Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»



бет14/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65
Позитивизм жјне неопозитивизм.

Неопозитивизм (neo – жаңа, positivus – латын сөзi, оң, дұрыс деген мағына бередi) – Батыс философиясының шеңберiнде қазiргi ғылымның дамуының барысында пайда болған философиялық-танымдық мәселелердi талдап шешуге бағытталған ағым. Оның түптамыры позитивизмнiң негiзiн қалаған француз ойшысы Огюст Конттың (1789- 1857 жж.) шығармаларына барып тiреледi. Сондықтан ең алдымен позитивизмнiң негiзгi қағидаларына тоқталу қажет. Конт адамзат ой-өрiсi өзiнiң даму тарихында үш сатыдан өттi деген пiкiрге келедi. Олар: 1) теологиялық (жалғандық) саты – көне заманнан ХIV ғ. дейiн; 2) метафизикалық саты – ХIV-ХVIII ғғ; 3) позитивтiк саты – ХIХ ғ. бастап пайда болады. «Теологиялық сатыда өмiр әлi ғылыми деректерге негiзделген жоқ, өмiрдегi барлық құбылыстар Құдайдың құдiреттi күштерi арқылы түсiндiрiледi. Метафизикалық сатыда адам зердесi дамуының негiзiнде барлық бұрынғы көзқарастар сыналып, терiстеле бастайды, барлығына күмәндану, сенбеушiлiк пайда болады. Өмiрдi түсiндiру жолында 328 дерексіз алғашқы негiздердi iздеу басталады (материя, идея форма, рух т.с.с.) Үшiншi – позитивтiк сатыда – өндiрiске негiзделген қоғам пайда болып, альтруизм (өзiнен гөрi басқаның қамын ойлау) эгоизмдi (өзiмшiлдiк) жеңген уақытта нағыз ғылыми сатыға өрлеу мүмкiндiгi пайда болды», – деп қорытады О.Конт. Жоғарыдағы көрсетiлген ойларға сәйкес, Конт ғылымды саласалаларға бөлу мәселелерiмен айналысып, бiршама жетiстiктерге жетедi. Оның ойынша, ғылым – тарихи ғасырдан-ғасырға дамып, тұрпайылықтан өтiп, күрделенiп жатқан құбылыс. Әрбiр жаңа пайда болған ғылым саласы өзiнiң қажеттi алғышарты ретiнде өткен сатыға негiзделедi. Бiрақ өткен сатының негiзiнде жаңа пайда болған ғылымды толығынан түсiнуге болмайды, оның өзiндiк заңдылықтары пайда болады. Конт «тарихи күрделену» анықтамасына негiздей отырып, ғылым салаларын былайша орналастырады: математика – астрономия – физика – химия – биология – социология. Осы тәртiпке сәйкес социология биология ғылымына негiзделгенмен, бiрақ адамдардың өзара iс-әрекет етуiмен байланысты жаңа заңдылықтарға ие болады. Социология ғылымының негiзгi мақсатын ол тәртiп пен өрлеудi бiр-бiрiмен ұштастыру қажеттiктерiнен шығарады. Ал ол үшiн бүкiл адамзатты бiрiктiретiн жаңа дiн қажет. Ескi әлемдік дiндер бiр-бiрiмен күресiп, адамзатты қайшылықтарға әкелдi және олардың қағидаларының көбi – жалған. Олай болса, жаңа ағарған дiн қажет – ол қазiргi өмiр сүрiп жатқан, бұрынғы тарихта болған және болашақта дүниеге келетiн адамдардан тұратын Адамзаттың өзi. Сондықтан ол адамзатқа Құдай ретiнде қарап табынуға шақырды. Конттың бұл соңғы ойын өз уақытындағы замандастары терiс қабылдағанмен, бүгiнгi таңдағы адамзатқа өте өзектi мәселеге айналуда. Өйткенi бүгiнгi таңдағы адамзат «адамның мән-мағыналық дағдарысына» келiп тiрелуде. Бүкiл адамзаттың басын бiрiктiретiн терең рухани-адамгершiлiк мағынасы бар жаңа дiн – аса қажеттi де тағдырлы нәрсе. Бiрақ ол, бiздiң ойымызша, Конттың айтқан адамзаты емес, өйткенi дүниеде сол адамның өзiн тудырған бiздiң арғы анамыз – «Ұлы мәртебелi Табиғат» бар. Оған табыну – алғашқы қауымдық қоғамда пайда болған-ды. Шамасы, алғашқы адамдар ақиқаттан онша алшақ болмаса керек. Көшпендi өмiр салтын ұстаған бiздiң ата-бабаларымыз да Табиғатқа, Тәңiрге сенгенiн бiз жақсы бiлемiз. Мыңдаған жылдардағы өткен цивилизацияның жетiстiктерiне, өмiрден алған тәжiрибеге сүйене отырып, жаңа дәрежеде табиғатты аялауға, оған табынуға, оны пір тұтуға қайта оралып қана, адамзат өзiнiң өмiрiн сақтап қалуға мүмкiншiлiк алар ма екен деген сұрақ оқтын-оқтын ойымызға келедi. 329 ХХ ғ. басындағы жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтар (радиоактивтi сәулелер, электрон т.с.с.) осы уақытқа дейiнгi беделдi механистiк классикалық физиканың негiзгi қағидаларына үлкен соққы жасады. Электрон бөлшегiнiң тұрақты салмағының жоқтығы ғалымдарды таңғалдырды. Франция елiнiң сол кездегi iрi математикғалымы А.Пуанкаре: «Олай болса, материя жойылды», – деген пiкiрге келдi. А.Эйнштейннiң салыстырмалы теориясындағы кеңiстiк пен уақыттың бiр-бiрiне өтiп, бiртұтастық дәрежеге келуiн қалай түсiнуге болады? Мұндай сұрақтарды жалғастыруға болар едi. Бұл сұрақтарға жауап беру жолында позитивизмнiң екiншi сатысы дүниеге келедi. Оның аты «эмпириокритицизм», яғни тәжiрибенi сынға алу деген мағына бередi. Негiзгi өкiлдерi – Эрнст Мах (1838-1916 жж.), Рихард Авенариус (1843-1896 жж.) т.с.с. Жоғарыда көрсетiлген жаратылыстанудағы қиындықтар бұл ағымда «тәжiрибе» деген ұғымды қайта қарауға әкеледi. Олардың ойынша, бұл ұғым материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қарама-қарсылығын жояды. Тәжiрибенiң құрамдас бөлiктерiн алып қарасақ, оның физикалық және психикалық элементтерден тұратынын байқаймыз. Егер бiрiншiсi – сыртқы тәжiрибенiң мазмұнын көрсететiн болса, екiншiсi iшкiнi көрсетедi. Ал элемент дегенiмiздiң өзi, нақтылай келгенде, адамның түйсiктерi болып шықты. Олай болса, олар субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъект жоқ деген пiкiрге келедi. Мұны олар танымдағы «түбегейлі сәйкестiк» деп атады. Әрине, субъект, яғни танымдық қабiлетi бар адам бар жерде – объект, яғни танылатын айнала қоршаған дүние бар. Нағыз ақиқаттың өзi адамның жан дүниесiнен өтiп, оның неше түрлi тебiренiстерiн туғызып, адамның осы дүниенi телегей-теңiз ретiнде қараса, соның бiр тамшысы ретiнде сезiнгенде ғана пайда болса керек. Сонымен қатар танымның бұл жақтарын абсолюттеп шегiне жеткiзсек, әрине, субъективтiк идеализм жолына түсiп кетуге әбден болады. Сондықтан марксизмде мұндай көзқарас уақытында сынға алынған болатын. Эмпириокритицизмнiң негiзгi қағидаларының бiрi – «ойлаудың тиiмдiлiгi» және ғылымда тек суреттеу идеалына жету. «Ойлау тиiмдiлiгiн олар организмнiң өз-өзiн сақтау үшiн биологиялық қажеттiктердi өтеу жолындағы бейiмделуiнен шығарады. Ғылымдағы ойлау тиiмдiлiгi «субстанция», «себептiлiк», «алғашқы негiз» т.с.с. мазмұнсыз санаттардан бас тартуды қажет етедi», – дейдi олар. Олардың орнына ғылымдағы ашылған элементтердiң өзара байланыстарын суреттесе болғаны. Сол кездегi ғылымдағы ашылған күрделi жаңалықтарға философиялық-әдістемелік тұрғыдан түсiнiк бере алмаса да, олар ХХ ғ. басында басталған ғылыми төңкерiске ғылыми қауымдастықтың көңiлiн аударды. 330 Ендi, мiне, бiз ХХ ғ. 20 жылдарында пайда болған позитивизмнiң үшiншi сатысы – неопозитивизмнiң өзiне келiп тiрелдiк. Негiзгi өкiлдерi – Мориц Шлик (1882-1936 жж.), Рудольф Карнап (1891- 1970 жж.), Людвиг Витгенштейн (1889-1951 жж.), Бертран Рассел (1872-1970 жж.) т.с.с. Неопозитивизм өкiлдерi белгiлi бiр толыққанды философиялық мектептi, ағымды құрмайды. Жалпы алғанда, ол философияның жеке ғылымдармен салыстырғандағы ерекше дүниеге деген көзқарастықәдістемелік маңызы бар пән екендiгiн мойындамайтын әртүрлi кiшiгiрiм ағымдардың жиынтығы десек те болады. Олардың ойынша, бұрынғы философия метафизиканың тартпалы батпағына батып, жалған тексерiлмейтiн ұғымдардың iшiнен шыға алмай қалды. Мысалы, Б.Рассел тек қана сезiмдiк деректердiң шынтуайттығын мойындайды. Объективтi дүниенiң өмiр сүруiн мойындағанмен, ол оның негiзiн тек қана сенiмге негiздейдi, оны ғылыми жолмен дәлелдеу мүмкiн емес. Сонымен қатар Б.Рассел эмпириокритицизмдегi сезiмдiк тәжiрибенi асыра түсiнудi қолдамай, оны математикалық логика тұрғысынан толықтыру керек деген пiкiр айтты. Олай болса, философия тәжiрибеден алынған негiзгi қағидаларды логикалық талдаудан өткiзiп қорытатын пәнге айналады. Осы логикалық позитивизмнiң келесi өкiлiн – Р.Карнапты алатын болсақ, ол математикалық логика арқылы бiлiмдегi негiзгi ұғымдардың мазмұнын, мән-мағынасын тексеруге шақырды. Ал оның негiзгi құралы – верификация (verificatio – латын сөзi, дәлелдеймiн деген мағына бередi) принципi. Тiкелей верификацияға келер болсақ, ол ғылымдағы белгiлi бiр қағидалардың өмiрдегi тәжiрибеге сәйкестiгiн анықтау болып табылады. Ал дамыған теориялардағы қағидаларға келсек, оларды тек жанама түрде верификациялауға болады. Ол үшiн сол теорияның негiзiнде жатқан элементарлық, атомарлық, протоколдық сөйлемдерге шейiн жетiп, оларды өмiрдегi сезiмдiк тәжiрибеден шығатын деректермен салыстырып тексеру қажет. Әрине, мұндай жұмыстар философия саласында iстелуi керек. Олар бұл салада көп жұмыстарды атқарды. Бiрақ қоғамдық-гуманитарлық пәндердi алсак, (әсiресе этика мен психологияны) верификация принципiнiң көп жағдайда әлсiздiгiн байқауға болады. Ал осының негiзiнде олардың бәрiн ғылымның шеңберiнен шығарып тастауға, әрине, болмайды. Бұл логикалық позитивизмнiң негiзгi кемшiлiктерiне жатады. Б.Расселдiң әлеуметтiк философиялық көзқарастарына қатысты айтсақ, ол қоғам өмiрiнде белгiлi бiр даму заңдылықтары жоқ деген пiкiрге келедi. Адамдардың iс-әрекеттерiне шешушi ықпалды көбiнесе олардың ішкі түйсіктекрі мен құштарлықтары тигiзедi. Сонымен қатар ол адамның ерiктiк өмiрге деген ынтасын терең бағалап, 331 тоталитаризмнiң қай түрiн де (сталинизм, фашизм) тұлғаны мемлекеттiң құрсауына алғаны үшiн қатты сынады. Неопозитивизмнiң екiншi түрi – лингвистикалық философияның өкiлдерiн алып қарасақ, олар философияның айналысатын негiзгi iсiн тiлдегi сөздердi, ғылыми сөйлемдердi логикалық жолмен талдаудан көредi. Л.Витгенштейннiң ойынша, философия тек қана «тiлге сын» ретiнде ғана өмiр сүре алады. Өзiнiң «Логикалық-философиялық трактаттар» деген еңбегiнде ол: «Менiң тiлiмнiң шеңберi менiң дүниемнiң шеңберiн құрайды», – дейдi. Бұл философия саласында ашылған үлкен жаңалықтардың бiрi болды, өйткенi қайсыбiр ұлттық тiлдiң құрылымы сол халықтың дүниесезiмi мен дүниені қабылдауына, керек болса, дүниеге деген көзқарасына шешушi ықпалын тигiзедi. Оны бiз қазiр «халықтың ділі» деген ұғыммен беремiз. Л.Витгенштейннiң негiзгi идеясы – тiлдегi сөздердi ұқыпты пайдалану, басқа жағдайда ол бiздi неше түрлi дерексіз ұғымдардың құрсауына қамап, адастырады. ХХ ғ. 50 жылдарынан бастап позитивизмнiң соңғы сатысы дүниеге келдi, оны постпозитивизм (соңғы позитивизм) деп атайды. Негiзгi өкiлдерi – Карл Раймунд Поппер (1902-1994 жж.), Томас Самюэль Кун (1922 ж.), Имре Лакатос (1922-1974 жж.), Пауль Фейерабенд (1924 ж.) т.с.с. К.Поппер ғылымның дамуындағы верификация принципiнiң жеткiлiксiз екенiн көрсетедi. Ғылымның дамуында пайда болған ешқандай теория «соңғы ақиқат» емес, күндердiң бiр күнiнде ол терiске шығарылуы мүмкiн. Олай болса, ғылымдағы қағидалардың терең табиғаты – олардың болжамдығында, қателiк кету мүмкiндiгiнде. Оны ол фаллибилизм (қателiк) дейдi. Ғылымдағы бiлiмнiң дамуы, негiзiнен алғанда, неғұрлым әртүрлi гипотезалардың көбiрек ұсынылуымен бiрге оларды фальсификациялаумен (терiске шығаруға тырысу, оған қарсы бағытталған пiкiрлердi ұсыну) байланысты. Сонда ғана ғылым дүниетану жолында тереңдей түседi. Өзiнiң жалпы дүниеге деген көзқарасында ол «үш әлем» теориясын ұсынады. Олар: физикалық әлем, яғни бiздi айнала қоршаған дүние. Келесi – ментальдық әлем (Платонның «идеялар әлемiне ұқсас). Үшiншi әлем – адамзат жеткен шынтуайтты өмiр сүретiн бiлiм әлемi (Ортағасырдағы Ибн-Роштың адамзат интеллектiне ұқсас). К.Поппердiң ойынша, философия ғылым емес, өйткенi оның негiзгi қағидаларын фальсификациялауға болмайды. Бiрақ ол адамға өмiрдiң мән-мағынасын ашып, сондағы адамның алатын орнын көрсетуге тырысады. Сол үшiн ол философияны биiк бағалайды. Өзiнiң әлеуметтiк философиясында К.Поппер адамзат тарихында ешқандай заңдылықтар болған емес деген пiкiрге келедi. Осы тұрғыдан ол марксизмдi, әсiресе «коммунизм» идеясын қатты сынға алады. 332 К.Поппердiң идеялары И.Лакатосқа зор әсерiн тигiздi. Ғылымның тарихи дамуын зерттей келе, ол «ғылыми зерттеу бағдарламасы» атты танымдық әдістемені ұсынады. Қайсыбiр кемелiне келген ғылымда өне бойы жаңа теориялар пайда болып, бiр-бiрiн ауыстырып жатады. Ал оның өзi сол ғылымдағы қабылданған «зерттеу ережелерiмен» тығыз байланысты. Олардың бiреуi (оң эвристика) болашағы бар зерттеу жолдарына сiлтесе, келесiлерi (терiс эвристика) қай зерттеу жолдарынан аулақ болу керек екенiн көрсетедi. Қайсыбiр «ғылыми-зерттеу бағдарламасының» iшкi бұзылмайтын «қатты өзегi» болады, оған iргетасы терiске шығарылмайтын қағидалар ғана кiредi. Ал оны қоршап тұрған «қорғайтын шеңберге» келер болсақ, ондағы гипотезалардың негiзгi функциясы бағдарламаның өзегiн қорғау болып табылады. Бiрақ гипотезалар фальсификацияланып жартылай, я болмаса толығынан жоққа шығарылуы мүмкiн. Онда оның орнына жаңа гипотеза келедi. «Ғылыми-зерттеу бағдарламасының» ары қарай өрлеу мүмкiндiгiн қалай анықтауға болады? И.Лакатостың ойынша, егер бағдарламаның теориялық өсуi оның эмпириялық өсуiнен алда жүрсе, яғни теориялық түрде болашақта ашылатын кейбiр деректердi болжай алсақ, онда ол – өрлеу үстiнде. Ал жаңа ашылған деректердi соңынан теориялық түрде жалпылау, түсiну дегенiмiз – ол бағдарламаның сарқылғанын, жақын арада оның басқа «ғылыми-зерттеу бағдарламасына ауыстырылатынын көрсетедi. Ғылымның даму тарихы – неше түрлi зерттеу бағдарламаларының бiр-бiрiмен сайысқа түсуi, олардың эвристикалық мүмкiндiктерiнiң ашылуы. Ғылымның iшкi және сыртқы тарихы бар. Iшкi тарихқа идеялар мен әдістемелердің бiр-бiрiн ауыстыруы жатса, сыртқы тарихына ғылымды ұйымдастыру формалары мен ұлы тұлғалардың қызметi жатады. Постпозитивизмнiң келесi iрi өкiлi – Томас Кун. Ол ғылым философиясы ағымына жатады. Ғылым дегенiмiз – белгiлi «ғылыми қауымдастықтың» басын қосып бiрiктiретiн әлеуметтiк институт. Олар белгiлi бiрегей теория, әдістеме, дүниеге деген көзқарас ұстаған, нақтылы ғылыми нормалар мен құндылықтарды мойындаған қауым. Олардың бәрiн бiрiктiретiн – ғылымдағы парадигма. Өзiнiң «Ғылыми революциялардың құрылымы» деген еңбегiнде Т.Кун: «Парадигма деп мен ғылыми қауымдастыққа белгiлi бiр уақыттың шеңберiнде ғылыми мәселелердi шешу жол-дарын көрсететiн барлығының мойындаған ғылыми жетiстiктерiн айтамын», – дейдi. Парадигма белгiлi бiр ғылыми қауымдастықтағы әдістер мен iзденiс жолдарын, ғылыми ахуалдың қайнар көзiн құрайды. Ғылыми теорияға келер болсақ, ол парадигмаға қарағанда анағұрлым төменгi дәрежеде, өйткенi қайсыбiр 333 теория белгiлi бiр парадигманың шеңберiнде пайда болады. Оны басқа парадигманың шеңберiнде түсiну қиын. Ол үшiн оны қайта қарау керек. Т.Кун парадигмаға соңынан екiншi атау бередi – ол дисциплинарлық (пәндiк) матрица (негiз). Оның негiзгi элементтерi ретiнде ол символдық жалпылау үлгiлерiн, тұжырымдық үлгілерді, ғылыми қауымдастық мойындаған құндылықтарды және ғылыми тұрғыдан шешiлген үлгiлердi қарастырады. Ғылымдағы белгiлi бiр парадигманың үстемдiгi оның дамуының жақсы деңгейде екенiн көрсетедi: бiртебiрте тәжiрибелiк деректер жиналып өңделедi, зерттеудiң жолдары қарастырылып жетiледi т.с.с. Бiрақ ол өне бойы олай болмайды, кейбiр ғылымда ашылған жаңа деректер бұрынғы парадигманың шеңберiнде түсiнiлмейдi, ғылымдардың арасында күмәндану, бұрынғы парадигманың құндылықтарына сенiмсiздiк пайда болады. Ғылымның дамуында дағдарыс орын алып, ол жаңа парадигмалардың пайда болуына, бiр-бiрiмен күреске түсуiне әкеледi. Осының нәтижесiнде бiр жаңа парадигма жеңiске жетiп, ғылыми қауымдастық оның құндылықтарын мойындап, нәтижелi зерттеулер жүргiзе бастайды. Сөйтіп, бәрi де тағы қайталанады. Ғылымның дамуына деген мұндай тарихи көзқарас неопозитивизмнiң көп ағымдарына қарсы болды. Сонымен қатар Т.Кунның екiншi жетiстiгi – ол тәжiрибелiк деректердiң неопозитивизмдегi басымдылығын терiске шығарып, ғылымда парадигмаға тәуелсiз деректердiң жоқ екенiн дәлелдедi. Парадигманы игерген ғалым деректердiң бәрiн соның «сәулесi» арқылы көредi. Деректер теорияны сынамайды, керiсiнше, теория қандай деректердi тәжiрибеге енгiзу керек екенiн пайымдап, анықтайды. Постпозитивизмнiң келесi өкiлi Пауль Фейерабендтiң ойынша, ғылымда әрқашанда мойындалған теорияларға қарсы бағытталған теориялар жасалуы керек, сонда ғана олардың арасында өзара бәсекелестiк пайда болып, ғылымның дамуы тездейдi. Ғылыми теорияларда пайдаланылатын терминдер әрбiреуiнде тек өзiне ғана тән мазмұнға ие болады. Бiр теориядағы терминдер екiншi теорияға енгiзiлсе, олардың мазмұны дереу өзгередi. Сондықтан оларды бiр-бiрiмен салыстырып баға беру мүмкiн емес. Олай болса, әрбiр ғалым өзiнiң теориясын жасауға мүмкiндiк алады. Бәсекелестiктiң негiзiнде жеңiске жеткен теория ақиқатқа жақын, я болмаса оған сәйкес келгенiнен емес, ол – соны қолдайтын қауымның насихатының жемiсi. Олай болса, ғылым – қоғам өмiрiндегi басқа идеологиялық институттар сияқты: оның дiн, миф, философия т.с.с. айырмашылығы шамалы. Сондықтан олардың бәрi де тең құқылы болуы қажет. Бұл қорытынды неопозитивизм ағымының шығармашылық әлеуетінің сарқыла бастағанын көрсетедi. Дегенмен неопозитивизм шеңберiндегi әр ағымның өз жағымды жақтары бар – олардың бәрi де ғылым философиясында кеңiнен пайдаланылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет