Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет209/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   250
Жадыра Советханқызы Чултукова 

«№45 бейімделген орта мектебі» КММ 

Қазақстан, Өскемен 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДА 



МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 

 

Қазақстан әлемдік білім кеңістігіне кіруге бағыт алғаны баршаға мәлім.  



Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ деп Елбасымыз айтқандай қазіргі күннің 

ең басты мәселесі – оқушының білім дәрежесін жетілдіру. Оның басты мақсаты 

оқушының  пәнге  қызығушылығын  тудыру,  шығармашылық  белсенділігін 

арттыру,  ойлау  қабілетін  тереңдету.  Математикалық  сөйлеу  және  жазу 

мәдениетіне  қоршаған  ортаны  және  олардың  заңдылықтарын  баяндау,  оны 



614 

 

оқып  үйренудің  оқушылардың  дүниенің  ғылыми  бейнесін  меңгерудігі  басты 



құралы ретінде көрінеді. 

  

          Қазіргі  жағдайда  көптеген  әлем  елдері  бұрынғыдай  бірінші  орынға  тек 



қана  хат  тануды  емес,  білім  сапасын,  яғни  функционалды  сауаттылықты, 

құзіреттілікті  қойып  отыр.  Бұндай  жағдайда  мектепте  оқытуды  ерте  жастан 

бастау  арқылы,  білім  беру  мекемелерінің  түрлі  топтарын  құру  және 

дифференциялық  оқытуға  негізделген  түрлі  бағдарламалардың  болуы  арқылы 

қол  жеткізу  мүмкін.  Оқытудың  жаңашыл  технологияларын  қолдану, 

материалдық  базаны  нығайту,  сонымен  қоса,  білім  беру  деңгейінің  жоғары 

болуын  қамтамасыз  етуді  шешудегі  маңызды  аспект  білім  сапасы  мен  білім 

стандартының мазмұнын дайындау, білімді тиімді игерудің бақылау тәсілдерін 

көрсету  болып  табылады.  Яғни  барлық  оқушылар  үшін  міндетті  болып 

табылатын  білім  берудің  негізгі  мазмұнына  қойылатын  мемлекеттік 

талаптардың орындалуы қажет 

  .   


        Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев    2012  жылғы  27  қаңтардағы  Әлеуметтік 

экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты  атты  халыққа 

жолдауында  Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

бойынша    ұлттық  жоспарды  қабылдау  жөнінде  тапсырма  берді.  Қазақстан 

Республикасының  Білім  және  Ғылым  министірлігі    Оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  іс-қимыл  жоспарын  әзірледі. 

Бұл  жоспар  оқушыларымызды  әрине    білімді  игеру  жолында  жаңа  деңгейге 

шығарады деп күтілуде. Яғни оқушылар алған білімдерін өмірде қолдана білуге 

үйренеді.  Бұған  қоса  еліміздің  экономикалық  дамуындағы  жасалып  жатқан 

инновациялық  қадамдар  білім  беру  жүйесіне  өзінің  жаңа  талаптарын  жүктеп 

отыр.  Міне,  осының  бәрі  мұғалімдер  қауымының,  яғни  мына  қазіргі  кезеңде 

білім  беріп  жүрген  біздерге  көп  ізденуді,  оқудағы  ең  озық  деген  әдістемені 

меңгеруді, дәстүрлі оқытудан оқушыныі дамуына ықпал ететін жаңаша оқытуға 

көшуді  талап  етеді.  Осыған  орай  мен,  өз  сабақтарымда  7  модульді 

ықпалдастыра  отырып  жаңаша  сабақтар  әзірлеп  оқушыларды  қызықтыратын,  

әр-түрлі  деңгейдегі  деңгейлік    тапсырмаларды  функционалды  математика 

сабағында  берудемін.  Сабақтарымды  өткізу  барысында  жеті  модульды  сабақ 

жоспарына  кіріктіру  кезінде  бұрынға  дәстүрлі  сабақтың  жоспарымен 

салыстырғанда  көптеген  өзгешеліктерді  байқадым.  Бұрынға  сабақ  жоспарыма 

біршама  өзгерістер  енгіздім.  Сабақ  жоспарында  Блум  таксономиясын 

басшылыққа алып, жеті модульді ықпалдастыра отырып, бағдарламаның білім 

саласына енгізіп жатқан өзгерістерді іс-тәжірибемде қолданып, байқадым. Осы 

жерде айта кететін басты мәселенің бірі, сабақ барысында оқушылардың өзін-

өзі  бағалауыда.

 

Оқушы  өз  деңгейін  табу  үшін,  қаншалықты  білім  мен  білікті 



меңгергенін  

білу 


мақсатында 

құрылған 

бағалау 

жобасы 


үш 

бағытта  жүргізіледі. 

 

       Оқытудағы сауаттылық 



-         Математикалық сауаттылық 

-         Жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық. 




615 

 

  



«Сауттылық»  термині  білім,  білік,  дағды  мазмұнын  бағалаудың  кеңдігін 

көрсетеді.  Б.Ұ.Ұ.  мен  сауаттылықтың  10  жылдығы   [2003-2012ж\ж] 

құжаттарында  сауттылық   дағдыларының   жаңа  түсінігі  –адамның  өзгермелі 

жағдайда бейімделуге арналған ақпараттарды іздеп  табуды және пайдалануды, 

оның  қоршаған  ортаның  шақырылуына  тиімді  қарсы  тұра  білу,  біліктілігі  деп 

берілген. 

  

Математикалық ұғым – мәнді белгілері көрсетілген пән, құбылыс туралы 



логикалық  өрнектелген  ой.   Оқытылатын  ғылымның  ұғымдарын  игеру 

оқытудың  негізін  құрайды.Математикалық  ұғым  –  біздің  ойлауымызда 

шындықтың белгілі бір түрлері  мен қатынастарының көрінісі болады. 

Ұғым ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін ғана бейнелейді. 

  

Егер  болмысты  шын  бейнелейтін  болса,  онда  ол  үнемі  дұрыс  болады. 



Мысалы:  «Үшбұрыш  »  ұғымының  мазмұны  үш  қабырға,   үш  төбе  және  үш 

бұрыш,  ал  көлемі  «  барлық  мүмкін  болатын  үшбұрыштардың  »  жиыны. 

Математикалық  ұғымдарды  қарастыра  ,  олардың  ерекшеліктерін  ескере 

отырып,  математикалық  сауаттылық   ұғымдарды   дұрыс   ажырата  білулерімен 

тығыз байланысты. 

Математика сабағындағы  негізгі сауаттылыққа тоқталайық:   

1.  Математика  –  ғылым  болмысынан  балама  ұғымдар.  Сондықтан  да 

математика   барлық  ғылымдардың  логикалық  негізі  –  күре  тамыры  ретінде 

қарастырылады. 

2.  Математика  ең  алдымен  оқушылардың   дұрыс  ойлау  мәдениетін 

қалыптастырады, дамытады  және оны шыңдай түседі. 

3.  «Математикалық  сауаттылық»  ауызша  жазбаша  қабілеттерін 

қалыптастыру  арқылы  оқушының  «математикалық  сауаттылықты»  меңгере 

білу  қабілетін шыңдайды. 

4.Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылысты , жаңалықты дұрыс 

қабылдап , түсінуге көмектеседі. 

5. Математика болашақ тұлғаны маральдық, эстетикалық және этикалық 

тұрғыдан қалыптастыруда   да  тәрбиелік  мәні  бар.  Математикалық  сауаттылық 

сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын 

баяндау,  оны  оқып  үйренудің  ғылыми  бейнесін  меңгерудегі  басты 

құралы   ретінде  ерекше  көңіл  бөлу  қажет  .   Математикалық  сауаттылық 

оқушылардың   математикалық  текісті  оқуына,  жазуына   және  қайта  айтып 

беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды  түсіне білуіне ең минимальды талап 

ретінде қарау қажет. Сонымен математикалық біліктіліктердің негізгі құрамдас, 

толыққанды  тіршілік  жасауға  қажеттілік  ретінде  оны  арнайы  бағдарлы 

түрде  дамытып,  қалыптастыру керек.   

 Сыныптан тыс жұмыстардың , сыныптағы тақырыптардан артықшылығы 

– еріктілік принципінде құрылуында.  Мұнда оқушыға баға қойылмайды, бірақ 

пайымдалудың  негізгілігі,тапқырлық,  есептеу  шапшаңдылығы  мадақталуы 

тиіс.   Сыныптан  тыс  жұмыс  үшін  мұғалім  баланың  шамасы  келетіндей 

қиынырақ  материалды   немесе  математиканың  негізгі  курсын  үйренуде 



616 

 

толықтырушы  боып  табылатын   және  математикалық  сауаттылықты 



қалыптастыруды  таңдап алады. 

  

Оқушылардың  математикалық  сауаттылығын   қалыптастыру  мәселесі 



бүгінгі  таңда  мектептеріміздің  және  мемлекетіміздің   білім  саласында  тұрған 

басты  мәселенің  бірі  болып  табылады.  Себебі  оқушының  кез-келген   сабаққа 

деген  қызығушылығы  болмаса,  онда  оның  алған  білімі  тұрақты 

болмайды.Осыған  байланысты  ғалымдар  былай  дейді:  «Математика  оқыту 

әдісінде алуан-түрлі  жетілдірулер болғанымен шәкірттер үшін математика пәні 

әрдайым қиын пән ретінде тарихта қала ереді».   

           Ұзақ  уақыттың  талабына  орай  жаңашылдыққа  ұмтылу  жолындағы 

ізденісі  оның  маман  ретіндегі  басты  қасиеті.  Қазіргі  жаһандану  уақытында 

ұлттық  бәсекеге  қабілетті  болуды  –  білім  деңгейімен  өлшей  отырып,  әлемдік 

білім  кеңістігіне  кіріп,  білім  беру  жүйесін  халықаралық    биікке  көтеру  кезек 

күттірмейтін  өзекті  мәселе  деп  ойлаймын.  Адам  тәрбиелейтін  ұлы  міндетті 

жүзеге асыратын – ұстаз. Демек оның қолындағы негізгі құралы – сабақ. 

Оқушылардың  танымдық  белсенділігін,  қызығушылығын,  қабілеттілігін 

арттырудың  және соның негізінде білімін дамытудың сан алуан жолдары бар. 

Сабақ  барысында  оқушыларды  біліммен  ғана  қаруландырып  қоймай,  есте 

сақтау қабілетерін, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе алатындай тіл шеберлігінің 

болуына  да    көңіл  бөлу  қажет.  Пікірталас,  дөңгелек  үстел,  тренингтер,  ойын 

сабақтары  т.б.  оқытудың  белсенді  әдістері  болып  табылады.  Оқытудың  кез-

келген  белсенді  әдістерін  пайдалану  арқылы  оқушылардың  пәнге 

қызығушылықтарын  арттырып,  оларды  шығармашылық  деңгейіне  жетелеу 

қажет. 

Ең алдымен Ақпараттық мәдениет деген не? 

Осы  сұраққа  жауап  беріп  өтейін.  Ақпараттық  мәдениет  дегеніміз  тек 

компьютермен  дұрыс  жұмыс  істей  білу  емес,  кез-келген  ақпарат  көзін  – 

анықтамалықтарды,  сөздіктерді,  энциклопедияларды,  көліктердің  жүру 

кестелерін,  теледидар  бағдарламаларын  т.с.с  дұрыс  пайдалана  білу  деген  сөз. 

Ақпараттық  мәдениет  –  бұл  әңгімелесе  білу,  теледидар,  хабар    (Интернетті) 

талғамды  түрде  қарау  немесе  қарамау,  алынған  мәліметті  ой  елегінен  өткізіп, 

талдай  білу  және  де  өзгелердің  еркіндігіне  әсер  ететін  жағдайларда  өз 

еркіндігіңді шектей білу. 

       Бұл    маңызды  мәселені  шешу  мұғалімге,  оның  оқытудың  мақсаттары  мен 

шарттарына сай жаңа технологиялар мен әдістемелерді қолдана білуге тікелей 

байланысты.  Яғни,  бүгінгі  таңда  математика  пәні  мұғалімдерінің  кәсіби 

құзырлылығы  құрылымынан  оқытудың  ақпараттық  –коммуникациялық 

технологиялары ерекше орын алады.  

              Мен  мультимедиялық  көмекші  құралдармен  жұмыс  істей  отырып, 

сабақтың формаларын түрлендіру арқылы, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио 

және бейнематериалдар қолданамын. 

Мұндай жұмыс сабақтың келесі кезеңдерінде іске асырылады: 

-  үй жұмысын тексеруде; 

-  жағдаятты шешкенде; 



617 

 

-   жаңа сабақты түсіндіргенде; 



-  сабақ барысында оқушылардың білімдерін тексеруде. 

      Компьютерлік  формадағы  бақылау  сабақтары  –  оқушылардың  білімдерін 

тест  түрінде  тексерудің  бір  түрі.  Мұндай  сабақтар  арқылы  оқушылар  өз 

бағаларын бірден біледі (компьютер көрсетеді). 

Ақпараттық  коммуникативтік  технология  сабаққа  дайындалуда  қосымша 

ақпаратты іздеуді  кеңейтеді.  Интернеттің іздеу  жүйесі  арқылы  математикалық 

қызықты  оқиғалар,  сандардың  пайда  болуы,  өмірбаяндық  материалдар, 

фотоқұжаттар,  көрнекіліктер  табылады.Әрине  көп  жұмыстар  тексеруді, 

түзетуді  талап  етеді.  Мен  мұндай  жұмыстарды  толығымен  пайдалануды 

қолдамаймын,  бірақ  кейбір  мәліметтер  сабаққа  дайындалу  барысында 

әдістемелік жағынан көмек береді. 

Сонымен  ,  оқу  жүйесінде  ақпараттық  технологияларды  қолдану  –  келесі 

нәтижені береді: 

 

Электронды оқулықтармен жұмыс істеуге үйрету. 



 

Интернет желісінен алған ақпаратты тиімді қолдануға үйрету, 



 

Ақпараттық технологиялар арқылы, білім сапасын көтеру, 



 

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру



 

Ақпараттық мәдениетті дамыту, 



 

Әрбір мұғалімнің шығармашылық мүмкіндігін ашу,  



 

Сабақта уақытты үнемдеу, 



   

 Сабақтың  қызықты  да  түсінікті  болуы  мұғалімнің  шеберлігі  мен 

ізденімпаздығына  тікелей  байланысты.  Интернет  желісінде  жұмыс  істеу  де 

оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып , оны 

игеруіне  шексіз  мүмкіндіктер  ашатыны  хақ.  Қазіргі  заманғы  дамытудың 

талаптарына  лайық  ақпараттық-компьютерлік  технологияларсыз  жоғарыда 

айтылғандарды шешу мүмкін емес.  

Компьютермен  жұмыс  мұғалімге  балалар  ұжымын  қалыптастырып, 

үндемейтін тұйық балаларды белсенді жұмыс жасаттыруда үлкен көмек береді. 

Шынында  да,  бала  үшін  қазіргі  заманда  компьютер  -  өмір  сүрудің  белсенді 

формасы,  сол  арқылы  олар  есеп  шығарып,  кейбір  программаларда  компьютер 

оқушының  өз  бағасын  қойып  береді.  Мысалы:  5  «в»,  5  «б»    сыныптарына 

математикадан өзім  сабақ  бергендіктен,  әр  оқушының  үйінде компьютері бар, 

сондықтан  барлығына  дерлік      «Арифметикалық  амалдарды»    қолдануға 

есептер  жинағы  (электронды  оқулық)  бар,  сол  жинақты  әр  оқушыларымның 

компьютеріне  орнатып  бердім.  Оқушылар  әр  өтілген  тақырыптан  кейін 

қосымша  үйлерінде  компьютермен  жұмыс  жасайды.  Онда,  бөлшектерге 

амалдар  және  логикалық  есептер  жиі  кездеседі:  жай  бөлшектерді  қосу,  зайту, 

көбейту,  бөлу,  ондық  бөлшектерді  қосу,  азайту,  көбейту,  бөлу  барлық 

тақырыптар  қамтылған.  Менің  өзіме  өте  қызықты  оқушыларым  кітаптан  , 

дидактикалық материалдан тыс жұмыс жасап, бір-бірімен өздерінің компьютер 

қойған бағаларын айтып,   ал компьютерден алған  бағалары төменірек болып 

жатса, кітапты бір оқып шығып, қайта шығарамыз, -  дейді.Сонда менің есімде 

мынау  қатты  қалды,  мен  мынаны  жақсы  меңгеріп  алдым,-  деп  күнделікті 




618 

 

сабақтан  кейін  өз  ойларын  бөлісіп  жатады.  Міне  осы  мақсатта  оқушылардың 



пәнге  деген  қызығушылығын  ояту,  қазіргі  заманның  сұранысы  болып  тұрған   

ақпараттық-комуникациялық  технологияларды  пайдалану  арқылы  білім  беру 

деңгейін  көтеру  қолдану  арқылы  біршама  өсу  көрініп  тұр.  АКТ  –ны  қолдану 

арқылы  мен  білім  5  «  б»,  «в»  сыныптарында  Ондық  бөлшектерге  амалдар 

қолдануды компьютер 

арқылы шығарып , диаграммаға салғанда олардың есеп шығаруға деген 

қызығушылығы, есепті  дұрыс  шығаруын, компьютер өзі бағалап берді.  Ал  6- 

сыныптарда сол ондық бөлшетерді қарама-қарсы таңбамен қолдандым.  Сонда 

екі  2012-2013жж,  2013-2014жж    арасында    АКТ-ны  сапасының  жоғарылауына 

көзімді жеткіздім.  

 

2012-2013жж            2013-2014жж. 



 

Және  де,  басты  айта  кететін  бір  мәселе  электрондық  оқулық.  5-6 

сыныптарда  сабақтары  Кейде  оқушыларыма    «Мултимедиялық  кабинетте 

жұмыс  жасаймыз,  есеп  шығарамыз  »  дегенде  қуанғандарынан    төбелері  көкке 

бір  елі  жетпей  тұрғандай  көрінеді.  Міне  осы  кішкентай  ғана  көріністен 

оқушылардың  компьютерді  қолдана  отырып  есеп  шығаруға,  пәнге 

қызығушылықтары өте жоғары деңгейде екендігін  байқауға болады.Ұстаздың 

шығармашылық жұмысы ең алдымен сабаққа даярлықтан басталады. Сабақтың 

өз  мәнінде  өтуі  ұстаздың  біліміне,  ұйымдастыру  қабілетілігіне,  яғни 

шеберлігіне 

байланысты.Оқушылардың 

шығармашылық 

даралығын 

қалыптастыру  үшін,  оқушының  дайындық  деңгейін,  ынтасын  және  қабылдау 

жылдамдығын  ескеру  арқылы  жаңа  материалды  оқытуды  процесіне  жаңа 

ақпараттық  технологияның  мүмкіндіктерін  пайдаланған  дұрыс.  «Қазіргі 

заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен  байланысты  әлемдік  стандартқа 

сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет»    деп  [1]  ,  Елбасы  атап  көрсеткендей, 

жас  ұрпаққа  білім  беру  жолында  ақпараттық  технологияны  оқу  үрдісіне 

оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. 

 Сабақтарымда    ақпараттық  коммуникациялық  технологияларды  қолданып, 

келесі нәтижелерге қол жеткіздім 

-Ақпараттық технологиялар арқылы, білім сапасы көтерілді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет