Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет19/25
Дата15.03.2017
өлшемі2,62 Mb.
#9778
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі  

он екінші шақырылымының IV сессиясында 

республиканың ішкі және  

сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы 

жыл сайынғы баяндаумен

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы,

1991 жылғы 27 маусым

Құрметті жолдастар!

Жоғарғы Кеңестің осы сессиясының айқын байқалған 

сындарлы сипатта өтіп жатқанын қанағатпен атап көр­

сеткім келеді. Республиканың экономикалық, әлеумет­

тік және мәдени өмірінің салаларын қамтитын заңдар 

топтамасы қабылданды. Мемлекеттік құрылыс пробле­

маларының кең көлемді шеңбері бойынша жемісті пікір 

алысылды. Мен нарықтық бағытты, басқа да маңызды 

бастамаларды батыл қолдағаны үшін депутаттарға рах­

мет айтамын. Түбірлі экономикалық және саяси мәсе­



444

I  ТОМ. – 1989–

1991 


лелерді талқылауда парламент прогресшіл көзқарасты 

паш етті, депутаттар біздің тарихымызда тұңғыш рет 

заңдардың шынайы жасампаздары болды, бүгінгі таңда 

аса қиын проблемаларды шешуде соншалықты қажет 

өзара түсіністік пен келісушілікке қол жеткізе білді деп 

батыл айтуға болады. Бұл, сөз жоқ, парламентте де, 

жалпы қоғамда да топтастырушы негіздерді нығайтуға, 

республиканың болашағы үшін жоғары жауапкершілік 

ахуалын жасауға септігін тигізеді.

Қазақстанда өзінің мәні жағынан жаңа саяси өкімет 

институттарының жұмыс істей бастағанына небәрі бір 

жыл ғана өтті. Алайда осынау біршама қысқа кезеңде де 

республикада байсалды талдау жасап, барынша мұқият 

назар аударатын көптеген сапалық өзгерістер болды. 

Сондықтан  осы  сөзімді  мен  республика  Президенті 

ретінде Қазақ КСР Конституциясының 114-ші бабына 

сәйкес депутаттарға Қазақ КСР-інің ішкі және сыртқы 

саясатының  неғұрлым  маңызды  мәселелері  туралы 

хабарлау  мақсатымен  Жоғарғы  Кеңестің  алдында 

жасауға міндетті жыл сайынғы баяндама деп есептеу­

леріңізді өтінемін.

Өткен кезеңде өзім қабылдаған толып жатқан өкім­

дер  мен  жарлықтарды  санамалап  жатпаймын,  олар 

сіздерге мәлім. Ең негізгісінен бастайын. Бізде Жоғарғы 

Кеңес демократиялық жолмен сайланды, Қазақ КСР 

Президентінің  қызметі  тағайындалды,  Министрлер 

Кабинеті құрылды. Бүгінгі таңда біз өмірдің өзі талап 

еткен бұл өзгерістер өзінің жемістерін беріп жатқанын 

көріп отырмыз. Республиканың экономикалық және 

саяси беделі ұдайы арта түсуде. Үкіметтің міндеттерін 

сапа тұрғысынан өзгертудің оң үдерісі басталды. Респу­

бликаның халық шаруашылығын басқарудың барлық 

деңгейінде түгелдей түбегейлі өзгерістер болып жатыр. 


445

Соның  нәтижесінде  тіпті  еліміз  душар  болған  ауыр 

экономикалық және саяси жағдайға да Қазақстан қалай 

дегенмен төтеп берді, өзінің тұрақтылығын сақтады.

Рас, бұл бізге оңайға түскен жоқ. Егер бүкпесіз айта­

тын болсақ, бүкіл өткен жыл республиканың егеменді­

гін орнықтыру жолындағы, әміршіл-әкімшіл жүйенің 

әлі де сақталып отырған құрылымдарына қарсы күрес 

белгісімен өтті. Сонымен бірге, біз еліміздің әлеумет­

тік-экономикалық өмірінде де, қоғамдық-саяси өмірінде 

де мүлде болжап білуге болмайтын, стихиялық даму 

үдерістерінің ұдайы қыспағында болдық. Бірақ, саясат­

шылардың жанжалдарына, экономикада бір жақтан 

екінші  жаққа  ауытқуға,  реформаларды  жүргізудегі 

орталықтың  дәйексіздігіне  қарамастан,  республика 

әрқашанда  принципті  айқындама  ұстауға  тырысып 

келді. 

Егер ішкі саясат туралы айтатын болсақ, біздің алды­



мызға азаматтық татулық пен ұлттық келісімді, халық 

шаруашылығының қалыпты ырғағын сақтау, нарықтық 

ұстанымдарды  құқықтық  жағынан  нығайту  міндеті 

қойылды. Мұнда біз белгілі бір оң нәтижелерге қол 

жеткіздік деп ойлаймын. Ең бастысы – республикада 

қаржы саласында да, өнеркәсіптің, құрылыстың және, 

әсіресе, ауыл шаруашылығының көптеген салаларында 

да  бой  көрсеткен  экономиканың  жаңа  мемлекеттік 

емес  секторы  нақты  өмір  сүріп,  әрекет  етуде.  Олар 

–  акционерлік  қоғамдар,  кооперативтер,  жалгерлік 

және ұжымдық кәсіпорындар, шаруа қожалықтары, 

фермерлер, шетелдік әріптестермен бірлескен кәсіп-

орындар, әртүрлі қауымдастықтар мен бірлестіктер. 

Олар қазір-ақ нарықтық қатынастарға кәсіптік және 

психологиялық жағынан әзір жүздеген мың адамның 


446

I  ТОМ. – 1989–

1991 


еңбек және парасат күш-жігерін өздеріне шоғырлан­

дыруда. Оған мемлекеттік және шаруашылық басқару 

құрылымының  едәуір  өзгергенін  қосу  керек,  қиын­

дықпен болса да біз нарыққа жетер жолдағы көптеген 

әкімшілік кедергілерді жоя алдық, еңбекшілердің іскер­

лік бастамашылығына кеңістікті қамтамасыз ете алдық. 

Одақтық деңгейде республика Одақтың сақталуын, 

жаңарған негіздегі федерация құруды ұдайы жақтап 

келді. Қазір, Одақтық шартқа қол қою нақты шындыққа 

айналып отырған кезде, еліміздің үкіметі ақыр соңында 

республикалармен бірлескен іс-қимылдардың бағдар­

ламасын әзірлеген кезде, біз оң өзгерістер көп ретте 

Қазақ КСР-інің бекем бағытының нәтижесі, республика 

парламенті мен үкіметі тындыр ған ұланғайыр топтас-

тырушы жұмыстың қорытындысы болып табылады деп 

айтуға хақылымыз.

Көлбеу бағыттағы байланыстарды тереңдетіп, дамы­

туға қыруар күш-жігер жұмсалды. Біздің Орталық Азия 

республикаларымен, Ресеймен, Украинамен, Белорус­

сиямен шарт жасасқанымыз мәлім, бұл шарттар өзара 

міндеттемелерді орындауға, аймақтық проблемаларды 

шешудегі  дербестігімізді  орнықтыруға  игі  ықпалын 

тигізді. Ал шарттарды іске асыру тетігі әлі де едәуір 

жетілдіруді қажет ететіні де даусыз. Біздің борышымыз 

– еліміздің барлық республикаларымен дәстүрлі достық 

қатынастарды  сақтау,  бірақ  турасын  айтуға  тиіспін, 

біздің ең жақын көршілерімізбен – бізді ортақ тарихи 

тағдыр біріктіретін Орта Азия халықтарымен бірлікті 

нығайтуға біз барынша мұқият назар аударамыз.

Республикааралық  ынтымақтастыққа  деген  жаңа 

көзқараста  терең  саяси  мән  бар  деп  білемін.  «9+1» 

келісіміне қол қою, Одақтық шартты әзірлеу жұмысын 



447

жеделдету көп ретте республикалар арасындағы байла­

ныстарды нығайтудың, олардың өзара іс-қимылдары­

ның нәтижесінде болғанына кәміл сенемін. Сонымен 

бірге,  жаңа  Одаққа  кіруге  әзір  емес  республикалар 

халықтарының ерік-тілегін құрметтей отырып, біз, соған 

қарамастан, оларды экономикаға, нарыққа көшуге бай­

ланысты проблемаларды бірлесіп шешуге шақырамыз. 

Оларды жеке-дара шешуге шама жетпейді.

Қазақстан халықаралық аренада өзін белсенді түрде 

көрсетті, мұнда біздің қызметіміз ең алдымен сыртқы 

экономикалық байланыстарды жақсартуға бағытталды. 

Бүгінгі таңда республиканың 876 кәсіпорны мен ұйымы 

сыртқы экономикалық байланыстарға қатысуда. Бізде 

35 бірлескен кәсіпорын тіркелді, 16 сыртқы экономи­

калық қауымдастық жұмыс істеуде, бірлескен халық-

аралық коммерциялық «Әл-Барака-Қазақстан банкі» 

ашылды. Республикада әртүрлі шетелдік фирмалардың 

өкілдіктері тіркелді, олар шетелдік және республика­

лық ұйымдардың арасындағы іскерлік белсенділіктің 

артуына  оң  ықпалын  тигізуде.  Мысалы,  шетелдік 

әріптестердің қатысуымен ғылымды көп қажет ететін 

өнімнің бірнеше түрін өндіру, былғары-мех және ауыл­

шаруашылық шикізатының басқа да түрлерін ұқсату, 

құрылыс  материалдары  мен  санитарлық-фаянс  бұ -

йымдарын  шығару  ұйымдастырылды,  экологиялық 

апат аймақтарына азық-түлік өнімдері, балалар тамағы 

және дәрі-дәрмектік препараттар жеткізілуде.

Өнеркәсіп  өндірісі,  маркетинг  және  туризм  сала­

ларында Кореяның, Ұлыбританияның, Францияның, 

Италияның, Испанияның және басқа елдердің фирма­

ларымен  ынтымақтастықтың  кең  ауқымды  перспек­

тивалары көзделіп отыр. Азия-Тынық мұхит өңірінің 


448

I  ТОМ. – 1989–

1991 


елдерімен байланыстарды нығайтуға үлкен үміт артып 

отырмыз, оған біз, сөз жоқ, Азия құрлығында орна­

ласқандықтан  да  мүдделіміз  және  Шығыспен  бізді 

ғасырлар тереңіне тамыр тартқан тарихи және мәдени 

дәстүрлер байланыстырып отыр. «Достық- Алашаңқой» 

учаскесінде  теміржол  магистралінің  пайдалануға 

берілуі «Жібек жолын» қайтадан қалпына келтірудегі 

нақты қадам болды. Жуырда Орталық Азия республи­

каларының үкіметтері мен Иран үкіметі арасында осы 

магистральді Анкараға дейін ұзарту туралы келіссөз 

жүргізілді. Таяудағы уақытқа белгіленген менің Қытай 

мен  Түркияға  ресми  сапарым  Қазақстанның  шығыс 

аймақ елдерімен ынтымақтастығының одан әрі дамы­

тылуына жәрдемдеседі деп үміттенемін. 

Сыртқы  экономикалық  байланыстарды  мемле­

кеттік-құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету, Жоғарғы 

Кеңестің  «Қазақ  КСР-інің  Мемлекеттік  егемендегі 

туралы» декларацияны, «Қазақ КСР-інің сыртқы эко­

номикалық  қызметінің  негізгі  қағидаттары  туралы», 

«Еркін  экономикалық  аймақтар  туралы»  заңдарды 

қабылдауы  өте  маңызды  рөл  атқарды.  Министрлер 

Кабинеті әзірлеген тұжырымдама мен сыртқы эконо­

микалық қызметті дамытудың тиісті бағдарламасының, 

республикалық валюта комитеті құрылуының маңызы 

зор болды. Алайда бұрынғысынша орталықтың қара­

мағында  болып  отырған  квоталау  мен  лицензиялау 

мәселелерінің шешімін өз қолымызға ала алған болсақ, 

біздің табыстарымыз едәуір қомақтырақ болуы мүмкін 

екенін атап өтпей тұра алмаймын. 

Республика басшылығы табиғи ресурстарға толық 

бақылау жасауға табанды түрде күш салмақ. Қазақстан 

халқына тиесілі төл меншігімізді сұрап жалбарынғы­



449

мыз  келмейді,  жаңа  орталыққа  қандай  өкілеттіктер 

беру  керектігін  өзіміз  шешуге  хақылымыз.  Біздің 

талаптарымыздың  әділ  екенін  мәскеудегілер  түсіне 

бастаған сияқты. Одақтық министрліктердің көмір және 

металлургия өнеркәсіп орындарын Қазақстанның қара­

мағына беру туралы Теміртау қаласында шартқа қол 

қоюы – соның ізгі мысалы. Мұның өзі алғашқы қадам 

ғана деп ойлаймын. Әзірше өзімізге көмірді лицензи­

ялауды алып отырмыз, оны сатудан түсетін валютаның 

30 % республика бюджетіне және 10 % жергілікті Кеңес-

тердің бюджетіне беріледі. 

Шетелдік инвестицияларға байланысты мәселелерді 

шеше  отырып,  біз  тең  құқықты  әріптестер  болуға 

ұмтылдық,  іскерлік  ынтымақтастықтың  республика 

үшін неғұрлым ұтымды, пайдалы нұсқаларын табанды 

түрде  іздедік.  Сонымен  бірге,  бизнес  дүниесіндегі 

жұмыстың өзімізге ең қажетті тәжірибесін жинақтадық. 

Америка Құрама Штаттарына іскерлік сапар, Түркия 

президенті Тұрғыт Өзалмен, Корея Республикасының 

президенті Ро Дэ Умен кездесулер, Қазақстанға келген 

көрнекті шетелдік бизнесмендермен келіссөздер менің 

өзім  үшін  үлкен мектеп  болды.  Осыған  байланысты 

мынаны атап көрсеткім келеді: шетелдік инвесторлар 

– өз капиталымен қалай болса солай тәуекел етуге әзір 

отырған  ашықауыздар  емес.  Оған  қоса,  дағдарысқа 

ұшырап отырған олардың экономикасы емес, шұғыл 

көмекті қажет етіп отыр ған олар емес, қайта бәрі де 

керісінше.  Сондықтан  Батыс  пен  Шығыстағы  іскер 

адамдардың бүгінде сақ, аңысын аңдаған ұстанымда 

отырғанына таңданарлық ешнәрсе жоқ, өйткені оларды 

еліміздегі тұрақсыз жағдай қатты алаңдатуда. Олардың 

біртұтас,  берік  одақтық  мемлекетпен  істес  болғысы 


450

I  ТОМ. – 1989–

1991 


келеді. Бір ғажабы, біздің қазіргі және ықтимал шетел­

дік  әріптестеріміз  Одақтық  шартты  кейбір  қолтума 

саясаткерлерге қарағанда әлдеқайда көбірек жақтауда. 

Жолдастар! 

Мен республика басшылығы өткен кезеңде күш-жі­

герін жұмылдырған негізгі бағыттарды тізіп шықтым. 

Парламентке, сіздердің мүдделіліктеріңізге сүйенбесе, 

оның мұндай жұмыс көлемін атқаруы қиын болар еді. 

Әлбетте, біз барлық істе бірдей табысқа кенеліп отырған 

жоқпыз. Алайда ілгері басу бар және де аз емес. Эко­

логия, әскери ведомстволармен өзара қатынас сияқты 

күрделі мәселелерді мысалға алайық. Республиканың 

өскелең беделін мен көп жағынан алғанда осы мәселе­

лерде біз ұстаған дәлелді, терең дәйекті және салмақты 

ұстаныммен байланыстырамын. Кез келген ведомство­

ның қазақ жерінде жауапсыз, қалай болса солай қожа­

лық етуін тоқтатуына шектен шыққан қызба сезімсіз қол 

жеткізіп отырмыз. Қазақстанда Арал теңізі тартылып 

бара жатқан, Семей полигоны түпкілікті жабылмаған, 

индустриялық  алыптар  айналадағы  ортаны  әзірше 

ластап  отырған  кезде  біз  тынышталмаймыз.  Мұны 

орталық ведомстводағылар жеткілікті дәрежеде жақсы 

түсінді. Экология проблемаларын шешуде бізді ессіз 

егес емес, тең құқықты өзара тиімді әріптестік бірік­

тіруге тиіс екенін қосып айтқым келеді. Нақ осындай 

сындарлы, ізгі ниетті көзқарас республиканың Атом 

өнеркәсібі министрлігімен, ғарыш саласында жұмыс 

істейтін  ведомстволармен  өзара  тиімді  ынтымақтас-

тықта жемісін берді. 

Әлбетте, кейбір мәселелерді біз орталықтың құзы­

рына беретін боламыз, алайда жергілікті билік орында­



451

рына енді ешкім де «әкелік ақыл-кеңес» беріп отырған 

жоқ  және  бермейтін  болар  деп  үміттенемін.  Біздің 

кадрларымыз  үшін  нағыз  дербес  жұмыс  басталды. 

Бұл жұрттың бәрін қанағаттандырып отыр деп айта 

алмаймын.  Кейде  біз  таратылған  министрліктерді 

қалпына  келтіруге  және  ескі  әміршіл  экономиканы 

еске түсіруге шақырған үндеулер де естиміз. Бұл жерде 

не  деуге  болады?  Ескі  тәртіпке  қайта  оралу  бұйрық 

беріп үйренгендерге орасан зор жеңілдік әкелетініне 

күмәнданбаймын. Бірақ экономикалық және рухани 

дағдарыстан  шығуға  ол  көмектеспейді.  Керісінше, 

ел тұйыққа түпкілікті тіреліп, одан енді қайта шыға 

алмайтын болады. 

Міне,  сондықтан  да  біз  жаңа  экономикалық 

құрылымдардың – концерндердің, қауымдастықтар­

дың,  консорциумдардың  қалыптасуын  соншалықты 

ықылас  қоя  қадағалаудамыз.  Олар  бізге  нарықтық 

қатынас тарды қалыптастырудың алғашқы және, тегінде, 

ең бағалы практикалық тәжірибесін беріп отыр. Олар­

дың  жұмысы  әзірше  әрдайым  бірдей  тұрақты  емес. 

Бірақ осы икемді құрылымдар мемлекет пен кәсіпорын­

дардың өзара қатынастарының күрделі үдерісінде өз 

орнын қазірдің өзінде тапқаны өте маңызды. Олардың 

болашағы зор екені күмәнсіз.

Жергілікті  Кеңестер  де  дербестік  алды.  Өзін-өзі 

басқару  туралы  жаңа  заңға  сәйкес  олар  сондай-ақ 

билікті шындап өз қолына алып, аймақтарда әлеуметтік 

үдерістерді басқарып, нарық инфрақұрылымын дамыта 

алады  және  солай  етуге  тиіс.  Жуырда  сессия  респу­

бликада алғашқы еркін экономикалық аймақтар құру 

туралы қаулы қабылдады. Бұл да жергілікті Кеңестер 

үшін орасан зор қызмет өрісін ашып отыр. 


452

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Әлбетте, нарыққа кіруіміздің қарқынына әсер ететін 

бірнеше сыртқы фактор бар. Бірінші – Одақтық шарт. 

Бұл  тақырып  менің  сөйлеген  сөздерімде  талай  рет 

айтылды. Бірақ мынаны атап көрсетуді тағы да қажет 

деп  санаймын:  біртұтас  экономикалық  кеңістікті 

жоғалту,  республика  арасындағы  байланыстардың 

үзілу қаупі – қайткен күнде де Одақты сақтап қалу үшін 

таратылған насихаттық қауесет емес, біздің болмысы­

мыздың қатал ақиқаты. Қазіргі жағдайдан жеке-дара 

шығу өте қиын. Орталық пен республикалар арасын­

дағы билікті, әсіресе, экономикалық саладағы билікті 

жіті бөлу негізінде Одақты сақтауды табандылықпен 

жақтап отырғанымыз да, міне, сондықтан. 

Екінші – қазірдің өзінде шектен тыс сипат алып отыр-

ған инфляцияны жою. Осы құбыжықты ауыздықтаудың 

барлық  тұтқалары  орталықтың  қарамағында  болып 

отыр. Бірыңғай ақша жүйесінде жеке алған бір респу­

бликада қолайлы экономикалық жағдай жасау мүмкін 

деп ойлау мүлдем аңғалдық болар еді. 

Үшінші  –  белгіленген  реформаларды  ойдағыдай 

жүргізу, сомның ішкі өтімділігін жүзеге асыру, жеңіл, 

тамақ өнеркәсібін жаңғырту және экспортқа тауарлар 

шығаратын  өндірістерді  құру  үшін  шетелдік  инве­

стициялар мен технологиялардың қажеттігі. Осыған 

байланысты  біз  дүниежүзілік  қоғамдастықпен  және 

ең алдымен – Батыстың аса ірі елдерінің «жетілігімен» 

өзара іс-қимылдар жоспарын қолдамай тұра алмаймыз. 

Явлинский, Примаков және Щербаков тобының баста­

машылығына  менің  әуел  бастан-ақ  барынша  қолдау 

көрсеткенімді бүгін де айта аламын. 

Үйреншікті сана деңгейінде бұл бастамашылықтың 

елімізде  де,  біздің  республикамызда  да  қарсы  әре­



453

кетке  кездесіп  отырғанын  жасырмаймын.  Батыстың 

алдында «тізе бүгуге» бейім, «капитализмді жаңғыр­

туға» ұмтылып отырған, былайша айтқанда, «Отанды 

арзан бағаға сатып жіберуге әзір белгілі бір топтарды 

Назарбаев  қолдап  отыр-мыс»  деп  кейбіреулер  айта 

бастады. Мұндай пайымдаулардың барынша аңғалдық 

екеніне, мен айтар едім, ақымақтық екеніне қарамастан, 

оларды қалай дегенмен назардан тыс қалдыруға бол­

майды. Мұның себебі мынада. Менің көзқарасымша, 

бұл  идеясымақтарды  адамдарға  бүгінгі  күн  жағда-

йында да жақсы тұратындар, еліміздің дүниежүзілік 

экономикалық  үдерістерге  бірігуіне  өте-мөте  бөгет 

жасағысы,  біздің  нарыққа  қарай  қозғалысымызды 

жалпы тоқтатқысы келетіндер ғана тықпалай түсуде. 

Олар дүниежүзілік қоғамдастықпен тығыз өзара іс-қи­

мыл болмайынша, дамыған елдермен өзара тиімді кең 

көлемді іскерлік байланыстар болмайынша, нарықтық 

қатынастарды орнату тіпті де мүмкін емес екенін жақсы 

түсінеді.  Міне,  сондықтан  «қырғи  қабақ  соғыстың» 

арсеналындағы  жеткілікті  дәрежеде  жауыр  болған, 

бірақ әлі күнге дейін пәрменді болып отырған құрал­

дарды өздерінің мақсаттарына пайдалануда. Пәрменді 

болатын  себебі,  жаудың  бейнесін,  кейбіреулер  бізді 

жаулап алғысы, құлдыққа салып тізе бүктіргісі келеді 

деген сөздерді кеңес адамдарының санасына тым ұзақ, 

ондаған жылдар бойына сіңіріп келеді және бұл із-түзсіз 

кеткен жоқ. «Төбенің аржағында» жасалған кез келген 

әрекеттерге күдікшілдікпен, дұшпандықпен қарауға, 

идеологиялық  үйлесімсіздікке  барынша  негізделген 

желбуаз  патриотизм  сезімі  дүние  жүзінде  болып 

жатқан  үдерістерді  салиқалы  түрде  бағалауымызға, 

өзіміздің олардағы рөліміз бен орнымызды түсінуімізге 

әлі күнге дейін бөгет жасауда.



454

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Нақты мысал мынадай. Біздің Теңіз мұнай кешенін 

бірлесіп игеру туралы Американың «Шеврон» фирма­

сымен келісіміміз төңірегіндегі күрес осы кезге дейін 

тоқталмай  келеді.  Ал  оның  астары  мынадай.  Біздің 

өтінішіміз бойынша КСРО үкіметі шарттың жобасын 

сараптан  өткізіп,  жалпы  оны  мақұлдады,  пысықтай 

түсу  қажет  бірқатар  кемшіліктерді  де  көрсетті.  Тек 

бәріне және баршаға әмір жүргізуге дағдыланып алған 

бұрынғы КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінің 

аппараты  сарапқа  қатысуға  шақырылған  жоқ.  Мем­

лекеттік  жоспарлау  комитетіндегілер  бұған,  әрине, 

өкпеледі  де.  Өздерінің  әлі  де  күшінде  екенін  және 

еліміздің  мүдделерін  өте-мөте  қорғайтынын  дәлел­

деуге тырысып бақты. Міне, сондықтан бізді өткінші 

пайда үшін табиғат байлықтарын талан-таражға салып 

жатыр, шетелдік капиталдың жыртқыштық ниеттерін 

қолпаштауда деп айыптайтын қорытынды шығарған 

жарияланымдар  пайда  болды.  Бірақ  қол  қойылған 

ешқандай өзара шарт әлі жоқ.

Алайда  Ресей  президенттігіне  кандидат,  КСРО 

үкіметінің бұрынғы басшысы Н. И. Рыжковтың беделін 

түсіру үшін, кейбір редакциялардың кез келген фактіні 

пайдалануы керек болып, мәселенің мәні басқа жаққа 

аударылды. Бір-ақ нәрсені айтайын. Табиғат ресурс-

тарын пайдалануда көп жыртқыштықты және қара­

пайым экологиялық нормаларды аяққа басуды біздің 

елден басқа елдерде бүгінгі таңда кездестірудің мүмкін 

екені екіталай. Ал адамдардың өмірі мен тұрмысына 

немқұрайлы қарау туралы айтпай-ақ қоялық. Басқаны 

қайдам,  бізге,  қазақстандықтарға,  бұл  жақсы  мәлім. 

Бізді «Шевронның» практикасында қызықтырып отыр-

ған нәрсе не десек, ол, тегінде, мұнай өндірудің дүние 



455

жүзіндегі осы заманғы озық технологиясы, өндірістің 

аса жоғары мәдениеті, айналадағы ортаның тазалығына 

керемет қамқорлық болса керек. Фирма дүние жүзінің 

67 елінде жұмыс істейді және өте сенімді әріптес ретінде 

даңқы шыққан. Ал енді біреудің түймедей мінін көріп, 

өзіміздің  түйедей  мінімізді  байқамайтынымыз  тағы 

шындық.


Бүгінгі  таңда  елдер  түгелімен  дерлік  өз  экономи­

касына шетел капиталын тарту үшін белсенді түрде 

бәсекелесуде. Ал бұл орайда оны өзінің Отанын саудаға 

сатып отыр деп ешкім де есептемейді. Керісінше, шетел­

дік  инвестициялар  неғұрлым  көп  тартылса,  табиғат 

және  басқа  ресурстар  солғұрлым  тезірек  қайтарым 

бере бастайды. Жаңа технологиялар дами бастайды, 

халықтың жұмыспен қамтылуы, тауармен молықтыру 

артады, сайып келгенде, халықтың тұрмыс деңгейі жақ­

сарады. Бұл – экономикалық ғылым мен практиканың 

әліппесі.

Біздің байланыстарымыздың өзара тиімді сипатта 

болуға, жіті мемлекеттік бақылауда болуға, дамыған 

елдермен тең құқықты әріптестік қағидаттарына негіз­

делген ұзақ мерзімді және ірі ауқымды экономикалық 

ынтымақтастығының  бағдарламасы  болуын  өзінің 

негізіне алуға тиіс екені басқа бір мәселе. Бүгінгі таңда 

«Үлкен жетілік» елдерімен уағдаластық шеңберінде нақ 

осы негіз қалануда.

Алайда дағдарыстан шығу мәселесі тек сыртқы фак­

торлармен ғана тәмамдалмайды. Проблеманы шешудің 

негізгі ауыртпалығы біздің өзіміздің мойнымызға түседі. 

Біздің қолымызда экономиканы тұрақтандыру үшін 

орасан зор дербес, әзірге іске асырылмаған мүмкіндік­

тер бар. Атап айтқанда, өндірістік қатынастардың негіз­


456

I  ТОМ. – 1989–

1991 


дерін өзгерту және меншік нысандарының нақты алуан 

түрлерін  орнықтыру  үшін  құқықтық  алғышарттар 

жасайтын заңдар қабылданды. Республикада нарықтық 

қатынастарды енгізудің әдістері пысықталуда. Қысқасы, 

қазірдің өзінде біздің сүйенетін нәрсеміз бар. Енді тетік­

тердің  өздерін  іске  қосу,  нақты  іс-қимылдарға  көшу 

маңызды.

Біздің  қазіргі  міндеттерімізді  былай  деп  айқын­

дауға  болады:  ішкі  және  сыртқы  саясаттың  бағытын 

оңтайландыру, әзірленген экономикалық, әлеуметтік 

және  мәдени  бағдарламаларды  толық  іске  асыру, 

құқықтық реформаны тереңдету, республиканың пәр­

менді халықаралық саясатын қалыптастыру. Біз адамға 

бағдарланған тиімді экономиканы жасауға, адамдарды 

қорқытатын құбыжық болуын қоятын, қайта өз еңбе­

гінің нәтижелерін жақсартуға ықыласты мүдделілікті 

туғызатын нарықты жасауға тиіспіз. 

Қазақ  КСР  Президенті  ретінде,  өзімнің  өкілеттік­

теріме сәйкес, мен 1991–1992 жылдар кезеңіне арналған 

практикалық қызметімде басшылыққа алмақ ниетте 

болып  отырған  негізгі  басым  бағыттарды  айқындау 

қажет деп есептеймін. Сіздермен бірге осы бағдарлама­

ның нобайларын талқылағым, сіздердің пікірлеріңізді 

ескере отырып айқындаманы дәлдей түскім келеді. Оны 

әзірлеу тек республика парламентінің негізгі нарықтық 

заңды – «Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру 

туралы»  Заңды  қабылдауы  арқасында  ғана  мүмкін 

болды. 


Нарыққа көшу қоғам өмірінің ең терең қатпарларын, 

халықтың барлық әлеуметтік топтары мен жіктерін, 

әрбір адамды қозғайтынын бірден атап өту қажет. Бәл­

кім, қалыпты экономикалық жағдайда біз жекелеген 



457

салаларда тәжірибе жасап, байқап көрулер мен қателік­

тер жолымен жүре алар едік. Бірақ қазіргі жағдай – өте 

ауыр, экономикада – аласапыран, адамдардың жүйкесі 

әбден тозған. Әлеуметтік факторды елемеу немесе жете 

бағаламау бізге қымбатқа түсуі мүмкін. Міне, сондықтан 

да біз алда тұрған проблемалардың шешімі жөнінде 

ғылыми негізделген көзқарастар табуға, өз бастамала­

рымызға  кең  көлемді  қоғамдық  қолдау  көрсетілуіне 

жетуге міндеттіміз.

Бағдарлама жобасын Республика кеңесі үстіміздегі 

жылғы мамырдың 31-інде негізінен мақұлдады және 

ол  айтылған  ескертпелерге  сай  пысықталды.  Жоба 

сіздердің қолдарыңызда бар. Сондықтан сіздерге оның 

философиясын, экономикалық және әлеуметтік негізін 

құрайтын  басты  әрі  түйінді  мәселелер  туралы  ғана 

баяндауды қажет деп санаймын.

Ең алдымен – одақтық бағыныстағы кәсіпорындар 

мен  ұйымдардың  (жаңа  Одақтық  шарт  бойынша 

орталықтың  қарамағында  болатындарынан  басқала­

рының) республиканың қарамағына көшуі туралы. Бұл 

орайда республика кәсіпорындарды басқару орталығын 

бейне бір еріксіз ауыстыруға тырысып отыр деп санау 

үлкен қателік болар еді. Әңгіме одақтық кәсіпорын­

дарды  өз  қарамағымызға  қабылдап,  оларға  өзіндік 

бір «ведомстводан тыс мәртебе» беру жайында болып 

отыр. Сөйтіп, біз ұзақ сөзбұйдасыз, одақтық заңдарды 

күтпестен республика аумағында нарыққа орасан зор 

өнеркәсіп әлеуетін қосамыз. Оның үстіне бұрынғы және 

қазіргі одақтық министрліктер мен ведомстволардың 

кейбіреулері атын ғана өзгертіп, іс жүзінде бұрынғы 

құрылымдары  сақталатын  бейне  бір  акционерлік 

қоғамдар мен қауымдастықтар болып құрыла отырып, 


458

I  ТОМ. – 1989–

1991 


республикада өзінің статус-квосын сақтауға тырысуда. 

Украин КСР-і бұл жөнінде қазірдің өзінде батыл іс-қи­

мылдар жасады. Біз де қазақстандықтардың көптеген 

ұрпақтарының еңбегімен жасалған меншіктің респу­

бликаның ту сыртынан талан-таражға салынуына жол 

бере алмаймыз.

Кәсіпкерлікті  қолдауға  бағытталған  шаралар  да 

маңызды.  Қандай  да  болсын  бизнес  қалыптастыру 

белгілі бір ынталандыруларды – тіркеу кезінде кедер­

гілердің  алынуын,  еңбекті  ұйымдастыруда,  жұмыс 

уақытының режімін сақтауда дербестік берілуін және 

тағысын-тағыларды қажет етеді.

Біздің ойымызша, бағдарлама дағдарыстан шығудан 

гөрі нарыққа көшудің түбегейлі проблемаларын шешу 

ісіне жәрдемдесуге, оның инфрақұрылымының барлық 

элементтерін  ұштастыру  тетіктерін  белгілеуге  тиіс. 

Осыған байланысты біз алдымызға бірқатар принципті 

мәселелер қойдық.

Мемлекет иелігінен алусыз және жекешелендірусіз 

әлеуметтік нарықтық шаруашылық орнатуға бола ма, 

біз қазір олардан бас тарта немесе белгілі бір мерзімге 

кейінге қалдыра аламыз ба? Меншікті қайта құрмастан 

қоғамдық  өндірістің  тиімділігін  арттыруға  бола  ма? 

Байсалды экономикалық талдау бұған теріс жауап беріп 

отыр. Қазір орын алып отырған жүйенің ішкі қозғаушы 

күштері жоқ, ол өндірістің түпкі жоғары нәтижелеріне 

адамдарды ынталандыра алмайды. Сондықтан жағдай­

дан  шығудың  жалпы  жолы  –  меншік  қатынастарын 

түбегейлі  өзгерту.  Басқаша  айтқанда,  экономикада 

бізге нақты қожайын қажет. Бізге нарықтық тұрпат­

тағы ұйымдық-экономикалық құрамалар: ұжымдық 

(халықтық)  кәсіпорындар,  акционерлік  және  басқа 



459

шаруашылық  қоғамдары,  серіктестіктер  және  тағы 

басқалар  қажет.  Өндірістің  тиімділігін  арттырып, 

дамытуға, пайданы көбейтуге мүдделілік туғызу, адал 

еңбек етудің сенімді уәждерін қамтамасыз ету маңызды. 

Жаппай мемлекеттік меншік бұл проблеманы шеше 

алмайды.

Біздің  экономикамыздың  құрылымы  мынадай: 

өндірістік  әлеуеттің  10–15 %-ы  ғана  адамға,  жалақы­

ның теңестірілуіне жұмыс істейді, ал жалаң жалақы 

еңбек  етуді  ынталандыра  алмайды.  Сөйтіп,  мемле­

кет  иелігінен  алу  мен  жекешелендіру  экономиканы 

құрылымдық  жағынан  қайта  құруды  жеделдетудің, 

оны адамға қайта бағдарлаудың факторы болуға тиіс 

және бола алады. 

Сомның бағамын нығайту және оның ішкі айырбаста­

лымдығына көшу проблемасы да мемлекет иелігінен 

алумен және жекешелендірумен бір арнада шешілуі 

тиіс.  Әңгіме  жекешелендірілетін  мүлікті  пайдалану, 

оны  сомды  тауармен  толтыру  факторы  ету,  демек  – 

инфляцияны ауыздықтау, оны артық ақшаға жылжы­

майтын зат сатып алу арқылы басқару жа  йында болып 

отыр. Бағдарламада бұл жағдай да ескерілген. 

Ішкі және шетелдік инвестицияларсыз экономиканы 

жандандыруға  болмайтыны  қазірдің  өзінде  айқын. 

Мәселені біздің бюджетіміздің жайы және республика­

ның ішкі қарызы қиындатып отыр, яғни бұл көздерді 

әзірше пайдалануға ешбір болмайды. Мемлекет иелі­

гінен алу мен жекешелендіру соммен, сондай-ақ валю­

тамен инвестициялаудың көздеріне айнала алады деп 

ойлаймын. Мен мемлекет иелігінен алу мен жекеше­

лендіру үдерісіне шетел капиталының қатыстырылуын 

жақтаймын.  Бірақ  шетел  капиталы  меншікті  сатып 


460

I  ТОМ. – 1989–

1991 


алуда емес, өндірістің техникалық деңгейін арттыруда, 

технология  импортында  инвестицияланатын  болуға 

тиіс. Мамандардың бағалауы осы бағыттарда 3–5 жыл 

ішінде сапалы секіріс жасауға болатынын көрсетеді.

Заң жобасын талқылау кезінде мемлекет иелігінен 

алудың және жекешелендірудің қағидаттары туралы, 

яғни мүлікті ақы төлеп немесе тегін жекешелендіру 

туралы мәселе өткір қойылды. Оны тегін беру кезінде 

жоғарыда  айтылған  факторлардың  бірде-біреуінің 

жұмыс істемейтініне сенемін. Шынында да, меншікті 

тегін бөліп берудің өлшемдерін белгілеу қиын, деген­

мен,  даңғойлық  көзқарас  тұрғысынан  алғанда  бұл 

нұсқа, әлбетте, неғұрлым қызықтырарлық. Бірақ мұнда 

ішкі  қарыз  проблемасының  шешімі  жоқ,  меншіктің 

шашылуы айқын. Ал ең бастысы, меншік иесі, нақты 

қожайын жоқ, оның орнына жыл сайын дивидендтер 

талап етуші көптеген акционерлер бар. Сонымен бірге, 

жекешелендірудің таза ақылы нұсқасы экономиканы 

дағдарыстан шығаруды да, сондай-ақ нарықтық қаты­

настарға көшіруді де ұзақ уақытқа созып жібереді. 

Экономистердің  көпшілігі  бөліп  беру  мен  сатып 

алудың синтезін жақтауда, мейлінше әртүрлі осы екі 

көзқарасты, осы сессия қабылдаған заңда көзделгенін­

дей, ұштастыруды ұсынуда. Тұрғын үй, кәсіпорындар 

мен ұйымдардың негізгі қорларының белгілі бір үлесі, 

алыс  аудандардың  кеңшарларындағы,  шалғай  мал 

жайылымдарындағы рентабельділігі төмен әрі залалды 

өндірістердегі мүліктің бір бөлігі және басқа да бір­

сыпыра мүліктер тегін берілетін болады. Ұсынылған 

бағдарламада түрлі факторлардың өзара байланысын 

ескеретін, уақыт жағынан үйлестірілген осы проблема­

лардың көпшілігі көрсетілген.



461

Бағдарламаның маңызды мақсаты – мемлекеттік мен­

шікті оның басқа тұрпаттарына өзара байланысты және 

дәйекті түрде қайта өзгерту, мемлекеттік кәсіпорын­

дардың мүлкін немесе құнды қағаздарын азаматтардың 

сатып алуы үшін әлеуметтік жарамды жағдайлар жасау.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің прак­

тикалық  мәселелерін  шешудің  түрлері  мен  әдістері 

негізгі өндірістік қорлардың жайына талдау жасауға 

негізделген, осы үдерістерді жүзеге асырудың әлеумет­

тік-экономикалық салдарын ескереді. Бағдарламаны 

әзірлеу  кезінде  біздің  еліміздің  басқа  республикала­

рында,  Шығыс  Еуропа  мемлекеттерінде  мемлекет 

иелігінен алу мен жекешелендіруді жүзеге асырудың 

қазір жинақталған тәжірибесі де жан-жақты ескерілді.

Бағдарламаның  тағы  да  бір  ерекшелігі.  Мемле­

кет  иелігінен  алу  мен  жекешелендірудің  принципті 

әртүрлі экономикалық мәні, оларды жүзеге асырудың 

шарттары мен принциптері бар екені қазірдің өзінде 

көптеген адамдарға айқын. Халық шаруашылығының 

түрлі салаларында осы үдерістерді дамытудың көлемі 

мен ауқымы сондықтан да әртүрлі болуға тиіс.

Егер  мемлекет  иелігінен  алу  –  кәсіпорынды  ком­

мерциялық жұмыс режіміне көшіру екенін біршама 

жеңілдетіп айтар болсақ, оның қалыпты жұмыс істе­

уіне осының бір өзі ғана мәжбүр етеді. Ары қарай бұл 

үдерісті  акционерлеу  және  серіктестік  немесе  басқа 

шаруашылық қоғамы, ұжымдық (халықтық) кәсіпорын 

етіп өзгерту арқылы тереңдетуге болады. Сондықтан 

мемлекет иелігінен алу қарқынының жеткілікті дәре­

жеде жоғары болуы мүмкін. 

Жекешелендірудің жөні бөлек. «Шағын» жекеше­

лендіру дейтіннің тез арада жүзеге асырылуы мүмкін. 


462

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру неғұр­

лым абайлап және сараптап жүзеге асырылуға тиіс, 

сондықтан бағдарламада 1991–1992 жылдарда, негізінен 

алғанда, «үлкен» жекешелендіруді бастау көзделген. 

Бірақ  «шағын»  және  «үлкен»  жекешелендіру  қатар 

жүзеге асырылуға тиіс екенін ерекше атап көрсеткім 

келеді. Бұл жердегі басты нәрсе – «үлкен» жекешелен­

діру төменнен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарынан 

басталатын болады. 

Бағдарламада мемлекет иелігінен алу мен жекеше­

лендіру қарқынының проблемасы жеткілікті дәрежеде 

сарабдалдықпен  қаралған.  Осыған  байланысты  мен 

оларды әдейі жеделдетуге, асықтырып тездетуге, күр­

делі жұмысты кезекті науқанға айналдыруға жол беруге 

болмайтынын  ескерткім  келер  еді.  Әртүрлі  салалар 

нарыққа әртүрлі жылдамдықпен келеді. Базалық сала­

ларды табан астында қиратуға жол беруге болмайды. 

Жекешелендірудің түрлері мен әдістерін таңдаудағы 

асығыстық, оған еңбек ұжымдарының жеткілікті дәре­

жеде әзір болмауы адамдардың нарық идеясына деген 

сеніміне  селкеу  түсіретін  елеулі  қателіктерді  сөзсіз 

тудырады.

Сонымен  бірге,  жаңа  қатынастар  жұмыс  істейтін 

экономикалық орта, барлық тетіктердің іске қосылуы 

үшін уақыт қажет. Осыған байланысты елімізде шару­

ашылықты жүргізудің жаңа қағидаларын енгізудің бір 

заңдылығын сіздердің естеріңізге сала кеткім келеді. Біз 

әртүрлі экономикалық тәжірибелерді көп жүргіздік 

және олардың кейбіреулерінің сәтті жүргізілгенін айта 

кету керек. Бірақ мәселе жаппай енгізуге жеткен кезде 

нәтиженің көбінесе құрдымға кететін себебі тек еңбек 

ұжымдарының ұсынылып отырған өзгерістерге не әзір 

емес екенінде, не мүдделі емес екенінде ғана.


463

Батыс  экономистері  «Үлкен  жетіліктің»  кеңесі 

алдында  біздің  еліміз  экономикасының  нарықтық 

қатынастарға көшуінің түрлері мен әдістерін жеткілікті 

дәрежеде зерттеді. Олардың бағалауынша, бүкіл мемле­

кеттік меншікті 25–30 %-ы көлемінде мемлекет иелігінен 

алу және жекешелендіру экономиканың қазіргі үлгісін 

өзгерте алатын мемлекеттік емес меншіктің «шекті бөлі­

гін» құру туралы айтуға мүмкіндік береді. Мемлекет 

иелігінен алудың нақ осы деңгейіне қол жеткізу бірінші 

кезеңнің міндетіне айналып отыр. Бұл кезеңде «шағын» 

жекешелендіру саласында мемлекет иелігінен алу мен 

жекешелендіру  озық  дамытылуға  тиіс.  Бұған  сауда, 

қоғамдық тамақтандыру, тұрмыс қажеттерін өтеу және 

коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары, сондай-ақ 

өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, автомобиль 

көлігі  саласындағы  және  басқа  салалардағы  шағын 

кәсіпорындар да жатқызылады.

Бағдарламада  аталған  кәсіпорындарды  сатылау 

көзделеді,  халық  шаруашылығының  әртүрлі  сала­

лары үшін нақты тетіктер тәптіштеледі және «шағын» 

жекешелендірудің купондық тетікті қолданбай жүзеге 

асырылатыны басшылыққа алынады. Еңбек ұжымдары 

үшін жеңілдіктер бөлінді, республика азаматтарының 

мүдделерін қорғау тәртібі айқындалды. Аукциондар, 

конкурстар өткізу, мемлекеттік кәсіпорындарды мемле­

кеттік акционерлік қоғамдар етіп қайта құру жөніндегі 

нормативтік құжаттарды таяудағы уақытта Қазақ КСР 

Мемлекеттік  мүлікті  басқару  жөніндегі  мемлекеттік 

комитеті  бекітеді.  Оларда  республикамыздың  әлеу­

меттік-экономикалық,  демографиялық  және  басқа 

ерекшеліктері ескерілуге тиіс. 



464

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Жекешелендірудің күрделілігіне және саяси мәнділі­

гіне, сондай-ақ бұл жұмыстың практикалық тәжіри­

бесінің  жоқтығына  байланысты  мен  республиканың 

Министрлер Кабинетіне кейбір облыс орталықтарында 

және Алматы қаласында аукциондар мен конкурстар 

түрінде сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыс қажетін 

өтеу  объектілерін  жекешелендіру  жөнінде  тәжірибе 

жүргізуді  тапсырдым.  Біз  аталған  объектілердің 

нарықтық құнын, ықтимал сатып алушылар тобын, осы 

кәсіпорындардағы еңбек ұжымдарының жекешелен­

діруді қабылдай алу қабілеті мен оған әзірлігін анықта­

уымыз керек. Демократиялықты, жариялылықты және 

тәжірибенің  жүргізілуіне,  объектілердің  құны  мен 

бағасын анықтауға қоғамдық бақылауды қамтамасыз 

ету міндетті шарт болып табылады. 

Бағдарламаның  арнаулы  бөлімі  аграрлық-өнер­

кәсіптік кешендегі мемлекет иелігінен алу мен жеке­

шелендірудің ерекшеліктеріне арналған. Оның жалгер­

лік, өтем төлеп алу, акционерлеу, сондай-ақ мүліктің 

жекелеген  түрлерін  ұжымдық  меншікке  тегін  беру 

сияқты жолдары көзделді. Сонымен бірге, рентабельдігі 

төмен және залалды кеңшарлар еңбек ұжымдарының 

келісімімен кооперативтер қауымдастықтары, шаруа­

лар мен отбасы қожалықтары, жалгерлер ұжымдары 

және нарықтық үлгідегі басқа да құрылымдар болып 

қайта құрылуы мүмкін.

Бағдарламада  мемлекет  иелігінен  алу  мен  жеке­

шелендіру кезінде әртүрлі жеңілдіктер беру тетіктері 

көзделеді. Тұрғын үйлерді және мемлекеттік кәсіпорын­

дардың акцияларын сатуда қолданылатын купондық 

тетік ерекше орын алады. Купондар ішінара өтеу немесе 

халықтың ұлттық байлықты жасауға қосқан үлесін оған 

қайтару құралы ретінде енгізіледі. 


465

Бірқатар  республикаларда  инвестициялық  чек­

тер мен шот-есептер, бондар, сертификаттар сияқты 

тетіктер және мемлекет мүлкін халыққа тегін берудің 

басқа да түрлері енгізілуде. Алайда біздің бағдарламада 

көзделген купондық тетіктің олармен салыстырғанда 

бірқатар артықшылықтары мен жақсылықтары бар.

Біздің  халықтың  жинақталған  капиталы  баршаға 

жақсы мәлім. Іс жүзінде халықтың көпшілігінде сүбелі 

жинақ ақша жоқ. Нақ купондар арқылы біз халықтың 

жинақ ақшасының тапшылығын жоятынымыз, азамат­

тардың мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру 

үдерістеріне қатысуы үшін қажетті бастапқы жағдайды 

жасайтынымыз өте бағалы болып көрінеді. 

Тұрғын үй купондарына біраз егжей-тегжейлі тоқта­

луға рұқсат етіңіздер. Өйткені олар халықтың неғұрлым 

маңызды мүдделерін қозғайды. Барлық азаматтарға, 

мемлекеттік пәтерлері бар-жоғына қарамастан, купон­

дар  беру  қажет  деп  табылды.  Бұл  орайда  бөлінетін 

купондардың мөлшері республикада орташа жұмыс 

өтілі 21 жыл болған бір адамға шаққанда тұрмыстың 

санитарлық нормасы мөлшерінде пәтерді сатып алуы 

үшін  жеткілікті  болуға  тиіс.  Республика  халқының 

демографиялық  құрылымын  ескере  отырып,  купон­

дарды  бөлгенде  еңбекке  жарамды  жасқа  жетпеген 

балалардың және оқушылар мен студенттердің санын 

да ескеру қажет. Жетім балалар, бала жасынан мүгедек­

тер, 1 және 2 топтағы еңбек мүгедектері үшін купондар 

берудің жеңілдік режімі көзделеді. Қазіргі кезде тұрғын 

үйі жоқ және оны алу үшін кезекте тұрған адамдарға 

да  купондар  берілетінін  атап  өту  қажет.  Меншікті 

қаражаты есебінен өзінің тұрғын үйін салған немесе 

кооперативтік үйлерде тұратын адамдардың мүдделері 

де ескеріледі.



466

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Тұрғын үйлерді купондардың көмегімен сатып алу 

ерікті  негізде  жүзеге  асырылады.  Купондар  жетпе­

ген жағдайда азаматтар жетпеген соманы қолма-қол 

ақшамен біржола немесе мерзімін ұзартып төлейді. 

Бағдарламада тұрғын үйді сатып алғаннан кейін қалған 

бос купондарды тұрғын үй жағдайын жақсартуға, пәтер 

ақы төлеуге пайдалануға болады деп көзделеді. 

Халық  депутаттары  жергілікті  Кеңестерінің  жаңа 

құқықтарын ескере отырып, бағдарламада көп балалы 

отбасыларына  және  халықтың  табыс  деңгейі  төмен 

басқа да санаттарына тұрғын үйді сату үшін жұмсалған 

қаржы есебінен жеңілдік беру мүмкіндігін көздеу қажет 

деп табылды. 

Купондарды іс жүзінде пайдалану халық депутат­

тары  жергілікті  Кеңестері,  Қазақ  КСР  Мемлекеттік 

мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті тара­

пынан зор ұйымдастырушылық жұмысты қажет етеді. 

Сөйтіп,  купондардың  көмегімен  тұрғын  үйлерді 

жекешелендіру республикада жүргізілетін тұрғын үй 

реформасының құрамдас бөлігіне айналады. Ол тұрғын 

үй қорын сақтау және пайдалану жөніндегі қамқорлық 

пен орасан зор шығынды мемлекеттің мойнынан алуға, 

ал кейіннен республикада тұрғын үй рыногын қалып­

тастыруға мүмкіндік береді. Мұндай акциядан түскен 

қаржыны  жергілікті  Кеңестер  жаңа  пәтерлер  салуға 

жұмсайды, бұл пәтерлер де халыққа сатылады. 

Инвестициялық  купондарды  пайдалану  тетігі  де 

осындай принцип негізінде құрылады. 

Жекешелендірілетін мүліктің құнын қалай дұрыс 

бағалау  керек  деген  маңызды  мәселеге  тоқталмауға 

болмайды.  Бағдарламада  нарықтық  құнның  баланс-

тағы құнға балама емес екені және өндіріс пен пайда 



467

көлемінің көрсеткіштері, рентабельділігі, өнімнің бәсе­

келестік қабілеті және тағы басқалар ескерілуі тиіс екені 

басшылыққа алынады. 

Кәсіпорындар  мен  ведомстволардың  мемлекеттік 

мүлікті  өз  бетінше  баса-көктеп  алуына  депутаттар­

дың  назарын  аударғым  келеді.  Мен  басшылардың 

біліксіздігі немесе әлдебір даңғойлық ниеттері себепті 

тетіктерді өздері әзірлеп, мемлекет иелігінен алу мен 

жекешелендіруді  жүргізу  факторын  айтып  тұрмын. 

Бұл  үдерістер  стихиялы  түрде,  көбінесе  қылмыстық 

сипатта жүріп жатыр, соның салдарынан еңбек ұжы­

мының және республиканың бүкіл халқының мүдделері 

қақтығысуда.  Бірқатар  жерлерде,  әсіресе,  автокөлік 

кәсіпорындарында мүлікті жәй ырым үшін су тегін әрі 

тежеусіз сатуда. Кейбір жерлерде мұның өзі ашықтан 

ашық тонау сипатын алды. Сондықтан біз қазір эко­

номикалық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі тәуелсіз 

орган  құрып,  оған  барынша  кең  өкілеттіктер  беруді 

ойластырып жатырмыз.

Министрлер Кабинеті мен Мүлік жөніндегі мемле­

кеттік комитет бұл мәселелерді реттеуі, Қазақстанның 

бүкіл халқы жөнінде әлеуметтік әділеттілікті қалпына 

келтіруі керек.

Сондай-ақ  бастапқы  капиталы  немесе  жарғылық 

қорлары мемлекеттік қаржы мен мүлікті енгізу есебі­

нен  қалыптасқан  шағын  және  бірлескен  кәсіпорын­

дарға, алуан түрлі қауымдастықтарға, коммерциялық 

банктерге  және  басқа  құрылымдарға  көзқарасты  да 

айқындап, белгілеу қажет. Айтпақшы, олардың көбі 

өздерін қазірдің өзінде мемлекеттік емес коммерци­

ялық құрылымдар деп есептейді. Оның бер жағында 

бұл мәселенің құны – мемлекеттен алынған жүздеген 

миллион сом.



468

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру үдеріс-

терін  мемлекеттік  қолдау  мәселелерінің  топтамасы 

бағдарламаның аса маңызды бөлімі болып табылады, 

ол  нарық  инфрақұрылымын  құруға  бағытталған 

шаралар кешенін жүзеге асырудың негізгі бағыттарын 

айқындауға тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекеше­

лендіру үдерістері жүйелі көзқарасты ескере отырып, 

үйлестірілген түрде, баға, банк саясатын, әлеуметтік 

саясатты жүргізе отырып, кәсіпорындарды материал­

дық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарта отырып, 

жүзеге асырылады.

Қазақ  КСР  Министрлер  Кабинеті  Мемлекеттік 

мүлікті  басқару  жөніндегі  мемлекеттік  комитеттің, 

Жаңа  экономикалық  құрылымдарды  қолдау  және 

монополиялық қызметті шектеу жөніндегі комитеттің 

құрылуын  аяқтауды  жеделдетуге  тиіс.  Мемлекеттік 

салық  қызметін  тез  құру  қажет.  Қазақ  КСР  Эконо­

мика жөніндегі комитетінің, Қаржы, Еңбек, Сыртқы 

экономикалық байланыстар министрліктерінің, Мем­

лекеттік банктің және экономиканы басқарудың басқа 

да органдарының қызметін қайта құруды қамтамасыз 

етудің маңызы зор. Олар жөнінде қазіргі кезде көпте­

ген реніштер айтылуда. Олардың жұмысының қазіргі 

түрлері  мен  әдістері  бізді  қанағаттандырмайды. 

Республиканың Материалдық-техникалық жабдықтау 

бас басқармасының өтпелі кезеңге арналған міндетін 

де, болашаққа арналған міндетін де кейінге қалдыр­

май,  айқындау  қажет.  Оның  жұмысында  бөлу  мін­

деттерін  азайтып,  тиісінше,  делдалдық  міндеттерді 

күшейту маңызды.

Бағдарламада  үстіміздегі  жылдың  үшінші  тоқ­

санынан  кешіктірілмей  мемлекет  иелігінен  алу  мен 

жекешелендіруге байланысты әдістемелік және норма­


469

тивтік материалдарды бекіту қажеттігі қарастырылған. 

Мүлікті  басқару  жөніндегі  мемлекеттік  комитет, 

халық  депутаттарының  жергілікті  Кеңестері  мемле­

кеттік  мүлікті,  ең  алдымен  тұрғын  үй  қорын,  халық 

шаруашылығының түрлі салаларының шағын кәсіп-

орындарын хаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруға 

міндетті. Республикада мүлікті бағалауда оның бағасын 

орынсыз төмендетуді болдырмау мақсатында Одақпен 

үйлестірілген  біртұтас  қағидаттар  мен  көзқарастар 

жасалуға тиіс.

Бағдарлама халық шаруашылығының түрлі салала­

рындағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру­

дің жалпы тетіктерінен, тәсілдері мен қағидаларынан 

тұрады. Оның үстіне онда «шағын» және «үлкен» жеке­

шелендірудің өзара байланысы бейнеленген. Басқаша 

айтқанда, бағдарламада біздің жұмысымыздың алдағы 

біржарым жылдықтағы стратегиясы мен қағидаттары 

тұжырымдалған. Осыған байланысты төменгі жақтың 

бастамасын қамтамасыз ету және мемлекет иелігінен 

алу  мен  жекешелендіру  үдерістерінің  Алматыдан 

директивалы  және  әкімшілік  басқарылуына  жол 

бермеу үшін оған жекешелендірілетін объектілердің 

нақты тізбесін қосу қажетсіз деп танылды. Сондықтан 

ұйымдық-экономикалық шараларды, олардың өткізілу 

мерзімін, орындауға жауапты адамдарды, осы үдеріс-

терді бақылаудың түрлері мен әдістерін анықтай оты­

рып, жекешелендірілетін объектілердің нақты тізімін 

дайындау  ды Мүліктік басқару жөніндегі мемлекеттік 

комитетке, экономиканы басқарудың басқа да орган­

дарына, сондай-ақ халық депутаттарының жергілікті 

Кеңестеріне жүктеген орынды болар еді. Кеңестердегі 

біздің басшы кадрларымыздың экономиканы рефор­


470

I  ТОМ. – 1989–

1991 


малауға  қаншалықты  қабілетті  екендігін  іс  жүзінде 

тексеретін уақыт жетті. 

Бірінші кезеңге қатысты айтқанда, бағдарлама «Мем­

лекет иелігінен алу мен жекешелендіру туралы» Қазақ 

КСР Заңының жекешелендіруге жатпайтын мемлекет­

тік меншік объектілері туралы ережелерін нақтылайды. 

Оған  қазір  жұмыс  істеп  тұрған  Денсаулық  сақтау, 

Халыққа білім беру, Байланыс, Энергетика және басқа 

министрліктердің  негізгі  қызметтерінің  объектілері 

жатады. Осы тізімге сондай-ақ мемлекеттік монопо­

лияны құрайтын (оқ-дәрілер, уландыр ғыш, есірткілік 

заттар өндірісі және т. б.) өнімдерді шығаратын объек­

тілер қосылған. 

Әрине,  көптеген  әлеуметтік  объектілер,  мысалы, 

медицинадағы, білім берудегі, ғылымдағы объектілер 

жекешелендірілмейтіні ақиқат. Оған мектептер, инсти­

туттар, емханалар, ауруханалар жатады. Меншік түр­

лерін шұғыл өзгерту азаматтардың мүдделеріне қол 

сұғушылыққа соқтырған болар еді. Саяси үдерістердің 

социологиялық орталығы өткізген жедел сұрау салу­

дың қорытындыларына қарасақ, оған қатысқандардың 

63,4 %-ы әлеуметтік сала объектілерін жекешелендіруге 

қарсылық білдіреді. Сонымен бірге, біз ұқсас және бәсе­

келес құрылымдарды құруымыз қажет-ақ. Әлеуметтік 

және  рухани  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  бары­

сында халықтық таңдау болуға тиіс. Мұндай жағдайда 

мемлекеттік объектілерді жаппай-ақ жеке бір объек­

тілерді құруға мүмкіндік беруге болады. 

Мемлекет  иелігінен  алу  мен  жекешелендіру  ісін 

жүргізу барысында біз түбегейлі ұлттың да, сондай-ақ 

Қазақстанды  мекендейтін  барлық  халықтың  да  мүд­

делерін  ескеруді  қамтамасыз  етуге  тиіспіз,  басқаша 



471

айтқанда, нақты саяси, экономикалық және әлеумет­

тік тетіктердің көмегімен жалпыреспубликалық және 

аймақтық, ұжымдық және жеке мүдделерді үйлестіру 

қажет. Осы арада өзекті элементтер ретінде мыналарды 

есептеу қажет болар: 

– республика аумағында өмір сүру шарты. Мысалы, 

аукционға қатысуға республика аумағында кем дегенде 

он жыл тұратын Қазақ КСР-інің азаматтарын жіберу 

ғана ұсынылады. Жекешелендірудің бірінші кезеңінде 

аукциондарға  басқа  республикалар  мен  шетелдік 

мемлекеттердің  азаматтары  мен  заңды  ұйымдары, 

сондай-ақ олармен бірлескен кәсіпорындар қатысты­

рылмайды; 

– шалғай мал шаруашылығы аудандарында, алыста 

орналасқан аудандарда, сол секілді экологиялық апат 

аудандарында тұратын халыққа меншіктің белгілі бір 

түрін өтеусіз тегін беру; 

– жекешелендіруден алынған қаражаттың бір бөлі­

гін әлеу меттік-экономикалық дамуында артта қалған 

аудандарды қолдау қорына қайта бөлу

– жұмыс істемейтін көпбалалы аналарға балаларын 

тәрбиелеуге кеткен уақытын еңбек өтіліне есептей оты­

рып купон үлестіру; 

– халық  арасында  инвестициялық  купондарды, 

республиканың материалдық байлығына қосқан үлесін 

ескере отырып, Қазақ КСР-інде жинаған еңбек өтіліне 

сәйкес бөлу. 

Осындай  барлық  күрделі  мәселелерді,  менің 

ойымша, ғылымды, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыс-

тарды  тарту  арқылы  әлі  де  мұқият  зерттей  түсуіміз 

керек. Бұл арада бүкіл халықтың пікірін анықтау қай 

кездегіден де қажет.


472

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Жалпы  алғанда,  әлеуметтік  теңдік  қағидаттарын 

сақтай және халықтың әлсіз жіктерін қорғай отырып, біз 

адамдарға әңгіменің бастапқы шарт туралы екенін ашық 

айтуға тиіспіз. Әлеуметтік масылдықтың заманы өтті. 

Әрбір адам өз тағдырының, отбасының, балаларының 

болашағының иесі екендігін ойланып, өзіне есеп беруі 

тиіс. Осы уақыттан бастап өздерінің жеке игілігін жасау 

үшін үлкен жол ашылатындығын, сөзден іске көшуіне 

мүмкіндік берілетіндігін білгені абзал. Қысқасы, осы 

сөздің толық мағынасын түсініп, жұмыс істеуіне тура 

келеді.

Және де айтқым келген ең соңғы мәселе халықтың 



нарыққа  дұрыс  көзқарасын  қалыптастыру  туралы. 

Әртүрлі жарияланымдарда кереғар көзқарастар мен 

қарама-қайшы  ұстанымдар  ұсынылуда.  Бұқаралық 

ақпарат құралдарының нарықтық экономикаға көшудің 

жағымды жақтарын да, жағымсыз жақтарын да объек­

тивті түрде көрсетуді қамтамасыз етуі маңызды. Дағда­

рыстан  шығу  және  нарыққа  көшу  қажырлы,  тиімді, 

жоғары өнімді еңбексіз мүмкін емес екенін адамдар 

біліп,  айқын  көз  алдына  келтіруге  тиіс.  Ол  былай 

тұрсын,  бастапқы  кезеңде  жұмыссыздықтың  болуы, 

инфляцияның өсуі, адамдардың арасында табыстың тең 

мөлшерде бөлінбеуі әбден мүмкін. Нарық тетіктерінің 

әлеуметтік мәселелерді шешудегі мүмкіндіктері туралы 

тым  оптимистік  түсініктермен  халықты  адастыруға 

біздің  хақымыз  жоқ.  Сонымен  бірге,  әркімнің  бола­

шақтағы игілігі өзінің қолында екенін оның санасына 

жеткізу керек.

Қазір  біздің  саясатымыз  көпұлтты  Қазақстанда 

қоғамның  әрбір  әлеуметтік  тобының  қажеттері 

ескеріліп, нақты іске асырылуына бағытталған. Әлбетте, 



473

әрбір  адамға,  әр  отбасына  бірегей  көзқарас  жасау 

неғайбіл нәрсе. Дегенмен екіжүзділік пен арсыздықтан 

ада,  еркіндікке,  адамның  мәртебелі  міндет-мақсаты 

ахуалына толы жаңа қоғамдық қатынастардың тууына 

серпін беруге болады және солай ету керек.

Мен сіздерден, халықтың өкілетті өкілдерінен, біздің 

бастамаларымыздың мәнін өз сайлаушыларыңызға жет­

кізулеріңізді сұраймын. Мен біздің қоғамымызда болып 

жатқан  үдерістерге  немқұрайдылықтың  болмауын, 

алдағы жұмыстың мәнін халықтың білгенін қалар едім.

Бұл, сөз жоқ, қауырт кезеңге айналып, көп адамдар 

қиындықтарға тап болады. Бірақ осы кезеңде ұлттық 

келісімді, топтасуды сақтау маңызды, бұл – тұрмысты 

жақсартудың сөзсіз шарты. Ұсақ-түйек саяси әбігерге 

алаңдамай, іске кірісу маңызды. Республиканы гүлден­

діруге, тұрмысымызды жаңартуға қарай қысқа мерзім 

ішінде ілгері адымдау үшін бізде барлық мүмкіндіктер, 

орасан зор өндірістік және ғылыми-техникалық әлеует, 

тамаша еңбек дәстүрлері бар.

Мен  сөзімді  сондай-ақ  республиканың  партия 

органдарына,  барлық  коммунистеріне  де  арнағым 

келеді. Қазір сіздерде өздеріңізді экономиканы қайта 

құрудың алдыңғы шебінде шындап көрсетудің, парти­

яның ең басты қамқорлығы – халықтың игілігі екенін 

іспен  дәлелдеудің  нақты  мүмкіндігі  бар.  Мұны  тек 

ескірген  идеологиялық  қасаңдықтардан  арылғанда 

ғана,  өздерінің  «социалистік»  таңдауға  бейне  бір 

қызу адалдығы туралы сұлу сөзді көпіртіп, іс жүзінде 

шексіз билікке, тоталитарлық мемлекеттілікке, әмір­

шіл-әкімшіл жүйені жандандыруға тырысушылықты 

бүркемелеп отырған «партиялас жолдастардан» іргені 

батыл аулақ салғанда ғана істеуге болады.


474

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Өздерін демократиялық қозғалыстар деп есептей­

тін әртүрлі қоғамдық қозғалыстарға қатысушыларға 

да  осыны  айтқым  келеді.  Олар  өздері  митингілерде 

соншалықты табанды түрде күресіп жүрген түбегейлі 

реформаларға адалдығын іс жүзінде дәлелдеуі керек. 

Күш-жігерді біріктірейік, ақыр соңында, қайта құруда 

нарықтық  қатынастарды  барынша  дамытудан  басқа 

жолдың,  басқа  перспективалардың  жоқтығын  анық 

түсінейік.  Шынтуайтына  келгенде,  мұндай  жол  мен 

перспективаларды  әзір  ешкім  ұсынған  жоқ.  Өмір 

сүріп  отырған  және  дүниеге  келіп  жатқан  барлық 

саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар өкімет билігі 

үшін демократиялық, өркениетті тәсілмен сайлаушы­

лардың дауысын жеңіп ала отырып, күресуге хақылы 

деп  есептеймін.  Бірақ  экономика  қандай  да  болсын 

идеологиялық қысымды көтермейді, ол өз заңдарына 

бағынуы тиіс.

Қазір басшы кадрлардан ерекше батылдық пен ерлік 

талап  етіледі.  Өкінішке  қарай,  өздерінің  жеке  көңіл 

күйін басшылардың бәрі бірдей терең байыптап алған 

жоқ.  Кейбіреулер  өзеннің  екі  жағасында  тұруға,  екі 

жақты саясат жүргізуге, былайша айтқанда, «біздікін де, 

сіздікін де» қолпаштауға тырысады. Мен үшін сенімсіз 

серіктен гөрі, адал қарсыластың болғаны артығырақ. 

Жан дүниең мен іс-қимылыңдағы екіге жарылудан іске 

кіріспегеннің өзі жақсы, оның үстіне біз құлаш ұрған 

іске кіріспегеннің өзі жақсы. 

Бүгінгі таңда нарыққа ойдағыдай көшудің аса маңыз-

 ды шарттарының бірі – еңбектегі, өндірістегі, экономи­

кадағы берік тәртіп те басшылардың нақ батылдығына, 

бекемдігіне байланысты. Мені жоғарғы органның кез 

келген  нұсқауы  сөзсіз,  былайша  айтқанда,  «құлдық 



475

ұрып» қабылдаған ескі әміршілдік жүйеге қайтып ора­

луға тырысып отыр деп ешкім күдіктенбес деймін. Мен 

демократияны, заң шеңберіндегі плюрализмді, саналы 

тәртіпті жақтаймын, бұл – менің таңдауым. Бірақ қазір, 

ескі өкімет құрылымдары өзінің өмір сүруін тоқтатқан, 

ал жаңа құрылымдардың буыны бекімеген кезде, эконо­

микадағы былық пен шылық барған сайын кең ауқым 

алып отырған кезде, тиянақты, мен бұл сөзді айтудан 

қорықпаймын, мәжбүрлі тәртіп болмайынша, біз күн 

көре  алмаймыз.  Қазіргі  өтпелі  кезеңде  мұны  шын­

дық деп, біздің қоғамның демократиялық ниеттеріне 

ешқандай  қарама-қайшы  келмейтін  толғағы  жеткен 

қажеттілік деп қабылдау керек. Қоғамдық және эконо­

микалық тәртіпті тиісті дәрежеде нығайтпайынша, бір­

де-бір елдің нарықтық экономикаға кірмегенін әлемдік 

тәжірибе көрсетіп берді. 

Бұдан  да  арғысын  айтайын.  Біз  президенттік 

пен  сайланбалы  өкімет  арасында  барған  сайын 

ушыға түскен қарама-қайшылықты жоюымыз қажет. 

Қазақстанды нарыққа көшудің көш бастаушыларының 

бірі деп орынды атайды, өйткені республика осынау ірі 

ауқымды акцияны жоспарлы түрде жүзеге асыру үшін 

заңдық негізді, қажетті қоғамдық-саяси және ұлтаралық 

тұрақтылықты басқалардан тезірек жасады. Бірақ әзір­

лік – бір мәселе де, нақты көшу – мүлдем басқа мәселе. 

Мұнда біздің әзірге мақтанатын ештеңеміз жоқ. Баста­

машылық тізгінін уыстан шығарып алмау, халықтың 

үмітін ақтау, нарыққа жеткізетін жолда нақты қадамдар 

жасау  үшін  бізге  барлық  басқа  шаралармен  қатар, 

Президенттен  бастап,  оның  облыстағы,  аудандағы, 

қаладағы, ауылдағы өкілдеріне дейін бүкіл тік бағыт 

бойынша атқарушы өкіметтің жіті құрылымы қажет. 


476

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Кімнен сұрау, кімге жауапкершілік жүктеу керек екенін 

білу үшін қажет. Бүгінгі таңда біздің көптеген ізгі баста­

маларымыз жергілікті жерлерде қолдау таппай отыр, 

кейде тіпті ашықтан ашық қысастық жасалуда. Сон­

дықтан атқарушы өкімет белгілі бір кезеңге арналып 

тағайындалуға  және  Кеңестермен  тығыз  байланыста 

жұмыс істеуге тиіс деп есептеймін. Егер біз тәртіп пен 

реттілікті шын нығайтқымыз келсе, осыны ойластыру 

керек.

Мен алдағы жұмыс үшін жеке жауапкершілігімді 



де терең түсінемін. Әйтеуір соңғы уақытта республика 

Президентін  бүкілхалықтық  және  төте  жолмен  сай­

лау қажеттігі туралы айтылып жүрген әңгімелерге де 

түсіністікпен қараймын. Меніңше, мұның басты себебі: 

халықтың толық және сөзсіз сеніміне бөленген үкімет 

пен Президент қана экономиканың күрт бетбұрысын 

табысты  болады  деген  үмітпен  жүзеге  асыра  алады 

деп есептеуінде. Бұл, тегінде, әділ ұстаным. Бүкпесіз 

ашығын айтсам: егер Қазақстанның халық депутаттары 

бұл мәселе пісіп-жетілді деп ойласа, егер бүкілхалықтық 

төте сайлау республиканың беделін арттыруға қызмет 

етсе, ал, ең бастысы – экономика мен саясатта белгілен­

ген революциялық шараларды ойдағыдай жүзеге асы­

рудың кепіліне айналса, мен мұндай шешімді қолдауға 

әзірмін. Егер олай болмаса, онда алдағы уақытта бұл 

мәселені  көтермейік,  Қазақстанда  конституциялық 

жолмен сайланған Президенттің бар екенін ескерейік. 

Қалай болған күнде де, мұны қазіргі сессияда міндетті 

түрде талқылау қажет. Жоғарғы Кеңестің өз ұстанымын 

бекем айтуын қалаймын. 



477


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет