Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
171
қамқорлығын көрсетеді. Бірақ сізбен өз ойымен бөлісіп,
ақылыңызды сұрамайды. Бала позициясындағы адамда
психологиялық тәуелділік болады. Тәуелді адам жазуға,
қоңырау шалуға себептер іздеп тұрады. Мейлі, ол жақсы
немесе жаман жаңалық болса да бәрін жеткізуге асығып
тұратын болады. Бұл психологиялық тәуелділіктің бір
факторы. Осыдан құтылу үшін әйел адам өзіне ең маңызды
нәрсені түсіну керек. Әйел адамның өмірі баламен,
күйеумен, үйімен тоқталып қалмайды. Өмір осымен
шектелмейді.
Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадисі бар. Бір күні
пайғамбарымызға(с.а.с) бір адам келіп сұрайды екен:
"Алла Тағалаға ең сүйікті адам кімдер?"-дейді. Сонда оған
жауап береді: " Ең сүйікті адам—Алла үшін басқа
адамдарға пайда әкелетін адам. Ең сүйікті амал—Алла
үшін басқа адамдарды қуанту",-деген екен. Оның бір
қарызын төлеп немесе жұмысын істеп, солай қуанту. Және
осы амалдарды адам үшін емес, Алланың разылығын алу
үшін істеуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: