Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»


И. Кант философиясы. И. Канттыѕ таным теориясы



бет2/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Философия

И. Кант философиясы. И. Канттыѕ таным теориясы.

И.Канттың гносеология (таным) саласында жасаған «коперникандық төңкерісі» «мен нені біле аламын?» деген сұраққа жауап 204 беруiнен шығады. Бiрiншiден, И.Кант бiлiмдi екiге бөледi. Олар тәжiрибелiк (апостериорлық) бiлiм және априорлық (яғни тәжiрибеден бұрын, таза, оны тiптi туа бiткен деген мағынада да түсiнуге болады, өйткенi ол тәжiрибеге дейiн бiзге берiлген). И.Канттың таным теориясындағы тағы да жиi кездесетiн санаттар – ол трансцендентальдық және трансценденттiк. Трансцендентальдық деп И.Кант тәжiрибенiң алдында және сол тәжiрибелiк танымның мүмкiндiгiн жасайтын ұғымдарды айтады. Ал трансценденттiк деп тәжiрибелiк шеңберден шығып кетуге ұмтылған, оның ар жағында жатқанды айтадыИ.Канттың танымдық теориясы түйсiктер арқылы берiлетiн әртүрлi құбылыстардан басталады. Оларды белгiлi бiр ретке келтiретiн априорлық сезiмдiк аңдау формалары бар. Олар – кеңiстiк пен уақыт. И.Канттың ойынша, кеңiстiк пен уақыт – белгiлi бiр сапасыз, бiртектi және шексiз созылымдар. Сезiмдiк байқаудың таза формалары (трансценденталилер) ретiнде олар идеалды, ал материалдық тәжiрибемен қосылған кезде шынайы болып келедi. Егер кеңiстiк байқаудың априорлық сыртқы формасы болса, уақыт априорлық iшкi формасына жатады, өйткенi уақыт адамға сырттай берiлмеген, бiз оны тек iштей санау арқылы ғана сезiне аламыз. И.Канттың ойынша, кеңiстiк пен уақытты аңдау математика ғылымының қайнар көзiн құрайды. Егер геометрияның негiзiнде кеңiстiк жатса, арифметика мен алгебраның негiзiнде уақыт жатыр, 205 өйткенi сандарды есептеу, бiрiнiң соңынан екiншiсiн келтiру уақыт шеңберiнде оларды санауды қажет етедi. Алайда сезiмдiк байқау, қайсыбiр одан шығатын тәжiрибе әрқашанда кездейсоқтық, ал бiлiм жалпымағыналық және қажеттiлік, заңдылық дәрежесiне көтерiлуi керек. Оған жететiн жол – априорлық ақыл-ой формалары, оларды И.Кант санаттар дейдi. Ол санаттардың қайнар көзiн тәжiрибеден шығармайды, олар да кеңiстiк пен уақыт сияқты, априорлық табиғатымен сипатталады. И.Канттың сараптауы бойынша ақыл-ойдың априорлық санаттарына сан, сапа, қарымқатынас, модальдық т.с.с. жатады. Әңгiменiң ғажаптығы – И.Кант осы көрсетiлген санаттарды үштiк арқылы келтiредi. Мысалы, сан санатын «бiрлiк», «көптiк», «бiртұтастық» арқылы, сапаны «реалдық» (шынайылық), «терiстеу», «шектеу» т.с.с. шығарады. И.Кант философия саласында Жаңа дәуiрде алғаш рет санаттардың таным жолындағы аса үлкен рөлiн көрсете бiлдi. Сөйтіп, категориялар арқылы бiз сезiмдiк аңдаумен алынған дүние жөнiндегi қабылдауларды қажеттiлiк, жалпымағыналық дәрежеге көтеремiз. И.Канттың айтуына қарағанда, сезiмсiз бiрде-бiр зат бiзге берiлмеген болар едi, ал ақыл-ойсыз бiрде-бiр нәрсенi ойлауға болмас едi. «Ойлау сезiмсiз – бос, аңдау ұғымдарсыз – соқыр». Ал осы адамның екi қабiлетiн бiр-бiрiмен қоссақ, онда бiз толыққанды бiлiм дәрежесiне көтерiле аламыз. Оны И.Кант тәжiрибе дейдi. Сонымен субъект санаттар арқылы заңдылық пен тәртiптi құбылыстарға берiп, оны табиғат деп атайды. Адам – табиғатқа заңдылық берушi. Мұндай көзқарасты, әрине, субъективтiк-идеалистiк философия деп айтуға әбден болады. И.Канттың бұл саладағы негiзгi кемшiлiгi – адамның дүниетанымдағы ой белсендiлiгiн асыра көрсетуiнде. Әрине, таным үдерісінде адамның шығармашылық iс-әрекетi үлкен рөл атқарады. Осы шығармашылық iс-әрекеттiң негiзiнде адамзат «екiншi» тағы табиғатқа қарсы тұрған дүниенi жасайды. Алайда бiз бұл «екiншi» табиғаттың тек алғашқы табиғаттың негiзiнде ғана пайда болатынын естен шығармағанымыз жөн. И.Канттың таным теориясын ары қарай жалғастырсақ, онда бiз оның тәжiрибелiк танымның әрқашанда толық емес екендiгi жөнiндегi ойын байқаймыз: трансценденттiк әлемге ақыл-ой жете алмайды. Ал бiрақ адамның санасында ещқашанда жойылмайтын бүкiл дүние жөнiнде «соңғы ақиқатқа» деген құштарлық бар. Ал мұндай iстi өзiнiң мойнына ақыл-ой емес, зерде алады. Егер ақыл-ой қабiлетi арқылы бiз санаттық ғылыми таным дәрежесiне көтерiлсек, зерде арқылы бiз толыққанды танымның «соңғы кiрпiшiне» дейiн көтерiлуге тырысамыз. Сананың шексiздiкке деген құштарлығын зерде шешкiсi келедi. И.Кант, жалпы алғанда, ақыл-ой мен зерденi адамның ойлау қабiлетiнiң екi бұтағы ретiнде қарайды. Егер 206 ақыл-ой дүниедегi құбылыстарды зерттеп, оларды ретке келтiрсе, зерде құбылыстың ар жағында жатқан өзiндiк заттың iшкi сырын ашқысы келедi. Зерде ақыл-ой шеңберiнен аттап, трансценденттiк әлемге өтуге тырысады. Ақыл-ой мен зерденiң арасындағы айырмашылықты жете көрсету үшiн И.Кант «идея» ұғымын қолданады. Ақыл-ой санаттарды қолданса, зерде идеяларды басшылыққа алады. «Қайсыбiр адамның дүниетануы аңдаудан басталып, ұғымдарға өтедi де, идеялармен бiтедi». Яғни идеялардың өрiсi ғылыми санаттардан кең, ол – метафизикалық санаттар. Идеялар арқылы бiз тәжiрибенiң ар жағына өткiмiз келедi, бiрақ ол iс-әрекетiмiз бiздi нәтижеге әкелмейдi. «Идеялар жетiлгендiк, кемелiне келгендiктi көрсетедi, оған жақындауға болғанмен, бiрақ толығынан жетуге болмайды», – деп қорытады ұлы ойшыл. Ал зерде ұстай алмайтынды ұстағысы, шешiлмейтiндi шешкiсi келедi. И.Канттың ойынша, идеялардың үш түрi бар: жан-дүние, әлем және Құдай мәселелерi. Әлем мәселесiне келер болсақ, ол жөнiнде И.Кант төрт тұжырым жасап, оған қарсы тұрған төрт пiкiр келтiредi. Ойшыл оны антиномия дейдi, өйткенi бiрiншi тұжырым мен оған қарсы бағытталған тұжырымның екеуi де тең дәлелденедi. Осының әсерiнен зерде шешiлмейтiн қайшылыққа келiп тiреледi. И.Канттың төрт космологиялық идеясын осы жерде келтiрейiк: 1. Әлемнiң басталған уақыты мен кеңiстiктегi шеңберi бар. Ол шектелген. 1. Әлемнiң уақыттық шеңбердегi басы және кеңiстiктегi шеңберi жоқ. Ол – шексiз. 2. Әлемдегi қайсыбiр күрделi субстанция тұрпайы бөлшектерден тұрады. 2. Бiрде-бiр күрделi зат тұрпайы бөлшектерден тұрмайды. Дүниеде бiрде-бiр тұрпайы нәрсе жоқ. 3. Дүниедегi құбылыстардың бәрiн шығаратын табиғаттың заңдылықтарының негiзiндегi себептiлiк жалғыз емес. Кейбiр құбылыстарды түсiну үшiн ерiктi себептiлiктiң бар екенiн мойындау қажет. 3. Дүниеде ешқандай ерiктiк жоқ. Дүниедегiнiң бәрi тек қана табиғи заңдылықтардың негiзiнде өмiр сүредi. 4. Дүниеге оның бiр бөлшегi, я болмаса себебi ретiнде жататын сөзсiз қажеттi мән болуы керек. 4. Еш жерде абсолюттi қажеттi мән – дүниеде де, дүниенiң сыртында да – себеп ретiнде жоқ. 207 Әрине, И.Канттың жоғарыда көрсетiлген антиномияларында iргелі философиялық мәселелер көтерiлген. Антиномияларда қарама-қарсы жатқан тұжырымдар өте өткiр түрде берiлген, сондықтан оларды диалектикалық тұрғыдан шешуге итередi. Оның қойған бұл мәселелерiн болашақта Г.Гегель диалектикалық тұрғыдан шешуге тырысады. Сонымен, Жаңа дәуiрде И.Кант Қайта өрлеу заманындағы ғалымдардың iлiмдерiн жаңартып, таным жолындағы қайшылықтың маңыздылығын әлемге паш еттi.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет