Негізгі әдебиеттер



бет19/21
Дата14.09.2023
өлшемі0,73 Mb.
#107919
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Бақылау сұрақтары
1. Мемлекеттің нарықтық құрылымы мен бұқаралық мәдениет феномені қалайша және неліктен байланысты?
2. Жаһандану кезеңіндегі адамның ойлауының негізгі түрлерін атап беріңіз.
3. Архаизм және модернизм ұғымдарына сипаттама беріңіз.
4. Неліктен сұхбат жасампаз күш болып есептеледі?


Ұсынылған әдебиет
Негізгі әдебиет:
1. Нысанбаев А. Казахстан в условиях глобализации. – Алматы, 2006. – 214 с.
2. Кессиди Ф.Х. Глобализация и культурная идентичность // Вопросы философии. - 2003. - № 1. - С. 76-79.
3. Кодар А. Концепция развития культуры Республики Казахстан (проект) // Рух-Мирас (Казахстанский культурологический альманах). - № 2 (2). – 2004. – С. 4-11
4. Наурзбаева З. Стратегические приоритеты культурного развития Республики Казахстан (проект) // Рух-Мирас (Казахстанский культурологический альманах). - № 2 (2). - 2004. – С. 45-62
5. Чумаков А.Н. Глобализация. Контуры целостного мира. - М.: Проспект, 2005. - 213 с.
Қосымша әдебиет:
1. Амирова А.А.. Этнический аспект маргинализации // Этнические проблемы соц-политического развития РК. Материалы международ. научно-прак. конф.- Алматы, 2002. – С. 128-132
2. Туронок. С.Г. Информационно-коммуникативная революция и новый спектр военно-политических конфликтов // Полис. - 2003. - № 16. - С. 24-36.
3. Мырзалы Серик. Модернизация общества: взаимосвязь политики и морали. – Костанай: КГУ, 1998. - 268 с.
4. Қазақстанның мәдени мұрасы. - Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2005. – 964 б.
5. Жандәулетов Т. Қазақ ұлттық идеологиясы мәселелері. - Алматы: ХКАА,
2004. – 164 б.
6. Ғабитов Т. Х. Қазақ мәдениетінің типологиясы. – Алматы, 1998. – 202 б.
7. Хамидов А.А.. Шығыс пен Батыс... – Шаһар. - №1. – 1993. – 10-18 бб.



    1. Қазақстандағы рухани-мәдени саладағы жаһандану үрдістері

Қазақстанның тәуелсіздікке қолы жетуімен ресми экспансиялық метамәдени геноцидтік саясат тоқтатылды. Алайда мәңгүрттену процесі осымен тоқтап қалған жоқ. «Өркениетті әлемменң танысу және мәдени ақпарат алмасудың аудиовизуалды жолдары арқылы тұтынушылық мәдениет «үнсіз агрессиясынң іске асыруда. Бұл бұқаралық ағым ұлттық мәдениеттің қайта жандануына жол бермей, жезөкшелік, нашақорлық, маскүнемдік сияқты жат құбылыстарды санаға сіңіре отырып, мәңгүрттіктің қанат жаюына ықпал етуде.


Өз заңдылықтарын өмірге еңгізген нарықтың жолы болмағандарға қарсы жүргізген «мәдени репрессиясы» оларды қалыпты жолдардан тайдырып, қоғамда “бөлектену”, “азаматтық нигилизм”, “апатия” құбылыстарын тудырды, келеңсіз қылықтар мен қылмыс белең алды. Құндылықтардың қақтығысымен әлеуметтік төменгі ахуал «пауперлену», «люмпендену», «әлеуметтік-шизофрения» т.с.с. тосын жағдайларды үйреншікті нәрсеге айналдырды.
Ұлттық белгі дегенді тек экзотикаға, музейге айналдырып, тығып, әлемдік деңгейге шыққан – "американдану" деп, түсінетіндер, ұлттық нигилист, технократтар да бар. Әлемдік философияның өзі (батыс ойшылдарының жетекшілігінде) әлі өз шыңына жете қоймады, дүниежүзілік интеграция, жаћандану енді ғана жаңа басталды. Сондықтан Батыста өзінің рационализм, тіпті тұрпайы материализм, өзінің капиталистік даму үлгісін тек прогреске әкеледі деп оптимистік бағалау, Шығысқа менсінбей қарау, сол сияқты дін, мистика, парапсихология мәселелеріне "ертегі", "кертартпалық", "ортағасырлық" деп қарау кең тараған. Паровоз, телеграф ойлап шығарғанына, табиғатты, нақты (дүнияуи) ғылымдарды меңгергеніне мәз болып, Азия мен Африкаға "цивилизатормыз" деп кеуде керу болды. Ол кезде Батыс өзінің өркениетінің болашағы жоқ екенін, жер бетін экологиялық, рухани катастрофаға жетелейтін саяси, әлеуметтік жүйесінің осалды боп шыққанын әлі мойындамаған еді, О. Шпенглер, К. Ясперс, А. Тойнби әлі жоқ еді. Этикалық, нәсілдік фактордың санасуға тұрарлық екенін, адам және ұлт психикасы күрделі, ондай бейсаналық қабаттар бар екенін, дін мен мифология, мистика – әсіресе шығыс руханият дәстүрінде үлкен даналық бар екенін "цивилизатор" – Батыс әлі ашқан жоқ еді.
Қазіргі таңда қазақстандықтардың мәдени өзіндік тиесілік (самоидентификация) мәселесі өзінің күрделі де қарама-қарсылықты тұрпатымен ерекшеленеді. Біздің ойымызша оның төмендегідей алғышарттары бар:
- адамдардың саяси және экономикалық саладағы өзгерістерге сезімталдығы, әбден сіңіп кеткен тоталитарлық сананың үлкен инерттілігі;
- нарықтық қатынасқа көшудің салдарына ескі және жаңа құңдылықтардың қақтығысы барысында ішкі бағдардың жоғалуы, дүниетанымдық вакуумның пайда болуы;
- республикадағы мәдени әртектіліктің жоғары деңгейі, тұрғылықты халықтардың полиэтникалық және поликонфессионалдық құрамы, әсіресе орыстар мен қазақтардан және мұсылмандар мен православтардан тұратын биэтникалық және биконфессионалдық құрылымның басымдылығы.
Мұның бәрі осы уақытқа дейін батыстың өркениет жетекшілігінің негізгі принциптерін қайта құруға әкеледі. Олардың бүкіл әлемге таралып отырған индустриалды универсалийлерінің ішіндегі негізгі өзгешеліктері төмендегідей сипатта:
1. Стандартизацияны алуан түргілікпен, плюрализммен алмастыру. Бұл тұтынушылыққа, саяси қалыпқа, діни өмірге, көркемдік талғамға, этникалық элементтердің ара-қатынасы, модаға, жанұяның формасына ықпалын тигізетін өндірістің жаңа типтерін өмірге әкеледі.
2. Тек өндіріс пен саясатта ғана емес, мәдениетте де құрылымдық және индустриалдық байланыстардың орталықсыздандырылу жетекші принципке айналды. Астаналардың үлестік салмағы «тума таланттардың дүниеге әкеліп қана қоймай өздеріне ғылыми орталықтар мен университеттерді де қалыптастыра алатын көптеген «перифериялықң орталықтарға, тіпті бұрынғы «мылқау провинцияғаң да қарай ойыса бастайды.
“Бұрынғы астаналар” (Париж, Рим, Лондон, Афины, Нью-Йорк және т.б.) жоғарғы беделі мен барлық мұражайлар, кітапханалар, картиналық галереялар, театрлар мен университеттерін сақтағанымен жаңа желілік және ғарыштық ақпарат жүйелері білімдерді, образдар мен рәміздерді қоғамның бүкіл рухани өрісіне тарата алады. Бұл ақпаратты, ал онан соң қоғамды басқаша құрылымға келтіретін рухани байланыстарға әкеледі.
3. Минимизация максимизациядан, немесе О. Тоффлердің тілімен айтқанда, «макрофилияданң басым түседі. Бұрынғыдай өндірістің көлемі мен техникалық және тұрмыстық өмірдің сандық көрсеткіштерінің көлемі азаяды. Бөлшектердің дәлділігі өнімнің санын қысқартады.
4. Реттеу биліктері мен деңгейлерінің стандарттылығы мен тұрақтылығына негізделген қоғамның бұрынғы иерархиалануы мен бюрократиялану статусы құлап, оның орнына мақсатты және ахуалдық байланысқа негізделген уақытша құрылымдар мен байланысты полуфункционалды ұйымдар келеді. Қоғамның кеңінен ақпараттануы бұрынғы қоғамдық вертикальді бөліністі экономикалық, әлеуметтік, психикалық, көркемдік, медициналық және жыныстық мәселелерді шешуші дербес топтардың арасындағы өзара әрекеттің горизонтальды жағдайына әкеледі.
5. Стандарттық қоршаудан бұзылып, әр алуандылықтың қалыптасуы өндірістің, саясат пен мәдениеттің локальдық (жергілікті) ерекшеліктерін игеруіне жағдай жасайды. «Жаңа толқынң өркениеті діннің, мәдениеттің, экологияның қалыптасқан құрылымдарын біртұтас экономикалық үлгілердің пайдасына ауыстырмайды. Дәл осы принцип бұрынғы периферия мен әлсіз дамушы елдердің маңызды резервтерін қосуға мүмкіндік береді. Лидерді қуып жету барысындағы оның әдіс-тәсілдерін, құрылымы мен жетістігіне еліктеп, сапалы секіріс пен адам төзгісіз ауыр жолмен даму мақсатын алға қоюдан сақтандырады.
6. Индустриалдық қоғам дамуының алғышарты базистік салалар мен инфроқұрылымдарға (ресурстар, жолдар, транспорт, капиталдық жабдықтар) орасан зор қаржы мен құралдарды жұмсаумен сипатталса, ал жаңа жағдайларда, «адамдық капитал» маңызды мәнге ие болады, яғни қазіргі технологияларды, ең алдымен ақпараттың «интеллектуалды технологияларын» меңгерген дайын кадрлардың рөлі жоғарылайды.
Космополиттік көзқарастағылар келешекте ұлт болмайды. Бүкіл ұлттар бірігіп, бір ұлтқа айналады деген ойтұғырды басшылыққа алады. Дегенмен, бұл идеяның өмірге ешқандай қатысы жоқ қой. Қазір дүние этникалық негізде қайта құрылып жатыр. Келешек космополиттердің сызған сценарийі бойынша емес, мүлде басқаша бағытта дамыса ше? Жер үшін, шикізат үшін, байлық үшін талас-тартыс өршімесе, өшетін түрі жоқ. Демек, ұлттық қарама-қайшылықтар одан әрі өрши түсетін сияқты. Көз алдымызда күшті ұлт әлсіз ұлтты аяусыз қырып-жойып жатыр емес пе?
Осындай мәдени процестердің алдын алу үшін, бұқаралық мәдениеттің теріс әсерлерін кеміту мақсатында Қазақстан Республикасында көптеген шараларды жүзеге асырған жөн. Еліміздегі Мәдениеттану және өнертану ғылыми зерттеу институты осы мәселеге қатысты мәдени дамудың арнаулы тұжырымдамасын қабылдады. Оның кейбір қағидаларына назар аударайық.
Классикалық маңызы төмен, ұлттық болмыс пен психикаға кері әсерін тигізетін өнер мен музыкадағы өнімдер ағымына бақылау қою, оны жүзеге асыру аппараттарын жұмылдыру. Атап айтқанда:
- қала мен республикалық маңызы бар және облыстардағы атқарушы орган мен мәдениет институттарының бақылауын күшейту;
- сараптама және ақпараттар жинақтау бөлімін жетілдіру;
- ұлттық психология мен сана-сезімге кері факторларды болдырмаудың әкімшілік бөлімдерін жұмылдыру т.б.
Халықтың рухани және физиологиялық тұрғысынан дамуының бірден-бір мүмкіндігі өмір болмысын халық тағдырын бейнелейтін мәдени ошақтардың басты саласының бірі, театр мен кино өзінің бүгінгі қоғам өміріндегі орнынан қазіргі заман талабына сай ұлттық психология, тәрбие беру, эстетикалық құндылық сапасын төмендетіп алды. Оған басты себеп:
- шетелдік немесе батыстық кино мәдениеті: ашық порноөнімдер, афро-американдық поп музыкалар, эротикфильмдер, сана-сезім, мінез құлыққа кері әсер ететін қатігез киноөнімдер мен сериалдар;
- Қазақстандық театр және кино мекемелерінің халық назарын өзіне тартып аларлық туындыларының әлсіздігі;
- әртүрлі жат мәдениет үрдістерін насихаттайтын бейне таспалардың шектеусіз сауда рыногында таралуы;
- кино мәдени ошақтары – кинотеатрларды шетелдік фильмдерді жарнамалауы мен жаппай көрсетулері [46, 19 б.].
Бүгінгі таңдағы кітап дүкендері мен кітап сауда орталықтарындағы сатылымдағы кітап қорының 90 пайызы шетелдік кітаптарды құрайды. Музей кешендерінде экспозициялар мен ұлттық тарихи мұраларды сақтау мен дамыту әлі күнге дейін кеңестік идеология шеңберінде құрылған өлкетанушылық бағыттан әрі аса қойған жоқ. Осы факторларға сәйкес кітапхана мен музей ісіндегі қордаланып қалған мәселелерге мыналар жатады:
- ұлттық әдеби-мәдени көркем туындылар дағдарысы;
- қазақ тіліндегі қоғамдық ғылымдар әдебиетінің жеткіліксіздігі;
- кітапхана қызметіндегі ақпараттық және интернеттік каталогтар жүйесінің дамымауы;
- ғылыми сапасы төмен кітаптар қорының көбеюі;
- кітапханалардағы ұлттық кітап қор жинақтарының тапшылығы және қаржылай қолдаудың жеткіліксіздігі т.б.;
- музей мекемелерінде біліктік ғылыми мамандардың аздығы;
- осыдан келіп, музей ісі мен музейтану ғылыми-әдістемелік орталықтарының жоқтығы;
- музейлік жәдігерлерді, өнер туындыларын жинақтайтын қаржының жоқтығы және т.б. [46, 15 б.].
Мәдениет негізі мен этностық жады арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Бүгінгі таңда, БАҚ арқылы жарияланатын материалдар мен ақпараттар шеттен тыс сипатқа ие болып отыр. БАҚ халықты, әсіресе жастарды мәдени-рухани басқа арнаға түсіруге себепші болып отыр. Қазақстандағы БАҚ жүйесіндегі телеарнаның үлесі – 90-95 пайыз. Ал мәдени-рухани институттары дамығын елдерде БАҚ-тың соның ішінде телерадионың үлес салмағы – 40-45 пайызды құрайды. Мәселен, Францияда француз тіліне аударылғанына қарамастан шетелдік материалдардың 15-20 пайыздан аспауы заң жүзінде белгіленген.
Қандай да бір ұлт мәдениетінің түп-тамыры тіл екенін ескерсек жоғарыда аталған және төменде аталмақ проблемалардың барлығында да тіл мәселесі кезек күттірмес өзектілігімен айқындалады.
БАҚ саласындағы және жарнама мен теле және көлік коммуникация саласындағы негізгі мәселер:
- баспа телерадио ақпарттары бойынша ашық түрде эротикалық суреттер «бәсекелерің, қатыгездік және қыру-жою сияқты психикаға кері әсер беретін фильмдер, поп музыкаларының таралуы;
- қазақ тіліндегі басылымдардан орыс және басқа тілдердегі басылымдардың 20-30 есе көптігі. Егер қазақ халқының ұлттық болмысының, тілінің басқа жерде қалыптаспайтындығын ескерсек, бұл процесті де тілдегі экспансия деп бағалауға болады.
- Қазақстанда БАҚ және интернеттік жүйе мәдени-руханият саласында анархиялық, жауапсыздықтың, талғамсыздықтың ордасына айналды;
- Қазақстан республикасындағы БАҚ мемлекетпен, ұлтпен мүдделес емес;
- жарнамалардағы қазақша мәтіндердің дұрыс жазылуы ескерілмеген, қала безендіру мәселесінде ұлттық нақыш пен қазақ тілінің халі мүшкіл;
- теле және коммуникация жүйесінде қазақ тілін қолданудың заңдық нормасы сақталынбаған (телефон байланысы, әуе, теміржол, авто бекеттерінде) т.б., ұлттық парк, демалыс орындары, қонақ үйлер қызметтері қазақы болмыс-бітімнен ада дерлік;
- мемлекеттік органдардың іс қағаз және құжаттарды ресімдеулері қазақ тілінде толықтай жүзеге асырылмаған.
Батыстық рухани экспанцияға төтеп берудегі маңызды мәселеге «орыстілді қазақтарғаң ұлттық рухты сіңіру жатады. Бұл топ қазақтың қалада өскен, өзінің ұлттық бастауларынан тыс қалған, қазақ тілін білмейтін не нашар білетіндер тобы. Олар қазақтың тілін ғана түсінбейді емес, сондай-ақ қазақтың табиғатын да, ұлттық таным-түсінігін де білмейді. Жалпы оларға қазақ стихиясы жат. Ал түсінбейтін нәрсе әрқашан қорқынышты, құбыжық болып көрінеді. Ауыл қазақтарын олар «артта қалған, ескішілң деп түсінеді.
Осы топ, яғни ана тілін білмейтін қазақтар тобы бизнесте де біраз табыстарға жетті, мемлекет басқару ісінде де лауазымды орындарға қолы жетті. Оған себеп олардың халықтың басқа топтарына қарағанда нарық экономикасын терең түсінуі, арнайы білімдерінің жоғары болуы, әрі біздің елімізде мемлекетті басқарудың, іс қағаздарының, өндірістің орыс тілінде жүргізілуінен болып отыр. Әліге дейін жоғары оқу орындарында дәріс берудің 50 пайызы орыс тілінде. Арнайы оқулықтар да сол тілде. Бұның өзі қазақтың экономикалық, техникалық ойын қатты тежеп отыр.
Ал іс қағаздарының мемлекеттік тілге көшірілуі осы қазақша білмейтін қазақтардың экономикадан және мемлекет басқарудан шеттелуіне алып келуі мүмкін деген пікір бар. Міне, олардың қостілдік, қазақ мемлекеттілігінің ұлттық сипатын жою үшін жанталаса күресуінің негізгі себебі де осы – қара бастың, топтық мүдденің қамы ғана.
Осындай топтық мүдде үшін қазақ халқының ұлттық мақсат-мүддесі, ары мен ұяты, болашағы саудаға салынып отыр. Осы ұлтсызданған қазақтар тобының кейбір өкілдері өздерін «прогресшіл, ойы озық жаңашыл, нарық экономикасын қолдаушы, реформаторларң деп біледі. Ал ауылдан шыққан қазақтарды «артта қалған ескішіл, ұлтшыл, коммунистер, экономикада бұрынғы іске аспай қалған жоспарлы, әкімшілдік әдісті қолдаушылырң деп есептейді. Дегенмен қазақ тілінің экономикалық, техникалық мемлекет басқару аспектілерін барынша тез дамыту, ұлттық қаны бар басқарушы элитаны тәрбиелеу қажеттігі айдан анық. Өткенге жармаса беруіміз жетер. Бүкіл ақыл-ойды, парасат пен білімді келешекке бағыттайық.
Аталмыш топ аз да емес. Халқымыздың 25 пайыздайы ана тілін нашар біледі не тіпті түсінбейді деген дерек бар. Оның үстіне, әліге дейін 400 мыңдай мектеп оқушылары өзге тілде оқиды. Жоғары оқу орындары студенттерінің 50 пайызы ғана қазақша оқиды. Демек, бұл топтың саяси өмірге ықпалы алдағы уақытта да үлкен болмақ. Өз мәңгүрттеріміз үшін орыс екінші мемлекеттік тіл қылып, масқара болып жүрмейік.
Дегенмен, қазақша білмейтін қазақтың бәрі ұлтсызданған деуден аулақпын. Олардың негізгі бөлігі саяси жағдайды дұрыс ұғынып, қазақ мемлекетінің бекуі, нығаюы үшін адал қызмет етуде. Осы бір ұлт тағдыры үшін өте күрделі мәселенің екінші қырынан қарайықшы. Қалың көпшіліктің миына кез келген идеологияны сіңіруге болады. Тарихты алып қарасаңыз, миллиондардың миына кезінде коммунистік, фашистік, христиандық, либерал-демократиялық идеялар сіңірілді. Миллиондар осы идеяларға кезінде жан-тәнімен сенді, соған қызмет етті. Ал қазақша білмейтін қазақтардың санасына біздер қандай ой-пікірлерді құя алдық? Олар қазақша газет оқымайды. Қазақтың ұлттық идеологиясын білмейді. Қазақ өмірін қараңғы әрі қауіпті құбылыс, түсініксіз стихия ретінде ғана қабылдайды. Ал оларға өзіміздің ұлттық мүдде-мақсатымызды, қазақ мемлекеттілігінің, тілінің, мәдениетінің маңызын ұқтыру үшін не істедік? «Қазақтың ұлттық ой-арманын, мақсат-мүддесін орыстілділерге жеткізетін газет керек. Қазақ басылымдарындағы мақалаларды орысша аударып басу керек деген идеяны» бүгінде Президент Н. Назарбаев та қолдап отыр. Лайым да сол ұсыныс іске асып, мәңгүрттерімізді қайта тәрбиелейтін, бауырымызға қайта тартатын, түсінбегендерін түсіндіріп, мәселенің мән-жайына көзін жеткізетін заман туса дейміз.
Кезінде ақпарат кеңістігін басқару, саяси процестерді бағыттап отыру туралы газетімізде қадау-қадау идеялар ұсынылды. Оған құлақ түрген жан шамалы. Мемлекетті ой-пікір, идея басқарады. Қажетті идея заңға немесе жарлыққа айналып, миллиондардың тағдырына әсер етеді. Ал сонда айтылған тың ой-пікір, идеялар босқа қала берсе, біз саяси процесті басқарып емес, оны стихияның еркіне беріп, соңына ілесіп қана жүре бермекпіз бе? Және бұл біздің көп ұлтты еліміз үшін қаншалықты қауіпті [47, 87 б.].
Еуразиялық мәдениеттің ерекшеліктерін зерттеген ғалымдардың ішінен Л. Гумилевтің, Н. Бердяевтің, В. Соловьевтің есімдерін атап өткен жөн. Соңғы жылдары қазақстандық ғалымдар да еуразиялық менталитетті зерттеуде айтарлықтай табыстарға жетті (М. Хасанов, А. Хамидов, Н. Құрманбаева, М. Орынбеков, Ғарифолла Есім, Ғ. Ақмамбетов, Қ.Ш. Нұрланова, Н. Масанов, Д. Кішібеков, Т. Бурбаев).
Еуразиялық мәдени типтің менталитетін айқындау үшін шығыстық, батыстық және қазақи дүниетанымдар мен дүниелік қатынастардың ерекшеліктерін кестелік тәсілмен Т.Х. Ғабитов келтіреді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет