Тыңдап отырған үштік
Мақсаты:
Бұл әңгіме тақырыбының тұжырымдамасын және үдерісті түсінуді
дамытатын ақпарат алуға арналған құрылымдалған жаттығу. Сондай-ақ
бақылаушы ролі арқылы өзін өзі сараптауды дамытуға ықпал етеді.
Ұйымдастыру:
Оқушылар үшеуден отырады, екеуі қарсы, ал біреуі сәл алшақта –
сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылайды.
Жаттығудың сипаттамасы:
Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы
және жазып алушы рөлін атқарады. Сөйлеуші бір нәрсені айтады, сұрақты
түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады
және түсінтеме беруді сұрайды. Жазып алушы қажетті жерлерін түрліп алып,
әңгіме соңында қорытынды береді. Келесі жолы рөлдер ауысады. (ақпарат
көзі).
Өкіл
Мақсаты:
Белсенді тыңдау, қауым алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе
алмасу және өзара байланысты болу.
Ұйымдастыру:
268
Топтарды сынып бойынша үш-төрттен орналастыру.
Жаттығудың сипаттамасы:
Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл»
ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін, және басқалардың
идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін
өкіл өз тобына қайта оралады. Бұл зеріктіретін және қайталана беретін «өз
тобына хабарлау» әдісінен аулақ болу үшін қолданылатын тиімді әдіс. Сондай-
ақ бұл өкіл тілін қолдануға және белсенді тындаушылар тобын құруға жағдай
жасайды.
Мозаика
Мақсаты:
Сұрақтар топтамасымен жұмыс істеудің құрылымдалған тәсілі және
топта жұмыс істеуге мүмкіндік туғызу.
Ұйымдастыру:
Оқушыларды сынып бойынша үш-төрттен орналастырыңыз.
Жаттығудың сипаттамасы:
«Мозаиканың» басымдылығы - оның топты жұмыс істеу үшін
құрылымдауы, ол сондай-ақ сөйлеуге және тыңдауға мүмкіндік береді.
• Мұғалім барлық сыныпты кішкентай топтарға бөледі (топта шамамен
төрт оқушыдан). Мұғалімнің мұндай бастамасы барлық топтарда гендерлік
теңдік сақтап, барлық сыныптың мүмкіндіктері мен қарым-қатынасын
көрсетуге арналған.
•Барлық бастапқы топқа жалпы тапсырма беріледі. Үлестірме материал
ұсынылған. Оқуға арналған материал күрделі емес, әрі көлемі шағын. Егер
топта төрт оқушы болса, онда топқа арналған негізгі тапсырманің ішінде төрт
сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр топта сұрақтар мен тапсырмаларды
оқушылар өздері бөледі.
•Ортақ проблемамен жұмыс істеу үшін, барлық оқушылар өз сұрақтары
немесе тапсырмаларына сәйкес сарапшы топ болып, қайта топталады. Талқылау
соңында әр оқушы өз сұрағы бойынша сарапшыға айналады, себебі сарапшы
топта басқа оқушылармен ол сұрақты талқылады.
•Бастапқы топ қайта құрылады. Тарату басталады. Бастапқы топқа соңғы
тапсырма беріледі. Бұл шешім немесе жаңа тапсырма болуы мүмкін. Бұл
жаттығудың шешуші мәні - тапсырманы аяқтау үшін оқушылардың бастапқы
топтың біріккен «даналығын» құруы болып табылады.
Құндылықтар спектрі
Мақсаты:
Пікір айту, құндылықтарды көрсету, пікірлердің әртүрлілігін талқылау,
көпшілік алдында сөйлеуге тарту.
Ұйымдастыру:
Спектр үшін жіптің немесе қыспақтың кесіндісін қолдану; шеттеріне
стрелка жасап, екі шетіне қарама-қарсы екі пікірді қою.
Жаттығудың сипаттамасы:
269
Бұл форматта оқушылар немесе оқушылар топтары келісіп немесе
келіспей арандататын мақұлдауларға жауап берулері керек. Бір неше әдістері:
оқушыларды жіптің қасына келіп өздері келісетін мақұлдаудың қасына келіп
тұруды сұрайды, сондай ақ басында оқушылардан мақұлдауды топта
талқылауды, кейін топтың атынан, жіптің немесе сызықтың, олар келісетін
жағына, өз ұстанымдарын түсіндіре отырып карточканы орналастыруды
сұрайды. Бұл түрлі сұрақтарды салыстырудың және олардың ойлауларындағы
қарама қайшылықтарды анықтаудың жақсы форматы.
Ыстық орындық
Мақсаты:
Драматикалық пән бірігіп әсерленуді мадақтау үшін, «түсіну» мазмұнын
түсіну,сұрақтар мен ұстанымдардың негізделуін зерттеуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастыру:
Бір оқушы алдында орындықтар доға болып орналастырылған.
Жаттығудың сипаттамасы:
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша
сұрақтарға жауап береді. Оқушылар белгілі бір пікіпмен немесе басқа
оқушымен,сұрақты неғұрлым жеке емес қылу үшін немесе мазмұны жағынан
кеңірек қылу үшін, бірге алға шығып сөйлей алады.Мысалы, оқушылар белгілі
бір рольді немесе адамды сомдай алады.
Стоп-кадр
Мақсаты:
Талқылауды демеу үшін кинестетикалық әдіс.
Ұйымдастыру:
Шеңберде бастап кейін топтарға бөліну – үстелдерді жылжып әрекет
етуге мүмкіндік болатындай кеңістік қалдырып қойыңыз.
Жаттығудың сипаттамасы:
Оқушылардан тақырыптың, хикаяның және мақұлдаудың стоп-кадрын
жасауды сұрайды. Стоп-кадр бұл «камера» өз жұмысын тоқтатқан нүкте – стоп-
кадрдың сыныпқа көрінбейтін басы және аяғы бар (Сонымен де ол
фотографиялық суреттен айрықшаланады). Топтар өз стоп-кадрларын сыныпқа,
суретте не болып жатқанын талқылау үшін, көрсетеді.
Сабақ беру үрдісінде осы әдістерді тиімді қолданып, біріккен іс-әрекетті
ұйымдастырады, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға,
өзіндікпен жұмыс жасауға ықпал жасайды.
Әдіс-тәсілдермен жұмыс жүргізгенде мынандай талаптарды ескерген
жөн:
1. Оқушыларға топқа берілген тапсырмалар ұзаққа созылып кетпес үшін
уақытты шектеп беру.
2. Оқушы өз ойын не пікірін айтқанда оны шектемеу.
3. Оқушы жауап бергенде, не өз ойын ашық айтқанша ешқашан «сенің
айтқаның дұрыс емес» деуге болмайды.
4. Басқа оқушылар бір-бірінің жауаптарын сын тұрғысынан бағалайды.
270
Сыни тұрғыдан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мәнмәтіндерді,
тұжырымдылық пен әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы,
өзін реттей алатын ой үдерісі ретінде бейнеленіп отыр. Балалардың сыни
тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, атап айтқанда: тыңдау мен
зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті
өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса, мұғалімдер:
білім беру бағдарламасы мен оқыту үдерісін түсіну үшін қажетті
теориялық базаны;
қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың тиісті әдістерін
сабақтарда қолдануды дамыту керек.
Библиографиялық сілтемелер
1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған
2012-2016 жж.ұлттық іс-қимыл жоспары. 2012 25.06.№832 Үкімет
қаулысы.
2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектебі».-
ДББҰ, 2012.
3. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. –
Алматы, 2013. - 448 б.
4. Мұхамедиярова М.К Оқу мен жазудың дамуы. Ақиқат пен
мәселелердің арасындағы байланыс. – Алматы, 2012.
5. Мирсеитова С.С. Мұғалім философиясының қалыптасуы және дамуы:
гуманистік парадигма.- Қарағанды, 2012.
Достарыңызбен бөлісу: |