Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


Құрметті халық депутаттары!



Pdf көрінісі
бет12/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38

Құрметті халық депутаттары!

Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасы Конститу-

циясының жобасын алғашқы оқылымнан кейін қабыл-


212

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


дап және оны бүкілхалықтық талқылауға ұсынғаннан 

бері жарты жылға жуық уақыт өтті. Осы уақыт ішінде 

барлық облыстық және төменгі жергілікті Кеңестердің 

сессиялары өтіп, жобаны қарады. Ол еңбек ұжымда-

рында  және  азаматтардың  тұрғылықты  жерлері  бо- 

йынша өткен жиналыстарда талқыланды. Республика 

баспасөзінде 500-ден астам әртүрлі мақалалар жария-

ланып, бұл тақырып теледидар мен радио бағдарлама-

ларында талқыланды. Саяси партиялар мен қоғамдық 

қозғалыстардың өкілдері өз пікірлерін білдірді. Мен 

халықтың жоғары белсенділігін қанағаттанған сезім-

мен атап көрсетпекпін. Жаңа Конституцияның жоба-

сын талқылауға 3 млн-нан астам адам қатысып, олар  

18 мыңнан астам ұсыныстар мен ескертпелер енгізді.

Сонымен  бірге,  жобаны  қараған  тынымсыз 

сарапшылық  жұмыс  та  жүргізілді.  Ресейдің,  Бела-

русьтің,  Қырғызстанның,  Украинаның  Негізгі  заңда-

рының жобаларын әзірлеушілермен консультациялар 

өткізілді. Конституциялық комиссия Адам құқықтары 

жөніндегі халықаралық қауымдастықтың, АҚШ Кон-

гресі кітап ханасы Зерттеу орталығының мамандарын, 

белгілі судьяларды, университеттердің профессорла-

рын біріктіретін Адвокаттардың америкалық қауымда-

стығының  қорытындыларын  алды.  ЕҚЫК-тың  адам 

құқықтары жөніндегі тобы мүшелерінің, Францияның, 

Данияның,  АҚШ-тың  және  басқа  да  біраз  елдердің 

жоғары білікті құқық мамандары айтқан ескертпелер 

назарға алынды.

Конституция  жобасы  әкімшілік  басшылары  мен 

жергілікті  Кеңес  төрағаларының  республикалық 

кеңесінде талқыланды. Мен Конституциялық кеңестің 

мүшелерімен, қоғамтанушы ғалымдармен және заң-



213

герлермен бірнеше дүркін консультациялар өткіздім, 

комиссия  мәжілістері  аралығында  жұмыс  топтары 

тұрақты әрекет үстінде болды.

Конституциялық  комиссия  алғашқы  оқылымда 

халық  депутаттары  айтқан,  сонымен  бірге,  бүкілха-

лықтық талқылау барысында да келіп түскен ұсыныстар 

мен ескертпелерді ескере отырып, жобаны жетілдірді 

және оны Жоғарғы Кеңес қарауына ұсынып отыр.

Комиссия  жарияланған  мәтінге  өзгерістер  мен 

толықтыруларды  көбінесе  әралуан,  кейде  бір-біріне 

кереғар көзқарастар айтылған өткір пікірсайыстардан 

кейін енгізгенін сіздердің естеріңізге салуға тиістімін. 

Қабылданған шешімдер де бірауыздан қабылдана қой-

май, көбіне-көп аз ғана дауыс артықшылығымен өтті. 

Бұл жобаның белгілі бір шамада ымыраға келтірілгенін, 

сондай-ақ кейбір ережелер мен баптардың жеткіліксіз 

әзірленіп, сессияда одан әрі талқылауға алғышарттар 

жасағанын көрсетеді. Сондықтан оны сіздерге ұсына 

отырып,  бірінші  кезекте  жаңа  жайттарды  сипаттап, 

сонымен бірге, республика Президенті әрі Конститу-

циялық комиссияның төрағасы ретінде аса маңызды 

және пікірсайыс туғызатын проблемалар бойынша өз 

пікірімді айту құқығын пайдаланбақпын.

Конституция жобасы ең алдымен өзінің құрылымы 

бойынша өзгерді. «Мемлекеттік қызмет» тарауы алы-

нып тасталды да, бұл орайда мемлекеттік қызмет туралы 

қағидатты ережелер үшінші бөлімдегі «Жалпы ереже-

лер» тарауының бір бабында баяндалды. Бұл салада 

заң шығару жолымен реттеу тәжірибесінің жоқтығы 

және Конституцияда мұндай тараудың болуы заң шыға-

рушыны арнайы заң әзірлеп, қабылдау кезінде аса қатаң 

тығырыққа тіреуі мүмкін екендігі мойындалды. Оның 


214

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


үстіне, мемлекеттік қызметті конституциялық жолмен 

реттеп отыру әлемдік тәжірибеге тән сипат емес.

Конституция жобасы оның құрамдас бөлігі болып 

табылатын өтпелі ережелермен толықтырылды. Олар 

Конституцияны күшіне енгізу тәртібі туралы бұрынғы 

заңның орнына ұсынылып отыр.

Қағидатты  көзқарас  тұрғысынан  республиканың 

федеративтік құрылымы туралы, жобадан өлім жаза-

сын қолдану мүмкіндігі жөніндегі норманы алып тастау 

туралы, қоғамдық бірлестіктерге заң шығару бастамасы 

құқығын бекітіп беру туралы, қоғамдық бірлестіктерге 

мемлекеттік органдардың функцияларын беру туралы

екі  палаталы  парламент  құру  туралы,  Президентке  

тек  қана  мемлекет  басшысы  міндетін  бекіту  туралы 

ұсыныстар қабылданған жоқ.

Енді Конституция жобасының мазмұнындағы баптар 

бойынша өзгерістер туралы. Айтарлықтай түзетулер 

енгізілмеген үш бөлімнің бірі – кіріспе. Бүкілхалықтық 

талқылау  барысында  оның  әртүрлі  нұсқалары  ұсы-

нылды,  олардың  мәні  екі  қағидаға  –  қазақ  ұлтына 

мемлекет құраушы ретінде баса назар аударуға және, 

керісінше, мұны жасамауға келіп түйісті. Біз мұның 

екеуін де қанағаттанғысыз деп таптық.

Конституциялық құрылыстың негізі жөніндегі ұсыныс- 

тар  мен  ескертпелердің  елеулі  бөлігі  тілдердің  мәр-

тебесіне  қатысты  болды.  Конституциялық  комиссия 

осы  даулы  мәселе  бойынша  республикада  тілдер 

мәртебесіне қатысты негізінен тіл туралы заң норма-

сын, бірақ бүгінгі күннің ақиқатын ескере отырып, ой 

елегінен өткізіп барып пайдалану мүмкіндігін ескерді. 

Гәп мынада: осы заңда қолданылған «ұлтаралық қаты-

нас тілі» деген терминнің, бұған дейін әлденеше рет 



215

атап  өтілгеніндей,  нақты  заңдылық  жүктемесі  жоқ. 

Ұлтаралық қатынас тілі қызметін азаматтардың өзара 

келісімі мен таңдауы бойынша кез келген тіл атқара 

алады. Баршаны толғандырып отырған осы проблема-

ның шешімін табуға ұмтылып, біз бір нәрсені – тілдер 

мәртебесі туралы конституциялық норма республикада 

тұратын барлық ұлт өкілдері үшін біріктіруші бастау 

болуы керек дегенді басшылыққа алдық.

Біздіңше, негіздердің 8-ші тармағының жаңа редак-

циясы орыс тілінің мемлекеттік тілмен қатар еркін қыз-

мет атқаруын қамтамасыз етеді және әрбір азаматтың 

ана тілін пайдалану құқығына кепілдік береді.

Тіл  проблемасы  адамдардың  белгілі  бір  бөлігін 

толғандырып отырғанын біз жақсы білеміз. Бұл арада 

да жылпостық, кейбіреулердің белгілі бір ұлттар мүд-

десінің  жоғын  жоқтаушылар  ретінде  өздеріне  назар 

аударту  ниеті  жоқ  емес.  Сондықтан  осы  мәселені 

талқылау  кезінде  бізге  аса  сақтық,  ұстамдылық  пен 

парасаттылық қажет. 

Бұған дейін қабылданып, қазақ тіліне мемлекеттік 

мәртебе  берген  тілдер  туралы  заңның  күшін  жою  

жайында мәселе қою дұрыстыққа мүлдем жатпайды 

деп ойлаймын. Қазір қолданыстағы заңды қайта қарау 

қазақ  ұлтын  тек  өз  мемлекетінің  ішінде  ғана  емес,  

сондай-ақ бұрынғы Одақтың басқа егемен мемлекет-

терімен салыстырғанда теңсіз жағдайға қояды.

Екінші жағынан, егер Қазақстанда тұратын басты екі 

этностың арасында егес туса, бұдан баршаның ұтыла-

тынын әрқашан есте сақтау керек. Сондықтан Консти-

туцияда біздің орыс тілді азаматтарымыздың құқығы 

кемсітілмейтініне айқын кепілдік берілуі тиіс. Біз ондай 

шешім табатынымызға мен сенемін.


216

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Негіздердің 6-шы тармағына биліктің үш тармағы өз 

қызметінде басшылыққа алатын негіздерді айқындай-

тын және біздің билік бөлу үлгіміз тежемелік пен тең-

гермелік жүйесін пайдалануды көздейтінін көрсететін 

ережелер енгізілген. Бұл қағидаттар мемлекет туралы 

тарауда дамытылған.

Конституция жобасында азаматтардың құқықтары 

мен  бостандықтары  туралы  тарау  басты  орын  алды. 

Дегенмен бірден мынаны айта кетейін: меніңше, бөлім 

баптарының бір бөлігі, ал олар 30 шамалы, республи-

кадағы нақты жағдайды, қазір орын алып отырған және 

келешекте де болатын қиындықтарды ескермеген, олар 

азаматтардың міндеттерімен де өзара байланыстырыл-

маған. Бұл ережелерді демократия жағдайында жүз-

деген жылдар тұрып жатқан мемлекеттердің консти-

туцияларынан көшіре отырып, нарықтық экономика 

жағдайында  қамтамасыз  ете  алмайтын  құқықтарды 

біле тұра жариялап, біз бос даңғазаға ұрынған болар 

едік. Сондықтан, менің білуімше, бірқатар баптарды 

тек  редакциялап  қана  қоймай,  солардың  қайсысын 

жүзеге асыруға болатындай сенімді кепілдік жүйесімен 

қамтамасыз ете алатынымызды мұқият ойластыруымыз 

керек.

Жобадағы базалық құқықтар мен бостандықтарды 



жариялайтын  бірқатар  баптарда  қазіргі  заңнамаға 

жасалған  сілтемелерге  айрықша  назар  аударылды. 

Осындай  сілтемелердің  болуынан  конституциялық 

құқықтар мен бостандықтарды едәуір шектейтін немесе 

жоққа  шығаратын  ықтимал  қауіп  аңғарылады.  Бұл 

туралы, сондай-ақ, жоба жөніндегі беделді халықара-

лық ұйымдардың қорытындыларында да айтылған. Өз 

тарапымнан  айтарым:  мұндай  сілтемелердің  көптігі 



217

тек осы тарауда ғана емес, олар бүкіл жобада дерлік 

тарыдай шашылып жатыр. Мұның қажеттігіне менің өз 

басым күмән келтіремін. Демек, Конституцияны оқып 

шығып, оны түсіну үшін қолға республика заңдары мен 

нормативтік актілерінің толық, көптомдық жинағын 

ұстап отыру керек.

Бұдан  әрі,  негіздердің  3-ші  тармағындағы  екінші 

бөлімнің  орнына  конституциялық  құқықтар  мен 

бостандықтарды  жүзеге  асыруда  шектеу  мүмкін  әрі 

қажет болатын жағдайды реттейтін жалпы норма беру 

ұйғарылды.  Мұндай  норма  халықаралық-құқықтық 

құжаттарға,  атап  айтқанда,  Азаматтық  және  саяси 

құқықтар туралы пактіге және әлемдік конституциялық 

практикаға сәйкес болуы тиіс. Осыған байланысты 2-ші 

баптың құқық пен бостандықты заңдармен шектеудің 

ықтималды жағдайлары мен тәртібін нақты реттеуге 

мүмкіндік беретін жаңа редакциясы ұсынылды.

Жобаның бесінші тарауы бойынша ұсыныстар мен 

ескертулер барынша көп түсті. Олардың едәуір бөлігі 

экономикалық және әлеуметтік құқықтардың консти-

туциялық  кепілдігін  нығайтуға  бағытталған.  Бірақ, 

тұтастай алғанда, мұндай ұсыныстар қалыптасып келе 

жатқан  нарықтық  экономика  ақиқатын  ескермейді, 

қазіргі қоғамға үлестірушілік, масылдық психологи-

ясының  көңіл  күйін  таратады.  Жобаның  әлеуметтік- 

экономикалық кепілдіктер туралы мәселедегі табиғи 

байсалдылығы, өкінішке қарай, ауыр қабылдануда. Бір 

ерекшелік, КСРО Конституциясы мен Қазақ КСР Кон-

ституциясындағы тиісті баптардың тұжырымдамала-

рын бәз қалпында қайталауды жақтаушылар да аз емес. 

Жобада еңбекке деген құқық туралы ереженің бол-

мауы  қатты  қарсылық  туғызды.  Дегенмен,  ойланып 


218

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


қарайықшы:  мемлекет  кепілдік  берген  «еңбек  ету 

құқығы» идеясының өзі теңгермешілік психологиясы 

билеген жағдайда, ал мүшелерінің қажырлы, жоғары 

өнімді еңбекке деген табиғи ынталандырушысы бол-

маған қоғамда ғана тууы мүмкін ғой. Алайда, біздің 

қоғамымызда терең тамыр тартқан дәстүрді – еңбек 

ету құқығының маңызды әлеуметтік жеңіс деп есептел-

генін де ұмытуға болмайды. Еңбек ету құқығы көптеген 

халықаралық-құқықтық құжаттарда жарияланғанын 

да ескеру қажет. Жобаның жаңа бабы осы тұрғыдан 

ұсынылып отыр.

Республика азаматтарының медициналық қызмет 

көрсету  мен  білім  алу  құқығына  кепілдікті  нығайту 

қажет  деп  танылды.  Мемлекеттік  денсаулық  сақтау 

мекемелерінде  медициналық  жәрдемнің  тегін  көр-

сетілетіні,  жалпыға  бірдей  және  тегін  негізгі  орта 

білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік оқу мекемелерінде 

тегін арнаулы орта және жоғары білім алуға кепілдік 

берілетіні туралы нақты айту қажет.

Конституцияда  мұндай  қағидалардың  болуы 

нарықтық  экономика  талаптарымен  сәйкеспейтіні 

туралы пікірлер айтылды. Сондықтан жобада денсау-

лық сақтау мен білім берудің жеке жүйелерін дамытуға 

кең жол ашылған. Сонымен бірге, мемлекеттік денсау- 

лық сақтау және білім беру мекемелерін шектен тыс 

коммерциялауға жол беруге болмайды. Олардың мате-

риалдық базасы бірнеше ұрпақтың еңбегімен жасалды, 

ал  оларды  қаржыландыру  салық  төлеушілердің 

қаржысы  есебінен  негізінен  бюджет  арқылы  жүзеге 

асырылып келді. Осындай жағдайда республика аза-

маттарын мемлекеттік мекемелерде тегін медициналық 

қызмет пен білім алу мүмкіндіктерінен айыру адамгер-



219

шілікке жатпайды. Сонымен бір мезгілде, сірә, жоғары 

және арнаулы орта оқу орындары үшін коммерциялық 

қызметпен айналысу мүмкіндігін қарастырмауға тағы 

болмас. 

Азаматтардың негізгі міндеттеріне арналған 6-тарау- 

да конституциялық міндеттер шеңбері елдің мемлекет-

тік рәміздерін құрметтеу міндетімен толықтырылды. 

Бұл ереже мемлекеттің беделін нығайтуға бағытталған 

және біздің мемлекеттілігіміздің белгілерін құрметтеу 

сезімін дамытуға ықпал ететін болады.

«Экономика негіздері» тарауынан ұжымдық меншік 

туралы ұғым алынып тасталды. Бұл біркелкі қабыл-

данбай отыр. Бірақ өркениетті дүниеде меншіктің екі 

түрі – жеке және мемлекеттік меншік белгілі екенімен 

де санаспауға болмайды. Бұл ретте жеке меншікке тек 

жекелеген азаматтардың меншіктері ғана емес, сонымен 

бірге,  олардың  бірлестіктерінің  де  –  акционерлік 

қоғамдардың, серіктестіктердің және т. б. меншіктері 

де жатады. Сондықтан ұжымдық меншік санатынан бас 

тарту ұжымшарлардың, артельдердің құқық субъектілі-

гін конституциялық негізінен айырмайды. Осы аталған 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің қайсысын жеке 

меншікке (яғни, олардың меншігіндегі азаматтардың 

нақты үлесін айқын бекітіп), қайсысын мемлекеттік мен-

шікке жатқызу қажет екенін айқындап алу керек. Қоғам-

дық бірлестіктердің (соның ішінде кәсіподақтардың) 

меншігін ұжымдық санатқа жатқызу үшін де дәлелді 

негіздер  жоқ.  Қоғамдық  бірлестіктердің  меншігінде 

белгілі бір ерекшеліктері бола тұрса да, дүние жүзінің 

ешбір елінде оны бұл санатқа жатқызбайды. Әдетте, 

олардың меншігінің құқықтық режімі жеке меншіктің 

құқықтық режіміне жақындастырыла белгіленеді.


220

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Тарауда кәсіпкерлік еркіндігі тек жеке құрылымдарға 

қатысты  екені  айқын  айтылған.  Мемлекеттік 

құрылымдарға кәсіпкерлік еркіндік беруге болмайды, 

өйткені бұл оларды коммерциялануға апарып соқты-

рып, тиісті мемлекеттік қызметтерін орындауын мей-

лінше  қиындатады.  Бұл  ретте  мемлекеттің  меншік 

иесі ретіндегі құқығы шектеліп қана қоймай, өмірлік 

маңызы бар салаларын қоса, республика экономика-

сының басқарылуына да қатер төндіреді.

Конституция жобасындағы ең күрделі тараулардың 

бірі – «Мемлекет, оның органдары мен институттары» 

тарауы. Бұл әбден түсінікті де, неге десеңіз, мемлекеттік 

билікті ұйымдастыру – аса маңызды конституциялық 

мәселе.


Сіздерге  ұсынылған  жобада  «Жоғарғы  Кеңес», 

«Президент», «Министрлер Кабинеті», «Мемлекеттің 

аумақтық ұйымдастырылуы және жергілікті басқару» 

тараулары кейбір өзгерістерге ұшырады. Егер олардың 

сессияға  ұсынылған  күйіндегі  мәні  туралы  айтатын 

болсақ, онда ол төмендегідей.

Жоғарғы  Кеңес  бірден-бір  заң  шығарушы  орган 

ретінде анықталған, ал бұл билікті мемлекеттік дең-

гейде бөлу қағидатына сай келеді. Сөйтіп, кеңестердің 

бірыңғай  жүйесі  туралы  дағдылы  ой  бұзылады. 

Шынында,  кеңес  жүйесі  пирамидасының  шыңында 

тұрған жоғарғы орган болуының өзі тым проблемалы 

ғой. Осыны негізге ала отырып, бізге заң шығарушы 

орган  атауының  нұсқаларын  да  талқылау  керек.  Біз 

сіздердің назарларыңызға талқылау барысында ең көп 

қайталанған тұжырымдамаларды ұсынамыз. Атауды 

таңдау кезінде заң шығарушы органның басты мақса-

тын, оның өкілеттігінің, қызметінің мазмұнын, қалып-



221

тасуы мен қызметінің тәртібін, Қазақстан Республика-

сының ерекшелігі мен ұлттық дәстүрлерін басшылыққа 

алу маңызды деп ойлаймын.

Жоғарғы  Кеңес  депутаты  республика  халқының 

өкілі болатындығы туралы ереже осы тарауға біршама 

жаңалық береді. Бұл депутат ең алдымен өз сайлау- 

шыларының мүддесін білдіретін, олармен аманаттар 

арқылы байланысты болатын үзілді-кесілді мандаттан 

бас тартуды білдіреді.

Жобада  Президенттің  өкілеттігі  анықтала  түскен. 

Оның  халыққа  және  Жоғарғы  Кеңеске  үндеу  тастау, 

сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшы-

ларын тағайындау құқығы енгізілді. Президент өкілет-

тігі  мерзімінен  бұрын  тоқтатылған  жағдайда  оның 

өту рәсімі өзгертілді. Президент билігінің жоғарыдан 

төменге дейінгі бүкіл сатысының кешенді конституци-

ялық реттемесі берілген, оны абсолюттендірудің мүмкін 

еместігінің кепілдіктері күшейтілген.

Жобаның Министрлер Кабинетіне арналған нормала- 

рын  пысықтау  кезінде  комиссия  біреудің  шетелдік 

тәжірибесін таза күйінде біздің негізге көшіре салмай

қайта неғұрлым қолайлы үкімет жүйесін құру ниетін 

басшылыққа  алды.  Нәтижесінде  мынадай  конститу-

циялық  үлгі  ұсынылады:  атқарушы  билік  басшысы 

ретінде  Президент  –  Президент  жасақтайтын  күшті 

Министрлер  Кабинеті  –  үкімет  жұмысына  тікелей 

жедел басшылық жүргізу үшін қажетті өкілеттіктері 

бар Премьер-министр.

Мұндай үлгі, сайып келгенде, соңғы екі жыл бойы 

осы салада жүргізілген реформаны аяқтауға, Прези-

денттің мемлекет басшысы міндетін атқаруына қажетті 

назар аударуына, ал Министрлер Кабинетіне, өз тара-


222

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


пынан, парасатты дербестік шеңберінде бастамашыл 

әрекет етуіне мүмкіндік береді.

Мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуы мен жер-

гілікті  өзін-өзі  басқару  туралы  тарауда  осы  жүйенің 

тек басты қағидаттары мен элементтері көрсетілген, 

жергілікті  өкілетті  және  атқарушы  органдардың 

өкілеттігін, олардың құзырлығын белгілейтін нормалар 

алып тасталған. Жергілікті билік жүйесі реформалану, 

ұтымды  құрылымдарды  ұдайы  іздестіру  үдерісінде 

екенін  ескере  отырып,  бұл  мәселелерді  күнделікті 

заңнамамен реттеу ұсынылады.

Алайда аталған тараулардағы жаңалықтарға сипат-

тама  бере  отырып,  сіздерді  бұл  мәселе  бойынша 

мейлінше алуан түрлі пікірлердің бар екендігінен де 

хабардар  еткім  келеді.  Тек  бүкілхалықтық  талқылау 

барысында ғана тарауға шамамен 4 мыңдай ұсыныстар 

мен ескертулер келіп түсті. Демек, адамдар мемлекет 

органдары мен институттарының құрылымы қандай 

болатынына, олардың өзара іс-қимылы қалай жолға 

қойылатынына  шындап  алаң  болып,  біздің  барлық 

өзгерістеріміздің  табысы  осыған  байланысты  екенін 

дұрыс болжап отыр. Сонымен бірге, мұнда белгілі бір 

проблемаларды шешуге тек тұжырымдамалық көзқа-

рас қана емес, сондай-ақ тіпті жекелеген сөйлемдердің 

редакциясы да маңызды рөл атқаратынын жоба мәтінін 

әзірлеу үдерісінің өзі де растайды. Сондықтан сессия 

қарсаңында мен Жоғарғы Кеңеске қабылданбаған ере-

желердің нұсқаларын, дәлірек айтқанда, олардың бір 

бөліктерін  ұсынып,  конституциялық  нормалардың 

тұжырымдамаларына сіздердің мұқият қарайтындықта-

рыңызға сенім арттым. Біз іскерлік жағдайда ақиқат тек 

біздің жағымызда демей, келіп түскен барлық ұсыныс- 



223

тарды ой елегінен өткізіп, нені қабылдайтынымыз бен 

нені қабылдамайтынымыз туралы келісуге тиіспіз. Мен 

осындай талқылауды жақтаймын.

Конституциялық  комиссияның  ұжымдық  еңбегі 

аяқталды,  ұсынылған жоба сіздердің қолдарыңызда, 

бірақ  осының  қарсаңында  көптеген  депутаттармен 

сұхбаттасқанымда  маған  мәлім  болғанындай,  әлі  де 

бірталай  күмән  қалып  отыр,  ондай  күмән  менде  де 

бар. Осыған байланысты оларды ортаға салуды өзімнің 

борышым деп білемін. Мені дұрыс түсініңіздер, сіздерге 

Конституциялық  комиссияның  ғана  пікірін  баяндап 

және кейбір проблемаларды өзімнің қалай көретінімді 

айтпасам, оным сіздердің ғана емес, сондай-ақ бүкіл 

қазақстандықтардың  алдында  дұрыс  және  де  әділ 

болмас еді. Бұл ретте бүкіл халық сайлаған Президент 

ретінде барша республика жұртшылығының алдында 

оның тағдыры үшін, таңдаған бағытымызды, сайлаушы-

лар қолдаған президенттік тұғырнаманың қағидатта-

рын жүзеге асыру үшін жеке-дара жауап беретінімді 

басшылыққа аламын. Мұны қалай, қандай тетіктерді 

пайдалана отырып, қандай ретпен істеу керек екендігіне 

қатысты өз түсінігім де бар. Және бұл түсінік ешкімге 

де құпия емес. Мен оны өзімнің бүкіл сөздерімде ұдайы 

баяндап, өз қызметімде жүзеге асырып келемін.

Осыған  байланысты  біздің  жобаны  егжей-тегжей 

талдай келіп, өзім жауабын таба алмаған бір сұрақты 

қойғым келеді. Тегі, біз қандай мемлекеттілікті, қандай 

республиканы құрып жатырмыз – президенттік пе, әлде 

жартылай президенттік пе, парламенттік немесе қандай 

да болсын басқа бір түрін бе? Бәріміз болып, біздегі 

президенттік республика екеніне тоқталған сияқты едік 

және соны халқымызға жария еткен де болатынбыз. 


224

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Бірақ жобада мұндай республиканың барлық белгілері 

бұлыңғыр, ал кейбіреулері мүлдем жоқ қой.

Мені  алаңдататын  және  кең  пікірсайыс  тудырған 

басты жайттардың бірі – Жоғарғы Кеңестің, Президент 

пен  Үкіметтің  өзара  арақатынасы,  атқарушы  билік 

органдарының құрылымы, құрамы мен құзыры.

Жоба бойынша Министрлер Кабинетін құру және 

оның  қызметі  парламенттің  нақтылы  бақылауымен 

жүзеге асырылады. Бірақ Жоғарғы Кеңес Президенттің 

Министрлер Кабинетінің жекелеген мүшелерін таға- 

йындауы мен босатуына келісім беретінін белгілейтін 

ереженің осал жерін айтпай кетуге болмайды. Оның 

үстіне  89-шы  бапта:  «Кабинет  Президент  алдында 

жауап  береді  және  оның  алдында  өкілеттігін  тапсы-

рады»  деп  мәлімделген.  «Министрлер  Кабинетінің 

осы жекелеген мүшелерінің» құрамын кім және қан-

дай формада белгілейтіні туралы мәселе аяғына дейін 

анықталмаған. Әрі десе, оны қандай белгілері бойынша 

анықтайды, ол бір ретке немесе мәңгілікке бекітіле ме, 

әлде өзгеріп отыра ма? Істің басқа, нақты жағы да бар: 

Президент министрліктерді құру және басқару, олар-

дың басшыларын басқа қызметке ауыстыру құқығына 

ие.  Бірақ,  тағы  да,  Президент  депутаттардың  еркіне 

тікелей тәуелді болып отырса, осы құқығын ол қалай 

жүзеге асырмақшы?

82-ші және 90-шы баптарда Президент жарлықтар 

мен өкімдер, ал Министрлер Кабинеті республиканың 

бүкіл  аумағында  міндетті  күші  бар  актілер  шыға-

рады деп белгіленген. Президент сондай-ақ тапсырма 

бағытындағы  және  күші  бойынша  белгілі  бір  салаға 

таралатын қаулы да шығара алар еді деп есептеймін. 

Премьер-министр  Кабинетке  жетекшілік  етіп,  оның 

қызметіне тікелей басшылық жүргізетіндіктен, Консти-


225

туцияда ол шығаратын актілердің нысанын атау және 

олардың заңды күшін көрсету орынды болар еді.

Экономикалық қайта құрудың қазіргі серпініне қарай 

экономиканың мемлекеттік секторы жедел басқаруға аса 

мұқтаж болып отыр. Сондықтан Министрлер Кабинеті 

Жоғарғы Кеңеске дағдарысқа қарсы шаралар бағдар-

ламасын енгізе отырып, қосымша өкілеттіктер сұрап 

отырғаны бекер емес. Гәп мынада: бұрын қабылданып, 

кезінде  өте  көкейкесті  болған  және  өзінің  оң  рөлін 

атқарған көптеген заңдар қазір нақты жағдайды бейне-

лемейді. Олардың кейбіреулері жұмыс істемейтіні былай 

тұрсын, қайта тежеуші факторға айналды. Әрине, заңға 

қажетті түзетулер жүргізілуде, бірақ, өкінішке қарай, 

өте кешіктіріліп жүргізілуде. Біз бұрынырақ шығарып, 

кезінде ілгерішіл жаңалық ретінде қабылданған кейбір 

заңдарымыз бен нормативтік актілеріміз, тексере кел-

генде, ақаулы болып шықты және дереу күшін тоқтатып, 

басқаша байыптауды қажет етеді.

Мұны нақты мысалмен дәлелдейін. Біз кезінде эко-

номикалық еркін аймақ идеясымен әуестеніп әрі оны 

тиісті заңнамамен және үкімет актілерімен жүзеге асы-

руға барынша белсене әрекет еттік. Бірақ қазір, уақыт 

өткен  соң,  біздің  біршама  асығыстық  жасағанымыз 

айқын болды. Мәселе мынада: қазіргі көзқарас, менің 

байқауымша,  қолданыстағы  Конституцияға  да,  біз 

жаңасына енгізіп жатқан нормаларға да қарама-қайшы 

келеді.  Біз  Қазақстан  біртұтас  мемлекет,  жер,  оның 

қойнауы, суы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа 

да табиғат ресурстары тек қана мемлекет меншігінде 

деп мәлімдейміз. Әрі бұл даусыз ақиқат: бүкіл дүние 

жүзінде табиғат байлықтары, шикізат қорлары мемле-

кеттің бақылауында болады.


226

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Ал  біз  болсақ,  өз  актілерімізбен  экономикалық 

аймақтарға – ал олардың ең бай шикізат ресурстары бар 

аумақтар екендігін ескеруіміз керек – ұлттық байлығы-

мызды іс жүзінде бақылаусыз шашып-төгетіндей құқық 

беріп, жағдай жасаймыз, ал бүгінде ол – республиканың 

материалдық игілігі мен реформаны қамтамасыз етудің 

ең маңызды көзі. Ал маған мұның бұлай емес екенін, 

алдымызда  «қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған» 

заман күтіп тұрғанын айтып, дәлелдеуге тырысқанда, 

мен  оның  барып  тұрған  популизм  мен  патшалық 

болмаса, дербес княздік құруға ұмтылыс екенін айқын 

түсінемін.

Осыған байланысты бізге Конституцияда жергілікті 

билік туралы мәселені шешіп, ақыр соңында осы маңыз- 

ды проблеманың түйінін табу аса қажет деп ойлаймын. 

Жақында  Конституциясын  қабылдаған  Өзбекстанда 

мұны жап-жақсы істей білді ғой.

Жергілікті билікті әрі-сәрі күйінде қалдыруға бол-

майтындығына мен өзімнің республика бойынша соңғы 

сапарым кезінде де, облыстардың, аудандардың басшы-

ларымен, осы сессия қарсаңында халық депутаттарымен 

болған сұхбаттар барысында да көз жеткіздім.

Дұрыс түсініңіздер, мұны тек басқару құрылымын 

жетілдіру, қос өкіметтікке жол бермеу үшін ғана емес, 

сондай-ақ  өзіміздің  мемлекеттілігіміз  бен  егеменді-

гімізді қорғау, тұрақтылықты, қоғамдық тыныштықты 

сақтау үшін де істеу керек.

Мұның  басқа,  бәлкім,  саяси  тұрғыдан  келгенде 

әлдеқайда маңызды жағы да бар. Біздің экономикалық 

аймақтарымыз – көбінесе облыстар, яғни мемлекеттік 

әкімшілік-аумақтық бірліктер. Ал Конституцияда біз 

мемлекетіміз бөлінбес біртұтас деп барынша айқын 

және біржақты мәлімдейміз. Бұл нұсқадағы экономи-


227

калық аймақ, мен айтар едім, объективті түрде эконо-

микалық сепаратизмді туғызады. Өзіміз нышандарын 

қазірдің  өзінде  байқап  жүрген  экономикалық  және 

саяси  сепаратизмге  ұмтылушылық  бағыттары  бұл 

жағдайда бірігіп, бірін бірі күшейтетіні соншалық, оның 

салдарын болжап білу оп-оңай. 

Бұдан да көбірек айтсам, бізде алаңдатарлық нышан-

дар бой көрсетуде. Жақында өткен кейбір митингілерде 

Жоғарғы  Кеңес  пен  үкіметке  енді  республиканың 

федерациялық құрылысы үзілді-кесілді тықпаланып, 

облыстар оның субъектілері болуға тиіс делінеді. Бірақ 

КСРО-ның ыдырауы нақ осындай сценарий бойынша 

жүргенін, қазір де кейбір республикалардағы оқиғалар 

осылай дамып, әрі қантөгіспен одан әрі ушығып отырға-

нын еске түсіріңіздерші. Біз мұндайға жол бере алмай-

мыз және жол беруге тиіс те емеспіз. Бұл – егемендікке, 

тұрақтылыққа,  тіпті  әрбір  қазақстандық  отбасының 

тыныштығына тікелей төнген қатер.

Дәл осындай митингілерде, бір жағынан, мемлекет-

тік қостілділікті енгізу осылайша үзілді-кесілді түрде 

ұсынылып жатса, екінші жағынан, басқа тілдердің қыз-

меті туралы еске де алынбастан, тек қазақ тілін мемле-

кеттік деп тану талап етілуде. Біресе ана ұлттың, біресе 

мына ұлттың өкілдерін елден көшіріп жіберу жөнінде 

шаралар қолдануға шақырған үндеулер естілуде.

Бұлардың  қай-қайсысына  да  біз:  үзілді-кесілді 

талап қою тілі біз үшін қабылданбайды деп нық және 

бірмәнді жауап беруге тиіспіз. Қазақстанның тәуелсіз 

егемен мемлекет екенін, қазірдің өзінде оның кез келген 

әпербақандарды тәубесіне келтіріп, қалыптасып келе 

жатқан мемлекеттілігін шайқалтуға жол бермейтіндей 

жеткілікті  конституциялық  мүмкіндіктері  барлығын 


228

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


бұлардың қай-қайсысы да түсінетін уақыт жетті. Осы 

жас мемлекеттің, қай ұлтқа, қандай әлеуметтік жікке, 

діни конфессияларға, саяси партияларға немесе қозға-

лыстарға  қатыстылығына  қарамастан,  өз  азаматта-

рының  мүдделерінен  артық  ешқандай  мүддесі  жоқ. 

Кез келген егесушілік, кез келген шектен шығушылық 

халыққа,  қатардағы  азаматтарға  қарсы  әрекет  етеді, 

баршаның бейбіт өмірі мен тыныштығын жарға тірейді.

Сондықтан, кәне, туындап жатқан барлық мәселе-

лерді  қызбалыққа  салынбай,  жалпы  игілік  мүддесі 

үшін  байсалды  қарастыратын  болайық.  Оларды  біз 

үшін ешкім шешіп бере алмайды. Әрі олар өркени-

етті, әділ түрде, жауапкершілікпен талқылануға тиіс. 

Депутаттарды халық сайлаған, сондықтан олар жеке 

адамдардың емес, мемлекеттің барлық азаматтарының 

мүддесі үшін мұның шешімін табуға міндетті. Тек сонда 

ғана Жоғарғы Кеңес өз борышын орындайды.

Дегенмен экономикалық аймақтарға оралайық. Мен, 

бұрынғысынша, олардың болуына қарсы емеспін. Мен  

экономикалық мәселелердегі аймақтардың құқықта-

рын кеңейтуді жақтаймын, бірақ біздің бұл іске көзқара-

сымыз, ал ең бастысы – мақсаттарымыз қатаң салыстыра 

тексерілген  болуы  тиіс.  Сондықтан  Конституцияға 

мемлекеттіліктің міндетті белгісі ретінде бөлінбес ортақ 

экономикалық кеңістік ұғымын енгізуді ұсынар едім. 

Заңгерлер мұны дәлірек тұжырымдай алады.

Осындай шегінісім үшін кешірім сұраймын, мұн-

дай  жетілмеген  актілердің  алдағы  уақытта  да  пайда 

болмайтынына біздің ешқандай кепілдігіміз жоқ деп 

есептеймін. Ол үшін ешкімді де кінәлағым келмейді. 

Бұл өзі едәуір дәрежеде объективтік үдеріс, біздің бар-

лығымыз іс-қимыл үстінде үйренеміз және қателесуден 



229

аман  болмағымыз  қиын  іс.  Дегенмен  мұны  қалайда 

реттеп, шұғыл амалын қамтамасыз ету үшін, Жоғарғы 

Кеңестің конституциялық нормалардың елегі арқылы 

белгілі бір кезеңге және қатаң белгілі мәселелер ауқы-

мында қазіргі бар заңдардың нормаларын тоқтату, бәл-

кім, тіпті өзгерту жөнінде жарлықтар шығару өкілдігін 

Президентке беру құқығын көздеген жөн болар еді.

Өз атыма тоталитаризмге, авторитарлыққа қайтып 

оралды, демократиялық өзгерістер тоқтатылды дейтін 

наразылықтар мен сынның боларын, оның ішінде сырт-

тан да айтыларын білемін. Тіпті, ол айтылып та жатыр. 

Бірден мәлімдеймін: ондай уәждерді қабылдамаймын, 

демократиялық үдерістердің қандай да болсын тежелуі 

туралы сөз болуы мүмкін емес. Мұның бәрі ең алдымен 

экономикалық реформаларды мүлтіксіз жүргізу үшін 

жасалып жатыр. Және, қайталап айтамын, олар қатаң 

регламенттелген өтпелі кезеңге арналған. Біздің басы-

мызға түскен экономикалық бейберекеттік жағдайында 

мұндай шараларсыз болмайтындығына сенімдімін. Егер 

бізге осы кезеңге күшті атқарушы билік қажет болса, біз 

соған саналы түрде баруға тиіспіз.

 Енді басқа да жайттар туралы. Мәселен, 65-ші бапта 

жазылған жайт күмән келтіреді. Оған сәйкес мемле-

кеттік  салықтар  мен  алымдарды  тек  Жоғарғы  Кеңес 

белгілейді.  Бұл  конституциялық  реттеудің  шаруасы 

еместігі айдан анық. Белгілі бір кезеңде осы өкілеттік-

тердің бір бөлігін үкіметтің немесе жергілікті билік пен 

басқару органдарының деңгейіне беру туралы мәселенің 

туатыны сөзсіз.

Конституция  жобасының  119-шы  бабына  сәйкес, 

тізімге  енгізілген  азаматтардың  жалпы  санынан  көп 

сайлаушылар  кандидатурасын  жақтап  дауыс  берсе, 


230

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Президент сайланды деп есептеледі. Бұл ретте Консти-

туциялық комиссия мұның шын мәнінде республика 

азаматтары  көпшілігінің  еркін  білдіретіндігін  бас-

шылыққа алды. Бірақ басқа көзқарасқа да негіз бар: бұл 

болжам талдамалары халықтың сайлау белсенділігінің 

төмендегенін көрсететін жағдайға қатысты. Ондайда 

дауыс беруге қатысқандардың көпшілігінен дауыс алу 

арқылы Президентті сайлау мүмкіндігін талқылаған 

орынды.

Тәжірибе  көрсеткеніндей,  Президент  жанындағы 



консультативтік-кеңесші  органдар  мен  мемлекеттік 

кеңесшілер институты өзін ақтады. Бұл институттар-

дың,  әсіресе,  Президенттің  стратегиялық  және  так-

тикалық  сипаты  бар  шешімдерін  талдап  жасаудағы 

рөлі  айтарлықтай.  Мемлекеттік  кеңесшілер  талдау, 

жоспарлау, үйлестіру, бақылау қызметтерін атқарады, 

сондай-ақ  кейбір  жағдайларда  Президенттің  тапсы-

руы  бойынша  мемлекеттік,  әлеуметтік  және  мәдени 

құрылыстың жекелеген салаларын басқаруды жүзеге 

асырады. Осыған байланысты Конституцияға Прези-

денттің  консультативтік-кеңесші  органдар  құруына, 

мемлекеттік кеңесшілерді тағайындауға және қызмет-

тен босатуға құқылы екенін жазудың мәні бар.

Бірлескен сындарлы жұмыс барысында мен айтып 

өткен  заң  шығарушы  және  атқарушы  билік  өкілет-

тіктерінің  аражігін  айқын  ажыратуға  бағытталған 

түзетулерді енгізуге болады деген сенімдемін. Өйткені 

мұнымен жұрттың бәрі де келіседі ғой.

Қарауға беріліп отырған жобада Жоғарғы сот бас-

шылығындағы бірыңғай сот жүйесі ұсынылады, оның 

бір палатасы Конституцияны сот арқылы қорғау өкілет-

тігіне ие болады. Жобаны әзірлеушілер мұны сот жүйе- 



231

сіндегі көп буындылық пен бытыраңқылықтың жойы- 

луымен түсіндіреді, мұның өзі, біріншіден, сот билігін 

нығайтуға,  екіншіден,  бірқатар  жайларға  (бірыңғай 

процессуалдық негіздердің болуы, белгілі бір істердің 

соттылығы туралы дау туғызбау, судьяларды әртүрлі 

санаттарға бөлуді жою, біртұтас аппарат және басқа-

лары) байланысты сот қызметін ұйымдастыруды жақ-

сартуға және, үшіншіден, Конституцияны сот арқылы 

қорғауды жүзеге асыруда саясиландыруды болғызбауға 

мүмкіндік береді. Соттың міндеті, ең алдымен, Консти-

туцияны қорғау болуға тиіс.

Бұл қосымша қазіргі Конституциялық және Жоғары 

арбитраждық соттарға қастандық немесе Конституци-

яны сот арқылы қорғаудан бас тарту ретінде бағалан-

бауы тиіс. Конституцияның өтпелі ережелері Жоғарғы 

Сот  пен  сот  құрылысы  туралы  конституциялық 

заңдарды қабылдағаннан кейін бірыңғай сот жүйесін 

құруды көздейді. Оларды талдап жасау осы Конститу-

цияны қабылдаған кезден бастап екі жылдан кешікпей 

аяқталуы тиіс.

Бірыңғай  сот  құру  идеясы  шүбәсіз  қабылданбай  

отырғанын және даулы мәселелердің бірі екенін біле- 

мін. Осы бойынша тіпті «қолында билігі барлар» бір-

неше үдерістерде өзін көрсеткен Конституциялық сот-

тың сазайын беруде деген пайымдаулар пайда болды. 

Мен болсам, мұндай ұйғарымдарға бармас едім. Бұл 

менің идеям емес екенін, республиканың өзге басшыла-

рына да күдік келтіруге болмайтынын айтуға тиістімін. 

Біз қазір сот-құқықтық реформаның табалдырығында 

тұрмыз және Конституция ауқымында Жоғарғы Кеңес 

осы мәселе бойынша бір шешімге келіп, сот жүйесінің 

болашағы қандай болмақ, ол өзгеруге тиісті ме, жоқ па 


232

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


дейтін мәселені айқындауға міндетті. Егер тиісті болса, 

онда мазмұны мен мерзімі бойынша бұл реформаның 

қандай кезеңдерін айқындау керектігі және бар.

Бүкілхалықтық  талқылау  барысында  судьяларды 

Президенттің  тағайындауы  туралы  ұсыныстар  түсті. 

Заңгерлер қауымы да осы пікір жағында. Халық депу-

таттары осыған назар аударулары тиіс деп ойлаймын. 

Бұл жағдайда Президент, мемлекет басшысы ретінде, 

судьялар тәуелсіздігінің кепілі ретінде болады. Олай 

болса,  оның  жанында  сот  әділдігін  жүзеге  асыруды 

ұйымдастыру  мәселелерін  қарайтын,  судьяларды 

тағайындау мен ауыстыру жөнінде ұсыныстар және т. б. 

әзірлейтін Жоғары сот кеңесі жұмыс істеуге тиіс. Бұл 

жағдайда, идеяны жақтаушылардың пікірі бойынша, 

судьялар парламенттік партиялардың, депутаттардың 

толық мүдделерінің ықпалынан қорғалатын болады, ал 

мұндай ықпалдың болуы әбден мүмкін.

Біз қазір не себепті президент импичменті мен пар-

ламентті тарату мүмкіндігін белгілеуден принципінде 

бас  тартқанымызды  да  түсіндіргім  келеді.  Мәселе, 

әрине, біреудің жеке жақсы көрушілігінде немесе жек 

көрушілігінде  емес.  Оның  үстіне,  нақ  менің  баста-

машылығым  бойынша  Конституциялық  комиссия 

Президенттің қызметінен бас тартуы мен парламентті 

тарату туралы баптың нұсқаларын екі рет қарап шықты. 

Грузия мен Тәжікстанда болған оқиғаларға жасалған 

талдау, Достастықтың басқа елдерінде президенттер 

мен  парламенттер  арасындағы  қатынастардың  даму 

серпінін зерттеу, сондай-ақ біздің саяси-құқықтық мәде-

ниетіміздің деңгейіне берілген объективтік баға қазіргі 

күрделі жағдайда Президенттің қызметінен кетуі мен 

парламентті тарату тетіктерін белгілеу оларды тұрақ-



233

сыздандырушы елеулі факторға айналдырудың айқын 

қатері бар екенін көрсетіп отыр. Ал біздің бүгінгі басты 

міндетіміз – билікші институттардың тұрақтылығын 

қамтамасыз  ету,  конституциялық  дағдарыстың  тіпті 

көлеңкесінің  де  пайда  болуына  мүмкіндік  бермеу. 

Қазір  билік  аласапыранына  жол  беру  –  мемлекетті 

жаппай бейберекеттіктің құрдымына тарту деген сөз. 

Біз Жоғарғы Кеңес конституциялық өкілеттілігінің бүкіл 

мерзімін сөзсіз өтеуі тиіс дегенді негізге аламыз.

Бізге  күллі  депутаттық  корпусты  сақтау  қажет. 

Қазір депутаттық өкілеттіктен бас тарту туралы мәсе-

лені әкімшілік басшылары шешетін де кез емес. Жаңа 

билік құрылымдарын құруға 1,5–2 жыл уақыт қалғанда 

сайлау науқанына тартылып, қоғамның саяси қуатын 

шығындау мүлдем негізсіз. Егер қажет  болса, іс  пен 

тұрақтылықтың  мүддесі  үшін  қазіргі  қолданыстағы 

заңдарға  тиісті  түзетулер  енгізуге  болады.  Қазіргі 

Жоғарғы Кеңес нарыққа өтпелі кезеңнің заңнамалық 

базасын құруды бастады және мақсатты түрде жалғас- 

тыруда. Басталған істі аяғына дейін жеткізу керек.

Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шең-

берінде  саяси-құқықтық  тұрақтылықтың  өзіндік  бір 

үлгісі бола алады және болуға тиіс.

Халық депутаттары жобада көрініс таппаған, бірақ 

Конституция мәтінін дайындау үстінде белсенді түрде 

талқыланған басқа да бірқатар конституциялық ереже-

лерге қатысты көзқарастарын айтады деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет