Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Қазақ тілі" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы



бет1/2
Дата21.12.2023
өлшемі82,2 Kb.
#142270
түріБағдарламасы
  1   2

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы
№ 545 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
192-қосымша
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған
"Қазақ тілі" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде)

1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

  3. "Қазақ тілі" оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

    1. қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;

    2. тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;

    3. аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру; 4) мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.

2-тарау. "Қазақ тілі" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

  1. Қазақ тілі" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

  2. 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

  3. 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 4) 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 5) 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

5. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:

  1. тыңдалым және айтылым;

  2. оқылым;

  3. жазылым;

  4. әдеби тіл нормаларын сақтау.

6. "Тыңдалым және айтылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. болжау;

  2. әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;

  3. мәтіннен ақпаратты анықтау;

  4. негізгі ойды анықтау;

  5. тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау; 6) сөйлеу мәдениетін дамыту.

7. "Оқылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. ақпаратты түсіну;

  2. мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;

  3. мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;

  4. мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;

  5. мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау;

  6. оқылым стратегияларын қолдану;

  7. әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.

8. "Жазылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. жоспар құру;

  2. әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;

  3. жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;

  4. эссе жазу;

  5. оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу; 6) мәтіндерді түзету және редакциялау.

9. "Әдеби тіл нормаларын сақтау бөлімі" келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. орфографиялық норма;

  2. орфоэпиялық норма;

  3. лексикалық норма;

  4. грамматикалық норма; 5) пунктуациялық норма.

10. 5-сыныпқа арналған "Қазақ тілі" пәнінің базалық білім мазмұны: 1) тыңдалым және айтылым:
тірек сөздер арқылы тақырыпты болжау, негізгі ойды анықтау, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау, қыстырма, қаратпа, одағай сөздер арқылы өз ойын білдіру; 2) оқылым:
мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы тану, хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы, жанрлық ерекшеліктері, ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіндер, оқылым стратегияларын қолдану, қажетті ақпаратты таба білу; 3) жазылым:
мәтін бөлімдеріне (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) жоспар құру, хат, хабарлама, жарнаманы жанрлық ерекшеліктеріне сәйкес жазу, сюжетті суреттер негізінде әңгіме жазу, эссенің бөлімдерін меңгеру (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), мекен мен оқиғаны сипаттайтын не суреттейтін эссе жазу; 4) әдеби тіл нормалары: орфографиялық норма: қазақ тілінің дыбыстар жүйесі, үндестік заңы, емле заңдылықтары;
орфоэпиялық норма: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал;
лексикалық норма: сөздердің тура және ауыспалы мағынасы, көп мағыналы сөздер, синоним, омоним, антоним; грамматикалық норма: туынды сөздер, күрделі сөздер, зат есімнің мағыналық түрлері, сын есім, шырай категориясы, сан есім, мағыналық түрлері, төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі; пунктуациялық норма: төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.
11. 6-сыныпқа арналған "Қазақ тілі" пәнінің базалық білім мазмұны: 1) тыңдалым және айтылым:
көтерілген мәселені болжау, әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі көтерілген мәселені талдау, мәтін мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты түсіну, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау, жалпы және нақты сұрақтар, мәтін мазмұнын шынайы өмірмен байланыстыру, ресми сөздер мен тіркестерді, терминдерді орынды қолдану, диалогке қатысу; 2) оқылым:
мәтіннен негізгі және детальді ақпаратты анықтау, ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеуді тілдік құралдар арқылы тану, ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату, мәтін негізінде
нақтылау сұрақтарын құрастыру, оқылым стратегияларын қолдану,
комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу, сілтеме жасау; 3) жазылым:
әртүрлі жанрдағы мәтіндер жазу үшін жоспар құру, мінездеме, өмірбаян, құттықтауды жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай жазу, графиктік мәтін құрастыру, эссе жазу барысында абзацты жүйелі құрастыру, "келісу, келіспеу" эссесін жазу, жинақы мәтін жазу, мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау;
4) әдеби тіл нормалары: орфографиялық норма: жеке, бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатын сөздер; орфоэпиялық норма: сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін; лексикалық норма: көнерген сөз, эвфемизим, дисфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздер;
грамматикалық норма: есімдік, етістік, етіс түрлері, салт және сабақты етістік, үстеу, үстеудің мағыналық түрлері; пунктуациялық норма: қазақ тіліндегі тыныс белгінің түрлері, даралаушы тыныс белгілері.
12. 7-сыныпқа арналған "Қазақ тілі" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым:
мәтін негізінде оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау, әлеуметтік-
қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау, факті мен көзқарасты ажырату, дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау, дәлелді жауап беру, салыстыру, талқылау, коммуникативтік жағдаятқа сайкөркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақалмәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу; 2) оқылым:
мәтіндік және графиктік ақпаратты интерпретациялау, тілдік құралдар арқылы публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін тану, хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының қызметтік жазбалардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату, мәтіннің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшеліктерін талдау, мәтін негізінде проблемалық сұрақтар құрастыра білу, комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу, сілтеме жасау; 3) жазылым:
күрделі жоспар құру, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу, графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазу, дискуссивті эссе жазу, жинақы мәтін жазу, мәтін негізінде лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау;
4) әдеби тіл нормалары:
орфографиялық норма: жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу; орфоэпиялық норма: сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану;
лексикалық норма: фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану;
грамматикалық норма: есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлері, еліктеу сөздер, шылау түрлері, одағай, оқшау сөздер; пунктуациялық норма: сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.
13. 8-сыныпқа арналған
"Қазақ тілі" пәнінің базалық білім мазмұны:

  1. тыңдалым және айтылым:

дәйексөз, үзінді негізінде мәселені болжау, әлеуметтік-қоғамдық, мәденитарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау, астарлы ойды анықтау, тұрмыстық, әлеуметтік мәтіндерді талдау арқылы негізгі ойды анықтау, перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау, коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу;

  1. оқылым: тұтас және аралас мәтіндердегі ақпаратты салыстыру, тілдік құралдар арқылы публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін тану, мақала, аннотация, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату, ғылыми және публицистикалық стильде жазылған мәтіндерді талдау, сілтеме жасау; 3) жазылым:

тезистік жоспар құру, мақала, аннотация, тезис құрастырып жазу, графиктік мәтіндердегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу, аргументативті эссе жазу,бұқаралық ақпарат құралдары материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау; 4) әдеби тіл нормалары:
орфографиялық норма: бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу;
орфоэпиялық норма: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;
лексикалық норма: сөздік қор мен сөздік құрам; грамматикалық норма: сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді және етістікті сөз тіркестері, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелері, сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен айқындауыш мүшелері, жай сөйлем,жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі; пунктуациялық норма: қабаттаса қолданылатын тыныс белгілері.
14. 9-сыныпқа арналған "Қазақ тілі" пәнінің базалық білім мазмұны: 1) тыңдалым және айтылым:
әртүрлі жанрдағы орта көлемді мәтіндердегі мақсатты аудитория мен тілдік құралдардың рөлін талдау, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу, мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау, мәтінде айтылған ойға өз көзқарасын білдіру, сыни тұрғыдан баға беру;
2) оқылым:
тұтас емес мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу, қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану, мақала, аннотация, презентация, тезистердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату, әртүрлі стильдегі мәтіндердің қызметін, құрылымын, ерекшелігін салыстыру, белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу, ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау; 3) жазылым:
күрделі жоспар құру, әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру, жағдаятты талқылау, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе), перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу, тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу; 4) әдеби тіл нормалары:
орфографиялық норма: жинақталған материалдар негізінде көзделген
мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру, мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру, мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу,эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу, жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау;
орфоэпиялық норма: мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу; лексикалық норма: лексикалық стилистика заңдылықтарын дұрыс қолдану; грамматикалық норма: құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін білу, салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану, сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану, аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану; пунктуациялық норма: құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін (даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын) ережеге сай қолдану.
3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі

  1. Бағдарламада "оқыту мақсаттары" сан мен әріптен тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, әріппен берілген белгі сөйлеу әрекетінің дағдысын (тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым, әдеби тіл нормалары), әріппен қоса берілетін сандар бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. 7.2.1.2 кодында: "7" – сынып, "2.1" – бөлім мен бөлімше, "2" – оқыту мақсатының реттік саны.

  2. Оқыту мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген.

1) тыңдалым және айтылым:

Білім алушылар:


5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

1.
Болжау

5.1.1.1
тірек сөздер мен ұсынылған
иллюстрация лар арқылы тақырыпты болжау

6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау
және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау

7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып,
оқиғаның
дамуы мен аяқталуын болжау

8.1.1.1 мәтіннен алынған дәйексөздерге , үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау

9.1.1.1
мәтін мазмұны бойынша дайындал ған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқа мен салыстыру

2.
Әртүр

5.1.2.1 әлеуметтік-

6.1.2.1 әлеуметтік-

7.1.2.1 әлеуметтік-

8.1.2.1 әлеуметтік-

9.1.2.1
қоғамдық-




лі
жанрдағы мәтін дерді талдау

тұрмыстық, әлеуметтікмәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтерде гі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру ) көтерілген мәселені түсіндіру

мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтерде гі (нұсқаулық, құттықтау, хабарландыру , өмірбаян, жаңалық, интервью) көтерілген мәселені талдау

қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтерде гі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалар
дан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау

қоғамдық, мәденитарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтерде гі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивтіэмоционалды сөздердің рөлін талдау

саяси, әлеуметтікэкономикалық, ғылыми тақырып тарға байланыс ты
әртүрлі
жанрдағы кең көлемді мәтіндер дегі
(дәріс, интервью, пікірталас, мақала, Жолдау) мақсатты аудитория мен көркемде гіш құралдар дың
рөлін талдау

3.
Мәтін нен ақпа ратты анық тау

5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын
түсіну, негізгі
және қосымша ақпаратты
анықтау

6.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын
түсіну, детальді ақпаратты анықтау

7.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын
түсіну, ұсынылған ақпарат
бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу

8.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын
түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау

9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты
өмірлік мәселелер мен байланыс тыра
білу

4.
Негізгі ойды анық тау

5.1.4.1
тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

6.1.4.1
мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

7.1.4.1 мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу
мәнері арқылы негізгі ойды анықтау

8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау

9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау

5.
Тыңдалы м матер иалы бойынша жауап беру және баға лау

5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде
сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе

6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты
сұрақтарға жауап беру,

7.1.5.1
проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап

8.1.5.1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты

9.1.5.1
мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту







бойынша өз
ойын білдіру

мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен
байланыстыр
у

беру, өз
жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

таба білу,
көтерілген мәселе
бойынша ой тұжырымдау




6.
Сөйлеу мәден
иетін дамыту

5.1.6.1
коммуникати
в
тік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз
қатысу, өз пікірін білдіру

6.1.6.1
коммуника тивтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу

7.1.6.1
коммуникати
в тік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш,
эмоционалды -экспрессивті сөздерді және мақалмәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу,
пікірталаста
тез және дұрыс шешім қабылдай білу

8.1.6.1
коммуникати
в тік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі
жеткізу

9.1.6.1
қоғамдықсаяси, ғылыми, коммуникативті к жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразалар ды таңдау, орта көлемді монолог
дайындау

2) оқылым:


5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

1.
Ақпа ратты түсіну

5.2.1.1
мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты
түсіну, анықтау

6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру

7.2.1.1
мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретация лау

8.2.1.1
тұтас және
аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру

9.2.1.1
тұтас емес
(кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу

2.
Мәтін нің стиль дік ерекшелі
гін тану

5.2.2.1
лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба
стильдік айырмашылық
тарын мәтіндер арқылы тану

6.2.2.1 ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшелікте рін қолданылған тілдік

7.2.2.1
публицистика
лық және ресми стиль ерекшеліктері
н қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

8.2.2.1
публицистика
лық және ғылыми стиль ерекшелікте рін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

9.2.2.1
қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану










құралдар арқылы тану










3.
Мәтін нің жанр лық ерекшелі
гін ажыра
ту

5.2.3.1
хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландыру дың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық
ерекшеліктері
н ажырату

6. 2.3.1
ауызекі сөйлеу
этикеттері мен көркем сөйлеудің
құрылымдық
және жанрлық ерекшелікте
рін ажырату

7.2.3.1 хроника, хабар,
очерктердің
және кеңсе құжаттарының , қызметтік жазбалардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктері н ажырату

8.2.3.1 мақала, аннотация, презентация, құрылымы
мен ресімделуі арқылы жанрлық
ерекшелікте
рін ажырату

9.2.3.1 мақала, аннотация, презентация,
тұжырымдама
лар, тезистердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшелік терін ажырату

4.
Мәтіндер ге салыс тырма лы анализ жасау

5.2.4.1 ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру

6.2.4.1 ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын,
мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру

7.2.4.1
идеясы ұқсас публицистика
лық және
көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

8.2.4.1
тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистика лық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау

9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын,
тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

5.
Мәтін бойынша сұрақ тар құрас тыра білу

5.2.5.1
мәтін мазмұнын
түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру

6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру

7.2.5.1
мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру

8.2.5.1
перифразаның
түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру

9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарымқатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру

6.
Оқы лым
страте гияла

5.2.6.1
оқылым стратегиялары н қолдану:
жалпы мазмұнын

6.2.6.1
оқылым стратегиялар ын қолдану: комментари
й жасау,

7.2.6.1
оқылым стратегиялары н қолдану: комментарий жасау, іріктеп

8.2.6.1
оқылым стратегиялары н қолдану: комментарий жасау, іріктеп

9.2.6.1
белгілі бір мақсат үшін оқылым
стратегия




рын қолда ну

түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу

іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу

оқу, зерттеп оқу

оқу, талдап
оқу

ларын тиімді қолдана білу

7. әртүрлі ресурс көздеріне н қажетті ақпа рат алу

5.2.7.1
энциклопедия лар, балаларға арналған газетжурналдардан қажетті ақпаратты ала
білу

6.2.7.1 энциклопе дия, сөздік, балаларға арналған газетжурналдарда н қажетті ақпараттард
ы алу,
авторына сілтеме жасау

7.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газетжурналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау

8.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газетжурналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау

9.2.7.1 ғаламтор, энциклопе
дия, газет-
журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау

3) жазылым:


5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

1. Жос
пар құру

5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес
кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру

6.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді
жазу үшін
құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру

7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді
жазу үшін
құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру

8.3.1.1
тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру

9.3.1.1
жинақтал ған материал дар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру

2. Әртүр лі жанрда мәтін дер
құрас тыру

5.3.2.1
жанрлық ерекшелікте рі не сай
ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама,
хабарландыр
у
құрастырып жазу

6.3.2.1
жанрлық және стильдік ерекшеліктері
не сай
құрылымын сақтай отырып, мінездеме, құттықтау, өмірбаян құрастырып жазу

7.3.2.1
жанрлық және стильдік ерекшеліктері
не сай
көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу

8.3.2.1
жанрлық және стильдік ерекшеліктері не сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, аннотация, тезис құрастырып жазу

9.3.2.1 мақсатты аудитория ның қызығушылығ ын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру

3.
Жазба жұмыстары

5.3.3.1 сюжетті суреттердің

6.3.3.1
ұсынылған тақырып

7.3.3.1
мәтін құрылымын

8.3.3.1
мәтін құрылымын

9.3.3.1
мәтін құрылымын




н әртүрлі форма да ұсыну

(фотосуретте
р) желісі
бойынша әңгіме құрастыру

бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру

(кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу

сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу

сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен
үрдістерді (тенденция) анықтап жазу

4.
Эссе жазу

5. 3.4.1
эссенің кіріспе, негізгі,
қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу

6.3.4.1
эссе
тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе
бойынша
келісукеліспеу себептерін айқын көрсетіп жазу ("келісу, келіспеу" эссесі)

7.3.4.1
эссе
құрылымы
мен даму
желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу
(дискуссивті эссе)

8.3.4.1
эссе
құрылымы
мен даму
желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығ
ы мен
кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументати
вті эссе)

9.3.4.1
эссе
құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне
таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргумента тивті эссе)

5. Оқы лым және тыңда лым материалда ры негізінде жина қы
мәтін
(компресси я) жазу

5.3.5.1
оқылым және тыңдалым материалдар ы бойынша
негізгі
ақпараттард
ы сақтай
отырып, жинақы мәтін жазу

6.3.5.1
оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу

7.3.5.1
оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз
тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу

8.3.5.1
оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау
желісін
сақтап, әр
бөлігінен алынған
ақпараттарда
н жинақы
мәтін (аннотация,
тезис) жазу

9.3.5.1
оқылым және тыңдалым материал дары бойынша автордың негізгі ойын
сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу




6. Мәтін дерді түзету және редак циялау

5.3.6.1 мәтіндегі орфография лық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау

6.3.6.1 мәтіндегі орфография
лық және
пунктуациял ық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп,
түзету, редакциялау

7.3.6.1 мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды
қолданылуын
тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер
енгізу, редакциялау

8.3.6.1
БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз
оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау

9.3.6.1
жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге
бөлу, ойын
(ақпарат, идея)
дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер
енгізу, редакция лау

5) әдеби тіл нормаларын сақтау:

1. Орфо
графия
лық норма

5.4.1.1
қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялы қ нормаға сай жазу

6.4.1.1
тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді
орфографи я
лық нормаға сай жазу

7.4.1.1
жалғаулар мен шылауларды
ң ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу

8.4.1.1
тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделіқұрама атауларды орфографиял
ық нормаға
сай жазу

9.4.1.1 мәнмәтін бойынша
тілдік
бірліктерді орфографиял
ық нормаға
сай жазу

2.
Орфоэпиялы
қ норма

5.4.2.1
сөз ішіндегі және сөз
аралығындағы
ілгерінді,
кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтары на сәйкес айта білу

6.4.2.1 екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес
екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды
қолдану

7.4.2.1 сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс,
логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

8.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияны ң құрамдас бөліктері:
әуен, әуез, тембр, қарқын,
кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

-

3.
Лексикалық норма

5.4.3.1
тура және
ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы

6.4.3.1
көнерген сөз,
эвфемизм, дисфемизм, неологизм,

7.4.3.1
фразеологизм
, мақал-
мәтелдердің
эмоционалды мәнін,

8.4.3.1
сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктері

9.4.3.1 стильдік ерекшелік
терге сай
тілдік бірліктерді







сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктері не сай қолдану

термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу

көркемдік ерекшеліктері
н түсініп
қолдану

н түсініп
қолдану

дұрыс қолдана білу

4.
Грамматика лық норма

5.4.4.1
жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және
күрделі
сөздерді
ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану;
5.4.4.2
зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану;
5.4.4.3
сын есімдердің, шырай
түрлерінің көркемдік
ерекшелігін
тану, сын есімді зат есім орнына
қолдана білу;
5.4.4.4
сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу;
5.4.4.5

6.4.4.1 сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну,
есімдікті
зат есім, сын есімнің орнына қолдану; 6.4.4.2 етістіктің
етіс түрлері
мен салтсабақты етістіктерді ң тіркесімдік мүмкіндігі
н ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану; 6.4.4.3
үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану

7.4.4.1 етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай
түрлерін тілдесім барысында қолдану; 7.4.4.2 еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну. 7.4.4.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану;
7.4.4.4 одағай түрлерін ажырата білу,
қолдану;
7.4.4.5
оқшау сөздердің қызметін
түсіну,
ажырата білу

8.4.4.1 сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері,
есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану;
8.4.4.2
тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану;
8.4.4.3
сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолдана білу;
8.4.4.4
жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану

9.4.4.1 құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін білу; 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану; 9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану;
9.4.4.4 аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын
білу, қолдану




төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру













5.
Пунк туация лық норма

5.4.5.1
төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін
дұрыс қолдану

6.4.5.1 қазақ тіліндегі тыныс
белгілеріні ң түрлері мен қызметін (даралауш
ы) түсіну, дұрыс
қолдану

7.4.5.1 сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін
(даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс
қолдану

8.4.5.1 сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану

9.4.5.1 құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін (даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырата тын) ережеге сай қолдану

  1. Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9сыныптарына арналған "Қазақ тілі" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда барлық сынып бойынша әр тарауда қамтылуы тиіс оқу мақсаттарының көлемі белгіленген.

  2. Тоқсандағы бөлімдер мен бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.

Негізгі орта білім беру
деңгейінің 5-9-сыныптарына
арналған "Қазақ тілі" оқу пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет