ҚАҢЛЫ МЕМЛЕКЕТІ (б.з.б. 2 ғ. – б.з. 5 ғ.) – қазақ жерінде құрылған алғашқы мемл. бірлестіктердің бірі. Қаңлы құлшылық мемлекетіне Әмудария мен Сырдарияның жоғарғы орта ағысындағы жерлер қараған: Бұқара, Шахрисиябз, Кушаниз (Қатта-Қорған төңірегі), Ташкент ауданы, Хорезм өлкесі. Қуатты мемл. бірлестік болған. Б.з.б. 1 ғ-да дәуірлеген кезеңінде 600 мың халқы болып, әскерінің саны 120 мыңға жеткен. Қаңлы билеушісінің шекарасы Каспийдің солт. жағалауына дейін жеткен. Оларға Арал мен Еділдің төм. ағысының аралығында билік құрған Сармат-алан тайпаларының одағы түгел тәуелді болған. Қаңлы мемлекетінің жоғары билеушісі “Ваң” (Патша) деп аталады. Ол саяси, әскери, шаруашылық билікті өз қолында ұстады “Фу ваң” (орынбасар патша) патшаның мұрагері әрі бас қолбасшы болды. Үшінші орындағы билеушілерді “Гүй рын” (ақсүйектер немесе төрелер) деп атап, олар мемл. кеңесші міндетін атқарды. Төртінші орындағылар “Үнху” – “Ябғу” делініп, оған ірі рубасылар мен ұлыс билеушілері жатқызылды. Бесінші орындағылары “Ваньху” – әскери және әкімш. бастықтар болды. Қаңлы елінің оңтүстік өңіріндегі тұрғындар егін шаруашылығын негіз етіп, мал шаруашылығы және жеміс-жидек өндірісімен айналысқан. Сондықтан, қытай жылнамаларында қаңлының вассалында күріш, тары, асбұршақ, бидай дақылдары және жеміс-жидектер көп өседі деп жазылған. Қаңлы елінің солтүстік өңірін мекендеген тұрғындар жартылай көшпенді тұрмыс өткізген. Олар мал шаруашылығын негіз етіп, жылқы, сиыр, қой, түйе және қашыр қатарлы мал түліктерін өсірген. Шаруашылығы Қаңлылар қалалары мен қоныстары жергілікті базаларды не қажетінің бәрінен қамтамасыз ететін қолөнер орталықтарына айналды. Зерттеушілер шаруашылықта түрлі қажеттерді қамтамасыз ететін ыдыстардың ондаған түрін атайды. Металл ыдыспен бірге перамикалық ыдыс. Күйдіру көбінесе қыш күйдіретін пештерде жүзеге асырылды. Қол өнері Қауыншы
Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады.
Бұл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.
Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштер - Алтынсар, Томпақасар, Бидайықасар жері жатады. Жетіасар мәде-ниетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қара-ғанда тұрақты мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапалы болуымен ерекшеленеді. Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның орталық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді.