Гүлнар Жұмағалиқызы Жүнісова
дарынды балаларға арналған облыстық
Жамбыл атындағы мамандандырылған
мектеп-гимназия-интернатының
химия пәнінің мұғалімі
Қазақстан, Өскемен
ХИМИЯ САБАҒЫНДА Қ.БІТІБАЕВАНЫҢ «ОЙ САЛУ, ОЙЛАНТУ»
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Мақалада қазіргі білім беру жүйесіндегі оқушылардың функционалдық
сауаттылығын
арттыру
мәселесі
қарастырылады.
Функционалдық
сауаттылықты табысты етудің тиімді әдісі ретінде химия сабағында
Қ.Бітібаеваның «Ой салу, ойланту» технологиясын пайдалану жолдары сөз
болады.
Басты сөздер: функционалдық сауаттылық, құзіреттілік, инновациялық
технология, әдебиетті оқыту, поэзия, әдіс-тәсілдер.
ХХІ ғасыр есігін ашқан қазіргі таңда мектепте, ұстаздарға үлкен талаптар
қойылуда. Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым. Адамзат
баласының дамуында білімнің қажеттілігі сол білімді таратушы, жеткізуші
ұстаздың қажеттілігімен бірдей маңызға ие болған. Ұстаздың білімділік,
абырой-беделінің айнасы-шәкірт. Ұстаздың өз мамандығына деген үлкен
сүйіспеншілігі, терең білімі, айқын қойылған мақсат жолындағы ізденіске толы
еңбегі – бала жүрегіне жол табар – қыл көпір. «Бүгінгі жастарымыз-еліміздің
болашағы оларды қазірден бастап жан-жақты толысқан адам ретінде тәрбиелеу
міндеті тұр»-деп, мұғалімдердің республикалық III съезінде Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткен болатын. Сондықтан,
ұстаздардың алдында болашақ заманның жан-жақты дамыған, тәрбиелі
ұлтжанды білімді азаматын даярлау міндеті тұр [1]. Иә, бүгінгі күн мұғалімнің
көп ізденіп , тынымсыз еңбектенуін, сабақ берудің амал – тәсілдерін жетілдіріп
отыруды қажет етеді. Өйткені, білім мазмұны, оқыту үдерісі өзгерісті талап
етуде. Ал ұстаздар алдында шешімін таппай жатқан проблемаларда баршылық.
Сонымен қатар білім сапасын арттыруда жаңа технологиямен тұрақты жүйелі,
нәтижелі жұмыс істеу үшін мұғалім сабағына жан–жақты дайындалуы керек.
Ол үшін мұғалімге еркіндік, шығармашылық ізденіс, көп еңбектену қажет.
Болашақ қоғам мүшелерiн бiлiмдi, парасатты етiп қалыптастыруда химия
пәнiнен бiлiм берудiң алатын орны ұшан-теңiз. Себебi, химия ғылымы адам
баласын күнделiктi өмiрде қоршап қана қоймай, күнбе-күн олардың керегiне,
мұқтажына, қажетiне, өмiр тiршiлiгiне жарайтын заттар мен құбылыстар
200
туралы бiлiм беруге бағытталған. Химия пәнінен орта білім берудің негізгі
міндеттерінің бірі – оқушының пәнге қызығушылығын арттырып өмірде
химияның маңыздылығын түсіндру. Мектептегі химиялық білімнің негізін
бейорганикалық және органикалық заттар, олардың құрамы, құрылысы мен
қасиеттері, химиялық реакциялар, олардың мәні мен өту заңдылықтары,
заттарды қолдану мен химиялық айналулар, экологиялық проблемалар мен
оларды шешу жолдары туралы білімдер жүйесін құрайды. «Химия» пәні
стандарт талаптарында көрсеткеніндей жалпы, бейорганикалық және
органикалық химия білім аймағында іргелі білім бере отырып, оқушылардың
танымдық және шығармашылық әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыру
міндеттерін
орындайды.
Химиялық
білім
мазмұны
оқушылардың
қызығушылығы мен қабілетін арттырады. Оқушы химияны оқу арқылы
химияның процестердің зандылықтарының негізгі қағидалары жайлы,
бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстары жайлы, бейорганикалық
реакциялардың заңдылықтары мен механизмі жайлы түсініктер алып өз білімін
тереңдетеді. Еліміздің кейбір мектептерінде әлі күнге дейін әсіресе жасы келген
ұстаздар сабақ барысында жаңа технологияны қолданбай, біріңғай дәстүрлі
жүйемен сабақ өткізеді. Дәстүрлі оқыту жүйесі бізге әрине керек, бірақ жаңа
технологияны пайдаланып оқытқан мектеп пен дәстүрлі оқыту мен оқытылатын
мектептің арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Жаңа технологиямен
оқытылған бала жан-жақты ізденімпаз, тез аңғарғыш келеді. Қазір дүние
жүзіндегі білім сапасы жағынан алдыңғы қатарда тұратын Жапония, Қытай
сияқты
мемлекеттердің
барлығы
оқытудың
жаңа
технологияларын
пайдалануда. Мемлекетіміздің білім дәрежесін көтеру үшін ұстаздар қауымы
үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Елімізде соңғы жылдары көптеген гимназия,
химияны тереңдетіп оқытылатын мектептер, Назарваев зияткерлік мектептері
сияқты білім ошақтары ашылуда, бұл әрине қуантарлық жағдай. Біздің жаңа
дамып келе жатқан жас мемлекетімізге білімді, білікті, өз мамандығының қас
шебері заман талабына сай химик мамандар ауадай қажет. Химия пәніне деген
оқушының қызығушылығын арттыру үшін мұғалім әр уақытта қазіргі қоғамда
химиясыз өмірді елестетудың мүмкін емес екендігін оқушы санасына сіңіріп,
барлық оқушыға тең көзқараста болып, барлығының білім дәрежесін жоғары
деңгейге көтеру керек. Яғни біз мектептен бастап болашақтың ірге тасын
қалауымыз шарт. Ұстаз міндеті –оқушыға кез –келген білім саласын
меңгертудің жеңіл де тиімді жолдарын тауып, шығармашылықпен жұмыс істей
білуге баулу. Педагог ғалым А. Сухомлинский: «Сабақ-мұғалімнің
педагогикалық мәдениетінің айнасы» деген болатын [2,19]. Уақыт өткен сайын
сабақ үдерісін жетілдірудің жолдары мен әдістері үнемі өзгеріп, жаңаруда.
«Шайнап берген ас болмайды» дегендей, жаңа оқу материалын өз бетінше
меңгеруге арналған әдіс-тәсілдерді сабақтарда пайдаланудың маңызы зор.
Қазақ педагогикасының жарық жұлдызы, жаңашыл педагог Қ.Бітібаеваның
конструкциялау технологиясы әдебиетті оқыту негізінде туындаған. Алайда
шығармашылыққа бет бұрған ұстаз үшін бұл технологияны оқып үйреніп, кез
келген пән үшін сабақта пайдалану қызығарлық іс. Жобалау және
201
конструкциялау технологиясында белгілі бір тақырып бойынша оқушының
дербес ізденісі, жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу іс-әрекетіне ерекше
көңіл бөлінеді. Жобалау және конструкциялау технологиясы төрт сатыдан
тұрады:
1.Алдын –ала тапсырмалар беру.
2.Мақсатқа жету үшін оқушыға бағыт – бағдар ұсыну.
3.Оқушының жаңа сабақ бойынша жұмыстарын тыңдау.
4.Жаңа білімді меңгерту кезінде коррекциялық жұмыстарды жүзеге
асыру.
Бұл технологияның ең тиімді жері әрі тірек-сызба, әрі көрнекілік, әрі
көмек-нұсқау қызметін атқарады.
Бұл туралы атақты педагог Қ.Бітібаева:
«
Мақсатым – сабақты қызу еңбекке құру: сабаққа оқушыларды
тыңдаушы дәрежесінде емес, еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы (білімді
өз еңбегіне қарай алушы) дәрежесінде қатыстыру. Олар – пікір айтушылар,
қызу айтысқа қатысушылар, өз көзқарасы, эстетикалық талғамы қалыптасып
келе жатқан азаматтар. Сол себепті де оларды сабақта үнемі іздендіріп отыруды
мақсат етемін» деген [3].
Химия сабағында Қ.Бітібаеваның технологиясы өте тиімді. Оқушылар өз
бетімен ізденеді,
білімді өз еңбектерімен алуға талпынады,
топтық
жұмыстарымен айналысады. Мысалы: «Кальцийдің табиғатта кездесуі»
тақырыбында оны алу жолдарын, физикалық, химиялық қасиеттерін
сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза білуге баулиды. Төменде кальцидің
табиғатта қолданылуын ұғындыру, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында
өткізген сабақ жоспарын ұсынып отырмыз. Сабақта Д.И Менделлевтің
периодтық жүйесі, электронды оқулық, слайд, бағалау парағы, зерттеу,
дәлелдеу тапсырмалары, таратпа кестелер, тірек - сызбалар көрнекіліктерін
пайдаландық. Сабақты география, тарих, биология, математика пәндерімен
байланыстыра өткіздік. Оқушыларға сабақтың өту барысы туралы толық
түсінік берілді. Алдын ала тапсырма алған әр топ жекелеген жоба бағыты
бойынша өз дәйектемесін ұсынды. Б - бағыт бағдар дегенді білдіреді:
Б
1
– Кальцийдің периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттама, атом
құрылысы, қосылыстарының қасиеттері туралы түсінік береді. Кальций IV
период, II топтың негізгі топшасының элементі, реттік нөмірі 20, ядросында 20
протонмен 20 нейтроны бар. Ar =406 электрондарының жалпы саны да 20.
Кальцийдің
электрондық
формуласы
1s
2
2s
2
2p
6
3s
2
3p
6
4s
2,
валенттілік
электрондары 4s
2
болғандықтан кальций қосылыстарында II валентті.
Кальцийдің соңғы энергетикалық қабатында 2 электрон бар. Кальций
атомындағы электрондардың орналасуы: +20Р)2e–)8e–)8e-)2е–. Электрондық
формуласы: 1s2 2s2 2 p6 3s2 3p64s2. Кальций тұрақты +2 тотығу дәрежесін
көрсетеді және тек негіздік қасиет көрсететін қосылыстар түзеді.
Б
2
–табиғатта кездесуі, физикалық қасиеттері. Бұл бағытта сөйлегенде
кальцийдің табиғаттағы қосылыстарына тоқталады. Табиғи қосылыстары:
сульфаттар CaSO
4*
2H
2
O ғаныш, каронаттар-CaCO
3
, доломит CaCO
3*
2MgCO
3
,
202
фосфаттар-Ca
3
(PO
4
)
2
, апатит Ca
3
(PO
4
)
3
OH.! Жер қыртысында 5 орында, 3,4 %,
адам ағзасында–1кг.
Б
3
– Химиялық қасиеттері (жай және күрделі заттармен);
2Са
о
+О
2
о
=2Са
+2
О
-2
Са
о
+S
o
=Ca
+2
S
-2
Ca
o
+Cl
2
o
=Ca
+2
Cl
2
-1
3Ca
o+
N
2
o
=Ca
3
+2
N
2
-3
Ә) Күрделі заттармен: H
2
O, HCl, HNO
3
, H
2
SO
4.
Б
4
– Бұл бағытта сөйлеген оқушы кальцийдің алынуы, қолданылуына
тоқталып өтеді.(электролиз арқылы); – кальцийдің маңызды қосылыстары CaO,
Ca(OH)
2,
CaCO
3
;
Б
6
– табиғаттағы кальций қосылыстарының маңызы; CaSO
4*
2H
2
O ғаныш-
медицинада, құрылыста, мүсіндер жасауда; CaCO
3-
әктас, мәрмәр, бор-құрылыс
материалдары; CaO-сөндірілмеген ізбес; Ғаныштан су бөлінгенде күйдірілген
ғаныш (алебастер) CaSO
4*
0,5H
2
O алынады. Сa(NO
3
)
2,
CaCl
2
- суда жақсы ериді,
олгаздар мен сұйықтарды құрғату үшін қолданылады. Б
7
– Қорытынды кезінде
оқушылардың
шығармашылық
ізденістері,
тыңдалды.
Оқушылардың
жинақтаған қосымша мәліметтері туралы айтылды. Сабақ қорытындыланып,
жұмыс нәтижесі бағаланды, талданды. Бұл технологиядан күтілетін нәтижелер:
-мұғалім тек бағыт беруші, нұсқаушы ролін атқарды, көп түсіндіре
бермейді, қажетті мәліметтерді қайдан табуға болатындығын және қалай оқып
үйренетінін айтып, жүзеге асыртады;
-оқушылар ұдайы белсенді, тапсырмаларды өз беттерінше орындайды,
талқылайды, дағды мен ұжымдық жұмыс қалыптасады;
Сабақтың құндылығы: барлық оқушылар тақырып төңірегінде ғылыми
әдебиеттерден іздене отырып, көптеген мағлұматтар келтірді. Сабақ толығымен
оқушының танымдық қабілеттерін , белсенділігін арттыруға бағытталды.
Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан 2030» жолдауында: «Біздің
жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелденді, балаларымыз бен немерелеріміз
онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі
биік, денсаулығы мықты өкілдері болады» - деген сенімі жай айтылған жоқ.
Бүгінгі күн талабына орай білім беру мазмұны қайта қаралып, жаңару үстінде.
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елге қосылуы бүгінгі ұрпақ
бейнесінен көрінеді. Осыдан барып қазіргі кезде жас ұрпаққа ғылыми негізде
білім беру қабілеттерін ашу міндеті туындайды. Яғни, білім мазмұнын жаңарту
– қазіргі заман талабы екенін дәлелдейді. Ал қазіргі заман талабына сай
технология - ол Қ.Бітібаеваның технологиясы.
Библиографиялық сілтемелер
1. Н.Назарбаев. Мұғалімдердің республикалық III съезді. 8 б.
2. Сухомлинский. Химия мектепте. Ғылыми-педагогикалық журнал. 2006
жыл, №6, 19 б.
3. Бітібаева Қ. Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық
әдістемесі. - «Дәуір-Кітап» баспасы Алматы 2012жыл,59 б.
4. Усманова М.Б, Сақариянова Қ.Н. Химия оқулығы- «Атамұра» 2005ж.
203
Достарыңызбен бөлісу: |