Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет18/25
Дата15.03.2017
өлшемі2,62 Mb.
#9778
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі  

он екінші шақырылымының кезектен тыс  

III сессиясында 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1991 жылғы 11 ақпан

Депутат жолдастар!

Бүгінгі сөйленетін сөзге күні бұрын әзірлене оты­

рып, мен оны республиканың нарықтық экономикаға 

көшуіне  байланысты  экономикалық  сипаттағы  про­

блемаларға арнағым келді. Алайда саяси оқиғалардың 

өрбуі өзінің түзетулерін енгізіп, назарды басқа, қазір 

өмірлік зор маңызы бар неғұрлым көкейкесті мәселеге 

шоғырландыруға мәжбүр етті. Әңгіме елдің тағдыры, 

біздің  одақтық  мемлекетіміздің  болашағы  туралы 

болып  отыр,  ол  кеңес  адамдарының  өткір  алаңдау-

шылық сезімін туғызуда. 


411

Бояуды қалыңдатпай-ақ, қиын жағдайдың қалыптас-

қанын айтпақпын. Біз соңғы шекте тұрмыз, оның ар 

жағында КСР Одағының толық күйреуі мүмкін.

Осынау ауыр шаққа жеткізген себептерге егжей-тег­

жейлі талдау жасамай-ақ қояйын, оларды сіздер жақсы 

білесіздер. Шектен тыс экономикалық құлдырау, тұтыну 

рыногындағы, қаржы және ақша айналысы саласындағы 

дағдарысты құбылыстар елді дүрліктірген саяси және 

ұлтаралық жанжалдарға, қылмыстың жүгенсіз кетуіне 

байланысты ушыға түсті. Мұндай жағдайда, жай-күйді 

тұрақтандыру  үшін,  келеңсіз  құбылыстардың  үсті-

үстіне түйдектелуін тежеу үшін төтенше шаралар қажет 

болып отырған кезде, орталық басқарушы органдар жол 

беруге болмайтын сылбырлық көрсетуде, бастамашыл­

дықты уыстан шығаруда, біздің Одағымыздың онсыз да 

шайқалған іргетасының астына өресіз күштердің барған 

сайын жаңа «қопарғыштар» қоюына мүмкіндік беруде. 

Негізгі проблеманың – жаңа Одақтық шартқа қол 

қоюдың  тым  баяу  шешілуі  ерекше  алаңдаушылық 

туғызып  отыр.  Мұның  өзі  жай  ғана  акт  емес,  қайта 

біздің  бүкіл  болашақ  өміріміздің  негізгі  іргетасын, 

егер қаласаңыздар – қайта құрудың табысты болуын 

немесе жеңіліске ұшырауын айқындайтын құжат екенін 

түсіндірудің қажеті жоқ. Сондықтан шартқа жеткізетін 

жолдағы әрбір кешеуілдеген күн кеңес халықтарының 

ұлтаралық достығының баяндылығын ауыр сынақтан 

өткізіп  қана  қоймай,  сонымен  бірге,  республикалар 

арасындағы  сындарлы  сұхбат  жүргізу  мүмкіндігінің 

өзіне  де  күдік  туғызады.  Өйткені  мәселе  біздің  бір-

бірімізге сенуден қалуымызға, көршілердің мүдделерін 

елемей, тек өз пайдамызды күйттей бастауымызға дейін 

асқынды. Мұның өзі республикааралық шаруашылық 


412

I  ТОМ. – 1989–

1991 


байланыстардың апатты дәрежеде күйреуінің, шарттық 

тәртіптің күрт нашарлауының мысалдарынан айқын 

көрініп отыр. Егер бұдан былай да осылай жүре беретін 

болса, біздің өзара алакөздігіміз үшін себептер тек қана 

көбейе түспек. 

Тек саясат пен экономиканы үстірт түсінетіндер ғана 

мұның ақыры немен тынатынын байыптамауы мүмкін. 

Одақтың  күйреуі  республикалардың  шаруашылық 

әле уетінің қожырауына апарып соқтырады, бізді эко­

номикалық, әлеуметтік және мәдени дамуда көптеген 

жылдарға  кейін  серпіп  тастайды,  шетелдік  әріптес-

тердің бізге деген сеніміне, дүниежүзілік қоғамдастық 

елдерімен айқындала бастаған ынтымақтастыққа біржо­

лата селкеу түсіреді. Және де таяудағы болашақта біздің 

адамдарымыздың лайықты, өркениетті, дәулетті өмірі 

үшін жағдай жасалады деген үміт-сенімді мүлдем үзеді. 

Қазір әрбір күн, әрбір сағат қымбат. Еліміздің бір­

лігін аман алып қалып, сақтаудың уыстан шығып бара 

жатқан мүмкіндігінен айрылуға болмайды. Біздің бала­

ларымыз оны кешірмейді. Орталық ұсынып отырған 

референдум қалай дегенмен Одақтық шартқа жеткі­

зетін орағытпа жол екеніне сенемін. Барлық республи­

калар түгел Одаққа деген өзінің көзқарасын белгілеп, 

өзі үшін қолайлы ұстаным таңдайтынын күтіп отыруға 

болмайды. Өз таңдауын қазірдің өзінде жасап, жаңарған 

одақтық мемлекет идеясын ашық қолдап отырғандар­

мен дереу келіссөз жүргізу керек. Бұл жөнінде бізбен 

Белоруссия, Ресей, Украина, Орталық Азия республи-

каларының  бәрі  келісіп  отыр.  Басқаша  айтқанда, 

еліміздің өнеркәсіп әлеуетінің 90 %-дан астамы болып 

табылатын федерация субъектілері Одақтық шартқа 

қол қоюға әзір. Бұл аз ба екен! Сайып келгенде, Одаққа 



413

кірер есік келешекте бізге қосылғысы келгендер үшін 

ешқашан да жабық болмайды. 

Тағы  да  атап  көрсетемін:  бүгінде  уақыт  факторы 

маңызды.  Жаңарған  Одақты  қалыптастыру  үдерісін 

жеделдету үшін бізді батыл шаралар қолдануға мәжбүр 

етіп отырған басқа ешнәрсе де емес, нақ соның өзі. Бұл 

қадам М. С. Горбачевтің де, КСРО Жоғарғы Кеңесінің де, 

орталық үкіметтің де тарапынан түсіністік табады деп 

шын жүректен үміттенемін. Бірлікті сақтауға өте-мөте 

мүдделі  егемен  республикалар  өз  ортақ  мүдделерін 

қорғау үшін өздеріне байланысты нәрсенің бәрін істеу-

 ге хақылы. Сондықтан мұның өзін ешбір жағдайда да 

қазіргі бар мемлекеттік билікті елемеу немесе өзінің 

«қосарланған орталығын» құру әрекеті деп бағалауға 

болмайды. Керісінше, біз «заңдар соғысын» біржолата 

және мәңгілік тыйғымыз, ақыр соңында тыныш саяси 

жағдайда экономикалық және әлеуметтік қиын про­

блемаларды шешу ісімен шұғылдану үшін федерация 

субъектілері мен орталық өкімет билігі арасында толық 

келісімге қол жеткізгіміз келеді. 

Осыған  байланысты  сіздердің  қарауыңызға  Қазақ 

КСР Жоғарғы Кеңесінің барлық басқа республикалар­

дың Жоғарғы Кеңестеріне арналған үндеуінің мәтінін 

ұсынамын. Ел үшін қазіргі бетбұрысты, шын мәніндегі 

ауыр кезеңде бұл құжат кеңес халқының шын ықыласты 

мақұлдауына ие болып, маңызды топтастырушы рөл 

атқарады, республикамыздың Парламентін құрметке 

бөлейді деп ойлаймын. Ол қазақстандықтардың басым 

көпшілігінің ең көкейкесті тілегі мен көңіл-күйіне сай 

келеді.  Сонымен  қатар,  үндеудің  мәтінінен  көрініп 

отыр ғандай, онда Қазақстан Белоруссиямен, Ресеймен 

және Украинамен бірге орталықты орағыта отырып, 


414

I  ТОМ. – 1989–

1991 


жікшілдік келіссөз жүргізіп жатыр-мыс деген тәрізді 

елімізде және шетелдерде таралып кеткен қауесеттерге 

нақты да айқын жауап қайтарылған. Барынша ашық 

айтайын: мен де, басқа республикалардың басшылары 

да ешқандай жасырын іс-әрекеттер жасаған жоқпыз 

және  жасамақ  емеспіз  де.  Одақтық  шартқа  қарай 

баяу  ілгерілеуімізге  мазасызданған  және  алаңдаған 

сезімімізді  біз  КСРО  Президентіне  ашық  айттық. 

Сонымен  қатар,  қандай  да  болсын  мемлекетаралық 

келісімдердің және оның үстіне біздің еліміз болашағы­

ның мәселесіне қатысты келісімдердің тек республика­

лық парламенттердің мақұлдауымен ғана талқылана 

алатынын ерекше атап көрсеткім келеді.

КСР  Одағындағы  республикалардың  Жоғарғы 

Кеңестеріне  үндеу,  егер  ол  сіздердің  тарапыңыздан 

қолдау табатын болса, жаңарған одақтық мемлекетті 

қалыптастыру үдерісін жеделдетуге көмектеседі деп 

үміттенемін. Сіздердің қолдауыңызға сүйене отырып, 

мен, республика Президенті ретінде, елде қалыптасқан 

жағдайға біз берген бағаға қосылатын республикалар­

дың басшыларымен сындарлы үнқатысу ұйымдастыру 

жөнінде нақты қадамдар жасайтын боламын. 



415

КОКП Орталық Комитетінің XXIV пленумында

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Мәскеу қаласы, 

1991 жылғы 25 сәуір

Жолдастар! 

Шынымды айтайын: меніңше, елдегі қазіргі саяси, 

экономикалық  жағдайға  қарағанда,  біз  тым  жақын 

күндердің  өзінде  көп  жылғы  созылмалы  тұралау-

шылықтың, шектен тыс инфляцияның жаңа айналы­

мына түсіп, қайта құрудың соңғы 6 жылда өсіріп үлгер­

ген әлсіз өскіндерін де өз қолымызбен өлтіріп тынатын 

сияқтымыз. Бұл – сарыуайымшылдық емес. Бұл – өріс 

алған саяси күрестің беталысына жасалған байыпты тал­

дау, ал ол күрестің мақсаты, менің ойымша, халықтың 

шынайы мұң-мұқтажы мен қам-қарекетінен тым алшақ 


416

I  ТОМ. – 1989–

1991 


секілді. КОКП үшін сын сағаты туды. Қазір өмірдің өзі 

біздің Жарғымыздың басты тармағы бойынша: Кеңес 

Одағының  Коммунистік  партиясы  еңбекшілердің 

мүдделерін білдіретін авангарды екені рас па? – деп 

коммунистерден емтихан алып жатыр. Әрі уақыт есебі 

айлармен емес, осында дұрыс айтылғандай, апталар­

мен, күндермен өлшенуде. Түбегейлі шарасын істемесе, 

бұдан әрі оқиға тасқынды сипат алады. Айтпақшы, ол 

бүгін-ақ  ереуілдердің,  стачкалар  мен  митингілердің 

жойқын күшінен көрінуде. Ал енді алдағы уақытта бізді 

бұдан да ауыр күндер күтіп тұр және оны жасырмай 

айтуымыз керек. 

Осындай жағдайда саяси текетіресті жалғастыра беру 

елді күл-қоқысқа айналдырумен бірдей. «Оңшылдар­

дың», «солшылдардың» күресін енді саяси күрес деуге 

болмайды, өйткені оған еңбекшілердің алапат бұқарасы 

тартылған, жұмысшылар еріксізден еріксіз саясаткер­

лердің, дәлірек айтсақ – саясатқорлардың өршеленген 

төбелесінің шылауына айналды, олай дейтініміз – сая­

саткер деп іс-әрекеті болжалды, өзінің не істеп, не қоя­

тынын нақты білетін адамды айтады. Бұдан шығатын 

қорытынды біреу-ақ. Әртүрлі айдап салулардан елір­

ген саяси ұйымдардың, қоғамдар мен қозғалыстардың 

жойқын егесін дереу тоқтату керек. Өкінішке қарай, 

оған біздің партиямыз да килігіп кетті. Аман қалудың 

жалғыз  жолы  –  ымыраға  келу,  өзара  ырыққа  көну, 

келісу мен уағдаласу. Коммунистер осыған дайын ба? 

Жақында болған оқиғалар, сондай-ақ бүгінгі Пленум 

көрсеткендей, тіпті ымыраға көнбейтіндердің өздері 

де мәмілеге бара алатын сияқты. Бұл, менің ойымша, 

мейлінше әртүрлі көзқарас пен сенімдегі миллиондаған 

отандастар тарапынан дереу қолдау табатынға ұқсайды. 



417

Бізге  өз  қағидаттарымызға  бейілділіктен  гөрі, 

келісімге келу жүз есе қиынға түсетініне барған сайын 

көзім жете түсуде. Ал сонда біздің табандап жақтай­

тынымыз  қандай  қағидаттар?  Елімізді  тығырыққа 

тіреп, өркениеттен шетқақпай етіп тастаған қағидаттар 

ма? Мен, мәселен, Президентті кері шақырып алуды 

жақтап, жаңа Одақтық шартқа қарсы болып жүрген 

«Союз» тобындағы халық депутаттарының (ондағылар­

дың басым көпшілігі – коммунистер) ұстанымын тек бір 

мағынадан – елдегі қазіргі жағдай үшін жауапкершілікті 

КСРО Жоғарғы Кеңесінен алып, бар айыпты бір ғана 

адамға артудың әрекеті деп бағалаймын. Ал сонда қайта 

құрудың барлық экономикалық заңдарына Жоғарғы 

Кеңесте кесе-көлденең тұрған кім еді? 

Бір өкініштісі, іргені аулақ салуға, өздерін сүттен ақ, 

судан таза етіп көрсетуге тырысуда «Союз» тобының 

өкілдері жалғыз емес. Базбір бұрынғы, керек десеңіз, 

бүгінгі де партиялық функционерлер өре түрегеліп: 

жіберілген қателерге, соның ішінде баға белгілеудегі 

қателіктерге де партияның қатысы жоқ деп өзеурейді. 

Сонда қалай? Президент, үкімет басшылары комму­

нист емес пе екен? Біздегі биліктің биік сатыларында 

КОКП мүшелері отырған жоқ па? Әлде біздің партия 

оппозицияға кетпекші ме еді? Бас хатшыны орнынан 

кетіруге үндеп жүргендердің ішкі есебінде не жатқанын 

білу үшін асқан дана болудың қажеті шамалы. 

Біздің көріп жүргеніміз – кәдімгі ревизионизм, қоғам 

мен мемлекетті жаңғырту идеясын көрге тығудың, бізді 

қайтадан әміршіл жүйеге, тоталитарлық құрылысқа 

қайтарудың  әрекеті.  Әлбетте,  өте  елеулі  қателіктер 

болды,  ол  жайында  бәріміз  айтып  жүрміз,  мен  де 

айттым, бірақ солар үшін бар мақсатымызды күмәнге 


418

I  ТОМ. – 1989–

1991 


айналдыруға бола ма? Нақ осы жолда біз жалпыадам­

заттық құндылықтардың басымдығын сезініп, идеологи­

яландырылған әміршіл экономика тұйыққа тірейтінін, 

нарықтың өркениетті баламасы жоқ екенін түсінбеп пе 

едік. Халықты әлеуметтік қорғау үшін күресу – сіздер 

мен біздердің борышымыз. Бірақ нарықтық экономи­

каға өтудің барлық бағыттарына қарсы шығатын комму­

нистерді қалай түсінуге болады? Әлде біз XXVIII съездің 

шешімдерінен  бас  тартатын  болдық  па?  Онда,  кәне, 

басқа  бағдарлама  ұсынайық,  бірақ,  менің  білуімше, 

бізде ондай ештеңе жоқ. Бұл арада, жолдастар, әңгіме 

партияның өз кінәраты жайында болуы керек. КОКП 

көп  ретте  қоғамның  алдында  емес,  барша  жұрттың 

артында жүретін болып тұр. Біз Конституцияның 6-шы 

бабын алып тастауды талап еткендерді қалай масқара­

лап, таңба басқанымызды, артынша өзіміз сол идеяны 

қорғаушы болып шыға келгенімізді еске алайықшы. 

Ал партияның нарыққа қатысты құбылуы ше? Мұндай 

мысалдар жетіп артылады. Бірақ сабақ бола қоймайты­

нын көріп отырмыз. 

Мәселе былай: біздің арамызда аты әйгілі «Ұлттық 

құтқару  комитеттері»  үлгісіндегі  билік  нысандарын 

жанындай  көретін,  мен  айтар  едім,  жауынгер  ком­

мунистер аз емес. Сонда қалай болғаны, жолдастар? 

Айтар уәжің жетпесе, идеялық ізбасарларың болмаса, 

демек, Конституцияға қарсы әрекеттер жолына түсуің 

керек  пе?  Базбір  демократтарды  біз  сонысы  үшін 

масқаралап жүрген жоқпыз ба? Саған бұл парламент 

пен оның басшысы ұнай ма, жоқ па – бірақ бұл халық 

сайлаған заңды өкімет, сондықтан оған қарсы болғаның 

– өз халқыңа қарсы шыққаның. Осыған байланысты: 

партияның беделі неге түсіп барады? – деген сұрақ, ең 



419

бері салғанда, аңғалдық сияқты естіледі. Шынында, біз 

неге «оқпаналардан» шығып жатырмыз? Сонда қалай, 

біз адамгершіл қоғамның ғимаратын қалақты күректің 

емес, сапер күрегінің көмегімен тұрғызбақшымыз ба? 

Тұрғыза алмаймыз! 

Егер  біз  шынымен  халықтың  мүддесін  білдіретін 

болсақ,  онда  қоғамды  экономикалық  дағдарыстың 

мибатпағынан шығаруымыз керек. Қазіргі басты мін­

дет – халыққа нарықтық қатынастарға көшуді түсіндіру, 

оған қолдау жасау, оны тікелей ұйымдастыру. Кәне, 

қайта  құрудың  барлық  уақытында  тым  болмаса  бір 

рет алға шығайықшы, әйтпесе біз көбіне-көп кешігу­

мен  жүреміз.  Адамдар  желбуаз  саяси  айтыстардан 

шаршады,  қиыншылықтан  шығудың  жолын  іздеуді 

«оңшылдар» мен «солшылдардың», демократтар мен 

консерваторлардың  арасынан  жарамсыздарды  тап­

пақшы  болған  тіміскілеумен  алмастырып,  олардың 

шыдамын тауыса бермейік. Біз одан өткенбіз, құнын 

да оңдырмай төлегенбіз. 

Бұдан әрісін айтайын. Егер біз бүгін экономикалық 

қаңғалақты  тоқтатпасақ,  ертең  көтерілетін  әлеумет­

тік дауыл күллі саяси қондырғыны: оңдағыларды да, 

солдағыларды да, ортадағыларды да тып-типыл етеді. 

Бірақ онда тек саясатқорлар ғана емес, халықтың адамға 

лайық қалыпты өмірге деген үміті де қиратындының 

астында қалады. 

Жаңа  Министрлер  Кабинеті  ұсынған  дағдарысқа 

қарсы бағдарлама біртекті қабылдана қоймағанын біз 

білеміз. Онда ұсынылған шаралар, егер тыңғылықты 

жетілдіруден  өткізілмесе,  күнделікті  болып  жатқан 

оқиғаларға  қызбалықпен  үн  қату  сипатында  ғана 

қалады. Нақты, халыққа түсінікті бағдарлама қажет. 


420

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Негізгі бағыттар түріндегі декларация бізде бар. Іс-қи­

мылдың айқын жоспары керек. Министрлер Кабинеті, 

жетілдіре түсіп, елге сондай бағдарлама ұсынар деп 

үміттенемін. 

Экономикалық қайта құрулардың кез келген кідірісі 

біздің қиыншылықтарымызды тереңдете түседі. Егер біз 

халықтың басым бөлігі қолдаған нақты тұжырымдама­

ларды жалма-жан жүзеге асыруға кіріспесек, нарықтық 

қатынастарға қарай батыл қадамдар жасамасақ, бірер 

айдан кейін-ақ өзіміз бастаған демократиялық өзгеріс-

тер жолы шорт үзілуі әбден мүмкін. Тарихи заңдылық 

бойынша еліміз нарыққа бәрібір бет алады, бірақ онда, 

сірә, басқа, әлдеқайда қатаң желімен жүретін болар. 

Әлемдік тәжірибеде оның мың сан мысалдары бар. 

Мықтап есте ұстайтын нәрсе: бәсекесіз нарық – жан­

сыз және ол емдік нәрден улы зәрге айналады. Тек ішкі 

шаралар  арқылы  тез  арада  бәсеке  жүйесін  жасауға 

үміттену – бос қиялшылдық. Экономиканы шетелдік 

тауарларға  ашу  керек.  Бағаны  босату  керек.  Соның 

негізінде тым болмағанда валютаның ішкі айырбаста­

лымдылығына көшу керек. Шетелдік капиталды тарт­

пайынша, рынокты шетелдік және отандық тауарлар­

мен қанықтырмайынша, томаға-тұйық экономикамен 

елдің  терең  дағдарыстан  шыға  қоюы  қиынға  түседі, 

күллі әлемдік тәжірибе осыны айтады. 

Меніңше,  жеке  бір  аймақта  немесе  республикада 

жұмақ орнату мүмкін емес екенін бәріміздің түсінетін 

уақытымыз жетті. Бұл тығырықтан біз бәріміз бірлесіп 

қана шыға аламыз. 


421

КСРО Президенті М. С. Горбачевтің  

қатысуымен өткен республикалық  

актив жиналысында

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1991 жылғы 30 мамыр 

Құрметті Михаил Сергеевич!  

Жолдастар!

КСРО Президентіне біздің республикамызға сапар­

мен  келгені  үшін  шын  жүректен  алғыс  айтсам,  осы 

залда  қатысып  отырғандардың,  сондай-ақ  көпұлтты 

Қазақстанның  барлық  халықтарының  ортақ  пікірін 

білдірермін  деп  ойлаймын.  Шұғыл  мемлекеттік 

істер Сіздің, Михаил Сергеевич, қазақстандықтардың 

өмірімен, қам-қарекеттерімен және проблемаларымен 

неғұрлым толығырақ та тереңірек танысуыңызға мүм­

кіндік бермегеніне біз қатты өкінеміз. Алайда Сіз осы 



422

I  ТОМ. – 1989–

1991 


қысқа  уақыттың  өзінде-ақ  біздің  адамдарымыздың 

дәстүрлі  меймандостығы  мен  шын  ықыластылығын 

сезіндіңіз деп үміттенемін, олар қазіргі бетбұрысты, 

қарама-қайшы  уақыттың  көптеген  қиыншылықтары 

мен ауыртпалықтарына қарамастан, қайта құруға шын 

ниетімен сенеді, қоғамымызды түбегейлі жаңартудың 

Сіз жүргізіп жатқан саяси бағытын қолдайды. 

Қазақ халқының өз тарихы, ұлттық дәуірлеуі, мем­

лекеттік егемендігі, ана тілін аман сақтап қалу туралы

қазақтарды құрып кету немесе толық ассимиляция­

лану  шегіне  қойған  көптеген  бәлекеттер  туралы  тек 

1985 жылғы сәуірде басталған қайта құру үдерістерінің 

арқасында ғана бар дауысымен айта алғанын біз түсі­

неміз. Өткеннің қайғылы қателіктерін түзей отырып, 

біз көпұлтты Қазақстанның барлық дерлік азаматтары­

ның құқықтары мен бостандықтары туралы олардың 

ұлтына, тіліне, дініне, партиялар мен қоғамдық қозға­

лыстарға қатыстылығына қарамастан, бірдей дәрежеде 

қамқорлық жасап келеміз. 

Мұндай  саясат  қазақстандықтарға  түсінікті,  олар 

оған сенеді әрі бүгінде жүргізіліп жатқан саяси және 

экономикалық реформалар, сайып келгенде, өз жемісін 

беріп, еліміздің барлық халықтарымен бірге өздері мен 

өз балалары үшін адамға лайық өмір орнатуына мүм­

кіндік туғызады деп үміттенеді. Бұл сенім елеулі әлеу-

меттік  және  экономикалық  қиыншылықтарға  қарсы 

тұруға, республикада тұрақтылық пен ұлтаралық тату­

лықты сақтауға көмектесіп отыр. Социологиялық са -

уалнаманың мәліметтері бойынша, республика халқы­

ның басым көпшілігі – 85 %-ға жуығы – қазірдің өзінде 

жасалған нақты қадамдарды, сондай-ақ Қазақстан бас­

шылығының нарыққа көшу, дүниежүзілік экономикаға 



423

кіру жөніндегі жалпы бағытын қолдап отыр. Ол бағытты 

әзірлеуге еліміздің белгілі экономистері, шет елдердің 

көрнекті ғалымдары қатыстырылды. 

Саяси тұрақтылықты сақтай отырып, біз бұрынғы 

экономикалық құрылымдарды, ал әсіресе экономика­

лық және саяси ойлау жүйесін сақтап қалуға тіпті де 

ұмтылып отырған жоқпыз. Егер республикада болып 

жатқан экономикалық өзгерістер үдерістеріне мұқият 

зер  салатын  болсақ,  серпінді  қақтығыстардан  және 

шұғыл дамудан толып жатқан күрделі де қарама-қайшы 

құбылыстарды байқауға болады. Біз ескі сұлбалардың, 

өзара байланыстарды басқару құрылымдарының ыды­

рап жатқанын көреміз. Мұның өзі өтпелі кезеңнің сөзсіз 

және біршама шетін объективті сәті. Бұл кейбіреулердің 

бойында – республикада ғана емес, сондай-ақ елімізде 

де – аласапыран сезімін, ал оның ізінше ескі тәртіптерге 

қайтып оралу ниетін туғызуда. Бұған орай не айтуға 

болады? «Жоспарлы экономика» дейтінді аңсап, көз 

жасын көлдетіп жүргендер ол жоспарлардың іс жүзінде 

қандай болғанын еске түсіріп көрсін! Олар қағаз жүзінде 

ғана болды. Ал іс жүзінде – жаппай алдау, теңдестіру 

деген атымен жоқ, алуан түрлі түзетулерден, қайталама 

есептерден және орасан зор, күйзелтерлік шығындар­

дан аяқ алып жүргісіз алдамшы нәрселер болатын. 

Ескіге қайта оралу жоқ қой деп ойлаймын. Мұны 

республиканың экономикалық, әлеуметтік және саяси 

өмірінің жаңа тұрпатының елеулі өсуі, тіпті мен айтар 

едім, қызу тазалана түсуі қуаттайды. Жылы жауыннан 

кейінгі саңырауқұлақтардай акционерлік қоғамдар мен 

коммерциялық фирмалар, тауар және қор биржалары, 

бірлескен  банктер  мен  кәсіпорындар  пайда  болуда. 

Әрине, «арамқұлақтар да» жоқ емес, бірақ соған қара­


424

I  ТОМ. – 1989–

1991 


мастан, басым көпшілігінде, әсіресе, аграрлық секторда 

жаңа құрылымдар ескілерінен сан есе тиімді екендігін 

тәжірибе көрсетіп отыр. 

Жаңалық  әлеуметтік,  саяси  салаларға  да  белсенді 

енуде. Халықтың әртүрлі топтары мен жіктерінің мүдде­

лерін білдіретін қоғамдық қозғалыстар, ұлттық мәдени 

орталықтар,  діни  ұйымдар,  экологиялық  қоғамдар, 

шығармашылық одақтар пайда болып, жұмыс істеуде. 

Рас, бұл жерде де іркілістер бар. Бірақ біз: пайда болып 

және  нығайып  келе  жатқан  полицентризм,  өмірдің 

сан алуан қырлары, жанасу, мен айтар едім – әртүрлі 

ұлт адамдары мүдделерінің, көзқарастарының, сенім­

дерінің, экономикалық ынта-ықыластарының бірін бірі 

толықтыруы бәріне және барлығына партиялық-мем­

лекеттік монополия жүргізуден гөрі қоғамды жүз есе 

күштірек орнықтырады деген объективті тұжырымнан 

бас тарта алмаймыз. 

Ал  біз  Қазақстанда  жаңаның  жасампаз  толысуы, 

жаңа экономикалық және қоғамдық құрылымдардың 

өздігінен  құрылуының  сан  қырлы  және  көп  күрделі 

үдерісі  жүріп  жатыр  деп  айта  аламыз.  Сондықтан 

республика мемлекеттік басқару органдарының мін­

деті – өзінің қызметінде осының барлығын неғұрлым 

жете  ескеру.  Әрине,  жаңа  ғана  құлаш  жайып  келе 

жатқан құрылымның құқықтық іргетасы қаланса қуа­

нышты, мысалы, республикада шетел инвестициясы 

мен капиталын қатыстыру және қорғау, еркін эконо­

микалық аймақтар туралы, көптеген басқа заңнамалық 

актілерге қатысты осылай болды. Ал таяуда біздің басты 

нарықтық құжатымыз – мемлекет иелігінен алу және 

жекешелендіру туралы заң қаралмақ. Оны орындауға 

біз бірден кірісуге дайындалып жатырмыз. 



425

Алайда оңды өзгерістердің жолында көптеген бөгет­

тер бар. Еліміздегі жағдай күрделі бола бастаған сайын, 

ол  да  республикада  көбейе  түсуде.  Бұл  түсінікті  де: 

Қазақстан оқшау кеңістікте өмір сүріп, дамып отырған 

жоқ,  ал  экономикалық  және  әлеуметтік  таралу-жа-

йылулар шекараны білмейді. Біз қазір экономикадағы 

тоталитаризм  мен  әкімшілдіктің  «жемісін»  айқын 

көріп отырмыз. Орталық жергілікті жерлердегі көнгіш 

«көсемдердің» көмегімен республиканы елдегі шикі­

зат шылауына табан аудартпай айналдырып отыр ған 

өндірістің салаларын ғана күшті дамытып келді, қал­

пына келмейтін табиғат ресурстарын парықсыз әрі су 

тегін тонаумен болды. Ал бізге: көмір қазыңдар, кен 

шығарыңдар,  металл  балқытыңдар,  қалғанына  қам 

жемеңдер, қазақстандықтарға қажеттің барлығын басқа 

жерден жеткізіп береміз деді. Мен, тегі, осындай саясат­

пен ілесіп жататын экологиялық апаттар туралы айтып 

та тұрған жоқпын. Аралдың тақсіреті, Семей полигоны 

ауданындағы табиғатқа жасалған ядролық зорлық біздің 

ата-бабаларымыздың жеріне деген тағылық қатынастың 

түгесілмейтін үлгілерінің ең көрнектілері ғана. 

Міне,  енді,  бұрынғы  экономикалық  байланыстар 

үзілісімен,  жеткізілімдер  бұзылысымен  Қазақстан 

мен  барлық  Орталық  Азия  республикалары  кедей 

жамағайын кейпінде қалып отыр. Халық тұтынатын 

тауарлардан  бастап,  технологиялық  жабдықтар  мен 

бюджет  қаржысына  дейін  –  осының  бәрін  бізге  енді 

жалынып сұрауға тура келуде. Егер біз де өз тұтынушы­

ларымызды – ал бұл анау-мынау емес, Кеңес Одағының 

барлық аймағы – бізден шикізат жеткізілімін сұрауға 

мәжбүр ете бастасақ не болмақ? Онда елімізді толық 

күйреу күтіп тұр. Бұған жол бермеу үшін, біздің эко­

номикамызды топтас тыруға қабілетті шаралар керек. 



426

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Бетімен кетушілік пен босбелбеулікке бұдан әрі шыдау-

дың ешқандай реті жоқ. 

Қазақстан өткен бесжылдықтың міндеттерін табыс ты 

орындап шықты. Бірақ 1990 жылдың ортасынан бастап 

республикада қоғамдық өндірістің өсу қарқыны құл­

дырай  бастады.  Бұл  үрдіс  оның  алдындағы  жылмен 

салыстырғандағы өзінің абсолютті төмендеуіне ұласты. 

Сірә, біз дағдарыстың төтенше нүктесінен әлі өтпеген 

болармыз, ал оның ауқымы туралы біз тек қана жобалай 

аламыз. Өкінішке қарай, ол экономиканың барлық өрісі 

мен саласында ұзаққа созылған сипат алды. 

Осының  барлығы  әлеуметтік-саяси  жағдайға  өте 

теріс әсер етіп, халықтың, әсіресе, тұрмыс деңгейі күрт 

төмендеген  металлургтердің,  шахтерлердің  орынды 

наразылығын тудырып отыр. Қарағанды шахтерлері 

парасаттылық  пен  ұстамдылық  көрсетті,  өздерінің 

проблемаларының шешілетініне сеніп, ереуілден бас 

тартты. Бірақ КСРО мен республика үкіметтері берген 

уәделерінде  тұрулары  керек.  Әрі,  ең  бастысы,  шах­

терлер ұжымдарының өндірілген өнімге иелік етуіне 

шынайы дербестік беру керек. 

Біз өндірілген өнімнің бір бөлігін республика кәсіп-

орындарының қарамағына беру туралы, оның кәсіпо­

рындарға  экспорттық  жеткізілімдер  үшін  лицензия 

беру құқығы жайында мәселені бірнеше дүркін қойдық. 

Алайда ол осы уақытқа дейін шешімін таппай отыр. 

Арқаулық салалардағы ауыр жағдай кәсіпорындар 

арасындағы шаруашылық байланыстардың үзілуінен, 

кооперациялық жеткізілімдердің іркілісінен, шикізат­

тың жоқтығынан, негізгі қорлардың белсенді бөлігінің 

мейлінше тозуынан, еңбек тәртібінің нашарлауынан 

туған. Мысалы, Ақтөбе хром қосындылары зауытының 



427

кальциленген сода жеткізіліміндегі олқылық еліміздегі 

тапшы  өнімді  шығаруды  төмендетуге  әкеліп  соқты. 

«Қазстройполимер» бірлестігі жұмысының толығымен 

берекесі кетті, ал оның қуаты тек Қазақстанның ғана 

емес,  сондай-ақ  бүкіл  Орталық  Азияның  қажетін 

қамтамасыз  ете  алар  еді.  Алайда  импорт  бойынша 

шикізаттың кем жеткізілімінің салдарынан бірлестік 

1,6 млн шаршы метр линолеум берген жоқ. Осы себеп­

тен, сондай-ақ Ресейден ағаштың кем жеткізілімінен 

мыңдаған қоныс танушылар іс жүзінде дайын тұрған 

үйлерге кіре алмай отыр. 

Сізге,  Михаил  Сергеевич,  Шымкенттің  бірқатар 

кәсіп орындарының  басшылары  мәлімдегеніндей, 

ызылған талшық жіптің жоқтығынан «Шымкентшина» 

өндірістік  бірлестігі  шарттық  міндеттемелерін  тек 

79 %-ға орындап отыр. «Карбид», «Фосфор», «Химпром» 

сияқты ірі өндірістік бірлестіктер тоқтап қалды немесе 

тоқтау шегіне жетті – бұларға Ресей Федерациясының 

зауыттары кокс жеткізілімін қамтамасыз етпей отыр. 

Сондай-ақ  шикізаттың  кем  жеткізілімінен  халыққа 

тауар  шығаратын  кәсіпорындар  да  ауыр  жағдайда 

қалды. 

Біз аграрлық секторда күшті қиыншылықтарға тап 



болдық.  Байқап  қарасақ,  биылғы  ауылшаруашылық 

жылы күрделі болғалы отыр. Көктем ылғалсыз болды, 

жемшөптің қажетті көлемін жинай алмайтындай қауіп 

бар.  Мамырдағы  үсік  қант  қызылшасы  мен  көкөніс-

бақша дақылдарының төрттен бір бөлігін жойып, бау­

лар және жүзімдіктер зиян шекті. 

Күрделі құрылыстағы жағдай алаңдатулы. Құрылыс 

көлемі азайып, тұрғын үй және әлеуметтік, мәдени-тұр­

мыстық  объектілер  салу  қарқыны  төмендеп  кетті, 


428

I  ТОМ. – 1989–

1991 


өндірістік қуаттарды енгізу толығымен дерлік тоқтады. 

Тұрғын үйлер, мысалы, 4 айдың ішінде өткен жылдың 

осы кезеңімен салыстырғанда, біршама аз тапсырылды. 

Басты себебі құрылыс-монтаж жұмыстары бағдарла­

масының  материалдық  ресурстармен  теңдестірілме­

уінде, оларды жүзеге асырудағы ұдайы олқылықтарда, 

сондай-ақ технологиялық жабдықтардың біршама кем 

жеткізілімінде болып отыр. Жеткізілім берушілер авто­

машина, азық-түлік және тағы басқаларын талап етеді. 

Қазір  бірде-бір  күрделі  объектіні  толық  жабдықтау 

мүмкін емес. 

Әрине, біз қолды қусырып қарап отырған жоқпыз. 

Проблемалардың біршама бөлігін республикааралық 

байланыстарды пайдалана отырып, өнім және басқа­

ларын айырбастау негізінде, басқаша айтқанда, «жаңа» 

жолдармен шешудеміз. Негізінде, бірінші жарты жыл­

дықтың  қорытындысы  бо  йынша  тұрғын  үй  салудың 

жылдық  бағдарламасының  кем  дегенде  50 %  жүзеге 

асыра аламыз деген сенімдеміз. Басқа объектілер бо -

йынша да, әсіресе, тауар шығару, ауыл шаруашылығы 

өнімін қайта өңдеу және сақтау қуаттары бойынша да 

белгілі бір айқындық бар. 

Инвестициялық саясатты өзгерту туралы айта оты­

рып, Қазақстанға тән проблема – минералдық шикі­

затты  шығару  проблемасына  тоқталғым  келеді.  Бұл 

салалардың қорды көп қажетсінетін өндірістері зор әрі 

күрделі тау-кен жұмыстарын талап етіп отыр. Қажетті 

қаржының жоқтығынан олар жүргізіліп жатқан жоқ 

немесе  шағын  көлемде  жүргізілуде,  ал  ол  таяудағы 

болашақтың өзінде-ақ өнім шығаруды кеміту қаупін 

төндіріп отыр, олай болса, бүкіл еліміздің экономика­

сына да теріс әсер етпек. Мұның шығар жолы арқаулық 



429

салаларда, ал ол қалай болғанда да экономиканың негізі 

ғой, едәуір күш пен уақытты қажет етеді. 

Жекелеген  республикалардың  тайталасты  қаржы 

саясаты  мен  баға  белгілеу  реформасы  бізді  қаржы 

жөніндегі қиыншылықтың шегіне жеткізді. Экономи­

калық келісімге сәйкес республика 1991 жылы одақтық 

бюджеттен 6 млрд сом мөлшерінде субвенция және 

бөлшек сауда бағасының қымбаттауына байланысты 

халыққа  өтем  төлеу  үшін  бірыңғай  одақтық-респу­

бликалық  әлеуметтік  қолдау  қорынан  2,8  млрд  сом 

алуға  тиіс  екені  мәлім.  Алайда  дотациялардың  осы 

жалпы  сомасынан  қазіргі  кезге  дейін  бірде-бір  сом 

алынған жоқ. Бізге жыл басында несие ретінде берілген  

815 млн сом көрінеу жеткіліксіз, оның үстіне оны қай­

тару керек. Өнеркәсіп өнімінің көтерме сауда бағасының 

және ауылшаруашылық өнімінің сатып алу бағасының 

тең емес қымбаттауына байланысты өтелмейтін шығын 

8,4 мрд сом болып отыр. Сонымен бірге, бөлшек сауда 

бағасының қымбаттауына байланысты шығынды өтеу 

үшін  ауыл  шаруашылығы  қызметкерлеріне  тағы  да 

қосымша 2 млрд сом қажет. Қорытындысында респу­

блика бюджетінің тапшылығы 14,4 млрд сомға жетті, 

бұл орайда шығынның 47 % өз табысымен өтелмейді. 

Бұл жағдайдан шығатын екі жол бар. Тұтынушы­

ларға еліміздің ішінде шикізат берудің тұрақтылығын 

сақтау үшін, біз не есептік көлемде субвенция алуы­

мыз керек, не саудаға еркін немесе халықаралық баға 

бойынша көшуіміз керек. Екінші нұсқа бойынша біз 

республиканың тауарлар, материалдар және жабдық 

жөніндегі  қажеттерін  импорт  есебінен  қанағаттан­

дыра аламыз. Мұны да шешу керек әрі шұғыл шешу 

керек. 


430

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Біз қаржы ресурстарын іздестіру жөніндегі барлық 

шараларды  қолданып  жатырмыз.  Қаржының  түсуі 

кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдасы, құнды қағаз­

дарды сату, халықтың жинақ банкіндегі салым ақша­

сының  артуы  және  басқалар  есебінен  көбейді.  Бірақ 

әлеуметтік және өндірістік бағдарламаларды қаржы­

ландыру үшін бұл жеткіліксіз. 

Қазақстанда КСРО Министрлер Кабинеті мен егемен 

республикалар  үкіметтерінің  нарыққа  көшу  жағда-

йында еліміздің экономикасын дағдарыстан шығару 

жөніндегі бірлескен іс-қимылдар бағдарламасын ескере 

отырып, тиісті республикалық бағдарлама, сондай-ақ 

мемлекет иелігінен алу және меншікті жекешелендіру 

бағдарламасы  әзірленді,  олар  республика  Жоғарғы 

Кеңесінің сессиясына енгізіледі. 

Біздің негізгі міндеттеріміздің бірі – халықты азық-

түлікпен жабдықтаудың нашарлауына жол бермеу ғана 

емес, сонымен бірге, тұтыну рыногындағы жағдайды 

дәйектілікпен  жақсарта  түсу.  Бұл  үшін  кез  келген 

мүмкіндік  пайдаланылып  келеді.  Мысалы,  барлық 

азаматтардың бау-бақшаға жер алуына рұқсат етілді. 

Осы мақсат үшін қазірдің өзінде 65 мың гектар жер 

бөлінді. Сонымен бірге, біз мемлекеттік тапсырысты, 

негізгі азық-түлік дақылдарының танаптарын бұрынғы 

көлемде  сақтай  отырып,  әдеттен  тыс  шараларға  да 

бардық. Сонымен қатар, ауыл еңбеккерлерінің майлы 

және жармалық дақылдарды өндіру көлемін ұлғайтуға 

мүдделілігі арттырылды. 

Республиканың негізгі астықты өңірі – тың еңбек­

керлерінің көңіл-күйі Сізге, Михаил Сергеевич, белгілі. 

Сіз Көкшетау облысында болып, күдік келтірушілердің 

болжамдарына қарамастан, Қазақстан қазірдің өзінде 

дәнді дақылдар егуді аяқтап қалғанына көз жеткіздіңіз.


431

Ауылда меншік пен шаруашылықты жүргізудің алуан 

түрлі тұрпатын дамытып, нығайту жөнінде қыруар іс 

тындырылуда. Жалгерлік бағыттағы ұжымдарда қазір 

1  млн-нан  астам  адам  еңбек  етеді.  Аграрлық-өнер­

кәсіптік кешен жүйесінде 2 мыңға жуық кооператив, 

640-тан астам шаруа қожалығы және 46 акционерлік 

қоғам  жұмыс  істеу  де.  Ал  мұның  өзі  бір  сән  қуалау 

емес. Біз мынаны есептеп шығардық: жеке сектордың 

қарамағындағы жер көлемінің 1 % ғана бізге өндірілетін 

ауылшаруашылық өнімінің 30 %-ға жуығын береді екен 

және мұның үстіне бұл өнімнің өзіндік құны кеңшар­

дағылардан 2–3 есе төмен. 

Бірақ та республиканың ауыл шаруашылығына пәр­

менді көмек керек-ақ, әсіресе, материалдық-техникалық 

қамтамасыз ету жөнінен көмек көрсету аса қажет. Бола­

шақтағы егінді жинау бізді қазірдің өзінде алаңдатып 

отыр.  Қазақстан  –  еліміз  валютаға  сатып  алып  жүр­

ген азық-түлік астығын басқаларға шығаратын және 

беретін жалғыз республика. Оны сомға сата отырып, 

біз өзімізден астық алатын республикалар мен облыс-

тар тракторларды, комбайндарды, автомобильдерді, 

қосалқы бөлшектерді жүз пайыз беруді қамтамасыз 

етеді деп үміт артуға хақылымыз. Тракторлар мен көп 

жүк көтеретін автомобильдер үшін аккумуляторларды, 

пестицидтерді, азот тыңайтқыштарын беру мәселелерін 

дереу шешу керек. Жанар-жағармай материалдарымен 

қамтамасыз етуде айқындық жоқ, оған арналған қор 

бөлінген емес. Сонымен бірге, картоп пен көкөністі, 

жеміс пен жүзімді сақтап, ұқсататын жабдықты, тех­

нологияларды шет елден сатып алу мәселелерін шешу 

керек. Біз мал шаруашылығын материалдық-техника­

лық жағынан қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуді 

өтінеміз. 



432

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Жаппай тапшылық жағдайы шаруашылықтардың 

басшыларын ысырапшыл бартерлік мәміле жасасуға 

мәжбүр етуде. Соның салдарынан республиканың ет 

ресурстары талан-таражға түсіп, одақтық қорға ет-сүт 

өнімін беру күрт қысқаруда. 

Біз  қалай  дегенмен  де  өткен  жылғы  егін  жинау 

науқанынан қорытынды жасауға тиіспіз. Ауыл еңбек­

керін оның проблемаларымен және қиындықтарымен 

бетпе-бет жападан жалғыз қалдыруға болмайды. Бұл 

проблемаларды шешуді одан әрі кешеуілдету ысырапқа 

апарып соқтырады, сөйтіп, азық-түлікпен жабдықтау­

дың орнына еліміз аштық шегіне қойылары сөзсіз. 

Ақыр соңында, тәртіпті жолға қою және ауылшару­

ашылық өнімінің және ауылға берілетін техникалық 

жабдық пен механизмдердің баламалы бағасына қол 

жеткізу керек. Ауылды тонауды тоқтататын кез келді. 

Бұл жөнінде бірнеше мысал. Ленинград трактор зауыты 

«К-701» тракторының 35 мың сом деп тіркелген көтерме 

сауда бағасының орнына шартты баға – 48,4 мың сом 

белгіледі. Астық жинайтын бір «Дон-1200» комбайнын 

38 мың сом бағамен сатып алу үшін 100 тоннадан астам 

астық немесе 60 тонна сүт не 9 тонна ет сату керек. Тіпті 

өткен жылғы рекордты егін түсімі жағда  йының өзінде 

республиканың көптеген шаруашылықтары өз еңбек­

керлеріне есептелген жалақыны төлей алмай отыр. 

Жалпы  алғанда,  өндіріс  құрал-жабдығы  мен  қыз­

меттердің жаңа сатып алу бағасында көзделмеген қым­

баттауы 11,5 млрд сомға жуық болып отыр! Сондықтан 

біз  аграрлық- өнеркәсіптік  кешенге  берілетін  өндіріс 

құрал-жабдығының және оған көрсетілетін өндірістік 

қызметтердің дәйектелген көтерме сауда бағасы мен 

тарифтерін  белгілеуді  табанды  түрде  талап  етеміз. 



433

Әйтпесе біздің одақтық қорға берілетін ет пен астық 

бағасын арттыруымызға тура келеді. 

Президенттің «Халық шаруашылығы базалық сала­

ларының  тұрақты  жұмысын  қамтамасыз  ету  жөнін­

дегі шұғыл шаралар туралы» Жарлығы республикада 

қанағаттанғандықпен қабыл алынды. Ол қазірдің өзінде 

нақты іске асырылуда. Халық депутаттары жергілікті 

Кеңестерінің, олардың атқарушы органдарының база­

лық сала кәсіп орындарының үздіксіз әрі сенімді жұмыс 

істеуі үшін жа  уапкершілігі де арта түсуде. Сонымен 

бірге, біз Одақ пен республика арасындағы меншіктің 

бөлінуін жеделдету, маңдайшасындағы жазу өзгертіл­

генімен, ескі әдістермен іс-қимыл жасап отырған сала­

лық  одақтық  басқару  органдарының  оны  мемлекет 

иелігінен өздеріне алуын тоқтату қажет деп есептейміз. 

Халық  депутаттарының облыстық Кеңестері мұндай 

тонауға  жол  бермеуге  тиіс.  Базалық  салалар  объек­

тілерінің Қазақ КСР құзыретіне көшірілуі кезінде біз 

барынша сарабдалдық көрсететінімізге және өндірістің 

үйлестірілуі мен басқарылуын сақтау тұрғысынан абай 

болатынымызға сендіргім келеді. 

Ең  маңызды  мәселе  –  шамадан  тыс  қожыраған 

қаржыны тұрақтандыру. Біз орталықтан халық шару­

ашылығы  қаржы  жағдайының  қалыпқа  келтірілуін, 

бюджет  тапшылығының  жойылуын,  ақша  жиыны 

мен  эмиссиясына  бақылау  орнатылуын  қамтамасыз 

ететін пәрменді де ойластырылған шараларды күтеміз. 

Бюджеттердің  қаржы  тепе-теңдігінің  проблемасын 

шешпейінше,  нарықтық  қатынастар  жағына  қарай 

басты қадам жасау – меншікті мемлекет иелігінен алу 

мен жекешелендіруге кірісу мүмкін емес. 



434

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Бұған  батыл  әрі  табанды  түрде  бару,  бір  орында 

айналшықтамау керек екеніне біз кәміл сенеміз. Эко­

номикалық дамудың стратегиясы мен тактикасындағы 

ірі олқылықтар мен қателіктердің себебі қайта құрудың 

маңызды шешімдерінің үнемі кешігіп қабылдануында 

екені, меніңше, қазір жұрттың бәріне айқын. Мұның өзі 

орталықтың, сондай-ақ республикалардың, жергілікті 

өкімет  органдарының  ортақ  тақсіреті  мен  қырсығы. 

Тегінде біз экономиканы басқарудың тиімділігі төмен, 

өзінің  әбден  беделін  түсірген  әкімшіл-әміршіл  жү -

йесіне жан бітіруге үнемі әрекет жасап келдік. Ендеше, 

өкініштің ащы дәмін татпау үшін, таптаурын соқпаққа 

қайтадан түспейтін болайық. 

Елімізде  ұлтаралық  қатынастардың  барған  сайын 

шиеленісуін біз басталған игі өзгерістерге төніп оты­

рған тағы бір нақты қауіп деп білеміз. Республикада 

осы  келеңсіз  үрдістердің  алдын  алуға,  оларға  қарсы 

әрекет жасауға қаншалықты уақыт, күш-жігер жұм­

салып  отыр ғанын  қазақстандықтар  біледі.  Бірқатар 

аймақтарда аса шетін шиеленісті сақтау әлдебіреулерге 

өте тиімді, әлдебіреулер осы үдерістерді саналы түрде 

немесе, жұмсартып айтқанда, алысты болжай алмай­

тындығына  байланысты  қоздырып  отыр  деген  сенім 

қалыптасуда. 

Фактілерді  Кавказ  елдеріндегі  азамат  соғысынан 

бастап, Ресейдің кейбір облыстарындағы шовинистік 

және тіпті монархистік көңіл-күйлердің күшеюіне дейін 

көптеп келтіруге болады. Михаил Сергеевич, айтыңыз-

 шы, Сіздің орынбасарыңыз, ел вице-президенті Янаев­

тың казактар өкілдерін қабылдауын қалай бағалауға 

болады? Әңгіме не жайында болғаны бізге беймәлім, 

бірақ оның өзі Орал облысында жікшілдік қозғалыс-

тардың жаңа толқынына себеп болды. Ал оған жауап 


435

ретінде  жергілікті  халықтың  тиісті  қимылы  өршіді. 

Халықтарды  осылайша  қақтығыстыру  кімге  тиімді 

екенін мен білмеймін, бірақ ол көпұлтты Қазақстанға, 

сондай-ақ бүкіл елімізге зиян келтіретініне сенемін. 

Казактардың  жекелеген  бөлімдерінің  құрылуы 

туралы әңгімелер де бізді алаңдататынын жасырмай­

мын.  Олар  кімнен  қорғанбақшы?  Бәлкім,  бұрынғы 

патшалық империяның аз ұлттарының есіне қарусыз 

көшпенділерді отарлау кезеңін салғысы келетін болар? 

Сол  кезеңдегі  алдауды,  кемсітуді  және  қаталдықты 

халық осы уақытқа дейін ұмытқан жоқ. Жалпы алғанда, 

кейбіреулердің нақты уақыт пен кеңістік туралы ұғымы 

өзгерген-ау деген әсер қалыптасып отыр. 

Мені дұрыс түсінсеңіздер екен деймін. Біз барлық 

халықтардың теңдігін, лайықсыз ұмыт қалдырылған ізгі 

дәстүрлердің, әдет-ғұрыптар мен мәдени қазыналардың 

қалпына келтірілуін, республикадағы барлық халықтар 

тілдерінің дамытылуын жақтаймыз. Біз еңбексүйгіш 

казактардың ұрпақтары да қазақ жерінде өзін туған 

үйіндегідей  сезінуін  қалаймыз.  Ал  проблемаларды 

туғызып отырған тіпті де олар емес, қайта тар өрісті 

жеке мүдделері мен шамшылдығын қанағаттандыру 

үшін адамдар арасында іріткі салуды аса қажет етіп 

отырғандар. Егер бізге өзіміздің бейбіт өміріміз, бала­

ларымыз бен немерелеріміздің болашағы қымбат болса, 

осындай отпен ойнауды тоқтатуды ұсынамын. Шыдам­

дылық пен жүйкені әлсін-әлі сынаудың керегі жоқ. Тұр­

лауы жоқ өткен кезді аңсап жүрген желікбастарға ашық 

ескертемін және сақтандырамын: республикааралық 

шарттарда және мемлекеттік егемендік туралы деклара­

цияларда қол сұғылмайды деп танылған республикалар 

арасындағы шекаралардың өзгертілуіне ешқашан жол 


436

I  ТОМ. – 1989–

1991 


бермейміз. Оның үстіне Қазақстан аумағында казактар­

дың патша режіміне қызмет етуінің жылдығын мереке­

леу әрекеттеріне, әсіресе, казак бөлімдерінің құрылуына 

жол бермейміз. Республика Жоғарғы Кеңесінің мені 

қолдайтынына сенемін. 

Ұлыдержавалық шовинизм өркендерін шет елдер­

дегі «әулиелердің» әдепсіз кеңестерін шаттана қабылдап 

отырған кейбір интеллигенция өкілдері де қолпаштау-

 да. Мысалы, өз Отаныңды көркейту жөніндегі қамқор­

лығың басқа халықтардың қам-қарекеті мен проблема­

ларын көлегейлеп отырса, осы сөздің толық және биік 

мағынасында өзіңді интеллигентпін деп қалай санауыңа 

болады! Ал елімізде кеңінен таратылған даңғаза трак­

таттың авторы белорустар мен украиндар орыс екенін 

ұмытты-мыс; қазақтардың жерлері олардың жерлері 

емес сияқты, деп жар сала жариялаудан қымсынған 

жоқ қой... Бірақ өмірді сталиндік лагерьлердің тікенек 

сым темірінің ар жағынан ғана көрген адам Қазақстан­

ның өмірі мен шынайы тарихы жайында не білуші еді, 

тәйірі?  Адамның  сезімін  тәлкекке  салу,  бір  халықты 

екіншісіне айдап салу – кем дегенде адамгершілікке 

жатпайды,  ал  осының  бәрі,  түптеп  келгенде,  біздің 

біртұтас мемлекетіміздің негізін әлсіретеді. 

Михаил Сергеевич, қазақстандықтардың жаңарған 

Одаққа адал екеніне Сіз көз жеткіздіңіз. Олар осы мақ­

сатқа бағытталған қандай да болсын қадамды құптайды. 

Орталық  пен  республикалар  айқындамаларының 

жақындасуы байқалған кезде, «9+1» келісіміне қол қо -

йылған кезде келісімнің нәзік өркені жанында «окоптан 

шыққандардың» гранаталары бірінен соң бірі жарыла 

бастады. Егер олар өздерінің окоптық дертінен осындай 

әдіспен сауыққысы келіп отырса, онда мен білмеймін... 



437

Алайда шындықтың аты шындық: бірбеткей, желіккен 

коммунистер – КОКП-ның қатардағы мүшелері емес, 

қайта басым көпшілігі аппаратшылар – «Әміршіл соци­

ализмге кері қайтайық!» деген ұран тастап, ашықтан-

ашық шабуылға шықты. Екінші жағынан, осы келісімге 

Ресей Жоғарғы Кеңесі басшысының қатысуы демократ­

тарға ұнамады. Бұл жерде КСРО Жоғарғы Кеңесі де ел 

Президенті мен тоғыз республика басшыларының өз 

рұқсатынсыз кездескеніне наразылық білдірді... 

Бір-біріне жұлдызы қарсы саяси күштердің осындай 

«бір ауыздылығы» ойлануға мәжбүр етеді. Бүгінгі басты 

мәселе – жаңа Одақ. Сондықтан халық оны жақтайтын­

дардың да, қулық жасап отырғандардың да аты-жөн­

дерін жеке-жеке білуге хақылы. 

Сіз, Михаил Сергеевич, Орталық Комитеттің соңғы 

Пленумында КОКП-да байқалған жікке жол бермеу 

үшін мүмкін болған нәрсенің бәрін істегенімізді және 

оған формальды түрде қол жеткізгенімізді кімнен де 

болсын жақсы білесіз. Ал шын мәнінде ше? Қазір, ел тағ­

дыры таразыға түскен кезде, партия әлі де болса маңыз-

 ды қоғамдық күш күйінде қалып отырған кезде біздер, 

реформалық үдерістерді кәміл жақтаушылар, біздің 

партиялық бірлігіміздің елесін қорғай аламыз ба? Сол 

елес үшін бізбен бірге партия қатарында жүріп, қайта 

құру үдерістеріне қарсы шығып отырғандардың саяси 

бағыты үшін жауапкершілікті өзімізге ала аламыз ба? 

Ала алмаймыз деп ойлаймын. Қалыптасқан жағдайда 

қандай да болсын ішкіпартиялық істер бүкіл халықтың 

түбегейлі  мүдделеріне  қатысты.  Сол  мүдделерді  ла -

йықты түрде қорғай алуымыз үшін, бізді өктемшілдік­

тің батпағына қасарыса тартқылап отырған «партиялас 

жолдастарымыздан» іргені аулақ салуымыз қажет. 


438

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Коммунист  ретінде  мен  бостандықтың,  демокра­

тияның,  адамдардың  теңдігі  мен  туысқандығының 

социалистік ұлы идеясынан, «Әркімге – еңбегіне қарай, 

әркімнен  –  қабілетіне  қарай»  деген  қағидаттан  бас 

тартпаймын. Біздің республикалық партия ұйымының 

жүздеген мың мүшесі де осыны мәлімдей алады және 

мәлімдеп отыр. Осы мәртебелі, ізгілікті идея ешқашан 

өшпейді, ол халықтың бақыты үшін күрескендердің 

жаңа ұрпақтарын өзіне тартатын болады. Алайда біз 

«таза»  социализмді  қызғыштай  қорғаушы  кейбіреу­

лердің халық өмірін жақсартуды тіпті де ойламайтынын 

бүгінде көріп отырмыз. Идеологиялық догмалармен 

қаруланған олар жеке билігі үшін, өз артықшылықта­

рын сақтау үшін күресуде. 

Осыған  байланысты  қазір  елдегі  жағдайды  саяси 

күштердің  бірінің  ғана  дара  басшылығын  орнату 

арқылы  тұрақтандыру  мүмкін  емес  екенін  айтқым 

келеді,  өйткені  олардың  бірде-біреуі  дағдарыстан 

шығу үшін жауапкершілікті әзірше түгелдей өзіне ала 

алмайды.  Билікті,  әсіресе,  армия  мен  құқық  қорғау 

органдарын пайдалана отырып, басып алудың қандай 

да болсын әрекеттері зорлық-зомбылықтың жаңадан 

өршітілуіне түрткі болады, бірақ жағдайды тұрақтан­

дыруға тіптен де септеспейді. Керісінше, бұл жағдайда 

біз  бұқаралық  толқулардың  қанат  жаюына,  халық 

тарапынан саяси күрестің әсіре формаларына, саяси 

пікір алуандығы практикасының толық доғарылуына 

тап боламыз. Ал мұның өзі, сайып келгенде, мемлекетті 

басқарудың  қазіргі  кезде  қолданылып  отырған  жү -

йесінің жойылуын, кең ауқымды жазалау шараларының 

басталуын,  дүниежүзілік  қоғамдастық  санасындағы 

еліміздің оң бейнесінің түпкілікті өзгеруін білдіретін 

болады. 


439

Мемлекет басшысы ретінде Сіз, Михаил Сергеевич, 

мұны көрмеуіңіз мүмкін емес. Бүгін таңда, меніңше, 

түпкілікті  таңдау  жасайтын  мезгіл  жеткен  сияқты. 

Қай  жаққа  қарай  жүру  керек  екенін  Сіз  айқындап 

алдыңыз: Президент ретінде КСРО халық депутатта­

рының съезінде және КОКП Орталық Комитетінің Бас 

хатшысы ретінде партияның XXVIII съезінде – өзгеріс-

тер жолымен ілгері басу керек, ал экономика нарыққа 

қарай ілгерілеу керек, дедіңіз. Енді, сірә, екінші қадамды 

жасау – осы ілгерілеуге бөгет болатын нәрседен іргені 

ажырату керек болар. 

Біз ымыраға келу жағындамыз. Алайда адамдардың 

арасында белгілі бір ортақ мақсат болып, тек оларға 

қол жеткізудегі тактикада айырмашылық кездескенде 

ғана мәмілеге келу мүмкін. Оң қапталдан бізді артқа, 

«жарқын тоталитарлық өткенге» шақырып отырған­

дармен, әсіре сол қанаттан қайдағы бір жалған елесті 

«мамыражай болашақ» үшін саяси лаңкестікке шақы­

рып отырғандармен ымыраласу туралы қандай әңгіме 

болуы мүмкін! Мысалы, Таулы Қарабақтағы армян-әзір­

байжан жанжалының отына май құйып отырғандар­

мен  қандай  да  болсын  келісімге  қол  жеткізіледі  деп 

шынымен-ақ үміттенуге бола ма? Олар мәселені нағыз 

азамат соғысына дейін ушықтырып отыр ғой. 

Батыл іс-қимылдар жасайтын мезгіл жетті. Барлық 

нәрселерде – нарыққа көшуде де, қантөгісті жанжалдар­

дың жолын кесуде де, көптеген басқа істерде де батыл 

іс-қимылдар жасайтын кез келді. Оның бер жағында 

ымыраға  қол  жеткізуде  де  батылдық  керек.  Мұнда 

жақсы өнегелер қазірдің өзінде бар, мен сәуірдің 23-інде 

қол  жеткізілген  «9+1»  келісімін,  сондай-ақ  Одақтық 

шарттың  жобасы  жөніндегі  әзірлік  комитеті  мүше­


440

I  ТОМ. – 1989–

1991 


лерінің жуырдағы кездесуін айтып тұрмын. Мұны саяси 

қоғамдық  келісімнің  –  қазіргі  қиын  жағдайда  еліміз 

үшін бірден-бір дұрыс өркениетті де парасатты жолдың 

бастауы деп есептеуіміз керек. 

Осыған  байланысты  біз  осы  саясатқа  өзінің  адал­

дығын көрсетіп отырған қазіргі саяси күштердің кез 

келгенін  қолдайтынымызды  атап  көрсеткім  келеді. 

Алайда қабылданған шешімдердің мәнге ие болуы және 

практикада жүзеге асырылуы үшін келіссөз үдерісін 

ұйымдастырудағы  бастамашылық  биліктің  ресми 

құрылымдарының, тікелей Сіздің, Михаил Сергеевич, 

қолыңызда міндетті түрде болуға тиіс деп есептейміз! 

Қазақстан топтастырушылық бастамаларды дамытуда 

еліміздің басшылығына барынша көмектесуге әзір. 

Сонымен бірге, бізді кейбір одақтық құрылымдар­

дың, атап айтқанда, КСРО Жоғарғы Кеңесінің жекелеген 

депутаттарының болашақ Одақтық шартты қалыптас-

тыру үдерісіне килігуі, оның субъектілеріне өз еркін 

таңу жөніндегі жосықсыз талап-тілегі қатты алаңдатады. 

Бұл мәселедегі біздің ұстанымымыз бір мәнді: басқа 

республикалар  сияқты,  Қазақстан  да  біреудің  ақыл 

айтуына,  сондай-ақ  өз  іс-қимылдарын  мақұлдауына 

немесе мақұлдамауына ділгер емес. Одақтық шарттың 

мәні мен мазмұнын түзетуге, осы тұрғыда республи­

калардың және олардың парламенттерінің еркіне күш 

көрсетуге тырысқан кез келген әрекеттер мүлдем орын­

сыз. Олар тек соншалықты қиындықпен қол жеткізілген 

келісімді біржолата бүлдіруі ғана мүмкін. 

Өзге де біріктіру сәтін пайдалану өте маңызды болып 

көрінеді. Оның үстіне, бұл елімізді ауыр дағдарыстан 

шығаруға қарай жасалған тағы бір қадамға айналуы 

мүмкін. Мен дүниежүзілік экономикаға ұйымдасқан 



441

түрде  қайтып  оралу  идеясын  айтып  тұрмын.  Сіздің 

тапсыруыңыз бойынша, Михаил Сергеевич, оны әзір­

леумен қазір Г. Явлинский, Е. Примаков айналысуда. 

Оның «500 күн» бағдарламасының кебін кимеуін шын 

жүректен  тілер  едік.  Әрине,  оған  да  балама  табуға 

болады, айталық, біздің «тарихи таңдау» және «бірегей» 

даму шеңберінде халықаралық экономикалық ынты­

мақтастық жөнінде қандай да болсын негізгі бағыттарды 

қабылдауға  болады.  Бірақ  қателіктерді  қайталауға, 

объективті экономикалық заңдарға, тіпті ақыл-пара­

сатқа апатты идеологиялық күштеуді қолдануды одан 

әрі жалғастыруға біздің хақымыз жоқ деп ойлаймын. 

Ақыр соңында, біз дүние жүзінің ажырағысыз бөлігі 

екенімізді, сондықтан ықпалдасу болмай қоймайтынын 

түсінуге тиіспіз. Ал осы жолмен біз неғұрлым ертерек 

жүретін болсақ, солғұрлым шығынға аз ұшыраймыз.

Одан  арғысын  айтайын.  Еліміз  бен  дүниежүзілік 

қоғамдастықтың бірлескен мақсатты іс-қимылы бізге 

дағдарыстан шығуға, қомақты техникалық және қаржы 

көмегін алуға, жалпыадамзаттық игіліктерді ұстанатын 

шын мәніндегі демократиялық мемлекет құруға көмек­

тесіп қана қоймай, сондай-ақ бүкіл адамзаттың көптеген 

болашақ ұрпағы үшін шын мәніндегі экономикалық 

және саяси қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де көмек­

тесе алар еді. Сондықтан біз өз еліміздің дүниежүзілік 

экономикалық  қоғамдастыққа  мүше  болу  идеясын 

құптаймыз  және  Кеңес  Одағының  батыс  елдерімен 

келіссөзге баратын нақты ұсыныстарды талдап жаса­

уына өз үлесімізді қосуға әзірміз. 

Құрметті  Михаил  Сергеевич,  қазақстандықтар 

халықтың өмірін жақсартуға бағытталған батыл және 

нақты іс-әрекеттерді қолдайды, өйткені қайта құруға 


442

I  ТОМ. – 1989–

1991 


сенеді. 1985 жылдың сәуірінен бері республикада көпте­

ген өзгерістер болды. Ауыр күндер де кездесті. Бірақ та 

жаңарудың жемісті нәтижесі біздің көз алдымызда. Ең 

алдымен, бұл – нақты қоғамдық келісім, экономикада 

нақты және айқын бағдарлар таңдау, ақыр соңында, 

осындай  буырқанған  жылдарда  көне  қазақ  жерінің 

тірегі – оның ежелгі дәстүрін сақтау. Отбасында үлкенді 

сыйлау, кішіпейілділік пен қонақжайлылық, көмекке 

мұқтаждардың барлығына риясыз қол ұшын беру біздің 

халқымыз үшін қасиетті болып қалып отыр.

Қазақстан жаңарған федерацияны жақтайды. Оның 

қалай аталатынын бірлесіп шешу керек. Бірақ бір нәрсе 

айқын: бұл ортақ экономикалық кеңістігі бар егеменді 

ұлттық мемлекеттердің одағы болуы тиіс. Шекараны 

ашып,  кеденді  алып  тастап,  бірыңғай  ақша  бірлігін 

енгізе отырып, өз мүшелері арасында кооперация дең­

гейін көтере түсу ниетімен Еуропа қоғамдастығы, міне, 

осыған ұмтылып отырған жоқ па! Егер де өз елімізде 

барлығын тиісті орнына қоюға шындығында бірегей 

мүмкіндік  болып  отырғанда,  біз  өзіміздің  ұлттық 

шаңырақтарымызға бөлініп алып, халықтар арасына 

қолдан жасалған бөгет қоймақпыз ба? Ол парасатқа 

қайшы келер еді.

Тек қоғамдық келісім саясатына бірлесіп қолдау көр­

сету, нарықтық қатынастарға, өмірдің барлық саласын 

одан әрі демократияландыруға деген ортақ бағыт пен 

дүниежүзілік қоғамдастыққа ортақ кірігу ғана біздің 

барлық күрделі проблемаларымызды шешуге нақты 

мүмкіндік бере алады. Көпшіліктің мұндай таңдауды 

жақтайтынына  мен  сенімдімін.  Ал  біз  бұл  бағытта 

шындап қадам жасаған кезде біздің серіктестеріміздің 

едәуір көбейе түсетіні сөзсіз. 



443


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет