Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің



Pdf көрінісі
бет2/25
Дата15.03.2017
өлшемі2,62 Mb.
#9778
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 

ХV пленумында Қазақстан Компартиясы  

Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып 

сайлануына байланысты «Іздену, іс-қимыл, 

жаңару уақыты» атты 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1989 жылғы 22 маусым

Жолдастар!

Ең әуелі маған жоғары сенім білдірген – Қазақстан 

Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы 

етіп сайлаған Орталық Комитеттің мүшелеріне алғыс 

айтқым келеді. Біз сіздердің көбіңізбен талай жылдар­

дан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Мен сіздердің қол­

дауларыңызды ұдайы сезінетінмін, ал бүгін оны екі есе 

сезіндім және соны өте жоғары бағалаймын. Бұдан әрі 

де үйлесімді жұмыс істейтінімізге сенімдімін.


26

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Біздің партиямыз бен республикамыздың тарихын­

дағы мұндайлық бетбұрыс сәтінде Қазақстан Компар­

тиясының Орталық Комитетіне және маған жүктелген 

күллі жауапкершілікті түсінемін. 

Адамдар көптеген өмірлік маңызы зор әлеуметтік- 

экономикалық және қоғамдық-саяси проблемалардың, 

соның ішінде тоқырау кезінде көмескілендіріліп немесе 

айтылмай келген ұлтаралық қатынастар саласындағы 

проблемалардың шешілуін қайта құрумен байланыс-

тырады. Олардың қаншалықты күрделі екенін соңғы 

жылдардың  оқиғалары  көрсетеді.  Дегенмен  оларды 

шешу  жолдары  айқындалды.  Енді  тек  белгіленгенді 

неғұрлым белсенді түрде жүзеге асыру қажет. 

Бұл мәселелердегі менің ұстанымым барлығыңызға 

аян. Ол КСРО халық депутаттарының І съезінде сөйле­

ген сөзімде айқын тұжырымдалған-ды. Мен қазақстан­

дықтардың мүдделерін білдіруге тырыстым және ол 

біздің республикамыздан сайланған бір топ депутат­

тардың ортақ тұғырнамасы болатын. Сол бағдарламаны 

жүзеге асыру бағытын табандылықпен ұстанамын деп 

сіздерді сендіргім келеді. Республиканың бірінші бас­

шысы үшін халық мүддесінен жоғары ештеңе жоқ деп 

есептеймін. 

Қазір демократияландыру мен жариялылық арқылы 

қайта  құрудың  қамы  үшін  қоғамның  барлық  жік­

терін  топтастыру  бұрынғы  қай  кездегіден  де  қажет. 

Біздің игілігіміз әркімнің ұйымшылдықпен, тәртіппен 

және заңдарды қатаң сақтау арқылы еткен еңбегімен 

жасалады. Қауіп-қатерді өршіту, тұрақтылықты бұзу 

тек революциялық жаңғырту ісіне кедергі жасағысы 

келетіндерге  ғана  пайдалы,  сондықтан  біз  ондай 


27

көрініс терге батыл тойтарыс беріп отыруымыз керек. 

Біз қоғамдық бірлестіктердің бәрімен белсенді қатынас 

жүргізуге бармыз. Және олардың қайта құру мақсат­

тарына үйлесетін бастамаларын қолдаймыз. Бұл істе 

біз коммунистердің, жұмысшы табының, ауыл еңбек­

керлерінің,  интеллигенциясының, партия мен  еңбек 

ардагерлерінің, жастардың, республиканың көпұлтты 

барша халқының қолдауына сенеміз. 

Партия – қайта құрудың бастаушысы. КОКП – бүкіл 

халықты, барлық қоғамдық ағымдарды біріктіріп, олар­

дың ынта-ықыласын біздің өмірімізді жақсартуға бағыт­

тай алатын бірден-бір нақты күш екеніне сенімдімін. 

Партия – қайта құрудың кері айналмастығының ке пілі. 

Қазіргі жағдайдағы біздің міндетіміз – қоғамның саяси 

авангарды ретіндегі партияның рөлі мен беделін арт­

тыру. Бұл жұмыстың қиын екенін біз түсінеміз. Бірақ 

партияның  әрбір  мүшесі,  партия  ұйымдары  мен 

комитеттері оны орындап шығулары керек. Қатардағы 

коммунистен  бастап  Орталық  Комитеттің  мүшесіне 

дейін – бәріміз халықпен бірге болып, оның еркін біл­

діруіміз керек. 

КОКП  Орталық  Комитетіне,  оның  Саяси  Бюро­

сына сенімдері үшін алғыс айтқым келеді. Қазақстан 

Компартиясы Орталық Комитетінің мүшелері атынан 

республиканың коммунистері партияның социализмді 

жаңғырту  жөніндегі  сара  бағытын  бұлжытпастан 

жүзеге  асырады  деп  сендіремін.  Біз  КСРО  халықта­

рының  бірлігін,  ұлы  Отанымыздың  біртұтастығын, 

халықтар арасындағы шынайы достықты жақтаймыз. 

Бұл қазақ халқы сияқты, бүкіл қазақстандықтардың да, 

барлық кеңес адамдарының да түбегейлі мүдделеріне 



28

I  ТОМ. – 1989–

1991 


сай келеді деп есептеймін. Өз ісімізде КОКП Орталық 

Комитетінің,  ел  үкіметінің  қолдауы  мен  ілтипатына 

сенім артамыз. 

Қайта құру республиканың егемендігін нығайтаты­

нына,  оны  құқықтық  және  практикалық  мағынамен 

толықтыратынына,  қазақ  халқының  экономикасын 

көтеріп, ежелгі мәдениетін жандандыру үшін жағдай 

жасап, әрине, басқа тілдердің құқықтарын шектемей, 

оның ана тілінің толыққанды өмір сүруін қамтамасыз 

ететініне күмән жоқ.

Қазақстанның экономикасы, мәдениеті – тұтастай 

еліміздің байлығы мен құндылықтарының ажырағысыз 

бөлігі екенін баршамызға түсінікті болар деймін. 

Жолдастар! 

Бүгінде барлық деңгейдегі партия комитеттері ынты­

мақтаса  жүріп,  қажырлы  жұмыс  атқарулары  керек. 

Әрі бұл ретте партиялық жолдастықты бұрынғы қай 

кездегіден де нығайта түсу маңызды. Республика бас­

шылығында да ынтымақты жұмыс болғаны қажет. Қазір 

ол бізде бар. Осының бәрі – алдымызда тұрған асқаралы 

міндеттерді ойдағыдай орындаудың кепілі. 



29

Қазақстанның  

шығармашылық және ғылыми зиялы қауым 

өкілдерімен кездесуінде  

«Қайта құруға интеллектуалдық  

үлесті еселей түсейік» атты 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы,

1989 жылғы 27 маусым

Жолдастар! 

Республиканың шығармашыл және ғылыми интел­

лигенциясымен мұндай кездесулер дәстүрге айналды. 

Әрі бұл тіпті де кездейсоқ емес. Интеллигенцияның 

кез келген қоғамдық өзгерістерді еселенген әлеуметтік 

сезімталдықпен қабылдайтыны жөніндегі белгілі ленин­

дік қағиданы уақыт растап берді. Қоғамның зияткерлік 

және рухани әлеуетін толық мәнінде қайта құрудың 

қызметіне жегу жөніндегі партияның шақыруына ол 

қызу үн қосты. 



30

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Интеллигенция  КОКП  XXVII  съезі  берген  шын­

дық  ғибратын  бар  ниетімен  қолдады  және  қазір  

XIX  Бүкілодақтық  партия  конференциясының  ше -

шімдерін, КСРО халық депутаттарының І съезі бел­

гілеп берген саяси және экономикалық бағдарлаудың 

бағыттарын  іс  жүзіне  асыру  жөнінде  зор  жұмыс 

атқарып жатыр. 

Соңғы  жылдары  жұртшылықты  қабылданған 

немесе  қабылданбақшы  шаралар  жөнінде  дер 

кезінде және егжей-тегжейлі хабардар ету бірталай 

мәселелердегі ширыққан жағдайды реттеуге көмек­

тесетініне  көз  жетті.  Бұл  арада  екіұдай  пікір  жоқ: 

интеллигенция – халықтың ар-ожданы, ол халықтың 

жан жарасын, оның қайғысы мен қасіретін қоғамның 

басқа  жіктерінен  гөрі  күштірек  сезініп,  әсерлірек 

қабылдайды. 

Дегенмен басшы органдардың қызметкерлері де – 

өз халқының, өз уақытының перзенттері. Өзекті про­

блемалардың  шешуін  олар  да  дәл  осылай  ойлайды. 

Сондықтан мынандай кездесулер қоғамды толғандыр-

ған жайларды неғұрлым терең түсінуге көмектеседі, 

әлдеқайда табанды әрекеттерге, неғұрлым мақсаткер­

лік жұмысқа серпін береді. Олар қосымша ойлар мен 

толғаныстарға мол азық болады, күш-жігерді жұмсау 

аясын дұрыс табуға көмектеседі. 

Бұдан  соң,  шығармашыл  және  ғылыми  интелли­

генция – қоғамдық пікірдің мейлінше дәл өлшеуіші. 

Сондықтан біздің қалай бет алып, қоғамды қайда бастап 

бара  жатқанымызды  білу  үшін,  өз  әрекеттерімізді 

салыстырып, түзетіп отыру үшін оның көрсеткіштерін 

білудің маңызы өте зор.


31

КСРО  халық  депутаттарының  І  съезі  жұмысын 

аяқтағалы бері екі жарым апта болды. Бірақ ол жұмы­

сын әлі жалғастырып жатқандай сезіледі. Ол ол ма, тіпті 

қарқын алып, ендеп те, дендеп те дамып бара жатқан 

секілді. 

Бұл сезім не себепті пайда болды? Сірә, оның себебі 

– телевизиялық трансляцияның арқасында әрқайсы­

мыз өз санамыздың барлық түкпірлерін қозғап, жаны­

мыздың  нәзік  пернелерін  басқан  ғаламат  оқиғаның 

куәсі ғана емес, тіке  лей қатысушы болғандай әсерлен­

генімізден шығар. Адамгершілік, шынайылық, пікірлер 

еркіндігі, жасанды ынтымақтық пен даңғаза бірауыз­

дылықтың жоқтығы съездің нағыз іскерлік, халықтық 

және нәтижелік сипатта өтуіне мүмкіндік берді. Халқы­

мыздың бұла күшін, ақыл-ойын және парасат жігерін 

дүр сілкіндірген оның қуаты депутаттар қабылда  ған 

құжаттардың шеңберімен шектелмейді. Ол адамдар­

дың нақты істерінен көрінбекке құлшына жол іздеуде. 

Әсіресе,  бұл  съезде  сөйлеген  сөзіме  байланысты 

маған әлі күнге дейін келіп жатқан көптеген жа  уап-

хаттардан  айқын  сезіледі.  Оларда  қолдау  білдірген 

лебіздермен қоса еңбекшілердің ойға алынғанды тезірек 

іске  асыру,  сөзді  іспен  тиянақтау  жөніндегі  табанды 

талаптары айтылған. 

Съезде айтылғандардың бәрі тек менің жеке ұста­

нымым емес екенін айрықша атап көрсеткім келеді. 

Съездің  мәртебелі  мінбесінен  айтылған  сөз  күллі 

күш-жігерлерін  қайта  құруды  дәйектеу  мен  дамыту 

үшін жұмсауға дейтін ортақ тиянақпен, бір құлшы­

ныспен біріккен республика халық қалаулыларының 

ұжымдық ақыл-ойының жемісі болды. Ал бұл – бел­

гіленген  жоспарлардың  бәрі  жүзеге  асатынының  ең 

сенімді кепілі. 



32

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Съезд кеңестік қоғамның өміріндегі бетбұрыс кезең 

болғаны бүгіннің өзінде-ақ айқын сезіліп отыр. Қайта 

құру туғызған осынау шынайы демократиялық форум 

революциялық жаңғыру жылдарында қолымыз жеткен 

игіліктердің ең жақсыларын бойына жинап, бұдан әрі 

алға басуымызға қуатты серпін берді. 

Оның ең басты мәнінің өзі осыдан көрінеді. Ал съезд 

шешімдерінен  біз  қандай  практикалық  қорытынды 

жасай аламыз, негізгі күш-жігерімізді жұмыстың қан­

дай бағыттарына жұмылдырамыз? 

Біздің  ойымызша,  алда  өзара  байланысты,  өзара 

шартты  екі  міндет  тұр,  олар  –  экономиканы  дә -

йектілікпен  көтеру  және  қоғамдық  өмірдің  барлық 

жақтары мен басқару ісін демократияландыруды терең­

дету. Оларды шешу басталып та кетті және ол қоғамның 

барлық ішкі күштерінің, қайта құруға қатысушы әрбір 

адамның белсенділігін арттыра түсуді талап етеді. Алда 

аса қауырт әрі ауқымды жұмыс тұр. 

Дұрысы – кез келген қоғамдық-экономикалық фор­

мацияның  базисі  саналатын  экономикадан  бастау. 

Тұтас тай айтсақ, Қазақстан экономикасындағы екі оң 

үрдісті байқауға болады, олар – қайта құру кезеңінің 

барлық қиыншылықтарына қарамастан, халық шару­

ашылығын дамытудың бірқатар аса маңызды көрсет­

кіштерінің жақсаруы және экономикадағы әлеуметтік 

бағдардың нақты күшеюі, әлеуметтік саланы қаржы­

ландырудың қалдықтық принципінен бас тарта бастау. 

1986–1988 жылдардағы сандық көрсеткіштердің өзге­

руі,  өткен  бесжылдықтың  осындай  үш  жылғысымен 

салыстыр ғанда,  мына  мәліметтерден  айқын  көрі­

неді. Осы мерзімдерде жалпы қоғамдық өнімнің өсуі 

тиісінше 9,4 % және 7,7 %, ұлттық табыстың өсуі 5,9 % 



33

және 3,2 % болды. 1980–1983 жылдары республиканың 

халық шаруашылығында қоғамдық еңбектің өнімділігі 

тіпті 1,3 %-ға төмендеп кетті. Ал 1985–1988 жылдарда 

қолданылған  шаралардың  арқасында  оны  4,1 %-ға 

көтеруге жағдай жасалды, бұл алынған пайданы 60 %-ға 

жуық арттыруға мүмкіндік берді. Өнеркәсіп (14,3 %), 

ауыл шаруашылығы (16 %) өнімі мен құрылыс-монтаж 

жұмыстарының (23,9 %) көлемі артты. 

Ал  халық  шаруашылығын  дамытудың  әлеумет­

тік  бағыттылығын  мынадай  цифрлардан  көруге 

болады. 1986–1988 жылдары әлеуметтік салаға күрделі 

қаржы салу 1981–1983 жылдардағы 7 825 млн сомның 

орнына  10 978  млн  сом  болды.  Бұл  салыстырылып 

отырған  кезеңдерде  пайдалануға  берілген  тұрғын 

үйлерді  –  33 %,  ауруханаларды  –  20 %,  емханаларды  

87 % арттыруға жағдай жасады, ал халық тұтынатын 

тауарлар өндіру төрттің біріндей өсті. 

Мынадай  мәліметтер  де  әлеуметтік  салаға  басым 

көңіл  бөлінгендігін  растай  алады:  соңғы  үш  жылда, 

өткен  бесжылдықтың  үш  жылымен  салыстырғанда, 

тұрғын  үйлерді  пайдалануға  беру  үштің  біріндей, 

балабақшалар – 24 %, мектептер – 43 %, ауруханалар 

46 % артты. 

Республикада халыққа арнап тауар өндіруді ұлғайту 

жөнінде ұдайы табанды жұмыс жүргізілуде. Үш жыл 

ішінде оларды жоспардан тыс 1,3 млрд сомнан аса артық 

өндірді. Бұл өте маңызды: республикамыз «әкелуші» 

болғандықтан,  біз  тауар  тапшылығын  барынша  өз 

өндірісіміздің  есебінен  жауып  отыруға  тиіспіз.  Осы 

мақсатта  жұмысшы  қолы  артық  аудандарда  халық 

тұтынатын тауарлар өндіру үшін цехтарды тез арада 

іске қосуға мүмкіндік беретін жиналмалы үлгі-үйлерді 


34

I  ТОМ. – 1989–

1991 


пайдалану кеңінен қолданылды. Оларды өндіруге ауыр 

және қорғаныс өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары 

да қарқынды түрде қосылып отырды. 

Үстіміздегі бесжылдықта жеміс-жидек және көкөніс 

өнімдерін сақтаудың сенімді базасын жасау проблема­

сын шешуге де аса көп көңіл бөліне бастады. Соңғы үш 

жылда жоспардағы 147,7 мың тоннаның және бүкіл ХІ 

бесжылдықтағы 80,6 мың тоннаның орнына бір мезгіл­

дегі сыйымдылығы 348 мың тонналық қоймалар іске 

қосылды. Бұл өте маңызды, өйткені өнім сақтау жағдай­

ларының нашарлығынан көкөніс пен картоп шығыны 

30 %-ға дейін жетеді. 

Бұл  айтылғандардан  экономикада  түбегейлі  бет­

бұрыс басталған екен дейтін ұғым туа ма? Әрине, жоқ. 

Оңалуға бастайтын нақты өзгерістерге жету үшін, әлі 

тиянақты жұмыс істеу керек. 

КСРО халық депутаттарының І съезінде сындарлы 

экономикалық  реформаларға  бастайтын  бағыттың 

қажеттілігі мен дұрыстығына ешкім де күдіктенбегені 

белгілі. Тек әңгіме оларды жүргізу мерзіміне, тәсіліне, 

сындарлылық дәрежесінің өзіне ойысқанда ғана түр­

ліше пікірлер айтылды. Дегенмен халық қалаулылары­

ның көпшілігі: барлық шаруашылық буындарын толық 

шаруашылық  есепке  және  өзін-өзі  қаржыландыруға 

көшіру, жалгерлік пен кооперацияны кеңінен дамыту 

арқылы ғана экономикадағы тоқырау құбылыстарын 

еңсеруге болады дегенге ұйыды. 

Реформаның партиялық құжаттарда айқындалған 

стратегиялық түпкі ойы, оның басты бағыттары, сөз 

жоқ,  дұрыс  белгіленген.  Ал  оны  іс  жүзіне  асыруда, 

делінді  съезде,  барлық  деңгейлерде  толып  жатқан 

тиянақсыздыққа,  жалтақтыққа,  әрі-сәрілікке,  бұлта­



35

лақтыққа және тіпті шегіншектікке жол беріледі. Эко­

номиканы басқарудың әміршілдік-әкімшілік жүйесі әлі 

сірі, басқарудың жаңа тетігі жасалған жоқ. 

Реформа  қайта  құрудың  пайдасына  жұмыс  істеуі 

үшін, жоспарлаудың әдістерін батыл өзгертіп, қаржы 

тетіктерін пайдаланып, көтерме бағаларды, салықтарды, 

еңбекке  ақы  төлеу  жағдайын  және  шаруашылық 

құрылымның  басқа  да  буындарын  жетілдіру  қажет. 

Сондай-ақ меншіктің әралуан формаларының неғұр­

лым  тиімді  үйлесімі,  қоғамдық  игілікті  пайдалану­

дың  икемдігі  әрі  пәрменді  қатынастары  болуы  тиіс, 

толыққанды социалистік нарықтың қалыптасуы шарт. 

Бұл талаптарды мансұқтау, жағдайды жадағайлау 

кері  нәтижеге  соқтырады.  Бір  ғана  фактіні  айтайық: 

КСРО  Мемстаткомының  мәліметтері  бойынша  елде 

өнім өндіру артып келе жатқан сияқты, ал дүкендердің 

сөрелері әлі күнге қаңырап бос тұр. Оның үстіне эко­

номикалық реформа бойынша қабылданған шешімдер 

еңбекпен табылмаған ақшаның ағынын күрт арттырып 

жіберді. Арзан тауарлар барған сайын азайып барады. 

Жоспарлар  орындалып,  ал  экономиканың  жай-

күйі нашарлай түскен қисынсыз жағдай орнады. Ауыл 

шаруашылығында табыс арта түсуде, бірақ азық-түлік 

өндірісінің елеулі өсуі байқалмайды. 

Неге? – дейтін сұрақ туады. Күллі қайта құрудың тағ­

дыры осы сұраққа тез және, ең бастысы, ғылыми тұрғы­

дан дәл жауап беруге байланысты. Бүгінде экономика 

ғылымының  терең  талдамалары  мен  ұсыныстарына 

сүйенбейінше, экономикалық реформаны ойдағыдай 

жүзеге асыру мүмкін болмай қалды. Оларды ескермеу-

дің немен аяқталатыны шаруашылық есепті дамыту 

мысалынан айқын көрінді. Оның бірінші, екінші және 


36

I  ТОМ. – 1989–

1991 


үшінші үлгілері бар. Бәлкім, төртіншісі де болар. Бірақ, 

ең өкініштісі, шаруашылық есептің өзі күні бүгінге дейін 

көрінбейді. 

ХІІ  бесжылдық,  съезде  дәл  тауып  айтылғандай, 

тоқырау дың  ең  нашар  үлгісі  бойынша  жасалды.  Ең 

болмаса сырт көрінісін боямалау үшін, барлық құжат­

тарға тауарлы өнім  нің көрсеткіші аналитикалық мақ­

саттар үшін есептік көрсеткіш орнына қабылданады 

деп жазылған болды. Оған кім сенеді? Өсім қарқыны 

құлдырап  барады,  жалақы,  бұрынғысынша,  соммен 

есептелген шамаға байланған, ал қайталама есеппен 

баға арқылы жалпы өнімді «қомпи тып», өнім өндір­

мей-ақ жалақы алуды біз әлдеқашан үйренгенбіз және 

қазір де жалғастырып келеміз. 

Ең ғажабы, партияның XXVII съезінде және КОКП 

Орталық Комитетінің 1986 жылғы маусымдағы плену­

мында айыпталған осы көрсеткіш әлі қалмай келеді. 

Соммен өлшенетін жалпы өнім ХІІ бесжылдықта тіпті 

қуаттанып, шырқау шегіне жетті. Ведомстволар көр­

сеткіштерінің қамын ойламай, адамдардың қажеттерін 

қанағаттандыруға деген ізгі ниет те жалаң ұран болумен 

қалды. Енді біз ең атам заманғы көрсеткішке – еңбек 

өнімділігі мен орташа жалақының арақатынасына қайта 

оралуға мәжбүрміз. 

Бірақ  бұл  көрсеткіш  дұрыс  мағынасында  эконо­

миканы сауықтыруға жұмыс істей алмайды, өйткені 

еңбек өнімділігі баға деңгейіне елеулі түрде әсер етеді, 

яғни баға неғұрлым қымбат болса, еңбек өнімділігі де 

солғұрлым жоғары. Ал шынында, маркстік-лениндік 

саяси экономияның әліппесіне сәйкес, еңбек өнімділі­

гінің артуы бағаны кемітуі керек қой, бірақ бізде әзірге 

керісінше. Мұның себебі – еңбек ұжымдары кәсіпорын 



37

туралы заң берген құқықтарды өз қамдарына пайдала­

нады. Ендігі жерде осы көрсеткіштердің өсуі арасын­

дағы  жоспарлы  арақатынастың  рұқсат  етілетін  шегі 

енгізілетін болады. 

Кәсіпорындардың жоспарды аз алып, одан арзан, 

бірақ  елге  және  тұтынушыға  қажетті  бұйымдарды 

шығарып  тастап,  өздеріне  пайдалы  бұйымдармен 

алмастыруға деген құлшынысының да осындай ішкі 

астары бар. Бұл да пәрменді қарсы шара қолдануды 

қажет етеді. 

Құқықты қоғамға зиянды теріс жолмен пайдалану 

тиісті  орындарды  қоғамдық,  мемлекеттік,  халықтық 

мүдделерді сақтаудың кепілдігі мақсатында қандай да 

болсын  шектеулер  енгізуге  мәжбүрлейді.  Содан  соң 

оларды, негізсіз болмаса да, төрешілдік шаралар деп 

сынайтын адамдар табылады. Ал бірақ олардың түпкі 

себебі өндірістік ұжымдардың пісіп жетілмеген іс-әре­

кетінде ғой. 

Бүкіл экономика өзін-өзі қаржыландыруға көшті, 

бірақ көтерме бағалар әлі қайта қаралған жоқ. Соның 

салдарынан халық ең ділгер болып отырған ет пен сүтке 

төмен рентабельділік белгіленеді. Ал ескі қарыз жал­

гердің мойнына ілінеді. Осының бәріне қоса республи­

када толық шаруашылық есеп пен өзін өзі қаржылан­

дыруға көшуге байланысты халық шаруашылығында 

тіпті орын таппай қалған залалды кәсіпорындар мен 

шаруашылықтар көп. 

Бүгінде  өнеркәсіптегі  залалды  кәсіпорындардың 

саны  400-ден  асады  немесе  әрбір  бесінші  кәсіпорын 

залалды. Олардың үшеуі – Қазанның 20 жылдығы атын­

дағы Станок жасайтын зауыт, Ертіс полиметалл зауыты, 

Қостанайдағы «Гарант» өндірістік бірлестігі – үстіміздегі 


38

I  ТОМ. – 1989–

1991 


жылы банкрот деп жарияланды. Құрылыста «Актюб­

нефтегазстрой» тресі банкрот болды, АӨК жүйесінде 

63 кәсіпорын мен шаруашылық, солардың ішінде 26 

кеңшар мен 6 ұжымшар ілдебайлап күн көріп отыр. 

Республикада  залалды  кәсіпорындар  мен  шаруа-

шылықтардың  қаржылық  жағдайын  сауықтырудың 

бағдарламасы  жасалды.  Ол  әрі  жүзеге  асырылып  та 

жатыр. Атап айтқанда, кей реттерде шағын кәсіпорын­

дарды, жекелеген өндірістер мен цехтарды ұжымдарына 

жалға беру, солардың негізінде кооперативтер құру өзін 

өзі ақтайтын сияқты. Мәселен, Қарағандыда облыстың 

залал шегуші 44 сауда және қоғамдық тамақтандыру 

кәсіпорны бәсеке саудамен жалға берілді. 

Жеке сектордың есебінен халықты ет-сүт өнімдерімен 

жабдықтауда  елеулі  дәрежедегі  оң  өзгерістерге  қол 

жеткені белгілі. Мұнда мал саны, мал мен сүт сатып 

алу едәуір жоғары қарқынмен өсуде. Ал қоғамдық сек­

торға қатысты айтатын болсақ, ондағы ілгерілеушілік 

айтарлықтай емес, оның икемділігі мен ептілігі шамалы 

болып шықты. 

Бұл мына мәліметтерден көрінеді: соңғы үш жылда 

азаматтардың жеке меншігіндегі мал саны едәуір артты: 

мүйізді ірі қара – 390 мыңға, оның ішінде сиыр – 193 

мыңға, қой – 980 мыңға, шошқа – 76 мыңға, жылқы 76 

мыңға өсті. Осы мерзімде жеке секторда ет дайындау екі 

еседен аса, сүт 53 % ұлғайды. Қоғамдық секторға келсек, 

әлгіде айтылғандай, оның табысы тым шамалы: ет бо -

йынша өсім небәрі 27 %, сүттен тіпті мардымсыз – 11 %. 

Халықты ет-сүт өнімдерімен жабдықтауды одан әрі 

жақсарту үшін нақты міндеттер белгіленді. Олар әбден 

айқын және орындалуы кәміл, себебі жемшөп базасын 

елеулі түрде жақсарттық, жемазық бұрынғы қай кезде­



39

гіден де артық – 5 млн тонна мөлшерінде дайындалды. 

Жемшөппен қамтамасыз етуді жақсарту есебінен респу­

блика агроөнеркәсіп кешенінің еңбеккерлері мүйізді ірі 

қара малдың етке өткізердегі орташа салмағын 386-дан 

400 килограмға дейін көтеріп, қосымша 28 мың тонна, ал 

қой шаруашылығында өткен жылғы қол жеткен нәти­

жеге қоса тағы 20 мың тонна ет алуды ұйғарып отыр. 

Сондай-ақ жер-жердің бәрінде мегежіндерге арнап 

шағын шошқа фермаларын салу көзделуде. Мұның өзі 

жетілдіру  үшін  жұртшылыққа  сатылатын  торайлар 

санын жарты миллионға арттыруға мүмкіндік береді, ал 

бұл шошқа етін тағы 50 мың тоннаға арттырумен бара-

бар. Сөйтіп, 1988 жылғы 500 мың тоннаның орнына тағы 

100–150 мың тонна ет артық сатып алынады. 

Бір  сөзбен  айтқанда,  міндеттер  көп  әрі  маңызды, 

сондықтан қазір оларды орындаудың жаңа жолдары 

қарастырылуда. Айқындаушы дәрежеде мұндағы істің 

табысты  болуы  жаңа  шаруашылық  тетігімен,  бар­

лық салалардағы, әсіресе, ауыл шаруашылығындағы 

жалгерлік  қатынастарды  тереңдетумен,  отбасылық 

мердігерлікпен және шаруашылық жүргізудің басқа 

да ілгерішіл пішіндерімен байланысты. Алға қойылған 

қоғамдық мақсаттарға жету мен қоғамдық қажеттерді 

қанағаттандыруға жағдай жасайтын жеке мүдденің өсуі 

тек осындай жағдайда ғана мүмкін. 

Соңғы  жылдары  Қазақ  КСР-інің  атына  табыс-

тың  одақтық  инстанциялардағы  бөлінуінен  жәр­

дем  ақша  алып,  масыл  сияқты,  өзгелердің  есебінен 

күн  көреді  дейтін  жазғырулар  айтылатын  болып 

жүр.  Үстірт  ойлаған  адамға  солай  көрінетіні  де 

рас.  Қазақстанда  өндірілетін  ұлттық  табыс  пен  оны 

дамытуға  жұмсалатын  ұлттық  табыстың  айырмасы  


40

I  ТОМ. – 1989–

1991 


5 млрд сомды құрайды. Басқаша айтқанда, жұмсала­

тыны  өндірілетінінен  артық,  сондықтан  жыл  сайын 

одақтық бюджеттен республикаға демеу қаржы ретінде 

2–2,5 млрд сом беріледі. 

Бірақ  дендей  қазып  қараса,  қорытынды  басқаша 

болып шығады. Бюджеттің теңдестірілмеуінің себебі, 

ең алдымен, Қазақстан шығарған өнімге белгіленетін 

бағаның қисынсыз төмендетілуіне байланысты оның 

басқа  республикалармен  барабар  емес  айырбасқа 

түсетінінде жатыр. 

Қазіргі бағалар республикада жасалған еңбек және 

күрделі  қаржы  шығындарына  сәйкес  емес.  Осының 

салдарынан Қазақстан еңбекшілері өндірген табыстың 

бір бөлігі, сату бағаларының реттелмеуіне байланыс ты, 

басқа өңірлерде кәдеге асырылады. Бұл, әсіресе, кен 

өндіруші  өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығының 

өніміне қатысты. 

Екіншіден, республикада қоғамдық өндірістің тиімсіз 

құрылымы қалыптасты. Мәселен, өнеркәсіп үлесі Одақ 

бойынша  орташа  көрсеткіштен  төмен.  Оның  үстіне, 

индустрияның өз ішінде ауыр өнеркәсіптің пайдасы 

мен  халық  тұтынатын  тауарлар  өндірісінің  зиянына 

шығатын қиғаштық пайда болды, мұның соңғысын біз 

жыл сайын қажеттіліктің 40–60 % шамасында шеттен 

әкелеміз. Ал мейлінше көп табысты нақ солар ғой, оның 

үстіне біздің астығымыз да тұтастай, шикізат ретінде 

кетеді. 

Қалыптасқан  тепе-теңсіздікке  бізді  саналы  түрде 

мәжбүр  етті,  экономикалық  саясат  сондай  болатын. 

Бізді: «Қазақстанның шаруасы – көмір, металл, мұнай, 

астық  беру,  ал  халыққа  керегін  біз  сіздерге  Балтық 

маңынан, Белоруссиядан және т. б. жерлерден жеткізіп 

береміз», деп иландырды. 


41

Мұның ұлттық табыс үшін қандай салдары болғаны 

және болып отырғаны мынадай салыстырудан көрінеді. 

Бүгінде біз көмір өндіруде тауарлы өнімнің 1 сомына 

38,8 тиын, жеңіл өнеркәсіпте – небәрі бір жарым тиын 

күрделі қаржы жұмсаймыз. Ал бұл салалардың салымы 

мынадай:  көмір  өнеркәсібінде  өндірілген  тауарлы 

өнімнің әрбір сомы республиканың ұлттық табысын 

20,2 тиынға кемітсе, жеңіл өнеркәсіпте оны 32,5 тиынға 

ұлғайтады.

Егер тар шеңберде пайымдасақ, онда өткен жылы 

республика 144 млн тонна көмір қазып, өзінің ұлттық 

табысына  залал  келтірген  болып  шығады.  Бірақ  біз 

бүкіл ел мүддесінің биігінен ойлауымыз керек. Сон­

дықтан елге көмір қажет екен, біз оны беруіміз керек 

дейтінге  кәміл  сенімдіміз.  Басқаша  көзқарас  болуы 

мүмкін емес.

Өнеркәсіп құрылымындағы тағы бір елеулі кемшілік 

–  ғылым  мен  табысты  неғұрлым  көп  қажетсінетін 

машина жасау саласы үлесінің тым аз, одақтық дәре­

жеден екі есе кем болуы. Республикадан сыртқа шыға­

рылатын өнімдердің 70 %-ын шикізат пен жартылай 

фабрикаттар құрайтыны осыдан, оның үстіне бұларға 

қисынсыз түрде төмендетілген бағалар белгіленген. Тым 

мардымсыз нәтижелер де осыдан шығады. 

Экономика құрылымындағы қиғаштықтарды және 

түпкілікті өнім шығаруға бейімделген өңдеуші сала­

ларды дамытудағы кенжелеушілікті еңсеру бір сәтте бола 

қоймайды. Ол үшін қыруар қаржы мен уақыт керек. 

Сондықтан бұл міндеттің шешімі республиканың 

2005 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жоба­

сында көзделген. Сонымен бір мезгілде онда тағы бір 

маңызды міндет – экономиканың әлеуметтік бағдарла­

нуын одан әрі тереңдету де белгіленген. 



42

I  ТОМ. – 1989–

1991 


КСРО  Мемлекеттік  жоспарлау  комитеті  мен  ел 

үкіметінде  мақұлдаудан  өткен  тұжырымдаманың 

негізгі параметрлері мынандай. Есептеудің басы деп 

1985 жылды алсақ: машина жасаудың үлесі 16,8 %-дан 

30,2 %-ға өседі, халыққа арналған азық-түлік емес тауар­

лар өндірісі 4-тен 15,4 млрд сомға дейін артады, оларға 

деген  қажеттілікті  республикалық  өндіріс  есебінен 

қамтамасыз ету 49,9 %-дан 63,4 %-ға дейін өседі. 

Біздің республикада пайдаланылған ұлттық табыс 

1985 жылы 30,5 млрд сомға тең болды. Аталған тұжы­

рымдамаға сәйкес 2005 жылы ол 74 млрд болуы тиіс. 

Бұл ретте тұтыну қорын 21,4-тен 59,4 млрд сомға дейін 

арттыру көзделуде. Егер 1981–1985 жылдары өндірістік 

емес құрылысқа 13,5 млрд сом күрделі қаржы жұм­

салған болса, 2001–2005 жылдардағы бесжылдықта бұл 

мақсатқа 36,7 млрд жұмсау көзделіп отыр. 

2005 жылға қарай әр адамның тұрғын үй алаңымен 

қамтамасыз етілуін 20,3 шаршы метрге дейін, ал мек­

теп жасына дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілуін 

қажеттіліктің  83,5 %-на  дейін  жеткізу  көзделген. 

Басқаша айтқанда, біздегі осынау әлеуметтік зәру про­

блемалар іс жүзінде шешілетін болады. 

Дегенмен қазіргі сәттің проблемаларына оралайық. 

Бүкілодақтық ХІХ партия конференциясы КСР Одағы 

мен одақтас республикалардың құзыреттілігін айыру, 

орталықсыздандыру, басқару функцияларының біра­

зын жергілікті жерлерге беру, экономика, әлеуметтік 

және мәдени даму, табиғатты қорғау саласындағы дер­

бестік пен жауапкершілікті арттыру жолымен одақтас 

республикалар  мен  автономиялық  құрылымдардың 

құқықтарын  кеңейту  туралы  мәселені  ашық  және 

төтесінен қойды. 



43

Мәселені бұлайша қою неден туып отыр? Ең алдымен 

оған бүгінде республика өз аумағындағы өнеркәсіптің тек  

7 %-ына  ғана  толық  иелік  ететіндігі  себеп  болды. 

Одақтық  бағыныстағы  кәсіпорындар  мен  ұйымдар 

Қазақ  КСР  бюджетінің  табыстарын  қалыптастыруға 

қатыспайды  десе  де  болады,  ал  бірақ  олардың  қыз­

меткерлері республиканың белгілі бір аймағындағы, 

нақты  қаласындағы  немесе  елді  мекеніндегі  барлық 

жалпықалалық коммуникацияларды, жолдарды, авто­

бустарды, ойын-сауық орындарын, еңбек ресурстарын 

пайдаланады. 

Аграрлық-өнеркәсіптік  кешен  көбіне-көп  респу­

блика  халқының  қажеттеріне  жұмыс  істейтін  болса 

да, оның негізгі параметр лері іс жүзінде орталықтан 

беріледі.  Әлеуметтік  саланы  дамытуға  жұмсалатын 

күрделі қаржы оның тараулары бо  йынша КСРО Мем­

лекеттік жоспарлау комитетінде мұқият бөлінеді. Оның 

үстіне, құны 4 млн сомнан асатын өндірістік объектілер 

міндетті түрде Одақта мақұлдануы керек, ал ойын-са­

уық және спорт объектілері бойынша бұл деңгей одан 

да төмен – 2 млн сом. 

Экологиялық зиянды кәсіпорындарды орналастыру, 

оларды дамыту көрсеткіштері іс жүзінде әуелі орта­

лықта, одақтық ведомстволарда шешіледі. Бұл ретте 

Қазақстанның қалың жұртшылығы былай тұрсын, кеңес 

және партия органдарының да пікірі мансұқ етіледі. 

Осындай иек астынан арғыны көрмейтін саясаттың сал­

дары – біздің тұтастай бір аймақтарымыз экологиялық 

апат шегінде тұр. 

Немесе,  мысалы,  мынадай  жайды  айтайық.  «Бай­

қоңыр» ғарыш айлағына қазақстандық журналистердің 

табаны тиіп көрген емес. Ал олардың шетелдердегі, 


44

I  ТОМ. – 1989–

1991 


бұқаралық ақпарат құралдарының орталық органда­

рындағы талай ондаған әріптестері оған барды, тіпті 

базбіреулері бірнеше реттен болды. Мұны да респу­

бликаның құқықтары мен абыройын аяқасты ету деп 

айтуға болады. 

Айтпай кетуге болмайтын тағы бір жағдай: Қазақстан­

ның шығындарды үнемдеу есебінен және жоспардан 

тыс табыстардан алатын қаржысы оның өз билігінде 

қалмай, орталықтандырылған жоспарлы түрде келесі 

шаруашылық жылының шығындарын жабуға есепте­

леді. 

Мұнымен де бітпейді. Бірақ осы азын-аулақ тізбенің 



өзі-ақ одақтас республикалардың құқықтарына елеулі 

түрде шек қойылатынына, аймақтық органдарға нұқсан 

келтіру арқылы басқару функциялары жосықсыз орта­

лықтандырылатынына иландыра алады. Сөйте тұра, 

республикалық органдар, атап айтқанда, республика­

ның Министрлер Кеңесі күллі аумақтың әлеуметтік- 

экономикалық дамуы үшін орталықтың алдында толық 

жауап береді. Бұл арада: осы жоғары жа  уапкершілікті 

іс жүзіне асырудың қажетті құқықтарына ие бола алмай 

отырып, бәрі үшін қалай жауап беруге болады? – дейтін 

қисынды сұрақ туады. 

Республикалардың құқықтары мен дербестігі нақты 

қандай жолдармен өсуі керек? Бұл арада 7 басым бағыт 

ойға оралады: 

Бірінші.  Халыққа  қызмет  көрсетумен,  оның  мате­

риалдық және рухани қажеттерін қанағаттандырумен 

байланысты нәрсенің бәрі толығымен одақтас респу­

бликалардың қарамағына көшірілуі керек. Бұл – бүкіл 

дерлік өндірістік емес сала, агроөнеркәсіп кешені және 

халық тұтынатын тауарлар өндірісі. 



45

Екінші.  Одақтық  бағыныста  қалатын  салалар  мен 

кәсіп орындар өз табыстарынан аударылатын қаржы­

ның елеулі бөлігін республика бюджетіне беруі тиіс. 

Бүгінде олардың бұл іске қатысуын тек көз қылу үшін 

деп атауға болады. 

Үшінші. Республиканың бюджеті тұрақты экономи­

калық нормативтермен құрылуы тиіс, ал үнемделген 

қаржының  бәрі  республикада  қалып,  оның  өз  қала­

уымен жұмсалуы қажет. Ол өз бюджетінің шегінде нені 

салу, нені өндіру керегін және оны қандай сметалық 

құнмен істейтінін өзі білетін болсын. 

Төртінші. Республикалар арасында я әлгіде айтылған 

әділетті баға белгілеудің көмегімен, я болмаса айрықша 

бөлу тетігі арқылы барабар айырбас орнатылуы шарт. 

Бесінші.  Қазақ  КСР-інің  валюталық  құқықтары 

кеңейтілуі  керек.  Бүгінде,  тұтастай  алғанда,  біздің 

кәсіпорындарымыз  жыл  сайын  шет  елдерге  қыруар 

өнім сатады. Алайда алынған пайдадан республикаға 

тек болымсыз жұрнақтар ғана тиеді де өзгесінің бәрі 

одақтық  ведомстволарда  қалады.  Мұндай  жағдайда 

республиканың экспортты дамытуға ешқандай ынтасы 

жоқ. Өндірісті жедел дамытуға, қазақстандықтардың 

қажеттігін  қанағаттандыруға  шетелдік  техника  мен 

технологияның,  тауарлардың  импортын  пайдалану 

мүмкіндігі де жоқ екені өзінен өзі түсінікті. 

Алтыншы. Республиканың және жергілікті Кеңес-

тердің экологияны, қоршаған ортаны қорғауда шешуші 

дауыс құқығы болуы керек. Табиғатты үнемі өршіп бара 

жатқан парықсыз тонауға, адамның мекендеген ортасын 

оның денсаулығына зарар келтірерліктей етіп бұзуға 

тек осылай тосқауыл қоюға болады. 



46

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Жетінші. Тұтастай алғанда, республикаларды шару­

ашылық есеп пен өзін өзі қаржыландыруға көшіру – 

пісуі жеткен және ілгерішіл шара. Бұл ретте проблема­

ның өзекті түйіні – республиканың әлеуметтік саласын 

дамытуға бөлінетін қаржының мұқият салыстырылған 

экономикалық нормативтері. 

Тіпті мұнда да салғырт көзқарасқа жол беруге бол­

майды.  Егер,  айталық,  бұл  нормативтерді  әр  респу­

бликаның әлеуметтік саладағы шығындарының бұрын 

қалыптасқан серпініне қарай белгілесе, онда олар түрлі 

республикалардың даму деңгейлері арасындағы елеулі 

айырмашылықты тиянақтаған болар еді. Өйткені олар­

дың біреулері екпіндеп алға кетсе, басқалары кенжелеп 

кейін қалғаны ешкімге құпия емес. 

Біздің ойымызша, барлық республикалар өтіп, айта -

лық, 10–15 жылдан кейін біркелкі шепке жететіндей 

есеппен белгілі бір нормативтер белгілесе, әділдік болар 

еді.  Басқаша  айтқанда,  туысқан  республикалардың 

әлеуметтік дамуын теңестірудің нақпа-нақ бағдарын 

бүгіннен бастап белгілеу қажет. 

Ал бұл әділдік қағидаттары мен социалистік қоғам­

дық өмірдің рухына сай келген болар еді. 

Қазақстанның басшылығы, ғалымдары мен маман­

дары  одақтық  органдардың,  ел  үкіметінің  алдында 

одақтас республикалардың өзін өзі басқару және өзін өзі 

қаржыландыру тетігін қалыптастырудың осы аталған 

және басқа да жолдарын жақтап, қорғаумен келеді. Бұл 

ретте, біздің ойымызша, негізге алынатын екі жағдайдан 

ешқашан шегінбеу керек. Ең алдымен, одақтас респу­

бликалардың  дербестігін  кеңейте  отырып:  «Мықты 

республика – мықты орталық» қағидатын басшылыққа 

алу қажет. Сонымен бір мезгілде еліміздің федералдық 



47

құрылымы босаңсымауы тиіс. Неге десеңіз, федерация 

– мемлекет тұтастығының тарихи қалыптасқан және 

бүгін бірден-бір мүмкін сақтаушысы, КСР Одағының 

халықшаруашылық кешені шеңберінде халықтардың 

өзара көмегі мен туысқандығы арқылы әрбір одақтас 

республиканы нығайтудың қайнар көзі.

КОКП-ның  Бүкілодақтық  ХІХ  конференциясы 

қоғамдық өмірді батыл демократияландыру мен күллі 

басқару жү  йесін реформалау бағдарламасын жүзеге 

асыру ғана біздің саяси институттарымыздың пәрмен­

ділігін түбегейлі арттырып, социалистік халық билі­

гінің әлеуетін ашуға мүмкіндік беретінін сенімді түрде 

көрсетіп берді. 

Демократияландыру  –  қайта  құрудың  жан-тәні. 

Болмыстың барлық қырларын қозғай отырып, ол еңбек 

ұжымдарының моральдық рухы мен шығармашылық 

қуатын  арттырады,  мемлекеттік  және  қоғамдық 

ұйымдардағы төрешілдік бөгесіндерді бұзады, әрбір 

кеңес  адамының  бойындағы  елдің,  республиканың, 

өз кәсіпорнының тағдырына деген саяси және шару­

ашылық жауапкершілік сезімін дамытады. 

Нақ  осы  себепті  демократиялық  үдерістер  КСРО 

халық  депутаттарының  І  съезіндегі  пікірталастарда 

басты орындардың бірінен көрінді. 

КОКП біздің саяси жүйемізде өзекті орын алатын­

дықтан, партияның басшылық қызметі мен ішкі өмірін 

демократияландыруға байланысты біраз мәселелерге 

тоқтала кеткен орынды болар. 

Міндетті  шарт  –  қазіргі  өтпелі  кезеңде  КОКП 

қоғамның жетекші күші ретіндегі функциялары мен 

міндеттерін толық күшінде іске асыруы керек. Комму­

нистердің съезде сөйлеген кейбір сөздері партияның 


48

I  ТОМ. – 1989–

1991 


беделін  арттыруға  деген  қамқорлыққа  толы  болды. 

Республика,  облыс,  аудан  жағдайында  бұл  міндетті 

қалай іске асыруға болады? Ең алдымен біздің бәріміз 

қайта құруды тереңдетудің аса маңызды шарты, оның 

кері қайтпайтынының бір кепілі партиялық ішкі өмірді 

кеңінен демократияландыру екенін жақсы түйсінуіміз 

керек. Партия ұйымдарының КОКП Орталық Коми­

тетіне  дейінгі  барлық  буындарындағы  жұмыстың 

стилін,  түрлері  мен  әдістерін  түбегейлі  түрде  қайта 

қарау қажет. 

Бастауыш партия ұйымдарының беделі мен жауын­

герлігін арттыруға айрықша мән берілуі тиіс. Бұл үшін 

қалалық,  аудандық  партия  комитеттері  оларды  өз 

аймақтарының ерекшелігіне қарай саралауы, олармен 

бірлесе отырып, тұрғын үй және азық-түлік проблема­

ларын шешу, экономикалық реформаларды жүргізу, 

денсаулық сақтауды, халыққа білім беруді, әлеуметтік 

қамсыздандыруды, табиғат қорғауды қайта құру жөнін­

дегі нақты мақсаттар мен міндеттерді айқындауы керек. 

Егер әрбір бастауыш партия ұйымы қайта құрудағы өз 

орнын тауып, мақсатын айқындай алса, тек сонда ғана 

табысқа үміт артуға болады. 

КСРО халық депутаттарын сайлаудың қорытынды­

лары  да  көп-көп  ойларға  жетелейді.  Сірә,  талайлар 

байқаған болар, кейде біз сайлау алдындағы пікірта­

ластарда партия қызметкерлерінің сенімді үнін ести 

қойған жоқпыз. Неге? Әлде жұмысшы қауыммен ашық-

жарқын кездесуге олардың жүректері дауаламады ма, 

немесе талқыланған мәселелер бойынша өздерінің берік 

байламдары болмады ма? Жаңа сайлау науқанында, 

мейлі тіпті партия кадрларын іріктеу мен орналасты­

руда қателіктерге ұрынбас үшін осының бәрін мұқият 



49

байыптап  алу  керек.  Қайта  құру  жағдайында  әрбір 

партия қызметкері ең алдымен партияның идеялары 

мен нұсқауларын біліктілікпен іске асыра алатын саяси 

жауынгер, жаңа және озық атаулының бәрінің жалынды 

жақтаушысы болуы тиіс. 

Партияның демократияландыруға ұстаған бағыты 

қоғамдық бақылаудың аса маңызды түрлерінің бірі –  

кең  жариялылықтан  айқын  көрініп,  нақты  бейнесін 

табады. 


Осы бағытта, әсіресе, еңбек ұжымдарындағы, ведом­

стволардағы, баспасөздегі әлеуметтік ақпараттың жоға­

рыдан  төмен  құрылған  жасанды  бөгеттерінің  бәрін 

тазалау  қажет.  Еңбекшілер  партия,  кәсіподақ  және 

комсомол ұйымдары комитеттері мен бюроларының, 

халық депутаттары Кеңестері аткомдарының, халықтық 

бақылау  органдарының  жұмысы  туралы  ақпаратты 

бастапқы көздерден алулары керек. Жариялылықтың 

негізі  –  басшылардың  қарамағында  ғы  адамдармен 

ұдайы қатынаста болуы, жиналыстарда, азаматтардың 

бас  қосуларында,  жергілікті  газеттердің  беттерінде, 

телевизия мен радио арқылы өз жұмыстары туралы 

есеп беріп тұруында. 

Қайта құрудың ерекше бір құбылысы – азаматтар­

дың көптеген ерікті бірлестіктеріне көзқарас туралы 

айрықша  айтсам  деймін.  Қазір  бұл  көзқарас  тіпті 

де  бірізді  емес  және  бұл  олардың  ұстанымдарының 

жағымдылығынан бастап әлеуметтік шетін сипатына 

дейінгі үлкен айырмашылығына ғана емес, сонымен 

бірге, біздің қоғамдық құрылымдарды психологиялық 

тұрғыдан қабылдай қоймайтынымызға, тіпті олардың 

пайда болуына белгілі бір дәрежеде үрке қарайтыны­

мызға да байланысты. 


50

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Дегенмен,  риясыз  қарайтын  болсақ,  бастамашыл 

топтар мен бірлестіктер, яғни бейресмилер дейтіндер, 

қайта құру барысының өзі толқытып шығарған қоғам­

дық қозғалыстың бір көрінісінен басқа ештеңе емес. Ол 

жаңғыртушы үдерістердің қарқын алғанын, халықтың 

бұрынғы  енжар  қалпынан  оянғанын  білдіреді.  Сон­

дықтан  әралуан  бейресми  ағымдар  –  бұқараның 

бұрынғы әміршілдік-әкімшілдік тәртіп тұншықтырып 

келген белсенділігі еркіндікке шыққандығының тағы 

бір  дәлелі.  Дамуымыздың  Лениннен  кейінгі  бүкіл 

кезеңінде биліктің бар тізгінін тұқыртып ұстау саяса­

тының кесірінен біз көп ретте жасампаз адамнан, иегер 

адамнан айрылып қалдық. Тұрпайы төрешілдік оның 

еңсесін езіп, аяғынан шалып, одан бөгде жанның әрі ақ 

дегенін алғыс, қара дегенін қарғыс санайтын біреудің 

еркін орындаушыны тәрбиелеумен болды. 

Осымен бір мезгілде ерікті қоғамдық құрылымдар­

дағы  жағымсыз  көріністер  әлеуметтік  әділеттілікті 

аяқасты  еткен  өзімен  кеткір  кезеңде  әлденеге  бола 

көңілі қалған адамдардан шығатынын да ескермеуге 

болмайды. Оның үстіне, көптеген адамдар әдетте қоғам 

дамуының дағдарысалды және дағдарысты кезеңдеріне 

тән мейірімсіз сынау мен бұрынғының бәрін теріске 

шығару  жағдайында  дұрыс  бағыттарынан  адасып 

қалды. Адам естімеген, тіпті таңқаларлық жаңалықта­

рымен көрінгісі келетіндер де аз емес. Көп ретте бас­

пасөз де аңғал оқырманымен сұхбаттасуда тым асыра 

сілтеп жіберетінін айту керек. 

Партия  және  кеңес  органдары  бейресми  ерікті 

бірлестіктерге  қатынасатындардың  «империализм 

десанты» емес, қайта құру қоғамдық проблемаларды 

шешуге көтерген кәдімгі кеңес адамдары екенін ескеру 



51

қажет. Сондықтан олармен қоян-қолтық байланыс та 

болып, тиісті жерінде теріс ыңғайлы, кейде тіпті экс­

тремистік  ниеттерін  саяси  әдістермен  жадағайлап 

отырулары керек. 

Сонымен бірге, демократия – мемлекеттің өмір сүру 

формасы екені есте болуы тиіс, сондықтан оны шексіз 

әрекет еркіндігі, жауапсыздықпен ұштасатын бәріне 

рұқсат етілгендік деп түсінбеу керек. Өкінішке қарай, 

тіпті базбір партия қызметкерлері де, маркстік-ленин­

дік философия негіздерін жете білмейтіндіктен, әредік 

кәдімгі көпірме сөзділіктің, социалистік қоғамдық орта­

ның қарапайым нормаларын бұзушылықтың алдында 

дәрменсіздік танытып алады. 

Мәселен,  қоғамға  жат  топтық  көріністер  жаппай 

тәртіпсіздікке, ал содан соң Гурьев облысының басқа 

елді мекендеріндегі толқуларға ұласса, адам өліміне 

және толып жатқан материалдық шығындарға соқтыр-

ған Жаңаөзендегі оқиғалардан бүкіл республикалық 

партия ұйымы сабақ алуы тиіс. 

Қалыптасқан жағдайды зерттеу мен талдау көрсет­

кеніндей, мұнда сауда-саттықты, қоғамдық тамақтан­

дыруды,  қызмет  көрсету  саласын  ұйымдастырудағы 

проблемалар мен жетіспеушіліктер жыл өткен сайын 

ұлғайып, халықты, әсіресе, жастарды еңбекпен қамту 

ісіне  қанағаттанбаушылық  өсе  берген.  Осы  қиын­

дықтарды, әлеуметтік әділеттіліктің бұзылуын қайдағы 

бір пысықайлар мен қулар өз мүдделеріне пайдалана 

бастаған. Алыпсатарлық пен қиянатшылдық өрістеген. 

Жағымсыз көріністер түрлі ұлт адамдарының өзара 

күдікшілдігін, сенімсіздігін туғызуға қолайлы жағдай 

жасап берді. 



52

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Бұл жайында қалалық партия комитеті мен қалаат­

комға, облысқа талай рет дабыл түскенімен, басшылар 

оларға құлақ аспай, селқостық танытқан, бұл құбылыс-

тардың ұлтаралық қатынастарға әсерін талдамай, иде­

ологиялық жұмыстың, интернационалдық тәрбиенің 

бетімен  кетуіне  шыдамдылықпен  қараған.  Қалалық 

партия комитеті шын мәнінде саяси басшылықты өз 

еркімен қолынан шығарып алып, бейтарап қалды, ал 

кейбір басшылар тұрақсыз элементтердің ықпалына 

өздері түсіп, зиянды желіктің өршуіне себепші болды. 

Рұқсатсыз ұйымдастырылған митингілерде коммунис-

тердің, сайланбалы органдардың мүшелерінің, халық 

депутаттарының,  кәсіподақ  және  комсомол  жетек­

шілерінің байыпты үндері естілмеді. Талан-тараж бен 

одан әрі құрбандықтарға жол бермеу үшін, республика 

Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы төтенше шараға барып, 

комендант сағаты мен ішкі әскерлерді енгізді. 

Алайда күні бүгін де адамдардың, әсіресе, жастар­

дың санасы әпербақандық сипаттағы түрліше үндеу­

лермен қозуда. Қоқан-лоқылар, шамадан тыс бұрма­

ланған сыбыстар, ақылға сыйғысыз пайымдаулар іске 

қосылуда. Және осындай жағдайда республикаға таны­

мал бірсыпыра интеллигенция өкілдерінің 1986 жылғы 

Алматыдағы желтоқсан оқиғаларының бағасын қайта 

қарау жөніндегі мәлімдемесі мүлдем қисынсыз естіледі. 

Бұл баға нақты жағдайды зерттеу нәтижесінде КОКП 

Орталық  Комитетінің  тиісті  қаулысында  берілгенін 

ұмытпау керек. Сондықтан бопсалау элементі мұндағы 

дұрыс жол емес. Әйтсе де, бұл мәселе күн тәртібінен 

түспейтіндіктен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі депутат­

тарынан арнайы комиссия құруға шешім қабылданды. 

Сонымен бірге, мына жайды да атап көрсетпеуіме бол­



53

майды: толып жатқан адамдардың жапа шеккені және 

тіпті хабар-ошарсыз жоғалып кеткені туралы қауесетті 

сан-саққа жүгірту басталды. Ал шынында сол желтоқсан 

күндерінде медициналық көмек сұраған адамдар саны 

– 772, олардың 365-і – тәртіпсіздіктерге қатысқандар, ал 

жапа шегушілердің өзгелері – құқық қорғау органдары­

ның қызметкерлері. 

Құрбандар жайына келетін болсақ, жасақшы, телеор­

талық қызметкері Савицкийдің күш қолданып өлтіріл­

гені  туралы  баспасөзде  хабарланған  болатын.  Одан 

кейінгі күндері денесіне түскен жарақаттардан азамат 

Сыпатаев қайтыс болды, басқа құрбандар болған емес. 

Қылмыстық  жауапкершілікке  барлығы  99  адам 

тартылды, қазір олардың 13-і құқыққа қайшы нақты 

іс-әрекеттері үшін жазаларын өтеп жатыр. 182 студент 

жоғары оқу орындарынан шығарылған болатын, олар­

дың көбі жұмыс орындарынан алған жақсы мінездеме­

лері бойынша оқуға қайта қабылданды. Бұл үдеріс әлі 

жүріп жатыр. 

Біздің күш-жігеріміз әртүрлі ұлт өкілдерін ажырата­

тын нәрселерге емес, олардың қарым-қатынасына сына 

қағатын нәрселерге де емес, оларды біріктіретін және 

біздің көпұлтты одағымызды нығайтатын нәрселерге 

жұмылдырылуы тиіс. 

Сондай-ақ ұлт мәселесін нақты экономикалық және 

әлеу меттік  жағдайдан  бөле-жарып  қарауға  болмай­

тынын  есте  ұстау  керек.  Бұл,  әсіресе,  съезде  де  атап 

көрсетілді. 

Тіл проблемасы жөнінде бірер сөз айтсам деймін. 

Соңғы кезде бұл мәселе ерекше көкейкесті сипат алып 

отыр. 


54

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Тоқыраудың  қысылтаяң  шағындағы  ұлт  мүддесін 

бүркемелеу мен басып-шаншу жүйесі, өзара қарым-қа­

тынастың толық үйлесімі туралы бірбеткей ләппай-тақ­

сырлық ұрандар бұрын адамдардың ұлттық мәдениеті 

және әсіресе тілі туралы алаңдаушылығын терең тұқыр-

тумен  болатын.  Қоғамымызды  демократияландыру 

жағдайында бұл сезім қосымша серпін алды. Сөйтіп, 

сіздер мен біздердің бәріміз өзімізді, белгілі орыс мақа­

лында айтылатындай, «жеті атасын білмейтін жетесіз 

Ивандарға», отаны мен тарихи жады жоқ мәңгүрттерге 

айналдырмақшы  болған  ескі  пиғылға  қарсы  осынау 

өрлеудің куәсі болып отырмыз. 

Бірақ,  сонымен  бірге,  өз  мәдениеті  мен  тілінен, 

халқының ұлттық кейпінен айрылудың сананы сансы­

ратқан қаупі кейде адамдарды басқа бір шекке шыға­

рып, өзін әдейі немесе түйсіксіз түрде өзге ұлттарға 

қарсы  қойғызады.  Әрі  мұндай  шекке  шығу  әдетте 

рухани дүниесі жұтаң адамдарда болады. Мұндай «сол­

шылдық» ауруынан арылу неғұрлым тез болса, біздің 

қоғамымыздағы парасаттану үдерісінің ұтысы солғұр­

лым көп болмақшы. Бізге В. И. Ленин мирас еткен ұлт 

саясатының түпкі мақсаты осыған саяды. 

Тілге қатысты нақты қандай жағдайлар алаңдатады? 

Жинақталған ондай жағдайлар аз емес және олар бірі­

нен бірі шығады. 

Біріншіден, қазақ тілінің қоғамдық функцияларының 

тарылу үдерісі жүріп жатыр. Бұл үрдіс Қазақстанда 

тұратын басқа да кейбір ұлттардың тілдеріне қатысты. 

Осы үдерісті тоқтату керек, неге десеңіз, қажеттілігі 

кеміген үстіне кеми беретін тілдің болашағы жас балаға 

да белгілі. Ғалымдардың мәліметтері бойынша, қазір 

қазақ тілі қоғамдық өмірдің тек 10 саласында ғана бел­

сенді қызмет атқарады екен. 


55

Тілін кемсіту мен ығыстыру – тарихи тұрғыдан да, 

аумақтық жағынан да заңды түрде республикаға атын 

берген ұлтты қадірлемеудің ең қорлық түрі. Ғалымдар­

дың, соның ішінде ұлты орыс ғалымдардың да пікірі 

бойынша, республиканы мұндай жағдайға мәжбүрлеп, 

қазақ тілінің даму мүддесіне нұқсан келтіре отырып, 

орыс тілінің интернационалдандыру мен ұлтаралық 

қатынас құралы ретіндегі қолданыс аясын және міндет­

тілік дәрежесін арттыру арқылы жеткізді. Республикада 

саяси  және,  тұтастай  алғанда,  дүниетанымдық  сана 

басым дәрежеде орыс тілі арқылы қалыптасады. 

Бүгінде  біздің  ірі  қоғамдық  шаралардағы  ілеспе 

аударма жасау әрекетіміз бос әурешілік: қазақтар орыс 

тілін білетіндіктен, аударманы тыңдамайды, ал басқа­

лардың құлақ қоймайтыны – оларда қазақ тілін білуге 

деген алып бара жатқан қажеттілік жоқ. 

Бұған  кім  кінәлі?  Сірә,  тоқырау  кезеңі  мен  оның 

алдындағы  жылдардың  түйсіксіз  саясаты  ғана  емес, 

қазақ  тілді  жұртшылықтың  өзі  кінәлі  болар.  Нақ 

сіздер мен біздер – байырғы ұлттың өкілдері – орыс-

тілді тұрғындарды қазақтың мәдениеті мен халықтық 

дәстүрлеріне тартуға талпыныс жасай білмейміз және 

жасамаймыз. Үнемі айтыс өтіп жатады, Наурыз тойла­

нады, ал орыстілді жұртшылық көлденең қала береді 

де, кілең қазақы шаралар тек қазақтар үшін жасалады. 

Сондықтан,  кейін  анықталғанындай,  көпке  танымал 

«Тамаша» концерт бағдарламасы өткен Целиноград­

тағы Тың игерушілер сарайынан шыққан қалың қазақты 

көрген облыстық партия комитеті кезекшісінің мили­

ция жасағын шақырта қойған масқарасына таңдануға 

бола ма! 



56

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Әрі десе тілдің қоғамдық өтімсіздігі қазақтардың өз 

арасында да оның беделін түсіруге соқтырды. Көптеген 

отбасылар, әсіресе, қалаларда, шын мәнінде орыс тілді 

болып, ана тілін тіпті тұрмыстық қатынаста да мансұқ 

етті. Сондықтан қазақ қартының өз немересімен тілдесе 

алмайтын жағдайы жиі кездеседі. 

Егер  тіпті  ашық  айтатын  болсақ,  қазір  қазақтың 

театр өнері мен кино өнері бастан кешіп отырған дағда­

рыс қазақша ойлап, жұмыс істейтін режиссерлердің 

жетіспейтіндігінен туған. Білімі мен ой өрісі кең қала 

балалары ана тілін білмейтіндей жағдай қалыптасты. 

Бірде мәдениет қайраткерлері бірінің: «Асфальтта өскен 

ақылды балалар қазақша түс көруден де қалды», деп 

мысқылдауы тегін емес. Ал ата-бабалардың тұрмысын, 

мәдениеті мен тілін бүге-шігесіне дейін білетін ауыл 

балаларына көбінесе таным-білімнің жалпы теңдігі мен 

кеңдігі және іс-әрекет сенімділігі жетіспейді. 

Қазақ тілінің өскелең ұрпаққа білім берудегі қол­

даныс аясы да тым мардымсыз күйінде қалып отыр. 

Қазақ орта мектептерінің көптеген түлектері орыс тілін 

жеткілікті дәрежеде меңгеріп кете алмайтындығынан 

қиыншылық  көретіні  жасырын  емес.  Ең  болмағанда 

оқушылар жалпы білім беретін пәндерді өтетін бірінші 

курстарда  оларға  бұл  проблеманы  қалай  жеңілдету 

жайын  ойластыру  керек.  Білім  берудің  үздіксіздігі 

қағидаты мұнда да сақталуы тиіс. 

Барша өркениеттерде және барлық кезеңдерде тіл 

ұлттық мәдениеттің өзегі болған, сәулет өнері, кескін­

деме өнері, музыка, тұтастай алғанда, ұлттың зияткерлік 

және рухани әлеуеті сонымен байланысты. Сондықтан 

көпұлтты шығармашыл интеллигенцияның қазақ тілі 

мен басқа да тілдердің тағдыры үшін алаңдаушылығы 



57

орынды және түсінікті. Оның үстіне, ұлттық абырой 

сезімімен байланысты қисыннан басқа бұл проблема­

ның талайлар үшін таза прагматикалық қыры да бар. 

Ұлттық тілді пайдалану аясын кеңейту – сонымен бір 

мезгілде  ұлттық  мәдениетті  иеленуші  әрі  жалғасты­

рушы оқырмандардың, көрермендер мен тыңдарман­

дардың қатарын көбейту деген сөз. 

Тіл – қолданыста болғанда тірі, ұлт – қоғамдық қаты­

настарда белсенді түрде пайдаланылатын кемелді тілі 

болғанда тірі. Бұл – күллі адамзат тарихындағы даусыз 

аксиома. 

Ал тіл проблемасын шешудің жолдары қандай? 

Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің 

Бюросы осы мәселені ғалымдардың, жазушылардың, 

жұртшылық  өкілдерінің  барынша  кең  қатысуымен 

талай мәрте талқылағанын өздеріңіз білесіздер. Оның 

барлық  қиындығы  жүз ден  аса  ұлттар  мен  ұлыстар 

мекендейтін, әрі десе қазақ халқының саны көпшілікті 

құрамайтын біздің республикамыздың айрықша ерек­

шелігіне байланысты. 

Осыған орай, мәселенің нақ осындай саяси жағын 

ескеріп,  Орталық  Комитеттің  Бюросы  талқылаудың 

бір кезеңінде Қазақстанда мемлекеттік қазақ-орыс қос 

тілділігін бекітуді жақтаған болатын. Әрі мәселе бұдан 

әрі де талқыланып, неғұрлым терең зерделенуді қажет 

ететіндіктен, бұл шешімнің тіпті де түпкілікті емес екені 

ескертілген-ді. 

Қазір  бұл  үдеріс  қарқын  ала  түсуде,  оған  жұрт­

шылықтың неғұрлым қалың жіктері атсалысып жатыр. 

Атап айтқанда, кеше менің республика ғылымы мен 

мәдениетінің бір топ белгілі қайраткерлерімен болған 

кездесуім растап көрсеткеніндей, пікірлердің дені мем­


58

I  ТОМ. – 1989–

1991 


лекеттік мәртебені республикаға аты берілген халықтың 

тіліне беру жағына ойысатыны анықталды. Осындай 

шешімнің қисынды болары да әбден мүмкін. 

Тек  атап  өткім  келетіні:  қандай  нұсқада  болсын, 

қандай заң қабылдансын, тілді үйренудің еріктілігі мен 

барлық тілдердің даму еркіндігін қамтамасыз ету қағи­

даттарын табандылықпен қорғауға тура келеді. Бұған 

ешкімнің де зәредей күмәні болмауы тиіс. 

Орталық Комитеттің Бюросы, республика үкіметі 

мемлекеттік тіл туралы заңның қабылдануының өзі әлі 

іс жүзінде ештеңені шешпейтінін жақсы түсінеді. Заң 

жұмыс істеп, нақты пайда келтіруі үшін, тілді дамы­

тудың материалдық негізіне елеулі мөлшерде күрделі 

қаржы  жұмсау  да  қажет  және  оған  бүкіл  халықтың 

белсенді түрдегі мүдделілікпен қатысуы да керек. Нақ 

осыған  байланысты  Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесі 

республикада қазақ тілінің қоғамдық функцияларын 

одан әрі кеңейту жөнінде елеулі ұйымдық-практикалық 

шараларды әзірледі. 

Енді жақын арада атқарылатын міндет – нақ осындай 

шараларды орыс тіліне қатысты да әзірлеу. Ана тілі 

туралы қамқорлықпен қоса, республикада қазақтардың 

талай  ұрпағы  қай  жағынан  да  көп  қарыздар  болған 

орыс  тілін  дәл  сондай  ілтипатпен  қамқорлыққа  алу 

керек десем, күллі Қазақстан жұртшылығының пікірін 

білдірермін деймін. 

Жақсылыққа  жақсылықпен  жауап  беру  –  қазақ 

халқының  қанында  бар  қасиет.  Сондықтан  нақ  осы 

ұлтаралық  қатынас  тілі  қазақтарды  орыс  мәдениеті 

мен әлемдік мәдениеттің биігіне тартып, баршасының 

алдынан жалпыадамзаттық игіліктердің, өркениет пен 

ілгерілеудің даңғыл жолын ашып бергенін ұдайы есте 



59

ұстау керек. Мұндайды халық ұмытпайды. Қазақ және 

орыс тілдерін қатар дамыту мен өзара байыту мақсаты 

алға қойылып отырғаны осыдан. Тегі, басқа жол жоқ 

та. Басқа да кез келген тілге осындай диалектикалық 

тұрғыдан қарау керек. 

Елді және республиканы одан әрі демократиялан­

дыру халық депутаттары Кеңестерінің қоғам өміріндегі 

рөлін арттырудан ажырағысыз. Саяси жүйені рефор­

малау  осыған  бағытталған,  ал  ол  сайлаушылардың 

сай  лау мен бақылау, ал депутаттардың сайлаушылар 

мүдде сін білдіріп, жалпымемлекеттік өмірдің негізгі 

мәселеле  рін ше  шу құқығына демократиялық негізде 

кепіл  дік береді. 

Өкінішке қарай, «Барлық билік Кеңестерге берілсін!» 

дейтін ұранды іске асыру тым ұзаққа созылып кеткенін 

мо  йындау керек. Іс жүзінде қазір Кеңестер өз аумағын 

кешенді түрде дамыту мәселелерін дербес шешетіндей 

халде емес, бұл үшін олардың құқықтық та, материал­

дық-техникалық та, қаржылық та, кадрлық та базасы 

жоқ. Сонда бүгін қандай билік туралы айтуға болады? 

Рас, қазір «Жергілікті өзін-өзі басқару мен жергілікті 

шаруашылық туралы» КСРО заңнамасы негіздерінің 

жобасы бар. Өте қызықты бұл құжатта әрбір КСРО аза­

матының мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға 

қатысуының конституциялық құқығын іске асыруына 

барынша жағдай жасау көзделген. Мәселен, көңіл ауда­

рарлық мынадай жәйт: жергілікті өзін-өзі басқаруды 

жұртшылық халық депутаттарының жергілікті Кеңес-

тері,  сондай-ақ  қоғамдық  аумақтық  өзін-өзі  басқару 

органдары – үй, көше, орам, мекен, поселкелік және 

ауылдық  комитеттері,  шағын  аудандардың,  тұрғын 

үй кешендерінің және басқа бірлестіктердің кеңестері 


60

I  ТОМ. – 1989–

1991 


мен комитеттері, азаматтардың тұрғылықты жеріндегі 

жиналыстары мен бас қосулары, жергілікті референ­

думдар,  тікелей  демократияның  басқа  да  пішіндері 

арқылы жүзеге асыратын болады. 

Мұндай заңға деген ділгерлік күшті, оны тез арада 

қабылдау керек. 

Облыстардағы,  министрліктердегі  басшылардың 

жергілікті  жерлердегі  халықтың  тұрмысын  жақсар­

туға  деген  жауапкершілігін  шындап  арттыру  қажет. 

Өкінішке қарай, біз қайта құрудың барысы кейде нақ 

аудан, кеңшар, ұжымшар, нақты кәсіпорын деңгейінде 

тежеліп жүргенін байқамай келдік. Ол біздің істерімізді 

елеулі  түрде  жақсартудың  көптеген  мүмкіндіктерін 

беріп те үлгерді, тек оларды білгірлікпен пайдалана 

білу  керек.  Адамдар,  ақыры,  өздерін  үкімет  асыра­

майтынын, қайта, керісінше, елді олар асырайтынын 

түсінулері керек. 

Кеңестік саяси жүйенің маңызды құрамдас бөліктері 

– қоғамның түрліше жіктерінің мүдделерін білдіретін 

кәсіп одақтар,  комсомол,  басқа  қоғамдық  ұйымдар. 

Олар да қайта құрудағы өз орындарын табулары тиіс. 

Біздің қоғамымызды жаңғыртуда жазушылар, жур­

налистер, мәдениет қайраткерлері зор рөл атқарулары 

тиіс. Шығармашыл күштерді қайта құрудың тұғырна­

масына топтастыру сәуірден соңғы кезеңде партияның 

практикалық міндетіне айналды. Біздің интеллигенци­

ямыз – ұрпақтардың мәдени жалғастығы мен адамгер­

шілік  сабақтастығының  сақтаушысы,  ол  адамның  өз 

халқымен, оның тарихымен етене туыстығын сезінуіне, 

кез келген практикалық қызметін биік интернациона­

листік мораль мұраттарына негіздеуіне көмектеседі. 


61

Қазақстан интеллигенциясы бұдан былай да респу­

бликалық партия ұйымының сенімді көмекшісі бола­

тынына,  қайта  құрудың  жер-жердің  бәрінде  дамып, 

кері  қайтпайтын  сипат  алуын  қамтамасыз  ететініне, 

КСРО халық депутаттарының І съезі ел алдына қойған 

міндеттерді ойдағыдай шешу үшін қолдан келгеннің 

бәрін істейтініне кәміл сенімдімін. 



62

I  ТОМ. – 1989–

1991 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет