Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет111/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

Бекболат Ауесканович Кумарбеков 

С. Аманжолов атындағы орта мектеп 

Қазақстан, Өскемен 

 

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ 

ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

Баяндамада  математика  сабағында  бүгінгі  күн  талабына  сай  ақпараттық 



технологияның  қолдану  ерекшелігі,  тиімді  жақтары,  мұғалімдер  мен  оқушыларға 

ашылатын  мүмкіндік  және  шығармашылықпен  жұмыс  істеудің  жолдары 

қарастырылған. 

 

Басты 



сөздер: 

ақпараттық 

технология, 

математикалық 

сауаттылық,оқытудың компоненттері.  

 

Білім-сарқылмайтын  қазына,  айнымайтын  дос,  мызғымайтын  қорған, 



құтқарушы  құрал,  әмбебап  ақылгөй,  пайдалы  қару,  өмірлік  азық.  Білім-

Отанымызды  көркейтудің  сан  мың  жолының  ең  тиімдісін  таңдап  алуға  қызмет 

ететін  ғажайып  күш.  Сонымен  бірге  ол  үнемі  қолдауды,  жарнамалау  мен 

насихатттауды  қажет  етеді.  Болашақ  ертеңі  жастар,оларға    сапалы  білім  беруге 

байланысты Елбасымыздың  «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен 

байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деген сөзі, 

қазіргі  қоғамда     ақпараттық  технологияға  білім  беру  жүйесінің  терең   бет  бұруы 

болып отыр.Бұл төмендегі жағдайларға мүмкіндік береді: 

- ғылыми  –  педагогикалық  ақпараттар,  жаңа  әдістемелік  ақпараттық  құжаттарды, 

байланыс  желілерін  жан-жақты  қолданудың  негізінде  білім  беру  жүйесін  басқару 

механизмдерін меңгеру; 

- өз  бетінше  білім  алу  дағдыларын  қалыптастыруға  оқу  потенциалын  арттыруға, 

оқу-ақпараттық,  зерттеу-тәжірибелік  әрекеттерді  жүзеге  асыруға  негізделген 

оқытудың  әдістемелік  жүйесін  құру.Сондықтан  білім  саласында  жаңа  заман 

ағымына  сай  жаңа  ақпараттық  технологиялар  қолданудың  маңызы  зор  екендігін 

білдіреді. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық 

қоғам  қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  білім  беру  саласында  төмендегідей 

міндеттерді  шешу  керектігін  атап  көрсетті:  «Компьютерлік  техниканы,  интернет, 

телекоммуникациялық 

желі, 


электрондық 

және 



314 

 

телекоммуникациялық   құралдарды,  мультимедиялық  электрондық  оқулықтарды 



оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру керек, »- деген еді. 

Елімізде  білім  беру  саласында  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану 

басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа 

ақпараттық  коммуникациялық  технология  және  білім  беру  жүйесіндегі  сабақ 

берудің жаңаша әдісі болып табылады. 

Сабақ  беру  барысында  компьютерлік  желілер  технологияларын  қолдана 

отырып, бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылардың компьютердің негізгі 

құрамымен  бірге  интернеттен  ақпарат  іздеуді  меңгеру  машықтығы  көрінеді. 

Интернеттен  кез  келген  аудиовизуалды  ақпарат  алуға  және  оны  оңайлықпен 

қолдануға  ,сонымен  қатар  мұғалім  мен  оқушының  арасында  ақпаратты  қарым  –

қатынас орнатуға кең мүмкіндік береді. 

Ақпараттық   технологияның  мұғалімдерге  берер  мынадай   мүмкіндіктері 

байқалды: 

 

мұғалім  үздіксіз  ізденіс  үстінде жүреді ; 



 

жеке тұлғаны қалыптастырудаға  жауапкершілігі артады; 

 

инновациялық   технологияларды  қолдану  іскерлігі,  әдіс-тәсілі  артады, 



жас мамандардың қызығушылығын туындатады ; 

 

мектептегі  басқа  пән  мұғалімдерімен  тәжірибе  алмастыру  арқылы 



ұжымның ұйымшылдығының  ұйтқысы бола алады ; 

 

интернетке  кіру  жүйесі  арқылы  әлемдік  деңгейде  іс-тәжірибе  алмасуды 



қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін  игеруге қол жеткізеді; 

 

мұғалім сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады  . 



Ақпараттық технологияның оқушыларға берер мүмкіндігі : 

 

түрлі ақпараттық , бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан-



жақты жетілдіреді , дамытады; 

 

өз бетінше сарамандық тапсырмаларды орындайды; 



 

тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша 

қайталауға мүмкіндік беріледі; 

 

пәнге қызығушылығы ,үздіксіз ізденісі артады; 



 

ойлау ,есте сақтау, пікір сайыстық қабілеті дамиды; 

 

өз  ойын  сызба  ,  сурет,  кескіндеме,  кесте,  графиктік  моделдер  түрінде 



жеткізеді; 

 

түрлі бейнелік , сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды; 



 

түрлі  деңгейдегі  тест  тапсырмаларын  орындап  өзінің  алған  білімін 

тексереді. 

Ақпараттық  технологияның  мүмкіндіктерін  атай  келе,  осы  технологияны 

меңгерудегі  мұғалімнің  кәсиби  шеберлігі,  ақпараттық  технологияны  дұрыс  және 

ұтымды қолдана алуы - басты мәселе.   Әрбір ұстаздың мақсаты –оқытудың барлық 

компоненттерін  пайдалана  отырып  оқушыға  жалпы  орта  білім  деңгейінде  терең 

білім  беру,  әрбір  оқушыны  жан-жақты  құзыретті  етіп  тәрбиелеу.  Математика  - 

ерекше құдіретті ғылым, ал математика пәнінің мұғалімі баланың бойындағы ақыл, 

білім, парасат, сабырлық, шығармашылық  қасиеттерін бойынан аша білетін тұлға. 

Қазіргі  уақытта   математика   ғылымы  кең  етек  алып  дамуда.Сондықтан 



315 

 

математиканы  оқытудың  мазмұнын  ашуды  жүзеге  асыру  үшін  жаңа  ақпараттық 



технология  құралдары  ауадай  қажет.  Қазіргі  ақпараттық  технологияның  озық 

жетістіктерін  математика  сабағында  қолдану  арқылы  танымдылық  іс-әрекеттерін 

ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады. 

Математикалық  білім  беру  туралы  ойды  математикалық  сауаттылық 

мәселесінен  бастауымыз  керек.  Ал,  сауатылық  мәселесі  математика  пән 

мұғалімінің дайындық сапасының негізгі проблемасы. Бұл проблемалар: 

- Пән мұғалімінің теориялық әдістерінің жан – жақтылығы; 

- Мұғалімнің кәсіби дайындық негіздері, (курстар, семинарлар т.б.); 

- Пән  дамуының  ішкі  қисындылығы,  яғни  логикалық  ой  –  өрісінің  жан  – 

жақтылығы.  

Менің  математик  ретінде  өз  алдыма  қойған  мақсатым:  «Оқытудың  озық 

ақапараттық – инновациялық технологиялар әдістерінің тиімді жағын пайдаланып, 

математикалық  білім  жүйесін  дамытып,  сапалы  білім  беру».  Оқушыларға  білім 

беруді дамытуда білім сапасын төмендегідей анықтаймын: 

- толықтығы 

- тереңдігі 

- жеделдігі 

- икемділгі 

- нақтылығы 

- жалпыланғандығы 

- жүйелілігі 

- түсініктілігі 

- беріктігі  

Оқушылардың  ойлау  қабілетін  тереңдету,  пәнге  қызығушылығын  арттыру 

бағытында  көп  жылдардан  бері  педагогикалық  зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп 

келемін. Сол жасалған жұмыстарымның негізінде оқушының: 

- есептің берлігенін толық оқып шығуға дағдыландыру 

- теорияны білу оны логикамен ұштастыру 

- шапшаң ойлау қабілетін қалыптастыру. 

- көру, есте сақтау қабілетін дамыту 

- есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу 

- пәнге деген құзырлылығын арттыру 

Математиканы  оқып  түсіну  ойлануды  көп  қажет  етуіне  байланысты 

оқушылардың бүкіл сабақ барысында оқылатын материалға қызығушылығын және 

сабаққа  белсенділігін  арттыру  мәселесін  ескеру  керек.  Осыған  байланысты 

оқушылардың  ойын  пысықтау,  білімдерін  өз  бетімен  толықтыру  үшін  оқытудың 

және сондай-ақ әдістемелік қабылдаулардың жаңа тиімді әдістерін іздеу қажеттілігі 

туады. Математиканы оқытуда жаңа әдістемелерді, жаңа ақпараттық технологияны 

енгізу,  креативтік  әдістемелер  мен  интерактивтік  тәсілдерді  пайдалануды  талап 

етеді.  Оқушылардың  математикаға  қызығушылық  танытуы  сабақ  берудегі 

әдістемелерге және  қаншалықты оқу жұмысының дұрыс құрастырылуына  тікелей  

тәуелді  болады.  Оқушыларды  математика  пәніне  қызығушылығын  арттыру 

негізінде  олардың  логикалық  ойлау  қабілетін  қалыптастыру  арқылы  базалық 



316 

 

бағдарламаларды  игеруі  мен  өзіндік  дамуға  бағытталуы  математикадан  білім 



берудің  негізі  болып  табылады.  Бұл  өз  кезегінде  жаңа  ақпараттық  технологиялар 

мен  әдістемелік  құрылымдарға  сүйенеді,  осының  көмегімен  математикалық 

ойлауды  қалыптастыру,  математикалық  логикалық  бағытты  қалыптастыру, 

дарынды оқушыларды тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету, математикалық дүние 

танымды  қалыптастыру,  математиканы  ұнатпайтын  оқушыларды  математикаға 

қызықтыру,  оқушылардың жалпы  білімдік  сапасы  жоғарылату.  т.б  [1].  Білім  беру 

жүйесін  тез  қарқынмен  ақпараттандыру  қажеттілігі  мына  факторлармен 

түсіндіріледі:   

- сабақтарды  өткізуде  әртүрлі  жаңа  ақпараттық  технологияны    қолдану  

қажеттігі;   

- жобалау  және  зерттеу  жұмыстарын  орындауда  оқушылардың  жеке 

шығармашылық қабілеттілігін және танымдық белсенділігін жетілдіру;  

- оқушылардың  өз  бетінше  жұмыс  істеу  және  шығармашылық  қабілетін 

тәрбиелеу керек;  

- ақпараттық технологияны оқыту нәтижесінде сапаны бақылау және бағалау 

құралы ретінде қолдану керек;  

- оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру керек;   

-

 



оқушылардың  басқа  пәндерді  оқытуда  да  компьютерді    қолдануға  үйрету 

керек.  Білім  беруді  ақпараттандыру  –  оқытушылар  мен  оқушыларға  қатысты  

кешенді,  еңбекті  қажет  ететін  күрделі,  көп  жоспарлы  үрдіс.  Ол  білім  беру 

жүйесінде  ақпараттық  -  коммуникациялық  технологияларды  (АКТ),  пәндерді 

оқытуда  ақпараттық  технологияны  игеру,  интеграцияланған  сабақты  және 

жобалау-зерттеу қызметтерін өңдеу,  Интернет - білім желісін белсенді пайдалану. 

Ақпараттық  технологиялар  қоғамның  ажырамас  бөлігі  бола  бастады  және  бүтін 

білім  беру  жүйесінде  ықпалы  үлкен  болып  тұр.  Өз  бетінше  жұмыстану 

қабілеттілігі,  олардың  потенциалдық  мүмкіндіктерін  дамыту,  оқушымен  ұтымды 

шарттар  жасау  үшін  жаңа  ақпараттық  технологиялар  немесе  компьютер  қолдану 

өте  тиімді.      Оларды  білім  беру  үрдісінде  қолдану  сабақтар  өткізуде  мынадай 

мүмкіндіктер  береді:    -  жоғары  эстетикалық  және  қызу  деңгейде  (музыка, 

анимация); 

- көрнекілікті қамтамасыз етеді; 

- дидактикалық материалдардың  көптігі тартымдылық танытады;  

- сабақта атқарылатын жұмыстардың көлемі жоғарылайды;  

- саралаудың  биік  дәрежесі  қамтамасыз  етіледі  (әртүрлі  деңгейлік 

тапсырмаларды пайдаланып оқушыны жеке тұрғыда оқыту) . Математиканы оқып 

үйренуде АКТ қолданудың өзі барлық жағынан ақтап жатыр:   

- білім беру сапасы жоғарылады;  

- оқушыларды  жан-жақты, әсіресеойлау қабілетін дамытады; 

- қиындықтарды жеңуге,  қуана білуге көмектеседі;  

- оқу  үрдісінде  «мұғалім–  оқушылар»  және  олардың  бірігіп  жұмыс  жасауда 

жақсы  түсінісу  үшін  қолайлы  шарттар  туғызылады.    Осы  технологияны  қолдану 

барысында мынадай жағдайлар туындайды:   

- оқушылардың дүниетанымдық қызметтері артады;  




317 

 

-



 

ойлау және математикалық логикаларды дамытады; 

Оқушылардың  іздену  жәнезерттеу  кезіндегі  ойлағыштық  қызметтерін 

арттырады.  Сондықтан,  осы  аталған  тұжырымдамалар  бiлiм  беру  саласында 

ақпараттық – коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдануға рұқсат бередi. 

Ғылымда  жеңіл  жол  жоқ.  Бірақ  көпшілік  жасөспірімдер  математиканы  оқу  үшін, 

барлық қажетті мүмкіндіктерді қолдануы қажет. Жүргізілген зерттеулер бойынша, 

оқушы жадында: естіген материалдардың -25%, көрген -33%, көрген және естіген -

50%, ал егер оқыту барысында белсенді қатысқандардың  - 75%  материал қалады 

екен  [2].  Компьютердің  көмегімен  шешуге  болатын  әдістемелік  және 

педагогикалық  есептердің  аумағы  кең.  Компьютер  –  әмбебап  құрал,  білімді 

тексеруге  және  бағалауға,  есептеулерге,  калькуляторға,  тренажерге,  бөлшектерді 

пішіндеуге  қолдануға  болады,    –  бұл  тамаша  электрондық  тақта!  Компьютер 

көмегімен  оқушыларды  даралап  оқыту  мәселесі  шешіледі.  Оқытушыға  сабақ 

түсіндіру  кезінде  жай  қабылдайтын  оқушылар  сұрақ  беруге  қымсынып  жатыр. 

Компьютерді  қолдану  оларға  өте  ыңғайлы,  өзі  үшін  материалды  бірнеше  рет 

қайталай  алады  және  оны  меңгеру  дәрежесін  тексере  алады.  Компьютер 

мәліметтерді  ұсыну  мүмкіндіктеріне  дәуір  кеңейтеді.  Қазіргі  бейне  –  техниканың 

көмегімен 

түстің, 


кестенің,  мультипликацияның,  дыбыстың,  барлығын 

пайдаланып, 

объектіні 

нақтылауға 

мүмкіндік 

береді 


[3]. 

Қазақстан 

Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  еліміздегі  білім  беру  жүйесінің  басты 

мақсаттарының  бірі  –  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті 

жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңатехнологияларын  енгізу,  білім  беруді  толықтай 

ақпараттандыру,  оқытудың  жаңа  технологиясын  енгізу,  халықаралық  ғаламдық 

коммуникациялық  желіге  шығу  [4].  Математикадан  сабақ  беру  әдістемесі 

педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне 

қарай математика курсын толығымен компьютерлік негізде ауыстыруға болмайды. 

Мысалы,  аксиома,  теорема,  оларды  дәлелдеулер  жолымен  оқушылардың 

абстрактілік  ойлау  қабілетін  дамыту  істері  бұрынғы  тәсілдермен  жүргізілуі  тиіс. 

Тек  кейбір  тақырыптар  мен  тарауларды  оқып  үйренуді  ғана  компьютерлік 

технологияға жүктеу керек. 

Білім жүйесін ақпараттандыру және мәселені шешу құзыреттілігін әрі қарай 

дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кеңінен оқу процесіне 

енгізу  арқылы  оқу  жүйесін  жаңа  сатыға  көтеру  болып  табылады.  Міне  осыған 

байланысты тұлғалық өзекті тақырыптың мақсаты: 

«Оқу  танымдылық  коммуникативтік  құзіреттіліктің  және  ақпараттық  оқу 

технологияларын  жетілдіре  отырып,  математикаға  деген  қызығушылығын 

арттырып, оқушылардың ой-өрісін кеңейту». 

Математика 

пәнін 


оқытуда 

жаңа 


педагогикалық 

ақпараттық 

– 

коммуникативтік  технологияларды  пайдаланудағы  басты  мақсат  –  оқушыларға 



білім алу процесінде көмектесу. Бұл мақсаттарға оқыту бағдарламалары, дәрістерді 

қолдауға  арналған  электрондық  оқулықтар,  тексеру  программалары  сияқты 

программалық өнімдер қызмет етеді. 

Математика  пәнін  оқытудағы  ақпараттық  технологиялардың  педагогикалық 

мақсаттары: 



318 

 

-  Қолданушы  мен  ақпараттық  және  коммуникациялық  құрылғылар 



арасындағы жылдам байланыс; 

- Оқытылу ақпаратының компьютерлік көзге елестетілуі; 

- Ақпараттық - әдістемелердің оқыту процесін ұйымдастырудағы бақылауын 

автоматтандыру. 

Математиканы  оқыту  әдістемесі  оқушының  өзіндік  тұлғасын  қалыптастыру 

үшін, оның дүниетанымын және интеллектін дамытуға, іргелес пәндерді зерттеуге, 

білімін  жалғастыруға  және  болашақ  мамандық  қызметі  үшін  қажетті 

математикалық  білімі  мен  іскерлігін  қалыптастыруға  және  жүйелендіруге 

бағытталған.  Бірақ  көпшілік  жағдайда  мұғалімге  оның  әртүрлі  бөлімдерінің 

байланыстарын талқылауға және көрнекі бейнелеуге уақыт жете бермейді. 

Қазіргі  уақытта  математика  сабағында  тек  қана  иллюстрация  тестілеу  үшін 

ғана  қолдану  жеткілікті  емес.  Компьютер  оқу  үрдісінің  барлық  кезеңдерде 

қолданылуы  қажет:  жаңа  сабақты  түсіндіруде,  бекітуде,  қайталауда,  білімді, 

дағдыны,  іскерлікті  тексеруде  және  үлгерімді  тексеру  мен  оқушылардың  білімін 

жетілдіру  мақсатында  ақпараттық  технологияларды  пайдалану;  біріншіден, 

оқытушының  жұмыс  өнімділігін  арттырып,  оқу  нәтижелерін  тексеруге  көбірек 

уақыт  бөлуге  көмектеседі;  екіншіден,  объективті  түрде  қадағалай  отырып, 

балалардың  алған  білімін  бағалауды  жүзеге  асырады;  үшіншіден,  бақылау 

технологиясына  ғылыми  элементтер  енгізіп,  оны  кейіннен  де  дайдалануға 

болатындай  етіп,  білім  мекемелерін  алынатын  білім  мен  дағдылану  деңгейлерін 

нақты түрде стандарттау технологиялары жайлы айтуға негіз бола алады. 

Электрондық оқулық оқушылардың үлкен ізденіспен жұмыс істеуіне жағдай 

туғызады. Электрондық оқулықты пайдалану арқылы: 

1.Сабақта технологиялық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану 

тиімділігі. 

2.Мұғалімнің  педтехнологияны игеруі. 

3.Оқушының пәнге деген қызығушылығы. 

4.Білім, білік, дағды деңгейін қалыптастыруы. 

5. Білімнің тереңдігі. 

6.Тексеру түрлері, бағалауы. 

7.Практикалық дағдыларды игеруі артады. 

Бұл  процестің  негізі  мынада  –  мұғалім  тексеру  нәтижесі  жайлы  толық 

ақпарат  ала  отырып,  балалардың  әрқайсысына  олардың  қатесіне  байланысты 

қағазға жазылған қосымша тапсырма береді. Бұларды орындау нәтижесін  тағы да 

компьютерлік тест немесе мұғалімнің өзі тексеріп шығады. Мұндағы негізгі мақсат 

–  оқушыға  баға  қою  емес,  оқушының  қай  тақырыпты  қалай  меңгергені  жайлы 

мәлімет беретін дидактикалық тест алу. 

Оқытудың жаңа технологиясын енгізу мен компьютерді қолдану  - бұл сәндік 

үлгі емес, оқытушының көп қырлы шығармашылық еңбегін компьютерге аударып 

салу  әдісі  емес.  Оның  міндеті  –  оқушының  казіргі  заман  сұранысына  сай  өзінің 

өмірлік  іс-әрекетінде  компьютерлік  құралдарын  қажетті  деңгейде  пайдалана 

алатындай  жан  –  жақты  дамыған  дара  тұлға  ретінде  тәрбиелеу,  оқу-тәрбие 

жүйесінің  барлық  деңгейін  жетілдіру,  оның  тиімділігі  мен  сапасын  жоғарлату 



319 

 

мақсатында компьютерді жекелеген пәндерд еоқыту құралы ретінде пайдалану. Ал 



біздің мақсатымыз – ақпараттық технологияны терең меңгерген, қажетті ақпаратты 

іздеп,  осыған  байланысты  өзі  шешім  қабылдайтын  жылдам  өзгеріп  жататын 

заманға 

лайықты, 

жаңашыл 

адам 


тәрбиелеу.                                            

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Дайрабеков 

С. 


Қоғамдық- 

гуманитарлық 

бағыттағы 

мектеп 


оқушыларының  математиканы  оқыту  белсенділігін  компьютер  арқылы 

дамыту. – Шымкент, 2004. 

2. «Оқыту–тәрбиелеу  технологиясы».  Республикалық  ғылыми-әдістемелік 

журнал. – №3. – 2010.     

3. «Информатика.  Физика.  Математика»  журналы.  –  Алматы,  №3-2005, 

2010.  4.  Білім заңы. – Алматы, 2010. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет