Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет149/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   250
Жасулан Алибекович Нуриманов 

информатика пәнінің мұғалімі 

Қазақстан, Күршім ауылы 

 

ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ 

 

ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық 

және  жалпы  азаматтық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері 

негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған 

білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын 

енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық 

желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. 



425 

 

Бұл  міндеттерді  шешу  үшін  мектеп  ұжымдарының,  әр  мұғалімнің  күнделікті 



ізденісі  арқылы  барлық  жаңалықтар  мен  қайта  құру,  өзгерістерге  батыл  жол 

ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.  

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің  

инновациялық  іс-әрекетінің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеру-

маңызды  мәселелердің  бірі.  Бүгінгі  таңда  мектебімізде  Ш.Қаланованың, 

Ж.Қараевтың, 

Ш.Таубаеваның, 

М.Жанпейісованың 

т.б. 

ғалымдардың 



зерттеулерінде  оқытудың  жаңа  технологияларын  жан-жақты  қарастырылуда.  

Мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейінде  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру  жаңа 

педагогикалық  технологияны  ендіруге  міндеттейді.  Сондықтан  да  білім  беру 

саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше  сауатты,  жан-

жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің 

интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  басқа  да 

көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, 

оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.  Бүгінгі мақсат - әрбір 

оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан 

–  жақты  дамуына  қолайлы  жағдай  жасап,  жеке  тұлға  қалыптастыру.  Ол  үшін 

қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын терең меңгеру 

керек. 


Қазақстандық білім беруде өткен жылы басталған Кембридж жобасының 

идеясы  жан-жақты дамыған,  кездескен  қиындықтан  жол  таба алатын,  еркін  өз 

ойын  жүзеге  асырып,  қоғам  дамуында  жаңашылдықпен  іс-әрекет  ете  алатын 

жеке  тұлғаны  қалыптастыру  жолдарын  үйрету  болып  табылады.  Оқытудағы 

Кембридж  тәсілінің  теориялық  негіздері  бойынша  орта  білім  беру  жүйесінде 

әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері 

арасында  сындарлы  (конструктивті)  теориялық  оқытуға  негізделген  тәсіл  кең 

тараған.Бұл  теория  оқушылардың  ойлауын  дамыту  олардың  бұрынғы  алған 

білімдері  мен  жаңа  немесе  сыныптағы  түрлі  дерек  көздерінен,  мұғалімнен, 

оқулықтан  және  достарынан  алған  білімдерімен  астастырыла  жүзеге  асады 

деген тұжырымға негізделген. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді 

терең  түсіну  қабілетін  дамыту,  алған  білімдерін  сыныптан  тыс  жерде,  кез 

келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Мұғалім қызметіндегі 

маңызды  дүние  –  жекеленген  оқушылардың  тақырыпты  қабылдау 

ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында 

олармен  жұмыс  жүргізу  қажеттігін  ұғынуы,  сондай-ақ  кейбір  оқушылардың 

тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. 

Құзырлы  оқытудың  маңызды  факторы  мұғалімнің  оқушының  тақырыптың 

мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай 

тәсіл  бұл  үдеріске  оқушының  өзінің  де  қатысуын  талап  етеді.  Осылайша, 

оқушы  да  өзінің  оқуы  үшін  жауапты  болады.  Оқушы 

мұндай  жауапкершілікті  көбіне  сабақ  беру  барысында 

мұғалім  қалыптастыратын  ортада  сезініп,  қабылдайды. 

Сондықтан  мұғалімде  Шульман  «мұғалімнің  үш 

көмекшісі»    (Shulman,  2007)  деп  атаған  қасиеттер,  яғни  



426 

 

бас, қол, жүрек  болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады.  



Сапалы  оқыту  –  мұғалім  бейнесімен  танылатын  сан  алуан  элементтер 

арасындағы  байланыс  болып  табылады,  ол  өзі  белгілі  бір  деңгейде  тәуелді 

жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, 

қоршаған  орта  жағдайы  және  оқыту,  білім  алу  мүмкіндіктерінің  бірі  ретінде 

қарастырылады.  Енді  7  модуль  бойынша  өз  тәжірибемдегі  жетістіктерімен 

тоқталып кетейін. 

«Диалогтық оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйрету» модульі бойынша 

мен өз сабақтарымда сұрақ қоюдың түрлерін қолдана отырып, оқушыны жүйелі 

ойлануға,  тілді,  есептеуді  жақсы  игеруге  ықпал  жасадым.Сонымен  қатар 

оқушыларды  сыни  тұрғыдан  ойландыра  отырып,  сындарлы  сөйлеуге 

ынталандырдым.  Диалогтық  қарым  –қатынаста  оқу  материалдары  диалогқа 

түсудің  әрі  құралы,  әрі  нысаны  ретінде  қолданып  оқыту  коммуникативтік 

технология сипатына ие болады. 

Диалогтық қарым – қатынас – мәтіндік жағдаяттарды бірлесіп талқылау, 

көздеген мақсатқа бірлесіп бағыт алу. Мұнда сұхбатқа қатысушылар өздерінің 

жеке  белсенділігібойынша  емес,  сол  белсенділігінің  қарым  –  қатынас 

нысанына, яғни оқу материалдарын меңгеруге бағытталуымен бағаланады. 

Сонымен  диалогтық  қарым  –  қатынасты  мұғалім  мынадай  әрекеттер 

арқылы құрады: 

1. Оқу материалдарының негізгілерін сұрыптап екшейді. 

2.  Оқу  материалдарыноқушылар  меңгеруі  үшін  3  деңгейге  бөліп,  дайындап 

ұсынады: қарапайым, орта, күрделі. 

3.  Оқушылардың  пәнге  қызығушылығын  шығармашылыққа  қабілеттілігін 

дамыту мақсатында шығармашылық сипаттағы материалдар дайындайды. 

(барлық топтар үшін). 

4. Барлық оқушыларды оқу мәтінін диалогтық қарым – қатынас арқылы , яғни 

сөйлеу жолымен меңгеруге қатыстырады. 

Сыни  тұрғыдан  ойлау  –  Қазақстандағы  білім  беруді 

дамыту  үшін  маңызды  болып  табылатын  қазіргі  ең 

басты  педагогикалық  түсінік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет