Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет91/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

Елебек Еділұлы Кенжетаев 

«Қызылту орта мектебі» КММ 

СҚО, Ақжар ауданы 

 

ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 



АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ 

 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруға  талдау 

жасалған. 

Технология 

сабақтарында 

оқушылардың 

функционалдық 

сауаттылығын қалыптастырудың негізгі әдістері мен тәсілдері көрсетілген. 

 

Басты  сөздер:  технология  пәні,  тұлғаны  әлеуметтендіру,  инновация, 

интербелсенді әдіс-тәсілдер, конструктивті оқыту. 




275 

 

 



Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті 

сезініп,  қабылдауға  үйретеміз.  Бұл  сабақта  мұғалімнен  гөрі  оқыту  мен 

тәрбиелеудің  негізгі  үлгісі  –  сабақ.  Ендеше  сабақтың  ұтымды  өтуі  мұғалімнің 

шеберлігіне  байланысты.  Қазіргі  таңда  мұғалім  шеберлігі  инновациялық 

технологиялар мен интербелсенді әдіс-тәсілдерді үйлесімді пайдалана алуынан 

да  тікелей  байланысты  [1].  Бүгінгі  таңда  оқу  мен  оқыту  оқушы  тұлғасының 

дамуына  негізделіп  отыр.  Оқушы  тек  білім  алушы  ғана  емес,  өзін  социум 

ретінде  танытушы  да  болу  керектігін  заман  алға  тартып  отыр.  Осы  тұрғыдан 

алып  қарайтын  болсақ,  технология  пәні    еңбек  етудің  алғышарттарын  үйрету 

арқылы  оқушыны  жеке  тұлға  ретінде  тәрбиелеу  мақсатын  көздейді.  Еңбек 

тәрбиесі  -  барлық  тәрбиенің  негізі.  Еңбек  тәрбиесі  арқылы  киімді  пішу,  тігу 

қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей 

аламыз.  Өйткені,  оқушы  алған  теориялық  білімін  іс  жүзінде  қолдана  отырып, 

оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де, өзгеге 

де пайдалы іс қылады. Сонымен қатар, репродуктивті оқытудың орнын басып 

келе жатқан сындарлы оқытудың мақсаты да оқушыны тек теориялық біліммен 

ғана қаруландырып қоймай, өмірге бейімді, алған білімін қолдана алатын тұлға 

ретінде қалыптастыру. 

Инновация  –  оны  жеке  түсініп,  оқу  үдерісіне  енгізу  -  оқушылардың 

саналы  да  сапалы  білім  алудың  бірден  бір  шарты.  Интербелсенді  әдіс-

тәсілдердің  тиімділігі  сол,  мұғалім  бір  рет  көрсетіп,  түсіндіріп  бергенін 

қабылдай алмай отырған оқушылар өз құрбыларының көмегімен және бірнеше 

рет  қайталап  бір-біріне  баяндау  нәтижесінде  жақсы  меңгеріп,  нәтижеге  өз 

бетімен жетуіне ықпал етеді. 

Жалпы  технология   пәні  география,  бейнелеу  өнері,  тарих,  музыка  және 

әдебиет пәндерімен тығыз байланысты [2]. Сондықтан, сол пәндердің кірігуінде 

оқытқан  да  өте  тиімді.  Ол  үшін  жұптық,  топтық,  топаралық  жұмыстарды 

«Ойлан,  жұптас,  талқыла»  интербелсенді  әдістері  арқылы  жүзеге  асыруға 

болады.  Кез  келген  заттың  істелу  технологиясын  мысалы,  ағаштан  жасалатын 

өнімді  алайық,  оқушының  түсінуіне  лайықты  етіп  мәтін  түрінде  берген  кезде 

оның  алдымен  өзі  оқып    түсінуіне  жағдай  жасалуы  тиіс.  Сосын  барып  ойға 

түйгенін    жұбымен  бөліседі.  Екеуара  талқылаған  соң,  топ  ішінде  пікір 

алмасады,  бір-біріне  көрсетіп,  түсіндіреді.  Басқа  топтармен  пікір  алмасады. 

Нәтижесінде  жасалатын  заттың  технологиясын  оқушы  жетік  меңгереді.  Ал 

тәжірибелік  жұмыс  барысында  меңгере  алмай  жатқан  тетіктерін  тағы  да  бір-

біріне көрсетеді. 

«Үш  қадамды  сұқбат»  интербелсенді  әдісі  арқылы  оқушылардың  бір-

бірінен  кезектесіп  сұқбат  алу  тәсілі  негізінде  тақырыпты  және  не  нәрсенің 

болмасын  технологиясын  меңгертіп  шығуға  болады.  Басты  назар  берілген 

жауапқа аударылады. Ол былай жүзеге асырылады: 3 адамнан тұратын шағын 

топ  ішінде  оқушылар  бір-бірінен  сұқбатты  келесі  кезекпен  алуы  мүмкін:  А 

оқушы  В  оқушыдан  сұқбат  алады,  ал  С  олардың  сұрақ-жауабын  жазып 

отырады;  В  оқушы  С-дан  сұқбат  алады,  ал  А  олардың  сұрақ-жауабын  жазып 



276 

 

отырады; С оқушы А-дан сұқбат алады, ал В олардан алынған сұрақ-жауапты 



жазып отырады. Сосын ортаға салып талқылайды. 

Бұл әдіспен кез келген тақырыпты талқылауға болады. 

Ал  «Қос  шеңбер»  әдісінде  оқушылар  екі  шеңбер  құрып  отыруы  керек: 

ішкі  және  сыртқы.  Мұнда  ішкі  шеңбер  тұрақты  болады  да,  сыртқы  шеңбер 

құрамы мұғалімнің айтуымен ауысып отырады.  Мысалы, әрбір 1-2 минут өткен 

соң  сағат  тілі  бойынша  бір  орынға  ауысуы  тиіс.  Екі  шеңбердегі  де  адам  саны 

тең  болуы  тиіс.  Осы  ретпен  жүріп  отырып,  оқушылар  талқыланатын  мәселе 

бойынша  бірнеше  пікірді  тыңдайды,  басқалардың  көзқарасын  біледі  және  өз 

білгенімен бөліседі. Өз пікіріне басқаларды сендіре де алады [1]. Бұл - диалог 

жүргізудің және тақырыпты, технологияны меңгертудің бір түрі. Екі оқушыны 

тұрғызып  қойып,  бір-біріне  қаратып,  сұрақ  қойғызғаннан  гөрі  әлдеқайда 

қызықтырақ шығады. 

Ал  «Сұрақтар  шеңбері»  әдісінің    мақсаты:  оқушылар  бойында  идея 

білдіру,  тыңдау  дағдыларын  дамытуға  бағытталған,  сондай-ақ,  барлық 

оқушыларды  қатыстыру  арқылы  оқыту  жағдайларын  теңестіруді  көздейді. 

Ұйымдастырылуы: жылжымалы орындықтар болғаны абзал. Жұмыс алгоритмі: 

бұнда оқушылар төрт немес бес адамнан тұратын топ құрайды да кезектесіп сөз 

сөйлейді.  Оқушыларға  тақырып  және  ол  бойынша  ой  жинақтау  үшін  бірнеше 

минут  беріледі.  Содан  кейін  талқылау  басталады,  әр  оқушыға  үздіксіз  сөз 

сөйлеу  үшін  үш  минутке  дейін  (немесе  өзге  уақытты  таңдау)  уақыт  беріледі. 

Бұл уақытта ешкім еш нәрсе айта алмайды. Әрқайсысы бір рет сөз сөйлегеннен 

кейін жалпы әңгіме жүргізу мақсатында шағын топтар шеңберінде сөз беріледі. 

Бұл  кезеңде  оқушылардың  өзінің  жеке  идеяларын  емес,  біреудің  айтқандарын 

негізге  ала  отырып  сөйлеуге  тиіс  екенін  алдын  ала  ескерту    қажет,  сонымен 

қатар  әңгімені  қорытындылау  кезеңінде  олар  жаңа  идеяларды  енгізе 

алмайтындығын еске салу керек. 

Бүгінгі  еңбектің  сипаты,  мазмұны  өзгеріп,  жаңа  талап  пен  міндеттерді 

қажет  еткенімен,  еңбекті  құрмет  тұту  –  халықтар  дәстүрінде  ежелден 

қалыптасқан.  Балаларды  еңбекке  тәрбиелеу  -  осы  технология  сабағынан 

басталады. 

Технология  сабағында  жобалау  әдісін  қолдану  да  өте  тиімді.  Жоба  - 

әртүрлі  бөлімдерден  арнайы  сызбалардан,  суреттерден,  жасалатын  бұйымның 

технологиялық картасынан құралуы мүмкін [2]. Ол бұйымдарды жасаған кезде 

есеп,  экономикалық  немесе  экологиялық  дәлелді  түсінік  хаттар  да 

пайдаланылады. Бұл жерде оқушыны сауаттылықққа да үйретуге, тәрбиелеуге 

болады.  Жобаның  бірнеше  нұсқасы  болуы  мүмкін.  Көбінесе  бұл  сабақта 

әлеуметтік  немесе  шығармашылық  жоба  қорғатқан  тиімді.  Ал  өте  күрделі 

жобаны оқушының өзі ғана орындауы  шарт емес. Сондықтан  жобаның кейбір 

бөлігі  дайын  күйде  берілсе,  кейбір  бөлімін  оқушы  мұғалімнің,  ата-ананың, 

достарының  көмегімен  орындай  алады.  Егер  бір  күрделі  жобаны  бірнеше 

оқушы  бірлесіп  орындаса,  әр  оқушының  үлесі  алдын  ала  анықталуы  қажет. 

Сосын  оқу  жылының  соңында  өзінің  орындаған  шығармашылық  жобасын 

оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды. Жобаны қорғау барысында 



277 

 

қолданатын  затты  таңдап  алу,  ол  бұйым  қоғамға,  өзіне  достарына  және  ата-



анасына қандай пайда келтіретіні ескерілуі тиіс. Сонда бала өз еңбегін бағалап 

та үйренеді.  

Жобалау әдістемесінің талабы: 

- міндетті 

түрде  шешілетін  мәселенің  зерттемелік,  ақпараттық, 

тәжірибелік болуы шарт

- жобаны орындау іс-әрекетті жобалаудан басталады; 

- әр  жоба  оқушыдан  зерттеушілік-ізденушілік  жұмысты  талап  етеді.   

Жобалау ерекшелігі – ақпаратты іздеу; 

- жобаның шығуының ең соңғы сатысы – нәтиже. 

Технология  пәні  оқушы  тұлғасын  әлеуметтендіре  отырып,  өмірге 

бейімделуіне  ықпал  етеді.  Жалпы,  бұл  сабақта  жасалған  бұйымдар  өз 

тұтынушысын  табатыны  сөзсіз.  Осылай  да  оқушы  бойына  сенімділік  сезімін 

ұялатуға болады. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Симбаева С. 12 жылдық мектептегі педагогикалық ғылыми-әдістемелік 

жұмыс негіздері. Әдістемелік құрал.- Өскемен, 2014.- 42 б. 

2. Әбдіғалиева  Ш,  «Мектептегі  технология».  –  Алматы:  «Алматыкітап», 

2010.- 203 б. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет