Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
21
Ер адамды түсіну.
Не үшін ер адамды түсіну керек?
Біріншіден, ер адамды түсінбесеңіз, ол
да сізді түсінгісі келмейтін болады. Ер
адамды түсінбейтін
әйел ешқашан еркектің
тілін таба алмайды. Ондай әйелге еркек
сырын айтпайды, ондай әйелді дос ретінде
көрмейді. Ал
әйел мен ердің арасында
сырлары болу керек, достығы болу керек.
Еркек үйіне келгенде бірінші анасына барып
сырын айтса, құпиясымен, жұмысымен,
жоспарымен
бөліссе, ал әйеліне ештеңе айтпаса, онда әйелінің басты
қателігі- ерін түсінбеуінде. Еркек сізге ашылмаса, оны
түсінбейсіз, сол қалпы қабылдай алмайсыз деп ойлайды.
Өз тәжірибемнен мысал келтірейін.
Кризиске дейін
күйеуім жұмыстан шыққысы келгенде маған тікелей
«жұмысым ұнамайды, шығатын болдым» деп айтпаған.
Әртүрлі
«намектар»
тастап,
белі
ауыратынын,
администраторы ұнамайтынын айтып тұратын, және
жұмысқа
кешігіп барып, азанда ұйықтап қалса мүлдем
бармай қоятын. Осы әрекеттеріне қарап, сіз не ойлар
едіңіз? Не деп айтар едіңіз? Іштей ойлана беріңіз, ал мен не
істегенімді айтамын. Күйеуім оянбаса, кешігіп барса,
әртүрлі сылтаулар
айта бастаса оны көндіруге
тырысатынмын. «Ұйқыбас, жауапкершілігің жоқ, кешіге
бересің ба, белің ауырса да бұл жұмыс қой,
жұмыстан
шығып кетсең уақытың кетіп қалады» және т.б түсінгісі
келмейтін әйелдің сөздерін айтатынмын. Күйеуім қабағын
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: