Рысханым Сағынбайқызы Қуанаева
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы
бойынша ПҚ БАИ Қазақстан, Орал
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ: МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
Мақалада РІSА халықаралық зерттеуі аясындағы оқу сауаттылығы бойынша
мәтінмен жұмыс жасаудағы басшылыққа алынатын, атап айтсақ: мәтін, жағдай,
аспект сынды негізгі компоненттерге түсінік берілген. Функционалдық
сауаттылықты зерделеуге бағытталған халықаралық зерттеулердегі тапсырмаларды
орындауда, соның ішінде оқу сауаттылығының мәтіндерімен жұмыс жасаудағы
ескерілетін мәселелер қарастырылған. Сонымен қатар оқу сауаттылығы
тапсырмаларына мысалдар беріліп, сұрақтарға талдау жасалынған.
Басты сөздер: функционалдық сауаттылық, оқу, аспект, мәтін, жағдай,
интерпретация.
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысымен бекітілген
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012
жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан
293
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы негізінде қабылданды.
Елбасының ұлттық жоспарды қабылдауға қойған міндеті:
- Қазақстанның елу елдің қатарына кіруі;
- Тұлғаның ең басты функциялық сапаларының қалыптасуы;
- Белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлауы;
- Шешім қабылдай алуы;
- Кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік;
- Өмір бойы білім алуға дайын тұруы.
Достарыңызбен бөлісу: |