Басты сөздер: функционалдық, шеберлік, құзыреттілік, Ңұрлы жол,
кәсіби қазақ тілі.
Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын асыға күтеміз,
себебі Президентіміздің әр Жолдауы еліміздің жарқын болашағын болжауға,
халқымыздың
әл-ауқатын
арттыруға,
мемлекетімізді
экономикалық
дағдарыстан шығынсыз алып шығу жолдарын қарастыруға, ең негізгісі, адам
капиталын дамытуға бағытталады. Міне, биылғы Жолдауда да Елбасымыз тек
тығырықтан халқын қалай аман алып шығу жолын ғана ойламай, одан ары
қарай мемлекетімізді дамытудың жолдарын меңзейді. Бұл жерде ол аса
көрегендікпен Үкімет басшыларына бірнеше тапсырмалар бере отырып,
Қазақстанның «Ңұрлы жол» атты Жаңа экономикалық саясатын жариялады.
Сонымен қатар ол жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыратын жастарға
үлкен сенім артатынын да айтып өтті. Биылғы Жолдауында ол «Біздің
жастарымыз жаңа, тәуелсіз елде өсіп келеді.. Мен жастар - біздің
болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа
буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне,
біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш
192
сермейтін тұсы осы!» деп жастарға жарқын болашақтың ауқымды да
мазмұнды бағдарламасын ұсынды.
Шынында да бүгінгі таңда білім кез - келген қоғамның дамуына пәрменді
ықпал ететініне ешкім күмән келтірмейтіні айдан анық. Сол себепті
мемлекетіміздің жоғары оқу орындарының оқытушыларының алдына жаңа
міңдеттер қойылады. Біздің басты мақсатымыз: ұлттық және азаматтық
құндылықтардың, ғылым мен тәжірибенің негізінде жеке адамның өзіндік
ерекше қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туғызу. Жастардың бойында
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,
жеке адамның интелектісін байыту, оның шығармашылық қасиеттерін
дамыту.Студенттерді қоғамның экономикалық, саяси және мәдени өміріне
қатыса білуге тәрбиелеу, олардың кәсіптік білім алуына мүмкіндік жасау. Осы
тұрғыда болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі қандай болуға тиіс деген
сұрақ туындайды. Біздің ойымызша, оларға келешек мамандықтары бойынша
теориялық білім беріп қана қоймай, кәсіби шеберліктерін арттырған жөн. Біздің
көп жылғы тәжірибеміз осы мақсатқа жетуде кәсіби қазақ тілі пәнінің берері
мол екенін дәлелдеді.
Кәсіби қазақ тілі- бұл кәсіби тұрғыдан қарым - қатынас қызметін
атқаратын әдеби тілдің ерекше функционалдық түрі. Кәсіби лексиканы
меңгерушіге қойылатын талап - қажетті іс- әрекеттің белгілі бір саласының
ұғымдық категориялық аппаратымен қоса, құзыреттілігіне, шеберлігіне
қатысты түсініктер мен терминдер жүйесін игеру. Сондықтан курсты оқып
үйрену барысында студент:
-қазақ тілін қарым -қатынаста және кәсіби іс-әрекетте қолдана білуге;
-қазақ тіліндегі тұлғааралық қарым -қатынас және іскерлік қатынаста өз
ойын, пікірін кәсіби жеткізе алуға;
-өзінің кәсіби сөздік қорын байытуға машықтануға тиіс.
Болашақ мамандықтарының қыр- сырына бойлату мақсатында біз қәсіби
мәтіндермен жұмыс істейміз, әр түрлі сөздік жұмысы арқылы олардың
лексикалық қорларын дамытамыз, тілге деген қызығушылығын арттырамыз.
Сонымен қатар жұмысымызда инновациялық, тіл оқытудың тиімді жаңа
технологияларын қолданамыз. Және де аймақтық компонент, елтанымды
бағдарлы оқыту әдістері арқылы олардың бойында қазақстандық патриотизм
,Отанға, жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін оятамыз және дамытамыз.
Сөйтіп, Жаңа Қазақстанның жаңа, білімді жастарын тәрбиелеуге өз үлесімізді
қосудамыз.
Дефектология мамандығының студенттерінің кәсіби шеберлігін арттыру
мақсатында біз олармен кәсіби мәтіндермен жұмыс істейміз және де оларға
мәтінге байланысты терминологиялық аппаратты меңгертеміз. Бірнеше мысал
келтірейік.
Арнайы мектептер жүйесі
Білімді ерекше қажеттіліктері бар мектеп жасындағы балалар білім беру
мекемелерінде немесе үйінде арнайы білім беру стандартына сәйкес алады.
193
ХХ ғасыр бойы арнайы (түзету) білім беру жүйесі құрастырылды, көбіне
олар мектеп-интернаттар, онда білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар
оқыған және оқиды.
Бүгінгі күні дамуында түрлі ауытқушылығы бар балаларға арналған
арнайы мектептердің сегіз негізгі түрін ажыратады:
- I түрдегі арнайы (түзету) білім беру мекемесі (саңырау балаларға
арналған мектеп-интернат);
- II түрдегі арнайы (түзету) білім беру мекемесі (нашар еститіндерге және
кейіннен естімей қалған балаларға арналған мектеп-интернат);
- III түрдегі арнайы (түзету) білім беру мекемесі (соқыр балаларға
арналған мектеп-интернат);
- IV түрдегі арнайы (түзету) білім беру мекемесі (нашар көретін
балаларға арналған мектеп-интернат);
- V түрдегі арнайы (түзету) білім беру мекемесі (сөйлеу тілінің күрделі
бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернат);
- VI түрдегі арнайы (түзету) білім беру мекемесі (тірек-қимыл
аппаратының бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернат);
- VII түрдегі арнайы (түзету) білім беру мекемесі (оқуда қиындықтары
бар-психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектеп немесе мектеп-
интернат);
- VIII түрдегі арнайы (түзету) білім беру мекемесі (кемақылды балаларға
арналған мектеп немесе мектеп-интернат). Сонымен қоса созылмалы ауруға
ұшыраған және әлсізденген балаларға арналған санаторлық (тоғайлық)
мектептер бар.Мәтінге қатысты төмендегідей тапсырмалар беріледі:
1.Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыз.
2.Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
3.Сұхбатты аяқтаңыз.
-Сәрсен, арнайы мектептерге нелер жатады?
-Өкінішке орай білмейді екенмін.
-Ол неге керек ?
-Мен дефектология мамандығына оқуға түстім. Болашағымды болжайын
деп едім, қандай мекемеде жұмыс істей аламын деп.
Үй тапсырмасына: Өскемен қаласындағы арнайы мектептердің жұмысы
жайлы хабарлама дайындау беріледі.
Кемтар балалар
Кемтар балалар денесінің психикасы жағынан қалыпты дамуынан
ауытқыған балалар. Мұндай балалардың дамуында елеулі кемістіктер пайда
болады. Оларды кемтар балалар немесе кемістігі бар балалар деп атайды.
Кемістік туа немесе жүре пайда болуы мүмкін. Баланың бойында туа пайда
болған кемістіктер алуан себептерге байланысты. Мұндай кемістік түрлері
олардың нәсілдік ерекшіліктерінен болуы да мүмкін. Алайда кемістіктің бұл
түрлері сыртқы ортаның жағдайына тәуелді болып отыратындығын көрсетеді.
Туа пайда болатын кемістіктер баланың ана құрсағындағы ұрығына химиялық,
194
оқыс қимыл қозғалыстар, температураның теріс әсер етуінен немесе ұрықтың
дұрыс қоректенбеуі сияқты түрліше жағдайларға байланысты дәйектейді.
Баланың ана құрсағындағы кезінде ұрықтың жұқпалы ауруларға ұшырау
салдарынан организм уланып, бала соқыр болып тууы мүмкін. Ал, бала
бойында жүре келе пайда болатын кемістік оның нәрестелік немесе сәби
кездерінде түрлі жұқпалы ауруларынының /менингит, полимиелит, қызылша,
тамақ ауруы, тұмау т.б./ әсерінен болуы ықтимал. Сондай-ақ, баланың бойында
жүре пайда болатын кемістіктері әрқилы жарақаттар мен дәрі-дәрмектерден
улану салдарынан пайда болып отыратындығы мәлім.
Кеміс балалардың денесі мен психикалық дамуындағы ауытқуларды
айырықша ескере отырып, олар арнайы мектептерде оқып тәрбиеленеді. Мәтін
соңында төмендегідей тапсырмалар ұсынамыз.
Сұхбатты толықтырыңыз.
-
Сәлем, Дастан!
-
............... ................. .................. .
-
Бүгін «Кәсіби қазақ тілі» сабағы болды ма?
-
............... ................. .................. .
-
-
«Кемтар балалар» туралы мәтін өттік.
-
............... ................. .................. .
-
-
Үйге қандай тапсырмалар берілді?
-
............... ................. .................. .
-
Сау бол!
-
............... ................. .................. .
Жағдаяттар бойынша өз ойларыңызды білдіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |