Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»



бет13/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65
Байланысты:
Философия

Иррационализм- табиғат, мәдениет құбылыстарын, адамгершілік бастауларын байқататын методологиялық принцип, әдістанушылық кағида. Ирония ағымын ұстанған ғалымдар К Ясперс, К.Юнг және тағы баскалар. Мәдениеттің табиғаты, оның ерекшелігі туралы иррационалистік таным Ницше, Бергсондардың "өмір философиясында", Ясперс, Сартр сияқты экзистенциалистердің еңбектерінде қалыптасты.[2]

Индивидуализм


Индивидуализм - адамның, тұлғаның автономдық еріктігіне (бостандығына) ерекше құндылық беретін саяси және әлеуметтік- философиялық ілім. Оның негізінде үш принцип жатыр деуге болады: барлық құндылықтар адамда түйіседі (тоғысады), яғни олар адам болмысымен салыстыра тексеріледі; тұлғаның өзімен- өзі мақсат және жоғары құндылық болады, ал қоғам жеке индивидтердің мақсаттарына жетуінің құралы ғана болып саналады; барлық индивидтер моральдық тұрғыдан тең және ешкім ешқашан басқаның әл-аухатына жетуінің тек құралы ретінде пайдаланылмауы керек.Индивидуализмнің өзіндік тарихы бар. Әрқашанда ол оқиғалардың құбылмалы жүрісі мен қолайсыз тағдырдан адамның рухани тәуелсіздігін негіздеу үшін (эпикуреизм, стоицизм, скептицизм), адам өмірінің құндылығын және адамның абыройын бекіту үшін (Қайта Өрлеу дәуірі), әлеуметтік тәуелділіктің барлық формаларынан босату үшін пайдаланылды. Осы жолда адамның жеке белсенділігін өрістетуге, моральдық таңдау мен өзін-өзі анықтау еркіндігіне, өзінің жүріс-тұрысына жауапкершілікті көрсетуге мүмкіндік туғызып, жағымды роль атқарды.
Индивидуализм кез келген авторитеттерге және тұлғаға бақылаудың, әсіресе егер мұндай әрекеттер мемлекет тарапынан болса- кез келген формаларына қарсы, яғни оппозицияда болады. Бірақ тек экстремистік пиғылдағы индивидуалистер анархияның (бассыздықтың) жақтаушылары болады. Индивидуализмнің де шегі, мөлшері бар. Егер бұл принцип абсолюттендірілсе, онда ол эгоизмге, волюнтаризмге, анархизмге, жеке басынушылық пен жауапсыздыққа соқтырады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет