Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет97/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

Жадыра Кабылбековна Конакбаева 

Гуманитарлық ғылымдар магистрі 

«№45бейімделген орта мектеп» КММ 

Қазақстан, Өскемен қаласы 

 

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН 



ПАЙДАЛАНА ОТЫРА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 

САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ 

 

Баяндамада  ағылшын  тілі  сабақтарында қолданылатын   ойын  түрлерінің  



қаншалықты маңызды екені айтылады. 

 

Басты  сөздер:  функионалдық  сауаттылық,  ойын,  ойын  түрлері,  ойын 

технологиясы, ағылшын тілі. 

 

Мен  бүгінгі  мақаламды  ұлы  педагог  А.  С.  Макаренконың:  «Ересек 



адамдардың  ісі,  жұмысы,  қызметі  сияқты  ойын  да  бала  өмірінде  маңызды 

болып саналады. Бала ойында қандай болса, ол өскенде жұмыста сондай адам 

болады [1]. 

Ағылшын тілі сабағында әрбір оқушының белсенді сабаққа қатысуының, 

ауызекі  сөйлеуге  талпындыратын,  ағылшын  тілін  оқып  үйренуге  құлшынысы, 

ынтасы  мен  қызығушылығын  арттыратын  әдіс  -  тәсілдер  түрі  мағызды  орын 

алады. 

Сабақты  оқыту  кезінде  ойын  әдістерінің  көмегімен  жоғарыда  айтылған 

міндеттерді  шешуге  болады.  Ойын  кезінде  кез  келген  адамның,  әсіресе  жас 

өспірімдердің қабілеттері толығымен байқалады. Ойын – ақыл күші мен ерекше 

ұйымдастырылған 

эмоционалды 

серпілісті 

талап 


ететін 

ерекше 


ұйымдастырылған  сабақ  түрі.  Ойын  –  қалай  істеу  керек,  не  айту  керек,  қалай 

жеңу  керек  сияқты  шешімдерді  қабылдауға  көмектеседі.  Осы  сұрақтарды 

шешуге  талпыну  арқылы  ойыншылардың  ақыл  –  ой  әрекеттерін  дамытады. 



286 

 

Егер  оқушылар  онымен  қатар  шет  тілінде  сөйлессе,  онда  ойын  олар  үшін  өте 



бай оқыту мүмкіндіктерін ашады. Ойын  - сауық және демалыс түріндегі ойын 

оқушылардың ара - қатынас үлгісіне, шығармашылыққа, оқытуға үйретеді. 

Адамзат  қоғамының  тарихында  ойын  сиқырмен  және  табынумен 

байланыстырылған.Ежелгі  әлемнің  өзінде  де  ойын  оқытудың  бір  түрі  ретінде 

қолданылған.  Алайда  орта  ғасырларда  пайда  болған  авторитарлық  білім  беру 

жүйесі  рационалды  дидактикаға  сүйенгендіктен  біртіндеп  оқыту  – 

қажеттіліктен туатын ауыр еңбек деген ой қалыптасқан. 

«Дидактикалық  ойын  сөзі»  оқыту  үшін  арналған  арнайы  ойындар  деген 

түсінікті  алғаш  рет  Ф.  Фребель  және  М.  Монтессори  енгізген.  ХХ  ғасырдың 

ортасынан  1970  жылдарға  дейін  шет  тілі  сабақтарында  оқытудың 

грамматикалық аударма әдістері белең алған [2]. 

Оның  мақсаты  –  грамматиканы  оқып  үйрету  арқылы  шетел  тіліндегі 

мәтіндерді  түсіну  және оқу  болған.  Кейін оқытудың  коммуникативтік  әдістері 

пайда  бола  бастады.  Оқытудың  ойын  әдісінің  психо  -  педагогикалық  негізі 

ойын  әрекеттері  болып  табылады.  Оқытудың  ойын  әдістері  мотивацияның  әр 

түрлі тәсілдерін қолданылады. 

Ойынның  оқыту  мүмкіндігі  жөнінде  ертеден  белгілі.  Көптеген  алдыңғы 

қатарлы педагогтар  оқыту  процесінде ойынды  қолдану  тиімділігіне  әділ  назар 

аударған. Ойында адамның, әсіресе баланың толық және кейде күтпеген жерде 

қабілеті танылады. 

Ойын – ақыл-ой мен сезім күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылатын 

сабақтар.  Ойын  әрқашан  шешім  қабылдауды  ұсынады  –  қалай  істеу,  не  айту, 

қалай ұту қажет? Осы мәселелерді шешу тілегі ойнаушылардың ойлау әрекетін 

арттырады.  Ал  егер  жасөспірім  сонымен  қатар  шетел  тілінде  сөйлесе,  ол 

оқытудың бай мүмкіндігін ашады. Балалар ол туралы ойланбайды. Ойын олар 

үшін  ең  бастысы  –  еліктіргіш  сабақ.  Сонысымен  ол  оқытушыларды,  соның 

ішінде шет тілдер оқытушыларын қызықтырады. Ойын кезінде барлығы тең. Ол 

тіпті  нашар  оқушылардың  да  қолынан  келеді.Тіпті  тіл  даярлығынан  нашар 

оқушы ойында бастаушы болуы да мүмкін: кей кезде бұл жердегі тапқыштық 

пен  түсінгіштік  пәнді  білуден  де  маңызды  болады.  Теңдік  сезімі,  еліктей  мен 

қуаныш  атмосферасы,  тапсырманың  қолынан  келетіндігін  сезіну  –  сөзінде 

басқа  тіл  сөздерін  еркін  қолдануға  бөгет  жасайтын  балалардың  ұялшақтық 

сезімін  жеңуге  мүмкіндік  береді,  және  оқыту  нәтижесіне  жағымды  әсерін 

тигізеді.  Байқалаусыз  тіл  материалы  меңгеріледі  –  «мен  басқаларымен  бірдей 

сөйлесе алады екенмін». 

Сонымен  бірге  ойынды  оған  тән  белгілермен  –  сөйлеу  ықпалының 

мақсаттылығымен,  күтпегендігімен,  әсерлілігімен  шынайы  сөйлеу  арқылы 

араласуға  барынша  жақындатылған  сөйлеу  үлгісінің  көп  қайталанатын 

пысықтауы  үшін  мүмкіндік  туатын  жағдайдағы  түрлі-жағдайлы  жаттығу 

ретінде қаралады. 

Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік 

туғызады: 




287 

 

1.  Балалардың  сөйлеу  арқылы  араласуына  психологиялық  дайындығын 



жасауға; 

2.  Олардың  тіл  материалын  көп  қайталауына  табиғи  қажеттілікті 

қамтамасыз етуге; 

3.  Сөйлеудің  жалпы  алғанда  күтпеген  жағдайға  дайындығы  болып 

табылатын  оқушылардың  қажетті  сөйлеу  үлгісін  таңдап  алуға  жаттықтыруға. 

М. Жұмабаевтың сөзінше, «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе». 

Ендігі  кезекте  өзімнің  іс-тәжірибемнен,  яғни  ағылшын  тілін  оқытуда 

қолданатын  ойын  түрлеріне  тоқталсам.  Сабақ  барысындағы  ойындар 

дидактикалық, дыбыстық, рөлдік, қимыл-қозғалыс, рөлдік болып келеді. 

 

1 - сурет 



 

1.Үй  тапсырмасын,  жаңа  сөздерді,  диалогтарды  пысықтау  барысында 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет