Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»



бет39/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65
Байланысты:
Философия

Философиядаєы ќайшылыќ ўєымы.

ҚАЙШЫЛЫҚ – 1) диалектиканың басты категориясы ретінде – өзара бірлік және өзара сіңісу ахуалында тұрған нысан немесе жүйенің бірін-бірі жоққа шығаратын, бір-біріне қарама-қарсы келетін жақтарының өзара әрекеттесуі. Қайшылық жалпыға бірдей сипатта, табиғатта да, ойлау жүйесінде де, санада да кездеседі. Белгілі бір мағынада қайшылық қарама-қарсылықтардың бір-бірін жоққа шығаруы (күресі) мен бірлігін, тұтастығын білдіреді. Болмыстың Қайшылыққа құрылғандығын алғаш байқаған грек ойшылы Гераклит дүниені үздіксіз қалыптасу деп қарағандықтан, оның әрбір кезеңін, қалпын екі жақта көрді: дүниенің негізі – от, ол бірде жанып, бірде өшіп тұрады. Оның пікірінше табиғат, бүкіл ғарыш – ұдайы өзгеріп, дамып отырады. Дүниедегі әрбір зат (құбылыс, қасиет) өзгеру арқылы өзінің қарама-қарсылығына айналады. Қайшылықты қозғалыстың табиғатын тұңғыш ашқан – Элей мектебінің көрнекті өкілі Зенон. Ол қозғалыстың Қайшылықтар арқылы жүзеге асатынын көрсете білді. Оның апорьялары қозғалысты түсінуде сезім мүшелерінің көрсеткіштері жеткіліксіз екендігін, негізгі мақсат – қозғалысты теория жүзінде бейнелеу болып табылатынын және бұл мақсатқа жету жолы қиын екендігін дәлелдеді. Бұл бағыттағылар болмыс өзгермейді, ал қозғалыс жоқ, оның үстіне Қайшылық та болуға тиіс емес, Қайшылықты ой – қателікке ұшыраған ой деген көзқараста болды. Жаңа дәуірдің 17 – 18 ғ-лардағы эмпирикалық философияның өкілдері (ағылшын философтары: Ф.Бэкон, Дж.Локк, Д.Юм) Қайшылықтың болмыста бар екендігін теріске шығарған, оларды арнайы зерттемеген. Ал егер адам ойында Қайшылықтар туындаса, оны ойдың кемістігі деп санаған. Неміс философы И.Кант таным барысындағы, пайым мен зерденің ішкі Қайшылықтарына көп көңіл бөлді. Оның антиномиялары (антиномия екеуі бірдей қисынды түрде дәлелдене алатын екі пайым арасындағы қайшылық) Зенонның апорияларына ұқсас. Кант бір жағынан, антиномиялардың пайда болуын қажетті де заңды құбылыс деп есептейді және олардың пайда болуына санадан тыс жатқан дүниенің, “өзіндік заттың” әсері болатынын көрсетеді. Екінші жағынан, ол антиномиялардың пайда болуы танымның өзіндік затты тануға орынсыз ұмтылуынан орын алады деп санап, егер таным осы ниетінен бас тартса, онда ол ешқандай Қайшылыққа тап болмайды деген қорытындыға келеді. Кант бұл арада Қайшылықты субъективтік құбылыс, тек ойлауға ғана тән нәрсе ретінде көрсетпек болады. Кант ашқан антиномиялар танымның, ойлаудың Қайшылыққа толы табиғатын түсіндіруге, олардың диалектикасын ашуға көмектесті. Қайшылық өз алдына жеке ойлау түрі ретінде Неміс философы Гегельдің субъектерінде зерттелді. Ол Қайшылықтың диалектік түсінігін бірінші болып қалыптастырды. Қайшылықсыз ештеме жоқ, болуы да мүмкін еместігін дәлелдеп: “Заттардың бәрі өз ішінде қайшылықты келеді, “қайшылық – заттардың ақиқаты мен мәнін білдіреді”, – деді. Оның пікірінше, Қайшылық – заттардың өзіне тән қарама-қарсы қасиеттердің, үрдістердің, анықтамалардың бірлігі мен күресі. Заттар даму үстінде бара-барлықпен бірге, айырмашылыққа, қарама-қарсылықтарға, Қайшылыққа ие болады және бара-барлық пен айырмашылық немесе қарама-қарсылықтар – қатар тұрған екі түрлі нәрселер емес, тегінде, олар бір нәрсе: олар біріне-бірі өтіп отырады. Гегель Қайшылыққа тек зиянды құбылыс ретінде қарауға, оны кездейсоқ өткінші нәрсе деп түсінуге қарсы шықты. Ол Қайшылықты таным принципі ретінде қолданып, оның ақиқатқа жету жолындағы және ақиқатты бейнелеудегі эвристик. қызметін, методол. рөлін көрсете білді. Қайшылық пайда болып қана қоймайды, Қайшылық туралы ілімнің басты бір сәті оның шешілуінде жатыр. Қайшылықтың шешілуі оның мүлдем жоқ болуы емес, оның орнын жаңа Қайшылық басады. Қайшылықтың пайда болуы, шешілуі, жаңа Қайшылықтың туындауы даму барысында жаңа нәрсенің, заттың пайда болуын бейнелейді, сөйтіп дамудың мәңгілігін, шексіз-шетсіздігін білдіреді. 2) Формалық логикада – пайымда, мәтінде, теорияда бірін екіншісі теріске шығаратын екі түрлі пікірдің болуы. Осындай қос пікірдің әлдебір ғыл. теория немесе ойлау барысында пайда болуының өзі Қайшылық деп аталады. Қайшы пікірлердің конъюнкциясының, яғни “және” жалғаулығына теңгерілетін байланысының дәлелденілетіндігі, әр түрлілігі алдын ала белгілі нысандардың ұқсастығы туралы мақұлдау да Қайшылыққа жатады. Ал қайшылықсыздық – қабылдауға болатын ғыл. теорияларға қойылатын негізгі талаптардың бірі; қ. Қайшылықсыздық.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет