Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет109/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
174 
сол рөлді ойнап жалғастыра берсе, онда сіз шекараңызды 
құрып, сол шекараны қорғауға тиісті боласыз. Өз 
бағаңызды біліп, оған жауап бере алатын боласыз. Бізді 
ата-анамыз осы жасқа дейін өсіріп, мәпелеп, тәрбиелеп
біреуге тәуелді болу үшін күйеуге шығарған жоқ қой?! Біз 
үшін өмір тек ас үй мен киім үтіктеумен бітпейді. Сіз 
ересек позициясына өткенде әр нәрсеге басқаша 
көзқараспен қарайтын боласыз. "Күйеуіңіз сізді жақсы 
көрмей қалады-ау, сізді тастап кетеді-ау, үлкен маңызды 
нәрсені жоғалтып аламын-ау" деп қорықпайтын боласыз. 
Себебі жүрегіңізде бір тыныштық болады. Өмір тек 
Алланың қалауымен ғана өзгереді. Тағдырымыз жазылып 
қойған. Егерде күйеуіңіз басқа әйелмен болса, онда ол 
сынақ. Сол сәтте сізді "не істейді екен?" деп Алла тағала 
сынақтан өткізеді. Осы оймен адам ересек болады. 
Егерде басына сынақ тиген кезде, өзін кінәласа немесе 
өзін жегідей жеп самооценканы төмен түсіретін болса, 
онда бұл бала позициясы.
Сіз эмоцияналды біреуге тәуелдісіз деген сөз. Егер 
күйеуіңізді үлкен күнәсін біліп қоятын болсаңыз, ол да 
сізге сынақ болып келеді. Сіз өз қателігіңіз үшін Алланың 
алдында жауап бересіз. Күйеуіңіз үшін жауап бермейсіз. 
Сізде таңдау бар. Сіз әрқашан да таңдау жасай аласыз. 
Көніп шыдауға немесе шыдамай кетіп қалуға таңдау бар. 
Үндемей отыруға немесе ішіңіздегіні айтып, ол адамды да 
таңдау алдына қоя аласыз. Үндемей жүре беруге таңдау 
қоятын болсаңыз, өміріңізде, күйеуіңіздің қарым-
қатынасы да өзгермейді. Бірақ ешкімнің сізге "ажырас, 
кетіп қал" деп кеңес беруге құқығы жоқ. Менің ылғи 
айтатын кеңесім ол—отбасыны сақтап қалуға тырысу 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
175 
керек. Қолыңыздан келген нәрсені барынша жасаңыз. 
Сіздің таңдауыңыз дұрыс болу керек. Тәуелділік деген—
басқа адамның сөзінсіз өзіңізді жақсы көре алмау деген 
нәрсе. Егерде "сіз толықсыз, сіз қисықсыз, өзіңізді дұрыс 
ұстай алмайсыз" деген сияқты сөздерді сізге айтқанда, 
бірден соның сөзімен келіссеңіз немесе ойға кіріп кетсеңіз, 
өзіңізді бірден түзегіңіз келіп кетсе, демек сізде басқа 
адамға деген тәуелділік бар деген сөз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет