Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет103/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   250
Оқу сауаттылығы. PISA зерттеуінде оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына 

оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол 

жеткізу  үшін  қолдануы,  білімдері  мен  дағдыларын  қоғамның  белсенді  өміріне 

араласуы  үшін  дамытуы.  Оқу  сауаттылығын  тексеру  оқу  техникасы  немесе 

мәтіннің  мазмұнын  нақты  түсінуін  бағалау  емес,  оқу  барысында  меңгерген 

білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға 

бағытталған. 

 Мысалы:  1.  Түстен  кейін  Болат  пен  Қайрат  Стамбулдан  Сакарияға  дейінгі 

пойыздар жөнінде білмекші болды. Оларға қай нөмір бойынша телефон соғу керек 

еді? 2. Болат сөмкеден заттарын шығарып болған соң Қайратпен тамақтануға бару 

үшін оған телефон соқты. Қайрат 328-ші нөмірде орналасты. Болат қандай нөмірді 

теру керек?

 [3]


 

Қазіргі  мектептерде  оқушылардың  бойындағы  функционалдық  сауаттылық  пен 

өмірге  қажетті  құзырлылықтар  жиынтығын  дамытуға  басты  назар  аударыла 

бастады.  Сондықтан  әрбір  ұстаз  жаңа  кезең  талаптарына  сай  болу  үшін 

педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай 

отырып,  оқушының  рухани  өсуіне  жағдай  туғыза  алатын,  жаңалықтарды 

қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны 

да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.  

"Сауатты оқу – бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамға 

қатысу  үшін  жазбаша  мәтінді  түсіну,  пайдалану,  көрсету  және  жұмыс  жасау". 

(PISA,  2009).  Оқу  сауаттылығының  3  құрамдауышы  бар,олар:  жағдай,  мәтін, 

аспект. 


1-құрамдауыш, Жағдай:   

Жағдайдың  санаттары:  жеке  пайдаланым  үшін  оқу,  көпшілік  пайдалану  үшін  оқу 

(қоғамдық), жұмыс жасау үшін оқу және оқыту үшін оқу.  

2-құрамдауыш, Мәтін: 

Мәтін  формасы:  тұтас  және  жадағай.  Мәтін  типі:  сипаттама,  мазмұндау, 

мазмұндама, аргументациялау, нұсқау, келісім.      

3-құрамдауыш, Аспект:   

Аспектілер  –  бұл  оқырман  мәтінде,  мәтін  айналасында  және  мәтін  арасында 

аталған  тәсілдерді  келісу  үшін  пайдаланатын  психологиялық  стратегиялар, 

тәсілдер  және  тапсырмалар.  Оқу  сауаттылығы  тапсырмаларын  әзірлеумен 

айналысатын бес аспект:   

ақпарат іздеу, қол жеткізу және алу;  

• кеңінен түсінуді қалыптастыру;   



296 

 

интерпретациялауды дамыту



• мәтін мазмұнын көрсету және бағалау;   

• мәтін нысанын көрсету және бағалау. 

[4-5]

 

2012  жылы  РІSА  халықаралық  зерттеуіне  Батыс  Қазақстан  облысы  бойынша  8 



білім беру ұйымы қатысқан, оның ішінде 3 қалалық мектеп, 4 ауылдық мектеп, 1 

колледж.  Барлық  қатысушылар  саны  218,  оның  128-і  оқыту  тілі    қазақша,  90-ы 

орыс тілінде білім беретін мектептер.  

Осы    2012  жылғы  PISA  тапсырмасы  бойынша  мынадай  1  мысал  келтіре  кетейін. 

Мәтін «Печенье» деп аталады. 

Бір  қыз  бала  орталық  вокзалда  пойыздың  келуін  күтіп  отырды.  Уақытты 

қысқарту үшін ол кітап сатып алуды ұйғарды. Содан соң ол күту залынан тыныш 

қана отырып, кітап оқитын орын тауып алды.  

Қораптағы  печенье  газет  оқып  отырған  ер  адам  мен  екеуінің  ортасында 

тұрды.  Ол  бір  печенье  алған  кезде  ер  адам  да  біреуін  алды.  Ер  адамның  бұл 

әрекетіне  ол  қатты  таңырқады,  бірақ  ештеңе  айтпастан  кітап  оқуын  жалғастыра 

берді.  Өзі  іштей:  «Сене  алар  емеспін! Мен батылдау  адам  болсам,  міндетті  түрде 

қарсы бірдеңе айтқан болар едім» деп ойлады. 

Ол әлсін-әлсін қораптан бір печенье алған сайын ер адам да соны қайталады. 

Осы іс-әрекет бір ғана печенье қалғанша жалғасты. Қыз бала ер адам қандай әрекет 

жасар екен деп қарап отырды. Ер адам болса соңғы печеньені алды да, ортасынан 

тең бөліп, бір жартысын қызға берді.  

Қатты  ашуланған  қыз  кітабын  сөмкесіне  тоғытты  да,  бұл  жерден  кеткенше 

асықты.  Ашуын  басу  үшін  ол  залдың  басқа  бір  жеріне  барып  отырды.  Ашуы 

тарқағаннан кейін ол кітап алу мақсатымен сөмкесіне қолын салды. Сонда ғана ол 

сөмкесінде қорабы ашылмаған өз печеньесін көрді.     

Сұрақ 1. 

Әңгіменің басында қыз бала не істеді? 

А) Ол вокзалда пойыз күтіп отырды 

В) Ол вокзалды тастап шығып кеткісі келді 

С) Ол вокзалда ер адаммен сөйлесті 

Д) Вокзалдан газет сатып алды 

Сұрақ 2. 

Әңгіменің  ортасында  қыз:  «Сене  алар  емеспін!»  деп  ойлады.  Қыз  бала  неге  сене 

алмайды?  

Сұрақ 3. 

Көз  алдыңызға  елестетіңізші,  әңгімеде  сөз  болған  қыз  бен  ер  адам  әңгіме 

аяқталғаннан кейін бірнеше минуттан кейін кездескен болса, қыз бала ер адамға не 

айтар еді? 

Бұл  мәтінде  1-сұрақ  жабық  сұраққа  жатады,  себебі  оқушы  дайын  жауаптан 

белгілейді.  2-3-сұрақтар  ашық  сұраққа  жатады,  себебі  мәтіннен  алатын  дайын 

жауап  жоқ,  оқушы  өзінше  ой  қорытып,  тапсырманы  өз  бетінше  орындайды,  яғни  

интерпретациялауды дамыту бойынша жұмыстанады. Интерпретация дегеніміз – 

қызығушылық  тудыратын  ерекше  дағдылар,  көзқарастар  немесе  кейде  логикалық 

қорытынды деп те аталады.

 [6]


 


297 

 

 3-сұрақта  оқушы  мәтінді  өзі  аяқтайды,  өмірлік  жағдайлармен  байланыстыра 



отырып,  зерделейді.    Осы  тапсырманың  талдауына  келсек,    оқу  сауаттылығының 

аспект  құрамдауышы  бойынша  1-жабық  сұраққа  қатысушылардың  90%-ы  дұрыс 

жауап  берген,  ал  2-сұраққа,  яғни  аспект  құрамдауышының  «ақпарат  іздеу,  қол 



жеткізу және алу» тапсырмасы бойынша оқушылардың 54%-ы дұрыс орындаған. 

3-сұрақ  аспект  құрамдауышының  «мәтін  мазмұнын  көрсету  және  бағалау» 

бойынша 70%-ы дұрыс орындаған.  

 

Оқушылардың тапсырманы орындау пайызы 

                               

  

 



 

Әр  оқушы  оқу  сауаттылығының  3  құрамдауышы:  Мәтін,  Жағдай,  Аспект 

түсініктерін  күнделікті  сабақта  оқып,  түсініп,  тапсырмаларын  мұқият  орындауы 

шарт,  ал  мұндай  тапсырмаларды  орындау  дағдыларын  қалыптастыру 

жауапкершілігі мұғалімге жүктелетіні сөзсіз. 

 

Библиографиялық сілтемелер 

1. Мектеп 

оқушыларының   функционалдық    сауаттылығын   дамыту 

жөніндегі  2012  –  2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары.- 

Астана:2012. –1-2 б. 

2. Бастауыш 

мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру әдістемесі, әдістемелік құрал, Астана: 2013. – 7-8 б.  

3. РІSА халықаралық  зерттеуі, әдістемелік құрал. Астана: ҰББСБО, 2013.  – 

8-9 б,79 б. 

4. Оқу  сауаттылығы.  Тренерге  арналған  нұсқаулық.  PEARSON  2013.  –  138 

б. 

5. Оқу сауаттылығы.Мұғалімнің жұмыс дәптері. PEARSON 2013. – 47-48 б. 



6. Основные  результаты  международного  исследования  РІSА  2012. 

Национальный отчет. Астана: 2013. –105-106 с., –147 с. 

7. Мұғалімге арналған нұсқаулық, ІІІ деңгей: 2012. –58 б.  

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет