Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


ІІІ. Сыртқы саясат пен ұлттық қауіпсіздік



Pdf көрінісі
бет6/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

ІІІ. Сыртқы саясат пен ұлттық қауіпсіздік 

саласындағы стратегия

Сыртқы саясаттың жалпы проблемалары

Егемендік алып, Біріккен Ұлттар Ұйымына және көп-

теген халықаралық ұйымдарға мүше болған Қазақстан 

өзі үшін жаңа проблемалармен – өзінің сыртқы саясаты-

ның, қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігінің проблемала-

рымен, әлемдік экономика мен әлемдік қоғамдастыққа 

дербес ену проблемаларымен бетпе-бет келіп отыр.

Халықаралық сахнаға шыққан Қазақстан сапалық 

тұрғыдағы  өзге  ортаға  қойып  кетті,  ал  ондағы  оның 

сыртқы  саяси  бағыты,  кез  келген  басқа  мемлекеттікі 

сияқты,  ұлттық-мемлекеттік  мүдделер  талап  ететін 

өз  қисыны  бойынша  дамуда.  Бірақ  осының  бәрінде 

Қазақстанның  сыртқы  саясаты  жалпыадамзаттық 

қуатты да меншіктеуге тиіс болады, ал мұның өзі бола-

шақта оның халқына әлемдік қоғамдастықта лайықты 

орынды қамтамасыз етеді.

Қазақстанның геосаяси жағдайы мен этнодемографи-

ялық құрамының ерекшелігі, экономикасының дамуы 

мен әскери құрылысының деңгейі оның қауіпсіздігін 

қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, ең алдымен 



91

өз  күшіне  және  парасатты,  салмақты  дипломатияға  

сүйене отырып, әсіресе, Одақ мемлекеттігі қалыптасуы-

ның қазіргі, алмағайып кезеңінде, саяси құралдарды 

басым етеді.

Соңғы жылдары мүлдем жаңа геосаяси жағдай туды, 

онда Қазақстан Еуропаны Азия-Тынық мұхит өңірімен 

байланыстыратын, сыртқы саяси және стратегиялық 

тұрғыдағы тиімді кеңістікті алып жатыр.

Бірақ ашық теңізге тікелей шыға алмауы, комму-

никациялық құралдардан қашықта орналасуы респу-

бликаның халықаралық экономикалық байланыстарға 

қатысуын қиындатады. Сондықтан іргелес мемлекет-

термен, ең әуелі біз үшін дүниежүзілік коммуникаци-

яларға кіретін қақпа есепті Ресеймен және Қытаймен 

толық  сенім  қағидатында  өзара  тиімді  достастық 

қатынастардың ерекше мәні бар. Қазақстан бұған әзір. 

Сонымен бірге, біз, әлбетте, халықаралық әділеттілік 

пен серіктестік негізінде барлық басқа елдермен кең 

байланыстарды дамытуды жақтаймыз.

Бізге  ортақ  шекараларымен,  қалыптасқан  шару-

ашылық байланыстарымен, экономикаларының өзара 

бірін бірі толықтыруымен және өзара тәуелділігімен 

қоян-қолтық  араласып  отырған,  тарихи  және  мәде-

ни-этностық ортақтығымен етене Орталық Азия мем-

лекеттерімен де тығыз өзара қарым-қатынас жасау өте 

маңызды.

Қазақстан  мен  Түркия,  Пәкстан,  Үндістан,  Иран 

арасындағы келісімдерге қол қойылуы Азияның осы 

және басқа мемлекеттерімен ынтымақтастықтың дамуы 

туралы айтуға негіз береді.

Серпінді дамып отырған капиталдардың, техноло-

гиялардың, шикізат пен өнеркәсіп өнімдерінің рыно-


92

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


гына кіру мақсатында Азия-Тынық мұхиты аймағын-

дағы, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы, Таяу 

және  Орта  Шығыстағы  интеграциялық  үдерістерге 

Қазақстанның қосылуы қарқын ала түседі. Батыс Еуропа 

мен Солтүстік Американың жетекші елдерімен жан-

жақты ынтымақтастықты дамыту маңызды стратеги-

ялық бағыт болып қалады.

Әлемдік  қоғамдастыққа  кіру  саясатын  нарықтық 

жүйенің үш басты орталығы – АҚШ-тың, Жапонияның 

және Батыс Еуропаның серіктестік мүмкіндігін тиісті 

бағалай отырып құру және нақ осылардың әлемдік-

шаруашылық байланыстарын қарқындатудың қозғау- 

шы күші болғанын есте ұстау қажет. Олармен өзара 

іс-қимыл  Қазақстанның  халықаралық  қаржы  және 

басқа  институттарына  кіруіне  жол  ашты,  ал  әлемде 

олардың рөлі айтарлықтай өсіп отыр. Халықаралық 

ұйымдар – БҰҰ-мен, ХВҚ-мен, Дүниежүзілік банкпен, 

ТСБК-мен, ХҚДБ-мен және басқаларымен көпжақты 

ынтымақтастық  пен  тиімді  қатысуды  біз  өз  қоғамы-

мыздың ашықтығына деген бағыттың, экономикалық 

және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытының 

қисынды жалғасы ретінде қарастырамыз.

Басқа елдермен сауда-экономикалық қатынастарды 

дамыту, осы қатынастарды барынша әртараптандыру 

үшін, Қазақстан қазіргі заманғы халықаралық құқыққа 

сәйкес өзінің теңізге бөгетсіз шығуын баянды етуі қажет. 

Бұл құқықты көршілерімен екіжақты шарттарда және 

келісімдерде баянды етіп, нақтыламайынша, Қазақстан 

тәуелді жағдайда болады, ал бұл оның тек экономика-

лық қана емес, сондай-ақ саяси дербестігіне де нұқсан 

келтіруі  мүмкін.  Өз  тарапымыздан  біз  өзіміздің  әуе 

кеңістігіміз,  сондай-ақ  аумағымыз  (теміржол  және 



93

автомобиль магистральдері) адамдар мен тауарлардың 

барлық бағытта транзитті жүріп-тұруы үшін пайда-

ланыла алатынына кепілдік береміз. Сонымен бірге, 

біз Каспий, оңтүстік арқылы Жерорта теңізі мен Қара 

теңізге шығу мүмкіндігін пысықтап жатырмыз. Тынық 

мұхиттан Жерорта теңізіне дейін транзитті теміржол 

магистралін жасау туралы Қытаймен, Иранмен және 

Түркиямен арадағы қол жеткен уағдаластықтың маңыз- 

ды мәні бар.

Осылармен  қатар,  ТМД-ға  қатысушылармен  екі 

жақты шарттар және келісімдер шеңберінде шекара-

лардың ашықтығы, азаматтардың жүріп-тұру мен ақпа-

рат беру бостандығы қағидатын қабылдап, жүзеге асыру 

қажет. Шарттарда қауіпсіздік (әскери, экономикалық, 

экологиялық)  кепілдіктері,  тараптардың  бір-біріне 

қандай түрде болсын, соның ішінде екінші бір жақпен 

көршілес  үшінші  елдің  аумағын,  аумақтық  сулары 

мен әуе кеңістігін пайдалану арқылы күш қолдануына 

немесе күш қолдануға қоқан-лоқы жасауына бармау 

міндеттемесі бекітілуі керек.

Ұлттық  қауіпсіздікті  құру  кезінде  біз  екі  держава 

–  Ресей  мен  Қытайдың  тоғысқан  жеріндегі  өзіміздің 

геостратегиялық  жағдайымызды  басшылыққа  ала-

мыз. Ол ұжымдық қауіпсіздік жүйесінде қатысуымен 

өзіміздің қорғаныс құралдарымыздың үйлесімі арқылы 

қамтамасыз етілуі мүмкін. Қазақстанның қауіпсіздік 

жүйесі өңірлік және планеталық қауіпсіздік жүйесінің 

құрамдас бөлігі болуы тиіс.

Географиялық, саяси, этностық және басқа тарихи 

факторлардың нәтижесінде Ресеймен қатынас біз үшін 

маңызды  мәселе  болып  табылады.  Ресеймен  өзара 

қарым-қатынаста біз қажет болған жағдайда онымен 


94

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


өзара қауіпсіздік туралы келісімдер мен ұзақ мерзімді 

шарттар жасауға тырысамыз әрі оның да бұған деген 

қарымта мүдделілігіне сенім артамыз.

Варшава  шарты  ұйымы  тарағаннан  кейін  қазіргі 

дүниеде НАТО-ның рөлі жаңаша көрінеді. Онда біздің 

жақындасуымызға  қолайлы  міндет  –  Шығыс  және 

Орталық Еуропа мен ТМД елдерінің демократиялық 

дамуына  жәрдемдесу,  өзінің  мүмкіндіктеріне  қарай 

өңірлік қақтығыстардың алдын алу міндеті бар. НАТО, 

ЕО  сияқты,  бұрынғы  Одақтың  республикалары  ара-

сындағы өзінің ықпалын кеңейтуге, бұл үшін арнайы 

құрылған орган – Солтүстік Атлантикалық ынтымақтас -

тық  кеңесі  шеңберінде  қорғаныс  саласындағы  үнқа-

тысуды, серіктестік пен ынтымақтастықты, сондай-ақ 

екі  жақты  байланыстар  мен  алмасуларды  дамытуға 

мүдделі.  НАТО-ға  мүше  елдер  осы  мақсатта  өздері 

жинаған айтарлықтай сараптық әлеует пен қорғаныс 

сипатындағы  мәселелерді  шешу  тәжірибесін  беруге 

міндеттеме алды.

Әскери байланыстарды қатаң реттелген шеңберде 

әртараптандыру,  еуропалық  қауіпсіздік  жүйесіне 

белсене  қосылу  республика  мүддесіне  сай  келеді. 

Хельсинки Қорытынды актісінің 10 қағидатының ара-

сында  шекаралардың  мызғымастығы,  мемлекеттің 

аумақтық тұтастығы мен күш қолданбау немесе күш 

қолдануға қоқан-лоқы жасамау бар. Бір осының өзі-ақ 

Қазақстанның  НАТО-мен  байланысты  кеңейту  және 

бұрынғы Одақтың құқықтық мирасқорларының бірі 

ретінде өзіміз қатысушысы болып отырған Еуропадағы 

қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің жұмысына 

қосылу ниетін ақтайды.


95

Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа 

қосылды.  Өз  қауіпсіздігіміздің  мүддесін  ескергенде, 

біздің  түпкі  ниетіміз  –  ядролық  әлеуетсіз  аумақтық 

тұтастық пен тиіспеушілік кепілдігіне ие болу.

Біздің заманымыздың қайғылы нышаны – алуан бей-

нелі экологиялық қауіп. Қазақстан үшін ол құрғап бара 

жатқан Аралға байланысты. Бұл тек өңірлік қана емес, 

сондай-ақ планеталық та проблема – Жердің биосфера-

сын сақтауда Арал үлкен рөл атқарады. Арал пробле-

масын шешу оны қорғау жөніндегі кең ауқымды және 

пәрменді халықаралық ынтымақтастықты ұйымдасты-

руды талап етеді. Бұл – тірі қалудың талабы және бүкіл 

адамзаттың адамгершілік борышы.

Біздің  экологиялық  дипломатиямыз  өңірдің  эко- 

жүйелерін басқаруды реттейтін көпжақты және екі-

жақты мемлекеттік келісімдер жасауға бағытталатын 

болады. Оған өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мақ-

саттары үшін су бассейндерін пайдалануға байланыс- 

ты алауыздықтар мен жанжалдарды реттеудің нақты 

тетігін жасаған Дунай және Рейн комиссиялары, Ұлы 

көлдер  жөніндегі  канадалық-америкалық  комиссия 

үлгі бола алады.

Ұлттық қауіпсіздік жүйесі 

және әскери доктрина

Соңғы кезде геосаяси жағдайдағы болған өзгерістерге 

және тәуелсіздігін жариялауына байланысты Қазақстан 

өзінің  Қарулы  Күштерін  құрды,  ал  мұның  өзі  бүкіл 

өркениетті дүниеде дербес мемлекет құрылымының 

міндетті элементі болып табылады.

Республиканың ұлттық қауіпсіздік жүйесі мынадай 

қағидаттар бойынша құрылуға тиіс:



96

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


–  республиканың  қауіпсіздігін,  оның  мемлекеттік 

және аумақтық тұтастығын ең алдымен саяси шара-

лардың көмегімен және экономикалық өзара ықпал-

дастықты тереңдету арқылы кепілді түрде қамтамасыз  

ету;

– ұлттық қауіпсіздікке жауап беретін ведомстволар-



дың жоғары үкімет органдары мен жалпы қоғамның  

жариялылық пен барынша ашықтық жағдайындағы 

бақылауында болуы;

– қарулы күштерді ұйымдастырудың, құрал-жаб-

дықтармен және техникамен жабдықтау дәрежесінің 

қорғаныстың жеткіліктілігі қағидасы негізінде нақты 

соғыс қаупі жағдайына барабар болуы;

– ұлттық қауіпсіздік жүйесін құрудың  ұлттық-та-

рихи дәстүрлер мен әлемдік тәжірибені ескере отырып, 

құқықтық мемлекеттің қағидаттарына және халықара-

лық құқық нормаларына сәйкестігі.

Республиканың ұлттық қауіпсіздігі жүйесінің орта-

лық бөлігі – әскери қауіптің жолын кесу мен оған қарсы 

әрекет тетігі бар әскери доктрина.

Ең алдымен біз өз саясатымыздың бейбітшілік сүй-

гіш  бағытын  жариялаймыз  және  әлемнің  бірде-бір 

мемлекетіне аумақтық талабымыздың жоқтығын мәлім-

дейміз. Өзіміздің жауапкершілігімізді сезініп және кез 

келген  әскери  жанжалдың  апатты  салдарға  апарып 

соғатынын түсіне отырып:

–  Қазақстанның  мемлекеттік  саясатының  басым 

мақсаты ретінде бейбітшілікті сақтауды мойындаймыз;

– соғысты және әскери күштің қоқан-лоқысын саяси, 

экономикалық  және  басқа  да  мақсаттарға  жетудің 

құралы ретінде қабыл алмаймыз;


97

– ядролық қарусыз мемлекет мәртебесін алуға және 

Ядролық  қаруды  таратпау  туралы  шартқа  қосылуға 

ұмтыламыз;

–  жаппай  қырып-жоятын  қаруды  бірінші  болып 

қолданбау қағидатын қолдаймыз және осы міндетте-

мені әлемдік қоғамдастықтың барлық мемлекеттерінің 

қабылдауын қалаймыз;

–  қалыптасқан  шекаралардың  бұзылмауы,  басқа 

мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидаттарын 

ұстанамыз.

Бүгінде  әлемдік  ядролық  және  кәдімгі  соғыстың 

тікелей қаупі едәуір бәсеңсіді. Сонымен бірге, әлемде 

экономикалық, аумақтық, діни, этностық және басқа да 

сипаттағы елеулі қайшылықтар сақталып қалып отыр, 

олар Қазақстанның және ол өзара қорғаныс немесе өзге 

міндеттемелер арқылы байланысқан басқа да мемле-

кеттердің  мүддесін  қозғайтын  қарулы  жанжалдарға 

апарып соғуы мүмкін.

Ықтимал соғыс қаупінің көздері ретінде біз мына-

ларды қарастырамыз:

– мемлекеттердің немесе олардың коалицияларының 

әлемдік қоғамдастықта немесе өңірлерде басымдыққа 

ие болуға және даулы мәселелерді соғыс құралдарымен 

шешуге ұмтылуы;

– бірқатар мемлекеттерде немесе олардың коали-

цияларында  қарулы  күштердің  қуатты  топтарының 

және олардың сақталған орналасу жүйелерінің, соның 

ішінде Қазақстан Республикасының шекарасына таяу 

жерлерде болуы;

–  бірқатар  мемлекеттерде  ішкі  саяси  жағдайдың 

тұрақсыздығы  мен  мемлекеттер  арасындағы  қарулы 

жанжалдардың орын алуы;


98

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


– мемлекеттердің белгілі бір бөлігінің өз әскери қуа-

тын өрістетуі. 

Қазақстан  әлемдік  қоғамдастықтағы  ұжымдық 

қауіпсіздік  жүйесін  құруға  қатысуды  өзінің  басты 

мақсаты  етіп  қояды  және  кез  келген  бітімгершілік 

жолындағы күш-жігерге белсенді түрде жәрдемдесуге 

міндеттенеді. Осы мақсатта республика:

– жанжалды жағдайларды тек қана бейбіт жолмен, 

халықаралық құқық шеңберіндегі келіссөздер арқылы 

реттеуге;

–  Жер  бетіндегі  жанталаса  қарулануды  тоқтатуға 

және оның ғарышқа шығуына жол бермеуге;

– халықаралық қоғамдастықтың барлық мемлекет-

терінің өз қарулы күштерін қорғанысқа жеткілікті ең 

аз деңгейге дейін кезең-кезеңімен қысқартуына;

– жаппай қырып-жоятын қарудың барлық түрлерін 

және,  бірінші  кезекте,  ядролық  қаруларды  өндіруді 

және  сынауды  болашақта  толық  жою  мақсатымен 

қысқартуға;

– қазір бар жаппай қырып-жоятын қаруларды қол-

дануға және оны өндіру үшін жаңа технологияларды 

жасауға тыйым салуға; жаппай қырып-жоятын қару-

ларды жасау мен таратуға мүмкіндік беретін матери-

алдар мен технологияларды сыртқа шығаруға (беруге) 

тыйым салуға;

– химиялық қаруларды жоюға;

– әскери қызметтегі өзара ашықтыққа және сенім мен 

қауіпсіздікті нығайту саласындағы шараларды жүзеге 

асыруға;

–  әскери-саяси  одақтардың  ұжымдық  және  кең 

ауқымды  халықаралық  қауіпсіздік  жүйесінің  жаңа 


99

құрылымдарына  ұласуына  ұмтылуда  және  ұмтыла 

беретін болады.

Қазақстанның  Ресеймен  және  ТМД-ның  басқа  да 

елдерімен  әскери-саяси  және  экономикалық  мүдде-

лерінің ортақтығын мойындай отырып, біз халықара-

лық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі күш-жігерімізді 

БҰҰ-ға  мүше  барлық  мемлекеттермен  үйлестіретін 

боламыз.

Кез келген егемен мемлекет сияқты, Қазақстан өзінің 

қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік мін-

деттердің бірі әрі оның бүкіл халқының ісі деп санайды 

және баршаға ортақ халықаралық қауіпсіздік жүйесі 

құрылғанға дейін өзімен бірге қорғаныс одағына енуге 

ниет білдірген басқа мемлекеттермен бірлесіп әскери 

құрылысын  жүргізе  беретін  болады.  Біздің  басты 

мақсатымыз – Қазақстанның егемендігі мен аумақтық 

тұтастығын қорғау.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру 

қорғаныс стратегиясының тұжырымдамасы негізінде 

жүргізілді.  Оның  құрамында  құрлықтағы  әскерлер, 

әскери-әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс 

әскерлері, әскери-теңіз бөлімдері, сондай-ақ қамтама-

сыз ету мен қызмет көрсету құрамалары мен бөлімдері 

бар. Соғыс уақытында ішкі әскерлер мен республика 

ұланы оның резерві болып табылады.

Қазақстан  Республикасының  армиясы  Қазақстан 

мен оның одақтастарына қарсы агрессияға тойтарыс 

беруге, республика мен қорғаныс одағына қатысушы 

мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын 

қорғауға арналған. Оны жасақтау аумақтық, жалпыға 

бірдей әскери міндеттілік пен әскери қызметке шарт 



100

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


бойынша ерікті қабылдауды үйлестіру және республи-

каның барша азаматтарының әскери міндетін орындау 

кезінде заң алдындағы теңдігі қағидаттарында жүзеге 

асырылады.

Өз  әскери  доктринамыздың  негіздерін  жариялай 

отырып, біз қорғаныс одағы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы 

шеңберінде қабылданған, сондай-ақ басқа халықаралық 

құқықтық  актілермен  белгіленетін  міндеттемелерді 

қатаң сақтауға кепілдік береміз.

Сыртқы экономикалық  

байланыстар стратегиясы

Қазіргі жағдайда мемлекеттің табысты дамуының 

негізі  макроэкономикалық  тұрақтылық  –  инфля-

цияға  ұшырамаған  ақша-несие  саясаты,  бюджет 

тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға 

белгілеу, сондай-ақ сыртқы саудадағы ашықтық – экс-

портты ынталандыру, импортты барынша аз шектеу, 

біртұтас импорт тарифы, ұлттық валютаның оңтайлы 

бағамы  мен  сыртқы  инвестициялар  үшін  қолайлы 

жағдай болып табылады.

Республиканың  сыртқы  экономикалық  қызметін 

күшейту шеңберінде мыналар қажет: 

– кәсіпкерлікті дамыту мен халықтың жиған ақша-

сын тарту үшін жағдай жасау, өйткені барлық дамушы 

елдерде, шетелдік капиталға қарағанда, ұлттық капитал 

инвестицияны 8–12 есе көп қамтамасыз етеді;

–  сыртқы  экономикалық  байланыстар  саласында 

заңдар кешенін әзірлеу мен енгізу, олардың орындалуы 

мен тұрақтылық кепілдігін қамтамасыз ету;


101

–  инфрақұрылымды:  көлікті,  байланысты,  қаржы 

рыноктары мен сақтандыру ісін, банктер жүйесін дамы-

тып, осы заманғы ақпарат жүйесін құру;

–  халықаралық  құқық  пен  маркетинг,  статистика 

саласында кадрлар, салық инспекторларын, банк қыз-

меткерлерін, аудармашылар, қаржыгерлер, аудитор-

лар,  бухгалтерлер,  сыртқы  сауда  жөніндегі  кадрлар, 

нарық  үшін  және  реформаны  білікті  басқару  үшін 

қажетті басқа да кәсіптер бойынша мамандар даярлау;

–  республика  үшін  басым  салалар  бойынша  да, 

сондай-ақ  экономикасы  біздің  экономикамен  бірін 

бірі өзара толықтыратын жекелеген елдермен эконо-

микалық блок және нысаналы жұмыс тұрғысында да 

белсенді сыртқы экономикалық саясат жүргізу.

Шетел  банктерінің  Қазақстандағы  экономикалық 

қызметке  қатысуын  жеңілдетіп,  неғұрлым  икемді 

валюта  режімін  және  экономиканың  басым  салала-

рындағы шетелдік иелік режімін енгізу, нақты ұлттық 

жобаларды  жүзеге  асыруға  «портфель  инвестиция-

лары» түріндегі шетел капиталын көбірек тарту қажет.

Республика  байланыстарының  қазіргі  жай-күйі 

мен стратегиялық мүдделерін ескере отырып, сыртқы 

экономикалық саясат іс жүзінде мәндес мына бағыттар 

бойынша дамитын болады:

1.  «ТМД».  Ресеймен,  Украинамен,  Беларусьпен, 

Өзбекстанмен және Достастықтың басқа да мемлекет-

терімен  экономикалық  одақты  сақтап,  нығайту,  бұл 

орайда мыналар ескеріледі: а) кәсіпорындар арасын-

дағы тығыз байланыстар; ә) әлемдік рыноктағы бағаны 

түсірмеу үшін шикізат экспорты саласындағы іс-әре-

кетті үйлестіру қажеттігі; б) біздің жүктердің Еуропа 

мен Таяу Шығысқа транзитін қамтамасыз ету; в) ғылы-


102

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


ми-техникалық орталықтарды бірлесіп пайдалану және 

конверсиялар жүргізу.

2. «АТӨ». Бейжің – Сеул – Токио арқылы Оңтүстік-

Шығыс Азияның басқа елдеріне шығу. Бұл бағыттың 

алдыңғы қатарлы технологиялар өңірі, ірі көлемдегі 

инвестицияларға мүмкіндігі бар несие көзі, болашақта 

– біздің өнімді өткізу және Қазақстанда бірқатар жоба-

ларды іске асыру үшін, жұмысшы күшін тарту рыногы 

ретінде үлкен мәні бар. 

3. «Азиялық». Әлеуетті өткізу рыногы мен нарықтық 

экономиканы дамыту үлгілерінің бірі ретінде Түркияға 

басты  назар  аудару.  Экономикаға  инвестиция  тарту 

үшін  Араб  Шығысы  және  алдыңғы  Азия  елдерімен 

ынтымақтастық.

4. «Еуропалық». ТМД-ға өзгелерден гөрі көп қаржы 

салуға  әзір  ГФР-ға  басым  назар  аударылады.  Неміс 

диаспорасы  айтарлықтай  Қазақстанмен  ірі  көлемде 

ынтымақтастық жасалуы мүмкін. Оның үстіне ГФР-дің 

экономикалық  үлгісі  біз  үшін  неғұрлым  тартымды. 

Инфрақұрылымды дамыту мен кадрларды оқыту мақ-

сатында техникалық жәрдем мен несие алу үшін ЕЭҚ-

мен ынтымақтастық. Бірқатар салада Шығыс Еуропа 

елдерімен өзара ықпалдастық жүргізіледі.

5. «Америкалық». Дүние жүзінің жетекші экономи-

калық державасы ретіндегі АҚШ-қа басты назар аудару. 

Канадамен, Мексикамен және Латын Америкасының 

басқа елдерімен байланыстардың болашағы өте зор.

Халықаралық ұйымдардағы: ХВҚ-дағы, ХҚДБ-дағы, 

БҰҰ-ның, ТСБК-ның, ХААҰ-ның басқа экономикалық 

ұйымдарындағы, шикізаттың жекелеген түрлерін экс-

портқа шығарушы елдер одақтарындағы қызмет өте 

маңызды жеке саланы құрайды.



103

Сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы 

стратегиялық мақсаттарды іске асыру үшін, алғашқы 

қадам ретінде мыналар талап етіледі:

– аяқталған кешен құру және шикізат бағыттылығын 

еңсеру  мақсатымен  республика  экономикасын 

құрылымдық жағынан өзгерту бағдарламасын жасап, 

сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы бүкіл 

қызметті осы міндетке бағындыру. Дайын өнім беретін 

аяқталған технологиялық кешендер құрып, өндіруші 

салаларды экстенсивті дамудан жаңа технологияларды 

пайдалануға көшіру, ең алдымен үйінділер мен қал-

дықтарды ұқсату және ішкі нарықты толтыру үшін де, 

сондай-ақ экспорт әлеуетін ұлғайту үшін де интенсивті 

ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін 

ұдайы дамыту жөніндегі байырғы міндетті іске асыру 

қажет. Бұл салалар мен өндірістерде біздің қазіргі басты 

артықшылығымызды –жұмысшы күшінің салыстыр-

малы арзандығы мен шикізаттың болуын оп-оңай әрі 

тез іске асыруға болады;

– ақша айналымының реттегіші ретінде Ұлттық мем-

лекеттік банктің рөлін нығайту және нарықтық тұрпат-

тағы нағыз коммерциялық банктер құру арқылы банк 

жүйесін реформалауды аяқтау. Экспортты несиелеу 

үшін мемлекеттік экспорт-импорт банкін, шикізатты 

экспорттау мен оны бөлуден түскен табысты шоғыр-

ландыруға арналған даму банкін, сыртқы сауда келісім-

дері мен экспорт несиелерін қамсыздандыру жөнінде 

мекемелер құрып, шетелдердегі қаржы нарығындағы 

Қазақстан өкілдерінің қызметін ұйымдастыру;

–  сыртқы  экономикалық  байланыстар  саласында 

мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік органдар ұйымдас-

тыру жүйесін жетілдіру, оны қарапайым бақыланатын 


104

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


және шетелдік серіктестер үшін түсінікті болатындай 

етіп, үкіметтің өзінің, оның ведомстволарының, жер-

гілікті билік пен кәсіпорындардың арасындағы берне-

лері мен жауапкершілігін нақты бөліп беру;

–  шетелдік  инвестициялар  жөніндегі  агенттіктің 

қызметін күшейту, біздің рынокқа шығатын шетел фир-

маларының несие қабілетін тексеру жөніндегі жұмысты 

жолға қою. Бұл органдар барлық ірі инвестициялық 

жобаларды сараптан өткізіп, шетелдік несиелерді пай-

далануды үйлестіріп отырулары керек, өйткені олардың 

барлығы әзірге тек үкіметтің кепілдігіне ғана беріліп 

отыр; шетел инвесторларын біздің мүмкіндіктеріміз 

туралы да, біздің кәсіпорындарымызды түсіп жатқан 

ұсыныстар туралы да хабардар ету жүйесін құру;

–  негізгі  серіктестермен  инвестициялардың  өзара 

кепілдігі және қосарланған салық салуға жол бермеу 

туралы келісімдер жасау қажет. Осы саладағы ұлттық 

заңдылықтардың  орындалуына  жауапты  ведомство-

ларды белгілеп, мұны қатаң бақылау керек;

– өзіміздің патент-лицензия жұмысымыздың жүйе- 

сін жолға қою және қазақстандық ұйымдардың зият-

керлік меншігін қорғау үшін де, шетелдік жеке және 

заңдық тұлғалардың меншігін қорғау кепілдігі үшін де 

халықаралық келісімдерге қосылу;

– сыртқы экономикалық байланыстардың барлық 

негізгі бағыттары бойынша кадрларды оқытудың мем-

лекеттік бағдарламасын қабылдау.

Әлемдік қоғамдастықпен кірігуге деген ынтамызды 

білдіре отырып, біз халықаралық экономикалық стра-

тегияларды  үйлестірудің  қалыптасқан  құралдарын 

мойындауға әзірміз. Алайда мұның әрбір жекелеген 

жағдайда күштінің ығына жығылып, өзіңе зиян кел-



105

тіруге мәжбүрлейтін экономикалық және саяси қысым 

арқылы  емес,  өзара  мүдделердің  әділ  тепе-теңдігі 

негізінде болғаны абзал.

Қазақстанның ерекшелігі – дамыған елдің де (халқы-

ның  жаппай  сауаттылығы,  ғылыми-зерттеу  мекеме-

лерінің кең желісі, ғарыштық зерттеулер), сондай-ақ 

дамушы елдің де (экономикасының шикізаттық бағыты, 

көптеген  өңірлерінің  экологиялық  ластануы,  шетел 

инвестициялары мен жаңа технологиялар импортына 

зәрулік, инфрақұрылымының кенжелеуі) сипаттарына 

ие екендігінде. Бұған аумағының аса ұлан-байтақтығын, 

құрлық  ішінде  орналасуын,  табиғат  ресурстарының 

зор қорын, халқының алуан түрлі этностық құрамын 

қосқан жөн.

Біздің стратегиялық ниеттеріміздің шынайылығын 

түсіне  отырып,  Мемлекет  басшысы  ретінде  мен 

Қазақстан мен оның халқы үшін, қанша қалағаным-

мен,  қолдан  келмейтін  міндеттер  қоймауға,  нақты 

болжамның шегінен шықпауға тырыстым. Егер әркім 

жоғарыда баяндалғандарды өзінің жеке бағдарламасы, 

туған-туысқандары мен жақындары алдындағы, біздің 

орнымызды басатын келер ұрпақ алдындағы парызы 

ретінде қабылдаса, осы айтылғанның бәріне сөзсіз қол 

жеткізуге болады.


106

II  ТОМ.  1991–––––

1995 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет