Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


Ішкі партиялық тұрмысты қайта құру –



Pdf көрінісі
бет13/25
Дата15.03.2017
өлшемі2,62 Mb.
#9778
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25

Ішкі партиялық тұрмысты қайта құру –  

уақыт талабы

Бүкіл  ішкі  партиялық  тұрмысты  түбірімен  қайта 

құру – бүгінгі күннің шұғыл міндеті. Оны шешуге біз 

қазірдің өзінде кірістік. Қазақ КСР Конституциясына 

тиісті түзетулер енгіздік және съезд алдындағы Тұғыр-

намада тек нақты істермен, адамдардың өмірін жақ­

сарту жөніндегі күнделікті жұмыспен ғана саяси көш 

бастаушылық құқығын жеңіп алып, орнықтыру ниетін 

ұсындық. 

Қазақстан  Компартиясының  Орталық  Комитеті 

өзінің назарын есепті кезеңде партия комитеттері мен 

ұйымдарының  қызметіне  басшылық  жасауды  қайта 



287

құруға аударды. Партиялық және мемлекеттік, шару­

ашылық  органдардың  міндеттерін  ажырату,  нақты 

өкімет билігін Кеңестерге беру, ішкі партиялық тұр­

мысты  демократияландыру,  өктемшілдік  әдістердің 

түп-тамырына  балта  шабу,  республикалық  партия 

ұйымының дербестігін арттыру жөнінде батыл бағыт 

ұсталды.  Партиялық  жұмыстың  басым  бағыттары 

бойынша бірқатар тұжырымдамалық құжаттар, нақты 

бағдарламалар мен ұсыныстар қабылданды. Осының 

арқасында республикалық партия ұйымы қоғамдық-са­

яси ахуалға орасан зор ықпал ететін көптеген аса маңыз-

 ды мәселелерде бастамашылдықты уыстан шығарған 

жоқ. Коммунистер іс жүзінде өздерінің ұйымдарында 

қожайынға  айналып,  партиялық  саясатты  әзірлеп, 

жүзеге асыруға нақты ықпал жасауда. 

Есеп беру-сайлау науқанын съезд қарсаңында және 

оған қоса партия комитеттерінің мүшелері мен хатшы­

ларын, конференциялар мен съездердің делегаттарын 

сайлау  баламалы  түрде,  төте  және  жасырын  дауыс 

беру  арқылы  жүзеге  асырылатын  принципті  жаңа 

негізде өткізу туралы Орталық Комитеттің ұсынысына 

алғашқы  кезде  көптеген  партия  комитеттері  бірден 

тулап  түскенін  жасырмаймын.  Алайда  қатардағы 

коммунистердің  арасында  бұл  идея  толық  қолдау 

тауып,  биылғы  науқан  бұдан  бұрынғыға  қарағанда 

өзінің бүкпесіздігімен, кең көлемді жариялылығымен, 

пар тия  мүшелерінің  жоғары  белсенділігімен  елеулі 

түрде  ерекшеленді.  Қалалық  және  аудандық  коми­

теттердің 141 хатшысы, оның ішінде 59 бірінші хатшы 

екі және одан көп кандидатурадан сайланды. Гурьев, 

Қарағанды, Көкшетау және Шымкент облыстық пар­



288

I  ТОМ. – 1989–

1991 


тия комитеттерінің бірінші хатшылары да баламалы 

негізде сайланды. 

Сонымен бірге, сайлаудағы баламалылық біз бірден 

тура жолға шыға қоятындай әлдебір керемет әдіс болып 

табылмайтынын да атап көрсету керек. Егер коммунис-

тер өзінің басшысына сенсе, оның іс-қимыл бағдарла­

масын қолдаса, жұмыс әдістерін жарамды деп санаса, 

онда оның жолына жасанды кедергілер қою, қызбалық 

сезімдерін қоздыру орынды бола қояр ма екен. 

Есеп беру мен сайлаудың қорытындыларына талдау 

жасай келіп, біз өзімізге мынадай сұрақ қоюға тиіспіз: 

көп жылдық еңбек өтілі бар, тәжірибелі деп саналып 

келген  партиялық  басшылар  неліктен  көп  ауысты­

рылды? Сірә, олардың көбі үшін қайта құрудың бес 

жылынан кейін де партиялық басшылық – саяси бас­

шылық екені жөніндегі сөзсіз ақиқат қиынға соқса керек. 

Әміршілдік үрдіс, әкімшілдік ету, тыйым салу, сынға 

дұрыс құлақ аспау әдістерінен тістей қатып айырылмау 

деген, міне, содан. Яғни, адамдар бүгінгі таңда төзгісі 

келмей отырған нәрселерге елең етпеу дегеніміз осы. 

Сірә,  Қарағанды,  Көкшетау,  Шымкент  және  Тал­

дықорған  облыстық  партия  комитеттерінің  бірінші 

хатшылары кенет қайта сайланбай қалғаны тек көрер 

көзге  ойламаған  жағдай  сияқты  көрінер.  Шынтуай­

тында, адамдар өздері шынында сенетін – демократи­

ялық көңіл күйдегі, партия бұқарасының пікіріне құлақ 

асатын, жоғары беделі мен саяси тәжірибесі бар қайта 

құрудың жақтау шыларын қалады. Бүгінгі таңда облыс-

тық партия комитеттері – 70 %, қалалық және аудандық 

партия комитеттері 80 % жаңарды. Бұл табиғи әрі заңды 

да. Компартияның Орталық Комитеті коммунистердің 

демократиялық  таңдауын  қолдайды.  Айтқандайын, 



289

оның өз құрамының да төрттен үш бөлігінен астамы 

жаңарды. 

Партия комитеттерінде салалық бөлімдерді жою, 

пленумдар мен бюролардың күн тәртібінен олардың 

құзыретіне  жатпайтын  мәселелерді  алып  тастау  да 

партияға тән емес міндеттерді Кеңестерге берудің нақты 

қадамы болмақ. Мұның өзі, әлбетте, әлеуметтік және 

экономикалық бағдарламалардың жүзеге асырылуынан 

партияның  шет  қалатынын  білдірмейді.  Тәжірибе 

мынаны көрсетіп отыр: олардың жүзеге асырылуына 

партиялық ықпал әлсіресе болғаны, іркілістер сөзсіз 

шыға келеді. Бірақ ол ықпалдың түрлері мен әдістері 

саяси болуға тиіс. 

XVI съезден кейінгі жылдарда Қазақстан Компар­

тиясы 31,6 мың адамға көбейіп, қазіргі кезде 842,4 мың 

КОКП  мүшелері  мен  мүшелігіне  кандидаттарды 

қамтиды.  Жаңадан  қабылданған  104  мың  партия 

мүшелігіне кандидаттардың төрттен үш бөлігі дерлік 

материалдық өндіріс саласында еңбек етуде. Республика 

Компартиясының құрамында 91 ұлттың өкілдері бар. 

Осы оңды деректерге қарамастан, Орталық Комитет 

партия қатарын қалыптастыру практикасы жетілдіруді 

қажет етеді деп санайды. Бізді, әсіресе, Алматы, Ақтөбе, 

Солтүстік Қазақстан облыстық партия ұйымдарында 

КОКП-ға  жұмысшыларды  қабылдаудың  азайғаны 

алаңдатпай тұра алмайды. Көптеген лайықты еңбеккер­

лер, әсіресе, жастар партия ұйымдарының назарынан 

тыс қалуда және көбінесе саяси белсенділігін неше түрлі 

бейресми бірлестіктерде көрсетіп жүр. 

КОКП мүшелерінің бір бөлігінің арасында күйреу-

шілік көңіл күй, басталған өзгерістердің қажеттілігіне 



290

I  ТОМ. – 1989–

1991 


сенімсіздік пайда болғанын көріп отырмыз. Олардың 

қатарында  еңсесі  түскендер,  асып-сасқандар  да  бар. 

Партияның  жолы  олардан  бөлек  болып  шықты.  Ал 

бұл  жағдайды,  сірә,  тым  торығып  көрсетудің  керегі 

жоқ  болар.  Партиядан  шығу  тәртібі  –  басқа  мәселе. 

Бізде КОКП Жарғысы жобасының партиядан комму­

нистің еркін қол үзуі туралы ережесі елеулі қарсылық 

туғызады.  Коммунистердің  көптеген  ұсыныстарына 

қарағанда, кез келген жағдайда шығу туралы арыз баста­

уыш партия ұйымдарында қаралуға, ал шығудың өзі 

партиядан шығару ретінде хатталуға тиіс. Бұл орайда 

әңгіме  адамдарды  жазалау,  қудалау  практикасына 

қайтып оралу туралы емес, мұндай жағдайда қажет 

принципті  шешім  туралы  болып  отыр.  Партияны 

біреу келіп, біреу кетіп жататын орынға айналдыруға, 

ал қабылдауды формальды актіге апарып саюға жол 

беруге болмайды. 

Партиядағы  қайта  құру  туралы  айтқанда,  оның 

бастауыш  буындарының  қызметі  жайындағы  мәсе­

лені  де  қозғамауға  болмайды.  Олардың  дербестігін 

арттыру,  бастауыш  ұйымдардың  бастамашылдығын 

тежеуді тоқтату міндеті алда тұр. Біз бастауыш партия 

ұйымдары  хатшыларының  республикалық  кеңесін 

құрып, мұның қажеттігіне көз жеткіздік. Оның мүше­

лерінің  пленумдардың  мәжілістеріне  материалдар 

дайындауға, Орталық Комитеттің қызметіне қатысуы 

бастауыш және орталық партия органдарының арасын­

дағы тікелей байланысты жолға қоюға көмектеседі. Ал 

бұл бағытты біз жалғастыра бермекпіз. 

Партия комитеттеріне бастауыш ұйымдарды, әсіресе, 

олардың хатшыларын толық қолдауды табанды түрде 


291

ұсынамыз. Бұл моральдық көмек, ал керек болған кезде 

материалдық сипаттағы да көмек болуға тиіс. Бастауыш 

ұйымның  хатшысы  –  біздің  жұмысымыздағы  негізгі 

тұлға. Тұтас алғанда, партия комитеттерінің аппараты 

өз қызметтерін ең алдымен бастауыш ұйымдар жетек­

шілерінің, барлық деңгейдегі хатшылар кеңестерінің 

талап-тілектерін басшылыққа ала отырып құруы керек. 

Кадрлармен  жұмыс  қайта  құру  үдерістерінің 

қарқыны мен тереңдігіне тура ықпал етеді. Соңғы кезде 

партия  комитеттерінің  номенклатурасына  көзқарас 

елеулі  түрде  өзгерді.  1985  жылмен  салыстырғанда 

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіндегі қыз­

меттер  номенклатурасы  үштің  екісіндей,  облыстық, 

қалалық, аудандық партия комитеттері қызметтерінің 

номенклатурасы тең жартысына қысқарды. Өкілеттік­

терді жергілікті жерлерге, сондай-ақ «көлбеу бо  йынша» 

– тиісті мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға беру 

кадр саясатын қайта құрудың сара бағытына айналуда. 

Номенклатуралық тетікті бұзу жөніндегі жұмыс, сөз 

жоқ, жалғастырылуға тиіс. Оның мәні Қазақстан Ком­

партиясы Орталық Комитеті Тұғырнамасының жоба­

сында баяндалған. Бұл – қандай да болсын өктемдікті, 

кандидатураларды күштеп тануды, кадрларды орна­

ластырудағы әкімшілдікті болдырмау – бұл кадр мәсе­

лелерін шешудегі өкілеттіктерді жоғарыдан төменге 

– жоғары тұрған партия комитеттерінен төменгі партия 

комитеттеріне беру, сондай-ақ мәселелерді мемлекеттік 

билік пен басқару органдарының, қоғамдық ұйымдар­

дың өз өкілеттіктерін дәйекті түрде жүзеге асыруын 

қамтамасыз  ету.  Оның  үстіне,  партия  комитеттері 

өздерінің кадр жөніндегі ұстанымдарын негізінен ұсы­

ныстар түрінде білдіреді. 


292

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Кадрлармен жұмысты жаңарта отырып, партиялық 

жолдастық ұғымын қайтадан жандандыру, принципті 

биікке көтеру қажет. Оның мәні – іске, коммунистік 

мұраттарға  деген  адалдықта,  бір-біріне  деген  терең 

сенімде  жатыр,  бұл  сенімнің  өзі,  сонымен  бірге, 

құқықтар мен міндеттердің толық теңдігін де білдіреді. 

Тек партиялық жолдастықты тереңдету бағытын жүр­

гізе отырып, партия мүшелеріне қойылатын талапты 

арттыра  түсіп  қана  біз  коммунистерді  топтастыра 

аламыз,  оларды  қайта  құру  алға  қойған  орасан  зор 

міндеттерді шешуге біріктіре аламыз. 

Партиялық  жолдастық  ардагер-коммунистер 

жөнінде де өзінің нақты көрінісін табуға тиіс. Өйткені 

бізде  былай  болып  жүр:  ондаған  жылдарын  парти­

яға және партиялық жұмысқа арнаған адам зейнетке 

шыққаннан  кейін  өз  ұжымының  өмірінен  мүлдем 

қол үзеді, былайша айтқанда, «екінші сортты» КОКП 

мүшесіне айналады. Өз партия ұйымынан жырақ қалу, 

тұрғын үй-пайдалану кеңсесінде немесе басқа бір «зей­

неткерлер» мекемесінде есепке тұру оның бойында кү -

йініш пен түсінбеушіліктен басқа қандай сезім туғызуы 

мүмкін! Ардагерлерге мұндай безбүйректік-төрешілдік 

көзқарас тек жәбірлеушілік қана емес, сонымен бірге, 

өресіздік деп ойлаймын. Біз орасан зор өмір мектебі­

нен өтіп, өзінің партияға, оның коммунистік мұратта­

рына адалдығын дәлелдеген адамдардың қолдауы мен 

тәжірибесінен айрылып, өзімізді өзіміз тонап жүрміз. 

Қазақстан Компартиясының 70 жылдығы қарсаңында 

біз  барлық  аға  жолдастарымызды  еске  алуға,  біздің 

қатарымыздан олардың лайықты орын алуына көмек­

тесуге тиіспіз. 


293

Партиялық аппарат туралы бірер сөз айтқым келеді. 

Бұл тақырып бүгін таңда баспасөз беттерінен түспейді, 

телехабарлар  мен  радиохабарларда  да  көтерілуде. 

Бүгінгі  таңда  аппаратқа  және  аппаратшыларға  кім 

тиіспей жүр дейсіз... Бірақ, кәнеки, өзімізге мынадай 

сұрақты  ашық  қоялық:  қоғамдық  негіздерде,  штат­

тағы  басқару  аппаратынсыз  өндірісті,  мемлекетті, 

саяси ұйымды басқару мүмкін бе? Жауап түсінікті деп 

ойлаймын: аппарат керек, бірақ жаңарған, өз міндет­

терін шеберлікпен атқара алатын аппарат керек. Біз 

партиялық аппаратты қысқартып, оның құрылымын 

өзгертуге бардық. Сонымен бірге, оны едәуір жаңартып, 

күшейттік те. 

Қазақстан Компартиясы XVII съезінің және КОКП 

XXVIII  съезінің  қарсаңындағы  жалпыпартиялық 

пікірсайыс ең басты оқиғаға айналды. Бұл пікірсайыс 

кезінде  КОКП-ның  жаңа  Жарғысының  сипаты,  пар­

тияның  бағдарламалық  ережелері  туралы  барынша 

әртүрлі пікірлер айтылып, қызу қорғалды. Іскер, мүд­

делі әңгіме қозғалып, оған Қазақстан коммунистерінің 

басым көпшілігі қатысты. Соның қорытындыларына 

сүйене отырып, Қазақстан Компартиясының Орталық 

Комитеті  республикалық  партия  ұйымының,  біздің 

пікірімізше,  партияның  бұдан  былайғы  тағдырын 

айқындайтын бірқатар принципті мәселелер бойынша 

ұстанымын білдіруді қажет деп есептейді. 

Біріншіден, партия ұйымдарының құрылымы мен 

міндеттеріндегі түбегейлі өзгерістер социализм қағи­

даттарына адал партияның идеялық бағытына ешбір 

жағдайда қарама-қайшы келуге тиіс емес. Сондықтан 

коммунистердің  негізгі  міндеттерінен  туындайтын 



294

I  ТОМ. – 1989–

1991 


біздің  мақсатымызды  Жарғыда  айқын  бейнелеуіміз 

керек. Оның үстіне біз XXVIII съезд Орталық Комитет­

тің Саяси Бюросын, Бас хатшысын және хатшыларын 

сайлауға тиіс деп санаймыз. 

Екіншіден,  Қазақстан  Компартиясының  Орталық 

Комитеті  демократиялық  централизм  қағидатын, 

партияның  идеялық және  ұйымдық  бірлігінің  негіз­

дерін баянды етудің шынайы лениндік пайымдамасын 

дамыту туралы көптеген ұсыныстарды қолдайды. Біздің 

бұл  ұстанымымыз  неғұрлым  егжей-тегжейлі  түсін­

діруді талап етеді деп ойлаймын. 

Жұртқа мәлім, В. И. Ленин демократиялық центра­

лизмнің мәні пікірсайыстың барынша кең бостандығын, 

пікірлердің күресін, мәселелерді талқылау сатысында 

кез келген баламалы ұсыныстарды енгізу мүмкіндігін, 

бірақ шешім көпшілік дауыспен қабылданғаннан кейін 

іс-қимылдардың бірлігін қамтамасыз етуде деп білді. Біз 

осы қағидатты, оның демократиялық мәнін жұрдай етіп, 

бояма бірауыздылыққа салынып, зор шығынға ұшыра­

дық, соның салдарынан толып жатқан асығыс, ойласты­

рылмаған, кейде өзінің зардаптары жағынан қайғылы 

болған шешімдер қабылданды. Алайда тек оларды ора­

шолақ пайдаланудың салдарынан ғана принциптің өзін 

жоққа шығаруға және баланы шомылған суымен бірге 

лықсыта салуға бола ма? Жаңарған партия демократи­

ялық централизмге оның бастапқы лениндік түсінігін 

қайтаруға тиіс. Әйтпеген күнде біз өзіміздің ең басты 

ұйымдық негізімізден айрылу қаупіне ұшыраймыз. 

Үшіншіден, партиялық ішкі тұрмысты демократия­

ландыру одақтас республикалар Компартияларының 

мәртебесін өзгертпейінше мүмкін емес. Осыған бай­


295

ланысты біз Қазақстан Компартиясы КОКП-дан тыс 

деп көз алдымызға елестете алмайтынымызды, бірақ 

республикалық Компартиялар мен КОКП арасындағы 

қатынастар қайта ойластыруды қажет етіп отырғанын 

тағы да атап көрсеткім келеді. 

Өздеріңіз  білесіздер,  Қазақстан  Компартиясының 

КОКП Тұғырнамасы мен Жарғысы шеңберінде жеке 

бағдарламалық құжаттарын қабылдауына, ұйымдық, 

кадрлық  және  қаржы  мәселелерін  өзінің  шешуіне, 

баспагерлік және басқа кәсіпкерлік қызметті жүргізуіне 

мүмкіндігі болады. Осы съезде Қазақстан Компартиясы 

Тұғырнамасының қабылдануы – бұл бағыттағы елеулі 

қадам. 


Республика  Компартиясының  жаңартылған  мәр­

тебесі, ішкі және сыртқы саясат мәселелерін шешуде 

оның дербестігінің ұлғайтылуы Қазақстан Компартиясы 

Орталық Комитетінің жаңа органын – Саяси Бюроны 

сайлауды қажет етеді. Біз бұл қадамды партиялық және 

мемлекеттік  органдар  міндеттерінің  аражігін  нақты 

ажыратудың және басшылықтың саяси әдістеріне көшу­

дің факторы деп санаймыз. 

Партиялық бюджетті қалыптастыру мен жұмсаудың, 

атап айтқанда, қаржының қай бөлігін бастауыш партия 

ұйымдарының қажеттеріне қалдыру, қай бөлігін – жал­

пыпартиялық кассаға бөлу қажет екені туралы мәселе­

лер конференцияларда қызу талқыланды. Айтыстың 

себебі жариялылықтың жетіспеуінде деп білеміз: пар­

тия ақшасының қайда, қандай мақсаттарға жұмсалып 

жатқаны жайында әдетте қатардағы коммунистердің 

ұғымы жоқ. Содан барып партия ақшасының көп бөлігі 

бейне бір орталық аппаратты ұстауға пайдаланылады 



296

I  ТОМ. – 1989–

1991 


деген  негізсіз  пайымдаулар  айтылуда.  Теріс  түсінік­

тердің  болмауы  үшін  мынаны  айтайын:  Орталық 

Комитеттің және Орталық Комитет жанындағы Пар­

тия тарихы институты қызметкерлерінің жалақысына 

бюджеттің  4 %-ы  ғана  жұмсалады,  қалғаны  төменгі 

партия ұйымдарына, соның ішінде бастауыш партия 

ұйымдарына беріледі. Әрине, партиялық жарналар­

дың қандай бөлігі бастауыш ұйымдардың қарамағында 

қалуға  тиіс  екенін  съезд  шешеді,  алайда  Орталық 

Комитеттің осы проблема жөніндегі көзқарасын айт­

пауыма болмайды. 

Алғаш қарағанда, Жарғы жобасында көрсетілгенін­

дей, жарнаның 50 %-ын бөлу әділ сияқты. Бірақ ойлас-

тырып  көрелік,  республиканың  барлық  бастауыш 

ұйымдары бірдей жағдайда бола ма? Коммунистердің 

сан құрамы жағынан да, жалақысының деңгейі жағынан 

да  олардың  көбі,  былайша  айтқанда,  түрлі  «салмақ 

категорияларында». Мысалы, Қарағанды металлургия 

комбинаты  мен  кеңшардың,  мекеменің,  мектептің 

бастауыш ұйымдарының бюджетін салыстыруға бола 

ма?  Партияның  көкейкесті  қажеттері  тұрғысынан, 

партиялық  жолдастық  тұрғысынан  да  қаржыны 

орталықтан  қайта  бөлу  қажет.  Мұнсыз  партияның 

құрылымы да, оның іскерлік қабілеті де сақталмайды. 

Бүгінде жұрттың бәрін – коммунистерді де, партияда 

жоқтарды да, социалистік жаңару ісін қымбат тұта­

тындарды да партияның, оның ұйымдарының беделін 

нығайтудың жайы ойландыруда. Мұның өзі түсінікті, 

өйткені ел жүріп өткен жол, оның қиын-қыстау барлық 

кезеңдері коммунистердің жасампаздық қызметімен 

байланысты. Адамдар зор үмітін партиямен байланыс-


297

тыруда және оны әрбір партия ұйымында мазмұнды, 

толыққанды партиялық ішкі тұрмыс, іскерлік, шыға­

рымпаздық ахуал қамтамасыз етілген, бұқарамен бай­

ланыс барынша нығайтылып, идеялық ықпал ұлғай­

тылған жағдайда ғана ақтауға болады. 



Жолдастар! 

Айтылғанның бәрін қорытындылай келіп, былай деп 

атап көрсеткім келеді: біз қазір бастан кешіп отырған 

тарихи даму кезеңінің ерекшелігі – қайта құру қарқын 

ала бастай ма, өзін нақты нәтижелермен баянды ете ме, 

социализмді дамыту үшін жаңа перспективалар аша 

ала ма, әлде миллиондаған адамның үмітін ақтамай, 

доғарылатын бола ма деген сауал саяси күн тәртібінен 

іс жүзінде әлі де алып тасталған жоқ. Біздің съезімізде 

республикалық  партия  ұйымының  Тұғыр намасын 

қабылдай  отырып  және  КОКП  Орталық  Комитеті 

Тұғырнамасының жобасын жалпы қолдай отырып, біз 

өзімізге еш нәрсемен салыстыруға болмайтын жауап­

кершілік алып отырмыз. Сондықтан әрбір коммунист, 

әрбір партия ұйымы қоғамдағы өзінің рөлі мен орнына 

талапшылдықпен қарауға тиіс. Әркімнің өзіне мынадай 

қарапайым сұрақ қоюы керек: біз кімбіз – Лениннің 

сөзімен айтқанда, «бұқара бар жерде жұмыс істеуге», 

қайта  құрудың  алдыңғы  сапында  болуға  тиісті  шын 

мәніндегі күрескерлерміз бе әлде оның қатарында ғана 

саналып жүрміз бе? Жауап – нақты істерде, адамдар 

өмірінің нақты жақсаруында. 

Алда КОКП-ның XXVIII съезі күтіп тұр. Үстіміздегі 

жылы  біз  Қазақ  КСР-і  мен  Қазақстан  Компартиясы 

құрылуының 70 жылдығын да атап өтеміз. Бұл оқиғалар 


298

I  ТОМ. – 1989–

1991 


қайта  құрудың  барысына,  қоғамдық-саяси  жағдайға 

игілікті ынталандырушы ықпал ететіні сөзсіз. Оларға 

әзірлікті қоғамның барлық озық күштерін топтастыру, 

халықтың партияға деген сенімін нығайту жөніндегі 

белсенді іс-қимылдармен барынша ұштастыру қажет. 

Адамдардың  алдына  олардың  ақыл-ойы  мен 

жан-жүрегін баурай алып, рухтандыра білетін асқақ 

мақсаттарды қойғанымызда ғана қоғамдық бірлікке қол 

жеткізуге болатынын жақсы түсінеміз. Мұндай мақсат­

тар бізде бар, олар Қазақстан Компартиясы Орталық 

Комитеті Тұғырнамасының ең басты өзегін құрайды. 

Ең алдымен біз халықтың тұрмысын жақсарту үшін 

Қазақ КСР-інің саяси және экономикалық егемендігін 

орнықтыру жолында күресеміз. Республиканың аса бай 

ресурстары,  қуатты шаруашылық әлеуеті  қазақстан­

дықтардың қазіргі және болашақтағы ұрпақтарының 

қажетіне жаратылуға тиіс, әрбір адамның еркін шыға­

рымпаздық еңбегі мен әл-ауқатының негізі болуға тиіс.

Біз Одағымыздың бірлігін қорғаймыз, өйткені біздің 

федерация нығайған сайын, кеңес халқы топтаса түскен 

сайын  еліміздің,  оның  үстіне  әрбір  республиканың 

беделі дүниежүзілік қоғамдастықтың көз алдында биік­

тей түсетініне кәміл сенемін. 

Интернационализм,  халықтардың  туысқандық 

достығы  бұрынғысынша  біздің  туымыз  болып  қала 

береді. Өзінің бүкіл беделімен Қазақстан Компартиясы 

республика  азаматтарының  қай  ұлтқа  жататынына 

қарамастан, тең құқықтарын қорғайды, заңдылық пен 

құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. 

Біз  қайта  құрудың  ең  басты  топтастырушы  күші, 

халықтың  қам-қарекетімен  және  арман-тілегімен 


299

тыныс таушы,  ізгілікті демократиялық  социализмнің 

мүдделерін  орнықтырушы  –  КОКП-ның  бірлігін 

жақтаймыз. 

Республикалық партия ұйымының абдырауға және 

дағдаруға  жол  бермеуі  үшін,  біздің  ұрпағымыздың 

үлесіне  тиген  ауыр  сындардан  ар-абыроймен  шығу 

үшін,  біздер  үшін  жалғыз  ғана  мүмкін  социалистік 

таңдауға адалдықты дәлелдеу үшін жеткілікті шыға­

рымпаздық және идеялық әлеуеті бар екенін съезд мін­

берінен мәлімдеп, жалпы жұрттың пікірін білдіремін 

деген үміттемін! 



300

I  ТОМ. – 1989–

1991 


«Бірлік пен топтасқандық үшін» атты  

Қазақ теледидары арқылы Қазақстан халқына



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет