Некеден кейін әйел бақыты


Ал ата-анаңызға күйеуіңіз бен енеңізді жамандап



Pdf көрінісі
бет161/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   173
Ал ата-анаңызға күйеуіңіз бен енеңізді жамандап 
қойсаңыз не істеу керек? 
 
Бұл қателік ажырасуға алып келмесе, яғни сіз әлі де 
күйеуіңізбен бірге болсаңыз, онда сізге өкінішімді білдіре 
аламын. Себебі ата-анаңыз бен ата-енеңіздің арасындағы 
қарым-қатынас күйеуізге қатты әсер ететіні анық. Сіз 
өзіңізді ақтап алғыңыз келетін шығар, «ата-анама 
айтпасам, олар мені басынатын еді, мені өзара өсектеп 
отырды, күйеуім арамыздағы әңгімені енеге 
айта береді» деп. Бірақ сіз күйеуіңіздің 
қылығын тоқтату үшін тек күйеуіңізді 
жазалауды 
таңдамадыңыз, 
сіз 
бұл 
қылығыңызбен өз туған ата-анаңызды 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
262 
жазаладыңыз, және өзіңіздің күйеумен қарым-қатынасты 
бұзып алдыңыз. Сізге тек қана күйеумен шекараны құрып, 
шарт қойып, шартын орындамаса сөз берген жазаңызды 
қолдану керек еді. Кітаптың шекара бөлімінде «ер адам 
сөзінде тұрмаса» деген тақырып бар, сол тақырыпты бір 
оқып шығыңыз. 
Қателікті істеп қойсаңыз, сізге ата-анаңызға 
барған сайын, олардың негативті ойын 
қайтаратын сөздерді айтып тұру керек болады. 
«Енем қатты өзгерді, қазір мені еркелетіп 
отырады, күйеуіме мені қорғап отырады, қаншада тұрсам 
да күліп тұрады» дегендей енеңіз жайлы жылы сөздерді 
көп айту керек болады. Бұл олардың ойларын жәйлап 
жақсы жаққа бұра бастайды. Әрине, күйеуіңіз де, енеңіз де, 
сіздің ата-анаңыз да аяқ астынан бәрін ұмытып, түк 
болмағандай күнін жалғастырып кетпейді. Сізге уақыттың 
өтуін күту керек. Ал сол уақыт өткенше, күйеуіңізге де 
үнемі өз ата-анаңызды жылы лебізбен есіне салып тұру 
керек. Мысалы, кешке әңгімелесіп отырғанда «бүгін 
анаммен сөйлестім, сенің қалыңды сұрап жатыр. Саған 
арнап бас киім алып қойыпты. Сендер жақта суық қой, 
басына суық тимесін» деп айтты дей аласыз. Яғни, сіздің 
күйеуіңіз де ата-анаңыздан ұялып, олардан алшақ жүрмеу 
керек. Арадағы конфликттен кейін араны жақындатудың 
жалғыз амалы осы. Енеңізге де дәл сондай әңгімені 
кездейсоқ айтып отырыңыз. «Анам сізге орамал беріп 
жіберді, бұл орамал таза жібектен екен, өзіне ұнаған срң, 
сізді де ойлап алыпты» десеңіз болады. Ол жібекті өзіңіз де 
сатып алып, енеңізге анаңыздың атынан сыйласаңыз 
болады. Дінде екі жақты татуластыру үшін осындай 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет