Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»



бет65/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
Философия

И.Канттыѕ моральдыќ философиясы.


Ендi И.Канттың теориялық зердесiнен өтiп, оның практикалық философиясына көшуге уақыт келдi. «Практикалық зерде» деп ол моральдық салаға әртүрлi принциптер мен нормалар беретiн зерденiң қабiлетiн айтады. И.Канттың ойынша, «Ерiктiктiң негiзiнде болуы мүмкiннiң бәрi практикалық зердеге жатады». И.Кант өзiнiң философиясында моральдық саланы ғылыми салаға қарағанда анағұрлым жоғары қояды, өйткенi моральдық сала өз-өзiне жеткiлiктi, автономиялық ахуалда өмiр сүредi. Мораль адамды дүниеде болып жатқан емес, болуға тиiс биiктiктерге итередi. Адамның әртүрлi сезiмдерiнен шығатын тiлек, өзiме ғана болсын деген ойдан шығатын iс-қимыл, пайдакүнемдікті көздейтiн әрекет – мұның бәрi де моральдық салада есепке алынбауы керек, өйткенi оның бәрi де күнбе-күнгi күйкі өмiрлiк тәжiрибеден пайда болады. Практикалық зерде априорлық жолмен өз-өзiне моральдық принциптердi ұсынады: біз өмiрден емес, тек таза моральдық ерiктен шығатын нормаларды басшылыққа алуымыз керек. Мұндай көзқарасты парыз этикасы деп айтуға әбден болады. Заңға сыйымды және моральдық iс-әрекеттер Адамды белгiлi бiр iс-әрекетке итеретiн тәртiп ережесiн И.Кант императив дейдi. Оның екi түрi бар. Бiрiншiсi – болжамдық талаптар. Олардың ережелерi өмiрде қалыптасатын нақтылы жағдайларға байланысты, ал соңғылар әрқашанда өзгерiсте. Болжамдық талаптар, адамның сыртқы, яғни гетерономдық жүрiс-тұрысын ғана анықтайды, оның iшкi мотивтерiн есепке алмайды. Мысалы, «егер сатып алушылардан айырылып қалғың келмесе, онда сауда-саттықта олармен адал бол», «егер өзiңе пайда болсын десең, онда басқаларға қызмет ет» т.с.с. Мұндай ережелерге сай жүрiс-тұрыс, әрине, құпталады. Сонымен қатар олар орындалмаған жағдайдағы жазалау мүмкiндiгi де адамға өз әсерiн 208 тигiзбей қоймайды. Мұндай жүрiс-тұрысқа И.Кант легальды, яғни заңға қарсы емес деген ат қояды. Императивтердiң екiншi түрi – ол үзілді-кесілді қатаң императивтер – оның ережелерiнiң түп-тамыры моральдық салаға кетедi. Оның талаптары үзiлдi-кесiлдi, қажеттi түрде әрқашанда орындалуы керек. Оның талаптары өмiрден алынған тәжiрибеден емес, адамның трансценденттiк табиғатынан шығады. Ол ешқандай «егер» деген сөзден басталатын тәртiп тәжiрибесiн мойындамайды. Сонымен қатар болжамдық талаптар моральдық ережелерге қарағанда төмен болғанымен, соңғыларға қарсы емес. Мысалы, егер суға батып бара жатқан адамды құтқарған кiсi сол үшiн сый алу мақсатымен суға түссе, онда оның iс-әрекетi легальды. Ал ондай есеп болмай, тек қана парыздың негiзiнде, өз өмiрiн ойламай, басқа адамды судан шығарамын, өлiмнен құтқарамын деген оймен суға тап берген адамның iс-әрекетi – моральдық. Сонымен, заңға сыйымдылық пен моральдықтың шекарасы адамның iшкi сана-сезiмi арқылы өтедi екен. Ендi сол И.Канттың моральдық салада жасаған қатаң талабын талдайық. Ол былайша берiлген: «әрқашанда жүрiс-тұрысыңның ережесi бүкiл адамзаттың талабына сай келсiн», яғни сенiң орныңда сол жағдайда басқа адам болса, ол да солай iстер едi. Қатаң талаптарды орындау жолында адам ешқандай пайдақорлықты iздемеуi керек. Тек басшылыққа басқа адамдар алдындағы парызымызды алуымыз қажет. Үзілді-кесілді қатаң талаптың екiншi ережесi «әрқашанда адамзатқа, – ол өзiң, иә болмаса басқа адам болса да, – ешқашанда құрал ретiнде қарама, әрқашанда оны мақсат тұт». Адам – бұл дүниедегi ең биiк құндылық, оны басқа еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл ұлы гуманистiк принцип кез келген дiндегi адамды төмендететiн қағидаларға қарсы бағытталған. Оны И.Канттың моральдық философиясының күштi жақтарына жатқызуға болады. Ал ендi И.Канттың моральдық философиясының әлсiз жақтарына келер болсақ, ол парыз бен бақытты бiр-бiрiне қарсы қояды. Егер мен басқа адамға жақсылықты оны сүюдiң, жақсы көрудiң негiзiнде жасасам, онда ол iс-әрекет өзiнiң моральдық жағын жояды. Моральдық жолда адам тек қана парызды басшылыққа алуы қажет. И.Канттың ойынша, тек қана «Парызды орындадым» деген ой ғана адамды өзiн бақыттымын деген сезiмге әкеледi. «Парыз, сен сәулеттi, ұлы сөзсiң!» – деп қорытады И.Кант. Әрине, адамдардың қарым-қатынасында, олардың iшкi ойлары мен сезiмдерi үлкен орын алады және адамдар оны аса бағалайды. Бiрақ нақтылы жасалған iс-әрекеттi де естен шығармаған жөн. Нақтылы күнбе-күнгi өмiрде бiз бiреудi сүйемiз, екiншiнi жек көремiз, үшiншiнi 209 сыйлаймыз т.с.с. Адамның сезiм тебiренiсінсiз ешқандай қарым-қатынас жоқ, олай болса, мораль саласынан адамның сана-сезiмiн алып тастау тек қана дерексіз теорияда ғана болса керек



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет