Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»



бет37/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65
Ќўќыќ философиясы.

Келесі қоғамның құндылықтары – еркіндік пен теңдік. Кеңес Одағы заманында теңдік құндылығы жөнінде қаншама кітаптар мен мақалалар жазылып, болашақ коммунистік қоғамның өзегі ретінде қаралды. 1985 ж. жарияланған «қайта құру» саясатынан осы уақытқа дейін еркіндік ұраны (либерализм) қоғамдық ақпарат құралдарының өзекті мәселесіне айналды. Егер бұрын партия-кеңес қайраткерлері теңдік ұранымен бүркемеленіп, өз мүдделерін іске асырса, бүгінгі «либералдар» теңдікті таза ұмытып, еркіндік ұранын пайдаланып, ұлттық байлықты жекешелендірді. Бұл – саяси сахнадағы көріністер. Енді біз бұл құндылықтарды философиялық тұрғыдан талдап көрелік. Біріншіден, назар аударатын нәрсе – әрбір қоғам өз даму деңгейіне сәйкес еріктік пен теңдіктің белгілі бір мөлшерін анықтап, өмірге енгізеді. Тұрпайы қарапайым сана деңгейінде еріктікті «ойыма не келсе, соны істеймін» дегенге теңестіреді де, теңдікті «барын тең бөліп берумен» шатыстырады. Ал шынайы өмірде ондай еріктік пен теңдік ешқашанда тарихта болмаған және болашақта да болмайды. Абсолютті (шегіне жеткен) еріктік адамның басқаларға тәуелділігін жойып, оны жалғыздықтың тұңғиығына әкелген болар еді. Екіншіден, ондай 512 еркіндік абсолютті теңдікпен ұласып, бір-бірін жойып (аннигиляция) жіберер еді. Сондықтан француз ойшылы А.Камю ондай еркіндікті «құзға бара жатқанын байқамайтын соқыр» адамға ұқсатты. Әрине, еркіндік – адамның тектік қасиеті, адам еріктікке жаратылған пенде. Еркіндіктің негізінде ғана адам шығармашылық дәрежеге көтеріліп, өз бойындағы қабілеттерін, талантын іске асыра алады. Адамды зорлап шығарма тудыруға итеру мүмкін емес. Өйткені оған шабыт керек. Ал зорлық пен шабыт – бір-бірімен ымыраласпайтын нәрселер. ХХI ғ. қойған талаптарына сәйкес даму үшін әр адамның еркін шығармашылық еңбегі керек. Ол үшін білімнің биік шыңдарына жету қажет. Сонымен қатар адамның теңдікке деген ұмтылысы да тарихтың қозғаушы күштеріне жататынын ескерген жөн. Теңдік рухы кең етек алған қоғамдарда адамдар өз абыройын, намысын (мен ешкімнен де кем емеспін деген сезім) жоғары деңгейде сезінеді. Яғни ол сезім де адамның шығармашылық іс-әрекетіне жол ашады. Тәуелсіз елге айналып, өз мемлекет іргесін қалау барысында бұрынғы тұрпайы теңдікке негізделген қоғамды еркіндікке баулуда біз біршама қиындықтардан өттік. Біріншіден, лезде жарияланған еркіндік ұранын пайдаланып қалған белсенділердің саны аз болды да, талай жылдар «жоғарыдан түсетін бұйрықтың» негізінде өмір сүрген көпшілік жаңа жағдайға таңырқап қарап, өз қамын іске асыра алмай қалды. Тек талай зардаптан өткен қалың бұқара жаңа өмірге біртебірте бейімделіп, біршамасы іскерлік танытып, нарық-тың қойнауына кіріп жатқан жағдай бар. Жас мемлекеттің шағын және орта іскерлікті дамыту саясаты да халықтың еркіндікті сезініп, шығармашылық еңбегін оятуға өз септігін тигізді. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе – еріктік шеңберін сапалы заңдар арқылы анықтап, өмірге енгізу болмақ. Саясаттану тілінде оны «адам құқықтары» дейді. Сонымен қатар еркіндік ұранын алға тартып, ойына не келсе, соны істегісі келетіндерге, әсіресе қоғам өміріндегі қайшылықтарды пайдаланып, барыне «қара күйе жағып», билікке ұмтылғандарға заң жүзінде тосқауыл қойылуы керек. Әсіресе керекті нәрсе – бұрынғы қоғамның көп жетістіктерін қараламай, жаңа өмірге енгізу, соның ішінде халықтың санасында өшпес орын алған теңдік сезімді тек заң жүзінде ғана емес, моральдық құндылық ретінде сақтап қалу керектігі. Сонда ғана қоғамның шынайы демократизмін көруге болады. Халықтың санасында терең ұялаған келесі құндылық – әлеуметтік әділеттілік. Бұл құндылық, сайып келгенде, еркіндік пен теңдіктің өлшемін, бірлігін құрайды. Әлеуметтік әділеттілікті тұрпайы теңдікке теңеуге болмайды. Өйткені адамдар туа келе әртүрлі, жүре келе олардың бойындағы айырмашылықтары да өсе бастайды. Өздерінің 513 іскерлігі мен тапқырлығына байланысты адамдар әртүрлі деңгейде өмір сүреді. Солай десек те, ақыл-ойымызбен оны түсінсек те, әділеттілік сезім көп нәрселерді өзгертуге ұмтылдырады, өйткені ол адамның жүрегінде ұялаған. Ақыл-ой мен жүрек ақиқаттарының арасында біршама айырмашылықтар бар, кейбір жағдайда жүрек шындығы тарихи көкжиекті дәлірек сезінеді. Әділеттілік сезім кемтарларға қол ұшын беруді, әлі ересек өмірге кірмеген жастардың өмір бастамасының тең болуын талап етеді. Расында да, әлі өмірге ешқандай үлес қоспаған жастардың арасындағы әлеуметтік айырмашылық болашақ азаматтың жүрегінде көпке дейін жазылмайтын жара қалдырады. Әлеуметтік әділеттіліктің талаптарын іске асыруда мемлекеттің рөлін асыра бағалау қиын. Гегель айтқандай, «мемлекет – адамгершілік идеясының шынайы болмысы», өйткені оның негізгі мақсаты – қоғамның біртұтастығын қамтамасыз ету, төмендегі әлсіз әлеуметтік топтарға қамқорлық жасау. Тәуелсіз жас мемлекет алғашқы қадамынан бастап, өзінің «әлеуметтік» мәнін шынайы түрде көрсете білді. Экономикадағы сан қилы қиындықтарға қарамастан, зейнеткер, мүгедектер т.с.с. әлсіз топтарға уақытында жәрдемақылар төленіп, олардың көлемі жыл сайын өсуде. Сонымен қатар қоғам өмірінде мейірімділік, қайырымдылық рухы әрбір азаматтың ішкі дүниесіне айналуы керек. Бүгінгі таңда неше түрлі қайырымдылық қорлар әлсіз топтарға көмек беріп, оларға моральдық қолдау жасайды. Іскер топтардың өкілдері де бұл игі істерге жыл сайын көбірек үлес қосуда. Талай жылдар бойы қорланып қалған қиын әлеуметтік мәселелердің бәрін шешуге біршама уақыт керектігі айдан анық. Әлеуметтік әділеттілік талаптарын мемлекетпен қатар, бүкіл қоғам болып жұмыла шешу керек. Жоғарыда көрсетілген құндылықтарды өмірге енгізудегі құқық нормаларының орны ерекше. Жалпы алғанда, құқық деп біз әлеуметтік нормалар мен қарым-қатынастардың мемлекеттің күшімен қорғалатын, сондықтан олардың талаптары жалпыға бірдей қадағаланатын ерекше түрлерін айтамыз. Олай дейтін себебіміз – қоғам өмірінде басқа да әлеуметтік нормалар бар, мысалы, діни, моральдық, эстетикалық т.с.с. Құқық құндылықтары – цивилизациялық даму деңгейінің туындысы, өйткені олардың өмір сүруі мемлекетпен тығыз байланысты. Негізінен, оларды екіге бөлуге болады. Біріншісі – табиғи құқықтар. Олардың ішіндегі іргелі негізгі құндылық – адамның өмір сүруге деген құқы. Ешбір адам, қандай лауазымды болса да, мекеме т.с.с. бұл құқыққа қол сұға алмайды. Келесі құқық – адам еріктігі, өйткені ол – тағы да оның рухани пенде ретіндегі тектік қасиеті. Теңдік құқы да осыларға жатады, өйткені барлық адамдар бұл дүниеге бірдей келіп, соңында кетеді. 514 М.Вебердің айтуына қарағанда, табиғи құқықтар деп мемлекет қабылдайтын заңдарға қарсы қойылатын, олардан жоғары тұрған әділетті құқықтар жөніндегі түсініктерді айтуға болады. Теологиялық көзқарастар оларды Құдайдың даналығы мен еркі арқылы адамдарға берілген құқықтар деп есептейді. Мысалы, Ортағасырда өмір сүрген А.Августин оларды қайсыбір қоғамдағы тәртіптің негізінде жатқан, әділеттіліктің өлшемін құрайтын Құдайдың құдіретті күшінен туған «мәңгілік заң» ретінде қарайды. Рационалдық философия шеңберінде табиғи құқықтарды адамның парасатты ой-өрісінен шығарады. Кейбір ағымдар табиғи құқықтарды адамның терең ішкі дүниесінде жатқан психикалық бастауларынан көреді. Қалай дегенде де, қазіргі өмір сүріп жатқан мемлекеттердің қайқайсысы да адамның негізгі табиғи құқықтарын мойындайды. Сонымен қатар құқық құндылықтарының пілдей бөлігі мемлекеттік заңдар арқылы берілген. Әдебиетте оларды позитивтік (оң) құқықтар дейді. Тарихи заңдар таптық қоғам дүниеге келген кезде алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде қалыптасқан әдет-ғұрыптарды жаңа жағдайға сай етіп өзгертіп, оларға мемлекеттік қолдау беру арқылы дүниеге келеді. Заңдардың екінші қайнар көзі – сот шешімдері – әдебиетте прецеденттік құқықтар деп аталады. Мысалы, Англияда осы уақытқа дейін ол заңды дамытудың негізгі құралы ретінде пайдаланылады. Соңғы ең кең тараған әдіс – заңдарды шығармашылық жолмен тудыру. Ол үшін арнайы мемлекет билігінің тармағы – парламенттер жұмыс істейді. Құқық пен заң ұғымдары бір-біріне өте жақын, бірақ тең емес. Заңды тудыратын адамдар, ал олардың қол астынан шығатын бірде-бір нәрсе кемшіліксіз болмайды. Біріншіден, қоғам өміріндегі шым-шытырық байланыстардан тұратын қатынастардың барын заңдық нормалар қамти алмайды. Екіншіден, заңда әртүрлі жағдайда өмір сүріп жатқан әлеуметтік топтардың мүдделері қамтылуы керек. Қайсыбір мемлекетте ол көбінесе дәулетті топтардың пайдасына шешіледі, өйткені олардың парламенттегі өкілдері заң шығару барысында бар күштерін сол топтардың мүдделерін заң арқылы бекітуге жұмсайды (саясаттануда оны «лобби» – қолдаушылар дейді). Құқық құндылықтарының келесі ерекшелігі – олар саясат пен моральдың талаптарын бір-біріне ымыраға келтіретін дәнекер, құрал болып табылады. Қайсыбір саяси бағдарлама, мағлұмдама, – егер ол заң бойынша нақтыланып бекітілмесе, – жай сөз болып қала береді. Екінші жағынан, заң моральдық нормалардың талаптарын, аз да болса да, өз бойында қамтуы керек, сонда ғана оны шынайы өмірде адамдар қабылдайды. Сондықтан заңды «mіnіmum mіnі-morum» – ең аз 515 көлемдегі адамгершілік дейді. Қайсыбір заң, бір жағынан, саясаттың өмірге енгізуге болатын талаптарын, екінші жағынан, аз да болса да, моральдық рухани қолдаудың бірлігін құрайды. Сөйтіп, моральдықрухани сана өз шегіне жеткен талаптарын өмірге енгізе алмай, мемлекеттің ырқына көнуге мәжбүр болып, соның арқасында өмірге заң келеді. Тіпті өмірге келген сапалы заңның өзі жүре келе ескіріп, өмірде болып жатқан өзгерістерге сай болмай қалады. Ондай жағдайда заңға өзгерістер, толықтырулар енгізілуі мүмкін. Сондықтан тез қарқынмен түбегейлі өзгеріске түсіп жатқан Қазақстан қоғамында заң шығару мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Біршама заңдар қайта қаралып, толықтырылып, өзгерілуде (Еңбек заңы, Мемлекеттік қызмет ету заңы т.с.с.), жаңа заңдар қабылдануда. Жоғарыда айтылған ойлардан шығатын түйін – заңды асыра бағалап (құқықтық романтизм), я болмаса оны ескермеуге (құқықтық нигилизм) болмайды. Ол қателік, біржақтылық болар еді. Құқықтық мемлекеттің бірден-бір негізгі ерекшелігі – заң өмірге еніп, қабылданғаннан кейін, бұлжытпай орындалуы керек. Ол – әсіресе мемлекеттік қызметтегі лауазымды азаматтардың қоғам алдындағы парызы. Егер мемлекет өзі шығарған заңдарын бұрмалап, бұзып отырса, онда қарапайым адамдардан не күтуге болады? Екінші жағынан, «заң ескірді, өмірге сай емес, олай болса, оны орындау тіпті қажет емес» деген ұранды бүркемеленіп, тек өз қамын күйттеген адамдарға да тосқауыл қойылуы керек. Егер заңның кейбір қағидалары ескірсе де, жаңа заң ресми түрде қабылданып, я болмаса ескірген қағидалар жойылып, толықтырулар енгізілгенше, ескі заң орындалуы қажет. Сонда ғана қоғам өмірінде белгілі бір тәртіп пен тыныштық сақталады. Енді, міне, қоғамның рухани өмір саласын талдауға да уақыт келді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет