Негізгі әдебиеттер



бет12/21
Дата14.09.2023
өлшемі0,73 Mb.
#107919
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Бақылау сұрақтары

  1. “Жаһандану” жєне “мәдениет” – осы ұғымдардың эволюциясын көрсетіңіз.

  2. Жаһандану мен мәдениеттің арақатынасы қалыптасуының негізгі кезеңдері, ғылыми-әлеуметтік білімдегі оның рефлексиясы неде?

  3. “Жаһандану” мен “мәдениет” ұғымдарыныњ көпмәнділігінің себептері неде?

  4. Вестернизация деген не?

  5. Жаһанданудың мәдени өлшемдерінің факторларына сипаттама беріңіз.



Ұсынылған әдебиет
Негізгі әдебиет:

  1. Степин В.С. Проблемы цивилизационного развития и глобальные процессы // Диллемы глобализациии. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. - М.: Вариант, 2002. - С. 248-249.

2. Глобалистика: Международный междисциплинарный энциклопедический словарь / гл. ред.: И.И.Мазурь, А.Н.Чумаков. - М.- СПб.: ИЦ «Елимаң, 2006. – 321 с.
3. Златев В.В. Вектор перемен и глобализация. // Диллемы глобализации. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. - М.: Вариант, 2002. - С. 52-63.
4. Вебер А.Б. Глобализация и устойчивое развитие: проблемное поле // Диллемы глобализации. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. - М.: Вариант, 2002 – С. 283-298
Қосымша әдебиет:
1.Т.П. Лебедева. Глобализация и проблемы национальной идентичности // Полис. - 2003. - № 2. - С. 48-57.
2. М. Чешков. О видении глобализирующегося мира // МЭ и МО. – 1999. - № 6. - С. 46-54.
40. А.И. Неклесса. Актуальные проблемы глобализации // МЭ и МО. - 1999. - № 4. - С. 42-43.
41. Н.Е. Покровский. Глобализация. Модернизация. Россия // Полис. – 2003. - № 2. - С. 35-43.
42. Ульрих Бек. Что такое глобализация? – М.: Прогресс-Традиция, 2001. – 372 с.
1. 2. Жаһандану ұғымы және оның теориялық-методологиялық негіздері


Жаһандану кеңістігіндегі өзгеріс үрдістерін зерттеп, сараптамастан бұрын, осы ареалда жүзеге асып отырған процесті – жаһандану процесінің басталған уақыт пен себеп-салдарын анықтау басты шарт.
Көптеген ғалымдар мен зерттеушілер пайымдаулары бойынша, жаһандану процесі анық ХХ ғасырда көрінсе де, оның басталу тарихы біздің заманымызға дейінгі дәуірлерден бастау алады, яғни адамзаттың дүниеге келуі және бүкіләлемдік интеграция процестері бір-біріне байланысты және бір-бірінің себеп-салдарлары болып табылады. Бірқатар тарихшылар жаһандану процесін бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырады:

  1. Архаикалық жаһандану.

  1. Прото-жаһандану.

  1. Қазіргі кезеңдегі жаһандану.

Негізінен жаһандану процесі тарихы екі кезеңдер бойынша жүрді және жүріп келеді, яғни:

    1. Локальды (жергілікті) жаһандану.

    2. Жер бетін түгел алып отырған жаһандану.

Локальды жаһандану процесі көршілес мемлекеттер, ру-тайпалар, халықтар арасындағы интеграциялық, сұхбаттық, қарама-қарсылықты қарым-қатынастар процесі кезінде айқын көрінеді. Мысалы, тарих беттерінен Рим империясы мен көршілес елдер арасындағы немесе қазақ даласында мекендеген ру-тайпалар арасындағы қарым-қатынастар жаһандық жаһандануға бастама, негіз болғанын тарих, уақыт көрсетіп отыр.
Ал жаһандық деңгейдегі жаһандану процесі бүкіл әлемді қамтитын жаһандық процесс, яғни әлемнің бір түкпірінде болып жатқан тарихи, мәдени, саяси, әлеуметтік, экономикалық позитивті немесе негативті оқиғалар өзгелерге белгілі бір уақыт көлемінде жеткізіліп, одан кейін сарапталып, қандай да бір тұжырым қалыптасады.
Жаһандану процесінің қарқынды адым алып дамуға бірқатар империялар-хандықтар әсер еткен болатын – Моңғол империясы, Оттоман империясы, Португалия империясы, Германия империясы, Испан империясы, т.б., соның ішінде қазіргі таңдағы батыстандыру немесе американдандыру процесі [4, 248-249 бб.].
Жаңарған әлем соңғы онжылдықтағы әлеуметтік институттармен әртүрлі мәдениеттердің өзара әсерімен күшеюі арқылы және көрінбейтін динамика арқылы сипатталатын белсенді трансформация кезеңін басынан өткеруде. Жүріп жатқан процесстердің нәтижесі бір мемлекеттің, аймақтың және тұтастай әлем сипатының өзгеруі болып табылады. Бүгінгі таңда бұл дәлелдер талас тудырмайды, бірақ уақытында трансформациялық процесстің мәніне қатысты ойлар соның соңғы нәтижелері. Және де оған арнайы бақылаулар мен бағалар берілді.
Әлемдік бұл өзгеріс тенденциясына талдау жасағанда, өзгермелі әлемді түсінуге бірден-бір қадам жаңарған қоғамдағы гуманитарлық ғылымда жаһандану теориясы орын алады. Әлемдік даму тенденциясының негізі болып жаһандану ықпалының көрінісі, экономикалық – саяси процесстерде, сондай-ақ мәдени-өркениеттік саладағы өзара байланыстардан көрінеді. Ол мемлекеттердің алдына жаңарған үрдістегі жаһандық негіздерді иемденуші мәдени-өркениеттік тапсырмаларды қояды. Және де осындай жағдайда өзінің дәстүрлі арнайы құндылықтарын негіздейді.
Соңғы уақытта жаһандану және жаһанданулық үрдістер көптеген зерттеушілердің назарын аудартқан обьект болды. Жаһандану теориясы халықаралық қатынастардағы саяси теория мен әлеуметтік жүйелік теорияның негізінде пайда болып, әлемдік жүйе мен әлемдік қауымдастық концепция шеңберінде тиімді өңделген. «Жаһандану» термині XX ғасырдың 60-шы жылдарында В. Мураның еңбегінде пайда болды (сондай-ақ ол жаһандық социология терминін айналымға енгізді) және М. Маклюэнның еңбегінде «жаһанданулық ауыл» термині қолданылды.
1980 жылдың ортасында «Жаһандану» түсінігін Р. Робертсон өңдеді, таратты. Сонымен қатар 1989 жылдың аяғында әлемдік трансформация теориясы шеңберінде жаһандану теориясына қатысты көптеген зерттеулер жасалды. 1990 жылы «жаһанданулық мәдениет» атты тақырыпта жүйелі жинақ мақалалар шықты. Сондай-ақ алдыңғы қатарлы жаһанданудың теоретиктерінің еңбектерінің жариялануымен: И. Валлерстайн, М. Арчер, Р. Робсон, М. Фезерстаун, А. Аппадурай, Б. Теркеро және т.б. сол уақытта жаһандану жайлы іргелі еңбектер бірінен соң бірі пайда бола бастады.
Бұл концепция 1990 жылдың бірінші жартысында кез-келген экономикалық және әлеуметтік өзгерістер жаһанданулық көзқарас пен қарастырылған кезде шырқырау шегіне жетті. Осы 8 – 10 жылдықта жаһандану бойынша еңбектер жылдам негіз алды. Егер осы тақырыпқа арналған 1980 жылдарда кітаптар мен мақалалалрдың саны жылына 1 -3 % өссе, тек қана 1990 жылдың ортасында жаһандануға қатысты жұмыстардың саны геометриялық өсіммен өсті [5, 283 б.].
Дегенмен сол он жылдықтардан бері жаһандану мәселелері бойынша пікірталастар жалғасып жатса да жалпы жаһандану терминін ашып бере алмады. Қанша зерттеу жұмыстары жасалса да, «көп түсінігі бәрібір бұлдыр күйінде» қалды, және бұл тақырыпқа байланысты, әрбір автор өзіндік жеке ойларын береді. Қиындығы сол бұл ғалымдар әртүрлі түсіндіреді; кейде онда жаңа және комплексті мәселелер көрінеді. Сондай-ақ американдық социолог Р. Страйкер бойынша, жаһандану түсінігімен байланыстағы проблемалар жиынтығы ретінде зерттеушілердің назарын аударған обьект ретінде салыстырмалы түрде ұзақ болмады және дәл осылай оның ойынша сол кездегі мәселе болып, нақты ойлау жүйесінде әлі де болса, жалпы түсініктегі постулаттарды реттеуге негіз болмады. Жаһанданудың мазмұны мен мәнін түсіндірудегі айырмашылықтар туралы айтқанда бұл ұғымның көпжақты екенін айтпай кетуге болмайды. Жаһандық процестер жалпы сипатталады, ал оның әртүрлі аспектілері қазір барлық қоғамдық ғылыми пәндерде қолданылуда. Жаһандану термині олардың әрқайсысында өзінің негізгі мағынасында қолданылады.
Экономистер жаһанданудың мәні ерекше типтегі әлемдік экономикалық жүйенің пайда болуынан көреді. Соған сәйкес олар жаңа ғаламдық қаржы жүйесінің құрылуы, трансұлттық корпорациялардың дамуы, трансұлттық экономиканың қалыптасуы (халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, жұмыс күші, капитал, шикізаттық әлемдік нарықтарының пайда болуы) сияқты проблемаларды зерттеуге баса назар аударады.
Географтар жаһанданудың кеңістіктік өзгеруін зерттейді: үлкен қалалар мен мегаполистегі проблемалар, жаһанданудың нәтижесінде бейбітшілік кеңістігінде пайда болып келе жатқан «экономикалық архипеллагтар».
Халықаралық қатынастар мен халықаралық құқық ғылымының өкілдері басты назарды трансұлттанудың жылдам жүруі мен мемлекеттердің өзара тәуелділігінің күшейуін: мемлекеттің егемендік жағдайына, халықаралық құқықтық жаңару мен жаңа әлемдік тұрақтылықтың орнауына бөледі. Халықаралық қатынастағы транұлттық саясат Версаль және Подсдам жүйесінің күйреуінен кейін халықаралық қатынастар жүйесінде пайда болды. Ұлттық мемлекеттік принциптерге негізделетін «жабық» және өзара қатынас принциптеріне негізделген «ашықң деп сипатталған ескі және жаңа саясат түрінің арасында халықаралық қатынастар сферасының жаңару тенденцияларынын сараптаған кезде екеуінің қарама-қайшылығы айқын көрінді. XX ғасырдың басындағы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталған (өзін-өзі анықтауда ұлт құқығы, ұлттық мемлекетті қорғау тағы сол сияқты) принципке қарағанда XX ғасырдың ортасынан бастап халықаралық қатынастар саласындағы зерттеулер басты назарды адам құндылықтары мәселесін шешуге (адам құқығындағы мәдени-этикалық құндылықтарды қорғау, жаһандық мәселелерге т.б) аударды.
Әлеуметтанушылар мен мәдениеттанушы зерттеушілер әлеуметтік-мәдени даму стратегиясына жаһанданулық тенденциялардың ықпалымен байланыстағы мультимәдениеттер феноменімен айналысуда.
Философтар да жаһандану феноменін талқылауда көп үлес қосуда. Біріншіден, олардың зерттеу обьектісі болып адамзат құндылықтарының әмбебаптануымен «жаһандық проблемалар» және жаңарған әлеммен байланысты.
Бүгінгі күні жаһандану жайлы көптеген елдің қайраткерлері жаңа әлемдік тұрақтылықтың қалыптасуына байланысты айтуда. Мысалы: 1998 жылы Рессейдің сол кездегі сыртқы істер министірі С.И. Иванов 1998 жылды «халықаралық қауымдастықтағы жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуына жаһанданудың әсерін түсіну жылы» деп атауға шақырды [6, 331 б.]. Жаһандану сияқты мұндай күрделі және көпжақты құбылыстарды бір уақытта көптеген ғылымдардың зерттеп жатқанын аңғаруға болады, әрі олардың бір-бірімен қабыспайтын өзіндік тілі, методологиясы, категориялар жүйесі бар. Сондықтан жаһандық процесстердің мәні мен олардың интернационализациясы, модернизациясы, вестернизациясы, трансформациясы сияқты теориялық және практикалық құбылыстармен байланысы туралы сұрақ анық күйінде қалып отыр. Жаһандық процесстердің қазіргі заманға, оның ішінде бұрынғы кеңестік мемлекеттерге ықпал етуі проблемасын қарастыру жаһандану теориясы саласында жасалынып жатқандарды қарастырмай өте алмайды.
Жаһандану дискурсының пайда болуы көбінесе транформация теориясының кеңістіктік референциясы ретінде түсіндіріледі. Жаһандану парадигмасы үшін кеңістіктік референцияның маңыздылығын зерттеушілер былай түзейді: «Постмодернизм қазіргі заманға тән уақыт концепциясына сауал тастаған кезде жаһандану кеңістіктік байлыққа бағытталады. Бұл мағынада жаһандану қазіргі заманның кеңістіктік шырқауы деп түсіндірілуі мүмкін» [7, 49 б.]. Иә, шындығында адам баласы жаһандану теорияларының көпшілігінде әлеуметтік ұйымдасудың дихотомиясы: «аймақтық ғаламдыққа қарсы» жатады. Бұл дихотомияда «ғаламдық» термині өзіне «интернационалдық» және «транұлттық» ұғымдарын, ал «аймақтық» термині «ұлттық» және «мемлекеттік» ұғымдарын қамтиды. Жаһанданудың кеңістіктік парадигмасы шеңберінде әлеуметік ұйымдасу мен әлеуметтік өзара іс-әрекеттің кеңістіктік сипатының өзгеруімен байланысты процестерді түсіндіру бейнелеу қабылданған.
Жаһанданудың «кеңістігі» парадигмаларының пайда болуына әлемдік жүйені экономикалық және саяси қатынастар жүйесі ретінде қабылдайтын ұғымға негізделген теориялық модельдер негіз болды. Бұл дәстүрдің мысалы И. Валлерстайнның еңбегі болып табылады. Ол XV – XVІІ ғасырда пайда болған және (дәстүрлі) империя қоғамдарының аймақтық интеграциясының дәстүрлі типінен түбірінен ерешеленетін «әлем экономикасың ұғымын алға шығарды. Бұл әлемдік әлемдік жүйе жаңа дәуірде бүкіл әлемге тараған әлемдік капиталистік экономика болып табылады.
Әлем экономикасы құрылымы үш полюсті болып табылады: орталық – жартылай периферия – периферия. Әрі онда зоналар географиялық жақындық бойынша емес, байланыс сипаты бойынша топтасады. Капиталистік әлем – экономиканың орталығында кооперация мен бәсекелестік қатынасы орнайды. Орталық пен периферияның арасында эксплутация (қанау) мен тәуелділік байланысы орнайды. Жартылай периферия атауынан көрініп тұрғандай, орталық пен периферияның арасында аралас типтегі байланыста болады. Бұл құрылымның интеграциясы сауда және өндірістік өзара байланыстың арасында мүмкін болады, әрі ұлттық мемлекеттердің әлем – экономика құрылымына қосылуы біршама мәжбүрлік сипатта болды.
И. Валлерстайнның әлем – экономика моделіне жақыны, Э. Гидденстің жаһандану теориясы болып табылады. Гидденс жаһандану теориясының бүкіл әлемге тараған әлеуметтік қатынастардың күшеюінен көреді. Яғни жергілікті оқиғалар одан алыс жатқан жердегі жүріп жатқан оқиғалардың әсерінен және бұған керісінше жағдай да жүреді. Гидденс жаһандануды тікелей модернизацияның жағасы деп түсінеді.
Гидденс бойынша жаһандану әлеуметтік қатнастардың жергілікті жағдайлардан автономизациялануы болғандықтан, деконтекстелген институттар іс-әрекетінің бүкіл әлемге таралуын модернизацияның жаһанданулық формасындағы жалғасы деп айтуға болады. Ол жаһандануды кез-келген әлеуметтік жүйе сияқты төрт институттың өлшемімен қарастырады: әлемдік капиталистік экономика, ұлттық мемлекеттер жүйесі, әлемдік әскери тәртіп, халықаралық еңбек бөлінісі.
Валлерстайннан ерекшелігі Гидденс моделі жүйелердің өзгеруін тек жүйелік байланыс (ғаламдық) деңгейінде ғана емес, жүйенің байланысты элементтері деңгейінде (”жергілікті оқиғалар“) қарастырады. Сондықтан Энциклопедияда «жаһандану» термині мағынасы бойынша тек мемлекетаралық қатынастармен байланысты «интернационализация» терминінен гөрі анағұрлым адекватты» делінді [8, 214 б.].
Мәдениет саласына шешуші мән беретін Р. Робертсон 1980 жыл ортасында ұлттық мемлекеттер мен экономиканың өзара ғаламдық тәуелділігі жаһанданудың тек бір аспектісі ғана болып табылады, екінші аспект - индивидтің ғаламдық санасы әлемнің «біртұтас әлеуметтік мәдени орынға айналуы үшін маңызы зор» деген тезис көтерді. Робертсон жаһандануды әлеуметтік өзара әрекеттердің жалқы шарттары мен сипаттары мен әлемнің «біртұтас орынғаң айналу логикасы біріккен эмпирикалық анық көрінетін өзгерістер сериясы деп түсінеді. Бұл әлемнің шалғайындағы оқиғаның бір ғана әлеуметтік өзара әрекет процесінің элементі немесе талабы болуы мүмкін дегенді ұйғарады. Осылайша әлем сығылады элементтік кеңістікті ерекше зоналарға бөлетін шекаралармен кедергілерден арылып, ада болып біртұтас болады.
Ғаламдық процесстердің «әлемнің бірігуі» жоспарына әсер ету деңгейі мәселесінде зерттеушілер арасында кәдімгідей ашықтық бар екенін айту керек. Мысалы, франсуз ғалымы, Париж саяси зерттеулер институтының профессоры Б. Бади жаһандануды «әлемнің гемогонизациялануы», «біртұтас прициптер, құндылықтар бойынша жүру, бір ғана ғұрып пен мінез – құлық нормасы бойынша» жүру, барлығын әмбебаптауға ұмтылу деп түсінеді. Ол бұл «гомогенизацияң белгісі қазірдің өзінде әртүрлі сфераларда көрініп отыр деп санайды.
Француз саясатттанушысы Ж. Аттали өзінің болашақ туралы версиясын суреттей келе әлемнің бірігуі және оның біртектілігі туралы айтады. Бүкіл әлемде ақпараттық технологияның дамуымен бірге либералды-демократиялық идеология мен нарықтық экономиканың таралуы әлем біртұтастыққа келе жатыр, ғасырлар бойы үстем геосаяси реалдылық «үшінші дәуірде» келмеске кетеді дегенді ұйғарады. Біртұтас әлем «геоэканомика» принципіне құрылған. «Геоэкономика» - бұл геосаясаттың ерекше версиясы, ол өз талдауында басты назарды дәстүрлі институттарға, мемлекеттерге, мәдени және этникалық дәстүрлерге емес, ғаламдағы экономикалық тасқынның құрылымы мен географиясын зерттеуге көңіл қояды. Осылайша, негізгі акцент қай жерде әлемдік биржаның орталығы пайдалы қазбалар, ақпараттық орталықтар мен ірі өндіріс бар сол жерге жасалады.
XІX - XX ғасырдың әлеуметтік мәдени өзгерістерді «жаһандану» емес, «интернационализация» түсінігімен ұғындыратын зерттеушілермен келісуге болады. Аталған контекстегі интернационализация терминін экономикалық және саяси байланыстар жүйесінің ұлттық институттар деңгейінде (мемлекет, үкіметаралық ұйымдар, үкіметтік емес, бірақ ұлттық маштабтағы ұйымдар ) өсуі деп, сондай-ақ XІX ғасырда дамудың классикалық теориясының пәні болған өндірістік буржуазиялық қоғам институтының барлық елге таралуы деп түсінуі керек. Мысалы 1848 жылы К.Маркс пен Ф.Энгельс жазған «Коммунистік партияның манифесінде» халықаралық экономикалық байланыстар мен капиталистік қатынастардың территориялық экспанциясы адамзаттың жаңа тарихи кезеңге өтуінің маңызды сипаттамасы ретінде суретеледі.
Осы көзқараспен қарағанда интернационализациядан жаһанданудың өзіне өту дегеніміз бірқалыпты жүріп жатқан алдыңғы тенденциялардан одан кейінгі әлемдік дамуға, секіретін динамикалық тенденцияға өту болып табылады.
Бұл өтпелі кезеңнің негізгі белгісі даму параметрлерінің өзара қайшылықтарының саны болады. Жаһандану түсінігі интернационализациялық процестердің күшеюін қамтиды, сондай–ақ субнациональді деңгейдегі әлеуметтік ұйымдастырудың өзгеру факторы тікелей орнықты және де трансұлттық, индивитаралық, топаралық өзара қарым – қатынастар күшейді.
Жаһандану мәселесіне арналған әртүрлі саладағы білімдердің зерттеулеріне сараптама жасауда жаһанданудың процесіне жататын негізгі факторлар мен процестердің топтамасын айқындап алу шарт.
1. Шексіз өсу мен транстерриториялық байланыстардың күшеюі мен өзгеруінің нәтижелері транспорт және масмедиадан электронды байланыс, компьютерлі сеттерге дейінгі әртүрлі комуникациялық құралдардың даму нәтижесі. Ақпараттық және мәдени айырбассаласында көптеген дәстүрлі шекаралардың жойылуы; бірізділік мәдениет пен этиканың таралуына әкеледі.
2. Трансұлттық корпорациялардың пайда болуы, капитал қозғалысы мен халықаралық сауданың өсімі, халықаралық қаржы айналымының күшеюі, әлемдік бағаға бағытталу, жеке технологиялар, жұмыс күшінің миграциясы сонымен қатар экономиканың интернационализациясына әкеледі.
3. Белгілі бір идеологиялық прициптердің таралуы, яғни демократия приципі, капиталистік кәсіпкерлік және нарықтық механизмдер.
4. Халықаралық қатнастардағы қоғамдық пікір мен үкіметтік емес ұйымдардан трансұлттық қозғалыстар мен ұлттан жоғары деңгейге дейінгі әлемдік саясатта жаңа субьекттердің пайда болуы; мемлекетараалық институттар мен халықаралық құқық жүйесінің дамуы.
5. Перспективада адам ағзасына әсер ететін жаңа құралдарды ойлап табу, яғни ядролық, химиялық обьекттер, терроризм, экологиялық дағдарыс және ресурстардың таусылуы осындай бұқаралық күйреумен байланысты қауіпсіздікке төнетін қатерлердің трансұлтты және фундаментальді сипаты.
Жаңа әлемдік гемогонизация негізінде жеке тенденцияның болуын күдіксіз тағы бір дәлелмен келтіруге болады.
Әлемдік қауымдастықта жаһанданудың бірінші талаптары алғашында біртекті әлем құрылым мүмкіндіктеріне қарсы әрекеттері де көрінді. Жаһанданудың логикасының өзі жаһандану әлемдегі ерекшелікті сақтап қана қоймай сонымен қатар осы ерекшеліктердің жинағын да білдіреді. Сондықтан да кейбір зерттеушілер жаһандану процесіндегі жалпы гемогенизация мүмкіндігін жоққа шығарады [9, 11-12 бб.].
Әлеуметтік кеңістік ешқашан біржақты болмаған және әлемдік қатынасты кейбір көрсеткіштермен ғана сараптайтын (экономикалық стратегия және саясат) қазіргі жаһандану қатнастарымен процестері әлеуметтік кеңістіктің біржақтылығын күшейтуге әсер септігін тигізеді. Әлемдік экономикалық жүйенің құрылымы әлем мемлекеттерінің дамуы бір қалапты емес екенін жоққа шығармайды. Мысалы; орталық және периферияда болу жағдайы ұзақ уақыттың практика нәтижесі тек қана экономика саласында болмады.
Валлерстайн былай болжайды; әлемнің жеке аймақтарындағы теңсіздіктің күшеюі әлем экономикасының өзінен шығады. Капитал жинақтау жүйесінің болуы иерархиялық жүйенің болуын талап етеді, бірақ содан түсетін табыс көздері барлығына теңдей бөлінбейді.
Экономистер былай деп тұжырымдайды: «әлемдік капитализмнің жаңа жүйесін империямен байланыстыруға болады, қаншалықты ол империя перифериясын иемденеді, немесе периферияның негізінен орталық қаншалықты пайда көреді. Маңыздылығы сол әлемдік капитал жүйесінде империалистік тенденция бар. Қазір қандай да нарық немесе ресурстар бар кезде ол тұрақты болмайды, сонымен қатар әлі де оның орбитасына тартылмаған» [10, 243 б.].
Бұл жағдайлар Ұлы Александр немесе Атилла империясынан өзгешелігі аз, олардың экспансиялық тенденциялары олардың империясының құлдырауының басы болды.
Ресейлік постиндустриялық өркениеттер және жаһандану процесінің бірден-бір атақты зерттеушісі В. Иноземцев мынандай тұжырым жасайды. Оның ойынша, жаһандану бір бағытты процесс болып қалады, әлемнің иллюзиялық бірігуі дамыған елдердің күш салуымен анықталады. Ал Үшінші әлем елдерінің белсенділігі американ социологы Сила Вен Хабиб атаған кері жағдайдан көрінеді, миграцияда периферия елдерінің халқы орталық периферияға көшеді. Бүгінгі таңдағы периферия елдеріндегі мәдени және әлеуметтік дәстүрлерге қызығушылығы ол дамыған елдерде антагонистік түрінде ғана болады.
Қазіргі кезде жаһандану процестері қандай нәтижеге алып келмесе де оның негізі әлемдік эканомикалық капиталистік жүйенің қалыптасуымен қатар жүрген мәдени-әлеуметтік қозғалыстардан көрінеді. Сонымен жаһандану Батыс әлемінің периферияны игеруінің нәтижесі болып табылады, ол «периферия» орталығының қарсыласуы жалғаса береді. Бұл қарсыласудың қасйеттері өзгереді – орталық мемлекеттер постиндустриялды даму жағдайында тұрып өздерінің басты назарын біліммен жаңа техналогияны игеруге аударады. Сондықтан да олар бүгінгі таңда «периферия» елдерінің табиғи және еңбек ресурстарына қызығушылығы сондай үлкен емес. Соңғы онжылдықта орталықтың «периферияның экспанция жасауға емес, олардың бейқамдығы күшейді. Егер капиталдың ағыны бүгінде де көп бағытта болса, потенциялды білім иелері тек қана перифериядан орталыққа көшуде. Әлемдік маштаптағы әлеуметтік полиаризация процесі қолмен бақылауға келмейтін болды.
Футурологтардың айтуына қарағанда дамымаған депрессивті аймақтың төмендеп бара жатқан экономикалық маңыздылығы міндетті түрде қоғамдық назарды солардың мәселелерін қарауға итермелейді. Сонымен қатар Батыс елдерінің өздеріндегі әлеуметтік теңсіздік мәселесі постиндустриялды державалардың жеке аймақтарына әсер етеді [11, 239-240 бб.].
Дамушы елдердің проблемасы мүмкін тіпті трагедиясы аталған процестердің барлығы; әлеуметтік поляризация, орталықтың дамуындағы теңсіздік, периферия тасқын түрге ене бастады. Сан көрсеткіші бойынша постиндустриялды экономиканы қуып жетеге тырысқан дамушы мемлекеттер қалыптасқан экономикалық және мәдени-әлеуметтік арақашықтықты қысқарта алмайды. Бұндай жағдайда артта қалушылықтан құтылу дамушы елдердің және жеке мемлекеттердің дамуындағы ең басты мәселелердің бірі болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет