Некеден кейін әйел бақыты


Сонымен, енеңіздің қызғанышын алдын алу



Pdf көрінісі
бет164/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   173
Сонымен, енеңіздің қызғанышын алдын алу 
үшін не істей аласыз? 

Енеңізге күнделікті кездейсоқ әңгімеде: 
-Балаңыз үйге келгенше сізді уайымдап келді. 
-Балаңыз сізге арнайы тамақ алып келді, «мамам 
жақсы көреді» деп айтты. 
-Балаңыз бір жаққа шығуға қорқып жатыр, біз жоқта 
сізге қарайтын адам жоққой, қарныңыз ашып қалса ше 
деп уайымдап жатыр. 
-Балаңыз мені емес, сіздің көңіліңізге қатты қарайды 
ғой. Қайда жүрсек те, «мамама ұнайды, мамама керек» 
деп отырады. 
-«мамам қарны аш шығар» деп үнемі ойлап жүреді 
Осындай сөздерді айту арқылы енеңізге оның 
бағасы жоғары, баласының алдында оның орны бөлек 
екенін көрсетесіз. Және енеңізде сізді шеттету туралы 
ойлары азаяды. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
266 

Өзіңіз де, күйеуіңіз де енеңізге сыйлықтарды алып 
тұрыңыздар.
Ал күйеуіңіз тек сізге ғана бірнәрсе 
алып берсе, енеңізге оны айтпауға тырысыңыз. Сізге 
тәтті алып келсе, енеңізге де алуын сұраңыз. Немесе 
өзіңіз енеңізге «балаңыз сізге әкелді» дей салыңыз.

Күйеуіңізге енеңізді көп мақтап жүріңіз
. Енеңіз 
еріңізге сізді жамандаса, сіз де өзіңізді қорғап, енеңізді 
жамандасаңыз, онда күйеуіңіз, біріншіден, анасына 
сенеді. Себебі сіздің сөзіңіз анасының сөзіне қарсы 
тұр. Күйеуіңіз сізді қорғай алуы үшін сіз енеңізді 
жамандамай, 
керісінше 
оны 
қатты 
жақсы 
көретініңізді, 
сыйлайтыныңызды, 
сөзін 
жерге 
тастамайтыныңызды, ренжіткіңіз келмейтінін білдіру 
ерексіз. Егер енеңізді тек жақсы жақтан күйеуіңізге 
айтатын болсаңыз, еріңіз сізді енеңіздің алдында 
қорғайтын болады. «келінің сен десе өліп тұрады, неге 
оған тиісе бересің» деп қорғайды. Бастысы, сіздің 
сөздеріңіз 
барынша 
шынайы 
болуы 
тиіс. 
Жанашырлығыңыз білініп тұру керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет