Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет105/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
169 
адам екі қадам артқа жүгіру керек. Сол кезде ғана бағаңыз 
болады. Еркек кейде әдейі бір қадам артқа кетіп әйелінің 
реакциясын байқағысы келеді. Оның артынан жүгіріп, 
хабарласатын болсаңыз, ол күресуге тырыспайтын болады. 
Еркек үшін махаббат ол—қорқыныш. Әйел адамды 
жоғалтып аламын деген қорқыныш. Осы қорқыныш қана 
оның махаббатын сөндірмейді. Эмоция, адреналин осыдан 
пайда болады. Әйел адам үшін махаббат—қабылдау. Еркек 
жоғалтып алуға қорыққан кезде не болады? Оның басы 
істемей қалады. Сіз үшін барлығын жасайтын болады. 
Ер 
адамға иллюзия керек. Қандай иллюзия? 
Конкуренция иллюзиясы керек. Ер адамдар екі күй кешеді 
екен. Біріншісі—аңшылық. Екіншісі—бақылау. Бар 
дүниесін аңду. Мысалы, сіз оның жеке меншігісіз. Оның 
бір мүшесі сияқтысыз. Қолы деп алайық. Оның қолын біреу 
алғысы келсе, ол не істейді? Қорғайды, көзін ілмей
бақылап жүретін болады. "Менің меншігім менен кетіп 
қалмасын" деп ойлап жүреді. Біз үшін жігіттеріміз бақылау 
күйінде болу керек. Бұл міндетті. Әйел адам еркекке 100% 
бағынышты болғанда, ер адамның тестостерон гормоны 
төмендейді. Осы фактор бойынша қорытынды. Сіз бір 
шоколадты жақсы көресіз. Оны таңертең де жейсіз, түсте 
де, кешке де жейсіз. Бірақ уақыт өте келе ол шоколадтың 
қол-аяғы шығып, аузыңызға өзі кіріп "мені же, мені же" деп 
тұратындай болады. Сіздің жүрегіңіз айниды. Одан 
қашасыз. Шоколад дефицит болса немесе ол шоколад 
сіздікі, бірақ біреу ұрлап алып, жеп қойғысы келсе, сіз оны 
тез-тез жеп алғыңыз келетін болады. Өмірде де тура солай. 
Сіз қанша жерден әдемі, сексуалды болсаңыз да, егер 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
170 
өміріңізде еркек өте көп болып кетсе, бітті дей беріңіз. 
Күресу тұрмақ, сізден қашатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет