация жаңа өлшем мен келбетті қабылдай бастайды. Қоғамның өзгерістерге дайындығы, табиғи қорларды тиімді түрде пайдалана білу ж.т.б. сол сияқты факторлар жеткіліксіз бола бастады. Жаһандық деңгейдегі және мағынадағы мәселелерді есептеу қажет.
Жаһандану табиғатының өзі оның жағымды мүмкіндіктері тек қана барлық елдер мен халықтардың күш салуы арқылы жүзеге аса алатындығында болып тұр.
Бүгін бір өлшемді батыстық әмбебаптылықтың орнына, түрлі өркениеттердің өзара әрекетімен құралатын, әмбебаптылықтардың күрделі қиылысуы пайда болды. Жаһандық өркениеттік қатынастардың жаңа парадигмасы құрылып келеді, осында шаруашылық жүргізу мен әлеуметтілік типтерінің түрлі бағытталғандығы қоғамның интеграциялануы мен қоғамның өзіндік бірегейленуі функцияларының мәдениетке жатқызылатындығына әкеледі. Шығыстық және еуразиялық мәдениеттер үлгілерін модельдей отырып, мәдениеттің болмыстық нақтылығы ретіндегі өркениет әлдебір өлшемдер сәйкестігін бекітетіндігін және түрлі этникалық, әлеуметтік, саяси жақтарды біртұтас қоса отырып, сол арқылы интеграциялық функцияны да атқаратын айғақтылығын елемеген дұрыс емес. Посткеңестік мемлекеттердегі дағдарыстық жағдай барлық сословиелердің, топтардың, индивидтердің әрекетін белсенділеу етпей, КСРО-дағы басым құндылықтар мен бағдарларды өзгертпей, ешқандай қозғалыстың мүмкін еместігін көрсетті. Бірақ ұлттық өзіндік санада сақталып қалған дәстүршілдік те, әсіресе модерндеу процестері шарттарында, жағдайды бір сәтте тұрақты қалыпқа келтіре алмайды.
Жаһандану жағдайындағы ұлттық өзіндік бірегейленудің парадоксі, бүгін индивидтен өзінің әлеуметтік маңыздылығын, тарихи тамырларын мойындауды талап ететіндігінде тұр. Мәдениеттің бір тұрақты қалыпқа келтіретін тетіктерін реанимациялау мәселесі және де ұлттық мемлекеттердегі модерндеу процестерінің міндеті болып табылады. Алайда рухани ұлттық құндылықтардың бос кеңістігі әлі толтырылмаған. Мәдени дәстүрдің бүгінгі күн тұрғысынан дүниетанымдық зерделенуі, этностың дүниетүйсінуін модернизациялау қажет екендігі анық.
Тек халықтың мәдени өзіндік бірегейленуі оның әлемдегі орнын көрсетеді. Тек ұлттық мәдениет жоғары эстетикалық, этикалық, әлеуметтік талаптарға жауап береді. Бұл тұрғыдан өзгермей берілген ретіндегі жалпыадамдық мәдениетке ұмтылыс негізсіз. Ұлттық мінездердің әр түсті көптүрлілігінде осындай жалпыадамдық мәдениет немесе руханилықты толық ескермеумен қатар жүретін таза материалды мұқтаждықтарды өтеуге, немесе қайсыбір жалғыз «этнографиялық дербестің» ұлттық мінезінен шығарылған тіршілік формаларын басқа барлық халықтарға күшпен тануға келіп тірелер еді [29, 15 б.]. Ұлттық мәдениет өзін сақтауға жоспарланған, оның кеңістіктік қуаты «шекара» ұғымымен шектеледі. Осындай шекараны жарыққа шығару оның ерекшілігі мен қайталанбайтындығын айқындау процесі бола бастайды. Еуразиялық концепцияға сай мәдениетке үйренуге болмайды, ол қабылдана да алмайды. Мәдени дәстүрді жалғастырушы – бұл оны өзінің рухани болмысының бөлігіне айналдырушы, яғни оны ол қайтадан құрады. Әрбір адамда мәдениет өткен шақтан қазіргіге секіріс жасайды. Мәдени-тарихи даму бірбағытта емес, ол айналмалы. Мәдениет эволюциясы тұйық мәдени шеңбер шектерінде жүріп жатады.
Посткеңестік кеңістіктегі ұлттық мәдениеттерге қатысты әмбебаптандырушы руханилықтың бірнеше парадигмалары бар. Бұл батыстық, шығыстық (исламдық), орыстықтың тек бірін ағарту, гуманизм, зерделіліктің жалғыз иегері ретінде сипаттау, ұлттық мәдениетті тек бір руханилықтың әмбебапты үлгісінде саналы түрде қайтадан жасап шығару талабына жатады. әрине, тек бір мәдениетті таңдап алудың жүзеге асуы неғайбыл, оның үстіне қазіргі жағдайларда мәдени экспанция жиі саяси экспанциямен теңестірілді, оның алғышарты ретінде қарастырылды. «Идеологиялық текетірестің соңы болып табылатын және қарама-қарсы тұру мәдени шекаралар, өркениеттік арқылы өттетін, әлемдік саясаттың жаңа кезеңіне ене отырып, Қазақстан үшін айрықша, өркениеттік деңгейіндегі бірегейлік барған сайын маңызды бола бастайды» [30, 98 б.].
Қазіргі жағдаятта «Шығыс – дәстүрлі қоғам, Батыс – қазіргі әлем» антитезасы мәдени модернизацияның барлық түрлі мәселелерін шеше бермейтіндігі анық. Бұл анықтамалар болмыстың әлдебір антропологиялық, әлеуметтік және өркениеттік өлшемі болып табылады. Әлеуметтік, этникалық және мәдени мәселелердің пайда болуы шамасында, олар бүгін модернизациялық процестердің динамикасын анықтайтын, сол импульстерде айқындалады. Бір жағынан, Еуразияда жүріп жатқан барлық процестерде, олар батыстық негізде қалыптасып келе жатқан, сол жаһандық өркениеттің ықпалы арта түседі. Басқа жағынан, дүниежүзілік өркениеттердің плюрализмі еуразиялық аймақтарға да тарайды. Сонымен, модернизация Қазақстанның әлеуметтік-мәдени жүйесінде терең өзгерістерге әкеледі, бірақ бір нәрсе анық: мәдени қуаттан айырылған, саяси өзіндік анықталуға тірелген, ұлттық қайта жаңғыру мәдениет болмысының бұрынғы кеңесік жақтарын қайта жаңғыртуға, оның аффирмативтік функцияларын қайта жаңғыртуға әкеледі. Ұлттық мәдениеттер олардың кеңістікте алдыңғы өзара әсері мен интеграциялануы процесінде шекаралық мәдениеттер ретінде, түрлі өркениеттердің кеңістіктің, уақыттың өлшемдеріндегі өзара әрекеттері нәтижесі ретінде қалыптасты және бұл олардың басқа мәдениеттердің түрлі элементтерін, оларды жеңіл сіңіре отырып, өзіне қабылдау қабілеттілігін ұштады. Оның үстіне, қазақ мәдениеті ең басынан өзінде түрлі этностардың бірге өмір сүру қабілеттілігін, мәдени синтезге қабілеттілігін, өзінде аяқтап отырды. Ол, тарихи тәжірибені (соның ішінде бөтен халықтардың да) жалпылауға бағытталған климаттық, геосаяси жағдайларға бейімделу тетіктерін жетілдіруге бағытталған, мәдени кодтарды шығарды, бұл оның мәдени адаптация мен интегративтік әрекетке қабілеттілігінің куәсі болып табылады. Мәселе руханилықтың белгілі бір элементінің тұтастық түріндегі мәдени-өркениеттік жүйені белсенділендіру қабілеті туралы болып отыр.
Халықтың рухани дүниесі қаншама бай болғанымен, ол ұлттық дүние болып қала береді, белгілі бір кеңістіктік-уақыттық шекараларда өсіп жетеді, этностың, халықтың, ұлттың дүниетүйсінуі мен дүниетүсінуінің ерекшелігін әйгілейді. Ол өзінің дүниені аңғаруының қайталанбайтындығын бекіте отырып, дүниежүзілік мәдениет пен тарих тәжірибесіне ашық, басқа мәдениеттерді түсінуге қабілетті, бұл мәдениеттермен өзара әрекет етуге дайын, тек сондай мәдениет үшін ғана болашақ ашық болады. Бүгінгі ұлттық рухани мәдениет ашық, өзін өзі ұйымдастырушы динамикалық жүйе ретінде дамуға міндетті. Бұл үшін жағдайды жасау - өзіне өркениеттік шұғыл өзгерістердегі қазақстандық қоғамды модернизациялаудың қиын міндетін алған, жаңа ақпараттық қоғамның жаһандану кезеңіндегі құндылықтар әлеміне еніп бара жатқан, мемлекеттің ісі.
Жаңа демократиялық Қазақстан шетелдермен мәдени байланыстарды дамытуға белсенді түрде ат салысып келеді. Мемлекеттің мүмкіндігі шектелген, ал демеушілік көмек әлсіз және тұрақты емес. Қазіргі жағдайларда әлемдік қауымдастық бәрі-бір қазақстандық мұражайлардың, музыка мен театрдың қазыналарымен танысып келеді. Таңдаулы ұжымдар мен орындаушылар гастрольдерге барып жүр, халықаралық көрмелер мен вернисаждар өткізілуде. Гастрольдік қойылымдар мен көрмелер шетелдерде тұрақты орасан зор қызығушылық танытып келеді.
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануы және ол қамтамасыз ете алатын үлес туралы айта келе, оның гуманитарлық барлық салаларда дүниежүзілік ынтымақтастыққа ашық екендігін атап өткіміз келеді. Демократиялық даму, адамгершілік шыңдалу әйтсе де жинақталған мәдени мұраны сақтаусыз және арттырусыз мүмкін емес. Барлық экономикалық және әлеуметтік соңғы жылдарды қиындықтарға қарамай, көпұлтты қазақстандық мәдениет өзінің өміршеңдігін көрсетті. Қазақстан отандық ғылымның, білімнің, денсаулықты сақтау ісінің, ұлттық мәдениеттің тәжірибесі және жетістіктерімен бөлісуге дайын.
Қазақстан Ата заңы халықтарға ұлттық дәстүрлерді сақтау және дамыту құқына, ал әрбір азаматқа – шығармашылық еркіндікке, мәдени өмірге қатысуға кепілдеме берді. Бұл конституциялық қағидалар парламент қабылданған «Мәдениет туралы Заңда», «Авторлық құқық туралы», «Мұрағаттық қорлар және мұрағаттар туралы», «Мәдени құндылықтарды алып шығару және әкелу туралы», «Кітапханалық жұмыс туралы», «Мұражайлық жұмыс туралы» заңдарда ары қарай дамытылды.
Соңғы жылдардағы экономикалық қиындықтар, өкінішке орай, мәдениеттің бұқаралық ұжырымдары торабының қысқаруына әкелді. Бұл жағдайда саясаттың басты бағыттарына Қазақстанның бай мәдени және тарихи мұрасын (соның ішінде ЮНЕСКО қамқорлығында тұрған объектілерді де), ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін сақтау, қалпына келтіру және пайдалану, мәдени инновацияларды дамыту, мәдени құндылықтарды қорғау жүйесін орнықтыру, қазіргі өнер мен дарынды жастар өкілдерін қолдау, барлық азаматтарға мәдениет және оның ұйымдарының нәтижелерін пайдалануға мүмкіндік туғызу жатады.
Жуық арада негізгі инвестициялық құюларды мәдени мұраның ерекше құнды объектілерінің материалды-техникалық негіздерін нығайтуға, оларды қалпына келтіру мен қайта құруға бағыттау жоспарланып отыр. Қазақстанда шетелдердің мәдениеті мен оларды бағалаудың критерийлерін қалыптастыру қажеттілігі пісіп жетілді. Халықаралық келісімдер нәтижесінде біздің елдің қабылдаған, мәдени ынтымақтастық пен айырбас саласындағы барлық міндеттіліктерді бұлжытпай орындау керек. Олардың әрекеті мәдениетпен байланысты, үкіметтік емес барлық халықаралық ұжымдардағы Қазақстанның рөлін белсенді ету барған сайын маңызды болып келеді.
Қазақстан мәдениетінің әлемдік қауымдастыққа интеграциялануында, оған Қазақстан 1992 жылы кірген, ЮНЕСКО халықаралық ұйымының рөлі маңызды. ЮНЕСКО қолдауымен өткізілген ауқымды шаралардың арасында Абайдың 1995 жылғы 150 жылдық мерейтойын және 1997 жылғы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығын халықаралық аталып өткенін ескерген жөн. Париждегі коллоквиумға және Алматыдағы конференцияға қатысқан, француз философтары Ж. Перар мен М. Перро Абай шығармашылығын зерттеу мен талдауға ерекше үлес қосты және оған жаңа тұрғыдан келіп, Абай мен Серен Кыркегордың көзқарастарына салыстырмалы талдау берді.
Мәдениеттің қалыпты дамуы шығармашыл кадрларды тұрақты түрде жасап шығару жағдайларында ғана мүмкін. Бұл мақсатта мәдениет пен өнер саласында көпдеңгейлі кәсіби білім беруді дамыту ойластырылған және мәдениет қызметкерлерін дайындау, қайта дайындау және кадрларды ротациялауда тұтас жүйені құру, менеджерлер мен әлеуметтік қызметкерлер сияқты, жаңа мамандықтар бойынша мамандар дайындау ісіне басымдылық ұйғарылған.
Кәсіби өнерді қолдаумен қатар, олар бүгін жан-жақты өрістеген және біздің Отанымыздан тыс елдерде де үлкен табыстарға жеткен, халықтық, фольклорлық туындылар зор маңыздылыққа ие.
Қазақ халқы рухани мәдениетінің даму динамикасы, қалыптасқан әлеуметтік-мәдени жағдайларға байланысты, қайшылықты және күрделі процесс болып көрініс табады. Қазақстан тұрғындарының көпэтникалық табиғаты, оның дамуының анық суреттемесін айқындауға мүмкіндік беретін, шектер мен өлшемдерді белгілеуде жүзеге асады. Қазақтардың рухани өмірі, қаншама ұлттық құндылықтар бүкіләлемдік, жалпыөркениеттік дерек, құбылыс маңыздылығына ие болғанда немесе бола алатындығында, соншама оқиғалығында және қоғамдық көркейтілуінде өзін көрсетеді. Оларды қайтадан жаңғырту тек қазақтар үшін ғана өзіндік құндылық емес, ол Қазақстанда өмір сүретін барлық ұлттар мен этникалық топтардың рухани өзін білдіруінің алғышарты мен жағдайы, қазақстандық ұлт институционализациясының жүйеқұрастырушы факторы болып табылады.
Рухани мәдениет қайта жаңғыруының мысалына қазақ мәдениетіндегі жаңа есімдердің жарық шоғыры жатады.
Беделді дүниежүзілік сахналарда Жәния Аубакирова, Айман Мұсаходжаева, Марат Бисенғалиев, Гаухар Мырзабекова, Әмір Тебенихин, Алан Бөрібаев сияқты дарынды қазақстандық музыканттар табыстарға жетіп жүр.
Шетелдердегі үздік қазақстандық әншілердің мойындалуы қуатты вокальдық мектептің бар екендігінің және әрекет ететінің куәсі бола алады. Осының дәлеліне халықаралық конкурстар мен гастрольдерде Әлібек Дінішев, Нұржамал Үсенбаева, Ерік Құрманғалиев, Майра Мұхаммедқызындай орындаушылардың жетістіктері жатады.
Қазақстандық (басында кеңестік) хореографиялық мектеп те жоғары бағаланады: Рамазан Бапов, Болат Аюханов, Заур Райбаев, Жанат Байдаралин, Дмитрий Сушков, Алексей Бажитов, Лейла Әлпиева, Антон Богов – балет әртістерінің Нуриев ат., Ваганова ат., Дягилев ат., «Арабеск» және т.б. халықаралық конккурстарының дипломаттары мен жүлдегерлері.
Қазақстандық кинода да «Жаңа толқын» өз орнына ие. Бұл халықаралық кинофестивалдардағы Серік Апрымовтың «Үш аға-іні», Дәріжан Өмірбаевтың «Қайрат», Әмір Қарақұловтың «Көгілдір дабыл қағушы», Талғат Теменовтың «Қызғыш құс», Ермек Шынарбаевтың «Бос арбадағы орын», Болат Қалымбетовтың «Соңғы суықтар», Виктор Пұсырмановтың «Қайсар», Сатыбалды Нәрімбетовтың «Жас аккордеонист өмірінің сәттері», Ардақ Әмірқұловтың «Отрардың күйреуі» және т.б. фильмдері үшін алған жүлделері.
Көптеген шетелдік мұражайлар мен галереяларда, жеке жинақтарда қазақстандық суретшілер мен мүсіншілердің туындылары сақталып келеді, бұл Қазақстандағы қазіргі бейнелеу өнерінің лайықты деңгейі жөнінде куәландырады. Бұл қатарда Манат Қаспақтың, Нелли Бубэнің, Өмірбек Жұбаниязовтың, Досбол Қасымовтың, Амандос Ақанаевтың, Едіге Рахмадиевтің, Эдуард Казаряннің және т.б. есімдерін атап өтуге болады.
Халықтың әлеуметтік өмірі, ұлттық сананың әрекет етуі, ұлттық мәдениеттің болмысы тек күнделікті тіршілікпен шектелмейді. Қазіргі ұлттық мемлекеттің модернизациялық және өркениеттік тәжірибесінде ұлттық сана мәдениет универсалийлеріне (әмбебаптарына) қатысты ерекше бір сарапшы рөлін атқарады: мәселе жалпыадамдық құндылықтардың этностың дүниетүйсінуіндегі жаңғырығы туралы болып отыр. Бұл әмбебаптарды сынақтан өткізу де ұжымдық сипатқа ие. Модернизациялық процестер барған сайын ашық, өзіндік дамушы жүйеге айналады, мәдени ұйымдасу мен халық типтері мен ұстындары пайда болады. Егер сөз өркениеттік даму кеңмәтініндегі мәдениет туралы болып отырса, онда мәдениеттің адамдарды тек қана біріктірмей, оларды ажырататынын да ескеру керек. Экономиканың ашықтығына ұқсас, көптүрлі мәдени формаларды ассмиляциялауға қабілетті, «қуатты» ұлттық мәдениеттердің ашықтығы жөнінде де айтуға болады. Полиэтникалық мемлекет сияқты, әлемдік қауымдастық адамзаттың бірегей мұрасы ретінде ұлттық мәдениеттердің бүкіл көптүстілігін сақтауға мүдделі.
Ұлттық өзіндік бірегейлену жағдайларында жеткілікті өткір формалар қабылдайтын, дәстүр мен жаңашылдықтың арасындағы дағдарыстың нақтылығы мен мәжбүрсіздігін еске алмауға болмайды. Ұлттық мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюы жағдайында ұлттық мәдениет ұлттық мемлекеттіліктің, ұлттық азшылықтардың құндылықтары мен нормаларын, сонымен бірге этноәлеуметтік және жалпыадамдық мәдени бағдарларды өзінде жинақтайды. Бірақ, білімнің, коммуникацияның жаңа формаларының, озық технологиялық тәжірибенің басымдылығы, ұлттық мәдениет шектерінде жеңіл сіңірілетін, жалпыиндивидуалдық заңдылық өлшемдерін қабылдағаны анық. Модернизациялық процестердегі гумандану жағына қарай бұрылыс, мәдени әрекеттегі тұлғалық басымдылықпен себептелген, жаңа сапалар үшін негіздерді (мәдени, өркениеттік) ашады.
Қазіргі әлемде рухани өмірдің стереотиптенуінің жаһандық процестері жүзеге асуда, сондықтан этнос мәдениеті әлемдік мәдениет кеңмәтінінен тыс өмір сүре алмайды. Ұлттық мәдениеттің қайталанбайтындығы оның адамзаттың өркениеттін қозғалысынан бөлектенуін ұйғармайды.
Техногендік әрекеттердегі жаһандандыру процесін нысанаға алған, бүгін құрастырылып жатқан адамзат бірлігінің мұраты ретіндегі жаһандану бағдарлары оған қайшылықты қатынас туғызады.
Жаһанданудың ықпалы дүниежүзілік қауымдастықтың дамуына, жеке мемлекеттердің дамуына да, этникалық көптүрліліктің сақталу болашағына да, тұтас мәдениеттің жай-күйіне де тиеді. Түбінде барлық өзгерістер, жаһанданумен ілесіп жүретін, әлеуметтік-мәдени трансформацияларға ең сезімтал болып келетін, әрбір адамның өміріне көшіріледі.
Алайда бұл мәселе бойынша зерттеулерде жаһанданушы әлем жағдайында күрделі эволюцияланушы жүйе ретіндегі мәдениеттің күйі мен жаһанданудаң антропологиялық мәселелері ғылыми талдауда алғашқы қатарда тұрған жоқ. Мәселенің экологиялық және геосаяси жақтары, әлемдік экономиканың интернационалдануы жеткілікті анық көрсетілген, мәдениет саласындағы процестердің шиеленісуі жеке жаңғырықтық көріністер сапасында қарастырылады.
Адамзаттың бүгін екі үлкен қосынға бөлінгені әбден анық. Бірақ бұл бәрінен бұрын көркем метафора, өйткені бұл бөлініс кеңістіктік-территориялық немесе идеялық-саяси ұстындар бойынша жүргізілген жоқ. Адамзат өркениеті тарихында алғашқы рет адамдарды құндылық және тіршілік мәні бағдарлары айқын ажыратып тұр. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы табиғи катаклизмдер туралы күнделікті хабарларға мән бермейтін, демографиялық қопарылыстар жөніндегі қайталанушы ескертулерге үйреніп кеткен, өз өміріне риза, әлеуметтік жанжалдар мен соғыстарды, эпидемияларды, аштық пен терроршылдықты елемейтін, жер шары тұрғындары бір бөлігінің дүниеқабылдау ерекшілігі, мүмкін, жердегі бүкіл тіршіліктің жойылып кету қауіпінің жоқ екендігіне әбден сенуден тұратын шығар.
Бұл үмітсіз жеңіл ойлы оптимистердің әрбірінің әлдебір тектік жадысында бекітілген және соған сай құндылықтар жүйесінде мәдениетпен қуатталған ақпарат, оларды адамзаттың игілікті болашағы туралы иландырады.
Алайда ядролық энергия ғасырындағы әлемге деген осындай жайбарақат қарым-қатынас планеталық қауымдастық үшін жойылу қауіпін туғызады. Адамдардың біршама бөлігі оны ұстанатын, өтіп жатқан процестерге деген көзқарастың, бұрын болмаған биіктік пен күрделікке жеткен адамзат өз дамуында түпсіз құз-шыңыраудың жағасында тұр деп түсінуі, таңқаларлық емес.
«Біз ойластыра алатынымыздан, біздің жауаптылығымыз анағұрлым артық, - дейді Ж.П. Сартр, - себебі ол бүкіл адамзатқа таратылады» [31, 324 б.].
Сондықтан кім бүгін жаһандану мәселелерін (қазіргі өркениет дамуының негізгі бағдарларының бірін) тек сұранысты философиялық тақырып деп, қаптаған кітаптар мен түрлі тектегі декларациялар туралы мысқылдайтын, ғылыми қауымдастықтың сол мүшелерінің көзқарастарымен біз келіспейміз. Әрине, тақырыптың спекуляциялануы ғылыми танымда мәселенің өзектілігінен де туындай алады. Алайда, гуманизмнің қалдықтарын жою процесін тоқтату және өркениетті дамудың перманентті жолына қою үшін, тек әдемі және дұрыс сөздерді пайдалана берудің алдын ала жеткіліксіз екендігі жөнінде академик Н.Н. Моисеев әбден дұрыс айтады. Адамзат болашағы «шешуші түрде білім, сауаттылық, мәдениеттің таралуы мен сипатына және олар оның салдары болып табылатын», оларды ол дүниетүсіну деп атаған, дүниетанымдық әмбебаптарға тәуелді [32, 307-308 бб.].
Сонда да, құндылықтардың жаңа жүйесін – «жаһанданған әлемнің этосы» - немесе күрделі әлемде әрекет етудің әлдебір жалпы ережелерін тану және қабылдау үшін, бүгін планетамызда не болып жатқанын түсіну маңызды. «Ұғынылған кедергі тек елестерді алып тастамай, сонымен бірге алдымызда тұрған мәселелердің шынайы мөлшерін көруге көмегін тигізеді», себебі «бүгін таңдау әдеттегідей жақсылық пен жамандықтың, тұрақтылық пен өзгермешіліктің арасында емес, ал үлкен және кіші жамандықтың, олар үшін әр түрлі құн төлеуге тұра келетін, әр түрлі орнықты емес бағыттардың арасында жүріп жатыр» [33, 19 б.].
Өз көріністерінің көптігінің күшінен жаһандану жалпы бағалау мен сипаттауларға онша келе бермейді, сондықтан бұл жұмыста «жаһандану» термині жалпы ұғым ретінде қолданылады. Онымен экономика, мәдениет, саясат саласындағы мәдени және әлеуметтік формациялардың арасындағы байланыстарды үдете түсуді енгізетін, түрлі деңгейдегі шекарадан тыс өзара әсерлердің барған сайын күрделенетін кешенді процестерін сипаттайды. Бұл түрлі әлеуметтік-мәдени деңгейлерде, бір мезгілде әлемнің бірлігі мен оның дифференциациясын адамдық әрекеттің түрлі шеңберлерінде терең трансформациялау арқылы қамтамасыз ететін, жаңа байланыстар мен өзара тәуелділіктерді құрастырып шығады.
Мұндай әлеуметтік-мәдени үрдіс жаһандануды түсіндіруде ерекше әрекет пен тәсілдерді қажет етеді, әлеуметтік-мәдени трансформациянын жалпы қырын есепке алмау, яғни оңай анғаруға болатын, бірақ та оның заманауи өркениетке ықпалы айтарлықтай артқан, өткен кезендегі қайнар негіздерді, қалай болғанда да нақтылы пәннің шеңберінде дамудын бір жағын ғана зерттеу, ең күрделі құбылыстардың бірін біржақты және таяз түсіндіруге алып келеді.
Интеграцияланған ғылыми пәндерді, сонымен бірге глобалистиканың әдістерін кең қолдану, адамзаттың жақын арадағы таңдаған болашақ бағдарының тиімділігін жанаша тандауға мүмкіншілік береді. Аталған қатынастағы жағдайда, мысалы адамзаттың ары қарай өмір сүруінің шарты ретінде нақты формалардың табиғи, әлеуметтік және мәдени үрдістері жаһанданудағы ең негізгілердің бірі бола алады, сонымен қатар жетістіктерін өзінің кең ауқымды түсіндірмесінде қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай тұрақты даму мақсатындағы қатынас та, тек жердегі өмірді сақтаумен ғана шектелмей, сонымен қатар болашақты және оның басымдылық орын алуына байланысты барлық әлеуметтік-мәдени үрдістердің бағытын ұйымдастырып, айқындайды. Дегенмен, қоршаған ортаның өзгеруін өршітетін шаруашылықты экономикалық халықаралықтандыруда, ақпаратты-коммуникативті байланысты интенсификациялауда, этномәдени өзара қатынаста, бір сәтте көрініс табатын, яғни әлемнің өзара байланыстылығын және тұтастығын “жақындастыру” процесінің мәнің ашу тек қана пәнаралық зерттеу арқылы ғана іске асуы мүмкін. Демек пәнаралық бас тартып, қызығушылықты тұрақтылықтан тұрақсыздыққа аудару, даму бағытының өзгеру мүмкіндігін және бірқалыпты еместігі мен тепе-тендіктен алыста тұратын, жүйенің өзін-өзі ұйымдастыру теориясының басқа жайттары, техногенді өркениет кезенінің негізгі тенденциясын зерттеудегі синергетикалық ізденістін негізгі тәсіліне айналады. Мұндай баяңдауда әлеуметтік-мәдени процестерді болжаудың толыға түсетінің анғару өте маңызды, себебі зерттеуші алдында болашақ мүмкіндіктерінің кеңістігін көрсетуші ретінде ашылады, ал қазіргі сәт – таңдаудың қызу үрдісі және әлеуметтік-мәдени үрдістердің дамуы ретінде түсіндіру маңызды түрде өзгереді.
Жаһандану замандық әлеуметтік, мәдени дамуға күшті толқу береді және адамзат сол мәселелермен танысқаны кеше емес. Еске түсіретін бір нәрсе, бұл мәдени және әлеуметтік үндестердің интеграциялық бастамасын дамыту сияқты жаһанданулық тенденция, ХХ ғасырдың соңғы төртінші ширегінде екпінмен ашылғанымен бірақ та адамзат олармен кемі екі жүз жыл бұрын істес болған. Сол немесе басқа формада адамзат байланысты қалыптастыруға және өзара байланыс үрдісін жалғастыруға ұмтылды. Жаһандану өзінің қалыптасу үрдісінде мәдени әлеуметтік мықты дамуға айтарлықтай тұрақсыз сілкініс берді. Жаһанданудың уақыттық және кеңейіп ашылып “жетілуі” мәдени әлеуметтік үрдіс ретінде бізге оны тек өткен және алдағы жағдайды салыстыру жолы арқылы ғана бағалауға мүмкіндік беріп қоймайды, сонымен қатар жаһанданудың жалпы даму үрдісінің қыр-сырын толыққанды зерттеуге мүмкіндік береді. Ойлаудың сабақтас принциптері біздің алдымызға алтернативті негізді шешуші жағдайдағы жолмен шешпей, шын жағдайдың жолын салыстыруға мүмкіндік береді. Қаншалықты синергетика дамудың қайталанбас терең мәнін түсінуге, оның тарихи ретроспективтік және перспективтік шарттарын көрсеткенімен, ол көп нұсқалық пен алтернативтілікке алып келеді.
Күш арқылы мәдени әлеуметтік үндестіру бағыты өзгеруінің ықпалымен мәдени дамуыдың кездейсоқ сипаттамасы жүйе ретінде өршіте түседі. Олар ауыспалылық флуктуацияның өзіне тән жолымен стимулятор ретінде болған кездегі жағдайда пайда болды, яғни әртүрлі ұқсастықты күшейтеді, сезімталдықтың бастамасын өзгертеді жүйелердің эволюциясының толық дискретті көмегін тудыртады. Тұрақсыздыққа байланысты, флуктуация күшейе түседі. Бұрыңғы жүйенің құрылымын ол қозғалысқа келтіретін және оны өтпелі кезеңнен шығаратын болады. Дәл сол уаққытта мәдениеттің алдында басқа аумаққа өту үшін жолды таңдаудың ауқымды бейнесі ашылады. Аңғаратын бір нәрсе дамудың жобасында бір-бірінен мүдделі өзгеше болуы мүмкін және жаһандану үстінде көрсетілген немесе басқа мәдениеттің мақсатының мүмкіншілігі, тек қана кеңейіп коймай, сонымен қатар тарылуы да ықтимал.
Көрсетілген амал бойынша, тұрақсыз жүйенің фундаменталды әрекетінің принципі эволюция және инвалюция кезеңінің оқтын-оқтын ауысуына негізделген, оны өрістету және бәсеңдету, бәсеңділіктің тоқырауына алып келетіндігін көрсетеді, үдемелі үрдістің орнына басылу, әлсіреу, интеграцияның және тоқыраудың, дезинтеграцияның, сонымен бірге бөлшектік құлдыраудың орталыққа үйлесу кезеңі дәл келуі мүмкін. Сондықтан жаһандану үрдісінің интеграциялық доминанты – ақпараттық-коммуникативті технологиясынның үдемелі дамуы ел арасы және өркениеттілік өзара әрекеттестіктің кеңеюі, экономикалық қаржы аумағын халықаралықтандыру - диференциация және диверсификация тенденциясының пайда болуын ығыстырып қана қоймай, сонымен қатар оларды шиеленістіре түседі. Сәйкесінше әлемдегі мәдениеттің өзара әрекеттестік үрдістері, оларда дәл айтылмайтын адамдармен мүлдем анықтала алмайтын, зерттеудегі әртүрлі аттракторлармен өткізіледі.
Интеграция және диференциацияның әр бағыттағы тенденциясын, бірге тіршілік етуін қосатын, жаһандану үрдісінің қайшылықты табиғаты, әртүрлі деңгейде көрініс табады, жаһандық және локальдық - көрсетілген екі жақтылық толықтырушылық принципі бойынша бірге өмір сүреді, тұтастықтың күрделі формасы ретінде қарастырылуы мүмкін. Мұнымен өркениетті үрдістер екі бағыттылықты көрсетеді: өзіндік этномәдениетті сақтау және үйлестіру тенденциясын дамыту. Өзара қатынастың күрделі жүйесіне енуі этномәдени идентификациясының жаңа синтетикалық формасынының қалыптасуына алып келетін мақсат халықтардың өзара тәуелділігінің және әлемдегі мәдениеттің өсуі, олардың мәдени және әлеуметтік егемендігімен бірге өмір сүреді. Қарама-қарсы жағдайда ақпараттық ұялардың дамуы арқылы мәдениеттердің бір типінің құндылығын басқалардан жоғары бағаланып, экономикалық халықаралықтандыру және басқа жолдардың формасынының таралуы мен өмір сүру тәсілдері барлық әлемдік бірлестіктерге байланып тұрады, шын мәнінде этномәдени әртүрліліктің төмендеуіне және ұқсастығына алып келуі мүмкін. Жаһандану үрдістеріне енуде әрбір мәдениет және әрбір этнос өз әдісін және өз ырғағын жасап шығарады. Өзін жалпы әлеуметтік ретінде сақтаудың жергілікті мәдени өзіндік ерекшелігін келесі мәселенің шешушісі ретінде интеграциялық белсенділік және ашық жағдайда бейімделу болып табылады. Әйтсе де ертелі кеш пе барлық халық немесе мәдениет жаһандық ақпаратық технологиялық бағытының ықпалында қалады.
Жаһандану жағдайында ұлттық дәстүрлерді стандартизациялаудан және ұқсастықа апаратын жолдан шығу, этникалық мәдени жабықтықты, олардың туыстық белгісі ретінде сақтау мүмкіндігі аз, қанша дегенімен, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейінің жақындас болғанымен мәдени тәжірибенің ортақтығына байланысты типологиялық біртектіліктен шығуға қол сілтейді. Әрбір мәдениет қайталанбас және ерекшелігі әркелкі бейнені береді, сондықтан ұқсас мәдениет және қоғам болмайды. Дегенмен, эмпирикалық әр түрлі жолдар арқылы көрсетілген, тығыз стилдік қосылған жаһанданумен оңайлықпен олар үйлесе қоймайды.
Өзіндік ерекшелікті сақтау мәдениеттің әмбебап қасиетті дәстүрін концервациялауды, мәдени формальды қарапайымдауды, қысқартуды білдірмейді, сонымен бірге айналасында инновация өрістейтін, әрқашан да күрделенетін, мәдениет өзегінің тұрақтануына және дамуына алып келеді.
Өзіндік ерекшелікті сақтау тұрақтылықтың негізі және осыған қарсы болып табылатын тұрақсыздық және әр алуандық дәстүрлі мәдениеттерде де өз көрінісін табады. Жалпы айтқанда, әр түрлі контекстердің жағдайындағы өзіндік ерекшеліктердің көрінісі әр қилы типтерде болуы мүмкін: ''көрінісі'' әр қилы типтердің қалыптасуы, мүмкін “ашықтық жағдайындағы өзіндік ерекшеліктерді сақтау” мақсаты, өзінің табиғи және әлеуметтік мәдени кеңістігін қорғау, өз құндылығын өзгелерге қарсы қою және өзінділік болашаққа ұмтылыс мақсаты, өзара келісім жасаудың логикасын үйлестіру, бірге өмір сүру үшін жағдай жасау, сұхбатқа дайындалу, өзіндік ерекшелікті сақтау, құрал формасы ретінде «project idetity» жаңа азаматтық қоғамға тән нәрсені жасап шығару [34, 24 б.] . Этникалық фактор қысым көрсетуші компонент ретінде, сонымен бірге тек қана басқа өзіндік ерекшеліктерін сақтаушылардан ғана қолдау табады. Діни, территориялық бірақ та болашақтың дамуына апаратын ұмтылыстың бастаушы фактор ретінде ол карастырылмайды. Дәстүрлі мәдениеттердің қатаң қазықтарының бірі ретінде есептелетін діннің негізінде қалыптасатын өркениеттердің өзі де ортақ келісімге барулары керек.
Басқа құндылықтардың үстемдік етуіне байланысты қатерді сезінген Н.Н. Моисеевтің атап айтқанындай, протестантизмнің “таңдаулық” канонизация этикасының басымдылығы болмағанда ғана христиандық және мұсылмандық әлемнің бейбіт өмір сүруі мүмкін [35, 20 б.]. Сондықтан жаһандану жағадайында тек қана әр түрлі мәдениеттің дәстүрлерінің, сәйкестігінің мәселесі ғана маңызды болып табылмайды, сонымен қатар құндылықтар да келешегі бар болып есептеледі. Батыстың жолы, протестанттық құндылықтың негізінде ортақ бір этиканың қалыптасуына, бұкаралық сананың ұқсастығына алып келетін мәдениет әр алуандықта, өз мақсатында әмбебап болып есептелмейді, сондықтан әртүрлі көзқарастардың типтеріне ол үндес келеді. Қаншалықты мәдениеттің бейімделу мүмкіндігі күрт төмендейтіндіктен, мұндай жаһандану идеясы тығырыққа алып келуі мүмкін.
Инновациялық қоғамды қалыптастырушы тип даму ырғағының қарқындануына, мәдениеттердің күрт аламасуына алып келеді. Жаңа жетістіктер мен шығармашылықтың нәтижесіне ерекше талпынған, мәдени-әлеуметтік тәжірибені және инновацияларды сақтаудың амалы болып табылатын, дәстүрлер арасындағы толықтырғыш принципінің бұзылуына ол алып келеді. Қарсыдан келмеу керек деген түсінік негізгі принцип болуы керек, егер де барлық мәдениет бірігіп жатса, онда біз нақтырақ айтсақ, өз мәдениетіміздің заңды қызметінің тұтастығын қорғауымыз қажет. Сыртқы нақты өмірде тек қана өткен мәдениеттің мүддесі үшін өмір сүру мүмкін емес.
Жаңа форманы қабылдау - бұл мәдениеттің өзін дамыту кезеңі, сондықтан заманауи этникалық мәдениеттердің өзі алмасушылықтан тәуелсіз емес, себебі озық мәдениеттерді дамытатын жаһандану үрдісінде көбінесе жаңа форма қалыптасады. Құрылымның тұрақтылығы әр келкіліктің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Қолайлы жол, шектіліктен бас тартып, шегіну болып ол көрсетіледі.
Партикулярлы және әмбебап, шектелген және жаһанданған, жергілікті және жалпы дағдарыстар оның негізгі категорияларына жатады. Бірақ та экономиканың өзгеріс мысалы, оны халықаралықтандыру процесі, және экономикалық өзгерістер әр деңгейлі құбылыстар болып табылады.
Әйтсе де мәдениеттің әртүрлілік бағытында дамиды, дегенімен онда жүріп жатқан процестер, замнауи әлемнің талабына сай біркелкі еместігі және қарама қайшылығымен, аса күрделігімен ерекшелігімен ерекшеленеді. Мұны Н. Луман жетерліктей нақты аңғарады [36, 182-183 бб.].
Жаһандық процестер, сыртқы мәдени кеңістікті интеграциялай отырып, ішкі диференциацияны күшейтеді және де заманауи адам үлкен шиеленістердің ортасында калады. Американдық мәдениеттанушы Клиффорд Гирц бұл оқиғаны осылай бейнелейді. “Сұрыпталған нақты сызылған ұяшықтардың орнына ( яғни әлеуметтік кеңістіктегі анықталған шекаралармен анықталған кеңістікте өмір сүру үшін, яғни әлеуметтік кеңістіктегі жылжымалы шекаралар байқалмайды және қиын анықталады ” [37, 151-181 бб.]. Мұндай әрқилы және келелі әлеуметтік-мәдени және рухани-құндылықты мәселердің туындауы тек адамның әлемдегі орнының анықсыздығын күшейтеді. Көпшілік адамдардың тығыз жүріп жатқан ұлы әрқилылықтың ерекшелігінің орталығы қайда орналасқандығын анықтауға мүлдем мұршасы жоқ. Сыртқары аймақ орталықпен араласып кеткендіктен, шеткі аймақтың орталықты қоршап тұрғандығын айту өте қиын. Дегенмен басқа мәдениетке қатынаста кез келген шектілік көрініс заманауи адам үшін тән емес. Мағынасыз космополитизм мен бейкүнәлі тұйықтықтың арасында таңдауды жасаудың қажеті жоқ. Шұбыраңқылықтағы өмір үшін аталғандардың ешқайсысы жарамсыз, адам шұбыраңқылықтың шеңберінде өзінің ұқсастығын түсінуге кедергі жасайтын басқа мәдениеттерден кажетті элементтерін таңдап, үйренуі кажет.
Өзіндік ерекшеліктің негізі ретінде шығатын оның этномәдени (жергілікті) бірегейлігін сезініп, түсінуіне кедергі жасалмайтын басқа мәдениеттен қажетті элементтерді оған алып үйренуі керек.
Бірақта иновациялық қоғамды қалыптастырушы үлгі, тек жаңа нәтежелердің жетістіктеріне және шығармашылыққа талпынған әлеуметтік-мәдени тәжірибе мен иновацияларды сақтаудың амалы болып табылатын дәстүрлердің өзара толықтырушылық принциптерінің бұзылуы, мәдениеттегі құндылықты бағдардың күрт өзгеруіне, даму ырғағының жылдамдауына алып келеді. Мәдениеттің инновациялық қабаттында басымдылыққа ие дәстүрдің негізі болып табылатын, жаһандану тенденциясының ықпалы заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайға ықпалды алуандылыққа түсіреді. Дәстүрлер және инновациялар арасындағы ұқсастықтын бұзылуы мәдениет “ырғағының шиеленісуінің” еңуі жайында айғақтай түседі – шеңберлік динамикасының заңдылығына оның сай келуі, сонымен бірге сол фазаның тоқырауын көрсетеді. Жүйе өзінің мәңді белгісін жоғалтпайтын жағдайдағы, мәдениеттің айқындалуы қозғалыстың ерекше логикасына ие болады, дегенмен оның даму процесіндегі қалыптасқан байланысты жоғалтады.
Көптеген мәдениетті және ұлттарды сақтай отырып, адамзаттың өркениет синтезінің жетістігіне ұмтылысын, жаһандануға сай позитивті бағытынан түсіну, құндылықтың жүйелерің құнды етіп қайта құруынсыз және мәдениет әдіскерлерінсіз, адамзат дамуының жалпы пардигмасының өзгеруінсіз іске асыру мүмкін емес.
Интеграциялық тенденция жағдайына сай, тұтастықтан көрі оны құрушы бөлшектері жылдамырақ дамуын мойындауға негізделген. Сондықтан жаһандану үрдісі мәдени алуандылықты жоюшы және біріктіруші процес ретінде ғана қарастырылуы мүмкін емес. Сонымен қатар даму барысында, бірге дамудың өзі тиімдірек екені айқын, себебі материалдық және рухани шығындар үнемделе түседі. Құрылымның үлгілік дұрыс бірігуіндегі әрбір жаңа амалдар сәтінде барлық келесі пайда болған иерархиялық ұйымдар қабатын тұтас және құрушы бөлшектердің даму ырғағын жылдамдата түседі. Дегенмен біріктіруші және дамытушы құрлымдағы ең дұрыс құрылған ұйымдардың құрылысының өзі барынша дамуға және қайшылықтандыру сәтінің жақындауына алып келуінің нәтежесінде, жаһандану алып тұтастық қасиетіне ие бола алмайды: заманауи әлемдегі болып жатқан нақтылы өркениеттік және әлеуметтік мәдени процестер айтарлықтай күрделі және оның аумағына сыймайды. Бұл жайында әлеуметтік мәдени мегажүйенің қайта құрылуына алып келетін, әлеуметтік мәдени процестерінің дамуының айтарлықтай тұрақсыздығы және жаһандану процестерін алып жүруші, қайшылықты факторлар айқындай түседі.
Бір жағынан осы бағытқа сай қажеттіліктің теңестірілуі еңбектің халықаралық бөлінісі және мамандандырудың процесі ретіндегі жағынан, әлемдік нарық дами түседі; коммуникацияның жаңа формалары бектіліп, ақпаратқа ауқымды жол ашылады; әлемнің көптеген аймақтарында әлеуметтік көрсеткіш жақсара түседі (адамның өмір сүру ұзақтығы арта түсіп, үйлесімдіктің деңгейі өседі); әртүрлі мәдениеттер арсындағы өзара түсінік арта түседі; өмірлік бағытты таңдаудың көлемді мүмкіндіктері ашылып, адамның нақтыланған ортадан еркіндігі өседі.
Халықтың кедей топтары мен қуатты байлардың өмірінің деңгейінің арасындағы ерекшелік көбейеді; ұлтаралық тасымалдаушы коорпарация лар әртүрлі мемлекеттерге тек қана өзінің экономикалық ықпалын күшейтіп қана қоймайды, сонымен бірге саяси да ықпалын жасайды; азаматтық қоғам институтарының және мемлекеттердің өзара әрекеттестігінің мәселері тереңдей түседі; әр алуандылыққа қатер төндіретін көпшіл мәдениеттің ықпалы арта түседі. Бұлардың бәрі, күннен-күнге асқындап жатқан экологиялық тоқыраулардың әсері сонда байқалады. Олардың кейбіреулеріңе тоқталатын болсақ, барлығынан бұрын атап өтетіні, әлеуметтік мәдени динамиканың басым жоғары технологиялық ғылымдандырылған өндіріс бөлімі өрлейді немесе білім мен ақпарат негізгі өңдірістік қорға айналады.
Болашақтағы білім мен ақпаратты өндіру үшін адамның шығармашылық табиғатын қалыптастырушы және күшті ішкі мотивациясымен жаңа тұлғаның үлгісін қалыптастырушы ретінде мәдениет пен білім берудің рөлі маңызды және жоғары деңгейде қызмет атқарады. Құндылықтың жаңа өлшемі қалыптасып, экономикалық емес мотивтердің мәні өседі. Жоғарыда көрсетілгендей, бір қырынан технологиялық прогреске ұмтылыс анық, басқа жағынан алып қарастырғанда – адамзат қорының маңыздылығын арттыру көпшіліксіздендіру мен материализацияландыру өндірісі процесінің жылдамдауына бағдарланған.
Одан басқа жаһанданған әлемнің тұрақсыздығы жайында әлемнің өркениеттік, әлеуметтік мәдени айрмашылықтарын сақтауы бойынша ерекшеліктерінің күшейуін айғақтай түседі. Әлеуметтік мәдени айырмашылықтары арқылы, екі шекті полюстың жағдайындағы даму жолы, танып білуге болмайтын және ашылмайтын оқиғаларға алып келуі мүмкін, кеңкөлемді интеграциялық процестің қайшылықтары анықталады - өзара әрекеттестіктің сұхбаттықе даму сипатының тоқырау нұсқасын көрсетеді.
Әрине, алмаспайтын ұлттық тасымалдау өзгерісі адамның экзистенцияналды әлемін және мәдени мәнді кеңістіктің ерекшелігінің бағытын екінші орынға жылжытады. Адам өміршендігін түрлі ұқсастандыра және ортақтандыра отырып, әлеуметтік-экономикалық және даму жолындағы өзара жақын бағдарының, тұтасқан аймақтар және елдер тарихын ұқсас бағыттарды құра бастайды. Ескеріп өткендей, жаһандану үрдісі, өзінің ең қауіпті жаулаушылық формасында, дәстүрлі әлемге еңуде. Ары қарай бұл көріністен, адамзаттық үйлесімділеу бірігудің жолын, мәдениет және халықтардың өз бірегейлігін және өзіндік болмысына ұмтылысын анық байқауға болады.
Халықтың кедей топтары мен қуатты байлар өмірі деңгейінің арасындағы
ерекшелік көбейеді; ұлтаралық тасымалдаушы корпорация әр түрлі мемлекеттерге тек қана өзінің экономикалық ықпалын күшейтіп қана қоймайды, сонымен бірге саяси да ықпалын жасайды; азаматтық қоғамның институтарының және мемлекеттердің өзара әрекетестігінің мәселелері тереңдей түседі; әр алуандылыққа қатер төндіретін көпшілік мәдениеттің ықпалы арта түседі. Бұлардың бәрі, күнен-күнге асқындап жатқан экологиялық тоқыраулардың әсері сонда байқалады. Олардың кейбіреулеріңе тоқталатын болсақ, барлығынан бұрын атап өтетіні әлеуметтік мәдени динамика, басым жоғары технологиялық ғылымдандырылған өндіріс бөлімі өрлейді немесе білім мен ақпарат негізгі өңдірістік қорға айналады. Жоғарыда аталып өтілгендей, жаһандану үрдісі дәстүрлі әлем үшін агрессивті формада көрініс табады. Осындай түрдегі халықтар мен мәдениеттер қозғалысы өзіндік бірегейлігі мен өміршеңдігін, адамзаттың үйлесімді бірігу жолдарын айқындай түседі.
Осылайша, рухани өмір саласы жаһандану (өркениет) тенденцияларына қарсы тұрады. Мәдени-ұлттық менталитет пен көркемдік-эстетикалық іс-әрекеттер өз түп-негізін сақтап, ұлттық сана-сезім мен әлемдік дүниетанымда көрініс табатын өзіндік мәдениеттің бір саласы болады. А.В. Гулыганың айтуы бойынша, XX ғасырдың соңы – бұл көркемдік әмбебаптылық дәуірі. Дегенмен, әмбебаптылық дегеніміз – бір түрлілік емес. Қазіргі заман мәдениеті - бірлікте, біртекті, сұхбатқа дайын, сонымен қатар әр түрлі, немесе мәдениеттердің біріге іс-әрекет етуіне, осы саладағы барлық жетістіктерді өз бойына сіңіру қабілетіне негізделеді. Мұнда міндетті түрдегі сипатталуға ие емес дәстүрге сүйену жаңа принциптерді өңдеудің негізі болып табылады.
Бәрімізге белгілі болғандай, мәдени формалар мен тәжірибелердің әр түрлілігінің сақталуы өркениеттілік дамуға деген белгілі бір көрсеткіштерді қажет етеді. Ғалымдардың ойынша, жағдайдың жанжалдығы, конфронтациялық полицентризм нұсқасында қарағанда, әр түрлі халықтар, елдер мен мәдениеттердің көпполярлық және көпшіліктік қауымдастықтарының қалыптасуы идеяларын жүзеге асыруға негізделген «гуманистік жаһандану» бағытын жүзеге асыру жолы арқылы іске аса алады. Жалпы адамзат қауымы бүгінгі күнде біріге өмір сүретін техногендік және дәстүрлік әлемдер құндылықтарына терең ене отырып, келісім негізінде бірлікте болуы керек. Өзара түсіністік пен консенсусқа жетудің негізі және формасы, құралы ретінде мәдениеттер сұхбаты идеясы пайдаланылады.
Мәдениеттердің сұхбатқа басымдылығы, оның «түпнегіздік» құрамы сияқты, әртүрлі мәдениетте әр түрлі мөлшерде көрінеді [37, 168 б.]. Сұхбатқа деген басымдылық жаңаны ескіні қиратпай іздеу барысында екеуін байланыстыра отырып, өзара түсіністік пен осы мәдениеттің екеуіне де қатысты шындықты мойындау барысында туындайды. Әмбебап сұхбат дегеніміз кең мағынада – бұл біздің планетамыздағы адамдардың біріге өмір сүруін ұйымдастыру тәсілі немесе сұхбатқа басымдылық – бұл «бір біріне әсер етуші әр түрлі формалар мен барлық өткінші кезеңдерге тән өткен шақ пен болашақты байланыстыра қарастыру, бір-біріне әсер ету түрі».
Өткінші кезең жағдайы біріге іс-әрекет ету жүйесіндегі дифференциалданған және бір уақытта интегративті байланысты қалыптастыра алатын жоғарғы дәрежедегі басқару іс-әрекеттерін қажет етеді. Негізінеy, мәселе адамдардың ойлау барысы мен өзін-өзі ұстауының, сонымен қатар біріктіруші құндылықтардың қалыптасуының айтарлықтай өзгеруінде тұр. Нақты жаһандану философиясы адамзаттың өмір сүру барысындағы мәселелердің өршіп кетуі мен осы мәселелердің алдын алу қажеттіліктеріне түсіністікпен қарауды керек етеді. Бұл философия адамзат үшін жалпы тарихи мақсатқа, бір тағдырлық принциптеріне және екі жақты жауапкершілікке, бірлік пен кооперациялыққа негізделген. Н.Н. Моисеевтің айтуынша, адамзаттың осы планетада сақталып қалуы үшін, катаклизм мен атомдық жарылыстарсыз жаңа интеллектуалдық қоғамға өтуі үшін жалпы әлемдік консенсус, яғни жалпы планеталық келісім болуы керек. Адамдар экономикалық императив жағдайындағы әлеуметтік қайта құру мен әлеуметтік өмірден қашып құтылуға болмайтындығын түсінуі керек. Мұнда болашақ әлемдегі этос туралы сұрақ дағдарыстан шығу жолын іздеу мақсатымен қойылады. Бұл сұрақтың негізгі, жалпы әлемдік мінездемесі түсінікті, дегенмен берілген жоспарды іске асыру жоспарларына кейбір ғалымдар күмәнмен қарайды. Айғақ ретінде мынадай ой қозғалады: жергілікті емес, әмбебап міңезге ие болу, ойлау мен өзін-өзі ұстау қалыптарын ойлап табуға болмайды. Себебі, қалыптар мен құндылықтар интеллектуалдық құрастырушылықтың жемісі емес, тарихи қалыптасудың нәтижесі. Олар құралдық емес, олар шектеулі.
Әр түрлі мәдениеттер сұхбатын түсіну үшін оның түпкі құндылықтарына рефлексивті қатынастан тыс мүмкін болмайтын рационалдықтың жаңа типі керек.
«Рационалдық түсініктің барлық кері санау жүйесі» (түпкі құндылықтар) мен «әртүрлі мәдени әлемдердің сұхбатқа басымдылығы» ұстанымдарының тең құқықта болуына мүмкіндік береді. Осы мағынада батыстық мәдени дәстүрде дамыған ғылыми рационалдықтың ерекше құндылықтары туралы түсініктері жаңа дүниетанымдық бағыттарды іздеу жолында маңызды тірек болып қала береді, дегенмен қазіргі заман дамуында рационалдық жаңа модификацияларға ие болуда. Бүгінде, оның көптеген дәстүрлі мәдениет идеяларына қарама-қарсы қойылуы өз мағынасынан айырылуда. Осындай жаңа көзқарастар батыс мәдениетінің басқа мәдениеттермен сұхбатқа түсуіне негіз болады. Адамзат, жаһандық дағдарыстардан шығу мүмкіндіктеріне ие, бірақ ол үшін рухани реформаны жүзеге асырып, құндылықтардың жаңа жүйесін ойлап шығару керек, – деген ойды РҒА Философия институтының директоры В.С. Степин білдіреді.
Осы негізде қалыптасқан құндылықтар жүйесі – мәдениеттер мен этностар сұхбатына ұмтылушылық пен жалпы адамзат алдындағы қауіп-қатерді, мәселелерді шешу жолындағы адамдардың бірлігін суреттейтін, білдіретін мәдени плюрализмді сақтай отырып, өркениеттік синтезге жетудің бір жолы.
Бұл белгілі бір дәрежеде өлі дәстүрлерді, «жабық» мәдениеттер стереотиптері мен догмаларын шектеу жолына шығу. Дегенмен, мәдениеттер қарым-қатынасының әрқашан да позитивті нәтижелерге ие бола бермейтіндігін ескеру қажет. Тарих бір мәдениеттің келесі бір мәдениетті басып алушылығын мәдени оқшаулану мен ассимиляция процесстерінің және т.б. дамуының негізінде көрсетеді. Сондықтан да белгілі бір мақсат – қазіргі заман өркениеті жағдайындағы барлық елдер мен мәдениеттер арасындағы қарым-қатынастың белсенді формалары сұхбатына жету болып табылады. Дегенмен, бұл жағдай синергетикалық тұрғыдағы маңызды нәтижелерді қарастыруға мүмкіндік бермейді.
Барлық әр түрлі елдердегі ғалымдар мен саясаттанушылар өркениеттік дамудың осы жоспарын қалаған болар еді. Бірақ оның жүзеге асуына ешкім сенім білдіре бермейді. Жаһандану (өркениет) технологиялық дамудың жаңа шарттарына ие, әлемдік өркениеттегі интеграция процесстерінің өсу циклі ретінде эволюциялық процестердің сызықтық емес екендігін білдіретін әр түрлі мәдениеттердегі өзін-өзі сақтау процесстері бойынша сіңіп кетеді. Тарихи даму процессі кезінде әртүрлілік тенденцияларының жоғарылауы мен оның жоғалып, әр түрлі айырмашылықтардың білінбей кетуі жағдайлары да тең дәрежеде орын алуы мүмкін. Синергетика өзіндік мәдениет конфигурациясын жасауда еркіндікті мойындайтын, өз жолын таңдауға мүмкіндік береді.
Осылайша, жаһандану әсері әр түрлі нәтижелерге ие болуы мүмкін. Жоғарыда айтқанымыздай, мұнда екі ереже, екі шектеулі балама туындайды, бірақ олардың арасында даму мүмкіндіктерінің үлкен спектрі жатыр. Неліктен көптеген елдер мен аймақтар өздерінің мәдени-әлеуметтік кеңістіктерін белгілі бір өркениеттік инновациялар үшін ашқысы келмейді. Мүмкін уақыттағы өзіндік ұйымдастырушылық жүйесіндегі динамикалық өзін-өзі ұстаудың локальдық және жаһандық құрамдарын сипаттайтын типологиялық инварианттар жиынтығы қалыптасқан сценарий мүмкіншіліктерінің шектеулілігі осыған себеп болар. Бұл жағдай өзін-өзі ұстауды кейбір кездерде бір мағынада анықтайды – классикалық физикадағы өткен шақтың «себептілік көлеңкесі» сияқты қатаң детерминацияның динамикалық заңдылықтарын анықтайды.
Осындай түрдегі көптеген типологиялық инварианттардың бар екендігін сезіну шектеулік жүйесі мен динамиканың басқа инварианттарына екпінді ауыстыруды «талап етеді». Мұндай шешімнің маңызды методологиялық және философиялық «сыры» - детерминацияның жаңа типтерінің, механиканың, электродинамиканың және термодинамиканың қатаң және бір мағыналы «себептік» теңсіздіктеріне негізделген ескі (ғылымдар мен барлық адамзат тәжірибесінде тексерілген) себептілік нәтижелік байланыстырады. Бұл оны толығымен «өзгертуге» болмайтындығында. Болашаққа детерминацияның сәйкес келуінің жалпы методологиялық (әдіс-тәсілдік) принцпін классикалық дүниетанымымен және белгісіздік пен стохастикалық шешуші жағдайлармене сәйкестіндіруге болады. Осының нәтижесінде детерминацияның белгілі бір типтері үшін ерекше түрдегі «каналдар» пайда болады. Дегенмен терең де фундаменталды заңдылықтар даму процесіне шығармашылық түрде әсер етіп, индивидуалды суреттер туғызатын, детерминацияның өткен шақтағы қатаң фатализмі арқылы детерминацияланған себептілік байланыстарынан еркін болған өзіндік ұжымдық механизмдердің әсеріне ұшырайды.
Жаһандану қарама-қарсылығының орталығы болып әр түрлі байланыстар түрлерінің интернационализациясы процесінің жүруі ғана емес, жаңа жаһандыққ толықтықты қалыптастыратын адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларының трансформациялануы да болып табылады. Мұнда оның әрбір элементі әлемдік ағза мүшесіне айналады, яғни құрамындағы элементтер жиынтығынан әлде қайда артық бола түседі. Дегенмен, жаһандану қарама-қарсылықтары жеке түрде анықтала түседі. Бұл жағдайды толығымен осы позициядан қарастыратын болсақ, интеграциялық тенденциялар артында кәсіби дамыған елдер басшылықтарының жаңа, әлемдік тәртіпті орнатуға деген тырысушылықтары мен талпыныстары ғана тұр деген жалған қорытындыларға келуіміз ғана мүмкін. Жаһандануды осындай біржақтылық тұрғысынан қарастыру қоғам мен мәдениеттің өзіндік ұйымдастыру мүмкіншіліктерін теріске шығарып, бұл мүмкіндіктер мәдени әлеуметтік дамудың интеграциядан дифференциацияға және керісінше, ауысуындағы парадигмаларда көрініс табады. Бұл туралы жаһандану тенденцияларының аймақтардағы өзінділігінің артуымен сипатталатындығы жайындағы дерек те көптеген мәліметтер береді. Жалпы, жаһандану осы процестің белсенді қатысушысы болып табылатын аймақтың жүйелер жиынтығынсыз бола алмайды да, өмір де сүре алмайды.
Қарама–қарсылықтары әр жастағы құрылымдарды күрделірек құрылымға айналдыру (жинақтау) тырысушылығынан туындаған әлемдік өркениеттің жаһанданудан айырмашылығы - әлемдік өркениет даму қарқынының жалпы қойылымдары даму үдерісі арттыруды білдіреді. Қарапайым құрылымдардың типологиялық дұрыс қалыптасқаны болса немесе симметрия мен ассиметрия және т.б . заңдылықтарын есепке ала отырып, біріктіру және аймақтандыру іске асса, бұл - ұлттық нарықтардың, этномәдени өзгешеліктер мен т.б . өзінділігін сақтау мақсатындағы ішкі интеграция.
Өзара әсер ету жақтарының көбінде интернационализация процессінің белсенділігін «орауы» қазіргі заман аймақшылығына жаңа өзгешеліктер енгізуге мүмкіндік бере отырып, көп деңгейлі бола түседі: ішкі қысым, қатаңдандыру басқа аймақтар арасындағы байланыстармен қатар жүріп отырады. Бұл жағдай бізге аймақшылық пен жаһандану процестерін бір процестің екі жағы деп есептеуге мүмкіндік береді және мәдени-әлеуметтік дамудағы дифференциация мен интеграцияның өзара толықтырушы парадигмалары тұрғысында сипаттау көрініс табады. Бұлардың әр қайсысының басымдылығы нақты бір тарихи-мәдени кезеңде этноұлттық және жаһандық-космополиттік басымдылық қатынастары арқылы көрініс табады. Осылайша, адамзат этномәдени әртүрлілігін жоғалтпай-ақ сақтай отырып, өркениеттік синтезге қарай жылжуда.
Бір уақытта әр түрлі елдерде, дамудағы жаһандық немесе аймақтық доминанттарынан тәуелсіз түрде жергілікті халық басқа бір ел өміріне белгілі бір мемлекеттің өлшеусіз кедергі келтіруіне өз көзқарасын білдіреді яғни қорғаныс ұйымдастырушылығы іске қосылады: жаһандық әлемнің құрылуында альтернативті жобалар пайда болады. Көпполярық клубы сияқты жаһандық әлем этносының пайда болуының жобасы жасалынып, немесе керісінше, жаһандану тенденцияларына қарсы әлеуметтік қарсылықтың жаңа формалары қозғалысы алға қойылады.
Бұл жағдайдың әрине, белгілі бір түп негізі бар. Мәдениеттің өзіндік дамуының маңызды сәті жаңа формалардың сіңірілуі қабылдануы деген ережеге сүйене отырып, этникалық (дәстүрлік) мәдениет әлеуметтік қайта құру мен экономикалық императив шарттарындағы өмірден тыс тұрмайтындығын түсінуіміз керек. Бұл принципті теріске шығара отырып, әлем тұрмыстық формалардың ығыстырылған, өмір салты мен нормалар мен құндылықтарға тән емес көптеген қарсылық көріністерімен қақтығысады. Осындай мысалдардың бірі – антиглобализм.
Антиглобализмнің аймақтандырудан айырмашылығы – жекеленіп алынған белгілі бір елдегі мәдени әлеуметтік дамуының тенденциясы емес, жаһандық дәрежедегі мәдени-әлеуметтік қозғалыстың оның өзі тудырған жаһандану процесіне қарама-қайшылығы. Жаһандануға қарсы бағытталған әр түрлі акцияларға қатысушылар мақсаттарының мүдделес болғандығына қарамастан аймақтандыру жақтаушылары қатарына жатқызуға болмайды. Антиглобализмнің көрініс табуының көптеген формаларының ішінде екі маңызды түрін атап көрсетеміз: бірінші топ әлемдік қоғамдастыққа ақпараттық құралдар арқылы әлеуметтік-психологиялық қысым әдіс-тәсілдерін құрайды. Олар әртүрлі этномәдени сақтаумен бай және кедей арасындағы мәдени-әлеуметтік қарама-қарсылықтарды ығыстыруда экологиялық құндылықтардың басқа құндылықтар алдындағы басымдылығын нақтылау үшін, осы тұрғыдағы талаптарды жеткізу мақсатында пайдаланылады . Екінші топтың белгілі бір бөлігін деструктивті сипаттағы (қиратулар, вандализм, экстремизмнің көрініс беруі) белсенді әлеуметтік іс-әрекеттер әдіс-тәсілдері құрайды.
Осылайша, жаһанданушы әлемдегі қарама-қарсылықтар мен ондағы қауіп-қатерлер адамзаттың мәдени-әлеуметтік кеңістіктегі тұрақсыздық жағдайындағы мәселелер төңірегінде қарастырылады. Осыдан келе, ол үшін ең маңыздысы - өзіндік жасампаз күшін сақтаған, локальды мәдениет дәстүрлерін өз бойына сіңіру процессі болып табылады. Өз мәдениетінің бейімділік қорлары арқылы адамзат жаңа жағдайлардағы тұрақсыздықты ығыстырып, олардың мәдени тәжірибесі мен өзін-өзі ұстау моделін өз бойына сіңіріп алуы үшін белгілі бір жағдайлар жасалады. Осылайша жаһандандыру әлемінің әртүрлі антропологиялық қауіп-қатерлері дәрежесі төмендейді.
Осыдан келе, өркениеттік дамудың динамикасы адамзаттық позитивті жетістіктер арқылы ғана көрініс табады деп айта алмаймыз. Сонымен қатар, өзінің шектеулі формаларында көрініс табатын жаһандану көптеген жаһандық мәселелердің күшеюі факторларының бірі ретінде, тұрақты даму принциптерінің бұзылуы факторларының бірі ретіндегі сипатқа ие болатындығы бәрімізге белгілі.
Жаһандану қауіп-қатер мен конфликттер туындатумен көптеп байланысады. Осыдан қазіргі заман концепцияларында «өмір үшін күрес» терминінің көптеп пайдалануы себебін түсіне аламыз. Бұл ұғым бүкіл планеталық биосфераны белсенді түрде басып алған адамзат өркениетінің экологиялық дағдарыс фазасына кіргендігін білдіреді. Ең алдымен, адамзаттың құруының артып келе жатқан қауіп-қатерін көрсетеді. Бірақ, өмір үшін күрес адамзаттың биологиялық түр ретіндегі өмір сүру жағдайларын сақтауды да қарастырады. Дегенмен, адамзат күрделі биомәдени-әлеуметтік толықтық тұрғысында дамиды. Сондықтан да, адамзаттың өмір жолындағы күресі жайында айтқанда, адам қоғамның табиғатпен, қоғаммен өзара байланысының барлық жүйесін трансформациялап, адамның өмірдегі іс-әрекет жасауының негізгі мақсаты, оның қажеттіліктері мен қызығушылықтары экологиялық мәселелер шекарасынан тыс шығып, осы шекарамен шектеле алмайды деген көзқарастарды мойындауымыз қажет.
Өз кезегінде, мәдени-әлеуметтік факторлардың тұрақты дамуы концепцияларының жүзеге асуы үшін маңызды жаһандану тенденцияларының ықпалы да арта түседі. Себебі барлық экологиялық өзгерістер соңынан келгенде, табиғатқа антропогендік қысым арқылы шартталған, ал олардың дәрежесі, деңгейі, формасы адамзат қауымдастығының мәдениетінің деңгей-дәрежесімен тығыз байланысты.
Өнегелі экологиялық сананы тәрбиелеу, адамның бүгінгі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігі мәселелері кең мағынаға ие болып отыр.
Күрделі қарама-қарсылықтарға толы жаһанданушы әлем адамдардың жаңа бір қоғамын қалыптастырады. Іс-әрекеттің әр түрлі салаларында болып жатқан жүгенсіздік, терең трансформациялар адамзаттың өз дамуындағы жаңа бір кекзеңге өткендігін көрсетеді. Бұл кезең – күрделі қарама-қарсылықтарды түсіну қажеттіліктерін талап ететін өзара байланысты, өзара тәуелдікті қазіргі заман талабына сай мойындауды керек ететін дәуір.
Бүгінгі күнде Қазақстанның жағдайы қауіп-қатерге толы. Әлсіздену байқалып, кейбір жағдайларда әлеуметтік байланыстардың үзілуі, қылмыскерліктің өсуі, ғылымға, мәдениетке және білімге деген мемлекеттік қаржылардың, яғни адам мүддесі жолындағы салымдардың қысқартылыуы да байқалып отыр. Ал шындығына келетін болсақ, осы мәдениет, ғылым, білім дамыған адамды қалыптастырады. Мәдени құндылықтар, нормалар, дәстүрлер, салттар қоғамда интеграциялық рөлге ие. Мәдениет негізінен қоғамның ыдырау жолындағы қорған, оның маңызды сақтаушы факторы болып табылады. Ол берілген нақты өркениеттің ерекшелігін анықтап, оның механизмдерінің іс-әрекетіне өзіндік бір ерекшелік береді.
Қазіргі кездегі өркениет қоршаған ортаны, әлеуметтік сипаттағы тұрмыстық жағдайды қайтарымсыз түрде өзгертуде. Осы тұрғыда мәдениет көбінесе қоғамдық жаңару бастауы, шығармашылық өмірді қалыптастыру факторы ретінде көрініс табады. Мәдениетті адамның өзін-өзі жүзеге асыру құралы ретінде қарастыру арқылы, ондағы тарих пен адамға айтарлықтай әсер ететін импулстарды анықтай аламыз. Әлемге жетудің эвристикалық құралы идеология, экономика немесе саясат емес, мәдениет болып табылады. Жер жүзінде өзіндік мәдениет нұсқасын қалытастырмаған халық жоқ. Өзін-өзі сезіну, өзіндік сананы түсіну мәдениетке әу бастан-ақ тән, ол адам болмысының өлшемсіздігі мен тереңдігін білдіреді. Адамның мәдениетке деген қатынасы оның өмір сүруінің бастапқы критериі болып табылады, адамның өмір сүру аймағын қалыптастырады.
Қандайда болмасын мәдени процесс рационалды реконструкцияға тәуелді болуы мүмкін. Бұл мәселеге осы тұрғыдан қарау – мәдени типтердің ауысуының тарихи тізбегін, локалды мәдениеттер арасындағы өзара байланыс механизмдерін модельдеуге мүмкіндік береді. Мәдениетті саясат пен экономика қатарында жалпы әлеуметтік реттеу бөлшегі ретінде тану, біздің ойымызша, қазіргі замандағы болып жатқан процестерді зеррттеуде маңызды орын алуы керек. Қазіргі заман адам қоғамының динамикалық табиғаты туралы, оның тұрақтылық пен дәстүрлікпен сәйкестену мүмкіндіктері және қатаң өндірістік пен әлеуметтік технологиялар өз қауіп-қатерін туғызып отырған адам, өмір сүруі шарттарының сақталуы туралы түсініктерге ие болуы керек. Трансформациялық процестер қоғамдық санада айтарлықтай өзгертулер туғызып, бұрынғы мемлекет пен қоғам рөлі туралы ойларды өзгертеді.
Құндылықтардың жаңа қалыптары мен үлгілерін қалыптастыру мәселелері, адам іс-әрекеті мотивациясының өзгеруі, әлеуметтік еңжарлық пен тоғышар көзқарастарды қарастыру саяси және экономикалық қайта құрылудан күрделірек мәселе болып табылады. Осы тұрғыда, реформациялардың материалдық аспекті – экономикалық тәртіп мақсат болып табылатын, Қазақстанды қоса, кейінгі кеңестік елдерде бастысы өмір сүру деңгейін көтеру болып табылады.
Мұндай жағдайларда адамдарға болып жатқан өзгерісетр туралы түсінік беру керек. Жаңа ұлттық идея, қоғамды қалыптастыратын мемлекеттік қайта өрлеу маңызды мәселеге айналды.
Трансформациялық процестердің синхронсыздығы мен жүйесіздігі мәдени-әлеуметтік мақсатардың эконмикалық бағыттар алдындағы тәуелділігімен, ел қорларының шектеулігімен түсіндіріліп, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуімен нәтижеленді.
БҰҰ баяндамалары бойынша, Қазақстанда адамзат дамуының индексі бойынша әлемнің 173 елдері ішінде 1994 жылы - 61-ші орында болса, 1997 жылы – 93-ші орында болған.
Мұндай жағдайларда мемлекеттің алатын орны артып, қоғамның гүлденуі жолындағы іс -әрекеттердің дұрыстығы маңызды орын алады. Бұл бағыттағы керекті іс-әрекеттер құралдар мен қаржы тапшылығы салдарынан қолға алынбай қалмауы керек, себебі мұндай жағдай қоғамның әлеуметтік тұрақсыздығы мен ұлттық мәдениеттің құлдырауына әкеліп соғуы мүмкін. Білім алуға, денсаулықты сақтауға, ғылым мен мәдениет салаларына қосымша қаржының бөлінуі, инвестициялар мұндай жағдайда керек-ақ.
Қоғамдағы энтропия жағдайын бастан өткерудің тағы бір шарты – халықтың өзін-өзі танудағы ескі санасы болып табылады. Ұлттың өзін-өзі сыни түрде бағалауы, оның өзіндік “мен”-ін қалыптастыруы ұлттық мәдени-әлеуметтік тәжірибесін түсінуге, тоталитаризм кезіндегі халықтын мәдени жаттануын түсінуге мүмкіндік береді. Ұлттық өмір жолындағы күреске айналған рухани өзін-өзі бағалаушылық екі маңызды мәселені шешеді: 1) ұлтқа бұрыннан тән емеғс, ұлттық экзистенция нәтежесінде туындаған жалған құндылықтар мен жалған стереотиптер мәселесі; 2) қоғамдағы ауыспайтын рухани құндылықтарды қайта қалпына келтіру мәселесі. Сондықтан да бүгінгі күнде біздің қазақ мәдениеттімізді және тарихымызды түсіну – бағдарламалық мағынаға ие болып отыр.
Адекватты рухани факторлармен қатаң белгіленген қағамдық тоқырау арқылы жылдам модернизациялау нәтежесінде қоғамның тұрмыстық және саяси іс-әрекетіндегі өзгерістер керекті мәдени маңыз бен қоғамдық мойындауға жете алмайды. Қоғамдық жүйе өзіндік тарихи даму жолын таңдаған жағдайда ғана ол өз өмір сүруінің әлеуметтік-психологиялық көрсеткіштерін қалыптастырады. Сезімдік кеңмәтінде қабылданған идея адамның тәжірибелік өзін-өзі ұстауын қалыптастыратын жекелік мотивация қызметіне ие болады. Мәдениетті сақтау реанимациясы, тұрақтандыру тетіктері мәселелері қайшылықты түрдегі Қазақстан Республикасындағы модернизаторлық және трансформациялық процестер кезеңдерінің бастапқы міндеттері болып табылады .
Достарыңызбен бөлісу: |