Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


Еуропадағы қауіпсіздік және



Pdf көрінісі
бет9/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38

Еуропадағы қауіпсіздік және  

ынтымақтастық кеңесінің пленарлық 

отырысында 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Финляндия Республикасы, Хельсинки қаласы, 

1992 жылғы 9 шілде

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасының атынан бұдан 17 жыл 

бұрын қатаң идеологиялық қарама-қарсылық жағда- 

йында  жалпыеуропалық  үдерісті  дамытудың  берік 

негіздерін  қалай  алған  Хельсинки  форумына  терең 

құрмет сезімін білдіруіме рұқсат етіңіздер. Меймандос 

Финляндияның астанасында қол қойылған Қорытынды 

акт бүкіл осы жылдар ішінде планета халықтары үшін 

бейбітшіліктің, әділеттіліктің және ынтымақтастықтың 

рәмізі болды.



159

«Қырғи қабақ қарама-қарсылық» дәуірінің ақырын 

бастап берген соңғы жылдардың шиеленісті оқиғалары 

адамзатқа үшінші мыңжылдықты сенім, достық және 

мейірбандық дәуірі ретінде ашудың тарихи мүмкіндігін 

сыйға тартты. Алайда әлемдік қоғамдастықтың оны пай-

далануы оңай бола қоймайды, себебі ол үшін тотали-

тарлықтан кейінгі үдерістерді білгірлікпен басқара білу 

керек. Ал олар, кез келген ыдырау реакциясы секілді, 

қауіпті ғана емес, тіпті кейде неғайбіл де.

Біз  «темір  құрсауды»  талқандап,  жаулық  пен 

секемшілдіктің шебін еңсерген секілді едік. Бірақ, амал 

не, дүниені қазір де қауіпсіз деп айта алмаймыз, өйткені 

жаһандық  тайталастың  орнын  шағын  дерт  ошақта-

рынан қаулаған қатерлі ісікке айналуы мүмкін өңірлік 

жанжалдар басты.

Өзінің  декорацияларын  айтарлықтай  өзгертіп 

жатқан геосаяси сахна демократия, өзара құрмет, адам 

құқықтарының, заңдылық пен құқық тәртібінің басым-

дығы сияқты жалпы жұрт мойындаған құндылықтар 

жүйесіне мемлекеттерді барған сайын көбірек тарту 

үшін, бүкіләлемдік қоғамдастықтың мұқият режиссу-

расын қажет етеді.

Бүгін біз осы бағытта маңызды қадам жасап, Хель-

синки үдерісінің аясын Еуропа құрлығынан Азия құр-

лығына қарай жылжытып жатырмыз. Егер бұрын осы 

мінберден Ванкуверден Владивостокқа дейінгі кеңістік 

туралы әңгіме болып жүрсе, енді мұндай тұжырымда-

маға өмірдің өзі қажетті түзетулерін енгізіп жатыр. Ол 

«Батыс-Шығыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» белдеулерін 

біртұтастырып, дүниетанымдық координаталар жүйе- 

сін елеулі түрде толықтыруда.



160

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Әрі бұл әшейін бір футурологиялық тұжырымдама 

емес, мейлінше қолжетімді мақсат және ол Еуразия 

материгіндегі мемлекеттердің ізгі ниеті мен бірлескен 

күш-жігерінің арқасында жақын болашақтың өзінде-ақ 

іске асуы мүмкін.

Бұл бағыттағы бірінші кезектегі қадамдардың бірі көп- 

қырлы  ынтымақтастықты  кеңейтуге,  саяси  ахуалды 

тұрақтандыруға,  өңірлік  жанжалдарды  болдырмау 

мен  реттеуге  бағытталған  Азиядағы  өзара  іс-қимыл 

және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) бола алар еді. 

Қазақстанның  бастамасын  мамырдағы  Ашғабадта 

болған кездесуде Иран, Қырғызстан, Түркия, Түрікмен-

стан, Пәкстан және Өзбекстан қолдағаны белгілі. Мен 

ЕҚЫК-ның биік мінберінен біздің республикамыздың 

бұл үдерісті кең өрістету жөніндегі саяси күш-жігерді өз 

міндетіне алып, қорытындысында Алматыны азиялық 

Хельсинкиге айналдыруға әзір екенін растаймын.

Мен азиялық интеграция – табиғи-тарихи үдерістің 

құрамдас бөлігі екеніне сенімдімін. Бірақ, бір өкініштісі, 

Батыстың бірқатар мемлекет қайраткерлері мен саясат-

танушылары Шығыстың бірігу үдерістерін күні бұрын 

ислам фундаментализмінің өріс алуы деп түсіндіреді. 

Тегі, догматизм вирусы тоталитарлық қана емес, демо-

кратиялық ортада да зақымдай береді екен. Ал оны тек 

парасатты ақыл терапиясымен ғана зарарсыздандыруға 

болады. Атап айтқанда, конфессиялық тайталас адам-

затты сөзсіз түрде тарихи тығырыққа тірейді дейтін 

даусыз ақиқатты түсіну арқылы.

Ойдағыдай жұмыс істеген жағдайда АӨСШК, діни 

факторға қарамастан, Азияның барлық ұлттық, өңірлік 

және халықаралық ұйымдарын ЕҚЫК үлгісі бойынша 

бірыңғай құрылымға біріктіру үшін негіз бола алар еді.



161

Еуразия материгіндегі өзара ықпалдастықтың өрке-

ниетті, демократиялы және адамгершіл формаларын 

ұйымдастырудың келесі қадамы ЕҚЫК пен Азиядағы 

сол тұрпатты ұйымның бірлескен бастамаларын және 

ортақ үйлестіруші құрылымдарын іске асыруға шыға-

тын  тұрақты  байланыстары  болар  еді.  Сөйтіп,  көз 

жетер  болашақта  біз  Еуразиядағы  қауіпсіздік  және 

ынтымақтастық  кеңесі  құру  туралы  айта  алатындай 

болар едік.

Сөз жоқ, тарих көпнұсқалы, сондықтан сіздерге ұсы-

нылып отырған жоба – әлемдік дамудың ықтималды 

бір  баламасы  ғана.  Бірақ  мен  мұндай  балама  әбден 

нақты екеніне сенімдімін. Әрі оны іс жүзіне асыру «Сол-

түстік-Оңтүстік» желісі бойынша ықтималды жаһандық 

тайталасты тойтарып, дүниені неғұрлым тұрақты және 

оңай болжамды ете алады.

Тұтастай алғанда, бүгінде превентивтік дипломатия 

қай кездегіден де мәнді болып отыр, соған байланысты 

мен БҰҰ Бас хатшысы Б. Бутрос-Галидің тиісті баста-

маларын қолдағым келеді. Үстіміздегі онжылдықтың 

«от-жалынды» өңірлерінің ықтималды біреуі саналатын 

Орталық Азия үшін олардың көкейкесті маңызы бар. 

Біздің ойымызша, Татуластыру мен төрелік жөніндегі 

жалпыеуропалық сот құру туралы ұсыныстар да қол-

дауға лайық.

Превентивтік дипломатияның пәрменділігі әлемдік 

қоғамдастықтың барлық мүшелерінің ізгі ниетіне, адам-

зат өркениетінің нәзіктігі мен бірлігін сезінуге, шиеленіс 

жағдайларының алдын алу формалары мен әдістерінің 

көптігіне,  әлеуметтік-экономикалық  тұрақтылықты 

нығайту мүмкіндіктерін тірнектеп арттыруға негізде-

леді. Бұл үдерісте белсенді рөл атқармақ болған нар 


162

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


тәуекелін растай отырып, Қазақстан өз аумағындағы 

Семей сынақ полигонын жапты, өзін ядролық қарусыз 

мемлекет деп жариялады, Ядролық қаруды таратпау 

жөніндегі  1968  жылғы  шартқа  қосылды  және  қазір 

стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту жөніндегі 

шарттың бір тарабы ретінде өзіне тиісті міндеттемелер 

алды.

Біздің саясатымыздың параметрлері демократиялық 



құқықтар мен еркіндіктерді дәйектеуге, ұлттық және 

діни қатыстылығына қарамастан, азаматтық теңдікті 

қатаң сақтауға негізделген Қазақстандағы жағдайдың 

тұрақтылығынан бейнеленеді. Жағдайдың мұндай қал-

пын біз жалпыға ортақ қауіпсіздік пен тұрақтылықтың 

ажырағысыз элементі деп қарастырамыз.

Мәртебелі форумның қатысушыларына қазақ халқы 

демократияға,  ешбір  асыра  айтары  жоқ,  азап  шегіп 

жүріп жеткенін, әрі біраз бөлігі ақылға сыйымсыз ком-

мунистік тәжірибе барысында жойылып кеткенін атап 

айтқым келеді. Республиканың байлығы мен өркенде-

уіне қабат жетерлік табиғат ресурстарының теңдесі жоқ 

қорлары бар Қазақстанды империялық орталық шикі-

зат шылауына, адам айтқысыз имансыздық бағыттағы 

сынақ полигонына айналдырды. 

Бүгін  біз  өзіміздің  әлемдік  өркениеттен  лайықты 

орын алуға деген талабымызға сергек үн қосқан әлемдік 

қоғамдастыққа  шынайы  алғысымызды  айтамыз. 

Қазақстан Республикасының саяси танымалдығы күн 

асқан  сайын  арта  түсіп  келеді.  Оның  іскерлік  ынты-

мақтастық  аясындағы  беделі  де  нығая  түсуде.  Батыс 

компанияларының бүкіл ТМД бойынша ең ірі инвести-

циялары да Қазақстанға бағытталуда.


163

Мұның  дәлелі  –  біздің  жақында  ғана  «Шеврон», 

«Бритиш  Газ»  және  «Аджип»  сияқты  әлемге  белгілі 

фирмалармен аса бай мұнай кен орындарын игеруге 

қатысты жасасқан кең ауқымды келісім-шарттарымыз.

Қазақстанның  бірегей  геосаяси  орналасуы  Азия 

мен  Еуропаның  ұшы-қиыры  жоқ  екі  аралығындағы 

тұрақтылықты  сақтау  тұрғысында  айрықша  жауап-

кершілік артатынын біз толық сезінеміз. Осы ниетті 

басшылыққа  алып,  Қазақстан  Тәуелсіз  Мемлекеттер 

Достастығы шеңберінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы 

шартқа қол қою бастамашыларының бірі болды. Осы 

ретте бұл шарт әлдебір әскери-саяси одақтарға немесе 

жекелеген мемлекеттерге қарсы бағытталмағанын және 

мейлінше қорғаныс сипатында екенін атап көрсеткім 

келеді. Бұл жерде біз кез келген бірлестік текетірестікке 

қарсы тұратынын басшылыққа алдық. Қазақстан әрқа-

шан да ТМД-дағы топтасуды жақтап келеді. Енді ЕҚЫК 

мүшелері ретінде біз бұл қоғамдастықта да осы міндетті 

атқаруға әзірміз.

Превентивтік дипломатия, еш күмәнсіз, экология 

саласын да қамтуы керек. Осыған байланысты біз Семей 

мен  Арал  маңы  аудандарындағы  күйзеліс,  апатты 

жағдайға мейлінше байыпты назар аударуға шақыра-

мыз.

Қазақстан аумағындағы Семей қаласының маңында 



тоталитарлық құбыжық 40 жыл бойы жүргізген 470 

ядролық, соның ішінде жер бетіндегі 25 және ауадағы 

87 жарылыс шын мәніндегі қайғылы салдарға соқты-

рды. Тексерілуден өткен 300 мың тұрғынның 75 %-ы тек 

1949–1963 жылдар аралығында 50 бэрге дейін радиация 

мөлшерін алған болып шықты. Күні бүгінге дейін жаңа 



164

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


туған нәрестелер қатты қасірет шегуде. Бұл тағылық 

сынаулардың салдарын әлі қанша ұрпақ сезінері және 

белгісіз.

Аралдың апаты күллі өркениетті әлемді теңселтіп 

кетті.  Соңғы  20  жыл  ішінде  бұл  өңірдегі  халықтың 

өлімі екі есе өсті, әрі бала өлімі туған әрбір мың адамға 

60-тан келеді. Аралдың деңгейі 15 метр төмендеп кетті, 

су көлемі 67 % кеміді. Проблема шын мәнінде әлемдік 

сипат алды, неге десеңіз, экология мемлекеттілік пен 

шекара дейтінді білмейді. Сондықтан біз Арал про-

блемасын БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында қарау 

жөніндегі республиканың бастамасын қолдауларыңыз- 

ды сұраймыз.

Сөзімнің соңында мемлекет және үкімет басшыла-

рының Хельсинкидегі бүгінгі кездесуі, асырмай айтқан-

ның өзінде, халықаралық қатынастардың тарихындағы 

сапалық жаңа кезеңнің бастауы болатынын тағы да атап 

көрсеткім келеді.

Бүгінгі тарихи саммитке қатысушылардың атынан 

осында  келген  мемлекеттердің  күллі  халықтарына 

амандық-саулық пен өркенді өмір тілеймін.


165

Дүниежүзі қазақтарының I құрылтайында

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1992 жылғы 30 қыркүйек

Қадірменді қауым! 

Алыстан келген ағайын!  

Ардақты отандастар!

Бүгінгі күн – ерекше күн. Орта толды деген осы. Дәл 

осынау сәтте өзін қазақпын деп сезінетін әрбір адам 

жүрегі лүпілдеп, атамекеніне, тәуелсіз Қазақстанның 

астанасы Алматыға көз тігуде. Өйткені мұнда дүние 

жүзінің түкпір-түкпіріндегі исі қазақ атаулының өкіл-

дері тұңғыш рет бастарын қосып, алқалы жиын, салта-

натты мәжіліс – құрылтайға жиналып отыр. 

Күні кеше ғана мұндай болады деген ой көбіміздің 

қиялымызға  да  кірмеген  шығар.  Енді,  міне,  аңсаған 



166

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


арманның  тағы  біріне  қол  жеткіздік.  Сан  ғасырға 

созылған отаршылдықтың бұғауынан босанып, таяуда 

ғана  тәуелсіздік  алса  да,  қысқа  мерзім  ішінде  бүкіл 

айдай  әлем  түгел  танып,  абыройы  асып  үлгірген 

Қазақстан жұртшылығы сіздерді, ардақты ағайын, туған 

жерде құшақ жая қарсы алып жатқанын өздеріңіз көріп 

отырсыздар.

Мен  республика  Президенті  ретінде  бәріңізді 

Дүние  жүзі  қазақтары  құрылтайының  салтанатты 

ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңыз- 

ға: «Атажұртқа қош келдіңіздер!» – деймін.

Төрткүл дүниенің түкпір-түкпірінен қарлығаштай 

ұшып келген көңілдеріңіз үшін, қайда жүрсеңіздер де, 

атамекен мен атажұртқа деген сағыныш пен сүйіспен-

шілікке  толы  перзенттік  пейілдеріңізді  сақтағанда-

рыңыз үшін білдіреміз. Сіздер арқылы бүкіл әлемдегі 

қазақ бауырларымызға ыстық сәлемімізді жолдаймыз! 

Жер бетіндегі бар шаңырағымыздың бәрінің де бақыты 

асып, ырыздығы тасысын дейміз.

Ардақты ағайын! 

Осындай жүрек толқытар салтанатты сәтте, тарих 

шежіресіне  енетін  ерекше  күнде  біз  өткеніміз  бен 

бүгінімізге, ертеңгі болашағымызға ойша көз жіберіп, 

барымыз  бен  жоғымызды,  тапқанымыз  бен  жоғалт- 

қанымызды  көңіл  таразысына  салғанымыз  орынды 

болатын сияқты.

Қазақ халқы – тамырын жеті қабат жер астына жібер-

ген алып бәйтеректей, өзегін ғасырлар тереңіне тартып, 

осынау қасиетті ұлы даласынан табан аудармай, дауыл-

дармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп 

келе жатқан байырғы халық. Оның тарихы, кейбіреу-



167

лер айтып жүргендей, кешегі Қазақ хандығы шаңырақ 

көтерген XV ғасырдан басталмайды. 

Хандықтың құрылуы бір басқа, халықтың қалыпта-

суы бір басқа. Бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі 

замандарда-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр 

сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байыр- 

ғы түркілердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын 

атажұртта сақтап қалған халық. Бұл – ескіден қалған 

көне жәдігерлер, сақ заманының куәгері «Алтын киімді 

адамның» алтын тостағанындағы және Түркі қағана-

тының  тарихын  танытқан  Орхон-Енисей  мен  Талас 

жазбалары дәлелдеген шындық.

Өздеріңіз білесіздер, кейіннен біздің халқымыздың 

құрамына кірген тайпалық одақтар Ұлы Түркі қағанаты, 

Түргеш,  Қарлұқ,  Қимақ,  Қарахандықтар  мемлекет-

терінің негізін қалаушылар қатарында болған, Азия-

ның  алып  даласындағы  небір  жойқын  оқиғалардың, 

қан-қасап күрестің ортасында жүрген, қай дәуірде де 

азатшыл рухымен, туған жерді алабөтен қадірлейтін 

отаншылдығымен ерекшеленген. Біз өз халқымыздың 

әлемдік  өркениетке  хал-қадерінше  үлес  қосқанын 

орынды мақтан етуге құқылымыз. Әл-Фараби, Қорқыт 

ата, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхаммед 

Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр секілді Шығыстың 

даналары  –  осы  даланың  перзенттері.  Кейінгі  бірер 

ғасырдың өзінде халқымыздан Шоқан Уәлиханов, Абай 

Құнанбаев, Мұхтар Әуезов сынды әлемдік ауқымдағы 

кемеңгер ойшылдар, ұлы суреткерлер шықты.

Біздер – талай-талай оқиғалардың куәсі болған асқар 

таулар мен ұланғайыр даланың түлегіміз. Бұл – біздің 

сан  буын  бабаларымыздың  кір  жуып,  кіндік  кескен 

жері, гүлжазира өңіріміз, атадан қалған байтақ мұра-


168

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


мыз, баға жетпес байлығымыз, алтын босағамыз. Бұл 

өлкенің айдарынан жел есіп, байрағы талай желбіреп, 

азат мемлекет болғаны да белгілі. 

Бүгінгі бостандықтың, бүгінгі тәуелсіздіктің өзінен өзі 

келіп, басымызға қона қалмағанын, азаттық үшін мил-

лиондаған адамдардың қаны төгіліп, жаны қиылғанын, 

жазықсыз зардап шеккенін де сіздер жақсы білесіздер.

Бүгінгі  күн  ата-бабаларымыздың  талай  ғасырлар 

бойғы арманы еді, отаршылдықтың темір құрсауының, 

отызыншы  жылдардағы  ашаршылық  пен  сталиндік 

жаппай жазалау құрбандарының, Ұлы Отан соғысында 

от ортасынан оралмаған боздақтардың, кешегі Желтоқ-

санда ұлттың намысын қолдан бермеу үшін, халықтың 

сағын сындырмау үшін, бел буып шыққан жастарымыз- 

дың арманы еді. 

Еліміздің  тәуелсіздігі  жолында  шейіт  болып,  осы 

күнді көре алмай кеткен азаматтарымызды орнымыздан 

тұрып еске алайық, әруақтарына тағзым етейік. 



Ардақты ағайын! 

Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының 

басты  мазмұны  азаттық  үшін  күреске  сайып  келеді. 

Елдік пен бостандық жолындағы күресіміздің байырғы 

скиф, ғұн, оғыз, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ заманда-

рынан кешегі шерлі Желтоқсанға дейінгі сан ғасырлық 

шежіресі бар.

Жанқиярлық, табанды күресінің арқасында ата-ба-

баларымыз өзінің бірлік-берекесін сақтап қана қоймай, 

XV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрды. Алайда тә- 

уелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады, 

ұлан-байтақ  өлкемізге  жан-жақтан  көз  тігіп,  ойран 



169

салушылар көбейді. Ақырында Төле би, Қазыбек би, 

Әйтеке би ұйытқы болған, Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, 

Наурызбай, Есет, Қарасай, Жәнібек, Олжабай, Райым-

бектер қорған болған есіл өлке бәрібір отаршылдықтың 

табанына түсті. Сөйтіп, XVІІІ–ХІХ ғасырларда халқымыз 

еркіндігі мен тәуелсіздігінен айырылды.

Қазақстанның Ресейге қосылуының жай-жапсарын 

бірер ауыз сөзбен айта салу мүмкін емес. Бұл оқиға-

ның мән-маңызына сол дәуірдегі тарихи жағдайды, екі 

оттың ортасында қалған елдің қиын халін, ұлт ретінде 

жойылып кету қаупі анық төніп тұрған тұста жасалған 

амалсыз шара екенін ескеріп барып баға беру әділ бол-

мақ. Сондай сын сағатта саяси шешімді дәл таба алмаған 

көптеген  ұлттардың,  мысалы,  Жоңғар  хандығының 

тағдыры қалай аяқталғанын сіздер жақсы білесіздер.

Әрине,  бодандықтың  аты  –  бодандық.  Патшалық 

Ресейдің  отаршылдығы  басқа  елдердің  отаршыл-

дығынан асып түспесе, кем түскен жоқ. Ұланғайыр дала-

мыз империя меншігіне айналды. Дініміз тәрік, тіліміз 

ғаріп, мәдениетіміз мүшкіл, өзіміз міскін халге ұшы-

радық. Мұндай жағдайда ел намысының қозбауы, ер 

ашуына мінбеуі мүмкін емес еді. Ең ірі халық көтеріліс- 

терін Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махам-

бет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы, Амангелді мен 

Бекболат, Ақкөз сияқты батырлар бастады. Зеңбіректі 

әскерге найзамен қарсы шапқан көзсіз ерлерді халық 

әлі күнге ән-жырға қосып, аяулы аттарын ардақ тұтып 

келеді. Ардақ тұта береді.

Біз 1917 жылы да аңсаған азаттықты ала алмадық. 

Большевиктік саясат уәдесінде толық тұрмады. Отар-

шыл Ресейдің кесір саясатын мирас етті. Бұрын Ресей 

болса,  енді  Қазақстан  «халықтар  түрмесі»  атанды, 


170

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


тоталитарлық жүйенің тұтас халықтарды жер аудара-

тын аймағына айналды. Сөйтіп өзге халықтар біздің 

өлкемізге өзге аймақтардан көшіп келіп, өгейлік көрсе, 

біз  өз  жерімізде  отырып-ақ  өзгелерден  кем  өгейлік, 

өзгелерден кем озбырлық көрмедік. 

Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, өз жерімізде 

өзіміз  қуғынға  түстік.  Мыңдаған  жандар  қырылып, 

мыңдаған жандар атажұртын тастап көшуге мәжбүр 

болды. 1932–33 жылдарда қазақ даласындағы болған, 

адам айтса нанғысыз, ашаршылық, 6 млн-дай халықтың 

2,2 млн-ы айдың-күннің аманында опат болғаны, ста-

линдік  репрессия  жылдарында  аяулы  да  абзал  аза-

маттарымыздың жойылғаны – большевизмнің бетіне 

басылар қара таңба, біздің ғасырлар бойы ұмытпайтын 

қасіретіміз.

Мұндай  қысымшылық  пен  әділетсіздік  дәл  соңғы 

кездерге дейін жалғасып келді. Ұлт мүддесін қорғаған 

азаматтарға «ұлтшыл» деген айып тағылып, қудалауға 

түсті, талайы атылып та кетті. Республиканың ұлттық 

құрамына таяу арада түзеп болмастай орасан нұқсан 

келтірілді, жер құнары азып, атамекен тозып кетті. Кер-

без сұлу Көкшетаудағы 80 көлдің сәні азайып, айдынды 

Аралымыз тартылды, Абай туған Шыңғыстауды 40 жыл 

бойы Семей атом полигонындағы сынақтар сілкінтіп 

тұрды,  Сарыарқаның  шалғыны  азып,  жер  жәннаты 

Жетісудың жайлауы жүдеді. 

Тарихымыз  аяусыз  бұрмаланды.  Рухани  мәдени-

етіміз  де  небір  зобалаңды  басынан  кешірді.  Сөйтіп, 

кейінгі ұрпаққа бабаларынан қалған байтақ мұра жат 

болды.  Ең  қиыны  –  бұл  жылдарда  тұтас  бір  ұлттың 

еңсесін  түсіретін,  намысын  аяққа  таптайтын  талай 

қадам жасалды. Шын мәнінде Қазақстан басшылары 



171

тек  Мәскеудегі  орталықтың  тағайындағандары  және 

солардың бұйрығын бұлжытпай орындайтындар болып 

келді. Халық өз басшысын өз еркімен сайлай алмады. 

ХХ ғасыр қазақ халқына не берді деген мәселе төңіре-

гінде қым-қиғаш пікір бар. Иә, кешегі насихат 70 жыл 

бойы Кеңес өкіметі қазаққа ұдайы тек бақыт нұрын 

себелеп келді деп үйретті. Оның қаншалықты растығын 

тарихтың өзі дәлелдеп беріп отыр. 

Бірақ, солай дей тұра, қазақ халқының 1917 жылдан 

бергі тарихын жоққа шығаруға да болмайды. Басқасын 

айтпағанның өзінде, өткен ғасырда қайтадан үш тарап- 

қа  күштеп  бөлініп,  ұлттық,  аумақтық  тұтастықтан 

айрылып  қалған  еліміз  бен  жеріміздің  республика 

болып құрылуы, аумағы қалпына келтіріліп, шекара-

сының ресми түрде бекітілуі Кеңес өкіметінің алғашқы 

жылдарында жүзеге асқанын, мұның өзі қазіргі тәуелсіз 

мемлекетімізді заңдастыруда бірден-бір негіз болып 

отырғанын қалай ескермей кете аламыз?! Мен өткен-

нің бәрін қаралап, ата-бабаларымыздың жасап кеткен 

еңбегін түгел жоққа шығарудан аулақ болғым келеді. 

Қалай болғанда да, бұл тарих – өз тарихымыз.

Бүгінгі деңгей-дәрежеміздің өзі соншалықты төмен 

дей алмаймыз. Егемен ел болып, халқымыз өз еркімен 

демократиялық тұрғыда тұңғыш Президентін сайлады. 

Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғалы бері жылға 

да  толмайтын  уақыт  ішінде  Қазақстанды  әлемнің 

100-ден астам елі таныды, еліміз бірқатар аса беделді 

халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар 

Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып 

қабылданды. Таяуда біздің республикамыздың делега-

циясы осы лауазымды халықаралық қауымдастық – БҰҰ 

Бас  Ассамблеясына  тұңғыш  рет  қатысады.  Ғарышқа 


172

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


қазақ жігіті ұшып, ұлттың мерейін бір көтеріп тастады. 

Жаңадан Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Аяулы 

ана тілімізге – бай әрі құнарлы қазақ тіліне мемлекеттік 

мәртебе берілді. Елді мекендердің тарихи атаулары қай-

тарылуда, халықтың біртуар ұлдарының аты ардақта-

лып, мерейтойлары өткізілуде.

Қысқасы,  туған  жерімізде  талай-талай  өркенді 

өзгерістер, жан жадыратар жақсы жаңалықтар бар. Ең 

бастысы – тату-тәтті, ынтымағы жарасқан көп ұлтты 

халқымыз бар. Ел дегенде, жер дегенде білегін сыба-

нып іске дайын тұрған азаматтарымыз бар. Сан ғасыр- 

лар  бойы  талай  теперішті  көрсе  де,  жайсаң  жанын, 

әсем әнін, күмбір күйін, әдемі әдет-ғұрпын, таза тілін 

сақтаған ұлтымыз бар. Қандас, жандас бауырларымыз- 

дың  қазаққа  ежелден  тән  қонақжайлылықты,  сүйе-

гімізге,  санамызға  сіңген  мейірімділікті  аман  алып 

қалғанына  осы  құрылтай  күндері  әбден  көздеріңіз 

жетеді деп ойлаймын. Бұл бағытта, әсіресе соңғы жыл-

дарда,  қыруар  іс  тындырылды.  Қазақы  қалпымызға 

қайта  келіп,  тарихымызды  таразылап,  жоғалтқаны-

мызды түгендеп, тілімізді, дінімізді жаңғыртып жатқа-

нымыздың куәсі боласыздар. Қазақтың өзіндік ұлттық 

қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау 

– менің Президенттік те, перзенттік те парызым.

Осы  тұста  басын  ашып  айтатын  бір  жай  бар.  Әр 

азаматтың өз ұлтының көркеюін, нығаюын армандауы 

заңды. Бірақ оған республикадағы өзге ұлт өкілдерін, 

әсіресе, орыс ұлты өкілдерін кемсіту, шеттету, мұқату 

арқылы жетемін демеу керек. Халқымыздың басынан 

өткен  азап  пен  мехнатқа  республикада  өмір  сүріп 

жатқан өзге ұлттардың өкілдері кінәлі емес. Оған сол 

кездегі саясат кінәлі, сондай саясат ұстанған қоғам кінәлі. 



173

Республикадағы қазіргі ұлтаралық жарасым ахуалын 

көздің қарашығындай сақтай білу – барлық ұлттың, 

әрбір азаматтың ең жауапты міндеті. Қазақстандағы 

ұлтаралық жарастықтың негізгі ұйтқысы болу міндетін 

алдымен осы атамекеннің иесі – қазақ халқы өз мойнына 

алуы керек. Өйткені халқымыз ұлтаралық жарастықты, 

сыртқы  дүниемен  өзара  тиімді  ынтымақтастықты 

жүзеге асыра алса ғана өзінің өркениетті мемлекетіне 

ие бола алады. Басқадай бағыт ұстанар болсақ, онда біз 

тұйыққа тірелеміз, талай тағдырдың обалына қаламыз, 

қазіргі абыройлы атымыздан айырыламыз, исі қазақтың 

дарқан көңіліне көлеңке түсіреміз. Тәуелсіз Мемлекеттер 

Достастығындағы ұлт пен ұлт жаға жыртысқан респу-

бликаларда қандай қан-қасап қырғын болып жатқанын 

өздеріңіз де естіп-біліп жүрген шығарсыздар. Лайым, 

сондай кесапаттың бетін аулақ қылсын!

Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, 

тыныштық. Күш қолдану мен жанжал атаулыны бол-

дырмауға бар ерік-жігерімізді аямаймыз. Осы мақсат 

жолында  Қазақстандағы  барлық  ұлттар  өкілдерінің 

бір  кісінің  баласындай,  бір  қолдың  саласындай  күш 

біріктіруіне мүдделіміз.

Қазір  бой  жарыстыратын  заман  емес,  ой  жарыс- 

тыратын заман. Білекті бірді жығады, білімді мыңды 

жығады. Ашу – дұшпан, ақыл – дос. Ашу емес, бәрін 

ақыл шешуі керек. Елдің тыныштығын бұзу ұлтымыз-

дың болашағына балта шапқанмен бірдей. Өз халқын 

сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген кісі өзге 

халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы 

қоймайды.

Тарихи болашағымыз үшін осынау жауапты сәтте 

баршамыз  саналылық  пен  парасаттылық  көрсетіп, 


174

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


байсалдылық пен ұстамдылық сақтауға борыштымыз. 

Қазіргідей алмағайып кезеңде бұл ерекше қажет. Сон-

дықтан, ардақты ағайындар, сіздердің де біздің респу-

бликамыздың  өзіндік  ерекшелігін,  ұлтаралық  қаты-

настың өте нәзік мәселе екенін ұдайы ескерулеріңізді 

қалаймыз.

Республикадағы  ұлтаралық  жарасым  ахуалын 

орнықтыра түсу мақсатымен мен жақында халықтарды 

жақындастыруға  аянбай  үлес  қосқан  азаматтарға 

арналған Президенттің жыл сайын берілетін бейбіт-

шілік пен рухани татулық сыйлығын белгілеу жөнінде 

жарлық шығардым. Оны қазақстандықтарға ғана емес, 

шетелдіктерге  де,  оның  ішінде,  әрине,  отандастары- 

мызға да беруіміз мүмкін. Бұл іске сіздердің әрқайсыңыз 

өз үлестеріңізді қоса аласыздар.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тә- 

уелсіз Қазақстан. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсізді-

гін  баянды  етуге,  қуатын  арттыруға,  оның  игілігіне, 

халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал 

қызмет  етуге  парыздармыз.  Ол  үшін  әрбір  азамат 

еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықта-

рымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты 

үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан-тәнімен сезінуі 

керек. Бұл жауапкершілікті мен республика Президенті 

ретінде  де,  қазақ  халқының  бір  перзенті  ретінде  де 

толық сезінемін деп сіздерді сендіремін!

Халқымызда «Бөлінгенді бөрі жейді» деген мақал 

бар. Осы уақытқа дейін бөлінгеннен, жіктеліп, жіліктен-

геннен көрген зияннан басқа тапқан пайдамыз жоқ. Біз 

дүние жүзі қазағын Алматыға әділетсіздікті де, қасіретті 

де, қуғын-сүргінді де көп көрген халықтың енді басы 

қосылса екен деп жинап отырмыз.



175

Біріңді, қазақ, бірің дос

Көрмесең,  істің  бәрі  бос,  –  деп  Абай  айтқандай,  

басымыздың қосылатын, ұлттық ой-сананың биіктеп, 

тұтасатын мезгілі әбден жетті.

Ұлы Абай айтқан өзге міндерімізден де арылатын, 

әсіресе, ежелден қалмай, жанымызды жеп келе жатқан 

күншілдікті, бақастықты, жел сөзге ерушілікті, енжар-

лықты қоятын кезіміз жетті. Өзіне өзі сын көзімен қара-

майтын халық болашағына көп үміт арта алмайды. Біз 

бойымыздағы  озығымыздан  үйреніп,  тозығымыздан 

жирене  білсек  қана,  өркениетті  мемлекет,  еңселі  ел 

боламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет