Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет145/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   250
 

 

Айжан Кеңесқызы Найманова 

Жетыарал орта мектебі КММ 

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылы 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДА 

МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН АКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ 

 

Баяндамада  функционалдық  сауаттылық  ,  бастауыш  сыныптарда  қазіргі 



заман  талабына  сай  оқушылардың  ақпараттық  құзыреттіліктерін  дамытудағы 

сауаттылық  пен  ақпараттық  технологияларды  сабақ  үрдісінде  дамыту  жайы 

айтылады.  

 

Түйінді  сөздер:  Ақпараттық  құзыреттілік,  функционалдық  сауаттылық

математикалық сауаттылық, ақпараттық технология. 

 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  2012  жылғы  27  қаңтарындағы  «Әлеуметтік 



экономикалық  жаңғырту-Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан 

халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп 

алған  білімдерін  өмірдің  түрлі  жағдайларында  пайдалананып  қана  қоймай  , 

алуды  үйрету  керек  екендігін  баса  айтып,  үкіметке  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  дамытудың  бес  жылға  арналған  Ұлттық 

шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген болатын. 




416 

 

Осы  тапсырманың  негізінде  маусым  айында  Үкіметтің  қаулысымен 



бекітілген  «Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

жөнінде 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс қимыл жоспары қабылданды. 

Ұлттық 

жоспардың 

мақсаты-Қазақстан 

Республикасындағы 

мектеп 

оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  үшін  жағдай  жасау 

болып белгіленген. 

Қазіргі  әлемдік  білім  кеңістігіндегі  халықаралық  стандарт  талаптарына 

сай  оқыту  үдерісінің  орталық  тұлғасы  білім  алушы  субъект  ,  ал  субъектінің 

алған  білімінің  түпкі  нәтижесі  құзыреттіліктер  болып  белгіленуі  білім  беру 

жүйесінде  «функционалдық  сауаттылықты»  қалыптастыру  мәселесін  негізге 

алудың  өзектілігін  арттырып  отыр.  Қазіргі  таңда  функционалдық  сауаттылық 

ұғымы  білім  кеңістігіндегі  білімді  құзыреттілікке  бағыттау  пирадигмасына 

байланысты туындап отыр. Мектептік білім беру жүйесін жаңа уақыт талабына 

орай  жетілдіру  білім  беру  негізге  алынған  ұстанымдарға  сай  құруды  қажет 

етеді. Осыған орай мектептегі берілетін білімді шынайы өмірмен ұштастырып 

бастауыш  мектепті  бітіруші  түлектерді  үлкен  өмірге  дайындау  қажеттігі 

туындайды.Сондықтан  бастауыш  мектеп  оқушыларының  меңгеруі  тиіс  білім, 

білік дағдыларының жиынтығы ретінде, яғни оқытудың түпкі нәтижесі ретінде 

оқушылардың бойында қалыптасқан құзыреттіліктер алынады. 

Білім берудің нәтижесі ретінде құзыреттілікті ғалымдар белгілі бір пәнге 

қатысты  оқушының  игерген  іс-әрекет  тәсілдерінің  жиынтығы  ретінде 

анықтады.Сондықтан  қазіргі  кезеңде  Қазақстандағы  білім  беруде  жаңа 

нәтижеге  жетудің  басым  бағыттарының  бірі  ретінде  білімділік  бағыттан 

оқушының  бойында  құзыреттерді  қалыптастыру  бағытына  өту  мәселесі 

қарастырылуда.  Құзыреттілік  бағыт-  межелеген  мақсаттарға  жету  үшін 

оқушының  ішкі  және  сыртқы  ресурстарды  тиімді  ұйымдастырудағы 

дайындығының қалыптасуын көздейді.  

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы  заңында  «Білім  беру 

жүйесінің  басты  міндеті  ұлттық  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен 

практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби 

шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау....  оқытудың 

жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру»  деп  білім  беру 

жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. 

«Оқыту технологиясы»- деген түсінік- ол ақпаратты өңдеудің, ұсынудың 

өзгертудің  әдістері  мен  тәсілдерінің  жиынтығы,  ал  екінші  жағынан  оқыту 

үрдісінде  оқытушының  қажетті  техникалық,  ақпараттық  тәсілдерді  қолдана 

отырып, оқушыға әсер ету құралдары жайлы ғылым.  

Оқыту технологиясы жүйелі ұғым.Оның құрылымына мыналар кіреді 

- Педагогикалық өзара қатнас құралдары 

- Оқу үрдісін ұйымдастыру. 

- Оқушы мұғалім. 

- Іс қимыл нәтижесі. 

Педагогикалық  технология  педагогикалық  мақсатқа  жету  үшін 

қолданылатын  барлық  жеке  тұлғалық  құралдық,  әдістемелік  тәсілдерінің 



417 

 

жүйелі  жиынтығы  ретінде  жұмыс  істеу.  Бастауыш  сынып  оқушыларының 



математикалық 

сауаттылығы.Оқушыда 

функционалдық 

математикалық 

сауаттылық  қалыптастыру  үшін  ең  алдымен  пәндік  сауаттылық  қалыптасуы 

тиіс.  Бастауыш  сыныпта  математиканы  оқытуда  келесі  пәндік  және 

функционалдық сауаттылық қалыптасуы тиіс. 

1.Бастауыш сынып оқушыларының компьютерлік сауаттылығы 

А )Ақпараттық мәдениет негіздерін игеру 

Б ) Пән барысында техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау  

Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында осы ақпараттандыру басымдық 

мәнге  ие  болып  отыр.  Әлемнің  барлық  елдерінің  өркениет  дамуының  қазіргі 

кезеңі  ақпараттық  қоғамды  қалыптастырумен  байланысты  болып  табылады. 

Қазіргі  таңда  республикамызда  білім  беруді  ақпараттандырудың    негізгі 

мақсаты-  бұл  қазіргі  ақпараттық  технологияларды  қолдану  негізінде  біртұтас 

біліми  ақпараттық  орта  құру  арқылы  қазақстандық  білім  беруді  әлемдік  білім 

беру кеңістігіне енгізуді көздейді. 

Ақпараттық  технология-  білім  беру  ісінде  ақпараттарды  даярлау,  оны 

білім алушыға беру үрдісі. Ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдалану 

педагогикалық мүмкіндіктерді жүзеге асыруға жағдай жасайды. 

 Ақпараттық  технологияларды  қолдану  білім  берудің  төмендегідей  жаңа 

түрлерін кеңінен пайдалануға мүмкіншіліктер тудырады. 

 Нақты объектілерді басқару; 



Экранда 


көрініс 

тапқан 


түрлі 

объектілердің, 

құбылыстың 

процестердің үлгілерін басқару; 

Оқу  үдерісінің  нәтижелеріне  автоматтық  бақылыу  өзіндік  бақылау 



жасау және бақылаудың нәтижелері бойынша, тестілеу, түзетулер енгізу. 

Бастауыш  мектепте  ақпараттық  технологияны нәтижеге  жету  бағытында 

пайдаланудың  басты  мақсаты-  әрбір  оқушыға  ақпараттану  негіздерінен 

алғашқы  түпкілікті  білім  бере  отырып,  дамыту  және  осы  алған  білімдерін 

мектепте  оқылатын  кез  келген    пәндерді  меңгеруге  пайдалана  білуге  үйрету 

болып табылады. 

Копьютерлік 

технологияны 

қолданудың 

жеке 


тұлғаны 

қалыптастырудағы, оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар 

ролін  қазіргі  заман  талаптары  өзі  анықтап  отыр.  Компьютер  адам  қызметінің 

барліқ  саласында  еңбек  өнімділігін  арттыру  құралына  айналды.  Оқытудың 

ақпараттық  технологиясы  шеңберінде  компьютер  негізгі  үш  мақсатта 

пайдаланылады: 

-  Есептеу  жұмыстарын  орындауға  мүмкіндік  беретін  дербес  құрал 

ретінде; 

-   Білімдерін  бекітуге  арналған  автоматтандырылған  оқыту  кешені 

немесе жаттықтырушы ретінде

-   Проблемалы 

салаларда  зерттеулер  мен  жобалауға  арналған 

құралдармен толықтырылған, автоматтандырылған жұмыс орны ретінде. 

-  Ақпараттық  технологияны  пайдалану  кезінде  оқу  практикасында 

қажеттілерінің  негізгілері:  мультимедия  технология    жаңа  материалды 



418 

 

түсіндірудегі  иллюстрациялық  құрал,  интерактивті  тақта,  электрондық 



оқулықтар. 

Мысалы:  «Көп  таңбалы  сандарды  жазбаша  қосу  және  азайту»  тақырыбын 

өткенен  кейін  электронды  оқулықтағы  жаттығуларды,  тестерді  орындау  өте 

тиімді. 


Мысалы: Жауабын жаз: 

1. 8799+1=   

  56 308-1=  

  3120-1 =  

Осы арқылы оқушы тақырыпты қалай меңгергендігін білуге болады. 

«Тік бұрышты параллелепипед» «Шамалар және оларды өлшеу» «Көпжақтар» 

тақырыптарын  өткен  кезде  слайдтарды  пайдаландым.  Біріншіден  уақыт 

үнемделеді,  тақтаға  сызып  жатпайсың,  екіншіден,  сабаққа  керекті  ақпараттық 

қорларды дамыта отырып, пайдаланасың. 

Ақпараттық  технологиялар  оқу  материалдарын  иллюстрация  жасау  кезінде 

қолданылады.  Компьютердің  көмегімен  дыбыстық  және  бейне  фрагменттерді 

де демонстрация жасауға болады. 

Мысалы бірінші сыныпта «Қарапайым түсініктерді өткен кезде 

1 слайд «Бірдей , әр түрлі» ұғымдарының мағынасын түсіну үшін; бір- бірінен 

айырмашылығын  көре  білу  үшін  заттарды  санау  дағдыларын  қалыптастыру 

үшін қолдануға болады. 

1.Неше құс ұшып бара жатыр? 

2.Олардың бәрі бірдей ме?  

3.Бірдей 2 құсты тап? 

 Ақпараттық технология көмегімен оқушылардың оқу таным үрдісінің таңдауы 

да,  өзіндік  баға  беруі  де  өзін-өзі  бағдарлауы  да  дами  түседі.  Үлгі  ойлау  мен 

дәлелдеудің  алгоритмі  болғандықтан,  оқушы  компьютердің  көмегімен 

мұғалімнің берген сұрақтарына қиналмай тез жауап беруге тырысады. 

Мысалы бірінші сыныпта «10 көлеміндегі сандарды қосу азайту» тақырыбында 

мына тапсырмаларды беруге болады. 

Тапсырма: Бос торкөзге тиісті санды жаз    

 

 +   -   +   -   = 



   

-алдымен тапсырманың мағынасын түсінеді . 

-қосу, азайту кестесін еске түсіреді. 

Оқушы 


мұғалімнің 

берген 


сұрақтарына 

қиналмай 

жауап 

беруге 


тырысады.Мұндай  оқыту  кезінде  ең  нашар  оқушының  өзі  ешбір  қиналмастан 

жауап береді. 

Бірінші сыныпта ноутбукты пайдалапып  есептерді тыңдау арқылы шығарады. 

Мысалы:  

1. Аспанға айға қарадым

Жұлдыздарды санадым. 

Екеуі жарқырайды   






419 

 

Үшеуі жымыңдайды 



Неше жұлдыз айта ғой?  ( 4 ) 

2. Қорада 5 үйрек, 

Аулада 4 үйрек. 

Біреуі тығылды 

Біреуі жығылды 

Ойлан, тап Қалады нешеуі? (7 ) 

3. Сергіту жаттығуын тыңдау арқылы орындату 

Екі қанат қазда бар, 

Қаз іздесең сазға бар. 

Екі қанат құста бар 

Шапшаң болсаң ұстап ал. 

Қазіргі  уақытта  өмірдің  жаңа  сатыларына  сапалы  жетістіктермен  жету  үшін 

оқыту әдістерін үздіксіз  түрлендіру қажеттігін адамзат тарихы көрсетіп отыр. 

Ал басты информация білім беру арқылы жүзеге асырылады. 

Педагогикалық технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену 

арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу- әрбір ұстаздың 

басты міндеті. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. 

Мұғалімге арналған нұсқаулық . ІІІ деңгей . Астана . 2012 

2. 

 Мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей . Астана. 2013 



3. 

Бастауыш мектеп, №7, 2013 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет