Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет15/25
Дата15.03.2017
өлшемі2,62 Mb.
#9778
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

Жолдастар

Республикадағы  қалыптасқан  жағдайға  Орталық 

Комитеттің мүшелері, депутаттар, барлық қазақстан­

дықтар дұрыс баға береді деп үміттенемін. Өз мақсатта­

рымыз бен алдымызда тұрған проблемалар бізге айқын. 

Олардың шешімі тек бізге, барлық қоғамдық күштердің 

іс-қимыл бірлігі мен топтасуына байланысты. 


339

Социализм  –  «адамзатты  жарылқайтын»  дайын 

жүйе  емес  екені  туралы  айтқан  Лениннің  ойын  біз 

терең  түсінуге  тиіспіз.  Жоқ,  ол  ұдайы  ізденістің  аса 

күрделі, өте ауыр үдерісі болды және болып отыр, онда 

«бірден-бір дұрыс» тәсілдер мен заң үлгілерінің болуы 

мүмкін емес және тиіс те емес. Керісінше, социализм – 

бұқараның үздіксіз әлеуметтік шығармашылығы.

Біз сол ізденістің күрделі кезеңінде тұрмыз. Бірақ 

өткен ондаған жылдардың тәжірибесіне сүйене отырып, 

халықтың  өмірін  жақсартудың  дұрыс  шешімдерін, 

дұрыс жолдарын табуға қабілеттіміз және міндеттіміз. 

Ортақ мақсаттар, интернационализм мен туысқан­

дық  және  достық  дәстүрлері,  болашақ  ұрпақтар 

алдындағы жауапкершілік топтастырған республика 

еңбекшілері, коммунистері, барлық қазақстандықтар 

тарих  биігінен  табылып,  республиканың  болашағы, 

оның  экономикалық  қуатының  нығайтылуы  және 

гүлденуі үшін барлық күш-жігерін, қажыр-қайратын, 

тәжірибесін жұмсайды деп сенім білдіремін. 



340

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі он екінші 

шақырылымының II сессиясында  

«Жаңа Одақтық шарттың жобасы туралы» 

тақырыбында

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы,

1990 жылғы 16 қазан

Құрметті депутаттар, жолдастар!

Бүгін сіздер мен біздер қарап жатқан мәселе, жалпы 

алғанда, бүкіл қайта құру үшін өзекті болып табылады 

десем, шындыққа қиянат жасамаспын деп ойлаймын. 

Оның үстіне, ол кеңес адамдарының қазіргі және бола­

шақ  ұрпақтарының  тағдырын  көп  жағынан  айқын­

дайды, өйткені қоғам өмірінің аса маңызды саласына – 

біздің көп ұлтты мемлекетіміздің құрылысына қатысты. 

Біздің көз алдымызда дәуірлер ауысып жатыр. Бір 

жағынан осы екі бірдей үдеріске әміршіл-әкімшіл жү -



341

йенің күйреуі мен саяси аренадан кетуі, екінші жағынан 

адам ең жоғары қазынаға, ал әрбір азаматтың, әрбір 

жеке адамның мүдделерін қорғау басты мақсатқа айна­

лып келе жатқан жаңа азаматтық қоғамның дүниеге 

келуі тән. 

Әлбетте, біз тыныстап отырған проблемалар шең­

бері  әдеттен  тыс  сан  алуан.  Алайда  барлық  уақытта 

адамдардың ең күшті талпынысы бостандыққа деген 

талпыныс  болды.  Ол  тіпті  ондаған  жылдар  бойы  ең 

қатал унитаризмнің езгісі астында болып келсе де, ешқа­

шан  семіп  қалмайды.  Бүгін  біз  қазақстандықтардың 

республикалық егемендікті орнықтыруға бағытталған 

өзінің азаматтық еркін қуатты түрде білдіруін барынша 

толық сезініп отырмыз. Республиканың экономикалық 

және әлеуметтік қарыштап қадам басуы, ол шынайы 

бостандық алмайынша, орталық ведомстволардың көп 

жылғы  өктемдігін  жоймайынша,  мүмкін  емес  екені 

жөніндегі ақиқат шындыққа ешкім де дау айтпайды. 

Бірақ мынадай сұрақ пайда болып отыр: халықтар 

егемендігінің, ұлттар дәуірлеуінің, олардың дербестігі 

мен өзін-өзі басқаруының сөз жоқ көкейге қонымды 

идеяларын еліміздің өміріндегі нақты жағдайда қалай 

жүзеге асыруға болады? Бір-бірін теріске шығаратын, 

бір-біріне қарсы сияқты ағымдарды бір арнаға қалай 

тоғыстыруға  болады?  Ұлты  әртүрлі  кеңес  адамдары 

бірлесе өмір сүрген жылдар ішінде олардың арасында 

қалыптасқан экономикалық, мәдени, демографиялық 

және басқа байланыстарды зиянды түрде үзуден бізді 

сақтандыратын, алаңдаған үндерді біздің барған сайын 

жиі естіп отырғанымыз кездейсоқ емес. Бұл жөнінде не 

айтуға болады? 



342

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Иә,  біз  орталықтың  күшті  «құшағын»  жазғымыз, 

республиканың адамды қорғайтын бағыныштылығын, 

тәуелділігін  жойғымыз  келеді.  Бірақ  мұның  өзі 

Қазақстанның  «есікті  тарс  жауып»,  сонымен  бірге, 

ауыр  сындарға  төтеп  беруімізге  көмектескен,  біздің 

Одағымызды нығайтатын негізге айналған туысқандық 

төл дәнекерлерден арылғысы келіп отырғанын тіпті де 

білдірмейді. 

Егемендікке  өмір  сүріп  отырған  мемлекеттік 

құрылымды түбірінен реформалау жолымен жетуге, 

сонымен бірге, өшпес қазыналарды – бірлік пен топ­

тасқандықты  сақтауға  болады  деп  санаймыз.  Сайып 

келгенде, кез келген халықтың, кез келген мемлекеттің 

прогресі  олардың  оқшаулануы  жағдайында  мүмкін 

емес. Мұның өзі – дүниежүзілік тарихтың әмбеге ортақ 

азын-аулақ ережелерінің бірі. Міне, сондықтан да біз 

республикалар Одағының сенімі нық жақтау шылары 

болып келдік және бола береміз. Бұл қағидалы ұста­

нымымызды біз бірқатар құжаттарда және сөздерде 

білдірген болатынбыз. 

Атап  айтқанда,  Мемлекеттік  егемендік  туралы 

декларацияның талқыланып жатқан жобасында Қазақ 

Кеңестік  Социалистік  Республикасы  өз  халқының 

емін-еркін  өзін-өзі  билеуі  негізінде  «басқа  респу­

бликалармен  егеменді  республикалардың  жаңарған 

Одағына бірігетіні» атап көрсетілген. Басқаша айтқанда, 

Қазақстан  федерацияның,  бірақ  сапалық  жағынан 

жаңарған, осы заманғы және нақты шындықтарға сай 

келетін  Одақтық  шартқа  негізделген  федерацияның 

мүшесі болып келді және бола береді. 

Республика Президенті бекіткен, жетекші заңгер-ға­

лымдар, республика халық депутаттары, практик-ма­



343

мандар құрамындағы Қазақ КСР-інің арнайы комис­

сиясы  осы  ұстанымды  негізге  ала  отырып,  Одақтық 

шарт  жобасының  қазақстандық  нұсқасын  әзірледі. 

Оның негізгі ежелерін қысқаша баяндап беруіме рұқсат 

етіңіздер. 

Біз  одақтас  республикалар  деп  аталатын  кеңестік 

егеменді мемлекеттер, сондай-ақ барлық ұлттық-мем­

лекеттік,  соның  ішінде  автономиялы  құрылымдар 

Одақтық шартқа қатысушылар болып табылады деп 

санаймыз. Қазақ КСР-інде ондай құрылымдар жоқ, сон­

дықтан барлық ұлттық-мемлекеттік құрылымдардың 

Одақтық шартқа тең құқықты қатысуын нақты қалай 

қамтамасыз ету керек екені жөнінде қандай да болсын 

кеңес беру біз үшін қиын әрі әдепке жатпайды. Алайда 

барлық  ұлттар  мен  ұлыстардың  теңдігі  қағидаты, 

мемлекеттіліктің көлемі мен сипаттарына қарамастан, 

сақталуға тиіс екені біз үшін әбден айқын. 

Бұрын  бізде  әміршіл-әкімшіл  басқару  жүйесінің 

қалыптасуы мен орнықтырылуына және социализмнің 

демократиялық,  адамгершілік  табиғатын  лениндік 

түсіну мен жүзеге асырудан ауытқуға тікелей байла­

нысты орынсыз қатаң, көп жағынан төрешіл, одақтас 

республикалардың  егемендігін  шектейтін,  олардың 

бастамашылығы  мен  белсенділігіне  тұсау  болатын 

орталықтандыру  қалыптасты.  Одақтық  мемлекетті 

нығайту жолының негізінен орталықтандыруды барған 

сайын күшейту, одақтық органдардың өкілеттіктерін 

ұлғайту арқылы өтетіні туралы жаңсақ ұғымдар тео­

рия мен практикада барған сайын терең тамыр жая 

бастады. Соның салдарынан 1980-ші жылдардың орта 

тұсында бізде республикалардың өлшеусіз арта түскен 

экономикалық, мәдени, кадр әлеуеті, олардың өз про­


344

I  ТОМ. – 1989–

1991 


блемаларын дербес шешуінің нақты қабілеті мен тамыр 

жайған шамадан тыс орталықтандыру арасында күшті 

сәйкессіздік, өткір қайшылық қалыптасты.

Сондықтан да әңгіме қоғам өмірінің барлық сала­

ларында республикалардың рөлін едәуір аттыру мен 

құқықтарын  ұлғайту  туралы  ғана  болуға  тиіс.  Тек 

одақтық органдар «маңызды» немесе «жалпыодақтық» 

маңызы бар деп санайтын «кез келген мәселені» өзінің 

қалауынша қарайтыны жөніндегі олардың құқықтарын 

заң жүзінде қамтамасыз ету арқылы ғана Одақты нығай­

туға болатыны туралы талай ондаған жылдар ішінде 

қалыптасқан  пікірді  жою  маңызды.  Нақты  жұмыс 

істейтін федерациялық мемлекетте: «Республика КСР 

Одағының қарамағына жатқызылмаған нәрсенің бәрін 

істеуге қақылы», дейтін басқа принцип қолданылуы 

тиіс. 


Құқықтық  көзқарас  тұрғысынан  Одақтық  шарт 

одақтық Конституция мен одақтас республикалардың 

конституцияларына өз ережелері негіз етіп алынатын 

заң жүйесіндегі бірегей заң актісіне айналуға тиіс. Бірігу 

тең құқықтық, еріктілік және Одақтан еркін шығу прин­

циптеріне, Одақ пен одақтас республикалар, сондай-ақ 

олардың әрқайсысы өкілеттіктерінің аражігінің нақты 

ажыратылуы негізінде жүзеге асатын болады. 

Сонымен  қатар,  жаңарған  Одақ  жалпы  алғанда 

мемлекеттік институттар мен қоғамның терең демо­

кратияландырылуын, шартқа қатысушылардың эко­

номикалық,  саяси  және  құқықтық  егемендігін,  кон­

ституциялық  нормаларға  және  халықаралық  құқық 

деңгейіндегі нормаларға сәйкес адамның құқықтары 

мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, КСР Одағында 

тұратын барлық халықтардың әл-ауқатын арттырудың, 



345

ұлттық  мәдениеттер  мен  жалпыадамзаттық  қазына­

ларды дамытудың және байытудың мүдделеріне сай 

экономикалық  интеграцияның  жаңа  жағдайларын 

қамтамасыз етуге міндетті.

Одақтық шарттың мазмұнын айқындайтын негізгі 

бастапқы принциптерді біз қандай деп білеміз? 

Біріншіден, барлық ұлттар мен халықтар өзара қаты­

настарда заң мен билік алдында тең болуға тиіс. Олар­

дың бостандығы мен еркін дамуы, мүдделері мен тілі, 

мәдениеті, дәстүрлері республикалар одағы шеңберінде 

де, сондай-ақ әрбір одақтас республика шеңберінде де 

заңдармен  қорғалып,  бұл  үдерістерді  мемлекет  пен 

оның барлық органдары, қоғамдық ұйымдары қамта­

масыз етуге тиіс.

Екіншіден, билік халықтан басталып, халықта болуға 

тиіс, ол мұны тікелей және өзінің өкілетті органдары 

арқылы жүзеге асырады.

Үшіншіден, одақтас республика осы сөздің толық 

мағынасында егемен болуға және өз аумағында бүкіл 

билікке толық ие болуға тиіс. 

Төртіншіден,  одақтас  республикалардың  егемен 

мемлекеттер Одағына бірігуі еріктілік негізінде болуға 

тиіс, мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешуде одақтас 

республикалардың, сондай-ақ жалпы Одақтың құзыры 

осы принцип негізінде айқындалады. Сонымен бірге, 

республиканың егемендік құқықтарын шектеудің кез 

келген түрі заңсыз болып табылатынын және Одақтық 

шарт  пен  халықаралық  құқық  нормаларына  сәйкес 

тоқтатылып,  келтірілген  нұқсан  туралы  мәселелер 

қаралуға тиіс екенін ескеру керек. 

Шарт жобасының кіріспесінде барлық әлеуметтік 

құндылықтардың өлшемі – адам басты орын алған. Оған 


346

I  ТОМ. – 1989–

1991 


экономикалық және саяси бостандық, лайықты өмір 

сүру қамтамасыз етілетін болады. Нақ сонда егеменді 

мемлекеттердің құрылып жатқан Одағының жалпы-

адамзаттық құндылықтарға, халықаралық құқықтың 

жалпы жұрт таныған қағидаттарына адалдығы, оның 

барлық елдермен және халықтармен тату әрі келісімде 

тұруға,  халықаралық,  республикааралық  және  ұлт-

аралық қатынастарда егесуге жол бермеу үшін барлық 

шаралар қолдануға әзірлігі ерекше атап көрсетілген. 

Біз ұсынып отырған жобаның 7 және 17 баптарында 

Егемен мемлекеттер одағына берілетін құқықтар нақты 

аталған. Олардың ұзын саны – 14. Сіздер, сірә, олармен 

өздеріңізге берілген мәтін бойынша танысқан боларсыз-

дар.  Тек  сіздердің  назарларыңызды  Одақтың  кейбір 

құқықтарына аударғым келеді. 

Олар  –  одақтас  республикалардың  ұсыныстары 

негізінде  елдің  экономикалық  және  әлеуметтік 

дамуының перспективаларын әзірлеу; одақтас респу­

бликалармен  бірге  жалпыодақтық  бағдарламалар 

әзірлеу мен жүзеге асыру; жалпыодақтық рыноктың 

ұйымдас тырылуы мен жұмыс істеуінің принциптерін 

белгілеу; одақтық бюджетті жасау, бекіту және орын­

дау;  еліміздің  қорғанысын,  ғарыштық  зерттеулерін, 

сондай-ақ жалпыодақтық мемлекеттік меншікке жата­

тын объектілерді басқару немесе басқалармен шарт бо -

йынша бірлесе басқару; елдің сыртқы саясатын белгілеу; 

халықаралық шарттар жасасу; одақтас республикалар­

мен келісім бойынша одақтық бюджеттің қаражатынан 

шетелдік  мемлекеттерге  мемлекеттік  қарыздар  беру 

мен экономикалық көмек көрсету, Одақ алатын мем­

лекеттік  қарыздар  мен  несиелер  туралы  келісімдер 

жасасу; Одақтың егемендігі мен аумақтық тұтастығын 



347

қорғау, ел қорғанысын ұйымдастыру, Одақтың Қарулы 

Күштеріне басшылық жасау және басқалары.

Сөйтіп, Егемен мемлекеттер одағына жалпы мем­

лекеттік  міндеттерді  шешу  үшін  қажетті  өкілеттік­

тер  беріліп  отыр.  Осы  құқықтардың  жиынтығы  мен 

олардың тиімді пайдаланылуы оған ел ішінде жоғары 

билікті жүзеге асырушы және шетелдік мемлекеттер­

мен  арадағы  қатынастарда  тәуелсіздікті  қамтамасыз 

етуші  егеменді  мемлекет  мәртебесін  береді.  Одақ 

аталған құқықтар мен өкілеттіктер шеңберінде мемле­

кеттік толық билік жүргізетін федерациялық мемлекет 

күйінде қалып отыр. 

Біз  барлық  құқықтардың  бастапқы  көзі  одақтас 

республикалар екенін негізге алып отырмыз. Олар бүкіл 

Одақ үшін мүдделі болып табылатын міндеттерді пәр­

менді түрде шешу үшін одақтық мемлекетке өз өкілет­

тіктерінің бір бөлігін ерікті түрде береді. Сондықтан, 

біздің ойымызша, одақтас республикалардың өкілеттік­

терін анықтау жөніндегі республикалардың құқықтары 

бейне бір КСРО құзырына жатпайтын одақтық мем­

лекет құқықтарының қалдықтарынан қалыптасатыны 

туралы зиянды көзқарастан бас тарту қажет. 

Біз республикалардың өзара және жалпы Одақпен 

байланыстарының  саяси  және  құқықтық  көп  нұсқа­

лығының  КОКП  XXVIII  съезінің  «Ізгілікті,  демокра­

тиялық  социализмге  жетейік»  деген  бағдарламалық 

мәлімдемесінде баянды етілген идеясын мақұлдаймыз. 

Осыны негізге ала отырып, Одақтың қарамағындағы 

мәселелерді анықтаудың ұсынылып отырған нұсқасын 

біз өзіміздің қазақстандық нұсқамыз деп санаймыз. Егер 

басқа одақтас республикалар онымен келісетін болса, 

біз Шартқа тұтастай қол қоямыз. Ал егер біздің нұсқа­


348

I  ТОМ. – 1989–

1991 


мыздың белгілі бір тұстары жалпы түсіністік таппайтын 

болса, біз оларды Одақтық шартқа қосымша ерекше 

хаттамаларда тіркеуге әзірміз.

Біздің республикамыз үшін өзіміз одақтық мемле­

кетке беріп отырған құқықтардың өмірлік зор маңызы 

бар. Сондықтан жалпыодақтық және республикалық 

мүдделердің үйлесімді ұштастырылуын қамтамасыз 

ететін кепілдіктердің бірі сол құқықтарды жүзеге асыру 

тетігіне республиканың қатысуы болып табылады. Кең 

тұрғыдан алғанда, бұған одақтас республикалар депу­

таттары  қатысатын  мемлекеттік  биліктің  ең  жоғары 

органдарының жүйесі арқылы қол жетеді. 

Мәселен, қорғаныс объектілерін, ғарыштық зерттеу­

лерді, жалпыодақтық мемлекеттік меншік объектілерін 

басқару біздің өкілдеріміздің қатысуымен жүзеге асы­

рылуға тиіс, ал ыдырайтын материалдарды өндіруге, 

сақтауға және пайдалануға одақтас республикалардың 

келісімінсіз рұқсат етуге болмайды. Сондай-ақ олардың 

келісімі  одақтық  бюджет  қаражаттарынан  шетелдік 

мемлекеттерге қарыз бен экономикалық көмек көрсету 

және шетелдік мемлекеттерден сондай қарыз бен көмек 

алу кезінде де қажет. 

Бірнеше одақтас республикалар мен жалпы Одақ 

үшін  маңызы  бар  кедендік  қызмет  мәселелерін, 

көлік,  энергетика  жүйелерін,  байланыс  құралдары 

мен коммуникацияларды басқаруды, сондай-ақ ішкі 

және теміржол әскерлеріне басшылық етуді одақтас 

республикалармен бірлесе және келісе отырып Одақ 

жүзеге  асыруға  тиіс.  Белгілі  бір  одақтас  республика 

азаматтарының әскери қызметін өтеуінің тәртібін де 

дәл осылай, келісе отырып белгілеу керек. Бірыңғай 

жалпымемлекеттік көзқарасты қамтамасыз ету үшін, 



349

мемлекеттік статистика мен стандарттау мәселелерін 

осы ретпен шешкен жөн. 

Біздің жобамыздың барлық осы ережелері жүзеге 

асырудың белгілі бір тетігін қажет етеді. Біздің пікіріміз 

бойын  ша,  Одақ  үкіметі  одақтас  республикалардың 

өкілдерінен  құрылуға  тиіс,  олар  ерекше  көкейкесті 

жергілікті экономикалық, әлеуметтік-мәдени пробле­

маларды одақтық органдарға жеткізіп, оларды шешудің 

тиімді жолдарын ұсына алар еді. 

Одақтық мемлекетке берілген құқықтарды жүзеге 

асыруға  одақтас  республикалардың  қатысуы  –  ұлт­

тық-мемлекеттік  құрылысты  демократияландыру 

үдерісінің формальды шылауына айналдыруға болмай­

тын жаңа қағидат. Оны Одақтық шартқа қатысушылар­

дың бәрінің мүдделерін келісіп алудың нақты, пәрменді 

тұтқасы ретінде пайдалану өте маңызды. 

Ұсынылған жобада біз Одақтық мемлекетке берілетін 

нақты құқықтардың жабық тізімін бердік және Одақ 

Конституциясының 73-бабында баянды етілген ашық 

тізімнің пайдаланылуына жол беруге болмайды деп 

санаймыз,  онда  Одақтың  қарамағына  жатқызылған 

11 құқықтан кейін «жалпыодақтық маңызы бар басқа 

да  мәселелерді  шешу»  туралы  айтылған,  сондықтан 

қалаған жағдайда бәрін бірдей сондай мәселелер қата­

рына жатқызуға болады. Іс жүзінде мұның өзі орта­

лықтың жаппай өктемдігіне апарып соқты. Сонымен 

бірге, құқықтардың жабық тізімі оның өзгермейтінін 

білдірмейді, өйткені өмір өз түзетулерін енгізуі мүм­

кін. Оның, әлбетте, жеке топтың немесе барлық респу­

бликалардың Одақтық мемлекетпен келісімі негізінде 

ұлғайтылуы әбден мүмкін. 



350

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Шарт  жобасында  Одақтың  жекелеген  өкілеттік­

терін одақтас республикаға кері беру мүмкіндігі көз­

деліп отыр ғанын атап айтқым келеді. Сол арқылы біз 

Одақтың өкілеттіктерін дәл орнықтыруды ғана емес, 

сондай-ақ объективті қажеттіліктен туындауы мүмкін 

икемді өзгерістердің мүмкіндігін де көздеп отырмыз.

Шарт жобасында одақтық басқару органдарының 

қызметіне ерекше көңіл бөлінген. Одақтас республика­

лардың егеменді құқықтарын нақ сол ведомстволардың 

өз еркімен иемденгені құпия емес. Жан-жақты түгел 

қамтитын орталықтандыруға және «жоғарыдан» басқа­

руға ұмтылған нақ солар. 

Шарт  жобасында  Одақтың  барлық  салалық  және 

орталық  басқару  органдарының  түрлері  айқындал­

маған. Оларды еліміздің ең жоғары өкімет органдары, 

мәселен,  КСРО  Министрлер  Кеңесі  туралы  заң  бел­

гілейді.  Алайда  Одақтық  шартта  одақтық  министр­

ліктер  мен  ведомстволардың,  соның  ішінде  одақтас 

республикалардың аумақтарында құрылуы мен жұмыс 

істеуінің принциптері мен шептері белгіленген. 

Мәселен, одақтық мемлекет өз өкілеттіктерін жүзеге 

асыру үшін қажетті министрліктер мен ведомстволарды 

ғана  құра  алады  және  шартта  Одақтың  қарамағына 

жатқызылмаған  салаларды  басқару  ісіне  араласуға 

құқығы жоқ. Сонымен бірге, біз нарықтық экономикаға 

көшкеннен кейін халық шаруашылығын басқарудың 

салалық  министрліктер  мен  ведомстволар  сияқты 

органдары мүлдем қажет болмай қалатынын ескеріп 

отырмыз. Сондықтан одақтас республикаларда шару­

ашылықты реттеу ісін жүзеге асырып отырған одақтық 

министрліктер мен ведомстволар таратылғаннан кейін 

болашақта тиісті республикалық министрліктер мен 

ведомстволар да таратылады. 


351

Одақ жүйесінде сақталатын министрліктердің ішінде 

одақтас республикалар аумақтарында өз міндеттерін 

тек Қорғаныс министрлігі, Мемлекет қауіпсіздігі коми­

теті, Атом энергетикасы мен өнеркәсібі министрлігі ғана 

жүзеге асыратын болады. 

Енді  Одақтың  ең  жоғары  мемлекеттік  билік  пен 

басқару органдарының түрлері мен мәртебесі туралы. 

Біз жаңа жүйеде КСРО халық депутаттарының съезін 

сақтаудың қажеті жоқ деп санаймыз. Біздің ойымызша, 

ол заң шығару қызметінде өзінің тиімділігін дәлелдеген 

жоқ. Одақтың бір палаталы және саны жағынан ықшам 

Жоғарғы Кеңесі мемлекеттің заң шығарушы ең жоғары 

органы, оның парламенті бола алады. Болашақта біздің 

де тұрақты жұмыс істейтін кәсіби ықшам парламентке 

көшуіміз керек деп ойлаймын. Жоғарғы Кеңестегі халық 

депутаттары өкілділігінің қазіргі жүйесін де өзгерту 

керек деп санаймыз. Ол барлық одақтас республика­

лардан бірдей болуға тиіс. 

Шарт  жобасында  Егемен  мемлекеттер  одағының 

Президентін сайлаудың тәртібі белгіленіп, оның негізгі 

міндеттері көрсетілген. Президенттің жоғарыда аталған 

мәселелерден басқа басты қам-қарекеті, сыртқы саяси 

істермен қатар, Одақтық шарттың сақталуын қамтама­

сыз ету және одақтас республикалардың құқықтары 

мен мүдделерін қорғау үшін қажетті шаралар қолдану 

деп санаймыз. 

Сіздер,  сірә,  байқаған  боларсыздар,  біз  Одақтық 

шарт ережелерінің сақталуына бақылау жасау туралы 

мәселені бөліп көрсеттік. Бұл үшін одақтық мемлекет 

жүйесіне кірмейтін ерекше тәуелсіз орган қажет деп 

ойлаймыз.  Құрамында  одақтас  республикалардың 

президенттері, Министрлер Кеңестерінің төрағалары 


352

I  ТОМ. – 1989–

1991 


немесе  Жоғарғы  Кеңестерінің  төрағалары  болатын 

одақтас республикалар өкілдерінің кеңесі сондай орган 

бола алады. 

Шартта, ал содан соң конституцияларда, одақтық 

және  республикалық  заңдарда  одақтас  республика­

лардың жерге, жер қойнауларына және басқа табиғи 

байлықтарға  ерекше  меншік  құқығы  баянды етілуге 

тиіс деп санаймыз. Сірә, мұны аймақшылдық, жершіл­

дік көзқарас деп санауға болмайды, өйткені меншіктің 

басқаша  түсінігін  республика  халқы  қабылдамайды. 

Жер, жер қойнауы және басқа табиғи байлықтар жөнін­

дегі құқық әрқашанда және барлық жерде халықтың 

әуелгі  құқығы  болып  табылады,  оны  одан  алуға  да, 

сондай-ақ басқаға беруге де болмайды. Сонымен бірге, 

бұл құқықтың орнатылуы оның жергілікті Кеңестерге 

берілуін көздейді, олар өз аумағында табиғат байлығына 

иелік етеді. Мұның өзі бұл жалпыодақтық ведомство­

лар мен ұйымдардың ортақ жалпыхалықтық мүдделер 

үшін, бірақ, сөз жоқ, шарттар негізінде пайдаланылуын 

жоққа шығармайды. 

Біздің  жобамызда  республиканың  аумағын  оның 

келісімінсіз  өзгертуге  болмайтыны  атап  көрсетіл­

ген. Ондай келісімдер Одақтық мемлекет тарапынан 

бекітуді талап етпейді деп санаймыз, өйткені респу­

бликалар арасындағы шекараларды өзгертудің орын­

ды-орынсыздығын  ешкім  олардың  өздерінен  жақсы 

білмейді.  Сонымен  қатар,  олардың  бұл  саладағы 

құқықтарына шек қоюға болмайды, олардың шешімін 

басқа республикалардың және Одақтың ұйғарымына 

тәуелді етуге болмайды. 

Республикалардың  өздері  келісімге  жете  алмаған 

аумақтық дауларды шешу – басқа мәселе. Бұл мәсе­



353

лелерді Одақтың Жоғарғы Кеңесінің қарауына беруге 

болады, бірақ бұл тіпті де міндетті емес. 

Одақтық және республикалық заңдардың қалыпты 

өзара  қатынасын  қамтамасыз  ететін  басты  қағидат 

–  олардың  өз  құзыры  шеңберінде,  өзара  егеменді 

құқықтарды ескере және сақтай отырып заңдар шыға­

руы. 


Егер  Одақтың  Министрлер  Кеңесінің  актілері 

Одақтың және одақтас республиканың заңын бұзатын 

болса, одақтас республикаларға тиісті одақтық орган­

дарды міндетті түрде хабардар ете отырып, олардың 

күшін  тоқтату  құқығы  беріледі.  Сол  арқылы  ведом­

стволық  өктемдік  әрекеттеріне  құқықтық  тосқауыл 

қойылады, одақтас республикалардың конституциялық 

құқықтары мен заңды мүдделері қамтамасыз етіледі.

Біз Одақ пен одақтас республикалардың органдары 

арасында акт заңдылықтарының мәселелері бойынша 

болатын  алауыздықтарды  шешу  тетігінің  пәрменді 

жұмыс істейтініне үлкен үміт артып отырмыз. 

Көзделіп отырғанындай, одақтас республикалардың 

құқықтары мен дербестігінің ұлғайтылуы олардың шет 

мемлекеттермен қатынастарын, соның ішінде халықара­

лық шарттар жасасу және бұрын жасалған шарттарға 

қосылу жолымен, жеделдете түсуге тиіс. 

Егер қолданылып отырған КСРО Конституциясына 

зер салар болсақ (73-ші бап, 10-шы тармақ), онда жалпы 

тәртіп  орнатудың  және  одақтас  республикалардың 

шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен 

қатынастарын үйлестірудің Одақ қарамағына жататыны 

айтылған.  Біздің  пікірімізше,  бұл  тұжырым  сыртқы 

саяси  қызмет  саласында  одақтас  республикалардың 

өкілеттіктерін  күрт  шектейді.  Жаңарған  Одақ  шең­


354

I  ТОМ. – 1989–

1991 


берінде одақтас республикалар егеменді мемлекеттер 

ретінде халықаралық қатынастардың дербес объектісі 

болуға, шет мемлекеттермен кең көлемді дипломати­

ялық және консулдық байланыстар орнатуға, олармен 

Одақтың халықаралық міндеттеріне қайшы келмейтін 

шарттар  жасасуға,  дипломатиялық  және  консулдық 

өкілеттіктер алмасуға, сыртқы экономикалық қызметті 

жүзеге  асыруға,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымында,  маман­

дандырылған мекемелерде және басқа халықаралық 

ұйымдарда өкілеттік етуге құқылы болуға тиіс. 

Одақтың  қарамағына  біз  сыртқы  саяси  қызметтің 

мынадай өкілеттіктерін жатқызуды ұсынамыз: Одақтың 

сыртқы саясатын белгілеу, Одақтың халықаралық шарт­

тарын  жасасу,  халықаралық  қатынастарда  Одақтың 

өкілі болу. Әрі Одақ жасасатын, одақтас республика­

лардың мүдделеріне қатысты болатын халықаралық 

шарттар мен міндеттемелерді солар бекітуге тиіс. 

Сөз жоқ, жаңарған егемен мемлекеттердің одағы­

ның өмір сүруінің аса маңызды шарты, өзара мүдде­

лерді  құрметтеудің  басты  кепілі  Одақтық  шарттың 

ережелерін шартқа қатысушы жақтардың бұлжытпай 

сақтауы болуға тиіс. Сондықтан жобада Кеңестік еге­

мен мемлекеттер одағының құрылтайшылары ретінде 

одақтас республикалар одақтық мемлекеттің қалыпты 

жұмыс істеуі үшін жауапкершілік алуға міндеттенетіні, 

ал  Одақ  жалпыодақтық  органдар  атынан  осы  шарт 

ережелерінің бұлжымай сақталуы үшін жауапты екені 

ерекше атап көрсетілген. 

Сіздердің  қарауыңызға  беріліп  отырған  Одақтық 

шарт  жобасының  негізгі  ережелері,  міне,  осындай. 

Оның басты мақсаты – біздің көпұлтты мемлекетімізді 

осы  заманғы  интеграция,  кеңес  халықтарының  бір­



355

лігін,  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  рухани 

тұтастығын сақтау жолдарында батыл түрде жаңарту 

екенін тағы да атап көрсеткім келеді. Халық депутат­

тары  ұсынылған  құжат  жөніндегі  өз  көзқарастарын 

білдіреді, онымен жемісті жұмыс істейді және респу­

бликаның, сондай-ақ еліміздің одан әрі дамуының басты 

перспективасын белгілейтін негіз етіп қабылдайды деп 

ойлаймын. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет