Некеден кейін әйел бақыты


саналы түрде сөйлесе алу керек



Pdf көрінісі
бет157/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   173
саналы түрде сөйлесе алу керек. 

Неге мен енемнің осы сөздеріне ашуланып 
жатырмын? 

Мен өзім жайлы солай ойлап тұрмын ба? 

Оның сөздері рас па? 

Егер оның сөздері рас болмаса, маған қатысы болмаса, 
онда ашуланудың пайдасы жоқ қой. 

Ал егер оның сөздері бір жағынан рас болса, онда неге 
шындық үшін ашуланып жатырмын? Иә, сөзі рас. Иә, 
мен сондаймын. Ол тек сырттай көрінгенді айтып тұр. 
Енеме «сіз дұрыс айтасыз» деп айтсам не болады, егер 
ол шынымен де дұрыс айтса? 
Өз-өзіңізге айтылған осындай әңгіме ашуыңызды 
қайтарып, оны саналы түрде ойлануға алмастырады. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
255 
Енеге игнор жасау дұрыс па, 
әлде оны орнына қою керек пе? 
 
Дәл жоғарыда айтылған мысалды алайық. Енеңіз сізге 
«мынаны дұрыс жасап жатқан жоқсың» деді. «мен сияқты 
таза жуа алмайсың» деді. Сіз енеге қалай жауап берсеңіз 
дұрыс болады? Шекара шекарамен, бірақ бір үйде тұратын 
адаммен қарым-қатынасты бұзғың да келмейді ғой. 
Сондықтан мына кеңестерімді қолданып көріңіз. Енелер 
келіндеріне «дұрыс жасамайсың» деп айту себебі-өзінің 
дұрыс жасайтындығын, өзінің керемет білгірлігін 
көрсеткісі келу мақсатында. Яғни ене сізге немесе 
күйеуіңізге өзінің кереметтілігін көрсеткісі келеді. Өзінің 
бағасы төмен еместігі, өзінің біреуге қажеттілігін сезгісі 
келетін адам дәл осылай «сенікі дұрыс емес» деу арқылы 
білдіреді. Енеңізге жәй ғана сондай «чувство нужности» 
жетпей тұр. Әрине, оның бастауы балалық шақтан, ата-
анасының оған сол сезімді бере алмағандығынан болады, 
уақыт өте ененің күйеуі де оған сол сезімді бере алмаған 
шығар, сондықтан ала алмаған сезімді бейсаналы түрде 
енеңіз осындай сөздермен алуды жөн көреді. Сіз оның 
травмасын емдей алмайсыз, тіпті ондай жаста 
психотерапевтпен жұмыс жасау туралы ол кісі 
ойланбайтын да шығар. Сізге жәй ғана енеңізді аяп, оған 
қажетті сезімді беру керек болады. Өзінің эмоционалды 
қажеттілігін өтеген соң, енеңіз рахаттанады да сізге олай 
тиісуін де қоя бастайды. Қараңыз, осы соңғы екі тақырыпта 
мен сізге «неге ене маған тиіседі» және «неге 
мен ененің тиіскеніне ренжимін» деген сұрақты 
талдап бердім. Мұқият екі қайтара оқып
есіңізде осыны сақтап алсаңыз, сізге келесі мен 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет